Әлем
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларының қорытындысы бойынша жаңа егістіктің экспорты 48% -ға өсті 16.11.2024
Бүгінгі күні дәнді дақылдардың жалпы жинауы 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдарын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 56% -ға жоғары. Орташа өнімділік 16 ц/га.Жаңа егістіктің астығы экспортқа сатыла бастады: осы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректері бойынша 1,8 млн тонна экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48% -ға көп (1,2 млн тонна).Мысалы, Өзбекстанға экспорт 738 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49% -ға көп; Тәжікстанға 298 мың тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 48% -ға көп жөнелтілді. Қытай, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан және басқа бағыттарды қоса алғанда, басқа бағыттар бойынша да оң динамика байқалады.Импортшы елдер қазіргі уақытта өздерінің астық қорларына ие екенін ескере отырып, астық экспортының көлемінің елеулі өсуі 2025 жылдың бірінші жартысында болжануда. Экспорттық бағыттарды әртараптандыру және өткізу нарықтарын кеңейту жұмысы жалғасуда.Әлеуметтік желілерде дәнді дақылдардың экспорттық жеткізілімдерінің азайғаны туралы бұрмаланған ақпарат таратылып жатқанына назар аударамыз, бұл нарықта дүрбелең туғызып, бағалардың демпингіне әкеледі.2024 жылғы егін жинау көлемі бойынша да, сапасы бойынша да 45% -ға жоғары екенін және бұл экспортқа шығару үшін жағдай жасайтынын хабарлаймыз.ҚР АШМ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық келісімшарттар мен тауарлық несиелермен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетеді. Мысалы, ағымдағы жылы 594 мың тонна дәнді сатып алу үшін 40 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасалды.Сонымен қатар, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің дәнін тікелей сатып алу мәселесін қарастырып, ұсақ шаруашылықтардан сатып алуды жүзеге асыру мәселесін пысықтауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878234
Атырау облысының белсенді жастары Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты 16.11.2024
Атырау облысындағы «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебінің резиденттері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты. Олар елордаға сапар барысында мемлекеттік аппараттың негізгі нысандарына барды.Атыраулық жастар Мәдениет және ақпарат министрлігінде Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжановпен кездесу өткізді. Онда жастар саясатының негізгі аспектілері сөз болды. Қонақтарға қысқаша экскурсия да ұйымдастырылды.Айта кетейік, Атырау облысында 2024 жылдың маусым айынан бері «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жұмыс істейді. Іріктеу барысында әр саладан 30 адам таңдалды. Жобаның мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді жастарды тарту. Мектеп қатысушылары мемлекет және қоғам, азаматтық құқық, бюджет, әлеуметтану және азаматтық технологияларды пайдалану секілді бес бағыт бойынша оқудан өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878227
Инклюзивті креативті индустрия: Қазақстанда алғашқы келісімге қол қойылды 16.11.2024
Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты.Серіктестер мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында креативті индустрияны дамыту әдістемесін жетілдіруге ниетті. Қазақстанда бұл инклюзивті креативті индустрия саласындағы алғашқы келісім.Qyzyljar creative Center хабының базасында халықаралық деңгейдегі фестиваль, семинарлар, шеберлік сыныптары мен конкурстар өткізу жоспарда бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878246
7 қарашада онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді 16.11.2024
2024 жылғы 7 қарашада сағат 16:00 онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді.Отырыста Көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа қол жеткізуі (сөйлеу синтезі, экрандық диктор), сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын болады.Комиссия отырысының трансляциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook-нің ресми парақшасында өтеді https://www.facebook.com/madenietaqparat?mibextid=LQQJ4d. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878251
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ МҮГЕДЕКТІГІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ 16.11.2024
Қазақстанда балалар мен ересектердің мүгедектігін төмендету мақсатында халықтың нысаналы топтарында ауруларды диагностикалау спектрі кеңеюде, жүкті әйелдерде генетикалық аурулар мен ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтаудың қолжетімділігі артып келеді, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.«Қазақстандағы балалар мүгедектігінің құрылымы диагностиканың жаңа әдістерін жетілдіруге және енгізуге байланысты өзгерістерге ұшырады. Соңғы 7 жылдың ішінде ҚР-да туа біткен кемістіктер, деформациялар және хромосомалық ауытқулардың санаттары бойынша мүгедектік 5,2%-ға, нерв жүйесінің аурулары 1,7%-ға төмендеді», - деп атап өтті ведомство басшысы.Сонымен қатар, нервтік-психикалық аурулар балалар мүгедектігі құрылымында жиі кездесетін диагноздардың біріне айналды. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізуге, аутизм спектрінің бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын бекітуге байланысты.Ол 2025 жылдан бастап Қазақстанда 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға жұлын-бұлшықет атрофиясы ауруына скрининг енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтаудың қолжетімділігін жақсарту үшін еліміздің 10 өңірінде «бір күндік клиника» ашылды, онда 23 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өтті. Ағымдағы жылы пациенттерді емдеу тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау үшін Орфандық ауруларды үйлестірудің республикалық орталығы құрылды.50 жастан 70 жасқа дейінгі ер адамдар үшін ми қан айналымының жіті бұзылулары мен миокард инфарктісінің жиілігін төмендету мақсатында келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтар үшін амбулаториялық коронарография және брахиоцефалдық тамырлардың УДЗ енгізіледі. Бұл тексеруден екі жылда бір рет өтуге болады.Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын ерте диагностикалау және алдын алу үшін жыл сайын 3,4 миллион ересек қазақстандық ҚЖА, қант диабеті, онкологияға скринингтен өтеді.Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, скрининг нәтижесінде анықталған барлық аурулар бойынша одан әрі емдеу жүргізіледі, пациенттер динамикалық бақылаумен және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупі факторларын төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2024 жылдан бастап 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу және шектеулер енгізілді.«Паллиативтік көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап біз осы медициналық қызметтердің тарифтерін 33%-ға арттырамыз және паллиативтік қызметті қаржыландыру 42%-ға өседі. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын ерте анықтау және алдын алу бойынша медициналық - санитариялық алғашқы көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізілуде, бұл балалар мен ересектердің арасындағы мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.Соңғы жылдары көптеген елдерде мүгедектіктің өсу үрдісі байқалды, бұл демографиялық өзгерістерге, халықтың қартаюына және диагностиканың жақсаруына байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/878248
Қостанай облысының Арқалық қаласында мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қостанай облысының Арқалық қаласында 300 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.Жалпы құрылысына 2,6 млрд. теңге бағытталған Арқалық қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі табысты білім беру процесі үшін сапалы жағдай жасай отырып, өз есігін айқара ашады.«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының басымдығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біздің балаларымыз тұрғылықты жері мен оқу тіліне қарамастан сапалы білім алуы тиіс» деген міндетін орындау болды.Мектептің ашылуында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мектепте оқушылардың таланттары мен қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Өңір үшін әлеуметтік әсері маңызды: 70 тұрақты жұмыс орны құрылды. Оқушылар қадамдық қолжетімділікте сапалы білім ала алады. Мектептің Арқалық педагогикалық институтымен ғылыми-әдістемелік өзара іс-қимылы жолға қойылады, болашақ педагогтар мектепте одан әрі жұмысқа орналасумен практикадан өте алады, ал Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері ынтымақтастықты жалғастыру үшін қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге дайын», - деп атап өтті ол.Мектептің бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған блоктары бар. 26 оқу кабинеті оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптардың, STEM-зертханалардың жарақтандырылуы өскелең ұрпақтың IT-құзыреттерін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.Оқу залы бар заманауи кітапхана, жайлы коворкинг аймақтары және тыныш және белсенді ойындарға арналып жабдықталған алаңдары бар.Мектеп ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы, оның ішінде мобильділігі төмен азаматтар үшін де барлық жағдайлар жасалған.Қазірдің өзінде мектепке 400-ге жуық бала қабылданды, оқыту екі ауысымда жүргізіледі.Ардагер Әубәкіров Түбекбай Ғабсалықұлы барлық оқушылар мен педагогтарды мектептің ашылуымен құттықтап: «Ең бастысы, қазіргі заманғы стильде салынған оқу орнында өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін толыққанды жағдайлар жасалса деймін. Бұл оқу орны тек білім беру ордасы ғана емес, қаламыздың спорттық және мәдени өмірінің орталығына айналады деп үміттенеміз».Бұл облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ашылған екінші мектеп. Жоба бойынша барлығы 4500 орынға арналған 6 мектеп ашылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/878202
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды 16.11.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасында бес новелла қарастырылған, олардың бірі әлеуметтік осал отбасылардың шыққан санатындағы балаларды қамтиды.«Жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделеді. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей білім беру аясында мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтары мен тамақ сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік санаттағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан мектептерде көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті енгізіледі», - деді Ғани Бейсембаев. Таныстыру барысында министр заң жобасының басқа да жаңалықтарына тоқталды. Бұл - қосымша білім беру ұйымдары үшін рұқсат құжаттарын ұсына отырып, өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тәртібін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту мен академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878197
Талдықорғанда "Digital Jetisu Forum" өтеді 16.11.2024
Digital Jetisu Forum — крупнейшее событие этой осени в Талдыкоргане, которое нельзя пропустить!Когда? 8 ноября, впервые в нашем городе!Где? Выставочный комплекс НПП «Атамекен», мкр. Бирлик, 2А.Во сколько? Начало в 10:00 ч.Вход? Бесплатно для всех желающих! На форуме выступят эксперты Google и топовые специалисты IT-компаний Казахстана, которые расскажут о самых важных трендах и технологиях будущего: Искусственный интеллект — как технологии меняют наш мир прямо сейчас. Кибербезопасность — защита данных в эпоху цифровизации. Smart City — будущее городов и как сделать их удобными для жизни. Big Data — как использовать данные для принятия важных решений.Событие будет интересно всем, от профессионалов до новичков, а также любопытным жителям Талдыкоргана, которые хотят узнать больше о мире цифровых технологий! Помимо лекций, вас ждут:• интерактивная выставка IT-разработок,• презентации новейших технологий Казахстана,• захватывающая битва стартапов, где молодые команды представят свои уникальные проекты и сразятся за призовой фонд.Форум станет точкой сбора для всех, кто хочет быть в курсе последних новинок и трендов в мире IT.Не упустите шанс стать частью цифрового будущего вместе с Digital Jetisu Forum! Организаторы: управление цифровых технологий области Жетісу и IT-хаб «Jetisu Digital»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878193
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда 16.11.2024
Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары жүргізілді.Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Қостанай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен әлеуметтік экожарнама жасау бойынша экологиялық конкурс аяқталды. Байқауға мектеп оқушыларынан бастап, шығармашылық жарнамалық жобалар арқылы экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосқысы келетін мамандарға дейін қатысып, пластикті пайдалануды азайту, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, энергия тиімділігі және шығарындыларды азайту, саналы тұтыну сияқты тақырыптарда бақ сынасты.Байқауға қатысушылардан ластануды азайту, қалдықтарды қайта өңдеу, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты тұтыну сияқты өзекті экологиялық мәселелерді бейнелейтін 10-нан астам шығармашылық жұмыстар қабылданды.Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтар және дипломдармен марапатталды, жеке қатысушылардың үздік жұмыстары әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланатын болады.Тұрғындар арасында жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыру эстафетасын Ұзынкөл ауданының тұрғындары да қолдады. Ұзынкөл ауылының аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шарада «Ұзынкөл жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған аудандық «Үздік аула – 2024» және «Үздік кәсіпорын-2024» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.Байқау Ұзынкөл ауданы әкімдігінің бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткізілді.Конкурстық комиссияның төрайымы, Ұзынкөл ауданының құрметті тұрғыны Екатерина Адамовна Ковалецтің айтуынша, Ұзынкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері ауданның ауылдық елді мекендерінің келбеті айтарлықтай жақсарған. Сондай-ақ ол өз сөзінде байқаудың қорытындысын шығару қиынға соққанын, барлық қатысушылар бас жүлдеге лайық болғанын, сонда да тәуелсіз конкурстық комиссия өз таңдауын жасап, жеңімпазды анықтағанын айтып өтті.«Үздік аула – 2024» номинациясы бойынша Троебратское ауылының Темченко отбасы, «Үздік кәсіпорын – 2024» номинациясы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжай-бақшасы» КМҚК ұжымы жеңімпаз атанды, конкурс жеңімпаздарына 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Рудный қаласының тұрғындары үйреншікті сенбіліктер ғана емес, түрлі шығармашылық шараларды өткізу арқылы «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасына да қолдау көрсетуде. Рудный қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Бірге - Таза Қазақстан» дебаттық турнирі өтті. Турнирге студенттер мен мектеп оқушыларының арасынан жас спикерлер мен пікірсайысшылар қатысып, өзекті мәселелерді талқыға салды.«Ресурстық орталықтың жастары Президенттің бастамасын қолдайды, сенбіліктерге белсене қатысып қана қоймай, түрлі іс-шаралар өткізуде. Бүгін Рудный қаласындағы колледж студенттерінің назарын аударған пікірсайыс турнирі өтті. Осы турасында «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК 4 курс студенті Серікбай Бейбіт Нағашыбайұлы: «Дебат өте қызықты, әрі танымды болды», - деп өз пікірін білдіріп өтті.«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында аумақты қоршаған ортаның ластануынан қорғап жүрген Жітіқараның ауданың тұрғындарына құрмет көрсетіліп, эко-жарнама жасауға арналған байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауға қатысушылар көп болды, ең үздік жұмыс Жітіқара қаласында баннерге ілінеді.– Байқаудың басты мақсаты – Жітіқара ауданының тұрғындарын «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына белсенді қатысуға тарту болды. Қоршаған ортаның ластану мәселесіне тұрғындардың бейжай қарамайтыны қуантады. Бұл байқау өңірімізді абаттандыруға атсалысу үшін тұрғындардың назарын одан сайын арттыра түседі деп сенеміз», - дейді жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. Сабыр Өтешев.Бұл іс-шараның мақсаты - халық арасында табиғатты қорғау, экологиялық өмір салтын ұстану және экологиялық проблемаға назар аудару үшін қажетті мінез-құлық үлгісін, құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастырып, насихаттау. болды Айта кетсек, биыл елді мекендерді абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.92,3 мыңнан астамы отырғызылды. 90% көше жарықтандырылып, 120 ауылға жалпы ұзындығы 90,2 шақырым қоршау орнатылады.Ағымдағы кезеңде мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері тартылды. Барлығы 601,4 мың адам қатысып, 354 техника жұмылдырылды, 326 саябақ абаттандырылып, 194,6 мың тонна қоқыс шығарылды, 92,3 мыңнан астам ағаш отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/878163
iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады: елордада бұқаралық жүгіріс өтеді 16.11.2024
Астана қаласында 10 қараша күні Jeniske birge jugir бұқаралық жүгірісі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өтетін спорттық іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді.Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:30-10:00 аралығында өтеді. Ал іс-шара тиісінше сағат 10:00-де өтеді. Тіркелу тегін. Спорттық іс-шараға 1000 адамға дейін қатыса алады.Қатысушыларға финиш алаңында естелік медальдары беріледі.Ал ерекше айта кетерлігі, қатысушылар арасында iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878145
АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу: Астананың тәжірибесін Қарақалпақстан дәрігерлері дәрігерлері зерттейді 16.11.2024
Елордалық мамандардың АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша тәжірибесін зерделеу аясында қонақ ретінде Қарақалпақстаннан Республикалық ЖИТС орталығының дәрігерлері келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстел барысында Қарақалпақстан Республикасы ДСМ Республикалық ЖИТС орталығы мен елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.«Біз қонақтарымыздың елордада АИТВ-инфекциясы бойынша іс-шараны ұйымдастыру және оны зерттеу бойынша қызығушылығын жоғары бағалаймыз. Біздің тәжірибеміз сіздерге АИТВ-инфекциясымен одан әрі күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған жолдауында «Адамдар – еліміздің басты құндылығы» деп, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті.Мұндай бағыттардың бірі – АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу.Жыл сайын қала тұрғындарының 25%-дан астамы АИТВ-ға тестілеуден өтеді, соның арқасында аурудың 80%-дан астамы бірінші және екінші кезеңде анықталады, бұл пациенттердің антиретровирустық терапияға қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл туралы қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров «ЮНЭЙДС-тің «95-95-95» көрсеткіштеріне қол жеткізу стратегиясы: АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу» дөңгелек үстелінде хабарлады.Бұл іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы аясында өтті.Бүгінгі таңда Астанада АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін және өз мәртебесі туралы білетін адамдардың жалпы саны шамамен 2700 адамды құрайды.Анықталған жағдайлардың 60%-дан астамы 20-39 жас аралығындағы адамдарға тиесілі. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясын тегін емдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878147
Құқық бұзушылықтың алдын алу: оқушыларға арналған дәрістер сериясы елордалық мектептерде өткізіледі 16.11.2024
Елордалық мектептерде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары аясында оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы дәрістер өткізіле бастады. Олардың бірі Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Бүгінгі іс-шара балалардың жалпы қауіпсіздігіне бағытталған. Сонымен қатар біз құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтатын боламыз, бұл бағытта мектептер аясында да, қала деңгейінде де үлкен жұмыс жүргізілуде.Мектептерге баратын және 8-11 сынып оқушыларымен әңгімелесетін 16 мобильді топ құрылды. Бұл топтарға Білім басқармасының, прокуратураның, полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ мәдениет және спорт қайраткерлері кіреді. Біз кесте жасадық және оған сәйкес Астананың барлық мектептері мен колледждеріне барамыз», - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.Сонымен қатар оқушыларға проблемалар туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер берілді.«Біздің мақсатымыз – қалай әрекет етуге болмайтыны туралы айтып қана қоймай, қамқорлық көрсету. Мәселе туындаған жағдайда мектеп оқушылары психологиялық көмек ала алатынын түсіндіреміз. Мысалы, егер құрдастарымен жанжал туындаса, қорқыту, мұғаліммен немесе ата-аналармен күрделі қарым-қатынас болса, үндемеуге болмайды, өз проблемаларыңыз туралы айту керек, ал сынып жетекшісі немесе мектеп психологы қолдау көрсетеді», - деп қосты Білім басқармасы басшысының орынбасары.Дәріс барысында оқушылар Қазақстан азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Заңға құрметпен қарауға, құқықтық тәртіптің рөлін және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге ерекше назар аударылды.«Қазір біздің мектепте екі ауысымда 2079 бала оқиды. Біз мектеп жиналыстарын өткіземіз, ата-аналармен кездесулерде қауіпсіздік шаралары талқыланады. Мектептің ішкі ережелерінде біз баланың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, кейбір өзгерістер енгіздік. Біз үшін әр оқушының қауіпсіздігі өте маңызды»,-деп атап өтті №90 мектеп-гимназиясының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Жасұлан Маненов.Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуге, сондай-ақ заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектесетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878151
Алматы облысының әкімі қытайлық компаниялармен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады: маңызды меморандумға қол қойылды 16.11.2024
Алматы облысының әкімі өңірге инвестиция тарту және экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін талқылау мақсатында қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «БЕНТ» ЖШС мен Shandong By New Material CO., LTD компаниясы арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болды.«БЕНТ» ЖШС – Қазақстандағы темірбетон шпалдар мен рельс бекіткіштерін өндіру бойынша жетекші кәсіпорын. Кәсіпорынның негізгі серіктесі – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы. Жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіретін қытайлық Shandong By New Material CO., LTD компаниясымен жасалған келісім өңірде инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл әсіресе құрылыс саласы үшін маңызды қадам болмақ.«Әкімнің қолдауының арқасында біз Алматы облысында инновациялық өнім – сұйық бетон өндіретін бірлескен кәсіпорын құру үшін ірі қытайлық инвесторды тарта алдық. Бұл материал құрылыс саласына арналған бірегей шешім болып табылады және инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде ирригациялық каналдарды салуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді», – деді «БЕНТ» ЖШС басшысы.Shandong By New Material CO., LTD өкілдері де ұзақ мерзімді серіктестікке және қазақстандық бизнесті қолдауға мүдделі екендіктерін жеткізді. Олардың айтуынша, Алматы облысы өзінің тиімді географиялық орналасуы және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайларымен инвестиция құюға үлкен әлеуетке ие.Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам және өңірде жаңа өнеркәсіптік және құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін берік негіз қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/878127
АТЫРАУДА ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫН ҚҰРУҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ САРАПШЫ ҚАТЫСТЫ 16.11.2024
АТЫРАУДА ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫН ҚҰРУҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ САРАПШЫ ҚАТЫСТЫ Utebayev University базасындағы Skills Technology Foresight әдісімен жүзеге асырылған «Атырау облысында жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын әзірлеу» жобасына жергілікті атқарушы органдардан, бизнес саласы мен білім беру ұйымдарының жетекші мамандарынан жалпы 100-ге жуық сарапшы қатысты. Олар кадр даярлау саласында отандық және халықаралық тәжірибелерді зерттеу арқылы өңірлік стандарттар жасап, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Жұмыспен қамту нарығына форсайт-болжамдау әдісін қолдана отырып, жоба сарапшылары қазіргі заман талабына сай мамандарды даярлаудың теориялық-методологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтады. Жоба аясында өңірлік стандарттарды енгізуге ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету ерекше маңызды. Бұл Қазақстан экономикасы үшін кадр даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. -Форсайт-сессияда жаңа мамандықтарға деген қажеттіліктерге талдау жасалды, білім беру бағдарламалары әзірленіп, кәсіби стандарттар жаңартылды. Жұмыс үш негізгі бағытты – көлік және логистика, мұнай-газ және мұнай-химия, білім беру саласын қамтыды. Осы салаларда алдағы 10-15 жылдағы түбегейлі өзгерістер мен олардың саяси, технологиялық және әлеуметтік салдарлары талқыланды. Форсайт нәтижелеріне сүйене отырып, Utebayev University және Atyrau University қызметкерлерінен құралған жұмысшы тобы мақалалар, монография мен оқулықтар жасақтауды жоспарлап отыр, - дейді «Мамандығым – болашағым» жобасының өңірлік кеңсе жетекшісі Ақмарал Жалғасбаева. Сарапшылар алдағы жиырма жылдықта логистика және көлік саласындағы мамандықтардың өзгеруіне ерекше назар аударды. Автоматтандыру, цифрландыру және экологиялық талаптардың арқасында кәсіби рөлдерде айтарлықтай өзгерістер болатыны болжанып отыр. IT, робототехника және тұрақты даму салаларындағы мамандарға сұраныс арта түседі деп күтілуде. Бұл жаңа мүмкіндіктермен қатар икемділік пен өзгерістерге дайындықты талап ететін сын-қатерді туындатады. Жобаға қатысушы компаниялар кәсіби білім беруді дамыту және экономиканың әртүрлі салаларының тиімді жұмыс істеуі үшін білікті кадрлар даярлау бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878165
Бішкекте ОТГ азаматтық қорғау механизмін құру туралы келісімге қол қойылды 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қырғызстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 11-ші саммиті аясында ТМҰ азаматтық қорғау механизмін құру туралы маңызды келісімге қол қойылды. Бұл келісім төтенше жағдайларға ден қою саласындағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жаңа қадамы болып табылады.Құжатқа Қазақстан Республикасынан Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қол қойды. Сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия өкілдері қатысты. Бұл келісім ТМҰ-на мүше елдердің қауіпсіздік, азаматтарды қорғау және дағдарыстық жағдайларға әрекет ету саласындағы күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылысын көрсетеді.Механизмді құрудың мақсаты – мемлекеттер арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету саласындағы іс-қимылдарды үйлестіруді белсендіру. Механизмнің негізгі міндеттері:Табиғи апаттар, техногендік апаттар және басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қою.Қиратылған аймақтарда өмір мен мүлікті құтқару, сондай-ақ дағдарыс аймақтарында өмір сүру жағдайларын қалпына келтіру.Азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттармен гуманитарлық көмек көрсету.Төтенше жағдайларды мониторингтеу және талдау жүргізу, бұл елдердің дағдарысқа дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Азаматтық қорғаныс саласындағы тәжірибе мен білім алмасу, бұл әрбір мемлекеттің кәсіби деңгейін арттыруға септігін тигізеді.Бұдан бөлек, келісімде мамандар үшін бірлескен жаттығулар мен оқу бағдарламаларын өткізу туралы ережелер де бар. Бұл төтенше жағдайлар қызметкерлерінің дайындық деңгейін жақсартып, төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Келісімге қол қою ТМҰ мемлекеттерінің азаматтық қорғау саласындағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. ТМҰ азаматтық қорғау механизмі Орталық Азия мен басқа аймақтардағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыру үшін маңызды құралға айналады. Үйлестірілген көмек көрсету және өзара әрекеттесу жүйесін құру арқылы ТМҰ елдері табиғи және техногендік апаттардың салдарымен күресу кезінде бір-біріне жылдам әрі тиімді көмек көрсете алады.Бұл қадам ТМҰ мүше мемлекеттерінің өзара көмек пен ұжымдық қауіпсіздік қағидаттарына деген ортақ адалдығын растайды. Бұл оларды ғаламдық сын-қатерлерге жедел ден қоюға және тұрақты болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/878158
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында жерлесіміз топ жарды 16.11.2024
Қарағандылық Владислав Горизанов «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының бас жүлдесін қанжығалады. Іс-шара Ильяс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналып өткізілді. Түрі бөлек болса да жүрегі бір азаматтар арасындағы байқау Талдықорған қаласыда өтті. Еліміздің 16 өңірінен келген этнос өкілдері білімдерін ортаға салды. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды орындап, түрлі сұрақтарға жауап беруі керек. Үміткерлердің тек қазақ тілін меңгергендері аздық етеді. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрді жатқа білулері тиіс.Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің маманы Владислав Горизановтың бұл бірінші жеңісі емес. Ол бұған дейін ұйымдастырылған түрлі байқауларда жүзден жүйрік шығып жүрген азамат.– Байқауда мен өзімді жыр жолдарымен таныстырдым. «Абайдың қара сөзін» оқыдым, домбырада күй шерттім. Әр кезең үшін ұпайлар берілді. Бас жүлде иегері деп менің есімімді атағанда таң қалдым. Себебі қарсыластарым өте мықты болды. Олардың арасында тіпті қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері де болды. Тартысты бәсекеге қарамастан, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, – дейді Владислав Горизанов.Владислав Горизанов 7-сыныптан бастап қазақ тілін үйрене бастайды. Ата-анасы оны қазақ мектебіне оқуға берген. Кейінірек ол жоғарғы оқу орнына түскенде мемлекеттік тілде оқуды таңдайды. Владиславтың айтуынша, қазақ тілін үйрену қиын емес. Тек ниет пен табандылық керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878041
Қарағанды облысының экономикасына жыл басынан бері 680 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды 16.11.2024
Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді. Өнеркәсіптік өндіріс пен инвестиция көлемі өсуде. Екі жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Бұл полиэтилен құбырларын өндіретін және болат су жылытатын газ қазандықтарын шығаратын кәсіпорындар. Тағы сегіз жоба іске қосылады деп күтілуде. Қарметке жаңа инвестордың келуімен тоқтап тұрған кеніштер қалпына келтірілді. Жаңа инвестордың келуімен Qarmet компаниясында жұмыс істемеген шахталар қалпына келтірілді.Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.– Жыл басынан бері облыстың экономикасына 679,1 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл өткен жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда 14,6 %-ға артық. Облыс картасында екі жаңа кәсіпорын пайда болды. Жыл соңына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған тағы 8 жобаны іске қосамыз. Бұл 2600 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ірі жобалардың қатарында мыс және ферросилиций өндіретін зауыттар бар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Оның айтуынша, жыл басынан бері экономиканың өсуі 13,1 % құрады.Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеден асты. Негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл 2,2 трлн теңге.Облыс әкімі Qarmet компаниясының қызметіне жеке тоқталды.– Өздеріңіз білетіндей, былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдегі ең ірі Qarmet кәсіпорнында инвестор ауысып, алып кәсіпорында қайта жаңғыру басталды. Металлургиялық комбинатта шойын, болат және жалпақ прокат өндірісі артты .Жаңа инвесторға ауысқан кезде сегіз шахтаның үшеуі ғана жұмыс істеп тұрған еді. Қазір жеті шахта жұмыс істеп тұр. Ұңғыма кенжарларының саны 11-ден 45-ке дейін ұлғайтылды. Бұл болашаққа арналған негіз, ол шахталардың көп жылдар бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Кеншілердің қауіпсіздігі үшін іздеу және позициялау жүйесі енгізілді. Қазір бұл жүйе «Қазақстан» және «Күзембаев» атындағы екі шахтада жұмыс істейді. Келесі жылы барлық шахталар қамтылмақшы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877893
Қарағанды облысында агроөнеркәсіп секторының даму қарқыны қандай 16.11.2024
Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық өнім жиналды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Қарағанды облысы елімізде жетінші орында тұр. Жергілікті фермерлер тек облыстың ғана емес, Астананың да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Аграрлық саланың әлеуетін одан әрі қалай арттыра түсетінін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.– Аграрлық өнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 23 млрд теңгеден астам сомаға 30 инвестициялық жоба іске асырылады. Ауылдарды дамыту аясында "Ауыл аманаты"жобасын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы бағдарламаның тиімділігін атап өтті. Біздің облыста "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 483 шағын несиеге 4,4 млрд теңге бөлінді. Оның жартысы мал шаруашылығын дамытуға, қалған бөлігі ауыл тұрғындарының бизнес – жобаларына бағытталған. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 816 жұмыс орны ашылып, 60-тан астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды, – деді облыс әкімі.Ол ауылшаруашылық кооперациясын қолдаудың сәтті мысалдарын келтірді. Актогай ауданындағы «Saq NS» СК неміс технологиясы бойынша бие сүтін өндіретін цех ашып, ай сайын 30 тонна қымыз өндіреді. Қарқаралин ауданындағы «Мәди-Агро 7» СК ет өндірісін арттырып, өнімдерін Qarmet компаниясы тұтынып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877908
Жұмыс істейтін әр-бір екінші қарағандылық кәсіпкерлік саласында еңбек етеді 16.11.2024
Қарағанды облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 230 мыңнан асты.Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.– Қарағанды тек көмір және болат шығаратын алып өндіріс ошағы деген стереотип қалыптасты. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы жаңаланып өзгерді. Бүгінгі таңда Қарағанды – сауда мен қызмет көрсету саласының жоғары үлесі бар үлкен орталық, агломерацияның негізіне айналды. Біздің облыста жұмысы бар екінің бірі кәсіпкерлік саласында, – деп атап өтті өңір басшысы.Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау септігін тигізуде.Облыс әкімі мысал ретінде «Іңкәр 1» металл өңдеу кәсіпорнын келтірді. Мемлекеттің көмегі арқасында ол бес жұмыс орнын 115-ке дейін көбейте алды.– Біз елімізде алғашқылардың бірі болып бөлшек салықты 2% - ға дейін төмендеттік. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің, бөлшек салық төлеушілердің саны 16 есеге өсіп, 2,5 мыңға жетті. Осы жылдың 8 айында ШОБ салықтық түсімдері 16%-ға өсті, – деп толықтырды Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877918
Саран: моноқаладан экономикалық табысқа дейін 16.11.2024
Қарағанды облысында Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады. Бұл Saran индустриялық аймағын дамытудың нәтижесі. Бұл тәжірибе басқа да моноқалаларды дамыту үшін үлгі болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.– Қарағанды облысындағы индустриялық жаңғырту саласындағы табысты бастама Саран қаласында жүзеге асты. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен қала экономикасын әртараптандырудың үлгісіне айналғанын айтқым келеді. Ол моноқала мәртебесінен шығарылып, алғаш рет тарихта айтарлықтай салықтық түсімдер бере бастады. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 93,2%-ы өңдеу саласына тиесілі. Бұл ең алдымен Saran индустриалды аймағын дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі таңда 400 млрд теңге көлемінде 9 жоба іске асырылып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Жүзеге асырылған жарқын жобалардың арасында облыс әкімі автобус шығару, автомобиль дөңгелектері мен тұрмыстық техника өндіретін зауыттарды ерекше атап өтті.– Президенттің тапсырмасы бойынша бұл тәжірибе біздің облысымыздың басқа моноқалаларында – Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай қалаларында да енгізілуде, – деп хабарлады өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877904