Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді 01.07.2026
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды.Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді.Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті қолдау алғаш рет енгізіліп отыр.Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі өзгермейді.Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарлары – адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізі ретінде дамыту конституциялық деңгейде алғаш рет айқындалды.Ата Заңымыз Конституция үстемдігін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде, оның ең жоғары заңды күшін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылуын бекітеді. Барлық заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер тек Конституцияның негізінде, сондай ақ оны орындау мақсатында қабылдануға және оған қайшы келмеуге тиіс.Бұған дейін сот төрелігі қағидаттарының қатарында бекітіліп келген заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы туралы ережелер конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституциялық мәртебеге ие болды. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күшіне тыйым салу барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін жалпыға бірдей міндетті талап ретінде бекітілді.Конституциялық заңдармен реттелетін мәселелердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық мәртебесі, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот, сот жүйесі, арнаулы құқықтық режимдер және мемлекеттік құрылыстың өзге де мәселелері енгізілді. Бұл олардың құқықтық реттелуінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді.Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы беріле отырып, халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Бұл қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын күшейтеді. Заң шығарушы биліктің жаңа үлгісі жасалып, мемлекеттік институттар арасында өкілеттіктер қайта бөлінді.Адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды. Конституция қылмыстық сот ісін жүргізудегі негізгі кепілдіктерді сот қызметінің қағидаттары ретінде емес, бас бостандығы нақты шектелген сәттен бастап барлық мемлекеттік органдар сақтауға міндетті әрбір адамның ажырамас құқықтары ретінде бекітті. Олардың қатарында нақты ұсталған сәттен бастап қорғалу құқығы, бас бостандықтың шектелуіне сот бақылауы, негізсіз ұстауға тыйым салу, сұрақтарға жауап бермеу құқығы, өз-өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы («Миранда қағидалары»), сондай-ақ кінәсіз презумпциясы бар.Мемлекеттің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу міндеті, зияткерлік меншікті қорғау құқығы, дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікті қоса алғанда,  цифрлық құқықтарға кепілдіктер, сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың экологиялық жауапкершілігі конституциялық деңгейде алғаш рет бекітілді.Жаңа Конституцияның күшіне енуімен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Конституция үстемдігін, оның ең жоғары заңды күшін және конституциялық құндылықтардың бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ете отырып, конституциялық бақылауды жалғастыра береді.Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстан Республикасының конституциялық дамудағы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл кезеңде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып, Конституция үстемдігі орнықты дамудың, заңдылық пен әділдіктің берік негізі бола береді.Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының барша азаматтарын жаңа Конституцияның күшіне енуімен және еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды.Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының толық мәтіні төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1159830?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1250997?lang=ru
Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі 01.07.2026
 Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды.Конституциядағы өзгерістер бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Олар: мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, сөз бостандығы және шығармашылық еркіндік, отбасы институтын қолдау, дін, волонтерлік және қайырымдылық қызмет. Аталған бағыттарға қатысты өзгерістердің іске асуы азаматтық қоғамның дамуына, құқықтық мәдениеттің нығаюына және қоғамдағы ашық диалогтың орнығуына тікелей ықпал етеді.Мәдениет саласындағы басты жаңалықтардың бірі – тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдаудың мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілуі. Бұл музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, кинематография мен концерттік ұйымдардың дамуына, сондай-ақ шығармашылық орта өкілдерін қолдауға конституциялық деңгейде басымдық берілетінін көрсетеді.Архив, кітапхана және кітап ісі үшін бұл өзгерістер мұрағаттағы құжаттарды сақтауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға, қорларды цифрландыруға, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттауға берік құқықтық негіз қалайды. Жаңа Конституция архивтер мен кітапханалардың тарихи мұраны сақтаудағы және жұртшылықтың білім алуына мүмкіндік жасайтын мекеме ретіндегі маңызын арттыра түседі.Конституцияда тіл мен мәдени әралуандылыққа қатысты қағидаттарға да ерекше мән берілген. Ата Заң әркімнің ана тілін, төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға кепілдік береді. 100-ден астам этнос өкілі тұратын және 1 мыңнан астам этномәдени бірлестік қызмет ететін Қазақстан үшін бұл қағидаттардың маңызы орасан. Олар еліміздегі мәдени мұраны сақтауға, тілдің дамуына және ортақ азаматтық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді.Конституциядағы өзгерістердің маңызды бағыты – сөз бостандығы және шығармашылық еркіндікті қамтамасыз ету. Жаңа Конституция сөз бостандығына, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне, ақпаратты заңда белгіленген тәртіппен еркін алу және тарату құқығына кепілдік береді. Сонымен қатар цензураға тыйым салынып, зияткерлік меншік құқығының қорғалуы конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының, авторлар мен баспагерлердің, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, креативті индустрия өкілдерінің, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және мәдени мазмұндағы өнім әзірлейтін ұйымдардың қызметін құқықтық тұрғыдан нығайтады.Бұл қағидаттардың кәсіби журналистика үшін маңызы зор. Бүгінде Қазақстанда бес мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Цифрлық платформалардың, әлеуметтік желінің, жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы және ақпарат көлемінің артуы кәсіби журналистикаға қойылатын талапты күшейте түсті. Осындай жағдайда шынайы, тексерілген әрі сапалы ақпараттың құндылығы бұрынғыдан да артады. Бұқаралық ақпарат құралдары реформалардың мәні мен мазмұнын түсіндіріп, өзекті мәселелерді қоғам талқысына ұсынады. Сондай-ақ азаматтардың маңызды ақпараттан хабардар болуын қамтамасыз етіп, ашық диалог мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.Конституцияда сөз бен шығармашылық еркіндігіне, ақпаратты заңда белгіленген тәртіппен еркін алуға, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғауға берілген кепілдіктер креативті индустрияның дамуына да жол ашады. Бүгінде кино, музыка, театр, медиа, цифрлық контент, дизайн, блогинг, ойын индустриясы мен ұлттық қолөнер – мәдениеттің ажырамас бөлігі ғана емес, ел экономикасының өсіміне үлес қосып отырған маңызды бағыттар. Сондықтан жаңа конституциялық қағидаттар шығармашыл орта өкілдерін қолдауға, креативті кәсіпкерлікті дамытуға және отандық контенттің өрісін кеңейтуге негіз болады.Отбасы құндылықтарына қатысты Конституцияда неке ер мен әйелдің заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, ерікті әрі тең құқықты одағы екені нақты көрсетіледі. Сондай-ақ отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Бұл нормалар отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ана рөлін қалыптастыруға, балаларды тәрбиелеуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық мақсаттағы жұмыстардың құқықтық негізін күшейтеді.Дін саласына қатысты бірқатар қағидат та конституциялық деңгейде бекітіледі. Атап айтқанда, мемлекеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің тең болуы және дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты сақталады. Сонымен қатар ар-ождан бостандығына кепілдік беріліп, конфессияаралық келісім қоғамның маңызды құндылықтарының бірі ретінде танылады. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты Конституцияда көрініс табады.Бұл қағидаттардың Қазақстан үшін маңызы айрықша. Себебі еліміздегі орнықты дамудың негізі – бейбітшілік, сыйластық және қоғамдық келісім. Бүгінде елімізде этномәдени бірлестіктерді, қоғамдық ұйымдарды және азаматтық қоғамның өзге де институттарын қоса алғанда, 5 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді. Жаңа конституциялық қағидаттар қоғамдық келісімді нығайтуды, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздеп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты бекемдейді.Жаңа Ата заң волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты қолдауға қатысты да нормаларды қамтиды. Бұл аталған бағыттардың дамуына серпін беріп, қоғамдық белсенділіктің артуына, азаматтық бастамалардың кеңеюіне, ізгілік пен жанашырлық құндылықтарының кеңінен дәріптелуіне негіз болады. Елімізде волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық және филантропиялық қызметке үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға үнемі қолдау көрсетіліп келеді.Осылайша, бүгіннен бастап Конституцияның жаңартылған нормалары мәдениет, ақпарат, архив, кітапхана, кітап ісі, дін салаларындағы және азаматтық қоғам институттарымен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағдарын айқындайды. Жаңа Ата заң қағидаттары құқықтық мәдениеттің қалыптасуын, шығармашылық орта мен кәсіби журналистиканың дамуын, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің артуын мақсат етеді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі 01.07.2026
Құрметті отандастар!Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!Қазақстан Республикасы жасай берсін!Халқымыз мәңгі жасасын! Дереккөз: akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1251636?lang=ru
БҰҰ инспекциясы қазақстандық бітімгерлер қызметінің деңгейін жоғары бағалады 01.07.2026
Голан жоталарындағы «БҰҰ-ның ажыратуды бақылау күштері» миссиясы командирінің резервтік бітімгерлік ротасының үшінші құрамымен миссия штабының бастығы полковник Ануп Бикрам Рана кездесті.Сапар барысында миссия өкілі инфрақұрылым нысандарын, инженерлік техниканы, операциялық құралдарды қарап шығып, жауапкершілік аймағындағы БҰҰ бақылау бекеттерінің жұмысымен танысты.Қазақстандық әскери қызметшілермен өткен кездесуде полковник Ануп Бикрам Рана қызметті ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қойылған міндеттерді одан әрі орындау мәселелерін талқылады. Тараптар миссия мандатын орындауға байланысты басым бағыттарға ерекше назар аударды.Еске сала кетейік, қазақстандық бітімгерлік контингент халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Олар жауапкершілік аймағындағы ахуалды тәулік бойы бақылап, аумақты патрульдейді және қақтығыс тараптары арасындағы атысты тоқтатуды қамтамасыз етуге қатысады.Бітімгерлер жергілікті аумақты жедел минасыздандыру, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жою міндеттерін орындайды.Сонымен қатар олар миссия нысандары мен бекеттеріне қызмет көрсетіп, БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, гуманитарлық жүктерді алып жүреді және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетеді.Бітімгерлердің өз міндеттерін кәсіби, адал әрі мінсіз орындауы Қарулы күштердің және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1238374?lang=ru
«Оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы аясында Финляндиядағы Қазақстан Елшілігінде әдеби кеш өтті 01.07.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 10 маусым - Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінде Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында ҚР-дың Финляндиядағы Елшілігі мен «Сәуле» мәдени қоғамының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері әрі қазақ прозасының негізін қалаушылардың бірі Ж.Аймауытовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Әсіресе қазақ әдебиетіндегі алғашқы психологиялық романдардың бірі саналатын және ұлттық мәдени мұрадан ерекше орын алатын «Ақбілек» романына ерекше назар аударылды.Әдеби кеш аясында шығарманы бірлесіп оқу және талқылау ұйымдастырылды. Қатысушылар романның негізгі сюжеттік желілерімен, идеялық мазмұнымен танысып, рухани төзімділік, білімнің рөлі, әйелдің қоғамдағы орны және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, қонақтар үшін Ж.Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған танымдық викторина өткізілді.Осындай іс-шараларды өткізу қазақ әдебиетін шетелде насихаттауға, мәдени байланыстарды нығайтуға, тарихи жадты сақтауға және отандастар мен шетелдік аудитория арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар қоғамның рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң әсерін тигізіп, Қазақстанның бай мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1238367?lang=ru
Ақмола облысы бір жыл ішінде 2 миллион турист қабылдамақ 01.07.2026
Жазғы туристік маусымда Ақмола облысына келетін туристер саны артады деп күтілуде. Болжам бойынша, өңірге жыл ішінде шамамен 2 миллион қонақ келеді. Туристерді тартатын негізгі орталық дәстүрлі түрде Бурабай курорты болады. Мұнда келушілерді қабылдауға арналған инфрақұрылым мен туристік нысандарды дайындау бойынша ауқымды жұмыстар аяқталды.Туристік маршруттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта қолданыстағы он бағыт абаттандырылып, Жүкей көлі мен Ақылбай ауылы маңында екі жаңа маршрут ашылуда. Сонымен қатар, курорттың ішкі инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Бурабайда сегіз бақылау алаңы салынды, жаңа саябақ аймағы ашылды, 45 пикник аймағы жабдықталды, ұзындығы 30 шақырым болатын велосипед жолы тағы 10 шақырымға ұзартылды, сондай-ақ 55 санитарлық-гигиеналық торап орнатылды.Көлік қолжетімділігі саласында да маңызды өзгерістер орын алуда. Осы айда Щучинск қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі. Вокзалдан жолаушыларды жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жаңа автобус бағыттары іске қосылады.Курорттың қонақүй инфрақұрылымы да белсенді түрде дамуда. Шілде айында Mövenpick қонақүй кешенін, ал желтоқсан айында бес жұлдызды Radisson Blu Burabay қонақүйін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, бес жұлдызды Dolce by Wyndham қонақүйінің құрылысы жалғасуда, ал шілде айында Holiday Inn Resort Burabay жобасын іске асыру басталады.Бурабайдың жаңа келбетіне айналатын тағы бір перспективалы жоба – заманауи конгресс-орталық. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде.Демалушылардың қауіпсіздігін 40 полиция қызметкері және құрамында 123 «ақылды» камерасы бар заманауи интеллектуалды бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етеді. Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінде үш құтқару станциясы жұмыс істейді. Олар жазғы маусым кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1238373?lang=ru
KazAID-те Иран елшісімен кездесу өтті 01.07.2026
Астана, 2026 жылғы 10 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің кеңсесінде агенттік басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен жұмыс кездесуі өтті.Иран Елшісі жақында 16 мамырда иран тарапына жеткізілген қазақстандық мейірім жәрдемі үшін ризашылық білдіріп, рахметін айтты.Ж. Асанов әңгіме болып отырған қайырым миссиясының ел Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқанын айтып, Қазақстан мен Иран арасында талай ғасыр жалғасып келе жатқан жақын да туыстық қатынастарды атап өтті.  Әңгіме барысында екі жақ суды үнемді пайдалану және экономика мен әл-ауқатты көтеруге септігін тигізетін ғылыми-техникалық потенциалды көтеру мәселелеріне баса көңіл бөле отырып, екіжақты  әрекеттестік мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғады.Кездесу соңында тараптар жұмыс бабында өзара байланысып тұруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1238357?lang=ru
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі кездесті 01.07.2026
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді.Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды  құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $115,3 млн-ды құрады. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1238321?lang=ru
«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы 01.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238315?lang=ru
Қазақстан Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы комитетінде бақылаушы мәртебесін алды 01.07.2026
Қазақстан Республикасына Жеке деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы комитеті жанындағы бақылаушы мәртебесі ресми түрде берілді. Бұл шешім Комитеттің Страсбургте өткен 50-ші жалпы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Іс-шараға ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев қатысты. Бұл алаң цифрландыру жағдайында жеке деректерді қорғау және құпиялылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қалыптастыратын негізгі халықаралық институт болып табылатынын атап өткен жөн.«Бақылаушы мәртебесін алу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл бізге халықаралық серіктестермен тәжірибе алмасуға және озық әлемдік тәжірибелер негізінде жеке деректерді қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Досжан Мұсалиев.Сессия аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министрі №108 конвенция комитетінің төрағасы Беатрис де Анкоренамен және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесулер өткізді. Тараптар деректерді қорғау және цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Бұл орайда, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке деректерді қорғау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабында бекітілгенін қоса кеткен жөн. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық ортада азаматтардың деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық механизмдер мен құралдарды жүйелі түрде дамытып келеді, ал жаңа бақылаушы мәртебесі Қазақстанға халықаралық бастамаларды талқылауға белсенді қатысуға, Конвенцияға мүше мемлекеттердің тәжірибесін қабылдауға және ұлттық реттеуге заманауи стандарттарды интеграциялауға мүмкіндік береді.Айта кетейік, Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы - жеке деректерді қорғау саласындағы құпиялылықтың жаһандық стандарттарын айқындайтын алғашқы және жалғыз көпжақты міндеттеуші келісім. Конвенция комитеті цифрлық технологиялар дәуірінде осы нормаларды өзектендіруге жауапты, халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді және қатысушы елдерге ұлттық заңнаманы киберқауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлеріне бейімдеуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1238300?lang=ru
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев жас сарбаздармен кездесті 01.07.2026
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген жас сарбаздармен тағылымды кездесу өтті. Әскери қызметшілер алдында көрнекті әскери қайраткер, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сөз сөйлеп, әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік, тәртіп пен Әскери антқа адалдық туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ол өзінің өмірлік және әскери жолынан сыр шертіп, жас жауынгерлерге ақыл-кеңесін айтты.– Әскери қызмет – қару ұстауды үйрететін орта ғана емес, ең алдымен мінезді шыңдайтын үлкен мектеп. Бүгін сіздер Қазақстанның қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау жолындағы алғашқы қадамдарыңызды жасап отырсыздар. Уақытты тиімді пайдаланып, білім алып, жан-жақты дамуға ұмтылыңыздар. Әскер сіздерді шыңдап, елінің тағдырына бейжай қарамайтын жауапты азамат ретінде қалыптастырады. Мемлекеттің сенімі мен ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар, – деді генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.Кездесу барысында әскери бөлім командирі полковник Жандар Әшірбеков те жас сарбаздарға ізгі тілегін білдіріп, олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады.- Әскери ұжым – үлкен отбасы. Бүгіннен бастап сіздер Ұлттық ұлан сапына қосылдыңыздар. Біз әрбір әскери қызметшінің жан-жақты дамуына, әскери мамандықтарды меңгеруіне және қызметті қауіпсіз өткеруіне барлық қажетті жағдайды жасап келеміз. Тәртіпті берік ұстанып, Әскери антқа адал болыңыздар. Сонда бұл кезең өмірлеріңіздегі үлкен тәжірибе мектебіне айналады, – деп атап өтті әскери бөлім командирі.Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жас сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Әсіресе генералдың жауынгерлік жолы мен өмірлік тәжірибесіне қатысты әңгімелері әскери қызметшілерге ерекше әсер қалдырды. Кездесу туралы әсерімен жас сарбаз Олжас Өтепберген де бөлісті.– Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды болды. Генералдың өмір жолы мен айтқан ақыл-кеңестері бізге үлкен мотивация берді. Оның әскери қызмет туралы әрбір сөзі әр сарбаздың жүрегінен орын алды деп ойлаймын. Біз өзімізге артылған сенімді ақтап, Отанымызға адал қызмет ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деді жас жауынгер.Айта кетейік, мұндай кездесулер жас сарбаздардың патриоттық рухын нығайтып, әскери қызметтің мәні мен маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Ардагер генералдың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды өсиеттері жас жауынгерлердің жадында ұзақ сақталары сөзсіз. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1238285?lang=ru
«Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы диалог кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 01.07.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, адвокаттар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, ғалымдар мен құқық саласының мамандары қатысты.Аймақ басшысы бес жыл бұрын қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа стандарттарын қалыптастырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы: «Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді», – деді.Бұл мемлекеттік органдардың жұмыс мәдениетін өзгертіп, қабылданатын шешімдердің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды күшейтті. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте өңіріміздегі сот қауымдастығы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз еліміздегі құқық үстемдігін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да Президентіміздің Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы ортақ жұмысымыз жалғаса беретініне сенімдімін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры, PhD докторы Айнұр Исаева сөз сөйледі.Аймақта әкімшілік әділет институтының тиімділігі нақты нәтижелерімен көрініс тапты. Кейінгі бес жылда облыс соттарына 6 мыңға жуық әкімшілік талап қою арызы түсіп, 5 мыңнан астамына тиісті шешім қабылданған.Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтерген маңызды бастамалардың бірі «е-Өтініш» бірыңғай платформасы. Аталған жүйе азаматтардың өтініштерін ашық әрі тиімді қарауға, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналды.2021 жылдан бері өңірдің мемлекеттік органдарына 220 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа мәдениеті қалыптасып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі арта түскенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238281?lang=ru
Қаланы тұрақты жылумен қамтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда 01.07.2026
Қалада алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Арнайы іс-сапар барысында жылу энергетикасы нысандары араланып, атқарылып жатқан жөндеу науқанының барысы қадалды.Биыл қаланың жылу жүйесін дамытуға өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп қаражат — 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауқымды инвестиция магистральдық жылу желілерін қайта жаңғыртуға, ЖЭО жабдықтарын жаңартуға, қазандықтарды жөндеуге және кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын іске асыруға жұмсалуда.Қазіргі уақытта Дощанов, Тәуелсіздік және Шақшақ Жәнібек батыр көшелеріндегі жылу магистральдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, ЖЭО, ЖЭО-2 және №3 қазандықта дайындық шаралары үздіксіз жүргізілуде. Ал ЖЭО-ның негізгі бу құбырын қайта жаңғырту жұмыстары қазірдің өзінде аяқталуға жақын. Барлық нысандардағы жұмыс бекітілген жоспарға сай әрі сапалы атқарылуда.Бұдан бөлек, жылу жүйесін басқару ісі де заман талабына сай өзгеріп келеді. Жаңартылған диспетчерлік қызмет жұмысына жылу энергетикасы нысандарын бақылау мен басқаруды жеңілдететін заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Бұл қаланың тыныс-тіршілігін автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді.Өткен жылдың жаз мезгілінде жүргізілген тиімді профилактикалық жұмыстардың арқасында қысқы маусым тұрақты өтіп, жылумен қамту нысандарында ешқандай апатты жағдайлар тіркелмеген болатын. Биыл да осы оң тәжірибені негізге ала отырып, алдағы қыста қала тұрғындарын жылумен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету басты міндет болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1238257?lang=ru
KazAID - Астанадағы ІІІ Халықаралық архившілер конгресінің ұйымдастырушыларының бірі 01.07.2026
Астана, 2026 жылғы 8 маусым – Елордада ҚР Президенті архивінің бастамасымен ұйымдастырылған «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) ІІІ Халықаралық архившілер конгресі басталды. «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі - әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам сарапшы, ғалым және IT-индустрия өкілдерінің басық қосқан ауқымды форумның ұйымдастырушыларының бірі.Конгрестің басты тақырыбы — архив ісіне өтпелі технологиялар мен жасанды интеллектіні (AI) кіріктіру. Қатысушылар процестерді автоматтандыруды, инновациялық архивтік экожүйелерді орнықтыруды және цифрлық деректер массивтерін ұзақ мерзімді сақтауды талқылауда. Форум аясында архив саласына арналған озық IT-шешімдердің интерактивті көрмесі ұйымдастырылған.KazAID осындай ғылыми-практикалық және технологиялық платформаларды қызу қолдайды. Агенттіктің конгресті ұйымдастыруға қатысуы — ынтымақтастықты одан әрі нығайту, серіктес елдер арасындағы институционалдық байланыстарды кеңейту және ақпаратты басқару мен ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы озық тәжірибемен тиімді алмасуды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.БАҚ үшін байланыстар: a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1238228?lang=ru
Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті 01.07.2026
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді.Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды  құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $115,3 млн-ды құрады. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1238216?lang=ru
«Мөлдір бұлақ» командасы «Менің отаным - Қазақстан» облыстық слетін бағындырды! 01.07.2026
09 июня юные туристы и исследователи из КГУ «Опорная школа им. К. Сатпаева» отправились на областной слёт и вернулись не с пустыми руками!Команда «Мөлдір бұлақ» из 9 ребят доказала: наша малая Родина богата талантами. Вот как это было:1. 🎬 «Моя малая Родина» - серебро за самый креативный ролик! Исабекова Адия, 9 класс Адия показала через камеру всю красоту родного края и взяла 2 место! Её видео тронуло жюри искренностью и любовью к малой Родине.2. 🗺️ «Лучший экспедиционный проект» Акбердиев Жибек Жибек представила исследовательский проект, который впечатлил экспертов своим масштабом и практической значимостью.3. 🏔️ «Туристская полоса препятствий» - испытание на силу и командный дух! Команда в составе: Аубакир Сүлеймен, Хавдрасалұлы Аманжол, Балташева Рабия, Берікұлы Әбілмансұр Ребята прошли трассу на скорость, ловкость и взаимовыручку. Настоящие туристы!4. 🧭 «Спортивное ориентирование» - кто быстрее найдёт путь? Серғазы Нұрәли и Миземхаан Сұңқар С картой и компасом наперегонки со временем. Чёткая работа и хладнокровие!5. 🎸 «Туристские песни» - вечер у костра без костра Ильичев Руслан Руслан зажёг публику живым исполнением на гитаре. Атмосфера настоящего похода!Итог: Все 9 участников команды «Мөлдір бұлақ» получили сертификаты и памятные призы. Гордимся каждым! 💙Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1238173?lang=ru
Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспий теңізі акваториясында штурмандық жорық өткізді 01.07.2026
 Әскери теңізшілер Каспий теңізінің орталық бөлігінде кемелерді басқару және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындады.Жорыққа қатысушылар вахталық ауысымдар құрамында әрекет етіп, штурмандық вахтаны өз бетінше атқару дағдыларын жетілдірді.– Іс-шаралар кәсіби шеберлікті, кеме жүргізу дағдыларын және штурмандық қызметті ұйымдастыру деңгейін арттыруға бағытталды. Мамандар вахталық офицер ретінде іс-қимылдарды пысықтап, штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтті, – деп нақтылады «Орал» зымыран-артиллериялық кемесінің штурмандық жауынгерлік бөлімінің командирі аға лейтенант Асылбек Оразбаев.Теңіз аймағының ерекшелігін зерделеуге, навигация әдістерін тәжірибеде қолдануға, бағытты белгілеу мен қалыптасқан жағдайға қарай кеменің бағытын түзету дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.Тәжірибелік дайындық қызметтік-жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада өткізілді. Бұл әскери қызметшілерге штурмандық қызметті ұйымдастыруда қосымша тәжірибе жинақтауға, жағдайды жедел бағалауға және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін нығайтуға мүмкіндік берді.Штурмандық жорық аяқталғаннан кейін офицерлер даярлықтың негізгі бағыттары бойынша сынақ тапсырып, жоғары деңгейдегі білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.Штурмандық даярлық әскери-теңіз мамандарының жауынгерлік машығының негізгі элементтерінің бірі саналады. Ол жеке құрамның жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтап, теңіз шебін қорғау міндеттерін тиімді орындауға және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1238132?lang=ru
Жаңа Құрылыс кодексі 01.07.2026
2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл кодекс құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ құрылыс рәсімдерін жеңілдетіп, ашық етуге бағытталған. Кодексті қабылдау мемлекет, бизнес және азаматтар үшін заманауи талаптар мен технологияларды ескере отырып, түсінікті жұмыс жағдайларын қалыптастыруды көздейді.Жаңа Құрылыс кодексі - құрылыс саласында тәртіп орнатуға, қауіпсіздікті арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды құжат.Кодекс реформаларды кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді. Кепілдік міндеттемелер күшейтіліп, цифрлық технологиялар кеңінен енгізіледі. Сонымен бірге жобалау, сараптама және құрылыс барысын бақылау жүйелері жаңғыртылады.Материалдарға сәйкес Құрылыс кодексіне енгізілетін негізгі жаңашылдықтар көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238032?lang=ru
Орталық Азия мен Скандинавия тұрақты ынтымақтастық жолында 01.07.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 9 маусым - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Скандинавия-Орталық Азия тұрақты бизнесін дамыту жөніндегі қауымдастықтың («SCABA») Бас хатшысы Илкка Ряйсяненмен кездесті.«SCABA» - Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы берік іскерлік байланыстарды орнатуға бағытталған бизнес-бағдарланған ұйым.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті бағыттарын талқылады.Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстанның Орталық Азияда бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1238048?lang=ru
Ақжайық ауданының Үштөбе ауылында 60 орындық мектептің құрылысы басталды 01.07.2026
1970 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Күні бүгін нысанның тозуы байқалып, қазіргі техникалық жағдайы толықтай заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Соның салдарынан білім беру үдерісі жайсыз әрі қауіпсіздігі төмен ортада жүзеге асырылып отырЖаңа мектептіңЖер аумағы: 1,2 гаҒимарат ауданы: ~1600 м2Мектеп ішінде:Оқу сыныптарыЕңбек кабинеттері (ұлдарға және қыздар арналған)Кітапхана және оқу залы96 орынға арналған акт залыАсханаМедициналық кабинетӘкімшілік кабинеттерСпорт залыАумақ және алаңдар:Комбинацияланған ойын алаңыБастауыш сыныптарға арналған ойын алаңдарыМини-орталыққа арналған алаңДемалыс аймағыСалтанатты жиын алаңыБаскетбол және волейбол алаңдарыЖаңа мектеп оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беретін болады. Заманауи талаптарға сай салынатын білім ордасы балалардың дамуына, сапалы білім алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа мектепті алдағы оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238074?lang=ru