Әлем
Қар тазалау жұмыстары 17.12.2025
Ново-Хайрузовка ауылдық округінде жолдарды,көшелерді және кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.Арнайы техника тұрғындардың қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1127065?lang=kk
Рекорд! Қарағандылық спортшылар жасөспірімдер арасындағы V Азия пара ойындарында 11 медаль жеңіп алды! 17.12.2025
Халықаралық жарыстар Дубайда өтті. Қазақстанның 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлдесі бар. Жалпы командалық есепте құрама қатысушы 45 ел арасында бесінші орынды иеленді.Бұл жетістікке қарағандылық спортшылардың сіңірген еңбегі зор. Біздің төрт жігіт 11 медаль жеңіп алды. Бұл дегеніміз рекорд!Алдымен бізді пара жүзушілеріміз Ділназ Бейсекеева мен Нұрдәулет Дүйсенбаев қуантты. Олар тоғыз қашықтықта жүлдегер атанды. Ділназ 200 м кешенді жүзуден үздік болды және 100 м брасс, 50 м еркін жүзу, 100 м баттерфляй түрлерінен «күміс» жеңіп алды. Нұрдәулет 100 м баттерфляй, 100 м шалқалап жүзу, 100 м брасс, 200 м кешенді жүзу және 50 м еркін жүзу түрлерінен «алтын» алды.Азия ойындарының чемпиондары жүзумен тоғыз жыл бойы айналысады және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері болып табылады.Пара жеңіл атлетикадан тағы бір «алтынды» Қазақстанға Теміртау жоғары медициналық колледжінің оқушысы Карина Жұмабаева әкелді, ол 800 метрге жүгіруден бірінші болды. Ал, жасөспірімдер арасындағы V Азия пара ойындарында бірінші орын алған Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті Ерзат Сайлау Қазақстан голбол құрамасының құрамында тамаша ойнады. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Сергей Борисович Безгачев пен Елена Витальевна Асланованы рекордтық нәтижемен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1127079?lang=kk
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-басты міндет 17.12.2025
аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесіне байланысты іс-шара өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Алимбаев, бөлім басшылары мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты.– Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамда қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз ететін негізгі құқықтық принципі. Заң үстемдігіне негізделген тәртіп бойынша қоғамдағы барлық әрекет пен шешім заңға сүйеніп жүзеге асырылады» деп атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда белгіленген нормаларды, заңдылықты орындау міндетті. Қоғамда заң талаптарын сақтау арқылы ғана тыныштық пен тәртіп орнайтыны белгілі. Бүгінде елімізде заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылық профилактикасы мен халыққа қызмет етуге екпін бере отырып, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделінің тиімділігін арттыру болып саналады. Аталған іс-қимыл жоспары негізінде «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама құқық бұзушылықтың азаюына, жастар тәрбиесі мен қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына оң әсерін тигізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аудандағы мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тынымсыз қызмет атқарып келеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.«Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы бойынша аудан прокуроры Абай Алимбаев сөз сөйлеп, облыстық прокуратурамен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, ауданда алкогольден бас тартқан елді мекендерде қылмыс саны азайғанын жеткізді. Осыған орай, бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері "Алғыс хатпен" марапатталды.Іс-шара қорытындысында аудан әкімі мемлекетіміздің заңдарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту баршамызға ортақ міндет екеніне тоқталып, бұл бағытта жергілікті атқарушы билік, құқық қорғау органдары және қоғам бірлесе жұмыс атқаруы қажеттігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126916?lang=kk
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 17.12.2025
Құрметті жерлестер!Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі әрі маңызы айрықша мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, халқымыздың бірлігі мен қайсар рухының жемісі. Бұл күн – ел тарихындағы тағдырлы таңдау жасалған, мемлекетіміздің еркін әрі егемен даму жолы айқындалған қасиетті мереке.Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан бейбітшілік пен келісімді ту еткен, тұрақты әрі беделді мемлекетке айналды. Бұл жетістіктер – ел бірлігінің, халықтың тынымсыз еңбегінің және ортақ мақсатқа деген сенімінің нәтижесі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы» деп атап көрсетті. Сондықтан егемендігіміздің түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты.Алашқа ана болған қасиетті мекеніміз – Сыр елі, оның ішінде құт қонып, бақ дарыған Сырдария ауданы кемел келешекке, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Арайлы Азаттық пен бекем бірліктің арқасында жарқын жұмыстар атқарылуда. Өңірді дамытудағы мұндай жұмыстарды Сіздермен бірге жалғастыра беретін боламыз. Ең бастысы, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздік тұғырын баянды ету.Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126923?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы құқықтық дипломатияны дамытуда 17.12.2025
Исламабад, 2025 ж. 29 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Жоғарғы Сотының Адвокаттар қауымдастығының президенті Харун ур Рашидпен, сондай-ақ осы ұйымның мүшелерімен кездесті.Кездесу барысында Елші екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, елдеріміз арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның қолданыстағы құқықтық жүйелерін зерттеу және тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті.Өз тарапынан Х.Рашид Қазақстан тарапының ұсыныстарын қолдай отырып, екі елдің заң қоғамдастықтары арасында байланыс орнату қажеттігін мәлімдеді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы делегациялардың сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ қол қою үшін қажетті құжаттарды дайындауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1136314?lang=kk
Алматыда журналистерді Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарындағы дайындық ерекшеліктерімен таныстырды 17.12.2025
Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өздерінің білім беру және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін таныстырды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында журналистерге заманауи әскери технологиялардың оқу үдерісіне қалай енгізілгені, сондай-ақ оқу орны қабырғасында жасалып жатқан әзірлемелер көрсетілді. Институттың оқу-материалдық базасы мен профессор-оқытушылар құрамының инженерлік және ғылыми шешімдері таныстырылды.Олардың қатарында ел Қарулы Күштерінің қарулануына қабылданған және тәжірибелік қолдану барысында жоғары тиімділігін дәлелдеген «Меруерт» антидрондық мылтығы бар. Сонымен бірге тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен сынақ кезеңіндегі үлгілер, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын радиоэлектрондық басу бойынша стационарлық кешен көрсетілді. Аталған жүйе дрондарды анықтап, сәйкестендіріп, басқару және навигация арналары арқылы залалсыздандыруға арналған. Қазіргі уақытта кешен жетілдіру сатысында.Мемлекеттік қаржыландыру аясында институтта технопарк құрылған. Мұнда профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруда. Перспективалы жобалардың бірі — тік ұшып-қонуға арналған көпмақсатты гибридті «Дегелек» ұшқышсыз ұшу аппараты. Ол барлау жүргізу, жүк жеткізу, оқу-жаттығу мақсатында пайдалану мүмкіндіктеріне ие. Жоба әрі қарай дамытылу кезеңінде.Сондай-ақ журналистерге 2025 жылдың Қазақстандағы үздік инженері, радиотехника және электроника саласындағы жетекші инженер-конструктор, институт оқытушысы подполковник Нұржан Зікіряевтің әзірлемелері таныстырылды. Оның ғылыми еңбектері оптикалық-электрондық кешендерден бастап радиоэлектрондық күрес құралдары мен ұшқышсыз авиацияға дейінгі заманауи әскери техниканың негізгі бағыттарын қамтиды. Ең елеулі жетістіктерінің қатарында әскери техниканың көрінуін арттыратын оптикалық-электрондық модуль, мамандандырылған SDR-кешен, сондай-ақ Wing Loong-1 ҰҰА аспа тораптарын жаңғырту жұмыстары бар.Институттың оқу үдерісіне радиотехникалық және зениттік-зымыран әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасының виртуалды үлгілерінде тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін инновациялық көпсалалы жаттықтыру кешені енгізілген. Сонымен қатар электронды тир мен ҰҰА операторларын даярлау алаңы жұмыс істейді.Курсанттардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған ғылыми әзірлемелері де ерекше қызығушылық тудырды.Бағдарлама аясындағы екінші нысан — Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери-спорт колледжі. Мұнда дене шынықтыру және спорт нұсқаушылары, сондай-ақ барлау және десанттық-шабуылдау бөлімшелерін басқару бойынша мамандар даярланады.Ағымдағы жылы колледжде сержанттық құрамды даярлау бойынша алғашқы кадеттер қабылданды. Оқу орнына 9-сынып түлектері қабылданады. Оқу кезеңінде олар толық мемлекеттік қамтамасыз етіліп, шәкіртақы алады. Түлектерге Қарулы Күштерде және басқа да күштік құрылымдарда жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар олар әскери институттарда ҰБТ тапсырмай, қысқартылған бағдарлама бойынша білімін жалғастыра алады.Колледжде оқу кабинеттері, спорт және жаттығу залдары, күштік даярлық аймағы, жүзу бассейні және казарма қоры көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126935?lang=kk
Түрік компаниялары Қазақстандағы инвестицияларын арттыруға ниетті 17.12.2025
Анкара, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Елші Е.Сәпиевтің Түркияның Адана және Газиантеп провинцияларына жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен, сондай-ақ Адана өнеркәсіп палатасының төрағасы Зеки Кыванчпен және Газиантеп провинциясының губернаторы Кемаль Чебермен кездесулер өткізілді.Кездесулерде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы, оның алдағы даму перспективалары және өңірлер арасындағы байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібі, гигиеналық өнімдер өндірісі, пластикалық және тоқыма бұйымдары өндірісі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын Қазақстанда жасау, бірлескен өндірістерді орналастыру, сондай-ақ түрік бизнесінің еліміздің инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.Кездесулер нәтижесінде түрік бизнесімен ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін тереңірек таныстыру мақсатында түрік компанияларының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1126946?lang=kk
Құрметті Батыс Қазақстан облысының бизнес өкілдері! 17.12.2025
2025 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Өтетін орны: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 179, “Ықсанов” залыХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 10:00 - 11:00;Азаматтарды қабылдау – сағат 11:00 - 11:20;Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1126876?lang=kk
Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды 17.12.2025
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов төрағалық ететін Партиялық бақылау комиссиясын күн тәртібінде негізгі төрт мәселе қаралды.Бірінші мәселе «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Сырдария ауданы бойынша 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы аудан әкімі Б.Сәрменбаев баяндама жасап, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша ақпарат берді.– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының ауданда орындалуы қатаң бақылауда. 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасының Сырдария ауданына жүктелген міндеттеріне 2025 жылға барлығы 48 шара белгіленген. 2025 жылдың 11 айында белгіленген 48 шараның 37 орындалды, 11-і орындалу үстінде. Оның ішінде, орындалмау қаупі бар шаралар саны – 6. Есепті кезеңде аудандағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,9 млрд. теңге болып, 19,4 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі24,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында 129 жоба бойынша 202,8 млн. теңге грант қаражаты берілді. Жол картасы аясында ағымдағы жылы Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен 661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен табиғи газден қамтамасыз етілді. Ауданда электр желілерін тозу деңгейін 68 пайызға дейін түсіру межеленген. Бұл бағытта 2024 жылы Шаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жүзеге асуда. Жол картасы аясында 2025 жылы9,5 шақырым жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және 15 шақырым елді мекендер көшелерін жөндеу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 982,3 млн. теңге қаржы бөлініп, аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы және Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 13 көше жөндеуден өтті. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ауданда толық жүзеге асыруға жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдануда, – деді аудан әкімі.Екінші мәселе бойынша Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдық округінің әкімдері халыққа берген уәделері бойынша есеп берді. Сонымен қатар аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы баяндама жасады. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы баяндама жасады.Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып болған соң Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов партияның сайлауалды бағдарламасы аясында және бюджеттен қаржы бөлініп салынып жатқан нысандарды, оның ішінде әлеуметтік нысандар мен жол құрылысы, тұрғындардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша партиялық бақылау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау, құрылысы жүріп жатқан нысандарға партиялық бақылау жасау, партиялық жобаларды жүзеге асыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан Партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Жұмыстардың сапалық мазмұнын арттыру керек. Бірде бір нысан партиялық бақылау жұмыстарынан тыс қалмауы қажет, – деп қорытындылады Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126936?lang=kk
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы 17.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік операцияларды жүргізу кезінде жұмыс барысында басшылықа алу үшін қосымшаға сәйкес тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде «Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің 2025 жылғы 05 желтоқсандағы № 527 бұйрығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1126831?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қоғамның дамуының негізі 17.12.2025
Бүгін «Руханият» орталығында «Заң мен тәртіп – қоғамның дамуының негізі» тақырыбында аудандық форум өтті.Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жастар қатысты.Жиынды ашқан Диас Молдабаев заң үстемдігін қамтамасыз ету қоғамның ортақ міндеті екенін айтып, ауданда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Бүгінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ауданда түрлі бағытта 138 шара өткізілді.Қазіргі таңда ауданда 14–35 жас аралығындағы жастар саны 15 мыңнан астам адамды құрайды. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына жолданғандардың 35,2 пайызы жастар. Бұдан бөлек «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру» жобасы аясында 99 грант беріліп, оның 25-ін жастар иеленген.Форум барысында аудан прокуратурасының аға прокуроры Еркін Мусаев заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының рөлі және аудандағы ахуал туралы баяндама жасаса, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Оспан Ешжанов құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.Форум соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126835?lang=kk
Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды 17.12.2025
Қармақшы ауданында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.Сайысқа шет мемлекеттерден Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ еліміздің әр қалаларынан келген 15 команда құрамындағы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда.Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, турнирдің өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Нысанбаевтың ағасы Шаймерденов Зал, жарыстың ұйымдастырушылары атынан Ғалымжан Көшкінбайұлы сөз алып, турнирдің мақсаты мен маңызына тоқталды.Ерлан Нысанбаев жастайынан спортқа жақын болып, бокстан бірнеше мәрте аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Оның спорттағы қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігі бүгінгі жас буынға үлгі.Айта кету керек, бүгінде он бірінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс 20 желтоқсан күні қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126837?lang=kk
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті 17.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. «№4 сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы» бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев баяндады. Екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы» бекіту туралы мәселе қаралды.Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық саласында адалдық пен әділдікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар беріп, тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126839?lang=kk
Сырдария-татулық пен достықтың мекені 17.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өзге ұлт өкілдерімен аудандық форум өткізілді. Форумға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Бақытжан Камалов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері қатысты.Салтанатты іс-шарада аудан басшысы елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық екенін атап өтті.– Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Бұл дата – ел бірлігі мен татулығын басты құндылық ретінде ұстанған мемлекетіміздің тарихындағы маңызды белес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін атап өтті. Елімізде ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде экономикамыз өркендеп, ілгері басып келетінін жеткізді. «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дегендей, ауданда бүгінде этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған. Сіздердің ауданда өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда белсенді екендеріңізді көріп жүрміз. Облыстық іс-шараларда да аудан намысын қорғап, жақсы жетістіктерге жетіп келесіздер. Жақында ғана облыстық «Достық» үйінде өткен облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауында бас жүлдені жерлесіміз, славяне этносының белсендісі Лидия Мясцова жеңіп алды. Бұл баршамыз үшін қуаныш, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Мұнан соң облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Б.Камалов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев сөз сөйлеп, елдегі бейбітшілік пен татулық егемендіктің мызғымас кепілі екенін айтты.Форумда аудан басшысы татулық пен достықтың сақталуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде дархан пейіл танытып, қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғыстары зор екенін жеткізді. Айта кетейік, форум барысында этнос өкілдері ұлттық дәстүрлері мен ұлттық тағамдарынан көрме көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126862?lang=kk
Теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты 17.12.2025
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасын назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысанның құрылысын одан әрі жеделдету, мерзімінде аяқтау, аумақты абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдарды толық қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.Қазіргі таңда вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында қажетті техника мен жұмыс күші жеткілікті, құрылысшылар ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарын аяқтауда. Аталған жоба аудан тұрғындары үшін маңызды болып табылады. Себебі аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126817?lang=kk
Өскемен қаласында С, D, D1 және CE санаттары бойынша жүргізуші куәліктеріне практикалық емтихандар жаңа мекенжайда қабылданады 17.12.2025
Енді барлық санаттар бойынша практикалық емтихандар Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында өткізіледі.Бұған дейін С1, C, D, D1 және CE санаттары бойынша емтихандар Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайында қабылданатын.Емтихан алаңын көшіру практикалық емтихан қабылдау қызметінің қолайлылығын және сапасын арттыруға, сондай-ақ тестілеу рәсімінің қауіпсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Автодром тиісті санаттағы көлік құралдарымен және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған.Айта кетейік, В және С1 санаттары бойынша практикалық емтиханға жұмыс күндері 08:00-ден 17:00-ге дейін, ал сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін кіруге болады. Ал С, D, D1 және CE санаттары бойынша емтиханды емтихан қабылдау комиссиясы жұма күні 09:00-ден 12:30-ға дейін өткізеді.Еске саламыз, практикалық емтиханнан өту үшін алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жазылу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1126821?lang=kk
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы 17.12.2025
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршіктері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілді. Тыйым 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1129481?lang=kk
Атамекен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә. Кемежанов желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғындарын құттықтады. 17.12.2025
Атамекен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә. Кемежанов желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғындары Айша апай мен Жұманазаров Қуанышбектің үйлеріне арнайы барып, құттықтады. Кездесу барысында олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1126735?lang=kk
Жол сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда 17.12.2025
🛣️ Болашақ т.м. Шапағат көшесінде тегістеу жұмыстары жүргізілуде.Жол сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1126706?lang=kk
КММ «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметкерлеріне «Атқарушылық құжаттарды орындау» тақырыбында дәріс оқыды. 17.12.2025
2025 жылғы 15 желтоқсанда «№ 3 ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының басшысы КММ «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметкерлеріне «Атқарушылық құжаттарды орындау» тақырыбында дәріс оқыды.Сондай-ақ «Заң және тәртіп» нарративі аясында атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шаралары және оларды орындамау үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1126663?lang=kk