Әлем
Қарағанды облысында агроөнеркәсіп секторының даму қарқыны қандай 16.11.2024
Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық өнім жиналды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Қарағанды облысы елімізде жетінші орында тұр. Жергілікті фермерлер тек облыстың ғана емес, Астананың да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Аграрлық саланың әлеуетін одан әрі қалай арттыра түсетінін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.– Аграрлық өнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 23 млрд теңгеден астам сомаға 30 инвестициялық жоба іске асырылады. Ауылдарды дамыту аясында "Ауыл аманаты"жобасын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы бағдарламаның тиімділігін атап өтті. Біздің облыста "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 483 шағын несиеге 4,4 млрд теңге бөлінді. Оның жартысы мал шаруашылығын дамытуға, қалған бөлігі ауыл тұрғындарының бизнес – жобаларына бағытталған. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 816 жұмыс орны ашылып, 60-тан астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды, – деді облыс әкімі.Ол ауылшаруашылық кооперациясын қолдаудың сәтті мысалдарын келтірді. Актогай ауданындағы «Saq NS» СК неміс технологиясы бойынша бие сүтін өндіретін цех ашып, ай сайын 30 тонна қымыз өндіреді. Қарқаралин ауданындағы «Мәди-Агро 7» СК ет өндірісін арттырып, өнімдерін Qarmet компаниясы тұтынып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877908
Жұмыс істейтін әр-бір екінші қарағандылық кәсіпкерлік саласында еңбек етеді 16.11.2024
Қарағанды облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 230 мыңнан асты.Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.– Қарағанды тек көмір және болат шығаратын алып өндіріс ошағы деген стереотип қалыптасты. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы жаңаланып өзгерді. Бүгінгі таңда Қарағанды – сауда мен қызмет көрсету саласының жоғары үлесі бар үлкен орталық, агломерацияның негізіне айналды. Біздің облыста жұмысы бар екінің бірі кәсіпкерлік саласында, – деп атап өтті өңір басшысы.Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау септігін тигізуде.Облыс әкімі мысал ретінде «Іңкәр 1» металл өңдеу кәсіпорнын келтірді. Мемлекеттің көмегі арқасында ол бес жұмыс орнын 115-ке дейін көбейте алды.– Біз елімізде алғашқылардың бірі болып бөлшек салықты 2% - ға дейін төмендеттік. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің, бөлшек салық төлеушілердің саны 16 есеге өсіп, 2,5 мыңға жетті. Осы жылдың 8 айында ШОБ салықтық түсімдері 16%-ға өсті, – деп толықтырды Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877918
Саран: моноқаладан экономикалық табысқа дейін 16.11.2024
Қарағанды облысында Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады. Бұл Saran индустриялық аймағын дамытудың нәтижесі. Бұл тәжірибе басқа да моноқалаларды дамыту үшін үлгі болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.– Қарағанды облысындағы индустриялық жаңғырту саласындағы табысты бастама Саран қаласында жүзеге асты. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен қала экономикасын әртараптандырудың үлгісіне айналғанын айтқым келеді. Ол моноқала мәртебесінен шығарылып, алғаш рет тарихта айтарлықтай салықтық түсімдер бере бастады. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 93,2%-ы өңдеу саласына тиесілі. Бұл ең алдымен Saran индустриалды аймағын дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі таңда 400 млрд теңге көлемінде 9 жоба іске асырылып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Жүзеге асырылған жарқын жобалардың арасында облыс әкімі автобус шығару, автомобиль дөңгелектері мен тұрмыстық техника өндіретін зауыттарды ерекше атап өтті.– Президенттің тапсырмасы бойынша бұл тәжірибе біздің облысымыздың басқа моноқалаларында – Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай қалаларында да енгізілуде, – деп хабарлады өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877904
Қарағанды облысы – логистикалық хаб деңгейіне жетті: бизнес пен сауда үшін жаңа мүмкіндік 16.11.2024
Қарағандыда электрондық сауда үшін заманауи сауда-логистикалық қойма ашылады. Облыстың екі әуежайы жаңғыртылады. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Бұл Қарағанды өңірінің логистикалық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған оң қадамдар. Осы тың бастаманың арқасында бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Жүк тасымалының көлемі ұлғаяды және тұтастай алғанда транзиттік тартымдылық артады.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бүлекпаев логистиканы өңірдің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атап өтті. ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ жетекшісі логистика облыс пен елдің экономикалық тұрғыда дамуындағы маңызды драйвері деп атап өтті. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары мен перспективалары туралы баяндады.Қыркүйек айында Қарағандыда Teez маркетплейсі жұмысын бастады. Қойма терминалдың ашылуы өңірдегі электронды сауданың дамуын жеделдетті. Платформаның қуаттылығы – жылына 27 миллион тапсырыс. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін ынталандырады.Қарағандыда халықаралық логистиканы дамыту үшін жергілікті әуежайды жаңғырту қажет. Уақыт өте келе әуе айлағы жылына 50 мың тонна жүк тиейтін жүк терминалына айналады. Бүгінде ол Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытайдан Еуропаға ұшатын әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарлануда.Балқаш әуежайын қайта құру маңызды жоба. Болашақта бұл әуежайдың өткізу қабілетін 30%-ға арттырып, басқа өңірлермен әуе қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.Логистиканың дамуы үшін автомобиль жолдарының сапасында мін болмауы керек. Биыл Қарағанды облысында 1032 километр жол жөнделді.Ірі жобалардың бірі Қарағанды – Балқаш автожолын реконструкциялау. Онда жоғарғы қабатына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды және трассаны қалыпқа келтіру шаралары жүріп жатыр.Қарағанды – Қарқаралы автожолының 115 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 85 шақырымды қайта қалпына келтіру жұмысы жалғасады. Осылайша, Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі ұзындығы 200 шақырым жол толығымен жаңаланады.2025 жылы Қарағанды – Жезқазған республикалық жолын қайта жаңарту басталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877927
Қарағанды облысында жылумен қамту бойынша 14 жоба қолға алынды 16.11.2024
Қарағанды облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында 31,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда. 17 шақырым магистральдық жылу желілері ретке келтірілді. Бұл желілердің тозуын 64,4%-ға дейін төмендетеді.Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында соңғы 30 жылдағы ең ірі жобалардың бірі қолға алынуда. Бұл Қарағанды қаласындағы үшінші жылу беру нүктесінің құрылысы.– Қазан айында жылу магистралі іске қосылады. Жоспар бойынша жеті жыл ішінде үшінші жылу нүктесінің жылуы 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ете алады. Яғни 20 мыңнан астам пәтерді қамтиды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Сонымен қатар, шалғайдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 14 ауыл сапалы сумен қамтылды. Қазір ауыз су құбыры бір жарым мың тұрғынның үйіне тартылды. 26 ауылда шағын блок-модульдер орнатылуда. Бұл ілкімді шаралар облыс халқының 97,6%-ын сапалы сумен қамтуға жол ашты.Сондай-ақ, жеке секторды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Газ желілері 7621 үйге тартылды. Оның 3573-і табиғи газға қосылған.Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқыны өсуде. Осы жылдың 9 айында 380,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бұрынғыға қарағанда 4,7%-ға көп. Жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл мыңдаған отбасын, соның ішінде әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.Ермағанбет Бөлекпаев кәсіпкерлердің тұрғын үй құрылысындағы маңызды рөлін атап өтті. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, ауылда үйлер тұрғызуда. Қазірдің өзінде 55 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни, 755 пәтер салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877956
Қарағанды облысында ауыл медицинасының даму әлеуеті қалай 16.11.2024
Барлығы үшін тең мүмкіндік. Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімді бола бастады. Биыл ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды.ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.– Президент медициналық қызмет көрсету сапасы арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды, –деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал келесі жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз.Аймаққа білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкер баспаналы болды. Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгіне 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкерге көмек көрсету жоспарланып отыр.Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алу үшін "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877979
Қарағанды облысының білім нысандары жұмысшы мамандығын даярлайтын орталыққа айналады 16.11.2024
Қарағанды облысының колледждері өнеркәсіп үшін сапалы кадрлар даярлап, білім беру мен өндіріс орындары арасындағы өзара әріптестікті нығайта түсті. Өндірісті аймақ сегіз жетекші техникалық бағыт бойынша орта мамандандырылған мекемелерді кластерлеуді бастады.Жергілікті кәсіпорындарда жас мамандар жұмысшылар қатарын толықтырады. Өңірде өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларында мыңнан астам өндіріс ошағы бар. Оларда әртүрлі мамандықтар бойынша 200 мыңға жуық жұмысшы еңбек етеді.– Біздің облыс үшін келесі жылды Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны өте маңызды. Облыс жастарының 60%-ы түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейді, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. – Сондықтан біз Қарағанды облысын еліміз үшін жұмысшы мамандықтарын даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар бар: Орта кәсіптік білім берудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Бірнеше жылдық тарихы бар колледждер сақадай сай. Білім мен тәжірибені ұштастыратын өндірістік кәсіпорындар жеткілікті. Оқытушылар құрамы білікті.Жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру – облыстағы басым бағыттардың бірі. "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша облыста 10 оқу орнын салу жоспарланған. Құрылыс 2023 жылы басталды. Биылы оқу жылында Қарағандыда екі жаңа мектеп ашылды. Олардың бірі жайлы мектеп. Жыл соңына дейін тағы бес жаңа жайлы мектепті іске қосу жоспарланған.Қарағанды қаласындағы шағын ауданында заманауи оқушылар сарайы, ал Осакаров ауданында өнер сарайы ашылды.Педагкотарға да белсенді қолдау көрсетіледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында биыл ауылда еңбек етуге келген 140 мұғалім көтерме жәрдемақыға ие болды.«Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруы арқасында облыста білім беру саласында мектептерді жаңғырту, жөндеу, спорт алаңдарын салу бойынша төрт жоба іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878002
АЛМАТЫДА ТҮРІК БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
АЛМАТЫДА ТҮРІК БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде (АГЭУ) Дюзджe университетінің Түрік білім, ғылым және мәдениет орталығының ресми салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Дюздже университетінің ректоры, профессор, доктор Недим Сербия, сондай-ақ Түркия Республикасының Консулы Рэйзан Ажар қатысты. Орталық Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайту үшін жаңа көкжиектерді ашу негізінде құрылды. Студенттерге түрік тілін тегін үйренуге, қосымша инклюзивті білім беру бағдарламасына қатысуға және қос диплом алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі ел арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру іс-шараларын өткізуге арналған алаң болмақ. Тараптар білім беру сапасын арттыруға және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды дамыта отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878124
Қазақстандық стартап «Alaqan» биометриялық верификация жобасы мемлекеттік мекемелерде кеңейіп жатыр 16.11.2024
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, мемлекеттік органдар мен Alaqan Technologies стартапымен бірлесіп, мемлекеттік мекемелерде «Alaqan» алақан іздері бойынша биометриялық верификация жүйесінің пилоттық жобасын енгізуде. Бұл жоба мектептер мен балабақшалардағы балалардың қауіпсіздігін арттыруға, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің кіру-шығуын бақылауға және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмауға бағытталған.Қазіргі таңда «Alaqan» жүйесі Шымкент қаласы әкімдігінде, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, сондай-ақ бірнеше мектептер мен балабақшаларда орнатылған. Бұл технологияның мақсаты — балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, қызметкерлердің кіріп-шығуын тіркеу, сондай-ақ бюджет шығынын арттыратын жалған жазбаларды анықтау.Бүгінгі таңда жоба Ақмола облысындағы 91 мектепті және Ақтөбе облысындағы 68 мектепті қамтиды. Пилоттық режимде ол Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарының бір мектебінде енгізілді. Алдағы екі жылда Қарағанды облысының 150 мектебінде жүйені орнату жоспарлануда.Сонымен қатар, «Артспорт» және «Дарабала» жобасы аясында Alaqan жүйесі Көкшетаудың 19 қосымша білім беру нысандарына баруды есепке алу үшін сәтті пайдаланылуда. Енгізу нәтижесінде ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бюджет қаражатын үнемдеу 60 миллион теңгеден асты.Бүгінгі таңда жүйеде 124 мыңнан астам оқушы және 10 мыңға жуық мектеп қызметкерлері тіркелген. Оң нәтижелерді ескере отырып, жобаны стратегиялық маңызды объектілерге кеңейту мүмкіндігі қарастырылуда.Alaqan стартапы туралы:Компания 2020 жылдан бастап биометриялық шешімдерді, соның ішінде Alaqan Pay, Alaqan Mektep және Alaqan Business жүйелерін әзірлеумен айналысады. Жүйеде 250 мың белсенді қолданушы бар, айына 6 миллионнан астам сәйкестендіру жүргізеді. Стартап Қазақстанда белсенді дамып, Грузия мен Армения нарықтарын игеруде, сондай-ақ Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Сауд Арабиясына кеңейуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/878082
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 7 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫН АШАТЫН 192 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖАСАҚТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қалаға іргелес аумақтарда тарихи және көне ескерткіштердің орналасуына байланысты туризм дамып келеді. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың болуы да облыс орталығын ерекшелендіріп отыр. Өңір басшысы қала дамуына қажетті инфрақұрылымның төмендігін алға тартып, жан-жақты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.– Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі де бекер емес. Облыс орталығында халық саны артып келеді, жұмыс күші де жеткілікті. Барлық жағынан дамуға мүмкіндік бар. Халықаралық әуежайдың салынуы, «Батыс Европа – Батыс Қытай» автодәлізі мен теміржол торабының бойында орналасуы туристерді көптеп тартуға серпін береді. Жуырда өткен инвестициялық форумда біраз келісім жасалды. Соның өзі шаһардың экономикасын көтеруге үлес қосады. Бірақ мұнымен шектелмей, инвестиция тартуды тоқтатпау керек. 2030 жылға қарай Түркістан өзін-өзі қаржыландыратын шаһарға айналуы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Жиын барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қала халқы 234 мыңнан асты. Экономикалық белсендісі 83 мыңнан асса, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 30 мың адамнан асып отыр. «Қаланың жалпы өңірлік өнім көлемін 2030 жылға қарай 2,8 есе арттырамыз», дейді қала әкімі.Соңғы 4 жылда қала экономикасына 1,3 трлн. теңге инвестиция тартылған. Алдағы 6 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін 4,6 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.Талқылауда Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Облыстық туризм басқармасының басшылары баяндама жасап, ұсыныстарын жеткізді.Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.Индустриалды аймақтың аумағы 190 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы құны 10,5 млрд. теңге болатын 954 жұмыс орнымен 21 жоба іске асырылған. Сонымен қатар алдағы жылдары құны 15,8 млрд. теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жобаны іске асыру жоспарлануда.Алдағы жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі жылдық орташа өсім 17 пайыз болады деп болжамдануда. Жеке инвестициялық жобалар есебінен құрылыс жұмыстарына құны 243,9 млрд. теңгені құрайтын, 2552 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136 жоба қарастырылуда. Қаланың жалпы өңірлік өнімінің негізгі бөлігін көтерме және бөлшек сауда құрайды. Салаға 6 млрд. теңгені құрайтын, 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны ұйымдастыру көзделген.Қаланы дамытудың негізгі басым бағыты – туризм. Салаға соңғы 2 жылда 74,2 млрд. теңге инвестиция тартылса, биыл 53,5 млрд. теңгеге жетеді деп көзделіп отыр. Алдағы уақытта 145 млрд. теңгені құрайтын, 955 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 13 жобаны іске асыру жоспарға енгізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878017
Бұқар Жырау ауданында су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жұмыстары басталып кетті 16.11.2024
Бұқар Жырау ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық жаз мезгілінде басталды. Су басу қаупі төнген аумақтарда жүргізілген жұмыстар жайлы ТЖ бөлімінің басшысы мәлімдеді. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін аумақтар топырақпен толтырылды, арналар қазылып, су өткізгіштер орнатылды. Көктемде Жастілек ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі төнді. Сондықтан аталған учаскеге түсетін қардың еріген суының өтуін жақсарту үшін мамандар арықты кеңейтіп, тереңдетіп, қосымша үш құбыр орнату шешімін қабылдады.Ғабиден Мұстафин кентінде және Нұра станциясында қорғаныс құрылыстарын күшейту үшін ұзындығы 330 метр жаңа білік салынды. Бұндай шаралар Ынтымақ және Сарытөбе ауылдарында да жүргізілді.– Қазіргі таңда Сарытөбе ауылындағы Новостройка көшесінде қорғаныс бөгетінің құрылысы аяқталуда. Жаңаталап ауылындағы қорғаныс бөгеттердің шөгіп қалған бөлігі нығайтылып, оны көтеру жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда жұмыстың 90 пайызы аяқталды, – дейді Бұқар жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерсін Жүнісбеков.Самарқанд су қоймасынан жыл сайын су ағынының артуына байланысты Чкалов ауылын да су басу қаупі бар. Нұра өзенінің бойында бөгет салу арқылы аталған аумақтағы бөгеттерді нығайту шешім қабылданды.Сонымен қатар, Теміртаудан басталған тазарту құрылғысының каналы Нұраға қарай бұрылды. Жаңа жасалған каналдың ұзындығы 300 метрді құрайды. Бұл мамандардың пікірінше, су тасқынының қауіпін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. 14 мыңнан астам тонна инертті материал дайындалды. Бұл буталы тас, тау жынысы, құм, щебень және қаптама. Қауіп төнген жағдайда, материал су тасқынының алдын алу үшін қолданылатын болады.Сонымен қатар, Ботакара кентіндегі Төреғожин көшесінде жаңбыр суын өткізетін жүйенің құрылысы аяқталды. Байкадам су қоймасының су өткізу учаскелері нығайтылды. Бастысы басқа да су тасқыны қаупі бар учаскелеріне қажетті жөндеу жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878031
Қазақстанда Вольфрамды Қайта Өңдеу Зауытын Ашылуы: Тау-Кен Өнеркәсібіндегі Тарихи Қадам 16.11.2024
2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының аумағында жаңа вольфрамды қайта өңдеу зауыты ашылды. Бұл оқиға Қазақстанның тау-кен өндірісі үшін айрықша маңызды кезең болып табылады. Зауыттың ашылуы еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өңдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Жобаның құны 300 миллион долларды құрайды және халықаралық экологиялық әрі өндірістік стандарттар ескеріле отырып жүзеге асырылды. Жобаның жетекшісі болып ТОО «Арал Кеген» компаниясы табылады, ал оның басым акционерлері халықаралық холдинг Jiaxin International Resources Investment Ltd. құрамына кіретін ірі компаниялар: Jiangxi Copper Corporation, China Railway Construction Company, China Civil Engineering Construction Company және Ever Trillion International Singapore PTE LTD.Зауыт толық қуатына шыққан кезде жылына 3,3 миллион тонна руды қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығаратын болады. Бұл еліміздің вольфрам өндіру саласындағы әлеуетін арттырып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Сонымен қатар, жоба жергілікті халыққа 1000-ға дейін тұрақты жұмыс орны ұсынып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.Зауыттың ашылу сәтінде негізгі құрылыс және инфрақұрылым объектілерінің дайындық деңгейі айтарлықтай жоғары болды: Шлам сақтау орындары – 60% дайындық Тау-кен байыту фабрикасы – 60% дайындық Сыртқы су тарту объектілері – 85% дайындық Сыртқы электрмен жабдықтау – 100% дайындық (110 кВ желісіне қосылған) Ішкі электрмен жабдықтау – 90% дайындықБұл көрсеткіштер жобаның техникалық және өндірістік процестерінің жоғары сапада іске асырылып жатқанын дәлелдейді.Болашақ жоспарлар мен даму бағыттарыЗауыттың алғашқы кезеңінде вольфрам концентрациясының үлесі 65% деңгейінде болады. Алайда компанияның алдағы жоспары бұл көрсеткішті 88,5%-ға дейін арттыру және жоғары тазалықтағы вольфрам карбидін өндіруге бағытталған терең өңдеу кешенін салу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін 150 миллион доллар көлемінде жаңа инвестициялар тарту жоспарлануда.Бұл қадам зауытты әрі қарай дамытуға және өнімнің сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанды әлемдегі жетекші вольфрам өндірушілер қатарында орналастыруға мүмкіндік береді.Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін маңызыЗауыттың ашылуы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде жаңа кезеңді бастайды. Қазіргі таңда әлемде вольфрамға деген сұраныс артқан сайын, оның өндірілуі мен өңдеуі де ерекше маңызды болып тұр. Қазақстан бұл жобамен тек өзінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды көздеп қана қоймай, әлемдік нарықта жетекші орынға шығуды да жоспарлауда.Жоба еліміздің экологиялық және өндірістік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып, Қазақстанның табиғи ресурстарды рационалды пайдалану бағытындағы қадамы болып табылады. Осылайша, отандық тау-кен өндірісі жаңа жетістіктерге жетіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, экологиялық жауапкершілікті сақтай отырып, ел экономикасына елеулі үлес қосады.Қазақстанда ашылған вольфрамды қайта өңдеу зауыты – бұл тау-кен өндірісінің дамуына жасалған үлкен қадам және еліміздің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды бастама. Осы зауыттың ашылуы арқылы еліміз әлемдік сирек металдар нарығындағы орнын нығайтып, экологиялық және өндірістік стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдер өндіруге көшеді. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның тау-кен саласының болашағын жарқын етіп, ұлттық экономикаға айтарлықтай ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/878056
Алматыда алғашқы Азия хоккей чемпионаты өтеді 16.11.2024
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен тарихта алғаш рет Азия хоккей чемпионаты Алматыда өтеді. Турнир 6 қарашада басталады.Жарыстар 6-9 қараша аралығында Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде өтеді. Қазақстан құрамасы Жапония, Корея және Қытай елінің командаларымен күш сынасады.Турнир матчтарының кестесі:6 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Қытай6 қараша 2024, 19:30 – Корея – Қазақстан8 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Корея8 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Қытай9 қараша 2024, 16:00 – Қытай – Корея9 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – ЖапонияМатч билеті 1-ден 3 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылады.Айта кетейік, алдағы турнирлер 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары ретінде ұйымдастырылып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878045
Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды 16.11.2024
Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында «Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.Биыл «Айнабұлақ» ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878050
Алматыда ШОБ субъектілерінің саны өсуде 16.11.2024
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда ШОБ өнімін шығару 28,4% - ға 5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қаңтар-қыркүйекте жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 6,2% - ға 361,1 мың бірлікке дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасынан хабарлады. Олардың болжамы бойынша, Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 20% - ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.«ШОБ-ты қолдау үшін 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 53,1 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдың 9 айында 113,1 млрд теңге несие сомасына 1,7 мың жаңа ШОБ жобасына қолдау көрсетілді, өткен жылдары мақұлданған 2 мыңнан астам жобаның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау алуды жалғастыруда», - деп хабарлады экономика басқармасы.Бұл Алматының ЖӨӨ – дегі ШОБ үлесін 2024 жылы 60% - ға дейін, 2025 жылы 62% - ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ үлесі 55,2%-ды құрады.Алматы экономика басқармасының хабарлауынша, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар алаңдарында жалпы сомасы 452 млрд теңгеге 87 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылы 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 220 млрд теңге сомасына 40 жоба іске асатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878067
КҮН САНЫ 16.11.2024
Министрлік биылғы жылдың 3 тоқсаны бойынша көрсеткен мемлекеттік қызметтің саны 6436Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/878038
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы сегіз су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады 16.11.2024
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы сегіз су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады.Тағы сегіз нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/878040
Су тасқынына дайындық: еліміздегі гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізілді 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасы бойынша келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрліктің бассейндік инспекциялары гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді.Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас жұмыс істейді.Тобыл-Торғай бассейнінің су қоймалары 62%, Есіл бассейні су қоймалары 85%, Жайық - Каспий бассейні су қоймалары 37%, Ертіс бассейні су қоймалары 83%, Нұра-Сарысу бассейні су қоймалары 86%, Арал-Сырдария бассейні су қоймалары 23%, Балқаш-Алакөл бассейні су қоймалары 89% және Шу-Талас бассейніне қарасты су қоймаларына 54% су жиналған.«Барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр және жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Қазіргі уақытта солтүстік, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін жасалуда. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Судың мол болуына байланысты, 76%-ға толған Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасы транзиттік режимге ауыстырылады»,– деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/878044
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 84%-ы арнайы қолдаумен қамтылған 16.11.2024
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 84%-ы арнайы қолдаумен қамтылғанПсихологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі енгізілді. Нәтижесінде балаларды арнайы біліммен қамту 84%-ға жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Үкіметінің отырысында айтты.Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі бес өңірде: Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарында іске асырылуда. Бұл өңірлерде 2 мың бала қамтылды.Арнайы ұйымдар желісі ұлғайып келеді. Олардың саны 496-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 бірлікке көп. Алайда, ПМПК және түзету кабинеттерінің желісі еліміздің бірқатар өңірлерінде қосымша ұлғайтуды талап етеді. Бұл Алматы, Шымкент, Абай, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстары.«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады, осыған байланысты білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту және арнайы қолдау қызметтерін көрсету сапасын арттыру үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады», — деді Ғани Бейсембаев.Скрининг нәтижелерімен алмасу үшін министрлік Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорымен интеграция жүргізеді, сондай-ақ ПМПК-ға жазылу автоматтандырады. Оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде, оқулықтар кезең-кезеңімен әзірленуде, педагогтер әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878003
Қазақстан CIIE 2024-тің алғашқы күнінде 50 миллион доллар сомасында экспорттық келісімшарттарға қол қойды 16.11.2024
«Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұранымен Қытайда 7-ші рет жыл сайынғы China International Import Expo (CIIE) көрмесі өтуде, ол қазақстандық компаниялар үшін маңызды платформаға айналды. Биыл көрмеде Қазақстанның коммерциялық және ұлттық екі павильоны ұсынылып жатыр. Қазақстанның ұлттық стенді трансшекаралық сауданы дамытуға, инвестицияларды тартуға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастыққа бағытталған цифрландыру және инфрақұрылым саласындағы жетістіктерді ұсынуда.Қазақстандық компаниялардың өнімдеріне қытайлық сатып алушылар мен іскер серіктестердің қызығушылығы артуда. Көрменің алғашқы күнінде жалпы сомасы 50 миллион долларды құрайтын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды, бұл қазақстандық тауарларға деген жоғары сұранысты көрсетіп, олардың Қытай нарығына жеткізілуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.Қазақстанның коммерциялық стендінде ауыл шаруашылығы және тоқыма өнімдерінің 50 өндірушісі ұсынылған. Көрмеге Қытайға экспортқа рұқсат алған компаниялар қатысуда. CIFER Single Window жүйесінде Қытайға жеткізу құқығына ие 550 қазақстандық азық-түлік өндірушісі тіркелген.Қазақстанның кондитерлік және ұн өнімдері әлемдегі ең ірі 80 миллиард доллар көлеміндегі Қытайдың кондитерлік нарығында ерекше орын алады. Қазіргі уақытта 28 қазақстандық компания Қытайға кондитерлік өнімдерді экспорттау мүмкіндігіне ие және олардың едәуір бөлігі электрондық коммерция арналары арқылы жүзеге асырылады.Сусындар секторы шырындар, шарап және алкогольді ішімдіктер өндіретін төрт компанияның өнімі ұсынылған. Қазақстан сондай-ақ 2019 жылы қол қойылған сүт өнімдеріне арналған ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы хаттама арқасында сүт өнімдерін жеткізуді белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінгі таңда 18 қазақстандық компания Қытайға сүт өнімдерін, оның ішінде «Ice-Master» ЖШС және «Гормолзавод» ЖШС компанияларының балмұздағын экспорттайды.Көрмеде сондай-ақ қытайлық тұтынушылар арасында сұранысқа ие құрғақ түйе сүті ұсынылған. Бұл өнімді Қытайға жеткізу құқығына ие бес қазақстандық компанияның үшеуі, соның ішінде «King Milk», стендте көрсетілген.Қытай нарығында сиыр еті, қой еті және жылқы еті сияқты Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері де сұранысқа ие. 2023 жылы Қытай Қазақстаннан жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан астам ет импорттады. Сонымен қатар, Қазақстаннан Қытайға құрама жемдер мен кебектер белсенді жеткізіліп келеді: елдің құрама жем өндірісінің қуаты жылына 1,9 миллион тоннадан асады, және 115 қазақстандық компания құрама жемдер мен кебектерді жеткізуші ретінде тіркелген.Қазақстанның май өнімдері де айтарлықтай қызығушылық тудырады. 2024 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстаннан Қытайға май өнімдерінің экспорты 360 мың тоннаға жетіп, 307 миллион доллардан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға жоғары. Алдағы үш жылда Қытайға май өнімдерінің экспортының көлемі 300 миллион доллар деңгейінде бағалануда. CIIE 2024 көрмесіндегі Қазақстанның коммерциялық стендін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/877965