Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Ақжайық ауданының Үштөбе ауылында 60 орындық мектептің құрылысы басталды 01.07.2026
1970 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Күні бүгін нысанның тозуы байқалып, қазіргі техникалық жағдайы толықтай заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Соның салдарынан білім беру үдерісі жайсыз әрі қауіпсіздігі төмен ортада жүзеге асырылып отырЖаңа мектептіңЖер аумағы: 1,2 гаҒимарат ауданы: ~1600 м2Мектеп ішінде:Оқу сыныптарыЕңбек кабинеттері (ұлдарға және қыздар арналған)Кітапхана және оқу залы96 орынға арналған акт залыАсханаМедициналық кабинетӘкімшілік кабинеттерСпорт залыАумақ және алаңдар:Комбинацияланған ойын алаңыБастауыш сыныптарға арналған ойын алаңдарыМини-орталыққа арналған алаңДемалыс аймағыСалтанатты жиын алаңыБаскетбол және волейбол алаңдарыЖаңа мектеп оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беретін болады. Заманауи талаптарға сай салынатын білім ордасы балалардың дамуына, сапалы білім алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа мектепті алдағы оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238074?lang=ru
📌 Қазақстан Республикасындағы кеден өкілі туралы. 01.07.2026
Кеден өкілі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген және декларациялаушының немесе басқа да мүдделі тұлғалардың атынан әрі олардың тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.🤝 Кеден өкілі өз қызметін клиентпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады және оның мүдделерін кеден органдарында қорғайды.🎯 Кеден өкілінің негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кәсіби қызмет көрсету, тауарларды кедендік ресімдеуді дұрыс ұйымдастыру, кеден заңнамасының талаптарын сақтау және кедендік бақылау рәсімдерін жеделдетуге жәрдемдесу.📋 Кеден өкілінің негізгі функциялары:✅ кедендік декларацияларды дайындау және тапсыру;✅ клиенттің атынан кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау;✅ кеден заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беру;✅ кедендік ресімдеуге қажетті құжаттарды тексеру;✅ тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша кодтарын анықтау;✅ кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу;✅ импорт, экспорт және транзит кезінде кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.⚖️ Кеден өкілі өз қызметін жүзеге асыру барысында қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.📑 Сонымен қатар, ол ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен кеден заңнамасы талаптарының сақталуына жауап береді.📦 Осылайша, кеден өкілі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдары арасындағы кәсіби делдал болып табылады және тауарларды кедендік ресімдеудің заңдылығын, тиімділігін және жеделдігін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1238102?lang=ru
2026 жылғы 2 маусымда БҚО құрылыс басқармасының басшысы Ақжайық шағынауданындағы жаңа тұрғын кварталдардың құрылыс алаңдарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі кеңес өткізді 01.07.2026
2026 жылғы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Ақжайық шағынауданындағы жаңа тұрғын кварталдардың құрылыс алаңдарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі кеңес өткізді.Қадағалау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы бағаланып, мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне нысандарды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.Құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқыны тұрақты бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238106?lang=ru
Қазақстанның ОСК делегациясы Арменияда өткен сайлауды халықаралық байқауға қатысты 01.07.2026
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын халықаралық байқауға қатысты.Сондай-ақ халықаралық байқаушылар қатарында ОСК мүшелері Азамат Айманақұмов пен Ләззат Сүйіндік, Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК өкілдері болды.Арменияға келгеннен кейін халықаралық байқаушылар үшін парламенттік сайлауды өткізуге дайындық шаралары мен оның негізгі аспектілері бойынша таныстырылым ұйымдастырылды.Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен екіжақты кездесу өткізілді. Ол сайлау науқанының барысы, қолданылып жатқан технологиялық шешімдер және электоралдық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы айтып берді.Тараптар сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.Сайлау күні Қазақстан ОСК өкілдері Ереван қаласындағы № 9/11, 9/12, 9/19, 9/28, 9/29, 9/35, 9/36, 9/41, 9/43, 9/44, 9/46, 9/49, 9/50, 9/60  сайлау учаскелерінде болып, сайлау комиссияларының жұмысымен және дауыс берушілер үшін жасалған жағдайлармен танысты. Сондай-ақ делегация делегация сайлау учаскелеріндегі дауыс берудің аяқталуын ұйымдастыру және бюллетеньдерді санау рәсімдерін байқауға қатысты.Көру қабілеті бұзылған тұлғалардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін оларға сайлау бюллетеньдеріне арналған Брайль шрифтісі бар трафареттер ұсынылды.Дауыс беру барысы мен алдын-ала қорытындылар Армения ОСК-ның Ақпарат орталығында қолжетімді болды.Байқау қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұлттық заңнамада белгіленген рәсімдердің сақталғанын атап өтті. Сайлаушыларды анықтайтын технологиялар пайдаланылды.Армения, АҚШ, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Эстония Орталық сайлау органдары делегацияларымен кездесулер барысында Нұрлан Әбдіров Қазақстанда өткен республикалық референдумның қорытындылары, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері және сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы әріптестерін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын халықаралық байқауға қатысуға шақырды.Анықтама үшінАрмения Республикасы - парламенттік республика. Ұлттық Жиналыс - елдің бір палаталы парламенті, оның депутаттары бес жыл мерзімге пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланады. Парламентке өту үшін саяси партия сайлаушылардың кемінде 4 пайыз дауысын жинауы тиіс. Екі партиядан тұратын блок үшін 8 пайыздық өту шегі белгіленген, ал үш және одан да көп партиялардың бірлестіктері үшін - 10 пайыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1237970?lang=ru
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау 01.07.2026
📢 НОВО-ХАЙРУЗОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!Мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға түрлі әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді.✅ Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — табысы төмен отбасыларға берілетін ақшалай көмек.✅ Тұрғын үй көмегі — тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған көмек.✅ Мемлекеттік қолдау — әлеуметтік төлемдер, кеңес беру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жәрдем көрсету.✅ Мұқтаждық деңгейін бағалау — отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау және тиісті қолдау шараларын тағайындау мақсатында жүргізіледі.📞 Анықтама телефоны: 8 (72341) 2-73-37Барлық сұрақтар бойынша «Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1237982?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер-елдің мақтанышы! Дөңгелек үстел 01.07.2026
Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы!Ново-Хайрузовка ауылдық клубында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел форматындағы кездесу өтті.Шараны клубтың мәдениет ұйымдастырушысы Жанна Серполовна Сохор мен ауылдық кітапхананың кітапханашысы Светлана Владимировна Козуб бірлесіп ұйымдастырды.Шараға «Девчата» тобының мүшелері (60+ жастағы аналар) мен округ әкімі аппаратының өкілдері қатысты.Кездесу бағдарламасында: ✨ Мемлекеттік рәміздер бойынша зияткерлік викторина және «Верю — не верю» (Сенесіз бе, сенбейсіз бе) ойыны өткізілді.✨ Мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, Қазақстанның бұрын қандай болғаны және қазір қандай деңгейге жеткені туралы жылы жүздесу әңгіме өрбіді.Светлана Владимировнаның жетекшілігімен өткен шығармашылық бөлімде қатысушылар командаларға бөлініп, әдемі паннолар жасады.Кездесу өте тамаша әрі жылы жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1238009?lang=ru
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өкілдері мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі делегациясының екіжақты кездесуі өтті 01.07.2026
Анықтама үшін: Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ведомство зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға және зияткерлік еңбек нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдеседі.Кездесуге корей тарапынан Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігінің Зияткерлік меншік дауларын шешу бюросының Тауар белгілері жөніндегі дауларды шешу бөлімінің директоры Чон Ильнам мырза, сондай-ақ аталған бөлімшенің директор орынбасары Ким Джэён мырза қатысты.Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде институционалдық өзара іс-қимылды дамыту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесуге қатысушылар ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, мамандардың біліктілігін арттыруға және зияткерлік меншік саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған семинарлар, оқыту бағдарламалары мен сараптамалық консультациялар сияқты бірлескен іс-шаралардың нәтижелеріне оң баға берді.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, сараптамалық тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруді қоса алғанда, болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және алдағы Меморандумға қол қою екіжақты байланыстарды нығайтуда әрі зияткерлік меншік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруда маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1237836?lang=ru
Қазақстандағы саяси реформалардың барысын серб парламентшілері жоғары бағалады 01.07.2026
Белград, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Ұлттық Скупщинасындағы (Парламент) парламентаралық достық тобының жетекшісі Борислав Антониевичпен және парламент депутаты Александр Чотричпен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.Қазақстан дипломаты депутаттарды елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, олардың мақсаты мен негізгі бағыттарын түсіндірді.Б.Антониевич Достық тобы мен Скупщина тарапынан Қазақстанмен дамып келе жатқан диалогқа қолдау көрсетілетінін растады. Ол ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделілік білдірді.Өз кезегінде А.Чотрич Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаларды жоғары бағалап, қазақстандық тәжірибенің серб парламентшілері үшін практикалық тұрғыдан қызығушылық тудыратынын атап өтті.Әңгімелесушілер парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1237849?lang=ru
Люблянада Қазақстан мен Словенияның ұлттық активтерін басқару тәжірибесі талқыланды 01.07.2026
Любляна, 2026 жылғы 8 маусым – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словенияның активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік холдингінің (slovenski državni holding) Президенті Жига Дебелякпен кездесуде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және оның мұнай-газ секторына тәуелділігін төмендетуге бағытталған жүргізіліп жатқан реформаларға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Елші ел экономикасының негізгі салалары, соның ішінде көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ инвестициялар тарту және шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Энергетика, көлік, логистика, телекоммуникация және инфрақұрылым салаларындағы ұлттық компанияларды біріктіретін Қазақстанның ірі мемлекеттік инвестициялық холдингі ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметіне ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Ж.Дебеляк қазақстандық тарапты cловенияның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі орталық институты — slovenski državni holding жұмысының құрылымы мен қағидаттарымен таныстырды. Ол холдинг энергетика, қаржы, көлік, инфрақұрылым, туризм және экономиканың басқа да секторлары сияқты салаларды білдіретін 50-ден астам компаниядағы мемлекеттік үлестерді басқаруды жүзеге асыратынын атап өтті. Словениялық әңгімелесуші сондай-ақ холдингті басқарудың корпоративтік моделі, мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру, корпоративтік басқарудың, цифрландырудың және орнықты дамудың заманауи стандарттарын енгізу жөніндегі басымдықтар туралы айтты. Тараптар мемлекеттік активтерді басқару саласында тәжірибе алмасу, корпоративтік басқаруды жетілдіру және Қазақстан мен Словения арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша сараптамалық диалогты жалғастыруға және екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1237850?lang=ru
2026 жылғы 9 маусымда Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ бірлесіп 2026 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларда(тұжырымдамаларда) көзделген жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жиналыс өткізді 01.07.2026
Жиналысқа мемлекеттік бағдарламалардың облыстық және қалалық әкімшілері, сондай-ақ, Қарағанды қаласында жобаларды іске асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиналыс барысында жобалардың іске асырылу барысы, жұмыс орындарын құру, жұмыс іздепжүрген адамдарды жұмысқа орналастыру, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелері қаралды, сондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша әкімшілерге жобаларды іске асыру барысында жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ, жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелерін пысықтау тапсырылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1237852?lang=ru
Қазақстан мен Оман азаматтық авиация және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 01.07.2026
Масқат, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанадығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Азаматтық авиация басқармасының президенті Найиф бен Али Әл Абримен кездесті.Кездесу барысында тараптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация, әуе көлігі және авиациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Елші авиация саласын жаңғырту, ұшу қауіпсіздігін арттыру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және халықаралық әуе қатынастарын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстанның өңірлік көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін күшейту жөніндегі бастамалар таныстырылды.Өз кезегінде Найиф бен Али Әл Абри Оманның Қазақстанмен авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты.Тараптар өзара диалогты жалғастыруға, әуе көлігі, тәжірибе алмасу және халықаралық озық тәжірибелерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара дайын екендіктерін растады.Сонымен қатар «Salam Air» әуе компаниясының «Масқат – Алматы – Масқат» бағыты бойынша тікелей рейстерін қайта жаңғыртудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Тараптардың пікірінше, тұрақты әуе қатынасының қайта іске қосылуы іскерлік байланыстардың, туризмнің, гуманитарлық алмасулардың және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік байланысын нығайтуға және Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесіп ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1237863?lang=ru
Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды 01.07.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 9 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы өз жұмысын бастады.Конференция делегаттарына арнап сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтудің, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын жаһандық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Конференция аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің тоғыз жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері сайланды.Ләззат Қалтаева – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Ол көптеген жылдар бойы инклюзивтілік, қолжетімділік және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге белсенді түрде үлес қосып келеді. Әсіресе, мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді.Ләззат Қалтаеваның Комитет құрамына сайлануы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін тарихи жетістік. Аталған шарттық органның құрамына алғаш рет Орталық Азия өңірінің өкілі сайланып отыр.Бұл нәтиже Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделін, еліміздің мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы дәйекті мемлекеттік саясатының мойындалғанын, сондай-ақ қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігінің халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланатынын айқын көрсетеді.Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын одан әрі ілгерілетуге және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында нығайтуға бейілдігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1238566?lang=ru
Ауыл аумағында санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 01.07.2026
Аталған жұмыстар аясында ағаштардың артық және құрғаған бұтақтарын кесу, аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ шөп шабу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл шаралар ауылдың көркін жақсартып, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, ауыл аумағын күтіп ұстау бойынша тиісті іс-шаралар тұрақты түрде атқарылатын болады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1237878?lang=ru
Тау-кен металлургия саласындағы мәселелер талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю және компанияның бас директоры Чжун Фэйчаомен кездесті. Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары талқыланды.Аймақ басшысы облыстың минералды шикізат қорының көлемі инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңір жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларға бай. Қазақстандағы ванадий қорының 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы және уранның шамамен 15 пайызы осында шоғырланған.Кездесуде «Шалқия Цинк» АҚ-ның полиметалл кен орнын игеру жобасына ерекше назар аударылды. Бұл кен орны мырыш қоры бойынша әлемдегі ең ірі бестікке кіреді, жалпы қоры 104 млн тонна.Жоба аясында жылына 4 млн тонна кен өндіретін жерасты кеніші іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі 414,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта жерасты шахтасының құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары толық аяқталған. Алдағы жылы заманауи тау-кен байыту комбинаты мен қалдық сақтау қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие концентраттарды тұрақты өндіреді. Сонымен қатар, өңірдегі энергетика, логистика және машина жасау салаларының дамуына серпін беретін ірі өндірістік орталықтың біріне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237887?lang=ru
Өңірдің туристік әлеуетін дамыту жобалары талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне арнайы келген танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымды қабылдады.Кездесуде аймақ басшысы өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тарихи-мәдени мұраларды әлемге таныстырудың маңызын атап өтті.– Ең алдымен, тарихы терең, бірлігі бекем Сыр өңіріне қош келдіңіз! Қызылорда облысы – ежелгі өркениеттердің ізі сақталған киелі мекен. Сыр бойындағы көне қалалар, тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары Ұлы Жібек жолының мыңжылдық тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар, біздің өңір табиғи ерекшеліктерімен де саяхатшылар үшін ерекше тартымды екені белгілі.Бүгінде еліміздің туристік картасына «Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Сығанақ» қалашығы және «Geopark Aral» жобасы енгізілген. Ал өңірлік деңгейдегі туристік нысандар қатарына «Ханқожа» көлі, Қорқыт ата мемориалдық кешені, «Қамыстыбас» көлінің курорттық аймағы, Жаңақорғанның балшық курорттары, «Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтер, «Жанкент» қалашығы, «Ақтас» мешіті, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал ишан кесенелері кіреді. Осы тарихи орындарға ерекше қызығушылық танытып, әлем назарына ұсынғаныңыз үшін Сізге ерекше алғысымды білдіремін! – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Өз кезегінде Дастан Мұхамедрахым Сыр жұртшылығының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта отандық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.Кездесу соңында аймақ басшысы құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай сый-сияпат табыстады.Еске салсақ, жақында әлемге танымал тревел-блогерлер Қызылорда қаласына арнайы келіп, қайта жаңғыртылған Президент саябағын аралаған болатын. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенімен танысып, «Байқоңыр» ғарыш айлағында түсірілім жүргізді.Айта кетейік, бүгінде өңір туризмін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Өткен жылы облысқа 212,3 мың турист келген, оның 199,8 мыңы – ішкі турист, 12,5 мыңы – сыртқы турист. Салаға 54,4 млрд теңге инвестиция тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237891?lang=ru
Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі қаралды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Кездесуде Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды.Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінде маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Жыл басында Байқоңыр қаласында әрқайсысы 50 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жаңғыртылуда. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын, нысанды шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.Келесі оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының білім беру стандартымен аралас мектеп ашу мақсатында №7 мектеп ғимаратын облыстық білім басқармасының қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.Кездесуде тараптар алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237899?lang=ru
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Ұлттық қорғаныс университетінің түлектерімен кездесті 01.07.2026
Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған ұландық офицерлермен кездесті.Биыл еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнын Ұлттық ұланның 24 офицері табысты аяқтады. Олардың қатарында жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша магистрлік бағдарламаларды меңгерген 19 офицер, Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің екі түлегі және докторантура бағдарламасы бойынша диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, ғылым докторы дәрежесін иеленген үш офицер бар.Кездесу барысында Бас қолбасшы түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, олардың кәсіби даярлығы құқықтық тәртіп әскерлерінің әлеуетін арттыруға және басқару жүйесін жетілдіруге тың серпін беретінін атап өтті.– Сіздер алдағы уақытта алған білім мен тәжірибені қызмет барысында тиімді қолдануға тиіссіздер. Сол арқылы әскери тәртіпті нығайтуға, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен қызметтік міндеттерді сапалы орындауға өз үлестеріңізді қосады деп үміттенемін, - деді Бас қолбасшы.Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлерді даярлау басқарушылық қабілеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды қалыптастыруға және заманауи қауіп-қатерлер жағдайында тиімді шешім қабылдай алатын әскери басшыларды тәрбиелеуге бағытталған.Бүгінде университет еліміздегі ең ірі ведомствоаралық білім беру және ғылыми орталықтардың бірі саналады. Осы оқу орнының мыңдаған түлегі Қазақстанның күштік құрылымдарында жауапты қызмет атқарып келеді.Кездесу соңында ұландық офицерлер әскери бөлімдер мен құрамаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және мемлекет мүддесін қорғау жолында қызмет ететіндерін жеткізді.Айта кетейік, жоғары әскери білім мен ғылыми даярлықтан өткен офицерлердің кәсіби әлеуетін арттыру – Ұлттық ұланды дамытудағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1237906?lang=ru
Инвестициялар, инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары: Серік Жұманғарин Торғай өңірін кешенді дамыту жөнінде кеңес өткізді 01.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қаржыландыруға және жүзеге асыруға арналған кеңес өткізді.Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет қаулысымен бекітілді. Аталған Жолдауда Торғай өңірін кешенді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту қажеттігі белгіленген болатын.Үш жылдық жоспар 10 негізгі бағыт бойынша 51 іс-шараны қамтиды. Бұлар өнеркәсіп және көлік, туризм және спорт, агроөнеркәсіптік кешен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жылу және электрмен жабдықтау, су бұру, азаматтық қауіпсіздік.Іс-шаралар өндірістік әлеуетті дамытуға, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жағдай жасауға бағытталған.Жоспарда агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікті қолдауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Арқалық қаласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Олардың ішінде 6 мың бас ірі қара малға модульдік репродуктор құру, желатин және биоактивті сүйек матрицасын шығаратын зауыт салу, 10 мың бас қой үшін мал шаруашылығы кешенін, 6 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу. Бұдан басқа, құрама жем зауытын пайдалануға беру, қуаттылығы жылына 300 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасын кеңейту және жаңғырту жоспарлануда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ағымдағы 2026 жылға жалпы сомасы 78,4 млрд теңгеге 33 іс-шараны іске асыру жоспарланғанын хабарлады. Қазіргі уақытта іс жүзінде 39,2 млрд теңге бөлінді.«Біз барлығының жоспарлы мерзімде іске асырылуы үшін қажеттінің бәрін жасаймыз. Осы жылы облыстық бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлінді. Бұл негізгі жобаларды толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік берді. Олардың ең бастысы — Арқалық әуежайының құрылысы. Бүгінгі күні қаржыландырумен әуеайлақ инфрақұрылымын қайта жаңарту, жолаушылар терминалын салу және қажетті жабдықтарды сатып алу толық қамтамасыз етілді. Жұмыс қатаң түрде кесте бойынша жүргізілуде. Осы жылғы тамызда нысан пайдалануға беріледі. Әуежайды іске қосу әуе қатынасын қалпына келтіріп қана қоймай, көлік қатынасы, инвестициялық тартымдылықты айтарлықтай арттырып, өңірді дамытудың жаңа кезеңін ашады», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Сонымен қатар Арқалықта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, бос тұрған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр, аулаішілік аумақтар мен вокзал маңындағы алаңдар жөнделуде. Қалада университет ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Жезқазған-Арқалық автожолын жөндеу жұмыстары соңғы кезеңге өтті.«Arkalyk QUS» ЖШС құс фабрикасының тең құрылтайшысы Максим Божко кәсіпорынды екі сатылы жаңғырту жобасын таныстырды. Бұл өндіріс көлемін екі есеге – жылына 150 млн-нан 300 млн жұмыртқаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.«Биыл біз 70 млн жұмыртқаға арналған жаңа құс қораларын пайдалануға беруді және өзіміздің құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы тағы 80 млн дана құс үйі іске қосылады. Екі кезеңді жүзеге асыру қорытындысы бойынша құс фабрикасының қуаты жылына 300 млн жұмыртқаға жетеді. Қазір бізде шамамен 250-270 адам жұмыс істейді. Штатты 370 қызметкерге дейін көбейте отырып, 100-ден астам қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар», — деді Максим Божко.Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға облыс әкімдігімен бірлесіп қаражатты уақтылы игеру мәселесін қатаң бақылауда ұстауды және инвесторларға жоспарланған жобаларды нақты іске қосу үшін барлық қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1237952?lang=ru
Челлендж өзіңнен баста 01.07.2026
«Өзіңнен баста!» экологиялық челленджін Ново-Хайрузовка ауылдық округі қабылдады!«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округінің тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Өзіңнен баста!» челленджіне қолдау білдіреді.Табиғатты аялау, тазалықты сақтау және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза ауыл, таза көше, таза табиғат – өзімізден басталады!Біз барша тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғатты қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.🌱 Тазалық – әрқайсымыздан басталады! 🌎 Табиғатты бірге қорғайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1237966?lang=ru
Минскіде ТМД кеңістігіндегі консулдық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Минск, 2026 жылғы 9 маусым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXXIII отырысы өтті.Отырыс жұмысына Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, және ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Армения мен Тәжікстан өкілдері бейнеконференция форматында қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде Әзербайжан мен Түрікменстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Болат Каткенов басқарды.Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің ішкі істер органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелеріне бөлек назар аударылды.Отырыстың қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1237789?lang=ru