Enbekshi QazaQ

Әлем

Ата-анаға алғыс 06.08.2025
Қызметте үздік көрініп жүрген жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсету жақсы дәстүрге айналып келеді. Осындай үдерістің аясында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бас маманы Сейтжанов Жәдігер Сейтжанұлының анасы Аманшиева Маруа Сисенқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Облыстық бюджеттің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, облыс бойынша түсімдер мен шығыстардың орындалуын талдау бөлімінің басшысы Шынар Мақсотқызы Ж.Сейтжановтың кәсіби жетістіктерінен бөлек, қоғамдық өмірдегі белсенділігін, адами қасиеттерін атап өтіп, осындай елінің лайықты азаматы қылып тәрбиелеп өсіргені үшін Аманшиева Маруа Сисенқызына ризашылығын білдірді.Марапат иесіне облыс әкімінің Алғыс хатымен бірге гүл шоғы табысталып, естелік фотосуретке түсірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1046346?lang=kk
Қостанай облысында ұлттық жадыны ұлықтаған ескерткіш ашылды 06.08.2025
Амангелді ауданында әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени оқиға өтті2025 жылдың 5 тамызында Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы «Тәж Торғай» туристік кешенінде Қазақстан тарихында айрықша орын алатын айтулы жоба – «Ұлттық жады қабырғасының» ашылу салтанаты өтті. Маңызды нысан халықаралық деңгейде мойындалып, Global Book of Records әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.Жобаның басты мақсаты – халқымыздың тарихи жадын жаңғырту, ел тарихында өшпес із қалдырған біртуар тұлғалар мен тағдырлы оқиғалар жайлы мәліметтерді жас ұрпақтың санасына сіңіру. Қабырғадан қазақ халқының азаттық жолындағы күрестері, ұлттық рухты көтерген тарихи кезеңдер, сондай-ақ шетелде билік етіп, сол жерде мәңгілік тыныс тапқан бабалардың есімдері көрініс тапқан.Қабырғаның ұзындығы – 35 метр, биіктігі – 3 метр 80 сантиметр. Бұл тек сәулет өнерінің үлгісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық сананы тәрбиелейтін рухани орталыққа айналды.Жобаның авторы әрі демеушісі – белгілі қоғам қайраткері, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті, Амангелді ауданының Құрметті азаматы Сапар Ысқақұлы Ысқақов. Елдің руханияты мен тарихи танымына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтың бастамасымен бұл бірегей ескерткіш өмірге келді.Ашылу салтанатына республикалық және халықаралық деңгейдегі құрметті қонақтар, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен блогерлер қатысты. Жиында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, тарих ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, танымал сарапшылар сөз сөйлеп, бұл жобаның ел үшін маңыздылығына тоқталды.Атап айтқанда, халықаралық талаптарға сай сараптама жүргізу үшін келесі беделді мамандар арнайы шақырылды:Дерех Самир Али – Сирия Араб Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Құрметті консулы (2010–2017);Орденбек Блесбекұлы Мазбаев – география ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры;Жеңіс Жомарт Жеңісұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары;Күзембаев Аманжол – тарих ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры.Салтанатты рәсім барысында Global Book of Records ұйымының Азия мен Африка аймағы бойынша бас офицері Қуандық Құдайбергенов сөз сөйлеп, «Ұлттық жады қабырғасының» әлемдік рекордтар қатарына енгенін ресми түрде жариялады.Осы тарихи сәтке орай ұлттық киім киген жастар 34 елдің туын көтеріп, бейбітшілік пен достықты, болашаққа деген сенімді білдірді. Сахнада туған жер мен ел тарихына арналған әндер шырқалып, этноауыл, ұлттық өнер мен қолөнер көрмелері, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.Амангелді ауданы осындай ауқымды әрі мазмұнды жобаның арқасында халықаралық деңгейде танылып, мәдени туризм саласына жаңа серпін берді. Бұл оқиға – тек аудан үшін ғана емес, тұтас Қостанай облысы мен Қазақстанның рухани әлеуетін әлемге паш еткен маңызды қадам.«Ұлттық жады қабырғасы» – халқымыздың өткені мен бүгіні арасын жалғайтын, келер ұрпақ бойына отансүйгіштік пен тарихи сананы сіңіруге бағытталған тағылымды ескерткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1046327?lang=kk
Сотталғандарды жұмыспен қамыту – басты бағыт 06.08.2025
Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында сотталғандарды жұмыспен қамтуды кеңейту және өңір кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндіріс ашуға және кеңейтуге тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.Іс-шара 2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру аясында өткізілді.Атап айтқанда, колония жағдайында өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарту арқылы сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру туралы тапсырмалар.Дөңгелек үстел жұмысына облыс прокуратурасы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КДҚ АҚ филиалы, Халық банкі, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру, мемлекеттік сатып алу, құрылыс басқармаларының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өкілдері, сондай-ақ бизнес субъектілері мен ірі жер қойнауын пайдаланушылар, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару мекемесінде өндіріс жүргізіп отырған кәсіпорындар және «Еңбек» РМК филиалы қатысты.Облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев Президент тапсырмасының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, колонияда сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік міндет атқарып отырған кәсіпкерлерге алғысын білдірді, мұндай әріптестіктің артықшылықтарына тоқталды.Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушыларға орташа қауіпсіздік мекемесінің аумағында шығарылатын өнімдермен танысу мүмкіндігі ұсынылды.Бұл мақсатта Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында арнайы көрме ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1046286?lang=kk
Қазақстандық әскери музыканттар Мәскеудегі «Спасск мұнарасы» фестиваліне қатысады 06.08.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери музыканттары мен Құрмет қарауылы ротасы 2025 жылғы 22–31 тамыз аралығында Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін XVII Халықаралық әскери-музыкалық «Спасск мұнарасы» фестиваліне қатысады.Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған биылғы фестиваль әлемнің көптеген елдерінен келген үздік әскери оркестрлерді бір сахнада тоғыстырады. Оған Қазақстан делегациясының қатысуы халықтар арасындағы мәдени және әскери-патриоттық байланыстарды нығайтуға қосқан үлес болмақ.Фестивальде Қазақстан Қарулы күштерінің атынан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық әскери оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасы өнер көрсетеді. Шығармашылық құрамда Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің би труппасы мен фольклорлық-этнографиялық ансамблі де бар.Қазақстандық тараптың музыкалық бағдарламасына қазақтың ұлттық әуеніне негізделген шығармалар, классикалық және қазіргі заманғы композициялардың түпнұсқалық аранжировкалары енген. Оркестр құрамына ұлттық үрмелі және ұрмалы аспаптардың үйлесімді енгізілуі орындауға ерекше ұлттық рең бермек.1995 жылы құрылған Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі еліміздегі жетекші шығармашылық ұжымдардың бірі. Оркестр мемлекеттік және әскери салтанатты рәсімдерге, шерулер мен концерттерге қатысып келеді. Өнерлі ұжым тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және басқа да шет мемлекеттерде сан мәрте өнер көрсеткен. Оркестр тарихындағы ерекше оқиға Лондонда өткен беделді Lord Mayor’s Show фестиваліне қатысып, үздік әскери ұжым ретінде танылуы болды.Бүгінде Орталық әскери оркестр Қазақстан Қарулы күштері әскери-оркестрлік басқармасының бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимовтың жетекшілігімен жұмыс істейді. Сондай-ақ музыкалық жетекшілік қызметтерді оркестр бастығы подполковник Мақсат Шәкенов пен көркемдік жетекші аға әскери дирижер капитан Нұрлан Қошқаров атқарады.Қазақстандық әскери музыканттардың «Спасск мұнарасы» фестиваліне қатысуы олардың жоғары орындаушылық шеберлігін, саптық даярлығы мен сахналық мәдениетін көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен ашық мәдени үнқатысуға ұмтылысты да паш етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1046267?lang=kk
Ұландық Сингапурде жағажай самбосынан өткен әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды 06.08.2025
 1–3 тамыз күндері Сингапурде өткен жағажай самбосы бойынша V әлем чемпионатына 20 елден келген мықты спортшылар қатысты.  Аталған беделді жарыста Қазақстанның намысын ІІМ Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Болат Сапар абыроймен қорғап, қола жүлдені жеңіп алды.Жарыстар арнайы жабдықталған спорттық жағажай алаңдарында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша 1-орынды ФИАС 1 құрамасы, 2-орынды Грузия құрамасы иеленсе, 3-орынды Румыния мен Қазақстан спортшылары бөлісті.– Қазақстан мен Ұлттық ұлан атынан әлемдік деңгейдегі додаға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Әр белдесу оңайға соқпады, алайда елге медальмен оралғаныма қуаныштымын, – деді әсерімен бөліскен Болат Сапар.Халықаралық жарыста Ұлттық ұлан сарбазының жүлде иеленуі – оның жеке жетістігі ғана емес, өзгелерге жігер беретін маңызды оқиға. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1046205?lang=kk
Боливиямен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 06.08.2025
Сукре, 2025 жылғы 5 тамыз – Боливияның тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты отырысқа қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтың Боливияға жұмыс сапары аясында Боливия Сыртқы істер министрлігінің Саяси істер жөніндегі директоры Елші Майра Монтеромен кездесу өтті.Қазақстан Елшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боливия Президенті Луис Альберто Арсеге ел тәуелсіздігінің 200 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын тапсырып, Боливия басшылығына игі тілектерін жеткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Боливия арасындағы жан-жақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Саяси диалогты кеңейту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда екі ел арасындағы алғашқы саяси консультациялардың мерзімі мен мазмұны бойынша пікір алмасу өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде жұмыс байланыстарын қолдап отыруға және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялар тетігін таяу уақытта іске қосуға мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1046179?lang=kk
Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясында сөз сөйледі 06.08.2025
Аваза, 2025 жылғы 5 тамыз - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі конференцияны шақыру бастамасын көтергені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді. Сондай-ақ теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің проблемаларын шешуге және мүмкіндіктерін пайдалануға бейіл танытқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғыс айтты.– Жиырма жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның алғашқы конференциясын өткізіп, жетекші рөл атқарды. Яғни еліміз бұл үздіксіз үдеріске бастапқы жылдардан бері қатысып келеді. Осы тарихи оқиға барысында Алматы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының мәселелерін жаһандық дамудың күн тәртібіне тұңғыш рет шығарды. Бүгін біз алдымызда тұрған міндеттерді одан әрі ілгерілету мақсатында Авазада бас қосып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің айтуынша, осы топ құрамындағы 32 дамушы елде жарты миллиардтан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі қаржыландыруға және технологияға қол жеткізуде, сондай-ақ жаһандық нарыққа жол табуда кездесетін кедергілермен бетпе-бет келеді.– Аймақтағы шектеулі байланыс – теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің басты проблемасы. Бұл транзит және сауда шығыны, сондай-ақ геосаяси факторларға осалдық секілді біршама экономикалық қиындық тудырады. Аталған кедергілер азаматтардың әл-ауқатына әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Түрлі қақтығыстар, экономикалық санкциялар, жеткізу тізбегінің бұзылуы және жаһанда сенімсіздіктің белең алуы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Дегенмен Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ дамушы мемлекеттерді жаһандық мәселелердің шешімін табуға атсалысатын тең құқылы әрі перспективті серіктес ретінде қарау керек деп санайды. Мұндай елдердің үні анық естілуге тиіс, ал біздің өзара ынтымақтастығымыз терең, ұжымдық ұмтылысымыз батыл болуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қазақстанның Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді.– Бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, халықаралық даму ұйымдары мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуға тиіс. Көлік, энергетика және цифрлы инфрақұрылым сияқты басты секторларға инвестицияны ынталандыруға арналған жаңа қаржы тетіктері керек, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруін тағы бір түйткіл ретінде атады.– Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы ел су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену секілді экстремалды табиғи құбылыстарға душар болып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін өңір елдерінің ортақ күш-жігері мен белсенді халықаралық қолдау қажет. Дегенмен, менің ойымша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары теңгерімді әрі инклюзивті сипатын сақтап, елдердің даму жолындағы сұраныстарына сай болуға тиіс. Климаттық өзгерістермен күреске жұмылу мақсатында Сіздерді келесі жылы сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірге Астанада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитке шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.Президент Қазақстанның серіктестермен бірге аймақтағы өзара байланысты нығайту, цифрлық трансформацияны ілгерілету және ұзақ мерзімді әрі орнықты өсімге ықпал етуді көздейтін елеулі шаралар қабылдап жатқанын жеткізді.– Біз Орта дәліз және «Солтүстік – Оңтүстік» бағдары бойындағы көлік жолдары мен транзит инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Түпкі мақсатымыз – темір жолдың, автокөлік жолдарының, сондай-ақ авиация мен логистика орталықтарының біртұтас желісін құру. Бұл Қазақстанның Еуразиялық транзит хабы ретіндегі позициясын нығайтады. Қазіргі кезде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы еліміз арқылы өтеді. Біз сондай-ақ цифрландыруға инвестиция құйып жатырмыз. Астана қаласында Alem.AI жасанды интеллект орталығы құрылды. Жуырда суперкомпьютер іске қосылды. Ғылыми ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Серіктестерімізді қатарымызға қосылуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір білдіріп, елдердің мүмкіндігі географиямен шектелмейтінін Орталық Азия тәжірибесі көрсетіп отырғанын айтты.– Қазір теңізге шығар жолымыз болмағанымен, келешекте амалын табамыз. Яғни құрлық арқылы байланыс орнатудың маңызы арта түседі. Біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты. Саяси ерік-жігер, стратегиялық инвестиция мен халықаралық серіктестік болса, теңізге шығатын жолдың жоқтығы кедергі емес, керісінше, өсімге ынталандырады. Орталық Азия өзара тиімді ықпалдастық қанат жайған аймаққа айналғанына куә болып отырмыз. Өңірдің сауда, инвестиция, көлік, байланыс және ресурстарды орнықты басқару салаларында даму әлеуеті жоғары. Екі күн бұрын Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойылды. Оның штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Бұл тұтас аймақ үшін маңызды жетістік әрі Аваза бағдарламасының игі мақсаттарына толық сай келеді. Қазақстанның осы бастамасын қолдағаны үшін БҰҰ Бас хатшысына және Орталық Азиядағы серіктестерімізге тағы да ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының мақсаттары мен қағидаттарына бейіл екенін растады.– Теңіз қатынасы жоқ дамушы елдердің жаһандық күн тәртібінен тыс қалмауын халықаралық серіктестікті нығайту арқылы ғана қамтамасыз ете аламыз, – деді Мемлекет басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1046180?lang=kk
Ана сүтінде 400 пайдалы қоректік зат бар 06.08.2025
Жыл сайын 1 - 7 тамыз аралығында әлем бойынша Дүниежүзілік бала емізу апталығы аталып өтеді. Осыған орай, Алматы облысысының басты ақпараттық алаңында арнайы брифинг өтті. Баспасөз мәслихаты барысында, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Мақпал Қамбарбекова, ата сүтінің артықшылықтары мен, апталықтың маңызы жайында баян етті.«Дүниежүзілік бала емізу» апталығының мақсаты – ана сүтінің маңызын, оның бала денсаулығы мен дамуына қосатын ерекше үлесін қоғамға түсіндіру.Ана сүті – нәресте өмірге келгеннен кейінгі ең алғашқы әрі ең маңызды тағам. Ол нәрестенің алғашқы қорғаныс жүйесі болып табылады.Мамандардың айтуынша, ана сүтінің құрамында 400-ге жуық пайдалы қоректік зат бар. Сонымен қатар, ана сүті иммундық және биологиялық белсенді заттарға бай. Олар ішек жұмысын реттеп, баланың ағзасын түрлі аурулардан қорғайды. «ЮНИСЕФ пен ДДСҰ ұсынған ұсыныстар бойынша, сәбиді 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректендіріп, кейін қосымша тағамдар енгізе отырып, кемінде 2 жасқа дейін емізу ұсынылады»,-дейді спикер. Ана сүті – тек тағам емес, ол – мейірім мен қауіпсіздік белгісі. Сондықтан қоғамда ана сүтімен қоректендірудің маңызын насихаттап, аналарды барынша қолдаған жөн. Емізуді жалғастыру – болашақтың дені сау ұрпағын қалыптастырудың басты кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1046181?lang=kk
Қазақстан армиясында PSY-тәуекел жүйесі енгізілуде: психоэмоционалдық ауытқулары бар әскерге шақырылушылар қызметке жіберілмейді 06.08.2025
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі – PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді ауқымды енгізу басталады. Инновация жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған.PSY-тәуекел әдістемесін Қорғаныс министрлігінің әскери психологтары әзірледі. Жаңа жоба 2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сәтті сынақтан өтті. Соның нәтижесінде суицидке бейімділік белгілері бар 470-тен астам жас анықталып, олардың бәрі қызметтен босатылды немесе қосымша тексеруге жіберілді.Жаңа жүйе бастапқы скринингті, терең психологиялық тексеруді және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптаманы қамтитын психодиагностиканың көп сатылы механизмі болып табылады. Негізгі мақсат – психоэмоционалды тұрақтылық тұрғысынан Қарулы күштерде қызмет етуге дайын емес адамдарды шақырудан шығару.PSY-тәуекелді енгізу мәселелері ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының негізгі тақырыбына айналды. Оның құрамына Қорғаныс, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың мамандары кірді.Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышевтің айтуынша, бастама Үкіметтің тапсырмасы бойынша іске асырылуда және әскерге шақыру науқаны шеңберінде жүйелі профилактиканың бір бөлігі болады. – Біз психологиялық тұрақсыздарды електен өткізіп қана қоймай, болашақ әскери бөлімдердің ұжымдарын ықтимал қауіпті жағдайлардан қорғауға тырысамыз. Бұл бөлімшелердегі денсаулық, өмір және моральдық ахуал қатысты, – деді подполковник Арман Қалышев.Еліміздің барлық өңірлерінде PSY-тәуекелді кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Инновация іріктеу тиімділігін арттырады, армиядағы штаттан тыс жағдайлардың санын азайтып, жас әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайтудағы маңызды қадам болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1046187?lang=kk
Миллиондаған табыс құлпынайдан: Алматы облысының жас фермері жеңілдетілген несиені тиімді игерді 05.08.2025
Ынтымақ ауылының тұрғыны Ерадил Құмарбек ауыл шаруашылығының заманауи, табысты әрі экологиялық таза сала бола алатынын өз тәжірибесі арқылы дәлелдеді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, ол 600 шаршы метрлік жылыжай тұрғызып, құлпынай өсіру ісін жолға қойды. Жобаны іске асыру үшін жас фермер 2,5% жылдық мөлшерлемемен 9,1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау алған.– Мені әрдайым жерге деген сүйіспеншілік жетелейтін. Жай ғана жұмыс істеп қоймай, өз ісімді бастағым келді. Құлпынай менің алғашқы қадамым болды – бұл маған еңбекке деген ынтамен қатар, ертеңгі күнге деген сенімді де сыйлады, – дейді Ерадил Құмарбек.Жылыжай заманауи тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, бұл су ресурстарын үнемдеп, тұрақты әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Табиғи әрі хош иісті құлпынай бүгінде жергілікті нарықта үлкен сұранысқа ие. Фермердің айтуынша, оның бастамасы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға шабыт беріп, олар агробизнеске белсенді түрде қызығушылық таныта бастаған.– Су – өмір. Бүгіннен бастап үнемдеуді үйренсек, болашағымызды жарқын ете аламыз, – дейді ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына назар аударып.Бүгінде Ерадилдің жылыжайы – тек тұрақты табыс көзі ғана емес, сонымен қатар бастамашылдық, мемлекеттік қолдау мен еңбекқорлық ауыл өмірін түбегейлі өзгерте алатынының жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046139?lang=kk
ҚР СІМ-де Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын кеңейту перспективалары талқыланды 05.08.2025
Астана, 2025 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Елшісі Салман Балмен кездесу өткізді.Министрдің орынбасары Швейцария Қазақстанның Еуропалық серіктестері арасында маңызды орын алатынын және дәстүрлі түрде ел экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарына кіретінін атап өтті. Ол тұрақты іскерлік диалогтың, оның ішінде Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы аясындағы қызметінің маңыздылығын атап, сондай-ақ экология, «жасыл» энергетика және медициналық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жандандыруға қызығушылық білдірді.Тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейіне жоғары баға беріп, екіжақты форматта және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі саяси диалогты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1046137?lang=kk
Камералдық бақылау және салық төлеушілердің жиі жол беретін бұзушылықтары туралы 05.08.2025
Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау болып табылады.Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады.Алайда, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі, соның салдарынан камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге келесі сипаттағы қателер жатады.Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді;Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:жеткізушілер бойынша таратып жазуда қате жіберу;декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу; бірдей декларациялардың қос бағыты; өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;қате сомалармен чектерді басу;чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.Осылайша, сіздің мекенжайыңызға жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1046109?lang=kk
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау тәртібі туралы 05.08.2025
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Кезекке қою, құжаттарды қабылдау және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметтер жергілікті атқарушы органдармен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1046111?lang=kk
Шымкенттің қалаға айналуы: фактілер мен сандар 05.08.2025
Күні кеше құрылыстың ауқымдылығымен таң қалдырған Шымкент бүгінде нәтижесін көрсетіп жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары айқын көрсетеді: ауқымды құрылыс, жаңғырту және абаттандыру бағдарламасы белсенді жүзеге асыру кезеңіне өтті. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй қорын жаңарту және сейсмикалық төзімділігін арттыру басты назарда. Ал мұның бәрі оқшауланған жобалар емес, қалалық ортаның жаңа сапасын қалыптастырудың дәйекті саясаты. Бозарық: шөлейттен келешегі бар тұрғын ауданға дейін Қала құрылысына келетін болсақ, бұл «Бозарық» ықшамауданы санаулы жылдар ішінде игерілмеген аумақтан ауқымды өсу нүктесіне айналуының символына айналады. 2023-2025 жылдар аралығында мұнда жалпы ауданы 300 мың шаршы метрге жуық 81 тұрғын үй салынады – бұл шымкенттік отбасылар үшін 3700-ден астам пәтер. Енгізілген: - 2023 жылы 18 үй - 704 пәтер, – 2024 жылы 27 үй – 1134 пәтер. Қалған 36 үйдің тағы 16-сының құрылысын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Тек тұрғын үй құрылысы ғана емес, инженерлік инфрақұрылым, аулаларды абаттандыру, аумақтарды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқаны маңызды. Бозарықтың өзінде 8 қалалық инфрақұрылымдық жобаның 6-ы жүзеге асырылуда – бұл су және жылумен қамту, кәріз, электр желілері. Мұның бәрі жай ғана қоныстануға емес, жайлы өмір сүруге жағдай жасайды. Өзгеріс архитектурасы: фактілер мен цифрлардың өзгеруі 2025 жылға арналған Шымкент қаласын құрылысты басқару бағдарламасының ауқымы 98 нысанды құрайды. Басымдықтардың ішінде: - 57 көпқабатты үй, - 17 білім беру нысаны, - 8 инфрақұрылымдық жүйе, - саябақтар, мектептер, медициналық мекемелер мен Төтенше жағдайлар министрлігінің ғимараттары. Ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін нарықта 3500-ден астам жаңа пәтер және тағы 379 пәтер бар. Тұрғын үй қорын жаңарту Тиімділік пен сапаны бақылау көрсеткіштерінің бірі анықталған ақаулар болып табылады. 2025 жылдың басынан бері 50 ақау анықталып, жойылды. Салыстыру үшін: 2024 жылы 656 ақау анықталды, оларды мердігерлер кепілдік міндеттемелері аясында жойды. Тозығы жеткен және ескірген 66 көпқабатты тұрғын үйді бұзу, кейіннен тұрғындарды көшіру бойынша жол картасы жасалып, бекітілді. Жөндеу бағдарламасы аясында 10 ғимараттың (113 пәтер) тұрғындары қоныстандырылды. 2021 жылдан бері 233 көпқабатты тұрғын үйге техникалық байқау жүргізілді: оның 68-і сейсмикалық күшейтуді қажет етеді; * 67 төтенше жағдай деп танылды; 98-інің жағдайы тұрақты. Тағы не салынып жатыр: мектептен стадионға дейін Шымкент әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымға бәс тігуде. 2025 жылы мегаполисте мыналар пайдалануға беріледі: 16 жаңа мектеп; жатақхана; оқушылар сарайлары; спорт кешені; мәдени орталық; мүгедектерге арналған оңалту орталығы; Қан орталығына қосымша ғимарат және Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған жобалар. Мегаполис тек қана кеңейіп қана қоймайды, ол болашақ ұрпақтың негізін қалады. 2025: жайлылық пен жауапкершілік жылы Қала маңызды ставка жасауда: даму тек жылдам ғана емес, тұрақты болуы керек. Сондықтан жаңғырту сапаны бақылаумен, инженерлік дайындықпен, әлеуметтік инклюзиямен және қала құрылысы жауапкершілігімен үйлеседі. Бозарық – инфрақұрылымға салынған инвестиция қаланың пейзажын ғана емес, мыңдаған адамдардың өмір сүру деңгейін қалай өзгертетінінің бір мысалы ғана.
🌿 Сенбілік – таза орта, жарқын келешек! 🧹 05.08.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1046010?lang=kk
2025 Ж. ТАМЫЗ АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 05.08.2025
!! САЛЫҚ, ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША !!2025 ж. 15 тамыз:• 101.03, 101.04 нысандары - 2025 ж. 2-тоқсанынарезиденттер мен бейрезиденттердің, табысынан төлем көзінеұсталған КТС бойынша есеп;• 200.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына ЖТС жәнеәлеуметтік салық бойынша декларация;• 300.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;• 400.00, 421.00 нысандары - 2025 ж. маусым айына акцизбойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер/ объектілер бойынша есеп;• 570.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;590.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына пайдалы қазбалардыөндіру салығы бойынша декларация;• 710.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына ойын бизнесінесалынатын салық, бойынша декларация;880.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына цифрлық майнингүшін төлем бойынша декларация;^910.00 нысаны - 2025 ж. 1-жартыжылдығына арналғанжеңілдетілген декларация;913.00 нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтынарнаулы салық режимін қолданатын салық телеушілергеарналған декларация.2025 ж. 20 тамыз:328.00 нысаны - 2025 ж. шілде айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1046036?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 35 неке тіркелді 05.08.2025
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінде сотталған азамат пен оның сүйіктісінің неке қию рәсімі өтті. Олардың некесі ресми түрде АХАТ өкілінің қатысуымен тіркелді.Отбасы құру – әрбір адам өміріндегі маңызды қадам, ал түзеу мекемесінде бұл – рухани тірек пен болашаққа үміттің көрінісі. Отбасы – сотталғандардың қайта тәрбиелену және әлеуметке бейімделу үдерісіндегі маңызды факторлардың бірі. Ол жауапкершілік сезімін арттырып, оң өзгерістерге ұмтылуға ықпал етеді.Жыл басынан бері өңір мекемелерінде бұл ресми тіркелген 35-ші неке. Бұл көрсеткіш бостандық пен болашаққа деген сенімнің, адами құндылықтардың сақталып отырғанының дәлелі.Мекеме әкімшілігі мұндай бастамаларды қолдай отырып, оларды тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі және сотталғандардың қоғамға сәтті оралуының маңызды құралы ретінде қарастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1045959?lang=kk
Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі үшінші конференциясында сөз сөйледі 05.08.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке конференцияны шақыру бастамасы үшін алғыс айтты, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің (ТДМ) проблемаларын шешуге және мүмкіндіктерін іске асыруға бейілділігі үшін ризашылығын білдірді. – Жиырма жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі Бірінші конференциясын өткізу арқылы жетекші рөл атқарды, бұл оның осы үдеріске ұзақ мерзімді үздіксіз қатысуының бастамасы болды. Осы тарихи оқиғаның барысында Алматының іс-қимыл бағдарламасы қабылданып, ол алғаш рет жаһандық даму күн тәртібіне LLDC тобының мәселелерін енгізді. Бүгін біз алдымызда тұрған мақсаттарды одан әрі ілгерілету үшін жаңа күш-жігер жұмсау үшін Авазаға жиналдық, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, теңізге шыға алмайтын дамушы 32 ел жарты миллиардтан астам адамды құрайды, олардың көпшілігі әлі де қаржыға, технологияға және жаһандық нарықтарға қол жеткізуде кедергілерге тап болып отыр. – Шектелген аймақтық көлік байланыстары теңізге шыға алмайтын елдер үшін басты мәселе болып қала береді. Бұл проблема транзиттік және сауданың жоғары шығындарын, сондай-ақ геосаяси факторлардың осалдығын қоса алғанда, бірқатар экономикалық қиындықтарды тудырады. Бұл шектеулер азаматтардың әл-ауқатына әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Оларды қақтығыстар, экономикалық санкциялар, жеткізу тізбегіндегі үзілістер және өсіп келе жатқан жаһандық сенімсіздік одан әрі қиындатады. Соған қарамастан, Қазақстан ЖТҚК-ны жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда тең құқылы және перспективалы серіктестер ретінде қарастыру керек деп санайды. Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің үні бұдан да күштірек, ынтымақтастығымыз тереңірек, ұжымдық амбицияларымыз батыл болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан инклюзивті және орнықты болашаққа жол картасы ретінде Аваза іс-қимыл бағдарламасын толық қолдайтынын атап өтті. "Бұл маңызды бастама транзиттік елдерден, халықаралық даму ұйымдары мен қаржы институттарынан саяси қолдау алуы керек. Көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі салаларға инвестицияны ынталандыру үшін инновациялық қаржылық тетіктер қажет", - деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір өзекті мәселе ретінде климаттың өзгеруін атады. – Көптеген LLDC су тапшылығына, мұздықтардың еруіне, шөлейттенуге және басқа да экстремалды ауа райы оқиғаларына тап болады. Осы сын-қатерлерді шешу үйлестірілген аймақтық күш-жігер мен белсенді халықаралық қолдауды талап етеді. Сонымен бірге, мен климаттың өзгеруімен күресу шаралары теңдестірілген және инклюзивті болып қалуы және елдердің негізделген даму қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек деп есептеймін. Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерімізді нығайту үшін Сіздерді келер жылдың сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке шақырамын, – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Қазақстан серіктестерімен бірге аймақтық байланысты нығайту, цифрлық трансформацияны ілгерілету және ұзақ мерзімді тұрақты өсімге жәрдемдесу үшін айтарлықтай күш салуда. – Біз Солтүстік-Оңтүстік және Орта дәліз бағыттары бойынша көлік дәліздерін және транзиттік инфрақұрылымды дамытуға басымдық береміз. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – теміржол, автомобиль, авиация және логистикалық орталықтардың бірыңғай желісін құру. Бұл Қазақстанның еуразиялық транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтады, оның үлесіне қазіргі уақытта Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүктердің 85%-ға жуығы келеді. Біз цифрландыруға да инвестиция салып жатырмыз. Қазақстан Астанада Alem.AI жасанды интеллект орталығын құрып, жақында суперкомпьютерді іске қосты. Ғылыми ынтымақтастық үшін есігіміз ашық және біз серіктестерді бізге қосылуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Орталық Азия тәжірибесі географияның тағдырды анықтамайтынын көрсетіп отырғанын атап өтті. – Біз қазіргі теңізге шыға алмайтын мемлекеттен құрлық байланысы маңызды болмайтын болашаққа көшеміз. Біздің аймақ өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық танытып, саяси ерік-жігер, стратегиялық инвестиция және халықаралық серіктестік арқылы теңізге шыға алмайтындығы кедергі емес, өсудің қуатты драйверіне айналатынын көрсетеді. Біз Орталық Азияның сауда, инвестиция, көлік, коммуникация және тұрақты ресурстарды басқарудағы қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті бар өзара тиімді өзара әрекеттестік аймағына айналғанының куәсі болып отырмыз. Екі күн бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен штаб-пәтері Алматыда орналасқан БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл «Аваза» бағдарламасының игі мақсаттарына толық сәйкес келетін бүкіл өңір үшін маңызды жетістік екеніне сенімдімін. Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін БҰҰ Бас хатшысына және біздің Орталық Азиядағы барлық әріптестерімізге тағы да ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобының мақсаттары мен қағидаттарына берік адалдығын тағы да растады. «Халықаралық серіктестікті нығайта отырып, біз ЖТҚК жаһандық даму күн тәртібінің ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз ете аламыз», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. 05.08.2025
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді. Қандай өзгерістер енгізілді? Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?         ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген. Қайда жүгіну керек? БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.  Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады. o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі. ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1045909?lang=kk
Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады? 05.08.2025
БЖЗҚ туралы өзекті мәселелерҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өтеу бойынша талап қою мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?  Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады?         Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.. Қайда жүгіну керек?    БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.  Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?  Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады. Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады. [1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1045911?lang=kk