Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Қызылордада испандық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада әлемге әйгілі испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.«Roca Group» – жүз жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады.Рәсімде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Кейінгі жылдары өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып, ірі жобалар табысты жүзеге асуда.Аймақ экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.Бүгін біз еліміз үшін маңызды, жоғары технологиялық өндіріс орнының капсуласын салу рәсімінің куәсі болып отырмыз. Осындай ауқымды жобаны Сыр өңірінде жүзеге асырғаны үшін испандық «Roca Group» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасына жаңа серпін беріп, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен әрдайым ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен «Roca Group» серіктестігінің бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес сөз сөйлеп, ел ағасы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.Айта кету керек,жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.«Roca Group» компаниясының зауытын Қызылорда өңірінде салу туралы келісім облысты Нұрлыбек Нәлібаев басқарған кезеңде жасалып, Үкімет деңгейінде тиісті құжаттарға қол қойылған болатын.Бұл – Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын алғашқы өндіріс орны.Зауытқа 24 гектар жер телімі бөлінді, 44,1 млрд теңге инвестиция салынады. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың бұйымға дейін жетеді. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады, жергілікті мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру көзделген. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал компания өнімдері ұсынылатын шоурумдар Астана және Алматы қалаларында маусым айында ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229663?lang=ru
Аудан әкімі Кеген ауылының тұрғындарымен кездесті 30.06.2026
Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген ауылының тұрғындарымен есептік кездесу жиыны өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ел игілігі жолында жүзеге асқан бірқатар маңызды бастамаларға тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1229678?lang=ru
ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды.Өңірлік кезеңге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:- «Еңбекпен биікке жет» тақырыбындағы мотивациялық хат, онда қатысушы «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын және «Таза Қазақстан» қозғалысының идеясын ескере отырып, таңдаған мамандығын дамыту жөніндегі идеяларын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жолдарын ұсынады (350 сөзден аспауы тиіс);- Әлеуметтік желіде (қатысушының немесе жетекшінің жеке аккаунттарында не колледждің ресми парақшаларында) орналастырылатын бейнеролик, онда қатысушы өзінің таңдаған мамандығына және колледжіне деген адалдығын, кәсіби дағдыларын қолдануын, сондай-ақ өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді (2 минуттан аспауы тиіс, бейнероликке сілтеме көрсетілуі қажет);- Таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының презентациясы, онда қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстырып, цифрлық технологияларды қолдануын және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізуін көрсетеді (7 слайдтан аспауы тиіс).Әрбір ТжКБ ұйымынан байқаудың өңірлік кезеңіне I (ішкі) кезеңнің жеңімпазы атанған студенттер арасынан 3 (үш) кандидаттан артық жіберілмейді.ТжКБ ұйымдары өңірлік кезеңге қатысуға арналған байқау құжаттарын 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында келесі электрондық мекенжайларға жолдайды: prof_vko@eduvko.kz, vrvkgk@mail.ru.Байқаудың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 26 маусымда жарияланады.@talap.edu.kz #ШҚОСтуденттері #ЖасМамандар #ҚазақстанЖастары #Топ100#2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1229733?lang=ru
Оралда Еуразиялық индустриялық-логистикалық хаб құрылысы басталды 30.06.2026
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Батыс Қазақстан облысында Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның бастамашысы – Eurasia Holding Group құрамына кіретін «Jinone Excellence Investment» ЖШС.Жоба Орал қаласында 20 гектар аумақта іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды. Кешен құрамына жылына 30 000 тоннаға дейін өнім шығаратын болат конструкциялары зауыты, жылына 60 000 данаға дейін құрылыс қалыптарын өндіретін зауыт, сондай-ақ жыл сайын 250 000 бухтаға дейін BV типті кабель шығаратын кабель зауыты кіреді. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде 510 тұрақты жұмыс орны ашылады.Хабтың негізгі элементі қытайлық электрондық коммерция компанияларын, ресейлік трейдерлер мен еуропалық жүк жөнелтушілерді қоса алғанда, үшінші тараптардың жүктерін сақтауға және өңдеуге арналған ашық үлгідегі «А» типті кеден қоймасы болады. Бұл формат өңірдегі тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, халықаралық сауданың дамуына серпін береді.«Менің ойымша, бұл жоба өңір үшін аса қажет әрі стратегиялық маңызы жоғары бастама. Оның әлеуеті өте үлкен. Бұл – тек бастамасы ғана, біз алдағы уақытта да өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Жоба транзит, сауда, индустрия және логистика салаларының дамуына серпін береді деп сенемін. Бүгінде Қазақстанда 9 мыңнан астам қытайлық компания жұмыс істейді, 250-ден астам бірлескен жоба іске асырылуда», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов.Жоба Қытайды, Орталық Азияны, Ресейді, Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақты байланыстыратын еуразиялық өнеркәсіптік синергия дәлізі үшін негізгі холдингтік платформаны қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық көлік бағыттарының тоғысында орналасқан Орал қаласы ЕАЭО елдерінің нарықтарына тікелей шығатын заманауи индустриялық-логистикалық орталық қалыптастыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1229751?lang=ru
«Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» облыстық қайырымдылық «WORKSHOP» 30.06.2026
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы аясында 2026 жылдың 28 мамырында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесе отырып онлайн форматта «Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» тақырыбында қайырымдылық «WORKSHOP» өткізді.Шараға облыстың орта білім беру ұйымдарының 300-ден астам педагогтері қатысты.«WORKSHOP» инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, кәсіби өзара іс-қимыл және заманауи тәсілдерді ілгерілету үшін тиімді алаңға айналды.Түскен қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған дефектологтың кәсіби үстелін дайындауға жұмсалады, ол ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы»  КММ беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1229756?lang=ru
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Латвия Республикасының делегациясымен кездесу өтті 30.06.2026
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Латвия Республикасының делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамына порттық инфрақұрылым, логистика және инвестициялық компаниялардың өкілдері кірді.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, логистикалық бағыттарды дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды қарастырды.Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Канат Алин Палата қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, бизнесті қолдау және қорғау тетіктері туралы ақпарат берді. Тараптар тікелей іскерлік байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. https://www.instagram.com/p/DYzXlfyIxkE/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1229759?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтік әдеп және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді 30.06.2026
2026 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттері басшыларының қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қызметтік және қызметтен тыс уақытта сақтау қажеттігін еске салды.Кеңес аясында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар жеткізілді, оның ішінде заңдылықты сақтау, іскерлік әдепті ұстану, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпау, әдепке жат қылықтар мен мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.Сонымен қатар, қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейтіні ескертілді.Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттерінің басшыларына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерін қызметкерлерге жеткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қосымша зерделеу бойынша техникалық оқуларды жүйелі түрде өткізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1229769?lang=ru
Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумда ЕАЭО елдеріндегі цифрлық таңбалау мәселелері талқыланды 30.06.2026
Бүгін Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйелерін дамытуға арналған панельдік сессия өтті. Талқылауға Қазақстан, Ресей, Армения және Қырғызстаннан мемлекеттік органдардың, ұлттық таңбалау операторларының және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.Сессия модераторы Қазақстан Республикасының Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева болды. Талқылауды аша отырып, ол цифрлық таңбалаудың ЕАЭО кеңістігінде ашық әрі қауіпсіз тауар айналымын қалыптастырудың негізгі құралдарының біріне айналғанын атап өтті.«2018 жылы тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап Одақ елдері айтарлықтай кезеңнен өтті. Бүгінде таңбалау мемлекет үшін де, бизнес үшін де өзінің тиімділігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың баяндамасы Қазақстанда таңбалауды енгізу нәтижелеріне және жүйені одан әрі дамыту жоспарларына арналды.Нүсіповтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда алты тауар тобы таңбалауға жатады: темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, киік мүйіздері, сыра және мотор майлары. Биыл жеңіл өнеркәсіп тауарларын, биологиялық белсенді қоспаларды және зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу жоспарланып отыр.«Таңбалауды енгізу қарқыны бойынша біз кейін қалып отырған жоқпыз. Бұған дейін алғашқы үш тауар тобы іске қосылған мерзімдермен салыстырсақ, қазіргі нәтижелер өте лайықты деңгейде. Қамту бар, жалпы жүйе жақсы нәтиже көрсетіп отыр», – деді Әсет Нүсіпов.Вице-министр зергерлік бұйымдарды таңбалау мәселесіне ерекше назар аударды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл саладағы контрабанда мен контрафакт деңгейі кей жағдайда 90 пайыздан асады. Осыған байланысты цифрлық таңбалау нарықтың ашықтығын және әрбір өнім бірлігінің қадағалануын қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде қарастырылады.Өз сөзінде Әсет Нүсіпов таңбалауды енгізу қазірдің өзінде нақты экономикалық әсер көрсетіп отырғанын атап өтті. Темекі өнімдерін таңбалау енгізілгеннен кейін Қазақстанда салық түсімдері бір жарым есе, аяқ киім өнімдері бойынша үш есе, дәрілік заттар бойынша екі есеге жуық өсті. Сонымен қатар құқықбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші алты есе артты.«Таңбалау экономикаға оң әсер етіп, мемлекеттің кіріс базасының өсуіне ықпал етеді. ЕАЭО аясында бірыңғай бәсекелестік кеңістік, тауар қозғалысының ашық қағидалары және бизнес жүргізудің тең жағдайлары қалыптасып келеді», – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.Вице-министр алдағы жоспарларда тұрмыстық химия мен косметиканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және өсімдік майларын таңбалауды енгізу бар екенін айтты. Нүсіпов атап өткендей, мемлекет бизнесті алдағы өзгерістер туралы алдын ала хабардар етуге ұмтылады, бұл реттеудің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі Алқа мүшесі, министр Андрей Слепнев те таңбалау жүйесі бүгінде бизнеске процестерді тиімдірек құруға және тұтынушылық сұранысты жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін үлкен деректердің елеулі массивін қалыптастырып отырғанын атап өтті.«Бүгінде біз тұтынушылар арасында қандай тауар санаттары сұранысқа ие екенін және қай өңірлерде сұраныс жоғары екенін түсініп отырмыз. Мұның бәрі сауда шығындарын азайтуға ықпал етеді», – деді Андрей Слепнев.Сондай-ақ ЕЭК министрі ЕАЭО елдері барлық бес елдің таңбалау операторлары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін өзара іс-қимылдың ортақ процесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.Панельдік сессия барысында Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Армения Республикасынан мемлекеттік органдардың, таңбалау операторларының, сондай-ақ бизнес өкілдері цифрлық таңбалауды енгізудегі практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ресей тарапы таңбалау жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибесін ұсынды. Талқылау барысында атап өтілгендей, ЖИ қолдану арқылы деректерді талдау нарықтағы ауытқуларды анықтауға, жалған өндірушілерді табуға және фиктивті компаниялардың тауар айналымына қатысуының алдын алуға мүмкіндік береді.Қырғызстан өкілдері таңбалау жүйесі деректерін тәуекелдерді талдау және фискалдық бақылау үшін қолдану тәжірибесі туралы айтып берсе, армян тарапы ұлттық таңбалау жүйесін дамыту және оны заманауи цифрлық технологиялармен интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.Сессия қатысушылары таңбалауды енгізіп жатқан барлық елдерде салық жинау деңгейінің айтарлықтай өскені, нарықтың ашықтығы артқаны және көлеңкелі айналым үлесінің қысқарғаны байқалатынын атап өтті.Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО елдері арасында тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған практикалар мен технологиялық шешімдер барлық қатысушылар үшін пайдалы деп танылды және Одақ кеңістігінде тауарларды таңбалау мен цифрлық қадағалау жүйелерін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1229770?lang=ru
Атырауда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мен кадрлық үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды түсіндіруге, сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кеңес өтті.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев және басқарма жетекшілері қатысты.Кеңесте Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова баяндама жасады. Ол мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, мансаптық өсудің аралас үлгісін енгізуге, HR-үдерістерді цифрландыруға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған жаңа заңның негізгі нормаларына тоқталды.Оның айтуынша, заңда мемлекеттік қызметке іріктеуді «E-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізу тәртібі бекітілген.– Конкурстық іріктеу толықтай онлайн форматта eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтеді. Бұл рәсімдерді жеңілдетуге, мерзімді қысқартуға және кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бір лауазым бойынша көлденең мансаптық өсу тетігі қарастырылған. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне лауазымдық деңгей белгіленбек, ол жалақы мөлшеріне әсер етеді – деді А.Еңсегенова.Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға жол бермеу, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, кибербуллингке және құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа заңның қабылдануы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне қойылатын талаптарды күшейте түсетінін атап өтті.– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығын арттыруға, қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Әр мемлекеттік қызметші мұны жете түсініп, күнделікті қызметте тиімді қолдануы тиіс, – деді ол.Жиын әрі қарай “сұрақ-жауап” форматына ауысып, мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229809?lang=ru
Атырауда 460-қа жуық кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді 30.06.2026
Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау өңірлік филиалының директоры Берік Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Оның сөзінше, өңірде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру бағыттары бойынша қолдау көрсетіліп келеді.- 2010 жылдан бері аймақта 11 700 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Жалпы қолдау көлемі 622 млрд теңгені құрайды. Қазір кәсіпкерлер үшін «Іскер Аймақ» және «Өрлеу» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, – деді Б.Қадыров.Брифинг барысында «Іскер Аймақ» бағдарламасы арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге 200 млн теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Ал «Өрлеу» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия бағыттарына 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек.Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған мобильді фронт-офистер іске қосылып, шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229816?lang=ru
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев, қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен «Seven Rivers» компаниясы шыны ыдыстар зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – өңірдегі шыны кластерін дамытуға бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі. Зауыт әлемдік деңгейдегі «Horn» неміс технологиясымен жабдықталып, заманауи әрі экологиялық талаптарға сай өнім өндіреді.Рәсімде облыс әкімі аймақта инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.«Өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болып, инвестициялық жобаларды таныстырдым. Президентіміз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.Жақында Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы облысты басқарған тұста өңір экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өткен аптада ғана «Марал Нұр» серіктестігінің вагон жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін аштық. Бүгін испандық «Рока групп» компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауытының капсуласын салдық.Еліміз, өңіріміз үшін маңызды жаңа өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов бата берді.Айта кету керек, «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылып, 60 млрд теңгеге жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіретін зауыт салу келісілген болатын. Кәсіпорында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Зауытқа барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі бөлінді. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қорының» «Жасыл даму» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Ел аумағынан жиналған шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару және импортты алмастыру көзделген. Бұдан бөлек, өңірдегі жоғары сапалы кварц құмы, әк және доломит қорларын тиімді пайдалану арқылы шыны өндірісі төңірегінде жаңа ілеспе кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік туады.Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлесін қосады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229833?lang=ru
Қазақстанның органикалық өндірушілер одағының директорымен кездесу 30.06.2026
2026 жылғы 26 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасының орынбасары Ж. Асанов пен Қазақстандағы органикалық өндірушілер одағының директоры А. Керімбеков арасында кездесу өтті.Кездесу барысында Одақтың қызметі туралы ақпарат берілді. Тараптар сондай-ақ Орталық Азия елдеріне органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы даму ресми көмегі (ДРК) аясында ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1229847?lang=ru
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен онлайн форматта кәсіптік бағдар беру кездесу өтті 30.06.2026
        Жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау бойынша ішкі пилотты іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Батыс Қазақстан ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп, 2026 жылдың 26 мамырында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен онлайн форматта ZOOM  арқылы кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.       Кездесу барысында Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы М.Абиев қатысушыларға Департамент қызметін таныстырды.       Сонымен бірге мансаптық өсу, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, тағылымдамалар және бейімдеу туралы ақпарат берілді.       Қатысушы түлектер сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1229870?lang=ru
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың форумына қатысты 30.06.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті мен өңірлік органдарының басшылары V Еуразиялық экономикалық форумға қатысты. Ағымдағы жылдың 28-29 мамырында Астанада Expo іскерлік кешенінің аумағында өтіп жатқан форумның "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке ставка" сессиясына қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі сауда кедергілерінің мониторингін жетілдіру, уағдаластықтардың сақталуын талдау және Одақ шеңберіндегі экономикалық процестердің ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдану болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1229879?lang=ru
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.Кездесу барысында Департамент басшысы Оразбай М.А. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оған бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметі таныстырылып, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар және қатаң бақылаудан цифрлық экожүйеге көшу бағытына ерекше назар аударылды. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге Қаржы министрлігінің қазіргі заманғы адамға бағдарланған кадрлық саясатын таныстыру болды. Бұл саясаттың миссиясы тек дарынды түлектерді тарту ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дамуына жағдай жасау – тәлімгерлік, оқыту және мансаптық өсу арқылы қолдау көрсету болып табылады.Іс-шара аясында студенттерге Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметі туралы ақпараттық буклеттер табысталды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарымен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ болашақ түлектердің кәсіби бағдарлану деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1229906?lang=ru
Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу туралы 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының бұйрықтарына сәйкес:2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-95 бұйрықпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.2.24 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-96 бұйрықпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 16 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-97 бұйрықпен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 4.3.21 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-98 бұйрықпен «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.1.6 лицензиясы жекелеген банк операциялары атауларының өзгеруіне байланысты қайта ресімделді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1229907?lang=ru
Асан Абдраманов Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Асан Адилханович Абдраманов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ведомстволық бақылау және тәуекелдер басқармасының бас сарапшы-бас қазынашысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1229918?lang=ru
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады 30.06.2026
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кезек тәртібімен қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үйге кезекке тұру және баспанамен қамту, жер телімін алу, ауылдардағы көлік қатынасына қатысты мәселелерді көтерді.Құрманғазы ауданының тұрғыны өзіне қызметтік тұрғын үй беруді сұрады. Оның айтуынша, аудан ауылдарының бірінде жұмыс істейді және күн сайын жұмыс орнына қатынау қиындық туғызады.Қабылдауда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тасымалдау мәселесіне де назар аударылды. Тұрғындардың бірі І топ мүгедектігі бар адамдарға Атырау қаласында электронды билет алу мүмкіндігі қарастырылғанымен, аудандарда мұндай жүйе жоқ екенін айтты. Өңір басшысы елді мекендер арасында кедергісіз қатынауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай база мен ыңғайлы жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті.Қабылдауға келгендер қатарында Ауған соғысының 71 жастағы ардагері де бар. Ол 2025 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, пәтер алуға көмектесуді сұрады.Аймақ басшысы Отбасы банк арқылы тұрғын үй беру заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен жүретінін түсіндіріп, банк өкілдеріне баспана алу тетіктері мен қолданыстағы бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді тапсырды.Серік Шәпкенов мұң-мұқтажын айта келген әр азаматты мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға әр өтініш бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229921?lang=ru
Агентством согласован руководящий работник банка второго уровня 30.06.2026
Акимжанова Гульшат Бостановна «KMF-Демеу» Корпоративтік қоры Басқару органының басшысы лауазымына келісілді (2026 жылғы 29 шілдедегі № 59/БВУ/Т хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1272394?lang=ru
Департамент мамандары
аудит мәселелері бойынша
Мемлекеттік кірістер комитетінің семинарына қатысты 30.06.2026
Департаменттің Аудит басқармасы мен Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының мамандары, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған және аудит жүргізудің практикалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел форматындағы семинарға қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
• аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзекті мәселелер;
• тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері;
• жұмыс барысында туындайтын практикалық кейстер мен проблемалық мәселелер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1229953?lang=ru