Enbekshi QazaQ

Әлем

БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер 05.08.2025
 Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады?БЖЗҚ туралы өзекті мәселелерҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өтеу бойынша талап қою мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?  Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады?         Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.. Қайда жүгіну керек?    БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.  Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?  Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады. Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.              [1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1052638?lang=kk
Ұлттық ядролық орталық – «Абай QUIZ» бойынша «Үздік ұжым» номинациясының лауреаты 05.08.2025
2025 жылғы 2 тамызда Семей қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шара еліміздің 10 өңірінен келген 180 команданың басын қосып, Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелмек. Жарыс қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ядролық орталығының командасы «Үздік ұжым» номинациясын жеңіп алды. Ойынға қатысушыларды маңызды республикалық іс-шарада кәсіпорнымызды лайықты түрде таныстырып, сенімді жеңіске жетуімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1045872?lang=kk
Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды 05.08.2025
Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады?БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер 1) ҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өтеу бойынша талап қою мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді? Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.  2)  ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады? Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген. 3) Қайда жүгіну керек?БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет. 4)   Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.  5) Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.  [1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1048389?lang=kk
Беларусь БАҚ өкілдерін Digital Bridge 2025 форумына шақырамыз 05.08.2025
Құрметті Беларусь БАҚ өкілдері!Сіздерді 2025 жылғы 2-4 қазанда Астанада (Қазақстан) өтетін Digital Bridge 2025 халықаралық форумының ақпараттық серіктесі болуға шақырамыз.Форумды Astana Hub Халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп өткізеді.Digital Bridge - цифрлық трансформацияны, жасанды интеллектті дамытуды және технологиялар саласындағы өңірлік ынтымақтастықты талқылау үшін әлемдік көшбасшыларды, технологиялық инноваторларды және инвесторларды біріктіретін жыл сайынғы алаң. Форумның мақсаты - Қазақстанды Еуропа мен Азияны байланыстыратын технологиялық хабқа айналдыру.Digital Bridge 2025 тақырыбымен Generative Nation – Қазақстанның озық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген білім қоғамын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытын көрсететін тұжырымдама айқындалды.Форумның басты оқиғаларының қатарында әлемдік AI-индустрия жұлдыздарының өнер көрсетуі, alem.ai. халықаралық жасанды интеллект орталығының іске қосылуы өтеді.Форумда барлығы 15000 қатысушы болады деп күтілуде.Серіктестік аясында форумның ұйымдастыру комитеті:форумның ресми сайтында БАҚ логотипін орналастыру;логотипті форум алаңында баспасөз қабырғасына орналастыру;ақпарат туралы әлеуметтік желілерде жариялау;басылымның бір тілшісін аккредиттеу;форумда сұхбат жүргізу үшін жеке аймақты ұсыну (сұхбат кестесін алдын ала келісу қажет);қалаған спикерлермен эксклюзивті сұхбаттарды ұйымдастыруға жәрдемдесу (келісім бойынша);alem.ai. ресми ашылу салтанатында 1-орынды ұсыну мүмкіндігіӨз кезегінде ақпараттық серіктес қамтамасыз етеді:форум туралы пресс-релизді жариялау;БАҚ сайтында форум туралы баннерді орналастыру;форум қорытындылары туралы ресми баспасөз релизін жариялау.Қатысушылар туралы 2025 жылғы 11 тамызға дейін pr@astanahub.com. электрондық поштасына жауап хат жолдау арқылы хабарлауды сұраймыз:Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз! Құрметпен,Digital Bridge Ұйымдастыру Комитеті 2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1045856?lang=kk
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 05.08.2025
Ағымдағы жылдың 30 маусымында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді, оған сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады. Бұл қоғамдық орындарда никаб, түрлі бетперде, балапан және басқа да бетті жауып тұратын аксессуарларды киюге тыйым салу дегенді білдіреді. Бұл шектеу медициналық маскаларға қолданылмайды. Қабылданған шешім қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, азаматтардың құқықтарын шектемейді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заң талаптарын орындап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Шымкент қаласының Дін істері басқармасы
Әскери міндеттілер Қонаев қаласында әскери техникамен 25 шақырымға жорық жасады 05.08.2025
Қонаев гарнизонының 65476 әскери бөлімінде Кеген және Талғар аудандарынан, сонымен бірге Алматы облысының облыс орталығынан келген әскери міндеттілермен жиын өтіп жатыр. Аталған жорыққа 10 сауытты және арнайы техника, жеке құрамнан 50-ден астам адам қатысты. Жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмалары марштың әр кезеңінде экипаждардың өзара іс-қимылын және запастағы әскери қызметшілердің тактикалық дағдыларын жетілдіруді қамтыды.– Әскери міндеттілер техниканы жүргізуге дайындау ережесін, оны автотұрақтарда тексеру және қызмет көрсету тәртібін, лек құрамындағы іс-қимыл алгоритмін, қозғалыстың барлық бағытында байланысты ұйымдастыру және шартты түрде залалданған жерді еңсеру тәртібін орындады. Тізбек құрамында автомобиль және сауытты техниканы жүргізу дағдыларына ерекше назар аударылды, – деді 65476 әскери бөлімінің рота командирі аға лейтенант Дастан Қадыржан.Оқу-жаттығу жиыны теориялық сабақтарды, техниканы іс жүзінде жүргізуді, жауынгерлердің тактикалық және атыс дайындығын қамтитын отыз күндік бағдарлама бойынша өтпек. Жиын соңында қатысушылар сынақтар мен емтихандар тапсырады және нәтижелеріне қарай оларға кезекті әскери атақтар беріледі.Барлық әскери міндетті әскери киіммен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етілген. Жиын уақытында олардың жұмыс орындары мен жалақысы сақталады.Жиынның негізгі мақсаты – жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, кадрлық резервті дайындау және елде әскери-оқытылған ресурсты жинақтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045840?lang=kk
Нидерландтық инвестор Қазақстанда жоғары технологиялы конвейерлік роликтер өндірісін іске қосады 05.08.2025
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен нидерландтық REPA Conveyor Equipment компаниясының басшысы Ричард ван дер Лаан арасында кезекті кездесу өтті.Кездесу барысында компания басшылығы алдағы қыркүйек айында Қарағанды обл. аумағында конвейерлік роликтер шығаратын өндірістің іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Жоба компанияның Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістік қуаттарын орналастыру бағытындағы алғашқы кезеңі болмақ.REPA Conveyor Equipment компаниясы қазақстандық нарықтың әлеуетін жоғары бағалап, өнеркәсіптік өндірісті дамыту тұрғысынан оның тартымдылығын атап өтті. Нарықтық мүмкіндіктерді ескере отырып, компания өз қызметін одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Болашақта роликтерден бөлек, конвейерлік барабандар мен конвейерлік ленталар өндірісі жолға қойылады деп жоспарлануда.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік мәселелері бойынша пікір алмасты.REPA Conveyor Equipment — конвейерлік жүйелерге арналған компоненттерді, соның ішінде роликтерді, барабандарды, тірек құрылымдар мен металл конструкцияларды жобалау және өндірумен айналысатын Нидерландтағы өндірістік компания. Компания өнімдері қалдықтарды өңдеу, цемент өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және тау-кен өндірісі сияқты салаларда қолданылады. REPA шешімдері жоғары шаңдылық, ылғалдылық және өзге де күрделі өндірістік жағдайларға бейімделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1045827?lang=kk
МҚҰ қызметі тоқтатылған жағдайда микрокредиттер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі туралы 05.08.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату, оның ішінде лицензия қайтарып алынған жағдайда қарыз алушылардың міндеттемелерін жоюды білдірмейтінін еске салады. Микрокредиттерді қайтару бойынша міндеттемелер толық көлемде сақталады.Талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда бұрынғы МҚҰ немесе жаңа кредитор алдындағы қарыз алушының берешегі өз күшінде қалады. Қарызды басқа кредиторға берген жағдайда қарыз алушыға берешекті өтеудің жаңа деректемелері мен тәртібі туралы хабарлануы тиіс.Азаматтар микрокредиттерді ресімдеуге жауапкершілікпен қарауы қажет. Микрокредитпен бірге қарыз алушылар оны пайызбен қайтаруға міндеттеме алатынын есте ұстаған жөн. Микрокредит алу үшін МҚҰ-ға хабарласпас бұрын, компанияның заңды түрде жұмыс істейтініне көз жеткізу де маңызды. МҚҰ-да қолданыстағы лицензияның бар-жоғын Агенттіктің сайтында тексеруге болады.Қарыз алушылардың міндеттері ғана емес, тиісті құқықтары да бар. Егер МҚҰ-мен даулар туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына тегін кеңес алу және құқықтарды қорғау үшін жүгіне аласыз.2024 жылы Қазақстан Республикасында 29 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) қызметін тоқтатты, оның 17-і – ерікті негізде, 12-і – уәкілетті органның шешімі бойынша. Негізгі себептер – заңнаманы, оның ішінде пруденциялық нормативтердің талаптарын жүйелі түрде бұзу.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1045762?lang=kk
Пусан қалалық кеңесі делегациясының Алматыға сапары 05.08.2025
🇰🇿🤝🇰🇷2025 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Алматы халықаралық әуежайында Пусан қалалық кеңесінің Төрағасы Ан Сон Мин бастаған делегацияны қарсы алды.Аталған сапар Алматы мен Пусан арасындағы бауырластық қатынастар аясында өтіп, мегаполистер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.🇰🇿🤝🇰🇷On August 4, 2025, the Consul General of the Republic of Kazakhstan in the city of Busan welcomed the delegation of the Busan Metropolitan Council, led by Chairman Ahn Sung-min, at Almaty International Airport.The visit is taking place within the framework of the sister-city partnership between Almaty and Busan and is aimed at enhancing cooperation between the two metropolises.🇰🇿🤝🇰🇷 4 августа 2025 года Генеральный консул Республика Казахстан в городе Пусан поприветствовал делегацию Пусанского городского совета во главе с Председателем Ан Сон-Мином в международном аэропорту Алматы.Визит проходит в рамках отношений побратимства между Алматы и Пусаном и направлен на развитие сотрудничества между мегаполисами.🇰🇿🤝🇰🇷알마티 국제공항에서 카자흐스탄 총영사, 부산시의회 대표단 환영2025년 8월 4일, 주 부산 카자흐스탄 총영사는 안성민 의장을 단장으로 한 부산광역시의회 대표단을 알마티 국제공항에서 따뜻하게 맞이하였습니다.이번 방문은 알마티와 부산 간 자매결연의 일환으로, 두 대도시 간 협력 강화를 위한 교류 확대를 목적으로 하고 있습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1045792?lang=kk
ДӘНЕКЕРЛЕУШІ – ДӘРЕЖЕЛІ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ 05.08.2025
 Қазіргі заманғы құрылыс пен өндірістің тынысы – дәнекерлеу ісімен тығыз байланысты. Металл мен болатты балқытып, бүтін бір ғимараттар мен жүйелерді біріктіретін дәнекерлеушінің еңбегі – көзге көрінбесе де, қоғам үшін аса маңызды.Газ құбырынан бастап көпірге дейін, ауыр техникадан бастап күнделікті қолданыстағы құрал-жабдыққа дейін дәнекерлеу жұмыстарының ізі жатыр. Бұл кәсіп – дәлдік пен шеберлікті, жауапкершілік пен қауіпсіздікті қатар талап ететін нағыз ер азаматтың ісі.Дәнекерлеуші мамандығы – кәсіби тұрақтылықтың кепілі. Қай кезеңде де бұл мамандық иелеріне сұраныс жоғары. Құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылым секторы қарқын алған сайын, дәнекерлеушіге деген қажеттілік те арта түсуде.Бұл саланың бір артықшылығы – қолыңда кәсіп болса, қай жерде жүрсең де еңбек ете аласың. Жұмыссыз қалу қаупі төмен, ал табысы – тұрақты. Бүгінде дәнекерлеу ісін меңгерген жастар қалада да, ауылда да сұранысқа ие.Бұл – ерінбегенге, үйренем дегенге ашық сала. Бүгінгі таңда нәзікжанды арулар да бұл мамандыққа бет бұрып, еңбек адамы атанып келеді. Өйткені еңбек – жыныс талғамайды, талапты ұнатады.Дәнекерлеуші – қолымен еңбек етіп, қоғамға нақты үлес қосатын абыройлы маман.Бұл – нағыз кәсіптің иесі атанғысы келетіндер үшін сенімді таңдау.
Алматы облысында жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылып жатыр 05.08.2025
Алматы облысында мемлекеттік жастар саясаты бірізді әрі белсенді түрде іске асырылуда. Тек өткен аптада өңірде 3000-ға жуық жасты қамтыған 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбекші жастарды қолдауЖұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбекші жастар арасында мини-футболдан аудандық іріктеу турнирлері аяқталды. Финалдық ойындар тамыз айының ортасында өтеді деп жоспарлануда.Экологиялық тәрбие – басты назарда«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында облыста 7000-ға жуық жастың қатысуымен 60-қа жуық экологиялық акция өткізілді. Бұл шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған.«Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті1 тамыздан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында облыстың барлық қала-аудандарында 1000 жас маусымдық еңбекке тартылды. Жоба жастардың еңбек дағдыларын дамытуға және қоғамдық өмірге белсене қатысуына септігін тигізуде.Әскери-патриоттық тәрбиеЖас буын арасында патриоттық сана қалыптастыру мақсатында шекара заставаларында және әскери бөлімдерде ашық есік күндері ұйымдастырылды. Жастар үшін экскурсиялар мен әскери қызметшілермен кездесулер өтті.Жастардың еңбек құқықтарын қорғауСауда орындары мен базарларда ресми емес түрде жұмыс істейтін жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 112 жас ресми түрде еңбек келісімшарттарын жасап, заңды түрде жұмысқа орналастырылды.Құқық бұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алуЖастар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, құмар ойындарға тәуелділік пен суицидтік көңіл-күйдің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда:еріктілер мен Полиция департаментімен бірлесіп 500-ден астам заңсыз граффити жойылды;1000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;1200 қатысушыны қамтыған 10 тақырыптық семинар өтті;шілде айында түнгі рейдтер ұйымдастырылып, 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;жастармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Халықаралық жастар күніне дайындықБіріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, жыл сайын 12 тамызда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Осыған орай, Алматы облысында бұл датаға арналған арнайы іс-шаралар өткізілетін болады.Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов атқарылған жұмыстарға тоқталып:«Жастар – елдің болашағы. Біздің басты міндетіміз – олардың әлеуетін ашу, еңбекқорлыққа, білімге құштарлық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Біз жастардың әр бастамасын қолдауға дайынбыз және бұл бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырамыз», – деп атап өтті.Мемлекеттік жастар саясаты – елдің стратегиялық дамуындағы басым бағыттардың бірі. Алматы облысында бұл саясат жастарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге белсенді араласуы мен жеке әрі кәсіби қабілеттерін дамытуға басымдық бере отырып жүзеге асырылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1045742?lang=kk
Қалалық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді, оның барысында қаланың медициналық мекемелеріне барды 05.08.2025
Қалалық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді, оның барысында қаланың медициналық мекемелеріне барды, атап айтқанда:- Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (1-ші қалалық аурухана), онда урология, травматология, инновациялық медицина бөлімшелерінде, сондай-ақ операциялық блокта жөндеу жұмыстары жүргізілуде;- №1 емхана;- Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы (балалар бөлімшесі);- Ана мен бала орталығы (балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі).Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасына кестеге сәйкес жоғарыда аталған медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық мекемелерде жиһазды жаңарту мәселесін пысықтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1045650?lang=kk
KazAID ЕЭС инфофорумында: цифрлық әлемдегі медиа сауаттылық 05.08.2025
KazAID ЕЭС инфофорумында: цифрлық әлемдегі медиа сауаттылықKazAID баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова Минск қаласында өткен және Ресей Федерациясының А.М. Горчаков Қорының қолдауымен Беларусь Республикасының Еуразиялық коммуникациялар орталығы ұйымдастырған "Цифрлық әлемдегі медиа сауаттылық" ақпараттық форумына қатысты. Форум Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан және Қырғызстаннан келген 30-дан астам журналистер мен медиасалушыларды біріктірді.Бағдарлама шеңберінде ақпаратпен жұмыс істеу практикасы және факт-чекинг, коммуникациялардағы ақпараттық стиль, цифрлық дәуірде сенімді қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ ЕЭС интеграциялық процестерін жариялау зерделенді. Қатысушылар алдында RT International (Ресей), Sputnik (Қырғызстан), МИР телерадиокомпаниясы (Беларусь), Marshall радиосы (Армения), Белтелерадиокомпания (Беларусь), Dara Consult (Қазақстан) және өңірдің басқа да жетекші медиа құрылымдарының өкілдері сөз сөйледі.Нәтижесінде Арманай Қабдешова қатысушы сертификатын алды. Форумға қатысу KazAID-тің медиалық және коммуникациялық құзыреттіліктерін дамытуға қосқан үлесі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1045655?lang=kk
«Астық 2025» конференциясындағы басты жаңалықтар мен болжамдар 05.08.2025
2024/25 МЖ (маркетингтік жылдары) Қазақстан 580 мың тоннаға жуық қатты бидай (дурум) экспорттайды, бұл өткен маусымның көрсеткішінен 63% - ға артық (355 мың тонна). Мұндай болжамды Қазақстанның Астық одағының Талдау комитетінің басшысы Евгений Қарабанов Қостанай облысында өткен "Астық 2025" халықаралық конференциясында айтты.Бұл Қазақстан сыртқы нарықтарға 646 мың тонна қатты бидай жөнелткен 2022/23 МЖ рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші ең жоғары көрсеткіш,- деп нақтылады сарапшы.Қазақстандық дурумның басты сатып алушысы – Италия. Ағымдағы маусымның 10 айында бұл бағытта шамамен 400 мың тонна жөнелтіліп те қойған (өткен маусымда осы кезеңде – шамамен 317 мың тонна).2025 жылдың басынан бастап Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта және экспортқа 850 мың тоннадан астам астық сатты. Мұндай мәліметтерді компанияның басқарушы директоры Тобылбек Омаров айтты.«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорация 850 мың тоннадан астам астық сатты. Осы көлемнің 200 мың тоннадан астамы шетелдік нарықтарға жөнелтілді, бұл 2024 жылғы осыған ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен екі есе артық. Экспорттық жеткізілім географиясы стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Осылайша, компанияның негізгі серіктестері Қытай, Иран, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары болып табылады», - деді Т. Омаров.Ағымдағы жылы Қазақстанда күнбағыс тұқымының рекордтық түсімі – 1,7 млн тонна деңгейінде күтілуде. Мұндай болдамды Майды дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының (МДҚҰҚ) стратегиялық даму жөніндегі атқарушы директоры Андрей Антонов айтты.Майлы дақылдардың жалпы жиналымының осындай көрсеткішімен Қазақстан күнбағыс тұқымын өндіруден әлемде 6-шы орынға ие болмақ, іс жүзінде 1,8 млн тонна өнім түсімін алу болжанып отырған Түркияны қуып жетпекші.Спикер атап өткендей, 2025/26 МЖ-да әлемдік күнбағыс өндірушілердің 4 үздік тобына дәстүрлі түрде Ресей Федерациясы (жалпы жиналым болжамы - 18 млн тонна), Украина (13,1 млн тонна), ЕО елдері (9,5 млн тонна) және Аргентина (4,3 млн тонна) кіреді.Қазақстанкүнбағыстұқымыныңэкспортынабаж салығын енгізгенненкейін,топ-импорттаушылардыңбірі - Өзбекстан-қазақстандық мұнай шикізатыныңимпортынкүртқысқартып,тазартылмағанкүнбағысмайынсатып алуды ұлғайтты. Соныменқатар,өзбекбизнесмендеріӨзбекстанғамайды одан әріэкспорттаумақсатындаҚазақстанаумағындамайлы майларды қайта өңдеукәсіпорындарынбелсенді түрде ашуда.БұлтуралыӨзбекстанның аграрлықнарықжәнелогистика жөніндегі сарапшысыӘлішерМахмудовайтып берді.«Біздің көптеген серіктестеріміз Қазақстанда – Петропавлда, Өскеменде, Шымкентте және басқа да қалаларда май зауыттарын салуда. Құрылтайшылары - біздің өзбек кәсіпкерлеріміз. Қазақстанда майлы лақылдарды өңдеп, дайын өнімді Өзбекстанға жөнелтетін болады», - деді сарапшы.Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстанда өсімдік майының жалпы тұтынылуы шамамен 491 мың тоннаны құрайды. Осы көлемнің 251 мың тоннасы жергілікті шикізаттан, 98 мың тоннасы импорттық май тұқымынан, тағы 142 мың тоннасы дайын өнім түрінде импортталады. Республикада 509 май және тоң май кәсіпорындары бар.Көлік субсидияларын енгізудің арқасында, қазақстандық астық экспорттаушыларға ағымдағы маусымда Әзербайжан, Ақтау-порт (Иранға), Балтық порттары (және одан әрі Еуропаға) сияқты бұрын нашар ұсынылған бағыттарға тиеуді ұлғайтудың сәті түсті. Бұл туралы «Астық Транс» АҚ коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (Қазақстанның астық тасымалдаушыларының ірі операторы) Жандос Қуанышев айтты.Сондай-ақ, ол Орталық Азияға астық тасымалының ұлғаюына қарамастан, бұл бағыттың үлесі төмендегенін, бұл жаңа нарықтарды әртараптандыру жөніндегі сауатты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.«Жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді, бұл бастапқыда көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының мөлшерін тиімді түрде теңестірді. Осылайша, алыс қашықтыққа тиеу кезінде көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының сомасы іс жүзінде ішкі бағалардың өсуіне алып келді», - деп есептейді «Астық Транс» өкілі.Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі ең ірі«Астық2025»халықаралықконференциясы«JańaDala/Qarqyn'2025» халықаралық ауыл шаруашылығыкөрсетім-көрмесіаясындаөтті.АстықнарығынақатысушыларфорумыҚостанайоблысыМеңдіқараауданындағы«Восток-1»ЖШС және «АгрофирмаҚарқын»ЖШС көрсетім алаңдарындаөтті.Жаңа астық маусымының басталуы қарсаңында ауқымды іс-шара алғаш рет бір алаңда 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, астықты сатып алумен, сатумен және халықаралық саудамен айналысатын компаниялардың өкілдерін, агротехнологиялардың, техника мен жабдықтардың өнім берушілерін жинады. «Астық 2025» жұмысына трейдерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар және агроқұрылымдар, элеваторлар, ұн тарту зауыттары және астықты тікелей өсіретін және өңдейтін басқа да компаниялар қатысты.Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының өзекті мәселелерін талқылау және байланыс орнату үшін, «Астық 2025» халықаралық конференциясына өзбекстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – «Узёгмойсаноат» май және тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты.«Астық 2025» ұйымдастырушылары – «АӨК-Информ» ақпараттық-талдау агенттігі, ТМД елдеріндегі аграрлық тақырыпта көрсетілетін ақпараттық қызметтер нарығындағы көшбасшы және «EXPO TIME» компаниясы - Қазақстандағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушыларының бірі._____________________________________________«Jańa Dala / Green Day ‘2025» ақпараттық орталығы,Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1045659?lang=kk
Ұландық Абай мұрасын насихаттауға арналған байқауда жүлдегер атанды 05.08.2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ақтөбе облысында «Талап, еңбек, терең ой» атты мәдени-ағартушылық байқау өтті. Іс-шараға өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Байқау Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды.Байқау қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Анатолий Галкин жүлделі екінші орынды иеленді. Ол Абайдың шығармаларын қазақ тілінде мәнерлеп оқып, терең мазмұны мен философиясын жете түсінетінін көрсетті.Қазылар алқасы ұландықтың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін және ақын мұрасына жасаған талдауын ерекше атап өтті. Ефрейтор Галкинің өнер көрсетуі – этносаралық татулықтың, азаматтық кемелдіктің және Қазақстанның рухани құндылықтарына деген құрметтің айқын көрінісі болды.— Абай мұрасы — барлық буынға арналған сарқылмас рухани қазына. Оның идеялары – тәртіпке, адамгершілікке және өзін-өзі дамытуға ұмтылған әрбір жанға жақын. Қазақ тілін үйренуім – азаматтық бірегейлікті нығайтуға қосқан жеке үлесім деп білемін, — деді Анатолий Галкин.Байқау Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен ұйымдастырылды.Мұндай бастамалар мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, этносаралық диалог мәдениетін дамытуға және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға өз септігін тигізеді. #АБАЙКҮНІ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1045644?lang=kk
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Түркістан облысының аудандарына барды 05.08.2025
Түркістан облысына жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесті. Инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік, бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары барысында вице-министр Түлкібас ауданының Састөбе, сондай-ақ Сайрам ауданының Қарасу және Ақсукент ауылдарында болды.Халықпен кездесулерде Бауыржан Омарбеков шағын және орта бизнесті қолдау үшін Үкіметтің жүзеге асырып жатқан шаралары туралы хабардар етті. Олардың ішінде-кредиттерді субсидиялау, кепілдік беру, ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен жұмыс орындарын құру бар.Түлкібас ауданында 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 173,7% деңгейінде тіркелді. 1 шілдедегі жағдай бойынша кредиттердің жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 7 жоба субсидияланды.Төленген субсидия көлемі 557,9 млн теңге. 65 млн теңге сомасына 3 жобаға кепілдік берілді. Кепілдік көлемі - 33,2 млн теңге.Сапар шеңберінде вице-министр бірқатар нысандармен, оның ішінде Дәубаба ауылында 29 млн теңгеге “Ауыл аманаты" жобасы бойынша іске асырылған сүт цехымен танысты. Сондай-ақ, салынып жатқан ет комбинаты мен қуаттылығы 5000 бас ірі қара мал және өнімділігі жылына 60 мың тоннаға дейін жететін "KAZ ECO MEAT" ЖШС бордақылау алаңын көрді.Түлкібас ауданы да "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасын іске асыруға енгізілген. 2025 жылы Дәубаба ауылындағы мәдениет үйін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына 278 млн теңге қарастырылған. Түлкібас және Сайрам аудандарындағы бағдарлама желісі бойынша жобалардың жалпы құны 844 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1045606?lang=kk
Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар 05.08.2025
Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді.Қандай өзгерістер енгізілді?Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.Қайда жүгіну керек?БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді.Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады.o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі.ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.[1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1047617?lang=kk
«Е-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ 05.08.2025
«е-salyq Azamat» – электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген.Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдары барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдыңғы төлемдер үшін қолданбалы функциясы, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетеді және осылайша салық берешегінің алдын алады. Сондай-ақ, «е-салық Азамат» қосымшасында «Салық төлеушілерді іздеу» және «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу», тұлғаның салықтық тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді.«е-salyq Azamat» қосымшасы арқылы келесі: активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00), табыс пен мүлік бойынша (270,00), жеке табыс салығы бойынша (240,00), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00) декларацияларын тапсыруға болады.Аталған мобильді қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады және оған ЭЦҚ, SMS пароль (егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) арқылы кіруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1045587?lang=kk
Каспий теңізінде әскери теңізшілер кеме жүргізу машықтарын пысықтады 05.08.2025
Каспий теңізінің орталық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу штурмандық жорығы өтті. Теңізшілер кемені басқару дағдыларын жетілдіріп, штурмандық қызметті ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде меңгерді. Жаттығудың басты мақсаты –  штурмандық дайындық деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілікті дамыту. Жорық барысында жеке құрам штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтіп, вахталық офицерлер құрамындағы әрекеттерді пысықтап, теориялық білімдерін нақты жағдайда бекітті.– Мұндай жорықтарды өткізу кәсіби шеберлікті арттырып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және штурмандық қызметтің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, – деді штурмандық дайындық бойынша штабтың жетекші маманы капитан-лейтенант Қуанышбек Дүйсембаев.Сабақтар барысында теңіздегі әскери іс-қимылдар театрының ерекшеліктерін зерттеуге және түрлі кеме жүргізу әдістерін қолдану арқылы навигациялық міндеттерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Оқу жорығының қорытындысы бойынша штурмандық жауынгерлік бөлімшенің офицерлері сынақты сәтті тапсырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045582?lang=kk
Жоғалған тікұшақ экипажын іздеу күрделі гидрографиялық жағдайларда жалғасуда 04.08.2025
11 тәуліктен бері жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 330-дан астам адамы, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық есептоптар тартылған. Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысуда.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып, құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді. Комиссияның бір бөлігі іздестіруге жұмылдырылған, тағы бір бөлігі авиациялық инцидентті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.Көл түбінің терең шөгуі, су астындағы нөлдік көріну және ауа-райының құбылмалылығы сияқты қиын жағдайларға қарамастан, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.– Өтуі қиын аудандарға әуеден шолулар жасалып, жағалау белдеуі мен көл акваториясы тексерілуде. Су асты және жер үсті іздеулеріне арнайы жабдықтарды пайдаланатын ғылыми және техникалық ұйымдар тартылған.  Сонымен бірге, техникалық тергеу жалғасуда. Комиссия әуе кемесін дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттаманы, құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдарын, тікұшақ бағытындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды және басқа да факторларды зерделеп жатыр, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.Іздеу жұмыстары жоғалған тікұшақтың экипаж мүшелерінің тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталғанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045546?lang=kk