Enbekshi QazaQ

Әлем

ҚР АШМ инвестициялық субсидиялауға қолжетімділікті кеңейтуде 27.02.2025
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап фермерлер үшін қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізіледі. Импорттық ауылшаруашылық техникасын 2024 жылдың 25 мамырына дейін (қоса алғанда) сатып алған фермерлер үшін субсидиялау қайта басталады. Осы бағыт шеңберінде фермерлер астық және бұршақ дақылдарын себуге арналған сепкіштерді, егіс кешендерін, соқаларды, тырмаларды, қопсытқыштарды, тіркемелі және аспалы орақтарды, пресс-жинағыштар мен шөп шапқыштарды қоса алғанда, агрегаттардың қажетті тізбесін сатып алуға жұмсалған шығындардың 15% өтей алады. Егін шығынын азайту үшін зиянкестерге қарсы дақылдарды өңдеу үшін пайдаланылатын жылжымалы астық кептіргіштер мен дрондарды, сондай-ақ аспалы және тіркемелі желдеткіш бүріккіштерді субсидиялау түрінде қолдау қарастырылған. Ақбөкендердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді таптап кету жағдайларын болдырмау мақсатында осы мәселе өзекті болып табылатын облыс әкімдіктерінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоршауларды (топсалы тор және бағаналар) инвестициялық субсидиялау көзделген. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер) арқылы қаржыландыруды алатын АӨК субъектілері үшін субсидиялауды таратуға қатысты түзетулер қабылданды. Қазіргі уақытта мұндай бағдарламалар ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидалары ("ауыл аманаты" бағдарламасы) және АӨК саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары (СҚО тәжірибесін тираждау) шеңберінде іске асырылуда. Қаржы лизингі шеңберінде сатып алынған техника, машиналар мен жабдықтар бойынша субсидиялауға өтінімдер беру кезінде субсидиялауды оңтайландыру үшін шот-фактураны ұсыну жөніндегі талап алынып тасталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ұсынысы бойынша өңделген өнім үлесін ұлғайту шеңберінде құрғақ сүт және/немесе сүт сарысуын өндіруге арналған жабдықтар сатып алу енгізілді. Қант зауыттарын құру және кеңейту кезіндегі шығындарды өтеу үлесі 25% - дан 40% - ға дейін ұлғайды. Отандық құс шаруашылығын ұлғайту жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында жұмыртқа және ет бағытындағы құс шаруашылығында асыл тұқымды репродукторды құру және кеңейту кезінде шығындарды өтеу үлесі 25% - дан 40% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыртқа құс фабрикаларын соңғы үлгідегі тәуліктік тауықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 40% өтем үлесімен тауық жұмыртқасын қайта өңдеу зауытын салу мен кеңейтуді субсидиялау жөніндегі бағыт енгізілді. Бұл өзгерістер фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарға, әсіресе жабдықтар мен басқа да өндірістік ресурстарға бағаның өсуі жағдайында қаржылық жүктемені азайтуға, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі мен жаңғыртылуын ынталандыруға, сондай-ақ оның ішкі және халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/947089
Делдалдық қызмет туралы жалған хабарламаға сенбеңіз! 27.02.2025
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.               Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:    ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін). Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/965540?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ 27.02.2025
Биыл Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған-ды. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ), стационарлық ангиография құралдарымен толықты.Заманауи үлгідегі аппараттар диагностикалық зерттеу барысында дәрігерлерге нақты ақпарат беру арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, диагнозды анықтауға көмектеседі.Магниттік-резонанстық томография (МРТ) және Компьютерлік томография (КТ) Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына жүйке жүйесі аурулары (бас және жұлын миы), тірек-қимыл аппараттары (омыртқа, бұлшық ет-буындық жүйе, буындар) тағы бірқатар ішкі құрылыс ауруларын диагностикалауда қолданылып жатыр.Бүгінде озық үлгідегі жабдықтардың көмегімен Ордабасы, Бәйдібек, Арыс аудандарында науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде жасалып жатқан кардиологиялық, неврологиялық, хирургиялық оталар сәтті аяқталуда. Енді тұрғындар аудан деңгейінде тиісті медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946642
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2400 ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІСІ ОРНАТЫЛҒАН 27.02.2025
Түркістан қаласында жол қауіпсіздігін сақтау және автокөлік кептелісін болдырмау мақсатында, полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы тобы әкімдікке 440 ұйғарым мен 15 ұсыныс хат жолдаған. Сонымен қатар 2400 жол белгісі мен 480 метр жол кедергісі орнатылған. Бұл туралы Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев халыққа есеп беру жиынында баяндады.Шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, прокурор Кәукен Нәрікбаев және тұрғындар мен жеке құрам қатысты.Түркістандық тәртіп сақшыларының жүйелі жүргізген шаралары нәтижесінде өткен жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 88,9%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 92,3%-ға, пәтер ұрлығы 78,9%-ға, есірткі қылмысы 82,4%-ға жақсарған.Жиын барысында полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев азаматтардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жұртшылықпен қылмыстарды болдырмау мәселесін талқылады. Кездесу соңында тұрғындар полицияның жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946646
www.gov.kz 27.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946649
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 27.02.2025
Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері жергілікті бюджетке 30,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп, өсу қарқыны 131%-ды құрады. Биыл қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында салық заңнамаларының негізінде әкімшілендіру, салықтық тексеру, өндіріп алу, жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарды болжаммен 10 млрд. теңге көлемінде орындау жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары мен бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды.Жиында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның мәлімдеуінше, қосымша кіріс көздерінен жалпы 1,6 млрд теңге есептелініп, өндірілді. Сондай-ақ өндірістік емес төлемдерден анықталған қосымша кіріс көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 148 млн. теңге өндірілген. Мәжілісте салықтан жалтару жайттары жайлы айтылды. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттен субсидияға 30 млрд теңгеден астам қаражаттан түсетін салық көлемі мардымсыз. Ауыл шаруашылығы бойынша субсидияланған кәсіпкерліктер туралы басқарманың мәліметтері Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес келмейді. Бұл бойынша терең зерделеу жұмыстары жүргізіледі.Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бюджет түсімін ұлғайтуды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін арттырып, бюджет шығыстарын оңтайландыруды, «көлеңкелі» экономиканың көлемін төмендету бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.– Жергілікті бюджеттің әлеуеті жоғары. Жұмысты жүйелеп, жандандыра түсу керек. Кәсіпкерлермен, инвесторлармен салық заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Мемлекеттен бөлінген субсидияларды назарға алып, жұмысшылар саны мен салық мәселелерін реттеп, жұмыс нәтижесін бақылаңыздар. «Көлеңкелі» экономиканы төмендету жұмыстарын күшейтіп, халықтың салықтық сауаттылығын арттыру керек. Қажетсіз жобалардан бас тартып, қаржыны өндіріс орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттау қажет. Инвесторлар тарту жұмыстарын күшейтіп, инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын атқарған жөн. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстарын күнделікті жүргізуді тапсырамын. Бірінші кезекте – қажеттіліктерді айқындап, шығындарды қысқарту. Облыс бюджетін қайта қарап, ұсыныс енгізіңіздер, – деген Нұралхан Оралбайұлы бюджетті нақтылау бойынша бірқатар міндет жүктеді.Жиын барысында бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндады. Оның айтуынша, қосымша кіріс көздерін анықтауға бағытталған іс-шара жоспары әзірленді. Қазіргі таңда іс-шара жоспарының әрбір тармақтарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нақтыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946692
ХВҚ-мен өзара іс-қимыл: Мәди Такиев: Қазақстандағы жаңа миссия басшысымен кездесті 26.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссиясының жаңа басшысы Николя Бланшенің орнына келген Али Аль-Эйдпен кездесу өткізді.Мәди Такиев Али Аль-Эйдті тағайындалуымен құттықтады және ХВҚ Келісім баптары аясында тұрақты миссиялар, мақсатты консультациялар жүргізгені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ХВҚ тарапынан техникалық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында ХВҚ мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Алматы қаласындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның әлеуетін дамыту өңірлік орталығының мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/946589
Астанада «БҰҰ-ның 80 жылдығы және Қазақстанның рөлі: мультилатерализмнің болашағы» тақырыбында панельдік пікірталас өтті 26.02.2025
Астана, 2025 жылғы 26 ақпан – Президенттік орталықта БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған панельдік пікірталас өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты. Панелистер ретінде Бразилияның Елшісі Марсель Фортуна Биато, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева, Түркияның Елшісі Мұстафа Капуджи және ҚСЗИ Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен сөз сөйледі. Қатысқан қонақтардың арасында дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері болды.Пікірталас барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойлық жылдығына бағытталған халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және ядролық қарусыздануды, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуды және инклюзивті жаһандық тәртіпті қолдауды қоса алғанда, бітімгершілік бастамаларды ілгерілету жөніндегі елдің күш-жігерін талқылады.Өз сөзінде А.Рахметуллин БҰҰ-ның жаһандық сын-тегеуріндерді шешудегі стратегиялық рөліне назар аудара отырып, осы тұрғыда Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа белсенді түрде ықпал етуді жалғастырып жатқанын және әлемдік қоғамдастық алдында тұрған проблемаларды шешуде көпполярлы тәсілді қолдайтынын атап өтті.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын мәлімдегендей, «бұл әмбебап ұйымға балама жоқ». БҰҰ-ның 80 жылдығы – бұл мерейтой ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемдегі мультилатерализмнің рөлін түсінудің маңызды кезеңі. Біз жаһандық сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен халықаралық ынтымақтастық арқылы ғана тиімді шешуге болатынына сенімдіміз», – деп баяндады қазақстандық дипломат.Өз тарапынан С.О'Малли: «Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ынтымақтастық тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралы болып қала береді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуде көшбасшылықты дәйекті түрде көрсетіп келеді, ал бүгінгі пікірталас болашақтың ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін», – деп атап өтті.Бұл іс-шара көпқырлы әлем контекстінде жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Пікірталас аясында қатысушылар жаһанданудың үдемелі қарқынымен және жаңа технологиялардың дамуымен қатар жүретін халықаралық жүйедегі өзгерістерді талқылады. БҰҰ-ның жаңа сын-тегеуріндерге бейімделуі және ұйымның бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті қолдаудағы рөлін одан әрі нығайтудың маңыздылығы де қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/946557
Қазақстан мен Нигерия қаржы және ғарыш технологиялары саласында келісімдерге қол қойды 26.02.2025
Абуджа, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Нигерияның Коммуникациялар, инновациялар және цифрлық экономика министрі Босун Тиджанимен кездесу өткізіп, ғарыштық технологиялар, электрондық үкімет және финтех шешімдері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Қазақ тарапы цифрлық платформаларды дамыту, электрондық үкіметті енгізу және озық финтех шешімдерін құру тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Тараптар бірлескен бастамаларды дамыту және цифрлық салада нақты жобаларды іске асыру жөнінде уағдаласты.Сонымен қатар Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы ҚР Елшісі Ануарбек Ахметов Нигерияның Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерімен кездесу өткізіп, екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық және нигериялық компаниялардың өзара нарыққа шығуына жәрдемдесудің механизмін әзірлеу және бірлескен кәсіпорындарды дамыту бойынша бастамаларды қарастыру туралы келісімге келді.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Нигерияның Инвестицияларды дамыту комиссиясы өкілдерімен келіссөздер өткізіп, шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесімен алмасты және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сонымен қатар ол Нигерияның Қаржылық интеграция министрлігінің басшылығымен кездесті. Нигерия тарапы даму институттары арқылы қаржыландыру құралдарына және мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару модельдеріне ерекше қызығушылық білдірді.Сапар аясында қазақстандық және нигериялық кәсіпкерлер арасында B2B форматындағы кездесулер өтті. Талқылаулар барысында сауда көлемін кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Келіссөздер энергетика, тау-кен металлургиясы, қаржы, көлік және логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені салаларындағы компаниялардың қатысуымен өтті.Қазақстан делегациясының сапары аясында банкінің АХҚО-да филиал ашуын және исламдық қаржы саласындағы ынтымақтастықты бастауды көздейтін АХҚО мен «Taj Bank Nigeria» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және ғарыш қызметі саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейтін «Kazakhstan Gharysh Sapary» ҰК» АҚ мен «Suburban Broadband Limited» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/946687
Қазақстан мен Эстония әріптестігінің жаңа перспективалары белгіленді 26.02.2025
Астана, 2025 жылғы 26 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді.Ынтымақтастықтың динамикалық әрі қарқынды дамуын назарға ала отырып, тараптар екіжақты форматтағы және түрлі халықаралық алаңдардағы әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Сұхбаттастар 2025 жылғы 23-24 қаңтарда Таллинде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының қорытындыларына мұқият тоқталды (ҮАК тең төрағалары – ҚР Көлік министрі М.Қарабаев және ЭР Сыртқы істер министрі М.Цахкна).Министрдің орынбасары іс-шара барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру Астана мен Таллин арасындағы қатынастарды одан әрі тереңдету үшін маңызды екенін атап өтті.Тараптар ортақ мүдделілік танылатын түрлі салалардағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді. Бұған қоса биік және жоғары деңгейдегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2025 жылға арналған іс-шаралар кестесін талқылады.Кездесу соңында Р.Василенко эстон дипломатын Эстония тәуелсіздігінің 107 жылдығымен құттықтап, оның халқына бейбітшілік, өркендеу мен аманшылық тіледі.Анықтама: 2024 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда көлемі 71,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (157,5 млн долл.) 54% аз. ҚР-дан экспорт 38,7 млн долл., ҚР-ға импорт 33 млн долл. құрады. 2012 жылдан бері Эстониядан ҚР-ға 98,3 млн АҚШ доллары соммасына тікелей инвестициялар тартылды. 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Эстониядан Қазақстанға 13,6 млн доллар көлемінде инвестициялар тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/946693
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 26.02.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Тиналович Кулбаев 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Айбол Тиналович 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавры, 2010 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистрі, 2015 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша докторы дәрежелерін алған. 2018 жылы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде «Спорттағы менеджмент пен маркетинг» мамандығы бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын аяқтаған.Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған.Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының аға оқытушысы, ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, бөлім жетекшісі, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры лауазымдарында қызмет атқарған.2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры лауазымында қызмет атқаруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/946016
Қазақстанда атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы әзірленеді 26.02.2025
ҚР Энергетика министрі А. Сәтқалиевтің айтуы бойынша Қазақстанда атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясын әзірлеу жоспарланып отыр.Сондай-ақ Министр хабарлағандай, 2024 жылдың желтоқсанында Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясы құрылысының аумағын бекітті. 2025 жылы АЭС салу үшін технология жеткізушісін (немесе консорциумды) таңдау, сондай-ақ Үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттар жасасу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/946354
Қазақстанда жылыту маусымына дайындық мониторингі жүйесі мен білім беру платформасы іске қосылады 26.02.2025
2024 жылы Қазақстанда Энергетика министрлігінің ахуалдық-талдамалық орталығы іске қосылды, ол нақты уақытта энергетикалық объектілер жұмысының көрсеткіштерін қадағалауға және салалық тәуекелдерді талдауға мүмкіндік береді.«2025 жылы күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ салалық ақпараттық жүйелерге жасанды интеллект элементтерін енгізу және мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша цифрлық сервисті іске асыру жоспарланып отыр. Бұл саланы басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.Сонымен қатар Министрдің айтуы бойынша салалық білім беру платформасы құрылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/946358
"Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік акция өткізді. 26.02.2025
«Заң мен Тәртіп» жобасы шеңберінде 18-23 ақпан аралығында Қостанай қаласының мектеп оқушылары арасында қаржылық пирамидаларға қарсы тұру, вейптердің зияны және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында әлеуметтік акция ұйымдастырылды. Бұл шараны Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (Қостанай облысы бойынша ЭТТД) балалардың назарын маңызды әлеуметтік мәселелерге аудару үшін шығармашылық арқылы – сурет салу байқауы түрінде өткізді.Қостанай қаласының 120-дан астам оқушысы қаржылық қылмыстардың алдын алу, вейптердің зияны және қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы туралы өз ойларын бейнелеген суреттер байқауына қатысты. Олардың жұмыстары қарапайым әрі түсінікті формада ұсынылып, жас қатысушылардың кең аудиторияға өз ойларын жеткізуіне мүмкіндік берді.Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 18-23 ақпан аралығында «Костанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығында көрмеге қойылды. Келушілер балалардың шығармашылығымен танысып, қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттерге қатысты маңызды тақырыптарды қамтыған суреттерді тамашалай алды. Бұл шара қоғамның әлеуметтік қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға, қаржылық қауіптер мен олардың салдары туралы көбірек білуге ынталандыруға ықпал етті.Конкурс қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ЭТТД үш жеңімпазды анықтап, оларға Департамент басшысының атынан грамоталар мен Marvin дүкендер желісінен тауар сатып алуға сертификаттар табыстады. Жеңімпаздар өз жұмыстарында өнер мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шебер ұштастыра білді.Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады. Барлық келушілер оны тамашалап, заманауи қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ой қозғап, мектеп оқушыларының қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттерге қарсы тұруға бағытталған шығармашылық еңбектерін бағалауға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/946120
Қазақстан СІМ-де БҰҰ Даму бағдарламасымен өзара іс-қимыл талқыланды 26.02.2025
Астана, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавернямен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар БҰҰДБ-мен, оның ішінде өңірлік және екіжақты бастамалар шеңберінде ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағын жан-жақты талқылады.Р.Василенко БҰҰДБ-мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және ҚР мемлекеттік органдарына техникалық қолғабыс көрсетуге бағытталған нақты жобаларды қаржыландыру желісі бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.Өз тарапынан К.Ваверня өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын құптады және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты қолдауға келісті.Анықтама: БҰҰ Даму бағдарламасы – ҚР аумағында жұмыс істейтін БҰҰ-ның ең ірі агенттігі. Оның қызметі 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламамен және Орнықты даму мақсатында ынтымақтастық туралы келісіммен реттеледі.Елдік бағдарлама ынтымақтастықтың төрт негізгі бағытын қамтиды: әлеуметтік осалдық пен теңсіздік проблемаларын шешу; мемлекеттік мекемелердің тиімділігін арттыру және есептілігін күшейту; экономикалық өсуге жәрдемдесу; климаттың өзгеруіне қарсы күрес және төмен көміртекті дамуға жәрдемдесу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/945971
Қостанай облысы автокөлік жасау саласына инвестиция тартуда 25.02.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd және Hua An International Investment Management LLP қытайлық компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде автомобиль өнеркәсібіне арналған алюминийден жасалған дөңгелек дискілерін өндіру мүмкіндігі талқыланды.Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd – Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы, Еуропа және АҚШ елдеріне алюминий дөңгелек дискілері мен автоқосалқы бөлшектерін экспорттайтын жетекші өндірушілердің бірі. Қазіргі таңда инвесторлар Қазақстанды өндірісті кеңейту үшін әлеуетті аймақ ретінде қарастыруда.Қостанай облысында жаңа кәсіпорынның ашылуы Қазақстандағы автомобиль жасау саласындағы «жергілікті қамту» үлесін арттыруға ықпал етеді. Бұл қадам отандық автопромның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа өндірістік қуаттардың дамуына серпін береді. Өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылуы мүмкін, бұл өз кезегінде өңірдің автомобиль жасау орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.Қостанай облысы автомобиль өнеркәсібінің қарқынды дамуының арқасында әлемдік автоқұрауыш өндірушілерінің назарын аударуда. Өңірде жаңа өндірістер үшін қолайлы жағдай жасалған, және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/945702
Әскери-теңіз күштері корабльдерінің корпустарын, құрылғылары мен жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулық дайындалды 25.02.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштері суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады. Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 35 қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес әзірленді.Бұйрық жобасы Әскери-теңіз күштерінің суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін пайдалануды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі қарастырады, оның ішінде дайындық және пайдалану, корпусқа, құрылғылар мен жүйелерге техникалық қызмет көрсету де бар.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 12 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15459967 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/944957
Алматыда жоғары оқу орындарының еліміздің әскери-экономикалық әлеуетін нығайтудағы рөлі талқыланды 25.02.2025
«Нархоз университет» КЕАҚ әскери кафедрасының базасында түраралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда еліміздің әскери-экономикалық әлеуетін қалыптастырудағы жоғары оқу орындары мен әскери кафедралардың рөлі талқыланды.Іс-шара ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы полковник Арман Мансұровтың басшылығымен өтті. Оған әскери оқу орындарының басшылары, Нархоз университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы күштердің тыл бойынша әскери бөлімдерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың командирлері қатысты.Сарапшылар тыл басқармасы мен тылдық қамтамасыз ету қызметтері мамандарының кәсіби құзыретін жан-жақты дамыту мәселелерін талқылады. Роботтандырылған кешендер мен жасанды интеллект элементтерін тыл жүйесіне енгізуге бағытталған жоғары оқу орындары, университет кафедралары мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жанындағы Қарулы күштердің оқу құрылымдарының ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.Конференцияға қатысушылар тылдық қамтамасыз ету қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру ісіндегі технологиялардың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта жұмыс кездесулерін өткізуді және саланың жетекші мамандары арасында тәжірибе алмасуды көздейтін іс-шаралар жоспары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/945022
Алматыда жүзден аса сарбаз әскери-есептік мамандық бойынша даярлықтан өтті 25.02.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскери-есептік мамандықтарды меңгерген 129 мерзімді қызмет сарбазының оқуды салтанатты аяқтау рәсімі өтті. Осы оқиғамен оларды білім ордасы бастығының орынбасары полковник Виталий Усенко құттықтады. Ол биыл алғаш рет арнайы байланыс мамандары дайындалғанын атап өтті. – Бұл орталықта радиотехникалық әскер мамандары, ЗРК-75 және ЗРК-300 қолмен сүйемелдеу операторлары, радиолокациялық станциялар мен радиолокациялық биіктікті өлшейтін құрылғылар, сондай-ақ дизелист-электриктер оқыды. Енді олар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне қызмет өткеруге жіберіледі, – деп атап өтті полковник В.Усенко. Бағдарлама әскерлерде тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті дағдыларды дамыта отырып, теориялық және практикалық дайындықты қамтыды. Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер сынақтардан өтіп, әскери-есептік мамандықты меңгергені жөнінде куәлік алды. – Үш айдың ішінде біз көп нәрсені үйрендік. Енді әскери бөлімдерде қызмет етуді жалғастырамыз, алған білім мен дағдыны тәжірибеде қолданамыз. Бұл мамандықтар бізге тек әскерде ғана емес, азаматтық өмірде де кәдеге жарайды деп ойлаймын, – деді мерзімді қызмет сарбазы Айбек Лесбек. 2023 жылдан бастап әскери білім мекемесінің оқу орталығы 200-ден астам кіші маманды даярлады, олардың қатарында мерзімді қызмет сарбаздары мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де бар екенін айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/945045
Иранда өткен конференцияда Қазақстан әскери қызметшілерге қазақ күресінен өтетін әлем чемпионатын таныстырды 25.02.2025
Тегеранда өткен Азия бойынша халықаралық әскери спорт кеңесінің 8-ші конференциясында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов әріптестерін қазақ күресінен CISM бірінші әлем чемпионатына қатысуға шақырды.CISM Азия жөніндегі вице-президенті бригада генералы Рашид әл-Досаридің басшылығымен өткен іс-шараға Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Индонезия, Қазақстан, Камбоджа, КХДР, Оман, Пәкістан, Корея Республикасы, Тайланд, Түрікменстан, Шри-Ланка делегациялары, сондай-ақ Тәжікстан мен Жапониядан келген бақылаушылар қатысты.Анонстық роликте конференция делегаттарына қазақ дәстүрлері байлығы ұсынылып, ұлттық күрес ережелері түсіндірілді.– Қазақ күресі – ең көне спорт түрлерінің бірі, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник А. Әбеуов. – Біздің күресіміз тек спортпен ғана шектелмейді. Бұл тарихи мұрамыздың бір бөлігі және әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердің өкілдерін біріктіреді. Бүгін біз бұл спорт түрін әскери қызметкерлер арасында дамытуға бар күшімізді салудамыз. Өйткені ол Отан қорғаушылардың қажетті ерік-жігерін арттырып, тәртіп пен өзара сыйластыққа тәрбиелейді.Полковник Арман Әбеуов турнир достықты нығайтуға және спорттық бауырластықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Әскери-спорт ұйымдарының басшылары үшін ол қазақ күресі бойынша шеберлік сабағын өткізді.Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты осы спорт түрін насихаттауға және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болмақ. Бұл Қарулы күштердің, құқық қорғау органдарының және басқа да күштік құрылымдардың спортшыларына өздерінің таланттарын ашып, мықты жақтарын көрсетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/945397