Әлем
Алматы облысының денсаулық сақтау басшысы халықаралық медициналық форумға қатысты 08.09.2025
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Түркия іскерлік қауымдастығы ассоциациясының шақыруымен өткен халықаралық медициналық форумға қатысты.2025 жылғы 3–4 қыркүйек күндері Ыстамбұл қаласында Жапония, Түркия, Қазақстан, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бизнес-форум өтті.Алматы облысының делегациясы құрамында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева да форум жұмысына қатысты.Форум аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) форматы бойынша ынтымақтастық, медициналық саланы цифрландырудың болашағы, трансшекаралық инвестициялар мен озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов өз баяндамасында өңірде іске асырылып жатқан және жоспарланған МЖӘ жобаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық әлеуетті таныстырды. Сонымен қатар, медициналық практикаға инновациялық шешімдерді енгізу мен цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Форум қорытындысы бойынша келесі келісімдерге қол жеткізілді:• Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы базасында PACS-орталығын (медициналық кескіндерді мұрағаттау және тарату орталығы) құру туралы келісімге қол қою;• Алматы облысында «Oncology Endo» пилоттық жобасын іске асыру;• Жапония мен Түркиядан жетекші профессорлардың өңір дәрігерлеріне заманауи диагностика және емдеу әдістері бойынша шеберлік сабақтары мен оқыту семинарларын өткізуМұндай халықаралық форумдарға қатысу өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, инвестициялар мен заманауи технологияларды тартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1063364?lang=kk
Қазақстан халқының тілдері күні 08.09.2025
«Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1063386?lang=kk
Қармақшы ауданында егінге алғашқы орақ түсті 08.09.2025
Қармақшы ауданында жаңа егін жинау маусымының алғашқы қадамы жасалды. Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық округі «Болашақ» шаруа қожалығының егіс алқаптарында күрішке алғашқы орақ түсті.Аудан әкімі Жандос Еркінбек іс-шараға арнайы қатысып, еңбек майданына шыққан диқандарға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан басшысы:«Бүгінгі күн — жаздай егінді баптап, таңның атысы мен күннің батысына дейін тынымсыз тер төккен шаруалар мен диқандар қауымының қажырлы еңбегінің көрінісі. 2025 жылы аудан бойынша жалпы көлемі 25 457 гектар алаңға егіс орналастырылса, оның ішінде күріш көлемі 12 993 гектарды құрап отыр.Қармақшы елі – ерте көктемнен бастап, жаз бойғы ыстыққа қарамастан, дала төсінде тынымсыз еңбек еткен, егінге еңсесін түсірмеген еңбекқор халық. Бірлік бар жерде – береке бар. Біздің аудан — күрішпен ғана емес, берекелі тірлігімен, еңбекке адалдығымен, бірлігі және ынтымағымен ерекшеленіп келеді.Күріші мен ырысы мол Қармақшы елі жасай берсін!»,– деді.Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жыл берекелі болып, халықтың ырыздығы мол болсын деген тілекпен ақ батасын берді.Іс-шара соңында аудан әкімі және шараға қатысқан қонақтар алқап басында егінге алғашқы орақ салып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне құрмет білдірді.Айта кету керек, биыл аудан бойынша күзгі дала жұмыстарына барлығы 497 техника, оның ішінде 174 трактор, 75 комбайн, 84 жатка, 64 жүк көлігі, 100 трактор тіркемесі қатысуға дайын. Сонымен қатар, бақшалық жер дайындау жұмыстары мен егіс орналастыру шараларына жаппай 100%жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 415 га, оның ішінде 125 га картоп, 100 га көкөніс, 192 га бақша дақылдары егілді. Қосымша дайындалған бақшалық жерлер 950 отбасына бөлініп берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1063305?lang=kk
Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды 08.09.2025
Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген.Жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.Диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың км республикалық және шамамен 5 мың км жергілікті жолдар тексеріледі.Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Дереккөз : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1061417?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1063319?lang=kk
Директор тағайындау 08.09.2025
Абай облысы білім басқармасының конкурстық нәтижесіне сәйкес, Бесқарағай ауданының білім бөлімінің «Қара-Мырза негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Калманбетова Куралай Даулетхановна тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1063271?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 8 күн қалды! 08.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 8 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады! Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1063229?lang=kk
«Тіл - ең қымбат қазына» 08.09.2025
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Қостанай қаласы әкімдігінің №2 мектеп-лицейінің 7Л-1 сынып оқушысы Амира Аитовамен кездесті. Ол Департамент қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Тіл - ең қымбат қазына» атты шығарма байқауында бірінші орынды иеленді. Жеңімпазға естелік сыйлық табысталды.Бұл мереке ұлы қазақ ағартушысы, ғалымы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған.Тілдер күні - Қазақстан азаматтарының барлығын, ұлты мен дініне қарамастан, достыққа, бірлікке және туыстыққа шақыратын мерекенің символы. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1063198?lang=kk
Ақтау гарнизонында запастағы офицерлер қарқынды дайындықтан өтті 08.09.2025
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері тарихында алғаш рет запастағы офицерлер қатысқан оқу-жаттығу ұйымдастырылды.Ақтау гарнизонында өткен бұл шараға Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерлік университетінің әскери-теңіз кафедрасын бітірген 30 әскери міндетті қатысты. Олардың арасында кеме штурмандық қызметі, радиотехникалық байланыс жабдықтарын пайдалану мен жөндеу, дизельдік энергетикалық жүйелер бойынша мамандар бар.Бір ай ішінде офицерлер теориялық сабақтар мен кең практикалық бөлімді қамтитын қарқынды дайындықтан өтті.Жаттығу тәжірибелі флагмандық мамандар мен жауынгерлік бөлім командирлерінің қатысуымен тікелей әскери кемелерде жүргізілді. Негізгі назар штурмандық дайындыққа, зымыран-артиллерия мен теңіз суасты қару-жарағын, байланыс құралдарын және автоматтандырылған басқару жүйелерін игеруге аударылды. – Жиын шеңберінде офицерлер Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз туы көтерілуінің 29 жылдығына орайластырылған оқу-жаттығуларға және кемелердің салтанатты шеруіне қатысты, – деп нақтылады 2-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.Жиын аяқталғаннан кейін өткен салтанатты митингте Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының атынан запастағы әскери міндеттілерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Сондай-ақ, екі офицер Әскери-теңіз күштері құрамында қызметін жалғастыруға ниет білдірді. Бұл оқу-жаттығу резервке деген сенімді нығайтып, елдің теңіз шекарасын қорғауда резервтегі офицерлердің дайындығын жаңа деңгейге көтеру бағытындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1063201?lang=kk
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 08.09.2025
2025 жылдың 4 қыркүйегінде Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Мейірім» айдарымен өткізілді.Іс-шараға аудан әкімі Е.Ж.Байрахметов, аудандық мәслихат төрағасыЖ.Д.Сыдыкова, білім бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қоғам өкілдері қатысты. Шара барысында аудан әкімі Е.Ж.Байрахметов жаңа оқу жылының басталуымен барша қатысушыларды құттықтап, қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға атсалысқан демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде қоғамдағы адамгершілік, достық және өзара қолдау құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалардың жастарға үлгі болатынын және әлеуметтік мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетудің маңызын ерекше атап өтті. «Мейірім» іс-шарасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен және киім-кешекпен қолдау көрсету. Акция аясында мектеп оқушыларына қажетті оқу құралдары таратылып, балаларға жаңа оқу жылына қуанышты көңіл-күй сыйланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1063189?lang=kk
Теміртауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті 07.09.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік қағып кеткен 10 жастағы жасөспірімге көмектесті.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында әскери жасақ құрамындағы жасақ бастығы қатардағы Кирилл Зайцев, сондай-ақ қатардағы патрульдер Мирас Валеев пен Данил Быков Абай көшесінде болған жол-көлік оқиғасының куәсі болды. Көлік 10 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиғаны көрген әскери қызметшілер дереу әрекет етіп, зардап шеккенге балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.Ұландықтар жедел жәрдем көлігін шақырып, баланы дәрігерлерге тапсырды. Сонымен бірге, олар зардап шеккен баланың ата-анасын тауып, болған жайтты хабарлады. Дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнын қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.Жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.Бұл жеделдік пен жауапкершілік Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдық тәртіпті қорғауға және адам өмірін құтқаруға әрқашан дайын екенін дәлелдейді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1063160?lang=kk
Агросектор сделал шаг вперёд, строительство набрало темпы 07.09.2025
Агросектор алға басты, құрылыс қарқыны күшейдіАлматы облысында ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қатар дамып келеді.Бұл өңірдің экономикасының бір салаға ғана емес, бірнеше бағытқа негізделіп, тұрақты өркендеп жатқанын көрсетеді.2024 жылы облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 682,3 миллиард теңгеге жетті. Бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығару мүмкіндігін де кеңейтті. Алдағы жылы бұл көрсеткіш 751 миллиард теңгеге ұлғаймақ. Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты кепілі. Алматы облысы осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуде.Облыс республикада ет, өрік және құс етін өндіру бойынша алдыңғы орында тұр. Табиғи өнімге сұраныс өсіп жатқан шақта мұндай көрсеткіш айрықша маңызға ие. Соңғы үш жылдың ішінде облыстың аграрлық өнімдері шетел нарығына да кеңінен шығарылып, экспорт көлемі 1,5 есеге өсті. Бұл 850,9 миллион АҚШ долларын құрады. Мұның артында жергілікті шаруалардың еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жатыр.Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Соның аясында жалпы сомасы 10,8 миллиард теңге болатын 1 360 шағын несие берілді. Бұл бастама шалғай ауылдардағы кәсіпті дамытуға және тұрғындардың өз ісін бастауы үшін мүмкіндік туғызды. Қарапайым тұрғындарға нақты қаржылай көмек көрсету – қолдаудың тиімді тәсілі.Ауылмен бірге қала да қарқынды дамып келеді.. Құрылыс саласындағы өсім – осының айқын дәлелі. 2022–2024 жылдары облыста 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл мыңдаған отбасының жаңа пәтерге ие болғанын білдіреді. 2025 жылы тағы 960 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.Құрылыс саласының жандануы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да септігін тигізеді. Жұмыс орындары көбейеді, инфрақұрылым кеңейеді, жергілікті өнімге сұраныс артады.– Құрылыс саласындағы өсім – тұрғындардың баспаналы болуына жол ашатын басты фактор. Бұл әлеуметтік тұрақтылықтың негізі, – деді өңірлік конференцияда облыстық құрылыс басқармасының өкілі.Алматы облысының ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында қол жеткізген жетістіктері – жай статистика емес, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты нәтижелер. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатыны анық, себебі тұрақты даму бүгін ғана емес, ертең үшін де маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063152?lang=kk
Алматы облысы бюджеттік түсімде рекорд жасады 07.09.2025
2025 жылы бюджет алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Алматы облысының бюджеттік түсімі 2025 жылы алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Бұл – өңірдің экономикалық өсімінің нақты көрінісі. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік саланы дамыту мен инфрақұрылым жобаларына бөлінген.Облыстың меншікті кірісі де айтарлықтай артты. 2022–2024 жылдары бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 630 миллиард теңгеге жетті. Түсімнің негізгі бөлігі акциздік салықтардан жиналған.Соңғы үш жылда облыста 696,5 шақырым жол жөнделді. Жол сапасының жақсаруы көлік қатынасының жеңілдеуіне әсер етті. Сонымен бірге, 18 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Бұл – тұрғындардың күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған нақты қадам.Бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бөлінді. Қаржы білім беру, медицина және әлеуметтік қорғау бағытындағы жобаларға қарастырылған.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз бұл көрсеткіштерді халықтың әл-ауқатын көтеруге жасалған жүйелі әрекет деп бағалады.Алматы облысының бюджеттегі бұл жетістігі – өңірдің даму қарқынының күшейгенін, тұрғындардың жағдайы біртіндеп жақсарып жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063153?lang=kk
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті 07.09.2025
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді.Бұл — өңір агросекторының әлеуеті өсіп, сыртқы нарықта сұранысқа ие бола бастағанының көрсеткіші.Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы облыстың агроөнім экспорты 249,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 397,2 миллион долларға жетіп, 1,5 еседен астам ұлғайған. Яғни небәрі екі жылдың ішінде экспорт көлемі 147,6 миллион долларға артқан.2025 жылдың алғашқы алты айында шетелге 226,3 миллион доллардың өнімі жөнелтілді. Бұл — жыл соңына дейін өткен жылғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін екенін аңғартады.Экспорт көлемінің ұлғаюына бірнеше фактор ықпал етті: сапалы өнім өндіру, қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуы және шетелдік нарықпен тиімді байланыс орнату. Сонымен қатар, мемлекеттің ауыл шаруашылығына бағытталған қолдау бағдарламалары да өз әсерін тигізіп отыр.Алматы облысы бүгінде ет, құс еті, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін экспорттауда алдыңғы қатарға шықты. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайы мен еңбекқор шаруалары сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.Агроэкспорттың артуы — тек экономикалық пайда ғана емес, бұл – ауылда жұмыс орындарының көбеюі, фермерлердің табысының артуы және өңірлік экономиканың нығаюы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063154?lang=kk
Кендала ауылында жаңа автобус бағыты іске қосылды 07.09.2025
Талғар ауданының Кендала ауылында тұрғындар үшін маңызды жаңалық – жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бұған дейін дачалық массив тұрғындары балалардың мектепке, ал ересектердің аудан орталығына жетуінде қиындықтар туындап келген еді.Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша автокөлік және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, бөлім басшысы Асқат Досжановтың жетекшілігімен, №4 маршрут қозғалысын түзетіп, жаңа бағыт енгізді. Енді «Тегістік» бау-бақша серіктестігін Талғар қаласымен байланыстыратын автобус 13 көшені қамтиды.Маршрут саяжайларға кіріп, Сейфуллин атындағы №2 мектептің, аудандық аурухананың, әкімдіктің, орталық базардың жанынан өтіп, қала орталығына шығады. Бірден төрт автобус жолға шығарылып, ауыл тұрғындарының қатынауына едәуір жеңілдік жасалды.Жолақы Alempay картасымен – 120 теңге, балаларға – 60 теңге, қолма-қол – 200 теңге болып белгіленді. Асқат Досжановтың айтуынша, жаңа бағыттың ашылуы тұрғындардың көпшілік өтініштеріне тікелей жауап болды.Бұл өзгеріс Кендала ауылдық округінің тұрғындары үшін оқу, жұмыс және медициналық мекемелерге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік беріп, олардың өмір сапасын арттыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063155?lang=kk
Инвестиция көбейді: Алматы облысына 1,35 триллион теңге 07.09.2025
Алматы облысы соңғы жылдары қаржы тарту жағынан үлкен серпіліс жасап келеді. 2024 жылы өңірге 1 триллион 17,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион 352 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.2022–2024 жылдар аралығында облыста 724 миллиард теңгеге жуық қаржыға 98 жоба жүзеге асты. Соның арқасында 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Биыл тағы 35 ірі жоба қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында "PepsiCo" зауыты мен "LC Waikiki" компаниясының қойма кешені бар.— Алматы облысы қазір шетелдік және отандық кәсіпкерлер үшін қолайлы аймаққа айналды. Алдағы жобалар өңірдің дамуына тың серпін береді, — деді облыстық экономика және жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.Тартылған әр теңге — жаңа жұмыс орындары, заманауи өндіріс пен тұрақты табыс көзі. Бұл — облыстың жарқын болашағына жасалған нық қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063151?lang=kk
Экономикалық серпін: Алматы облысы алдыңғы қатарда 07.09.2025
Алматы облысы – бүгінде тек табиғаты көркем өңір ғана емес, экономикалық қуаты артып келе жатқан алдыңғы қатарлы аймақ. 2024 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 триллион теңгеге жетіп, 104,8 пайыздық өсімді көрсетті. Бұл – жай ғана статистика емес, нақты істер мен терең өзгерістердің көрінісі.Республика бойынша үздік бес өңірдің қатарынан табылу – кез келген аймақ үшін үлкен жетістік. Ал бұл көрсеткішке жету үшін Алматы облысы соңғы үш жылда тың серпінмен дамып, 2021 жылы республика бойынша 10-орында, 2022 9-шы орынды көрсетсе, бүгінде 5-орынға орнықты. Мұндай өрлеу – кездейсоқтық емес, жүйелі саясат пен батыл шешімдердің жемісі.Облыс бұрын аграрлық аймақ ретінде танылса, қазір өндіріс пен инвестицияның жаңа белесіне көтеріліп келеді. Мысалы, 2022 жылдан 2024 жылға дейін өнеркәсіп саласының өсімі 16,9 пайызды құрап, өндіріс көлемі 1 трлн 930 млрд теңгеге жетті. Бұл – отандық өнімнің үлесі артып, жаңа жұмыс орындарының құрылып, өңір халқының тұрмысы жақсаруда деген сөз. Сарапшылар 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 трлн 210 млрд теңгеге жетеді деп болжап отыр.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз да осы бағыттағы міндеттерді айқындап берді:
– Біздің басты мақсатымыз – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.Алматы облысының бүгінгі экономикалық қарқыны – нақты көрсеткіштермен дәлелденген табыс жолы. Бұл – жергілікті билік пен халықтың ортақ еңбегінің нәтижесі. Ал алдағы уақыттың еншісінде – өндірісті әртараптандыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау міндеті тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063150?lang=kk
БҰҰ Қазақстанның «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастамасының маңыздылығын растады 07.09.2025
БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығына орай БҰҰ Бас Ассамблеясы «БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық» қарарын қабылдап, онда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастамасына қолдау білдірілді.Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ҚР Президенті ұсынған және Мемлекеттер басшылары кеңесі мақұлдаған бастама БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлі жағдайында неғұрлым әділетті, демократиялық және көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жаһандық күш-жігерге маңызды үлес болып танылды.БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарды қабылдауы мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, барлық елдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және өзара сенім мен серіктестік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастаманың халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тапқанының айқын дәлелі болды.Аталған құжат Қазақстанның әлемдік қауымдастықта сұранысқа ие бастамаларды ұсынатын орта держава ретіндегі өскелең рөлін көрсетіп, ШЫҰ-ның жаһандық аренада ұстанымы барған сайын белсенді естілетін беделді өңірлік ұйым ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1063140?lang=kk
Маңғыстауда Молдова Республикасымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 06.09.2025
Бүгін, 4 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Штефан Гордамен кездесті. Кездесуде өңірдің экономикалық даму бағыттары мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды. Әкім Маңғыстаудың мұнай-газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, агроөнеркәсіп кешені, туризм салаларындағы әлеуетін таныстырды. Әсіресе Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктері мен Транскаспий көлік дәлізінің маңызына назар аударылды. Бүгінде облыс Еуропа мен Азия арасындағы маңызды транзиттік аймаққа айналып отыр. Жылдық жүк өткізу қабілеті 20,8 млн тоннаны құрайтын порттар Қытай, Орталық Азия елдері мен Ресей аймақтарынан Түркия және Еуропаға дейін тиімді логистикалық қатынасты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту, екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда Маңғыстау мен Молдова арасындағы сыртқы сауда айналымы 161 мың АҚШ долларын құрап отыр. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдауға дайын екенін атап өтті. – Бұл кездесу біздің елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік деп санаймын. Маңғыстау облысы өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында зор әлеуетке ие. Біз Молдова Республикасымен осы бағыттарда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uiir/press/news/details/1063090?lang=kk
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 06.09.2025
Астана, 2025 жылғы 6 қыркүйек – Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын түрлі салаларда оны одан әрі нығайтуға ортақ мүдделілік білдірді.М.Нұртілеу өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін халықаралық құқық қағидаттарына негізделген берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1063074?lang=kk
Шымкентте «Оқитын ұлт» жобасының тұсауы кесілді 06.09.2025
Ұлттық құрылтайда айтылған Мемлекет басшысының бастамасы аясында республикалық жоба қолға алынды. Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының ресми тұсаукесері өтті. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамасы аясында көтерілді. Шараға университет және колледж оқытушылары, тәрбиешілер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Жоба «Кітап оқуын ұлт» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – елімізде кітап оқу мәдениетін дамытып, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, барлық жастағы азаматтарды сапалы әдебиетпен қамтамасыз ету. Жоба жан-жақты құрылымға ие және алты санатты қамтиды: Оқу мектебі Оқу колледжі Оқу университеті Оқу мұғалімі Мемлекеттік қызметшінің оқуы Оқу отбасы Әрбір қатысушы өз санаты үшін арнайы әзірленген тізімнен 15 жұмысты оқуы керек. Тізім Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, ғылыми институттардың және академиялық қоғамдастықтың өкілдері кірген сараптамалық топтың ұсыныстары негізінде бекітілді. Кітаптардың мазмұны мен көлемі оқырмандардың жасына және кәсіби бағдарына сәйкес таңдалады. Ең қысқа шығарма 120 бет, ал ең ұзыны 700-ден аспайды. Орташа алғанда бір кітап 300-400 бетті құрайды. Жобаның бағдарламалық тобының жетекшісі Бекарыстан Аманжоловтың айтуынша, бастаманың басты ерекшелігі – кітап оқуды ынталандыру үшін құрылған үлкен жүлде қоры. "Қазіргі таңда Қазақстан кітап оқитын елдердің әлемдік рейтингінде төменгі орында тұр. Біздің мақсатымыз - бұл көрсеткішті жақсартып, алғашқы ондыққа кіру. Ол үшін біз адамдарды қызықтыру үшін материалдық ынталандыру әдісін қолдандық. Әр номинация бойынша жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде сыйлық беріледі", - деді ол. Жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Әрбір санат беріледі: 1 орын – 1 000 000 теңге 2 орын – 600 000 теңге 3 орын – 400 000 теңге Жоба аясындағы іс-шаралар Жоба әртүрлі шараларды қамтиды: мектеп оқушылары үшін – әдеби байқаулар; колледж және университет студенттері үшін – дебаттар; мұғалімдер үшін – викториналар мен викториналар; мемлекеттік қызметшілер үшін – кәсіби әдебиеттер бойынша пікірталас. «Оқушы отбасы» аталымында кемінде бес адамнан тұратын отбасы мүшелері шығармаларды бірге оқып, талқылайды, сол арқылы үлгі көрсетеді. Қыркүйек-ақпан айлары аралығында қатысушылар кітап оқып, әр шығармаға қысқаша шолу жазады. Бүкіл процесс «Оқу» деп аталатын арнайы онлайн жүйесі арқылы бақыланады. Бұл платформа сіз оқыған кітаптарды тіркеуге, қатысушылардың рейтингтерін бақылауға және жарыстың әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бас демеуші – «Алайгом электр» компаниясы. Негізгі серіктестер қатарына «АМАНАТ» партиясы мен жергілікті атқарушы органдар кіреді. Қазіргі уақытта жоба пилоттық түрде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстанды қамту жоспарлануда.