Әлем
Салық жүктемесінің коэффициентін есептеу ережелері 10.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салықтық жүктеме коэффициентін (бұдан әрі – СЖК) есептеу қағидаларының жаңартылған нұсқасы күшіне енеді. Жаңа нормалар Салық кодексінде (45-баптың 2-тармағы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен бекітілген «Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларында» көзделген. СЖК есептеу үшін келесі жаңалықтар енгізіледі:орташа салалық СЖК арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін және жалпыға бірдей белгіленген тәртіп қолданатын салық төлеушілер бөлек есептеледі;орташа салалық СЖК енді есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі. Аталған өзгерістер адал бәсекелестікті дамытуға, кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122978?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік аудиттің цифрлы моделіне толығымен ауысып жатыр 10.12.2025
Қазақстанда сын-қатерді дер кезінде анықтап, кез келген кемшілікті қашықтан бұғаттауға септесетін мемлекеттік аудиттің превентивті цифрлы моделі енгізіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтты.Талдаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану ведомствоның стратегиясына айналды. «Мемлекеттік жоспарлау» жүйесіндегі жаңа онлайн-бюджеттік мониторинг есебінен бюджет бекітілгенге дейін 2026-2028 жылдарға арналған сомасы 1,5 трлн теңге болатын шығыстарды негізсіз жоспарлау анықталып, жолы кесілді.Е.Мыңжасаров айтқандай, министрліктің цифрлы шешімдері әлеуметтік салада 1,4 млрд теңгеге жалақы төлеу кезінде алаяқтық схемаларды әшкерелеуге септігін тигізді. Автоматтандырылған мониторинг тәсілі білім беру саласында жалақыны есептеу түріндегі ақша жымқыру деректерін жүйелі түрде жоюға мүмкіндік береді.Мемлекеттік сатып алуды бақылау шеңберінде биыл онлайн-мониторингпен 1,1 трлн теңгеге 5 мыңға жуық төлем қамтылды. Оның ішінде 184,2 млрд теңгеге 694 тәуекел аударымы анықталды. Аудит нәтижелері бойынша 59,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркеліп, қызмет көрсетушілерге (жеткізушілерге) 237 млн теңгеден астам сомаға тұрақсыздық айыбы салынды.2021 жылдан бастап толық енгізілген электронды аудит өз тиімділігін көрсетті. Бұл тетік іске қосылған сәттен бастап 804 аудиторлық іс-шара қашықтан өткізіліп, 120 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер әшкере болды. Аталған жүйе адам факторының алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты және бір аудиторға жұмсалатын іссапар шығынын шамамен 4,5 есе азайтты.Қолға алынған жұмыстың тиімді модельдері халықаралық деңгейде атап өтілді. Айталық, PEMPAL ішкі аудиторлар қауымдастығы цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалады. Комитеттің «Ішкі аудиттің тиімділігі» көрсеткіші бойынша қызметі Дүниежүзілік және Азиялық даму банктерінің сарапшылары тарапынан максималды «А» бағасына ие болды.«Алдымызға қойылған ауқымды міндеттердің бірі комитеттің аудиторлық қызметін толықтай цифрлы форматқа ауыстыру. Бұл мемлекеттік қаражаттың қозғалысын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сай келеді. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік органдардың жұмысын барынша ашық әрі тиімді ету», деп қорытындылады ІМАК төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1122931?lang=kk
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды 10.12.2025
Сеул, 2025 жылғы 9 желтоқсан — Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық әріптестікті кеңейту» атты форум Сеул қаласында өтті.Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты — жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы әріптестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін тілге тиек етті. Ол 2024–2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін атап өтіп, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1122828?lang=kk
«Ашық есік күні» шарасы 10.12.2025
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасында көзделген іс-шараларға сәйкес, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік органнның қызметімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті.Басқарма жұмысымен танысу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылыс мамандығының 1 курс студенттері Құрылыс басқармасына келіп, мекеменің жұмыс барысымен жақынырақ танысты.Олар мемлекеттік қызметтің қалай ұйымдастырылатынын көріп, саланың жауапкершілігі мен маңызын өз көздерімен байқады. Осындай шаралар жастарға болашақ мамандығын таңдауда бағыт беріп, мемлекеттік қызметтің ашықтығын тағы бір мәрте дәлелдейді.Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, жауапкершілігі және қоғамға қызмет ету қағидаттары жастарға үлкен мотивация болды. Біз әрдайым жастарды қолдауға және оларды кәсіби дамуға ынталандыруға қуаныштымыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1122841?lang=kk
2025 жылдың 10 желтоқсанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. 10.12.2025
Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашованың «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады. Екінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады.Үшінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2005 жылғы 4 қазандағы № 187 «Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке қою жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша аудандық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Төртінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Еңбек өтілін растау үшін арнаулы комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Бесінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».Алтыншы сұрақ бойыншга «Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 177 «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».Аудан депутаттарымен сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1122849?lang=kk
Қазақстан Елшісі Пәкістан студенттеріне семинар өткізді 10.12.2025
Исламабад, 2025 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының және «Diplomatic insight» тобының төрағалары доктор Фархат Асиф пен Мұхаммед Асиф Нұрмен бірлесіп, 6-шы Халықаралық жас дипломаттар мектебінің (International Young Diplomats School, IYDS) қатысушылары үшін дәстүрлі және жыл сайынғы семинар өткізді.Іс-шараға Пәкістанның әртүрлі білім беру мекемелерінен халықаралық қатынастар, құқық, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат салаларында білім алып жатқан жас мамандар мен студенттер қатысты.Іс-шара барысында Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы жан-жақты таныстыру жасады. Елші өз сөзінде саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік, логистика және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды.Елші академиялық өлшем мен университеттер, сарапшылық топтар, жастар және спорт ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығына тоқталды.Сессияға қатысушылар Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына, аймақтық ынтымақтастыққа және елдің Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайтудағы рөліне үлкен қызығушылық танытты.Елшілік доктор Фархат Асиф пен Мұхаммед Асиф Нұрға жас мамандарға арналған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1122860?lang=kk
Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру тәртібі жеңілдетілді 10.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 134-бабында көзделген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді кейінге қалдыру әдісін жетілдіру туралы хабарлайды. Жаңартылған тәсілдер адал өндірушілер үшін ашықтықты, болжамдылықты және қолайлылықты арттыруға бағытталған. Кейінге қалдыру әдісі өндірісте тікелей қолданылатын импорттық шикізат пен материалдарға қатысты беріледі. Негізгі өзгерістер: Кейінге қалдыруға жататын тауарларға нақты талаптар белгіленді. Тек өндірістік үдерісте пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдар қамтылады. Тауарды мақсатты пайдалану талабы күшейтілді. Шарттар бұзылған жағдайда кейінге қалдыру жойылады. Қайта пайдалану шектеулері енгізілді. Шарттарды бұзған салық төлеуші 24 ай бойы кейінге қалдыру құқығынан айырылады. 50 миллион теңгеден асатын сомаға қатысты қамтамасыз ету талап етіледі. Өзгерістердің түпкі мақсаты: Өндіріс секторын дәл және тиімді қолдау, шикізат пен материалдар болып табылмайтын тауарларды тетіктен шығару, сондай-ақ Салық кодексінің 134-бабын қолданудың ашықтығын арттыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122863?lang=kk
Бүгін Астана қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Алтай ауданы мәслихатының төрайымы Л. А. Гречушникова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Булавкина Ольга Александровнамен кездесті 10.12.2025
Кездесу барысында депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамасын жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың заманауи міндеттеріне сәйкестендіру мәселелерін талқылады. Мәслихаттардың рөлін нығайтуға, жергілікті деңгейдегі жұмыстың тиімділігін арттыруға және халықпен өзара іс-қимылдың құқықтық тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1122812?lang=kk
Алтай ауданы мәслихатының төрайымы Гречушникова Лариса Александровна Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі 10.12.2025
Кездесудің тақырыбы: «Барлық деңгейдегі депутаттар округтерінде жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін құру бойынша пилоттық жобалар туралы».Өз баяндамасында Лариса Александровна бүгінгі күні жергілікті қоғамдастықтың және депутаттық корпустың жұмысын қиындататын заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарды жеткізді.Оның бастамасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін тұрғындардың шынайы қажеттіліктеріне бағытталған, барынша тиімді әрі ашық етуге арналған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1122816?lang=kk
ҚР ҚМ МКК 2025 жылдың үздік кеден бекеттерін жариялады 10.12.2025
Халыққа ыңғайлы кеден әкімшілігін дамыту, бақылаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет стандарттарын күшейту мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын өтетін «Үздік кеден бекеті» акциясының қорытындыларын шығарды. Бағалау 2025 жылғы 28 қазандағы №1059 бұйрыққа сәйкес жүргізілді. Бекеттердің жұмыс сапасы басты көрсеткіштер бойынша қаралды: кеден бақылау мерзімдерін сақтау, декларацияларды рәсімдеу уақыты, кедендік құн динамикасы және басқа да тиімділік, ашықтық пен нәтижелілікті көрсететін параметрлер. 2025 жылғы үздіктер: Ең үздік авиациялық кеден бекеті — «Жетісу»; Ең үздік теміржол кеден бекеті — «Алтынкөл»; Ең үздік автокеден бекеті — «Алакөл»; Ең үздік ішкі кеден бекеті — «ЦТО Өскемен». Бұл номинациялар кедендік басқарудың әртүрлі бағыттарының ерекшелігін көрсетеді және олардың әрқайсындағы жұмыс сапасын одан әрі арттыруға ынталандырады. Негізгі категориялардан бөлек, МКК арнайы номинациялар тағайындады — цифрлық бастамалар, инновациялық тәсілдер, сервистік шешімдер және әлеуметтік маңызды жобаларға қосқан үлесі үшін. Сондай-ақ кәсіби қызметінде ерекше нәтиже көрсеткен толық ұжымдар мен жеке қызметкерлер де марапатталды. Арнайы мадақ «Темір-Баба» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінің мамандарына берілді — экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше үлес қосқаны үшін, атап айтқанда акциздік өнімдерді, сирек металдар мен мәдени құндылықтарды заңсыз шығару әрекеттерін тоқтатқандары үшін. Сондай-ақ ішкі кеден бекеттері мемлекеттік кіріс органдарының оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін және «Ақтөбе» арнайы бекеті — ЕАЭО аясында халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін атап өтілді. Арнайы номинация кеден органдары қызметкерлері — «Әйелдер — кеденнің мақтанышы» деп аталды, онда ұзақ жылғы кәсіби тәжірибе мен жеке үлесі ерекше бағаланды. Мұндай марапаттау форматы мамандардың жеке жетістіктерін ғана емес, кедендік әкімшілендіру жүйесінің жалпы дамуын да көрсетеді. 2025 жылы Кеден комитеті қолданған шаралардың арқасында тауарларға декларациялау 10%-ға, жүк ағыны 13%-ға, транзит 22%-ға өсті. Кедендік төлемдер мен салықтар 566 млрд теңгеге артты. Сыртқы шекаралардың өткізу қабілеті 2,5 есе көбейіп, автокөлік ағыны 18%-ға өсті, орташа өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. «Жылдың үздік кедендік бекеті» акциясының нәтижелері МКК-нің бөлімшелерінің дамуға, инновацияларды енгізуге және қызмет сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122818?lang=kk
Ү.ж. 8 желтоқсанда Мохаммед бен Рашид атындағы гуманитарлық және қайырымдылық қорының Бас директоры Салих Захир Әл-Мазруимен кездесу өтті. 10.12.2025
Ү.ж. 8 желтоқсанда Мохаммед бен Рашид атындағы гуманитарлық және қайырымдылық қорының Бас директоры Салих Захир Әл-Мазруимен кездесу өтті.Кездесу барысында ықтимал ынтымақтастық мәселелері, гуманитарлық және қайырымдылық жобалар бойынша өзара іс-қимылды дамыту жолдары талқыланды.Анықтама: 1997 жылы құрылған Мохаммед бен Рашид атындағы гуманитарлық және қайырымдылық қоры Біріккен Араб Әмірліктері мен әлемнің басқа да елдерінде (97-ге жуық), соның ішінде Қазақстанда тұрақты даму және гуманитарлық көмек жобаларын жүзеге асыратын ұйым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1122792?lang=kk
Қазақстан Мафальда Дуартені Астанада өтетін Аймақтық климаттық саммитке шақырды 10.12.2025
Сеул, 2025 жылғы 8 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов «Жасыл климат қорының» (GCF) Атқарушы директоры Мафальда Дуарте ханыммен GCF Достары тобының кезекті отырысы аясында кездесті.Жүздесу барысында тараптар экология саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ү.ж мамырда Мафальда Дуартенің Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері талқыланды. Сапар аясында GCF басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Саран қаласындағы күн электр станциясына барған болатын.Осы ретте қазақ дипломаты көпжақты климаттық қор басшысына Мемлекет басшысының 2026 жылғы сәуірде Астанада БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен өтетін Аймақтық климаттық саммитке ресми шақыруын табыстады.Мафальда Дуарте Қазақстанмен экология және климат өзгерісі саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.Тараптар одан әрі ықпалдастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстанның GCF-пен өзара іс-қимыл тәжірибесі құны 216,5 млн АҚШ долларын құрайтын 5 жобаны қамтитынын атап өткен жөн.«Жасыл климат қоры» (GCF) 2010 жылы Канкун келісімдері аясында климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша дамушы елдерді қолдау үшін құрылған. Қор БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (UNFCCC) және Париж келісімінің қаржылық тетігі болып табылады. 2015 жылы алғашқы жобаны қаржыландыру мақұлданған сәттен бастап, GCF бүгінде 100-ден астам жобаны қамтитын ауқымды портфель қалыптастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1122800?lang=kk
Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтуде 10.12.2025
Отырыс жұмысына Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. А. Гречушникова қатысты.Өңірлік өзін-өзі басқаруды дамытудың, өкілді органдардың жұмысын жетілдірудің және мәслихаттар мен биліктің орталық құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мәселелері талқылануда.Кеңестің жұмысы өңірлерді одан әрі дамытуға және өкілді органдардың жұмысының сапасын арттыруға ықпал ететін тәжірибелік ұсынымдар мен шешімдерді әзірлеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1122806?lang=kk
Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытты 10.12.2025
Анкара, 2025 жылғы 9 желтоқсан – Конья провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Елші Е.Сапиев Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.Сапар барысында Елші Конья Өнеркәсіп палатасының төрағасы Mustafa Büyükeğen мырзамен кездесіп, тараптар екіжақты экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайын, өзара инвестицияларды арттыру әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Конья арасындағы өнеркәсіптік кооперация перспективаларын талқылады. Әсіресе ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ және химиялық өндіріс, машина жасау және тоқыма салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.Сонымен қатар, делегация Коньяның бірқатар ірі кәсіпорындарын аралап, компания басшылығымен өндірісті Қазақстанда орналастыру, индустриялық аймақтардың артықшылықтарын пайдалану, сондай-ақ инвесторларды қолдау тетіктері – салықтық жеңілдіктер, экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламалары және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері бойынша келіссөздер жүргізді.Қазақстан тарапы елдің қолайлы инвестициялық ахуалы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынып, бірлескен өндірістер ашу ықтималдығын қарастыруды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1122787?lang=kk
Ү.ж. 6 қыркүйек Дубай – Ақтау бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті. 10.12.2025
Ү.ж. 6 қыркүйек Дубай – Ақтау бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті.Бұл екі ел арасындағы әуе қатынасының дамуына маңызды қадам.Әуе компаниясын сәтті басталуымен құттықтап, қауіпсіз әрі тұрақты сапарлар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1122788?lang=kk
Қорғаныс министрі «Голос. Дети» байқауының финалисі Жасмина Тузелованы құттықтады 10.12.2025
«Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Тузелова Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орынға ие болды.Астанаға оралған соң Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов он екі жастағы Жасмина Тузеловамен кездесіп, маңызды жетістігімен құттықтады.Кездесу басында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушісі туралы бейнеролик көрсетілді. Онда «Голос. Дети» шоуының кезеңдері, Жасминаның сұхбаттары және қызының жетістігіне қуаныштарын білдірген ата-аналарының пікірлері қамтылған.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ата-аналарға ерекше алғыс білдірді. Жасминаның әкесі – Ауған соғысының ардагері, анасы – кәсіби музыкант.– Кез келген байқау – ата-аналар үшін үлкен сынақ. Жасминаның батылдығы мен патриоттық сезімі – талай қиындықты еңсеріп, жігерін сақтай білген әкесінің мінезінің көрінісі. Ал вокалдық шеберлігі – анасының еңбегі. Оның кәсіби білімі мен қолдауы бұл жетістікке жетуде шешуші рөл атқарды, – деп атап өтті қорғаныс министрі.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов сондай-ақ Жасминаның жетістігі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының барлық тәрбиеленушілері үшін шабыт беретін үлгі болғанын айтты.– Жасмина сияқты дарынды, еңбекқор балалардың өсіп келе жатқаны – еліміздің жарқын болашағының айғағы. Шығармашылық жолың жаңа шыңдарға жетелеп, талантыңның барлық қырын ашуға мүмкіндігің болсын, – деп тіледі министр.Жас дарынның жетістігін мойындау белгісі ретінде Дәурен Қосанов Жасмина Тузеловаға алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Өз кезегінде «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушісі аңызға айналған «Әлия» әнін орындап, жиналғандарды ерекше толқытты.Салтанатқа қатысқан Жасминаның ата-аналары Мұратбек және Гүлзия Өтеевтер де сөз сөйлеп, қызына көрсетілген назар мен қолдау үшін қорғаныс министріне ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1122713?lang=kk
Алматыда АИТВ инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды 10.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі Бірлескен бағдарламасы (UNAIDS) агенттігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында 2030+ кезеңіне арналған АИТВ инфекциясына қарсы іс-қимылдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық көзқарасты» атты презентацияға қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ-ға уақтылы ден қою шараларын, заманауи алдын алу бағдарламаларын енгізуді, сондай-ақ халықаралық ғылыми қауымдастықпен әріптестікте сапалы медициналық-әлеуметтік көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның халық денсаулығын қорғауға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қауіпсіз, инклюзивті және орнықты болашақ құру жөніндегі ұстанымын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1122743?lang=kk
Көпбалалы аналарға “Күміс алқа” наградасы табысталды. 10.12.2025
Басқұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Жангелдин көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыстады.Награда табыстау рәсімі барысында А. Жангелдин аналарды шын жүректен құттықтап, олардың елдің демографиялық дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін, отбасылық құндылықтарды нығайту мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі аналар рөлінің маңыздылығын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1122685?lang=kk
«Заң мен тәртіп» атты дөңгелек үстел. 10.12.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында кітапханашы мен клуб меңгерушінің ұйымдастыруымен 5 желтоқсан күні Абай атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары мен Самар АПБҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты О.К. Токушевпен кездесу барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1122649?lang=kk
Алдын ала салықтық тексеру актілерін табыс ету және қарсылықтарды қараудың жаңартылған ережелері бекітілді 10.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Салық кодексіннң 169-бабы 2-тармағына сәйкес жаңа бұйрық әзірледі. Құжат Салық кодексінің нормаларын іске асыруға бағытталған және салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды. Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және салықтық тексеру рәсімдерін бизнес үшін ашық әрі ыңғайлы етеді. Салықтық тексерудің алдын ала актін табыс ету шарттары, жазбаша қарсылықтарды беру және оларды қарау тәртібі айқындалды. Салықтық тексерулер бойынша негізгі өзгерістер:Салық және бюджетке немесе әлеуметтік қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, сондай-ақ шығындарды азайтуға әкелетін барлық тексерулер бойынша алдын ала акт табыс етілетін болады. Бұрын алдын ала акт 20 000 АЕК-тен жоғары есептелген кезде ғана табыс етілді.Салық төлеушінің қарсылықтарын тексеруді Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қай құрылымдық бөлімшесі – департамент немесе мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізгеніне қарамастан Департаментер қарайды. Бұл шағымдарды қарау сапасын бақылау мен тәсілдің біркелкілігін арттырады.Салық кодексі 144-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын және инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасқан салық төлеушілердің қарсылықтарын Мемлекеттік кірістер комитет қарайды.Алдын ала акт табыс ету үшін «кемінде 5 жұмыс күні ішінде» белгіленген мерзімі жойылды. Табыс ету мерзімін енді мемлекеттік кірістер органы тексеру ұзақтығының шектеулеріне негізделе отырып белгілейді. Естеріңізге сала кетейік, Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін тексеру ұзақтығы күнтізбелік 180 күннен аспауы керек.Жазбаша қарсылықтар жеке немесе электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл процесті жылдамдатады және оны ыңғайлы етеді.Салық төлеуші қарсылығы болмаса, алдын ала акт нәтижелерімен жазбаша келісімін де ұсына алады. Өзгерістердің түпкі мақсаты – аудит процедурасын түсінікті, икемді ету және мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогқа бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1122650?lang=kk