Әлем
«Жаңа өмірге жол» атты іс-шара 06.08.2025
2025 жылдың 6 тамызында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға нотариус пен сот орындаушылары қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1046719?lang=kk
Главы МИД Казахстана и Сьерра-Леоне провели телефонный разговор 06.08.2025
Астана, 6 августа 2025 года – По инициативе сьерра-леонской стороны состоялся телефонный разговор Заместителя Премьер-министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу с Министром иностранных дел и международного сотрудничества Республики Сьерра-Леоне Тимоти Мусой Каббой.В ходе беседы главы внешнеполитических ведомств обсудили текущее состояние и перспективы развития сотрудничества в двустороннем и многостороннем форматах, а также обменялись мнениями по графику предстоящих мероприятий до конца текущего года.Собеседники также отметили положительные результаты официального визита главы МИД Сьерра-Леоне в Астану в апреле т.г., который придал новый импульс развитию двусторонних отношений.По итогам переговоров министры договорились продолжить политический диалог, подтвердив приверженность дальнейшему укреплению взаимодействия и поддержке друг друга на международной арене. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1046721?lang=kk
2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы 06.08.2025
2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралыШығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.Талаптар: 1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 17.30 - ға дейін.Өтінімді қайда беру керек: – қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).Байланыс деректері: 8 (7232) 20-51-17, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1068768?lang=kk
Он үш медаль жеңіп алдық! 06.08.2025
Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында XXXIV Qosanov Memorial өтті, оған 17 елден 214 жеңіл атлетші қатысты. Қарағанды облысынан жоғары спорт шеберлігі мектебінің он өкілі және Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің бір тәрбиеленушісі, барлығы 11 спортшы өнер көрсетті. 13 медаль (!) жеңіп алынды, оның біреуі алтын, жетеуі күміс және бесеуі қола. Осы жарыста Аделина Земс ерекше көзге түсті, ол жолдастарымен бірге 4х400 м mixed эстафетадан бірінші болды, 400 м кедергілермен жүгіруден және 4х100 м. эстафетадан екінші болды.Марапаттарға ие болғандар:Зубарев Милан-400 метрге жүгіруден «күміс»;Ефремов Дэвид-110 м кедергілермен жүгіруден «күміс»;Ефремова Мария- қатарынан үш рет секіруден және 4х100м эстафетадан «күміс»;Земс Виталий-4х100м. эстафетадан «күміс» және 200 метрге жүгіруден «қола»;Чистякова Алина-100 м кедергілермен жүгіруден мен 4х100 м. эстафетадан «қола»;Прокудин Евгений-110 метрге кедергілермен жүгіруден «қола»;Сафонова Валерия-4х100 м.эстафетадан «қола».Бұл жарыстар әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие. Турнир Гусман Косановты еске алуға арналған. Г.Косанов - біздің аты аңызға айналған жерлесіміз, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Римдегі Олимпиада ойындарының (1960) күміс жүлдегері. Ол 100 метрге жүгіруден Молдова, Украина, Қазақстан чемпионы атанды. Жыл сайын оның атымен Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1046696?lang=kk
Өскеменде 81 қауіпті электр шәйнек анықталды 06.08.2025
«Технодом» дүкендер желісі Қазақстан бойынша сөрелерден көлемі 1,7 литрлік VITEK VT-1122 TR электр шәйнегінің 81 данасын сатылымнан алып тастады. Сонымен қатар, жеткізушіге анықталған заңбұзушылықтар жойылғанға дейін бұл модельді жеткізуді тоқтату туралы талап жолданды.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті тұтынушыдан келіп түскен өтініш бойынша Өскемен қаласындағы дүкеннен аталған электр шәйнекті бақылау мақсатында сатып алып, өнімді Кеден одағының техникалық регламенті — «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 004/2011 талаптарына сәйкестігіне зертханалық тексеруден өткізді.Сынақ нәтижелері шәйнектің нақты қуаты белгіленген нормалардан айтарлықтай ауытқитынын көрсетті. 220 В кернеуде қуаттылығы 1617 Вт (−12,6 %), ал 240 В кезінде — 1824 Вт (−17,1 %) болған. Мұндай ауытқулар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.Анықталған заңбұзушылықтар бойынша «Технодом» дүкеніне өнімді сатылымнан алып тастау туралы ресми хабарлама жолданған.Техникалық регламент талаптарына сай келмейтін тауарларды саудалағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жаза ретінде жеке тұлғаларға – 90, лауазымды тұлғаларға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 195, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1046707?lang=kk
Өкілдік Басшысы Иранның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 06.08.2025
2025 жылы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Иран Ислам Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Сона Ахмадиға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Иранның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1046680?lang=kk
Алматы облысында автожолдарды жөндеу және салу бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда 06.08.2025
2025 жылы Алматы облысында әр деңгейдегі автожолдарды жөндеу, реконструкциялау және салуды қамтитын көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылды. Жоспарға сәйкес, 660 шақырымнан астам жол – облыстық маңыздағы трассалардан бастап ауылішілік көшелерге дейін – нормативтік талаптарға сай келтірілетін болады.Бағдарламаның басты мақсаты – көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы жол жұмыстарын қаржыландыру көлемі 25,1 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 22,5 млрд теңге облыстық бюджеттен, соның ішінде 2,6 млрд теңге республикалық трансферттерден бөлінеді. Қаржыландыру тек мемлекеттік көздер есебінен жүргізіледі.Ағымдағы жылы жөнделіп және жаңадан салынатын жолдардың көлемі:облыстық маңыздағы жолдар – 187,8 км,аудандық және ауылішілік жолдар – 472,2 км.Оның ішінде орташа жөндеуден өтетін жолдар: 160,8 км (облыстық), 320,25 км (жергілікті). Капиталдық жөндеу: 26 км (облыстық), 22,1 км (аудандық). Сонымен қатар, жаңа жолдар салынады: Ақын Сара көшесінің 1 км және елді мекендерде 1,5 км көше желісі.Бағдарлама аясында халық тығыз қоныстанған, көлік ағыны жоғары және стратегиялық маңызы бар аудандарға ерекше назар аударылады: Талғар, Қарасай, Іле және Еңбекшіқазақ аудандары. Жоспарланған жұмыстар:Талғар ауданында Талғар өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу басталады,Есік–Қырбалтабай–Жетіген жолында автоматтандырылған өлшеу жабдығы орнатылады,Қарасай ауданында «Алматы–Шамалған–Ұзынағаш» трассасы қайта жаңғыртылып, Алматы өзені үстіндегі көпір жөнделеді,Іле ауданында Қапшағай су қоймасына апаратын жол жөнделіп, Ақын Сара көшесінің жаңа бөлігі салынады,Еңбекшіқазақ ауданында Есік–Саймасай–Александровка жолы күрделі жөндеуден өтеді және Түрген өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленеді.Басымдық берілген нысандар – апатты учаскелер, жүктемесі жоғары бағыттар және құрылыс қарқыны жоғары аймақтар. Талғар, Түрген өзендеріндегі және Алматы-1–Ұзынағаш бағытындағы көпірлер – шешімін күткен мәселелер қатарында. Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.Жылдың маңызды технологиялық жаңалығы – көлік ағыны тығыз үш жол учаскесінде автоматты салмақ бақылау бекеттерінің орнатылуы:Есік–Қырбалтабай–Жетіген,Алматы–Жетіген–Қапшағай,«Арналық БАК» жолы.Бұл кешендер көлік қозғалысы барысында жүктемені автоматты түрде өлшеп, жол жамылғысының тозуын азайтады және белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жол желісінің цифрлық паспорты жүргізілуде, бұл деректер базасын жаңартып, бюджеттік жоспарлау мен қаржы бөлуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.Жөндеу жұмыстарын облыстың жетекші мердігер ұйымдары – L-VESA ЖШС, Алматы-Жолдары ЖШС, Балқашжолдары ЖШС және басқа да ашық конкурстар нәтижесінде анықталған компаниялар жүзеге асыруда. Жұмыстың сапасына техникалық бақылау қызметі, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, сондай-ақ 75 млн теңгеге келісімшарт жасалған Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы бақылау жүргізеді. Лабораториялық тексерулер қорытындысы бойынша анықталған ақауларды мердігерлер қысқа мерзімде жоюға міндетті.Облыс аумағы – таулы, тау бөктері мен жазық аймақтарды қамтиды. Сондықтан әрбір жобада жеке тәсілдер қолданылады. Мысалы, Кеген, Райымбек аудандарында қар көшкіні мен жер көшкіндерінен қорғайтын тосқауылдар, тұрақты конструкциялар қолданылады. Тұрақсыз топырақты аймақтарда жол негізі нығайтылып, аязға және жылуға төзімді материалдар мен тиімді дренаж жүйелері пайдаланылады.Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласын Үлкен Алматы айналма автожолымен (ҮАААЖ) байланыстыратын алты радиалды жолдың құрылысы жалғасуда: Ақын Сара, Саин, Рысқұлов, Абай, Тлендиев көшелері мен Солтүстік айналма жолы. Бұл бағыттар мегаполистің орталық көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтып, жол жүру уақытын қысқартып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.Сонымен қатар, Қонаев қаласының көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту жобасы іске асырылуда. Магистраль жолдарды кеңейту және көлік ағынын басқарудың интеллектуалды жүйесін енгізу жоспарланған.Аймақта жолаушылар тасымалын жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде:Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 12 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады,коммуналдық автопаркке 30 автобус, жеке тасымалдаушыларға 33 автобус сатып алынады,мектеп автобустарын да қамтитын бірыңғай цифрлық диспетчерлік жүйе енгізілуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша, облыс жолдарының 94%-ы қанағаттанарлық және жақсы күйде. 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген. Әлеуметтік нысандарға баратын жолдарға, заманауи жол белгілерін орнатуға және жол таңбаларын жаңартуға ерекше назар аударылады.Алматы облысы жол инфрақұрылымын дамытуды жүйелі түрде қолға алып, заманауи технологиялар мен мониторинг деректеріне және аумақтық даму басымдықтарына сүйене отырып жұмыс атқаруда. Бұл бағдарлама тиімді, тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046640?lang=kk
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ 06.08.2025
Құрметті ата-аналар!Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;176 ұсақ бұзақылық тіркелді;түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.Сіздерден өтініш:балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер;балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар.Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең маңызды ошағы. Балалардың бойында тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық сана тек ата-аналардың белсенді қатысуымен қалыптасады.Балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – алдымен ересектердің міндеті.Қоғам, мемлекет және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана біз Қазақстан балаларына қауіпсіз әрі жарқын болашақ қамтамасыз ете аламыз.Құрметпен,А.Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1046884?lang=kk
В Карасайском районе строится Центр обслуживания молодежи 06.08.2025
Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысуына қолайлы жағдай жасау – жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының (ЖҚКО) құрылысы басталды.Аталған орталық жастарды кешенді түрде қолдауға бағытталған көпфункционалды алаң болады. Мұнда сапалы білім алуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, еріктілік қызметке және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мен тұрғын үй мәселелерін шешуге де баса назар аударылатын болады.Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталды. 2024 жылдың сәуір айында бірқатар объективті себептерге, соның ішінде қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жоба уақытша тоқтатылған. Биыл көктемде құрылыс қайта жанданды. Жобаның жалпы құны – 420 миллион теңгені құрайды.Нысан аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Ғимарат жертөле мен екі қабаттан тұрады, онда түрлі функционалдық аймақтарды орналастыру көзделген. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жертөле қабатында гардероб, 12 адамға арналған шешінетін бөлме, санитарлық тораптары мен душ бөлмелері бар спорт залы, сондай-ақ хореография залдары орналастырылады.Бірінші қабатта қабылдау бөлімі, психологиялық көмек көрсету орталығы, 43 орындық конференц-зал, робототехника шеберханасы қарастырылған. Барлық бөлмелер қажетті жиһазбен, кеңсе техникасымен және компьютерлік жабдықтармен толық қамтылады.Екінші қабатта коворкинг аймағы, компьютерлік курстарға арналған оқу сыныбы, кофе-бар, ойын және шығармашылық кеңістіктер – үстел ойындарына арналған бөлме мен қолөнер шеберханасын орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтың тапсырмасына сәйкес, жастарға түрлі бағытта кәсіби көмек көрсете алатын мамандар жұмыс істейтін кабинеттер санын арттыру мақсатында жобалық шешімдерге бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде.«Азамат құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының мәліметінше, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының елеулі бөлігі аяқталған. Құрылысты толық аяқтағаннан кейін нысан маңындағы аумақ абаттандырылып, қоршалатын болады. Объектіні пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қарасай ауданындағы жастар инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосып, жастардың заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046670?lang=kk
Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда 06.08.2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелерін ашу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.Аталған жұмыс үшжақты агенттік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылып, сауда орындары халыққа күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін нарық бағасынан 10–15% төмен белгіленген тұрақты бағамен ұсынады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың негізгі азық-түлікке қолжетімділігін арттырады.Бүгінгі күні белгіленген бағалар төмендегідей:күріш — 320 тг/кг,1-сортты бидай ұны — 175 тг/кг,қарақұмық жармасы — 200 тг/кг,құмшекер — 382 тг/кг,макарон өнімдері (құрыш) — 250 тг/кг,ас тұзы — 65 тг/кг,күнбағыс майы — 578 тг/л (5 литрі — 2890 тг).Облыс көлемінде сауда субъектілерімен жалпы 58 агенттік келісімшарт жасалған. Сауда нүктелеріне тауарлар Қонаев, Алатау қалалары мен Іле, Талғар, Райымбек және Кеген аудандарынан келіп түскен өтінімдер негізінде тұрақтандыру қорынан жеткізіледі.Бұл бастама нарықтағы баға тұрақсыздығы жағдайында халықты қолдауға бағытталған және алдағы уақытта өңірдің басқа да елді мекендерін қамти отырып жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046590?lang=kk
Қонаев қаласында үшжақты меморандумға қол қойылды 06.08.2025
Қонаев қаласында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, қалалық әкімдік және білім бөлімі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.Құжатқа қала әкімі Асхат Бердіханов, университет ректоры Дархан Ақпанбетов және қалалық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Қойшыбаева қол қойды.Меморандум аясында Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандарды даярлау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, дуалды оқытуды ұйымдастыру және басқа да маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарланған.Университет тарапынан қала мектептерінің үш түлегіне білім гранттары табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046608?lang=kk
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының көшпелі алқа отырысы өтті 06.08.2025
Отырыстың күн тәртібінде денсаулық сақтау жүйесінің I жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.Алқада онкологиялық қызметті дамыту, келісімшарттық міндеттемелерді іске асыру, облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және медициналық әрі фармацевтикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бақылаудың нәтижелері талқыланды.Ерекше назар ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелеріне аударылды. Алқа мүшелері заманауи тәсілдермен медициналық көмек ұйымдастырылып жатқан Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының қызметімен танысты.Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде мекеме жаңа инфрақұрылыммен, цифрлық шешімдермен жабдықталып, негізгі бөлімшелер жаңартылды. Сонымен қатар, мультидисциплинарлық тәсілдерге, орнықтылық пен қолжетімділікке негізделген, пациентке бағытталған қызмет көрсету моделі енгізілді.Еңбекшіқазақ КОАА ауылдық аумақтағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту — жүйелі тәсіл, сапаға инвестиция және инновацияларды белсенді енгізу арқылы мүмкін екенін көрсетіп отыр. 📍 Алқа отырысы стратегиялық диалог, тәжірибе алмасу және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдау үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1046443?lang=kk
Семинар-кеңес 06.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда "Білім бөлімі әдіскерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен, педагог-психологтармен және әлеуметтік педагогтармен 2025 жылға арналған бірлескен жұмыс циклограммасына" сәйкес ауданның білім бөлімінің әдіскері В.Н. Касумова ұйымдастырған семинар-кеңес өткізілді.Семинар тақырыптары:1.Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін құру туралы мәселені қарау.Баяндамашы: Пионерское ауылы № 3 ЖББМ педагог-психологы -З.З. Грицюк. 2."Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" ҰАК өткізу қорытындылары.Баяндамашылар: Осакаровка к. № 12 ЖББМ педагог-психологы -Н.В. Пышкина, Ә.Бөкейхан атындағы ТМ РО әлеуметтік педагогы- Ербол А. 3. Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің профилактикалық жұмысы мен жұмыс істеуін ұйымдастырудың өзекті мәселелері.Баяндамашылар: білім бөлімінің әдіскері В.Н. Касумова Семинарға білім беру бөлімінің әдіскері, директорлардың тәрбие жұмысы, оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.Жалпы қамту: 57 адам.Іс-шара барысында директорлардың ТЖ және ОЖ жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар мәлімделген тақырыптар шеңберінде сөз сөйлеушілерге нақтылайтын сұрақтар қойды. Спикерлер білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың практикалық аспектілеріне назар аудара отырып, жан-жақты және мазмұнды жауаптар берді.Семинар қорытындысы бойынша:* ведомствоаралық және мектепішілік өзара іс-қимылды күшейтудің өзекті бағыттары айқындалды;* тиісті шешімдер қабылданды және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша одан әрі қызмет жоспары белгіленді;* білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мәселелері мен ресурстары қаралды;* қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимыл нысандары келісілді.Семинар материалдары қатысушыларға практикалық қызметте пайдалану үшін жіберілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1058650?lang=kk
Внимание торги 06.08.2025
ХабарландыруСатылатын объекті:Жеке тұрғын үй бар жер тілімі, жалпы ауданы 69,10 ш.м. Жер учаскесі ауданы 0,25 га; Салынған жылы 2002 жыл Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Алатау көшесі, 3.ААукцион өткізілетін күні: 08.08.2025 12:00Бастапқы бағасы: 13 939 900 тенге.Кепілдік жарна: 3 216 900 тенге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1046422?lang=kk
Назар аударыңыз сауда! 06.08.2025
ХабарландыруСатылатын объекті:Екі тұрғын үй, жалпы ауданы 219,70 ш.м. 0,1000 га жер учаскесіне жеке меншікқұқығымен. Кұрылыс жылы: 2015 жыл: Батыс Қазақстан облысы,Тасқала ауданы, Аққайнар ауылы, Өркен көшесі, 16-учаске мекенжайы бойыншаАукцион өткізілетін күні: 12.08.2025 ж., 12:00Бастапқы бағасы: 13 968 500 тенге.Кепілдік жарна: 3 223 500 тенге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1046427?lang=kk
Жалпыға бірдей декларация бойынша декларацияларды кім ұсынады 2025 жылы 06.08.2025
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " ҚР 15.07.2025 ж. № 208-VIII ҚРЗ Заңымен және Қазақстан Республикасының заңдары оны қолданысқа енгізу туралы" жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.Осыдан, 2025 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 250.00 нысаны бойынша ұсынуға міндетті:1) сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;2) 31.12.2024 ж. жағдай бойынша шетелде мүлкі (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері) бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері, бағалы қағаздар, шетелдік заңды тұлғадағы қатысу үлесі, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, шетелдік банктердегі ақша қаражаты 1000 АЕК-тен жоғары, шетелдік брокерлік шоттардағы ақша); дебиторлық/кредиторлық берешек; құны бірлігіне 1000 АЕК-тен асатын өзге де қымбат мүлік;3) цифрлық активтер болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;4) жеке практикамен айналысатын адамдар.Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2025 жылы 270.00 нысаны бойынша ұсынады:1)мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;2) заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент жұбайлары;3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-ерлі-зайыптылар;5) жеке практикамен айналысатын адамдар;6) Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті алған тұлғалар;7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар; 8) шетелде мүлкі бар тұлғалар;9) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;10) Қазақстан Республикасында және (немесе) одан тыс жерлерде есепті салық кезең ішінде құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар (жылжымайтын мүлік; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін; бағалы қағаздарды; туынды қаржы құралдарын; тұрғын үйге қатысу үлестері құрылыс; инвестициялық алтынды сатып алған тұлғалар);11)салықагентінебасқашегерімдердіңалдын ала сомасытүріндесалықшегерімдерінқолданутуралыөтініш берген тұлғалар.Декларацияларды тапсыру мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1046420?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 06.08.2025
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сумен жабдықтау жүйесі іске қосылған Текесу тұрғын алабын аралады. Мегаполис басшысы жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.Бұл бағыттағы жұмыстар әкімнің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Халықпен кездесулердің бірінде жергілікті тұрғындар ауыз суға тұрақты қол жетімділіктің жоқтығына назар аударған болатын.Жоба 130 абонентті сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталып, 14 шақырым су құбыры жүргізілді. Жұмыстар демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді. Қала әкімі демеушілер мен мердігер ұйымдарға көрсеткен әлеуметтік жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде жергілікті халық санитарлық талапқа сай таза, үздіксіз ауыз суға қол жеткізді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент әкімі Зеленая Балка ауданын жаңғырту аясында жаңа тұрғындарға кілттерді табыс етті. 06.08.2025
Шымкент қаласының әкімі «Жасыл Балқа» ауданын жаңғырту аясында жаңа тұрғындарға кілттерді табыс етті. Шымкентте Зеленая Балка ауданын жаңғырту тұжырымдамасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 3-үйде бұрын тұрып келген сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Жаңа тұрғын үй бөлмелер саны бойынша бұрын тұрған пәтерлерге сәйкес келеді, әрлеуі таза және тұруға толық дайын. Жаңадан келген тұрғындар үшін бұл тұрғын үй жағдайлары мен өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы көптен күткен қадам. Отбасыларды жаңа баспаналарымен құттықтаған қала әкімі оларға жаңа баспаналарында амандық, жылулық пен жайлылық тіледі. Ол мұндай жобалар Шымкенттің тұрақты дамуының және қала экологиясының сапасын арттырудың маңызды элементі екенін атап өтті. Айта кетерлігі, «Жасыл балқа» ауданын жаңғырту тұжырымдамасы азаматтарды жаңа баспанаға көшіру бағдарламасын ғана қамтып қоймай, аумақты кешенді абаттандыруды да қарастырады. Басты мақсат – азаматтардың өмір сүруі үшін заманауи, жайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Жоба басталғалы 66 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Бұл қабылданған қадамдардың тиімділігі мен бағдарламаның қала тұрғындарының өміріне оң ықпалын тигізетінін растайды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ 06.08.2025
Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3 мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады. Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Темір жүректі тірілтетін – шынайы мамандық 06.08.2025
2025 жыл – жұмысшы мамандықтардың қадірін арттырып, шынайы еңбектің бағасын ұғынатын жыл. Осы орайда, ел экономикасының алға басуына үнсіз үлес қосып жүрген мамандардың бірі – Көлік жөндеуші!Көлік жөндеуші – бұл темір тұлпардың тынысын тыңдап, ақауын анықтап, қайтадан жолға шығуына жан бітіретін нағыз шебер.Жеңіл көлік, жүк көлігі немесе арнайы техникалар болсын – бәрінің «жаны» осы маманның қолында.Бұл мамандық – тек қол еңбегі емес, бұл – логика, дәлдік, және жауапкершілік. Әрбір гайка мен болт – адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.Автокөлік әлеміне қызығатын, жаңа технологияларды меңгеруге құштар жастар үшін – көлік жөндеуші мамандығы болашақтың өзегі болмақ!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#КөлікЖөндеуші