Әлем
Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының экология министрі Ерлан Нысанбаевтың Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өз жұмысын келесі аптадан бастайтын Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясының жұмысына екі елдің қатысуы мәселелерін талқылады.«Біз жастарды экологиялық жобаларға тарту мәселелеріне маңызды мән береміз және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.Осыған байланысты, СОР-29 алаңында «Жастар климаттық өзгерістер жөніндегі іс-қимылдардың басында» сайд-ивентін және эко-лагерьді өткізуге қолдау білдіргім келеді», - деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр өзбек тарапының өкілдерін ағымдағы жылғы 18 қарашада Баку қаласындағы Қазақстан павильонында өтетін экологиялық бастамалардағы жастардың рөліне арналған алты тақырыптық іс-шараға қатысуға шақырды.«Біздің ынтымақтастығымыз және сіздің қолдауыңыз барлық мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін», - деп қосты ол.Сонымен қатар, СОР-29 алаңында «Тұрақты даму мәдениетін ілгерілету және балалар мен жастарды 2024-2030 жылдарға арналған климаттық күн тәртібіне тарту жөніндегі халықаралық стратегияға» қол қойылады деп күтілуде.Іс-шара соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878419
«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ 16.11.2024
Қазақта «Жақсы сөз – жан азығы» дейтін салмақты ұғым бар екені ақиқат. Ата-бабадан келе жатқан дәстүр сабақтастығына адал халқымыздың дүниетанымында аталы сөздің төресі – баталы сөз деп те айтылады. Хәкім Абайдан қалған өсиетте «Істің нәтижесі оның қалай аяқталғанынан емес, қалай басталғанынан білінеді» деген тағлымды толғам мәңгілік мұра-мирасымыз боп қалған.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғасырлар бойы жинақталған мәдениетіміз бен құндылықтарымызды дәріптеу, тұрғындардың отансүйгіштік санасын қалыптастыру мақсатында ұлттық дәстүрден қол үзбеген өлке ретінде Түркістан облысы партияластарымыздың арасында «Баталы елге бақ қонар» эстафетасын өткізіп, аудан қалаларда «Батагөй қария» байқауларының өтуіне ұйытқы болды.Ресми деректерге сәйкес, қазыналы жұрт болып айқындалған Түркістан облысында бүгінгі таңда 200 мыңға жуық адам – аға буын өкілдері санатына жатады екен. Өңіріміз бойынша 60-тан астам қарияның өмірлік белесі – жүзге жеткен және одан асып, ақылшы даналарымызға айналған. Алдыңғы буын аға ұрпақтың ізімен келе жатқан жаңа толқын жастардың үлесі облыс бойынша 650 мың адамнан асады. Өсудің, өркендеудің маңызды көрсеткіші болған осы деректерден-ақ, ежелгі Түркістан топырағы әрі көне, әрі жас, көпті көрген шежірелі, көпті берер тағлым мекені боп қала беретіні айқын.Партияның өңірлік филиалының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан төріндегі Конгресс холл кешеніне облысымыздың әр қиырынан жүзінен мейірімі, жүрегінен әділдігі төгіліп тұрған қазына кеуде қариялар жиналды. Өңіріміздің 17 аудан, қаласынан келген ел ағалары ордалы ой айтып, ұтқыр байлам жасай білуімен «Батагөй қария» байқауының аймақтық деңгейдегі сайыстарының жеңімпаздары сапында түйгені мол, танымы терең қариялар екенін көрсетті.Тәрбиенің тұнық бастауындай болған дала өркениетінің алтын бесік мекені Түркістанда өткен «Батагөй қария» байқауының шешуші, облыстық деңгейдегі ақтық кезеңінің ашылуында сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтіп жатқанын айта отырып, бата беру дәстүрі құндылығы мен киесі қатар жүретін қасиетті ұғым екенін білдірді. «Партияның бастамасымен қолға алынған тағлымды бастама өміршең болуы қажет, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деген сенімдемін. Бата бұл ақ тілек, боямасы жоқ ақ ниет. Бата халқымызды имандылыққа ұйыстырады, ауызбіршілікке шақырады, бірлікке бастап, ынтымаққа жетелейді, жақсылыққа жігерлендіреді. Жақсы сөздің тылсым күші қуатты болады. Қуатымыз сарқылмасын!», - деп ақ тілегін жеткізді Жеңісбек Мәуленқұлов ағамыз.Аға ұрпақтың тәжірибесі, өмірлік жолы – кейінгі буынға үлгі-өнеге екенін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев мәлімдеді. Еңбегі елеулі, елге сыйлы, ерен ойлы, парасат-пайымы биік, данагөй қазыналарымызды ортақ ырысымызды арттырған ел ағалары деп бағалады. «Сіздерді партиямыздың «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» жобалары аясындағы «Батагөй қария» облыстық байқауында көргеніме қуаныштымын. Қасиетті өңірімізде ата салтын ардақ тұтқан, айтар сөзін салмақтай білетін, жастарға ағалық етер өнегесі бар, аузы дуалы қарияларымыз көп деп білемін. Түлкібас ауданынан бастауын алып, кейіннен облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілген «Батагөй қария» байқауы осыған куә, байқауда айтылған көптеген ақ баталы тілектер оған дәлел деп нық сеніммен айта аламын», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.Байқау шарты бойынша оған қатысушылар екі кезеңдік тапсырмаларды орындап шықты. Оның біріншісініде қариялар «Ел бірлігі – Аманаттың мұраты» тақырыбы аясында елдің береке-бірлігін арттыру, ынтымақ-татулыққа шақыру бағытындағы ақ тілектерін білдірсе, екінші кезеңде ел ағалары еркін тақырыпта тәлім-тәрбиелік мәні бар баталар топтамасының тиегін ағытты.Байқаудың қазылар алқасына Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жетекшілік етті. Айта кету керек, бата сайысқа қатысқандардың ішінде Жетісай ауданынан 94 жасқа келген Қалмұрат Құлханов байқаудың ең көнекөз қариясы деп танылды. Іс-шара қатысушылары мен көрмендеріне халық әндерінен, Шәмші Қалдаяқовтың жыр мұраларынан концерттік бағдарлама да ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен Түлкібас ауданынан келген Жарылқап Бекжанов ағамыз І-орын алса, Созақ ауданынан келген қария Өтепбай Имашов ІІ-орын иегері деп танылды. ІІІ-орынға Сауран ауданының ардагері Өтеген Ашенов ақсақал лайықты деп танылды. Ал, жетісайлық 94 жастағы қария Қалмұрат Құлханов пен сарыағаштық ақсақал Есенәлі Аманбаев арнайы жүлдені иемденді. Барлық жүлдегерлерге қазақ дәстүрімен иығына шапан жабылды, естелік кәдесыйлықтармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.Текті тәрбиенің өзегі болған бата дәстүрі түркілердің төрі болған Түркістанда осылайша жаңғырды. Бір ауыз сөзімен дүйім жұртты өзіне қаратқан, сөзін тыңдатып, орнықты ойын орнатқан абыздардың мәңгілік дамыл тапқан мекені, алдағы уақытта да елдің береке-бірлігіне үздіксіз қызмет ете береді деген сенімдеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878403
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Жетісу облысының «Қазсушар» филиалы пайдалану жолдары мен гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді 16.11.2024
жұмыстарын жүргізедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/878401
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 16.11.2024
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен француздың Inrap Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты арасында археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл институт (https://www.inrap.fr/) Францияда және оның шетелдік аумақтарындағы құрылыс алаңдарында археологиялық ескерткіштерді анықтауды және зерттеуді қамтамасыз етеді. Қазақстанда құрылыс жұмыстары мен жер қойнауын игеру бағытында тұрақты түрде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Еліміздің заңнамасында игерілетін аумақтарда тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар көзделген. ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ғылыми-әдістемелік аппаратты жетілдіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде, нормативті-құқықтық базаны жаңартуға атсалысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында шетелдік тәжірибені негізге алған жөн. Францияның превентивті археология моделі археологиялық мұраны сақтау ісінде мемлекет, бизнес және қоғамның өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісінің көрсеткіші болып саналады. Екі елдің археологтары археологиялық жұмыстарды реттеу, ескерткіштердің электрондық дерекқорын қалыптастыру, жаппай археологиялық материалдарды сақтауды ұйымдастыру секілді өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда. Келісім аясында игеріліп жатқан аумақтардағы археологиялық ескерткіштерді сақтау бойынша әдістемелік кеңестер беру, технологиялармен алмасу және екі институт мамандарының бірлесіп, ғылыми жобаларды жүзеге асыруы көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878380
Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды 16.11.2024
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар қатысты.Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді.Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер көзі тірісінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде танылды. Балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысына айналған оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде әлі күнге өзектілігін жоймай келеді.Қазақстан тарапы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878394
Энергетика министрі Қазақстанда термоядролық синтездің халықаралық зертханасын құруды ұсынды 16.11.2024
Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Римде АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) аясында өткен термоядролық энергетика бойынша дүниежүзілік топтың бірінші министрлер кеңесіне қатысты.Кеңеске қатысушылар қаржыландыру, технологиялар, кадрлық әлеует және құқықтық реттеу мәселелерін қоса алғанда, термоядролық энергетиканы дамытуда әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған негізгі міндеттер мен сын-тегеуріндерді талқылады.Жиында ҚР Энергетика министрі баяндама жасап, болашақта климаттың өзгеруі, дәстүрлі ресурстардың сарқылуы және болашақ ұрпақ үшін экологиялық таза энергияны қамтамасыз ету сияқты жаһандық энергетикалық сын-қатерлердің шешімдерінің бірі бола алатын термоядролық энергетиканың маңыздылығын атап өтті.Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін термоядролық энергетика қауіпсіз және тұрақты болашақты құрудың бірегей мүмкіндігі болып табылады."Біз термоядролық энергетика ұжымдық күш-жігер мен халықаралық аренада өзара қолдауды қажет ететініне терең сенімдіміз. Термоядролық технологиялар ғылыми және технологиялық білімді, ресурстарды және саяси ерік - жігерді шоғырландыруды талап ететін бірегей міндеттер тудырады", - деп атап өтті А.Сәтқалиев.Министр кеңеске қатысушыларды Қазақстан термоядролық синтез саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді белсенді қолдайтынын және халықаралық ғылыми инфрақұрылымның дамуына елеулі үлес қосқанын хабардар етті. Атап айтқанда, бұл бағыттағы маңызды жетістік Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта орналасқан Қазақстандық материалтану токамагын (КТМ) бірегей зерттеу кешенін құру болды.КТМ болашақ термоядролық энергетиканың берік технологиялық базасын қалыптастыру үшін негіз болады."Бірлесіп жұмыс істеу ғылыми зерттеулерді жеделдетуге, оның сапасын арттыруға және инновациялық ғылыми жаңалықтарға жағдай жасауға көмектесетінін көріп отырмыз. Біз осында жиналғандардың барлығын Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, ITER сияқты ғылыми-зерттеу ұйымдарымен өзара іс - қимылды жалғастыруға және кеңейтуге және осы процеске мүмкіндігінше көп елдер мен серіктестерді тартуға шақырамыз", - деді ол.Энергетика министрі Қазақстанның халықаралық ынтымақтастыққа әрқашан ашық екенін және біздің тәжірибелік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті."Біз КТМ токамак базасында халықаралық термоядролық синтез зертханасын құруға дайынбыз", - деді министр.Анықтама: Курчатов қаласында "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" РМК базасында қазақстандық ТОКАМАК (магниттік катушкалары бар тороидальды камера) материалтану (КТМ) термоядролық синтез технологияларын әзірлеу үшін бірегей зерттеу қондырғысы жұмыс істейді.КТМ-болашақ термоядролық реакторлардың материалдары мен конструкцияларын зерттеуге арналған әлемдегі алғашқы мамандандырылған ТОКАМАК.KTM жоғары температура, плазма тығыздығы және радиация сияқты термоядролық реакторлардың экстремалды жұмыс жағдайларына төтеп бере алатын материалдарды сынауға арналған.Фото: АЭХААқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/878332
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы: Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 мектептің салтанатты ашылуына қатысты. Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа мектеп 1200 орынға шақталған.Бұл Жамбыл облысында ашылған екінші жайлы мектеп.Салтанатты шарада Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, өңірде 12 жайлы мектептің құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында білім ордасы есігін айқара ашып отыр. Жаңа оқу жылында дәл осындай білім беру нысаны Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында пайдалануға берілді.Ұлттық жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған. Біздің мақсат — балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін заманауи, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыру, — деді облыс әкімі.Жаңа білім ошағы Бәйтерек (13) шағынауданында орналасқан. Мектепте жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, асхана, 2 спорт зал, 2 компьютер, 3 зертханалық кабинет, жайлы кітапханалар, шеберханалар мен коворкинг-орталық қарастырылған.Бұдан бөлек, қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер бар.Жайлы мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да толықтай бейімделген.– Бүгін Бәйтерек шағынауданының тұрғындары үшін мерейлі күн. Балаларымыздың бағына орай үйіміздің маңынан жайлы мектеп ашылып отыр. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Заманауи білім ұясын салуға ықпал еткен Президентімізге зор алғысымызды білдіреміз, — дейді көпбалалы ана Ғалия Құланбаева.Айта кетейік, биыл өңірде 41 білім беру нысанын салуға қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін 15 нысан балалардың игілігіне тапсырылады. 2025 жылы 26 білім ошағының құрылысы қарқын алады деп күтілуде.Сонымен бірге 171 жаңа модификация кабинетін, 3 STEM- зертханасы және 3 робототехника кабинетін алу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/878274
Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Мағжан Табылдин 1990 жылы туған. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған. Әр түрлі жылдары аталған аудандағы Мәдениет үйінде әдіскер, Жастар орталығының директоры, Баскөл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 2019-2023 жылдар аралығында Курчатов қаласы әкімінің аппарат басшысы болған. Ұлытау облысына тағайындалмас бұрын Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/878259
Ұлытау облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Дастан Есенбеков 1986 жылы туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, Қарағанды облысы Мемлекеттік активтер және сатып алулар департаменті заң бөлімінің басшысы болған. 2018-2022 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. Ұлытау облысы құрылған алғашқы кезден бастап, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/878265
Астанада желдің ұйтқуы күшейеді: ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды 16.11.2024
Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878300
BUKETOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ТУРИЗМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА 16.11.2024
BUKETOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ТУРИЗМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Цифрлық экономиканы зерттеу институтының ғалымдары түрлі бағыттар бойынша бірқатар жоба іске асырды. Солардың бірі – кешенді интеграцияланған өнеркәсіптік құрылымдардың, атап айтқанда, бірыңғай цифрлық платформаларда жұмыс істейтін жүйе құраушы, инновациялық-белсенді өнеркәсіптік кластерлердің цифрлық әлеуетін бағалау әдістемесі, сондай-ақ кәсіпорынның цифрлық экожүйелерді енгізуге цифрлық әзірлігінің деңгейін бағалау құралдар жинағы әзірленді. Жинақ 9 негізгі блокты қамтиды: тұрақты даму стратегиясы, материалдық-техникалық жарақтандыру, ұйымдық құрылым, өндіріс, персонал, жеткізу тізбегін басқару, клиенттермен жұмыс, мониторинг және киберқауіпсіздік. Бағалау цифрландырудың барлық аспектілерін, соның ішінде өндірісті теңшеу мен киберқауіпсіздікті қамтитын 115 параметр бойынша жүргізіледі. Бұл кәсіпорынның ағымдағы цифрлық әлеуеті мен цифрлық экожүйелерді енгізу дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Барлық көрсеткіштер стандартталған, бұл нәтижелерді талдау мен түсіндіруді жеңілдетеді. «Қолданылатын тәсіл әмбебап және бейімделгіш болғандықтан бұл әдістемені басқа кәсіпорындарда да ауқымды түрде қолдануға болады. Алынған деректер цифрлық трансформацияның басым бағыттарын анықтап, экожүйелік өнімдерді енгізу стратегиясын жасауға көмектеседі. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістік процестерді жақсартып, цифрлық жетілуді арттыруға кепілдік береді», - дейді Бөкетов университетінің Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры Л.Ташенова. Сонымен қатар ғалымдар Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан жағдайында сәтті бейімделген аймақтың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалаудың бірегей әдістемесін әзірледі; оны жекелеген облыстардың және туристік бағыттардың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау кезінде де жүзеге асыруға болады. Мәселен, «Туризмді цифрландыруға арналған smart-технологияларды қолдану арқылы Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» гранттық жобасы шеңберінде зерттеу ұжымы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қалалық туристік маршруттарды әзірледі. Маршруттар әлемдегі ең танымал платформалардың бірі – izi.Travel-ге жүктелген, осылайша облыс және еліміздің тұрғындары болашақта оларды кеңінен пайдалана алады. Оларды жұмыс үстелінің нұсқасында да, AppStore мен PlayMarket-тен izi.Travel қосымшасын жүктеу арқылы да тыңдап, сақтап алуға болады. Соңғы 5 жылда Цифрлық экономиканы зерттеу институтының базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Проблемаларды анықтау және инновациялық процесті тиімді басқару тетігін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы инновацияларды коммерцияландыру процесін зерттеу»; «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін интегралды көп факторлы бағалау және бәсекеге қабілетті өңірлік туристік өнімдерді дамыту стратегиясын әзірлеу»; «Туризмді цифрландыру жағдайында smart-технологияларды қолдану негізінде Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» сияқты ғылыми гранттық жобалар жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878267
Астанада мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп бойынша көрмелер басталды 16.11.2024
Қазақстандық мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп өндіру саласындағы мамандар Астанада Агробизнес пен өндірісті жүргізу үшін бүгінгі таңда ең үздік тауарлар мен қызметтерді таныстыру, сондай-ақ ұзаққа созылған проблемаларды талқылау және оларды шешу жолдарын табу үшін жиналды.«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жем-шөп және ветеринария жөніндег іхалықаралық көрмеде, «Jańa Dala / FarmAstana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы барынша мүдделі аудиторияға бағдарланған жабдықтар, жем-шөп, ветеринариялық өнімдер, технологиялар ұсынылды.Көрмелердің мақсаты-қазақстандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу.Алайда, көрмелерге қатысушылардың айтуынша, бүгінде бұл іс-шаралар тек қана демонстрациялық форматтан өтіп, еліміздің АӨК-дегі өзекті міндеттерді талқылау және шешу үшін пәрменді алаңға айналды.Көрмелердің ғылыми-пікірталас компоненті 50 – ге жуық түрлі іс-шаралармен тақырыптарды қамтиды-сүт шаруашылығы мен мал генетикасындағы инновациялық шешімдерден бастап, препараттар мен мал басын электрондық есепке алу жүйелерін практикалық қолдануға дейін.Көрмелер аясында өтетін конференцияларға, семинарларға ҚР АШМ өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік ұйымдардың сарапшылары, отандық даму институттары қатысады.Осылайша, бірінші күні қатысушылар сүт-тауар фермаларының мысалында жануарлардың денсаулығы мәселелерін шешу тәжірибесін, сүт шаруашылығындағы инновациялық шешімдерді қарастырды.Ветеринария ғылымдарының PhD докторы, Zendal компаниялар тобының Ветеринария бойынша техникалық кеңесшісі Карлос Чипани Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы айтты.Сондай-ақ, «ет жобасы: қайта жүктеу», «ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы ағымдағы кедергілер» және т. б. сессиялар өтті.7 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен ветеринария саласына қатысты мәселелер талқыланып, үздік бұқа ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады».Азық-түлік және ветеринариялық препараттар индустриясы қазақстандық өкілдерінің өтініші бойынша алғаш ретосы күндері «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен қызметтердің халықаралық көрмесі өткізіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878261
Шымкентте IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр 16.11.2024
Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайту шеңберіндегі IX Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған фестивальді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауын оқып берді.«Сіздерді театрдың 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің есімін иеленген өнер ордасының ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Ғасырға жуық тарихы бар театр әр жылдары талай сахна саңлағының бағын ашты, бағытын айқындады. Бұл өнер қара шаңырағында халқымыздың біртуар таланттары Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова еңбек еткен. Қазақ драма театры бүгінгі таңда көрерменін сапалы қойылымдармен қуантып, тағылымы мол, талғамы биік туындылар сахналауда», – делінген құттықтау хатта.Алты күн бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрларының үздік спектакльдері көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасында спектакльдерді талқылау үшін жетекші театр сыншылары қатысатын дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, шетел педагогтары өткізетін театр режиссерлері, актерлері мен менеджерлеріне арналған шеберлік сағаттары жоспарланған.Іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878309
Нұрдәулет Қилыбай Тұщыбек ауылындағы туберкулезге қарсы шипажайдың жұмысын жандандыруды тапсырды 16.11.2024
5 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек және Шайыр ауылдарына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігімен танысты.Өңір басшысы Тұщыбек ауылында орналасқан Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы шипажайдың жағдайымен танысты. 1963 жылы құрылған бұл шипажай 30 орынға арналған. Мекемеде 42 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 3 дәрігер мен 8 мейірбике бар. Мұнда емделушілерге шұбат ұсынылып, дәстүрлі емдеу шаралары қолданылады.Облыс әкімі жауапты азаматтарға ескірген ғимараттыкүрделі жөндеуден өткізіп, көп жылдан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан шипажайдың жаңа тынысын ашуды тапсырды.- Бұл шипажайдың жұмысы тоқтамауы тиіс. Тұщыбектегі шипажай өңірдің игілігіне қызмет етіп, адамдардың денсаулығын нығайтуға үлес қосуы керек. Біз оны жандандыруға күш саламыз. Бұл мекеме халыққа қызмет ететін беделді орынға айналуы керек , - деді Нұрдәулет Қилыбай.Сапар барысында облыс басшысы Тұщыбек ауылдық мектебінің қосымша құрылысын да қарады. 2005 жылы пайдалануға берілген, 50 орындық мектеп-бөбекжайға қазіргі уақытта жапсарлас жаңа 3 қабатты мектептің құрылысы жүргізілуде. Онда спорт залы, акт залы, асхана, кітапхана және қосымша 8 кабинет қарастырылған. Жаңа ғимарат 160 оқушыға лайықталып салынып жатыр, құрылыс аяқталғаннан кейін 9 жылдық мектеп 11 жылдық оқу орнына айналады.Облыс әкімі Шайыр ауылдық округінде бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жағдайын да тексерді. 11 шақырымдық «Шайыр-Жыңғылды» тау жолының 8 шақырымы аяқталған. Қазіргі уақытта жол салуға кедергі келтіріп тұрған таудың 16 метрінің 1,5 метрі ғана қазылған. Өңір басшысы жолды салуға мүмкіндік тудыру үшін таудың қалған бөлігін қазуды тездетуді тапсырды.Әкім сондай-ақ Шайыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен спорт кешенінің жағдайымен танысты. 2013 жылы салынған, 25 адам қабылдай алатын амбулатория күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал спорт кешені бойынша, нысанды Маңғыстау облыстық спорт басқармасының балансына беру, сондай-ақ, жастардың сұранысына сәйкес ауылда заманауи талаптарға сай спорт кешенін салу мәселесі де көтерілді.Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандарды жақсарту мен ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау бағытында нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/878212
Маңғыстау облысының әкімі Жыңғылды ауылының өзекті мәселелерімен танысты 16.11.2024
5 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, кезек күттірмейтін мәселелермен танысты.Жыңғылды ауылдық дәрігерлік амбулаториясына барған аймақ басшысына мамандар дәрігер тапшылығы және ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін баяндады. 2016 жылы ашылған амбулаторияда бүгінде 8 мейірбике және 4 кіші қызметкер жұмыс істейді.Облыс әкімі іргетасы 1956 жылы қаланған мәдениет ошағының қызметімен де танысты. 120 орынға арналған мәдениет үйінде бүгінде 200-ге жуық бала түрлі үйірмеге қатысуда. Мәдениет үйінің қызметкерлері ғимараттың ескіргендігін айтып, ғимаратты кеңейтуді сұрады.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалына ат басын бұрды. Спорт мектебі биыл қолданысқа берілген, алайда ауыл белсенділері кешеннің стандартқа сай келмейтінін айтып, қосымша зал және жаттықтырушылар керектігін алға тартты.Облыс әкімі барған Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектепке де жөндеу, кеңейту жұмыстары қажет. 1978 жылы құрылған мектепте 711 оқушы білім алуда. Осынша балаға оқу кабинеттері жетіспейді, мектептің акт залы да тарлық етуде.Аймақ басшысы аудан және ауыл әкімдеріне Жыңғылды ауылының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін қордаланған мәселелерді рет-ретімен шешуді тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/878225
Облыста табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде 16.11.2024
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заң бұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды.Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножелілер және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 бірлік моножелісі табылып, өртеу жолымен жойылды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңге болған.Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878244
Абай облысының делегациясы Қазан қаласына түрлі салаларда тәжірибе алмасуға барды 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Kazakh Invest» компаниясының өңірдегі директоры Қайрат Асаинов, Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов, «Abai IT-Valley» жобасының амбассадоры Асхат Бейсембаев, «Автотранслайн ВК» ЖШС бас директоры Рамиль Нығматулин, сондай-ақ бизнес және мәдениет өкілдері бар.️Сапардың мақсаты – өңіраралық байланысты нығайту, технология, кәсіпкерлік, мәдениет саласында тәжірибе алмасу.Қазан — Ресейдің ірі көлік және өнеркәсіп орталығы, темір жол, авто және әуе жолдарының маңызды торабы. Сондай-ақ Еділ өзенінің негізгі порттарының бірі ретінде танымал. Қала машина құрастыруда, металл өңдеуде, ұшақ жасауда, химия, мұнай-химия, сондай-ақ жеңіл, тамақ өнеркәсібінде жетекші орын алады.Қазан — Ресейдегі ең ірі ғылыми-техникалық орталықтардың бірі. Қалада жоғары технологиялар саласындағы жетекші ресейлік технопарк IT-паркі, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі технопарктердің бірі «Идея» орналасқан. Шаһарда 136 ғибадат орны, оның ішінде 70 мешіт, 45 православие шіркеуі және басқа да діни ғимараттар бар.Бұл сапар Абай облысы мен Татарстан арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін іскерлік байланыстарды орнатуға, перспективалы идеялармен алмасуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878252
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты 16.11.2024
➤ Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.➤ Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/878224
Қазақстан ИКАО-мен қоғамдастық шеңберінде жасыл авиаотын өндіретін болады 16.11.2024
Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE "Green Airports" компаниясымен бірлесіп ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтуде.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің (ACI Europe) Бас директоры Оливье Янковец, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысуда.ICAO «Green Airports» аймақтық семинары тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы аз әуежайларды дамытуға қатысты маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өз сөзінде: «Қазақстан авиацияның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған «Green Airports» ACI бастамасын белсенді қолдайды. Біздің еліміз БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын, Киото хаттамасын және Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 16-қосымшаны қоса алғанда, бірқатар халықаралық міндеттемелерді орындайды. Біз сондай-ақ ИКАО-ның 2050 жылға қарай халықаралық ұшулардан таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу мақсатына деген міндеттемесіміз туралы айтамыз және осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп айтты.ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтық бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло өз сөзінде: «Тұрақты даму мақсаттарының бірі – 2060 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын нөлге дейін азайту. Бұл өте өршіл мақсат, сондықтан барлық қатысушы тараптардың уақтылы әрекеттері маңызды. Климаттың өзгеруі – өте маңызды мәселе. Бұл экология тұрғысынан жұмыс істеудің маңызды қадамдары ғана емес, мұның бәрі тұрақты даму мақсаттарына бағытталған. Бұл әсіресе теңізге шыға алмайтын елдер үшін өте маңызды. Осы мәселені шешуде барлық елдер бірігуі керек. Осы ретте авиация бәрінен озық болып, жұмыс істейтін драйвер болып табылады».Еуропа Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI Europe) бас директоры Оливье Янковец: «Авиация климаттың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Әлемнің әуежайлары шығарындыларын азайту бағдарламасын қолдайды және біз әртүрлі шараларды қолдану арқылы көміртегі ізін азайтуға тырысамыз. Осыған байланысты көптеген қиындықтар бар. Таза энергияға және қауіпсіз отынды пайдалануға көбірек қол жеткізген сәттен бастап, жасыл авиациялық отын жетекші орынға ие болады. Біз кейбір елдердің осы тұрғыда көшбасшы екенін көріп отырмыз, бірақ мен Орталық Азияның барлық елдерін SAF саясатына сәйкес қосылып, жұмыс жасағанға шақырамын».Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева: «Green Airports» бастамасы авиация саласының тұрақты дамуы үшін маңызды. Ол әуежайлардың экологиялық әсерін азайтуға бағытталған, бұл әсіресе климаттың өзгеруі жағдайында маңызды. Таза технологияға көшу, ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін енгізу көміртегі ізін айтарлықтай төмендетуі мүмкін".Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду: «Қазақстанның авиациялық билігі әлемдік авиация саласының алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша жаһандық қоғамдастықтың бірыңғай мақсатына адалдығын атап көрсетеді. «Жасыл» әуежайлар, экологиялық таза авиациялық отынды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану біздің тұрақты даму бағытымызды анықтайды».«Green Airports» семинары авиация саласының таза энергия көздеріне көшуіне, тұрақты инфрақұрылым құруға және энергия тұтынуды азайту үшін әуежайлардың операциялық қызметін оңтайландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылады. Әуежайлардың өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделуіне ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878256
Жыл соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады. Кәсіпорындар тежегіш төсемдерін (Астана ) және темір жол құрамдары үшін серіппелерді (Қостанай) шығаратын болады. Жобалардың жалпы құны - 2,9 млрд теңгені құрайды. Оларды іске қосу 96 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.Жаңа кәсіпорындар өнімінің шамамен 80 % - ы экспортқа бағытталып, қалған бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жоспарланған екі жобаның толық қуаттылығына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 4,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда.«Жалпы теміржол машина жасау саласындағы инвестициялық портфель құны 218 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді», - делінген дирекция хабарламасында.Сонымен қатар, жүзеге асыру кезеңінде құны шамамен 129 млрд теңге болатын және мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 6 жоба бар. Олардың ішінде, жолаушылар вагондарын, жартылай вагондарды, доңғалақты бандаж өнімдерін, тісті доңғалақтар мен цистерналар өндірісі бар. Өнімдердің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады. Жобалардың басым көпшілігі Павлодар облысы мен Астана қаласында орналасқан.Дирекцияның хабарлауынша, алдағы уақытта салада құны 85,7 млрд теңге болатын және 1,7 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен тағы 9 жоба пысықталуда. Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, құйылған үдеткіш арқалықтар, бүйірлік рамалар, теміржол доңғалақ жұптары, вагондарға арналған қосалқы бөлшектер, термос вагондары және басқа да өнімдер өндірісін іске қосу жоспарлануда.Салаға инвестиция тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейлерде арнайы-экономикалық аймақтар шеңберінде инвестициялық преференциялар, несиелеудің жеңілдікті шарттары, салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/878250