Әлем
6 шілде күні Тобыл "Ұлт рухы" аллеясында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара өтті. 07.07.2025
Шара барысында күмбірлеген күй тартылып, ұлттық би биленіп, әсем әндер шырқалды. Көрермендер мен қатысушыларды мерекелермен Тобыл кентінің әкімінің орынбасары Байбол Хасенов құттықтады. Қатысушылар домбыраның қоныр үнімен тербеліп, халқымыздың бай мәдени мұрасын ұлықтады. Бұл күн - елдігімізді, рухымызды, бірлігімізді көрсететін тағылымды мерекеге айналды. Аллеяда жайылған көтеріңкі көніл-күй мен ұлттық нақыштағы өнер көріністері тұрғындарға ерекше әсер сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030538?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бразилия бизнес өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 07.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 6 шілде – Бразилияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Embraer», «Tramontina», «Vale», «Marcopolo» және «Amazul» танымал компанияларды қоса алғанда елдің жетекші өнеркәсіптік бірлестіктері мен ірі корпорацияларының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының президенті Рикардо Албан мен осы ұйымның вице-президенті, сондай-ақ «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің тең төрағасы Жилберто Петримен кездесу барысында Қазақстанмен экономикалық байланыстарды дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді және өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Министр бразилиялық инвесторларды Қазақстан нарығына тартудың маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы жылы елімізде өтетін Іскерлік кеңестің төртінші отырысына қатысуға шақырды.«Tramontina» компаниясының өңірлік директоры Гинтер Леандро Бринкманн жақын арада Алматыда ресми өкілдік ашу жоспарымен бөлісті. Бұл қадам – Қазақстан нарығына деген жоғары қызығушылықтың дәлелі.«Embraer» авиақұрылыс корпорациясының президенті Франциско Гомес Нетомен кездесуде компанияның өңірдегі қатысуын кеңейту бағыттары, оның ішінде елімізде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін орталық ашу мүмкіндігі қарастырылды.«Vale» тау-кен компаниясының атқарушы вице-президенті Сами Араппен сұхбат барысында шикізат саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау үшін Қазақстанға жұмыс сапары ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар компания өкілдері отандық нарыққа шығуға қызығушылық білдірді.«Marcopolo» вице-президенті Мауро Гилберто Беллинимен автобус өндірісін локализациялау, оның ішінде Қазақстанда жолаушылар көлігін жинау жобасы аясындағы ықтимал серіктестік жолдары қарастырылды.«Amazul» мемлекеттік қорғаныс-өнеркәсіптік компания президенті Ньютон де Алмейда Кошта Нетомен кездесуде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясымен тікелей байланыс орнату мәселесіне баса назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша бейбіт атом саласындағы өзара іс-қимыл механизмдерін пысықтау бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.Кездесулер барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы шетелдік капитал үшін Қазақстанның құқықтық алаңының тартымдылығын атап өтіп, ел үкіметінің шетелдік компанияларға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Географиялық орналасудың тиімділігі, халықаралық көлік дәліздеріне қатысуы және ашық сауда саясаты отандық нарық арқылы экспорттық тізбектерді кеңейтуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар ретінде аталды.Сонымен қатар М.Нұртілеу Латын Америкасының кәсіпкерлерін «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысуға және оның алаңын өзара экономикалық байланыстарды тереңдету мен бірлескен жобаларды іске асыру үшін пайдалануға шақырды.Сапар аясында Бразилияның жетекші салалық бірлестіктері мен компанияларының қатысуымен «Бразилия-Қазақстан: ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында инвестициялық және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланып, қазақстандық нарықтың мүмкіндіктері таныстырылды, сондай-ақ бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1030935?lang=kk
Қазақстан мен Бразилия саяси диалогты кеңейтуге ниетті 06.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 5 шілде – БРИКС-ке мүше және серіктес елдердің Саммиті шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейра кездесті.Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшысы Бразилияның БРИКС-ке төрағалығы аясында іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, 2025 жылғы қарашада Белен қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 30-шы конференциясын (COP30) әзірлеу мен өткізуде сәттілік тіледіТараптар, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымын, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, сондай-ақ халықаралық сахнадағы бастамалар мен кандидатураларды өзара қолдау тұстарын қоса алғанда өңірлік және жаһандық күн тәртіптегі өзекті тақырыптарды талқылады.Тараптар саяси диалогты белсендіру, жоғары және жоғарғы деңгейдегі өзара сапарларды кеңейту, парламентаралық ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ «Қазақстан – Бразилия» Іскерлік кеңесі шеңберіндегі қызметті қоса алғандағы сауда-экономикалық серіктестікті тереңдету маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында сыртқы істер ведомстволарының басшылары өзара шақырулармен алмасып, Қазақстан мен Бразилия арасындағы қарым-қатынастың оң қарқынына ризашылықтарын білдірді және тұрақты әрі сындарлы диалогты сақтауға ниеттестіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1030499?lang=kk
Қазақстан мен Бразилия СІМ басшылары Рио-де-Жанейрода кездесу өткізді 06.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 5 шілде – БРИКС мүше және серіктес мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу мақсатында Рио-де-Жанейро қаласына келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен кездесу өткізді.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықтың келешегі жөнінде пікір алмасты.М.Нұртілеу Қазақстанның Латын Америкасындағы сенімді серіктесі әрі маңызды досы ретінде Бразилияға айрықша мән беретінін атап өтті. «Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 32 жыл толып отыр. Бұл байланыстар тұрақты саяси диалогпен, экономикалық қарым-қатынастың кеңеюімен және халықаралық аренадағы тығыз іс-қимылмен ерекшеленеді», – деді ол.Сұхбаттастар екіжақты қатынастарды нығайтудың тиімді тетігі ретінде тұрақты диалогты сақтаудың және сапарларды жоғары деңгейде жандандырудың маңыздылығын растады. Осы ретте Қазақстан СІМ басшысы бразилиялық әріптесін Астанаға сапармен келуге шақырды.Сауда-экономикалық байланыстарды ілгерілету негізгі назарда болды. Географиялық алшақтыққа қарамастан, Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы басты серіктесі ретінде саналады. 2024 жылы өзара тауар айналымы 257 млн АҚШ долларынан асты, ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 88%-ға өсіп, 104,2 млн АҚШ долларына дейін жетті.Министрлер негізгі салалардағы бірлескен бастамаларды кеңейтуге ниеттерін растады. «Біз ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік және логистика бағыттары бойынша өзара ықпалдастықты тереңдетуге мүдделіміз. Ортақ іс үшін нақты мүмкіндіктерді анықтау аса маңызды», – деді М.Виейра.Қазақ тарапы өз кезегінде тау-кен өнеркәсібі, атом энергетикасы, авиация, тыңайтқыштар өндірісі сынды бағыттарда бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.Сонымен қатар министрлер жаңартылатын энергия көздері, цифрлық технологиялар және инновациялық шешімдер салаларында тәжірибе мен технология алмасуға қызығушылық танытты.Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында Астана мен Бразилиа ұстанымдарының жақындығы және БҰҰ мен өзге де көпжақты құрылымдар аясындағы тұрақты өзара қолдау аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзара байланыстарды одан әрі нығайтуға және БРИКС пен басқа да халықаралық алаңдар шеңберіндегі іс-қимылды кеңейтуге ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030473?lang=kk
Ұландықтар Есіл өзенінде ерекше концерт қойды 06.07.2025
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери музыканттары су бетінде ерекше музыкалық қойылым өткізді. Бұл тың форматтағы концерт Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Әскери керней» XI әскери-музыкалық фестивалінің аясында өтті.Есіл өзенімен жүріп өткен су көлігінің бортында Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі танымал патриоттық марштарды, заманауи шығармаларды және халық әндерін орындады. Жағалауда серуендеп жүрген қала тұрғындары мен қонақтары қозғалмалы сахнадан орындалған музыканы зор ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті.- Мұндай формат - тек көрермендер үшін ғана емес, біздің музыканттар үшін де жаңа тәжірибе. Біз елорда тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлағымыз келді. Бұл сәт олардың есінде ұзақ сақталады деп сенемін, - деді оркестрдің дирижері Төрехан Жаудинов.Өзен үстіндегі қойылым фестивальдің басты ерекшелігіне айналып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Желі қолданушылары іс-шараның креативтілігін атап өтіп, бейнежазбалар мен фотолармен бөлісті.Айта кетейік, жыл сайын ұйымдастырылатын «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамытуға, күштік құрылымдар мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар «Ғашықтар», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық ансамблі мен әскери оркестрі, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі және ҰҚК Шекара қызметінің орталық ансамблі өнер көрсетті.Мерекелік шара 6 шілдеде де жалғасады. Фестивальдің басты оқиғасы - «Қазақ елі» алаңында өтетін Гала-концерт болмақ. Салтанатты кеш 16:30-да басталады.Концерт барысында әскери музыканттар қазақ және әлем эстрадасынан попурри, сондай-ақ әскери әндерді орындайды. Шара барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі де көрсетіледі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1030454?lang=kk
Астанада 700-ге жуық ұландық Әскери ант қабылдады 05.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. 700-ге жуық ұландықтар Отан алдындағы қасиетті борышын атқаруға салтанатты түрде кірісті.Елдің әр түкпірінен жиналған олар жауынгерлік дайындық курсынан өтіп, бір сапта туған елінің толыққанды қорғанына айналды.Жүрек тебірентерлік ерекше күнде 2000-нан астам адам - ата-аналар, туған-туысқандар мен ардагерлер жас сарбаздарға қолдау білдіріп, ортақ қуанышқа куә болды. Сарбаздар үшін бұл - азаматтық өмірге алғашқы үлкен қадам, жауапкершілік пен мақтаныштың белгісі болды.Сапта тұрған жауынгерлерге ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жүрекжарды тілегін арнады:– Бүгінгі күн - маңызды әрі есте қаларлық сәт. Бүгіннен бастап сіздер қоғамдық тәртіптің сенімді қалқаны боласыздар. Әрдайым тәртіпке берік, рухы мықты, ел қорғауға дайын жауынгер болыңыздар! Командирлеріңіз, ата-аналарыңыз бен бауырларыңыз және барша халық сіздерге зор сенім артады.Бір жылдың ішінде әскери өмірдің мектебінен өтіп, елге абыройлы азамат ретінде оралады деп сенемін.Мақтанышпен қызмет етіңіздер! Әр күніңіз сіздерді нағыз Отан қорғаушысы деген мәртебеге жақындата түссін!Жас сарбаздардың атынан Орал қаласынан шақырылған қатардағы Арслан Мақашев сөз сөйледі:– Ел астанасында қызмет ету – біз үшін үлкен мақтаныш. Біз қабылдаған анттың салмағын жақсы түсінеміз және әр тапсырманы абыроймен орындауға дайынбыз. Қызметіміз арқылы Отанымыздың тыныштығына өз үлесімізді қосуға тырысамыз.Әскери ант қабылдау – жас сарбаздар үшін Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге жол ашқан маңызды белес болды. Енді олар құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе отырып, елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге кіріседі. Сонымен қатар Астанада өтетін барлық маңызды қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларда қауіпсіздікті сақтауға атсалысады.Анықтама үшін:ҚР ІІМ Ұлттық ұланы — ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауға арналған әскери құрылым.Ұлттық ұланның жедел бөлімдерінің жеке құрамы еліміздің астанасында және 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1030407?lang=kk
OCEANMAN-2025 Капшагайда басталды 05.07.2025
Конаев қаласындағы Heaven Club демалыс аймағында әлемнің түрлі елдерінен келген жүзушілер қатысқан ірі халықаралық турнир — OCEANMAN Kazakhstan-2025 өз бастауын алды. Биылғы жарысқа Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Ұлыбритания, Германия сынды 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Капшагай жағалауында жанкүйерлермен бірге 3000-нан астам адам жиналды.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Oceanman халықаралық франшизасының иесі Фермин Эгидо және Қазақстандағы жарыстың ресми ұйымдастырушысы Ералы Оралов қатысты.«Төртінші жыл қатарынан біздің облыста бұл беделді халықаралық жарыс өтіп жатыр. Мұндай бастамалар бұқаралық спортты дамытуға ғана емес, туризмге де серпін береді. Қатысушылар елімізден керемет әсер алып, қайта оралуға ниетті боларына сенімдімін», — деді Марат Сұлтанғазиев өз құттықтауында.Жарыстар «Sport Qory» спортты қолдау қорының қолдауымен өтуде. Қатысушылар келесі қашықтықтар бойынша сынға түсуде:OCEANMAN 10 км – 300 қатысушыHALF OCEANMAN 5 км – 400SPRINT 2 км – 800OCEANKIDS (500 м) – 500 балаOCEANTEAM (эстафета 3×500 м) – 90 командаЖарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүзушілер де қатысуда. Франшизаның иесі Фермин Эгидоның айтуынша, жеңімпаздар осы жылдың желтоқсанында Дубайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.Биылғы жарыстың ерекше сәттерінің бірі — INSPIRATION санатына кіретін ерекше қажеттілігі бар 15 баланың 6 шілдедегі жүзуге қатысуы болды. Әр балаға жеке қамқоршы бекітіліп, арнайы дайындалған спортшылармен бірге жүзді. Қауіпсіздік үшін 22 жүзу құралы, ТЖМ-нің 4 қайығы мен еріктілер жұмылдырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған тамақтану және демалу орындары ұйымдастырылған.«Біз тек жарыс емес, адамдарды біріктіретін, рухты көтеретін және шабыт сыйлайтын атмосфера қалыптастырып келеміз», — деді ұйымдастырушы Ералы Оралов.Жарыстың алғашқы күнінде 10 және 5 км қашықтықтар өтті. Екінші күні SPRINT, OCEANKIDS және OCEANTEAM дистанциялары ұйымдастырылды. Капшагай су қоймасының жағалауында өтіп жатқан бұл ауқымды шара спорт пен достықтың, табиғат пен адам рухының тамаша мерекесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030386?lang=kk
Астанада Ақмола гарнизоны сержанттары арасында спорттық жарыс өтті 05.07.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің базасында ұйымдастырылған жарыстарға аға және жоғары сержанттық құрамның өкілдерінен құралған командалар қатысты. Бағдарламаның басты оқиғасы қатысушылардың дайындығы мен ұйымшылдығының жоғары деңгейін көрсеткен шағын футбол турнирі болды.Футбол матчтарынан бөлек сержанттар белтемірге тартылып, арқан тартысты.Шағын футболда Қарулы күштер Бас штабының Сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқарма командасы ауыспалы кубоктың иегері атанды. Екінші орын 68665 әскери бөлімі сержанттарының еншісін. Ал Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары үшінші орын иеленді.Белтемірге тарту жарыстарында бірінші орынды 68665 әскери бөлімінің сержанттары, екінші орынды 44813 әскери бөлімінің сержанттары, үшінші орынды Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының әскери қызметшілері иеленді.Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының сержанттары арқан тартыста жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары иеленді. Ал әскери полиция өкілдері мен әскери теңізшілер үшінші орынды бөлісті.Спорттық іс-шараға қатысушылар күш-жігерді, төзімділікті дамытуға және командалық рухты нығайтуға ықпал ететін жарыстарды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030384?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ 05.07.2025
Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін осындай 3 оқиға тіркелген: 2 бала қаза тауып, 1 бала жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңінде 4 оқиға болған еді (3 жарақаттану, 1 өлім жағдайы). 2024 жылы жалпы 8 оқиға тіркелген, оның ішінде 1 бала қаза тауып, 7 бала жарақат алған.Мамандардың айтуынша, 7 жасқа дейінгі балалар терезенің ашық немесе москит торымен жабылған күйінің қауіптілігін толық бағалай алмайды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересектердің, әсіресе баланы үлкен балаларға немесе қарт туыстарына сеніп тапсыру кезіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі.Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында жергілікті және республикалық телеарналар арқылы 4 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылып, 22 рет радиоэфир шықты. Бұған қоса, арнайы бейнеролик дайындалуда.Адамдар көп жиналатын жерлерде және көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 159 үйді аралау жүргізіліп, 2650-ден астам адам қамтылды. 22 жиын өткізіліп, 1060-тан астам жадынама таратылды. Бұл кездесулерде балалардың терезеден құлауын болдырмау бойынша нақты ұсынымдар берілді.Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Instagram, Telegram) түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, учаскелік қызметкерлермен бірге ата-аналар мен үй комитеттерінің чаттарына Департамент әзірлеген «5 қадам» жадынамасы жолдануда.Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 62 үйдің терезелеріне 103 қауіпсіздік блокаторы орнатылды. 26 маусымда «Балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу шаралары» мәселесі бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда проблемалық мәселелер қаралып, балалардың қауіпсіздігін күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.Заңнамаға сәйкес, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ананың тікелей міндеті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында бұл міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда тиісті міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуды және барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі – Махмудов Ирисмат Бахтиярович мәлімдеді
Қазақстанда стратегиялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері АҚШ-та талқыланды 05.07.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 шілде – Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вашингтон, Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында халықаралық қаржы ұйымдары мен жеке сектор өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.Дүниежүзілік банкте «Business Ready» бағдарламасының Ғаламдық көрсеткіштер тобының директоры Норма Лоайзамен кездесу өтті. Инвестициялық климатты бағалау әдіснамасын жетілдіру, өңірлік ерекшеліктерді көрсету және тарифтік емес тосқауылдардың іскерлік белсенділікке әсері мәселелері талқыланды. 2024 жылы «Doing Business»-тің орнына іске қосылған «Business Ready» бағдарламасы Қазақстанды 2025 жылдан бастап шолуға енгізеді. Қазақстан тарапынан ұлттық ерекшеліктерді дәл ескеру үшін жергілікті деректерді ұсынуға және консультацияларға қатысуға дайындығы расталды.«IG Global» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Стефани Эштонмен Қазақстандағы тау-кен секторында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.«Bay Area Economic Institute» және «San-Francisco Chamber of Commerce» ұйымдарымен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және Кремний алқабы бизнесімен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Тұрақты энергетика, шикізатты қайта өңдеу, биотехнология және технологиялық ынтымақтастық салаларында жобаларды дамытуға бағытталған бірқатар компаниялармен кездесулер өтті.«Windfall Bio» компаниясымен метанды ұстауға арналған микробиологиялық технологияларды қолдану және оларды Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.«Boardwurks» компаниясымен қарасорадан жасалған композиттік құрылыс материалдарын бірлесіп өндіру перспективалары қозғалды.«Astranis Space Technologies Corp.» компаниясы Қазақстанның шалғай аумақтарын байланыспен қамтамасыз етуге арналған спутниктік байланыс шешімдерін ұсынды.«Silkroad Innovation Hub» инновациялық орталығында тараптар қазақстандық стартаптарды қолдау, халықаралық акселерациялық бағдарламаларды дамыту және АҚШ-тағы «Digital Nomads» үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.Бұл кездесулер технологиялық және орнықты даму салаларындағы негізгі бағыттар бойынша Қазақстан мүдделерін ілгерілету мен экономикалық дипломатияны жандандырудағы маңызды кезең болды.Кездесулердің қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров АҚШ-тың Қазақстан экономикасына ең ірі инвесторлардың бірі болып қалатынын атап өтті – жалпы инвестициялар көлемі 62 млрд АҚШ долларынан асады. Осыған байланысты жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара сенімді нығайтуға бағытталған американдық серіктестермен диалогты тереңдету ерекше маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030328?lang=kk
Молдова Республикасының Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Михай Попшой Алматы қаласына келді 04.07.2025
2025 жылғы 3 шілдеде Молдова Республикасының Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Михай Попшой ресми сапары аясында Алматы қаласына келді.Сапар барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу өтті.Сондай-ақ, делегация Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығына барды.Бұдан бөлек, молдова делегациясы «АйсМастер – Айс Крим» ЖШС, «Стругураш» молдова этномәдени бірлестігінің мүшелерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті.Сапар Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңіраралық байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1030306?lang=kk
Қазақстандық Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Түркиядағы «Анадолу-2025» оқу-жаттығуында жоғары дайындық деңгейін көрсетті 04.07.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысып, Қазақстан атынан 15 әскери қызметші өнер көрсетті.Оқу-жаттығу аясында әскери қызметшілер урбанизацияланған және таулы жерлерде ұрыс жүргізу, топ құрамында атыс жүргізу, тікұшақтан арқанмен түсу, парашютсіз десанттау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, жаралыларға алғашқы көмек көрсету және оларды эвакуациялау жаттығуларын пысықтады.«Анадолу» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі және 2006 жылдан бері түрлі елдердің арнайы күштері арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мен тәжірибе алмасуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030298?lang=kk
Қазақстандық бітімгерлер халықаралық үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті 04.07.2025
Ұлттық контингенттер арасында үстел теннисінен жарыс қазақстандық бітімгерлік ротасы орналасқан Голан биіктері ауданындағы Фауар базасында өтті. Жарыс барысында Қазақстанның әскери қызметшілері майор Михаил Лудвин мен сержант Қуат Әшімханов түрлі елдердің мықты спортшыларына қарсы ойында жоғары техника мен үйлесімділік танытып, жұптық санатта бірінші орынды иеленді.– Біз осы турнирге барынша дайындалдық. Қарсыластарымыздың ойынын талдап, пысықтадық. Шешуші фактор біздің жауынгерлік жолдастарымыздың қолдауы болды, – деп бөлісті жеңімпаздар.Қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов әскери қызметшілерді жеңісімен құттықтап, оларға зор денсаулық және одан әрі спорттық табыс тіледі.Турнир бітімгерлік миссиясының құрамында әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы достық пен өзара сыйластықты бейнелейтін маңызды оқиға болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті 2024 жылдан бастап БҰҰ күштерінің бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясына қатысады. Әскери қызметшілердің негізгі міндеті - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық жүктерді алып жүру, патрульдеу, сондай-ақ Израиль мен Сирия қарулы күштері арасындағы бөліну аймағында тұрақтылықты сақтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030290?lang=kk
Қазақстан Елшісі PRIME сараптамалық орталығымен Қазақстан мен Пәкістанның көлік әлеуеті жөнінде пікір алмасты 04.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 4 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістандық PRIME (Policy Research Institute of Market Economy) сараптамалық орталығының директоры Али Салман мырзамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістанның жетекші сараптамалық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін, соның ішінде екі елдің көлік-логистикалық әлеуетіне арналған бірлескен зерттеу баяндамаларын дайындау мүмкіндіктерін талқылады.Елші Е.Қыстафин Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған күш-жігерін жандандыруға баса назар аударып отырғанын айтып, теміржол бағыттарын, автокөлік дәліздерін, әуе жүк тасымалдарын және мультимодальды логистикалық тізбектерді қамтитын көпдеңгейлі, кешенді тәсілге қызығушылық білдірді.Елші Қазақстан мен Пәкістанның өңірдегі негізгі транзиттік хабтарға айналу әлеуеті бар екенін атап өтіп, бұл ретте көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен өзара байланыстылығы ерекше маңызға ие екенін айтты.Кездесу барысында Елші 2025 жылғы 28 сәуірде Карачи қаласында өткен бизнес-форум туралы да ақпарат беріп, оның аясында екі елдің жетекші компаниялары арасында бірқатар келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылғанын жеткізді.Тараптар екі елдің көлік-логистикалық компанияларын ынтымақтастыққа тарту және ортақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1030206?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді шын жүректен Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! 04.07.2025
Домбыра — халқымыздың үні, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес мұра. Бұл күн — ата-бабалардан қалған асыл мұраға, ұлттық мәдениетімізге және болмысымызға деген терең құрметтің белгісі. Домбыраның сазы — кең даладай, қазақ халқының терең тарихындай. Оның әуенінен қуаныш пен мұң, ерлік пен рухтың күші естіледі.Бүгінде бұл баға жетпес мұраны сақтау мен дамыту жолында үлкен істер атқарылуда. Ауданымызда домбыра өнерін насихаттауға бағытталған шығармашылық үйірмелер белсенді жұмыс істеп, концерттік және мәдени шаралар өткізіліп келеді. Осы мерекелі күні мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, ұстаздарға, музыканттар мен орындаушыларға алғысымды білдіремін. Сіздердің жас ұрпаққа бұл өнерді шынайы сүйіспеншілікпен әрі шабытпен жеткізіп жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.Құрметті жерлестер! Тағы да баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа тыныштық, береке-бірлік, рухани байлық және асыл мұрамызға деген мақтаныш тілеймін.Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030207?lang=kk
Алматы қ. Қазақстан Дипломатиялық күніне орай салтанатты іс-шара өтті 04.07.2025
2025 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігі Алматы қ. Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызмет күніне орай дипломатиялық қызмет ардагерлері мен Алматы қ. ҚР СІМ өкілдігінің қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өткізді. ҚР СІМ-нің атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін, елдің көпжақты сыртқы саясатқа бейілділігін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қонақтарды мерекемен құттықтады. Олардың ішінде Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруға ерекше назар аударылды, ол өңір елдерінің және БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриштің қолдауына ие болды. Іс-шараның құрметті қонақтары дипломатиялық қызмет ардагерлері болды. Концерттік бағдарламамен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1030208?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді шын жүректен ұлттық маңызы бар мереке – Астана күнімен құттықтаймын! 04.07.2025
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары төңірегінде баршамызды біріктіретін айтулы күн. Астана – жай ғана елдің әкімшілік орталығы емес. Ол – Қазақстанның жаңа тарихының тірі шежіресі, рухтың күшін, болашаққа деген ұмтылыс пен армандарды бейнелейтін қала. Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген бұл шаһар – халқымыздың жасампаздыққа деген ерік-жігерінің, парасатты мемлекеттік бағытының нышанына айналды. Мұнда ұлттың қуаты, мәдени, зияткерлік және экономикалық серпіні шоғырланған.Алайда Астана – өңірлерсіз мүмкін емес. Әр ауыл, елді мекен мен қалада еңбек ететін адамдарсыз елорда дамымайды. Біздің аудан – осы үлкен жолдың бір бөлшегі. Мұнда еліміздің экономикасын нығайтып, қауіпсіздігіне, білім беру саласына, азық-түлік тұрақтылығына үлес қосып жатқан еңбекқор, бастамашыл азаматтар өмір сүреді. Елордада бой көтерген әрбір құрылыс пен даму – аймақтардың тұрақтылығы мен қарқынына сүйенеді.Бұл күн бізге бірлік арқылы қандай биіктерге жете алатынымызды еске салсын. Ол бізді жаңа жетістіктерге, өз ісімізге және туған жерімізге адал болуға шабыттандырсын.Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа бейбіт өмір және елімізге деген мақтаныш тілеймін!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030158?lang=kk
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады 04.07.2025
– Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің парақшасында.Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Дереккөз: https://t.me/aqorda_resmi/25683Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1030149?lang=kk
Мемлекеттік қолдау – болашаққа салынған инвестиция 04.07.2025
2024 жылдың басынан бері Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін гранттық қаржыландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін грант алу мүмкіндігіне ие. Қаржыландыру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде іріктеу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.Бағдарламаға қатысу үшін ерекше шарттар «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлерге арналған. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер өз өнімдерін тек жергілікті шикізаттан өндіреді. Мұндай тәсіл аймақтық брендтердің дамуына және ауыл кәсіпкерлігінің өркендеуіне жол ашады.2024 жылғы гранттық байқаудың жеңімпаздарының бірі – «Уникум» жылдам оқыту және интеллектіні дамыту мектебі» ЖШС болды. Бұл жоба қазылар алқасының назарын бекерден-бекер аудартқан жоқ, себебі оның мақсаты – қоғамның ең осал тобының бірі саналатын, 1 жастан 4 жасқа дейінгі аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсету.Жобаның негізі – дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеуде өзінің тиімділігін дәлелдеген, ғылыми негізделген ерте араласу әдісі — Денвер үлгісін енгізу болды. Бағдарламаның басты мақсаты — аутизм белгілерін жеңілдетіп, баланың әлеуметтік, эмоциялық, сөйлеу және мінез-құлық салаларындағы дамуын жеделдету. Балалармен жұмыс ойын түрінде жүргізіледі, бұл олардың қоршаған ортаға бейімделуін, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуін қалыптастыруға ықпал етеді.Орталықта ата-аналармен де тығыз жұмыс жүргізіледі: олар арнайы мамандардан кеңес алып, баламен тиімді қарым-қатынас орнатудың стратегияларын үйренеді, сондай-ақ әр кезеңде кәсіби қолдауға ие болады.Гранттық қолдаудың арқасында кәсіпкер орталықты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған арнайы ойыншықтар мен оқу материалдарын сатып ала алды.Бүгінде «Уникум» орталығында 45 бала оқып жатыр, оның 15-і — Денвер үлгісі бойынша. Бағдарламаны жүзеге асырып жатқан мамандар құрамында 12 адам бар: логопед-дефектологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, бастауыш сынып мұғалімдері және басқа да білікті мамандар. Жақын арада, грант шартына сәйкес, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаны тек әлеуметтік маңызы бар бастама ғана емес, сонымен қатар өңір экономикасына пайдалы жоба деп те бағалауға болады.Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттық қолдау бастамасы – мемлекеттік тетіктердің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және инклюзивті қоғам құруға қалай ықпал ете алатынының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1030085?lang=kk
«Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты онлайн жыр кеші өтті 04.07.2025
Ұлттық домбыра күніне орай Павлодар облыстық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты республикалық онлайн әдеби-музыкалық сазды кешке кітапханамыздың белсенді оқырманы Арғын Нұрдана қатысып, өз өнерін кең аудиторияға паш етті.Ол бұл шарада Қазақстанның белгілі композиторы, халық артисі Алтынбек Қоразбаевтың жүректі тербейтін туындысы «Әгугәй, домбыра» әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Нұрдананың орындауы ұлттық аспап – домбыраның қадір-қасиетін тереңнен сезіндіретін сыршыл әуенмен үндесіп, қазақтың төл өнеріне деген сүйіспеншілікті айшықтай түсті.Мұндай шығармашылық шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өнерге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Арғын Нұрданаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1030087?lang=kk