Enbekshi QazaQ

Әлем

Өкілдік Басшысы Кореяның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 04.07.2025
2025 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Корея Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Ха Тэ Укқа экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Кореяның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1030092?lang=kk
Литваның Мемлекеттілік күніне орай қабылдау 04.07.2025
2025 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Литваның Мемлекеттілік күніне орай қабылдауда қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші Эгидиус Навикас және Литваның Алматы қ. Бас консулы Гвидас Керушаускас қатысты. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан-Литва арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Литва арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1030096?lang=kk
Қазақстан Афинада өткен халықаралық алаңда Орта дәлізді таныстырды 04.07.2025
Афины, 2025 жылғы 2 шілде – «Geo Routes Institute» қолдауымен тарихи «Athenian Club» ғимаратында «Balkans & Black Sea Forum – Executive Roundtable 2025» халықаралық форумы өтті. Іс-шара дипломатиялық орта, іскерлік және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылып, өзгермелі геосаяси ахуал жағдайында тұрақты көлік байланыстарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.«IMEC: әлеуеттен серіктестікке дейін» атты сессия барысында Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізі (IMEC) сынды жаңа халықаралық логистикалық бағыттарды қалыптастыру және олардың Орта дәліз (TITR), «Бір белдеу — бір жол», Халықаралық солтүстік-оңтүстік көлік дәлізі (INSTC) сияқты қолданыстағы бағыттармен өзара іс-қимылы талқыланды. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығыстар, солтүстік бағыттардың тұрақсыздығы мен климаттық сын-қатерлер жағдайында жаһандық жеткізу тізбектерінің беріктігін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды.Форум жұмысына қатысқан Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының Еуразиялық көлік жүйесінің маңызды буыны ретінде стратегиялық маңызын атап өтті. Елші Қазақстан мен серіктес елдердің инфрақұрылымдық шектеулерді жою, рәсімдерді цифрландыру және порт әлеуетін кеңейту бойынша күш-жігерін, соның ішінде Ақтау теңіз портының өткізу қабілетін 2035 жылға қарай 1 миллион TEU-ға дейін арттыру жоспарын таныстырды.Грек тарапымен инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық таза технологияларды енгізу және интеграцияланған логистикалық шешімдерді қалыптастыру саласындағы ынтымақтастық әлеуетін атап өткен қазақстандық дипломат Шығыс пен Батысты байланыстыратын тұрақты әрі өзара толықтырушы көлік дәліздерін нығайту үшін серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1030047?lang=kk
Қостанайда ЭМБ, ККО және Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-бағдарланған орталықтарының өкілдері үшін оқыту семинарлары өтті 04.07.2025
Азаматтық бастамалардың әлеуетін нығайту және дамыту шеңберінде Қостанай облысында этномәдени бірлестіктердің, консультативтік-кеңесші органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-бағдарланған орталықтарының өкілдері үшін оқыту семинарларының циклі өтті.Оқыту келесі негізгі тақырыптар бойынша өтті:"Әлеуметтік жобаны әзірлеу: идеядан құрылымға дейін" – қатысушылар жобалаудың негізгі кезеңдерімен, өзекті идеяны қалыптастырудан бастап жобаның логикалық құрылымын құруға дейін танысты. Мәселелерді талдау, мақсат қою және күтілетін нәтижелерді тұжырымдау әдістері талқыланды."Фандрайзинг негіздері және жобаларды ресурстық қамтамасыз ету" – семинар ресурстарды, оның ішінде қаржылық, адами және ақпараттық ресурстарды тартудың практикалық тәсілдеріне арналды. Спикер донорлармен, мемлекеттік және жеке серіктестермен өзара іс-қимыл бойынша табысты кейстерді ұсынды."Тұсаукесер және әлеуметтік жобаны қорғау" – қатысушылар өз жобаларын тиімді таныстыру, әлеуетті инвесторлармен және Грант берушілермен қоғамдық қорғауға және коммуникацияға дайындық бойынша ұсыныстар алды. Сараптамалық комиссия алдында жобаларды қорғауды имитациялай отырып тренингтер ұйымдастырылды.Оқу циклі аяқталғаннан кейін қатысушылар өздерінің әлеуметтік бастамаларын іске асыруға арналған шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды. Конкурстың жалпы жүлде қоры 4 500 000 теңгені құрайды, бұл этносаралық келісімді, әлеуметтік ұйымшылдықты және белсенді азаматтық қатысуды дамытуға бағытталған үздік жобаларды қолдауға мүмкіндік береді.Семинарлар тек оқу алаңына ғана емес, тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және өзекті әлеуметтік бастамаларды талқылауға арналған орынға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1030064?lang=kk
Т.Оспанқұлов Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің жұмысын жақсарту туралы хабардар етті 04.07.2025
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіндегі ағымдағы өзгерістер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.Оның айтуынша, қазіргі уақытта Еңбек министрлігі мүгедектікті белгілеу тәсілдерін өзгерту бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатыр.«Бұл реформаның негізі – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің қашықтан проактивті форматын енгізу болып табылады. Ондағы мақсат – мүгедектер тобын тағайындау процесін азаматтар үшін барынша жеңілдету – оны қолжетімді, ыңғайлы, жедел, ең бастысы – объективті және әділ ету», – деді Төлеген Оспанқұлов.Жаңа формат азаматтарға медициналық ұйым цифрлық түрде жіберетін толық және сенімді медициналық ақпаратқа ие болған жағдайда белгілі бір диагноздар бойынша (30 нозологиялық нысан) жеке тексеруден бас тартуға мүмкіндік береді.Сырттай формат цифрландыру аясында ғана емес, сонымен қатар шалғай аймақтардағы кадр тапшылығы, сарапшылар жұмысының көптігі, бюрократиялық кедергілерді азайту қажеттілігі сияқты МӘС қызметіндегі жүйелі проблемаларға жауап ретінде енгізілуде. Ол аумақтан тыс сарапшылардың жұмысы арқылы өңірлер арасында жұмыс көлемін қайта бөлуге мүмкіндік береді.«Реформа халықтың медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіне және тұтастай алғанда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне деген сенімін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мүгедектікті белгілеудің шынайы тұтынушыға бағытталған үлгісін жасауға бағытталған», – деп қосты спикер.2024 жылдың қорытындысы бойынша қашықтан проактивті форматта көрсетілген мүгедектік тобын тағайындау бойынша қызметтердің үлесі белгіленген нысаналы индикатор 35% болғанда 37,4%-ды (96,9 мың өтініш) құрады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 39,3%-ға жетті (51,8 мың өтініш).Толығырақ профильде бекітілген сілтеме арқылы сайттан оқыңыз. https://www.youtube.com/live/qA0LlAgmaQs?si=_TeaRXbv9STMswQRАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1030030?lang=kk
Катардың Қазақстанға салған инвестициясы $9-дан $156 млн-ға, 18 еседей өсті 04.07.2025
Астанада Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комитеттің жетінші отырысы өткізілді. Кездесу ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов пен Катардың халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, доктор Ахмед бин Мұхаммед әл Сайедтің төрағалығымен жүргізілді.Отырыс барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын талқылап, комитеттің тұрақты диалог алаңы ретіндегі тиімді жұмысы үшін ризашылық білдірді. Екі елдің ортақ әлеуетін іске асыру, сауда-экономикалық байланысты нығайту және іскер топ арасындағы әріптестікті дамыту үшін бірлескен күш-жігерді жандандыру қажеттігі атап өтілді.Отырыста көлік пен логистика мәселесіне айрықша назар аударылды. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды стратегиялық бағыт ретінде қарастыруда. 2030 жылға қарай контейнермен тасымалдау көлемін жылына 500 мыңға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық дәлізін нығайту бойынша шаралар іске асырылуда. Бұл жаңа логистикалық мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда қатысушылар Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын жаңғыртып, жүк терминалдарын салумен бірге, Орта дәлізді бірлесіп дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық тарап катарлық инвесторларды аталған жобаларға қатысуға шақырды.Қазақстан-Катар инвестициялық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде. Еске салсақ, өткен жылы екі мемлекет басшысының бастамасымен ұзақмерзімдік стратегиялық әріптестік туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын. Құжат шикізаттан тыс секторда, энергетика, телекоммуникация мен қаржы саласында жалпы сомасы шамамен 20 млрд АҚШ доллары болатын инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.Биылдың өзінде айтарлықтай прогресс байқалады: Катардан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 18 есеге, яғни $8,9 млн-нан $156,4 млн-ға дейін өскен.Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесі де жан-жақты талқыланды. Қазақстан қазірдің өзінде 80-нен астам елге ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауда. Экспорттық әлеуетті одан әрі арттыруға ниетті. Мәселен, тек 2024 жылы Катарға $750 мыңнан аса сомаға қой мен ешкі еті экспортталды.Тараптар ветеринарлық және санитарлық талап бойынша ақпарат алмасуды жандандырып, сондай-ақ халал әрі органикалық өнім жеткізу бойынша ынтымақтастықты арттыруға келісті. Тараптар екі елдің еркін экономикалық аймақтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға да мүдделі. Бейінді ведомстволарды, сондай-ақ Қазақстан мен Катардың іскер тобын тәжірибе алмасу, өзара іс-қимылдың келешектегі бағытын айқындау үшін осы алаңдарға баруға шақырды.Жиын соңында Қазақстан-Катар бірлескен комитетінің жетінші отырысының хаттамасына қол қойылды. Бірлескен комитеттің келесі, сегізінші отырысы Катар мемлекетінің астанасы Дохада өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1030977?lang=kk
Ұлттық домбыра күніне орай «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында «Ұлы мұра – домбыра» атты концерті өтті 04.07.2025
Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен.Концерттік бағдарламада «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары – Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі – жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының және Қазақстан Республикасының құрметті азаматы – Бисара Макенова, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі және солисі Төлеген Аманов – жетекшісі Әлизат Дүзелбай, 40 жылдық тарихы бар «Көркемтау» домбырашылар ансамблі, солисі Әмірали Азаматұлы – жетекшісі Альбина Касенова, «Көкше саздары» домбырамен ән салу студиясының дуэты Нұрдаулет Ешимов, Әділхан Аманжол – жетекшісі Бисара Макенова, 25 жылдық тарихы бар «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореграфиялық ансамблінің солистері Лейла Мереке және Жанель Лукпанова – жетекшісі Айымгүл Хасенова, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Аминат Хасанова және Ерқанат Ербосынұлы – жетекшісі Ақниет Абдулла.Келе жатқан Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!Еліміздің аспанында күмбірлеген күй үні ешқашан толастамасын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1030006?lang=kk
«Серілер салған сара жол» – ұлттық рух пен өнерге тағзым 04.07.2025
Ақмола облысы, Аршалы ауданынан бастау алған «Серілер салған сара жол» жобасы республикалық серілер шеруі деңгейінде өтіп жатыр. Қазақ халқының өткені мен ұлттық өнерін ұлықтауға арналған бұл ерекше жоба ел тарихы мен мәдениетін жаңғыртудың жарқын көрінісіне айналуда.Жоба жетекшісі – Кемалов Аян Мыңбайұлы.Серілер шеруі Аршалыдан басталып, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы арқылы өтіп, қазақ руханиятының алтын бесігі саналатын – Абай облысындағы Жидебай ауылында аяқталады. Шеру аясында қатысушылар халқымыздың сал-серілік дәстүрін кеңінен насихаттап, ұлы тұлғалардың жүріп өткен жолын қайта жаңғыртуда.Жобаның негізгі мақсаты:Қазақ халқының бай мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеуҰлттық өнер мен сал-серілік дәстүрді зерттеу, ұрпақ санасына сіңіруСалауатты өмір салтын, өнер мен тәрбиені ұштастыруӨскелең ұрпаққа рухани бағыт-бағдар беруЕл ішіндегі тарихи, мәдени киелі орындарға тағзым етуСал-серілер – қазақ халқының еркін ойлы, өнерпаз, парасатты тұлғалары. Олардың өмір салты мен шығармашылығы – тұтас бір рухани мектеп. Осы рухани мектептің ізін жалғаушы жоба қатысушылары сапар барысында халықпен кездесіп, ән-күймен өрнектелген рухани кештер өткізіп, өнер арқылы ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізуде.2024 жылы бұл жоба Ақмола облысының «Жыл үздігі – 2024» байқауында «Үздік креативті жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл – жобаның қоғамдағы маңызды рөлін дәлелдейтін үлкен жетістік.«Серілер салған сара жол» республикалық серілер шеруі – бүгінгі күннің рухани қозғалысына айналып, қазақ болмысының биік өнегесін қазіргі заманмен үндестіріп келеді. Бұл тек сапар ғана емес, бұл – ұлттың жанына сапар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029989?lang=kk
Алматы облысында «Р-3» арнасындағы жұмыстарды жеделдету жөніндегі жол картасы бекітілді 04.07.2025
Алматы облысының Талғар ауданында суару жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2024 жылы басталып, 48 суару арнасында тиісті құрылыс жұмыстарын қамтиды.Жобаның мердігері – «AK Construction Company» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жалпы құны 21,4 млрд теңге болатын келісімшарт аясында атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгенің 1,27 млрд теңгеден астамы игерілді.Қазіргі таңда «Айтуар», «Саз-Талғар», «Новостройка», «Р-9» және «Р-3» су арналары бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. «Р-3» арнасындағы автожол арқылы өтетін дюкерлік өткелден басқа учаскелер толық аяқталған. Жалпы жаңғыртылған арналардың ұзындығы 28,1 шақырымды құрайды.Жобадағы негізгі кезеңдердің бірі – «Р-3» арнасындағы дюкерлік өткелдің құрылысы болды. 30 маусым күні аталған нысанда Алматы облысы әкімінің орынбасарлары А.Д. Масабаев пен Б. Бақытұлы, мердігер компания өкілдері, қадағалаушы органдар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен көшпелі жиын өтті. Кездесу барысында аталған нысандағы жұмыстарды жедел аяқтауға бағытталған жол картасы бекітілді.Қазіргі уақытта құрылыс бригадалары күшейтілген режимде – екі ауысымда жұмыс істеуде. Қабылдау құдығын бетондау және негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.10 шілдеге дейін дюкер толық аяқталып, «Р-3» арнасына су беру қайта қалпына келтіріледі. Осылайша, нысанның жаңғырту жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Су пайдаланушылардың ұсыныс-пікірлері ескерілген соң, арнаны пайдалануға қабылдау қыркүйек айына дейін жүргізіледі.Құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан уақытта су беру балама көздер арқылы қамтамасыз етілуде. Дюкерлік өткел аяқталғаннан кейін «Р-3» арнасы арқылы су беру толығымен қалпына келіп, ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты суаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029990?lang=kk
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қағидаларына өзгірістер енгізілді: жоба талқылауға бағытталған 04.07.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер әзірленгенін хабарлайды.Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдары, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негіздегі электрондық кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу қағидаларын реттейді.Жоба электрондық кезекті қолдана отырып Мемлекеттік шекара арқылы автокөлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді енгізуді көздейді.Негізгі ережелерге мыналар кіреді:Дұрыс емес деректер үшін жауапкершілік. Шындыққа сәйкес келмейтін деректерді ұсынған немесе брондалған уақытты пайдаланбаған пайдаланушылар бұғатталады. Сондай-ақ кепілдік қамтамасыз ету тетігі енгізіледі.Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері. Енді жергілікті атқарушы органдар өткізу пункттерінің жанында күту аймақтарын құруға міндетті болады. Бұл көлік құралдарының бейберекет жиналуын болдырмауға және тұрақты қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Кезектен тыс және жедел өткізу тәртібін ажырату. Шекарадан жедел өту үшін бөлек ақылы режим енгізіледі.Артықшылықты санаттағы жүктерге арналған жеке слот. Жануарлармен, тез бүлінетін және қауіпті жүктермен жүретін көлік құралдары үшін жеке слот қарастырылады.Техникалық тетіктер. Фотофиксация, сәйкестендіру және мемлекеттік деректер базаларымен VIN және сақтандыруды қоса отырып өзара іс-қимыл тетіктері нақтыланады.Көп мәрте брондауға шектеу. Шекарадан өту уақытын бірнеше рет брондауға шектеу енгізіледі, сонымен қатар брондау уақытын ауыстыру мүмкіндігі кеңейтіледі.Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнама ережелерін ескере отырып әзірленді.Ұсынылып отырған өзгерістер өткізу пункттерінен өту уақытын жоспарлау мен маршруттарды ұйымдастыруда ашықтықты, тәртіпті және болжамдылықты арттырады. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жұмысын жеңілдетуге және өткізу пункттерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.Жоба 2025 жылдың 14 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады. Өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды «Ашық НҚА» порталында қалдыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1030689?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан медиа қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда 04.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және телерадио хабарларын тарату жөніндегі Федералды Министрі Атаулла Тарармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады.Елші Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ақпараттық вакуумды жою мақсатында медиа қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, екі елдің жетекші телеарналары мен баспа БАҚ-тарының арасында тікелей байланыс орнатып, елордалары аумағында тілшілік кеңселер ашуға мүдделілік білдірді.Кездесу барысында Елші 2025 жылғы 29 сәуірде Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-отырысының, сондай-ақ Карачи қаласында ұйымдастырылған бизнес-форумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, оның шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ПИР Ақпарат және телерадио хабарларын тарату министрлігі арасында ақпарат саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті.Федералды Министр А.Тарар Пәкістан тарапының Қазақстанмен ақпарат саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылығын растап, бұл бағытта бірлескен телевизиялық жобалар құрудың маңыздылығын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нақты мазмұнмен толықтыру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, бірқатар нақты бастамаларды ортаға салды.Елші ұлттық ақпарат агенттігі «Associated Press of Pakistan» (APP) бас директоры Мұхаммад Асим Кхичимен де кездесу өткізіп, APP мен қазақстандық серіктестер арасындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Тараптар жаңалықтар контентімен алмасу ісін жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1029977?lang=kk
Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) 04.07.2025
Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаттары мен міндеттеріӘділсалық салуды жәнеәлеуметтіксаясаттыжетілдірудіқамтамасыз етуЖекетұлғалардыңкірістерінбақылаудыңтиімдітетігінқұруСыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету Декларация нысаны270.00-нысан "Кірістер және мүлік туралы декларация" Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады1) мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% - дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5) жеке кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістерді (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар;6) егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса, шетелдік банктердегі шоттарда ақшалай қаражаты бар тұлғалар;7) шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФИ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;9)есептісалықкезеңіішіндежиынтыққұныАЕК-тің 20000еселенгенмөлшерінен асатын мүлікті,оныңішіндеҚРшегінентыс жерлерде сатып алған тұлғалар (мысалы:2025жылыАЕК= 3932 теңге,20000х3932=78640мыңтеңге). Табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі: тұрғылықты жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну тәсілдеріЭлектронды түрде:- "Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz) Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында;- "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz);- ұялықосымшалар: e-SalyqAzamat,eGovmobile,moldir.qoldau.kz,HalykBank(HALYK),ЦентрКредитБанк(bcc.kz).Қағаз тасығыштағы:- келу тәртібімен мемлекеттік кірістер органдарына;- ХҚКО-ға жіберу;- пошта арқылы тапсырыс хатпен. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:- дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен декларациялануға жататын кірістерін қоспағанда дербес салық салуға жататын кірістер (жалға беруден, жылжымайтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді сатудан, шетелден кірістер және т. б.);- салық шегерімдері;- ҚР шегінен тыс жерлерде, оның ішінде өтеусіз негізде (жылжымайтын мүлік, көлік, жер және жер учаскелері, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, ПФИ, алтын, тұрғын ғимараттағы үлесі және т. б.);- ЖТС бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару;- шетелдік банктік шоттардағы ақша жиынтығында 1000 АЕК-тен астам ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес шектеу қабылдаған жеке тұлғалар банктік салым сомасына қарамастан шетелдік банктерде ақшаның болуы туралы ақпаратты көрсетеді);- шетелдегі есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі);- басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);- есепті салық кезеңі ішінде мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде (жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тұрғын-үй құрылысына қатысу үлесі) сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетіледі:- мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;- банктің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жарғылық капиталдағы үлесінің 10% - дан астамын иеленетін заңды тұлғалар және олардың жұбайлары;- есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029937?lang=kk
Астананың туған күніне орай. 04.07.2025
6 шілдеде қазақстандықтар еліміздің бас қаласының 27 жылдығын атап өтеді. Астана мерекесі қарсаңында Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Елімнің жүрегі - Астана» атты мерекелік концерт өтті. Дәстүр бойынша аудан әкімінің құттықтауы марапаттау рәсімімен жалғасты.Мереке қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушылардың 5 отбасы атап өтілді. Байқауға қатысқандары үшін Әйет ауылынан Нокишовтар мен Байжұман, Тобыл ауылынан Шойбасовтар отбасыларына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Байқау жеңімпаздары болып Тобыл ауылынан Мақсұтхан мен Бірмағамбетовтер отбасы марапатталды. Елорда күніне орай ауданның көркемөнерпаздар өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1029885?lang=kk
Күніне 4 мың демалушы және ЖИ камералары: Қонаевтағы жағажайларда тазалық қалай сақталуда? 04.07.2025
Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, №6 жағажайда 40 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Барлығы сенімгерлік басқарушы компаниямен келісімшарт жасап, жалға алған аумақты күтіп ұстау бойынша нақты міндеттемелерді алған. Олар күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізуге, тапшандарды дезинфекциялауға, қоқыс жәшіктері мен жарық орнатуға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.«№6 жағажайда 45 қоқыс жәшігі, 10 контейнер және үш әжетхана орнатылған. Тазалыққа 30 жұмысшы мен 2 арнайы техника жауапты. Қауіпсіздікті 10-нан астам құтқарушы қамтамасыз етіп отыр, медицина қызметкерлері кезекшілік етеді, бейнебақылау камералары орнатылған. Мониторинг күн сайын жүргізіледі», — деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімі.Ал №5 жағажайда 28 бөлмелі 6 әжетхана, 5 жуыну орны, 6 киім ауыстыратын бөлме, 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке және 25 контейнер бар. Мұнда жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйесі орнатылған.Жағажай аумағында тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖБ мен полиция қызметкерлері тұрақты түрде кезекшілік атқарады.Күн сайын №6 жағажайға 4–5 мың адам, ал №5 жағажайға 1 500–2 000 адам келеді. Демалыс күндері бұл көрсеткіш әр жағажайда 2–3 есеге дейін артады.«Әр демалыс сайын отбасымызбен №5 жағажайға келеміз — менің үш балам және екі жиенім бар. Мұнда таза, қауіпсіз, ересектер мен балаларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын бөлмелер, құтқарушылар мен медқызметкерлер бар. Балаларға ойнайтын алаң болса, біз үшін тазалық пен тәртіп маңызды. Қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастау – бұл мәдениеттілік белгісі», — дейді алматылық тұрғын Мұрат Амангелдиев.Қауіпсіздік бойынша санитарлық қызмет мамандары пікір білдірді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нариман Орынбасарұлының айтуынша, Қапшағай су қоймасынан ай сайын су сынамасы алынып, зертханалық сараптамалар жүргізіледі. Қорытындысы - қанағаттанарлық, су санитарлық талаптарға сай келеді, шомылуға рұқсат берілген.Жағажай маусымы басталғалы қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылып, азаматтарға жалпы сомасы 1 376 200 теңге айыппұл салынған.Қала әкімдігі жағажайдағы санитарлық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Келісімшарт талаптарын орындамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ демалушылар да тазалық пен тәртіпті сақтауға жауапты екендерін естен шығаомауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029851?lang=kk
Қазақстандық делегация БҰҰ 2025 Мемлекеттік қызмет форумына (UNPSF) қатысты 04.07.2025
2025 жылғы 23-25 маусымда Самарқандта Өзбекстан Республикасының Үкіметімен серіктестікте БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (UN DESA) ұйымдастырған «2030 жылға дейінгі бес жыл: тұрақты болашақ үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеделдету» тақырыбында БҰҰ-ның мемлекеттік қызметінің 2025 форумы (UNPSF) өтті.Форум Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасынан келген 1000 – ға жуық қатысушыны, оның ішінде министрлерді, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді, халықаралық ұйымдардың, академиялардың, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және цифрлық инноваторлардың өкілдерін біріктірді.Қазақстанды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Муксимов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Жолманов, Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы  Бас консулы Т.Шәріпов таныстырды.Бағдарламаға пленарлық отырыстар, тақырыптық пікірталастар, стратегиялық келіссөздер және сын-қатерлер мен жеделдетілген өзгерістер жағдайында мемлекеттік қызметтің рөлін қайта қарастыруға бағытталған табысты тәжірибелердің презентациялары кірді.Іс-шара шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы (ACSH) ӨР Президенті жанындағы мемлекеттік қызметті дамыту агенттігімен бірлесе отырып, «Үкіметтегі цифрлық өзгерістер: мемлекеттік қызметшілердің ынтасын қалай сақтау керек» тақырыбында семинар өткізді, оның барысында ACSH Басқарушы комитетінің төрағасы А.Байменов жедел өзгерістер дәуірінде жоғары ынталы және бейімделгіш мемлекеттік қызметті құру үшін қажетті бірқатар негізгі бағыттарды атап өтті.Форумның негізгі қорытындысы Самарқанд министрлік декларациясын қабылдау болды. Сондай-ақ цифрлық мемлекеттік басқару саласындағы шешімдерді экспорттауды қолдау жөніндегі жаңа халықаралық бастаманың (GovTech) іске қосылғаны жарияланды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1029836?lang=kk
«Sergek Project Ltd» қазақстандық компаниялар тобы өкілдерінің Самарқанд қаласына сапары 04.07.2025
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Sergek Project Ltd» қазақстандық компаниялар тобының өкілдері - Жаһандық нарықтар жөніндегі Вице-президенті Алена Ткаченко мен Орталық Азия нарықтары жөніндегі басшысы Дәурен Болатов Самарқанд қаласы хокимінің орынбасары Э. Раджабовпен және Самарқанд халықаралық технологиялық университетінің (SIUT)оқу жөніндегі проректоры А. Сайфуллаевпен кездесулері өтті.Кездесулер барысында Sergek Group компаниясының Самарқанд облысындағы технологиялық мүмкіндіктері мен стратегиялық көзқарасы, оның ішінде ақылды қалалар үшін AI-шешімдерді әзірлеу және енгізу (жол қозғалысын басқарудың, қоғамдық қауіпсіздіктің және экологиялық мониторингтің зияткерлік жүйелері) таныстырылды.Тараптар шешімдерді оқшаулау, техникалық трансфер және кадрлар даярлау әлеуетін зерделеуді, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын іске асыру перспективаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және практикалық IT-бастамаларды енгізуді қоса алғанда, өңірді цифрлық дамыту саласындағы әріптестіктің ықтимал форматтарын талқылады.Нәтижелі және іскерлік ахуалда өткен кездесулердің қорытындысы бойынша цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дәйекті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1029829?lang=kk
«Күмбірле, домбыра!» облыстық күйшілер байқауы 04.07.2025
       2 июля 2025 года в рамках празднования Национального Дня Домбры в г. Кокшетау в Музее литературы и искусства прошел областной конкурс кюйши «Күмбірле, домбыра!», посвященный 205-летию великого казахского композитора-кюйши Дәулеткерей Шығайұлы и 210-летию народного композитора-кюйши, домбриста Тәттімбет Қазанғапұлы. Его организатором выступил ГККП «Областной центр народного творчества и культурного досуга» при управлении культуры Акмолинской области.             Целью конкурса стало сохранение и популяризация искусства кюя, как жанра народного творчества, музыкального наследия Дәулеткерей Шығайұлы и Тәттімбет Қазанғапұлы, а также пропаганда домбры, как неотъемлемой части истории казахского народа, повышение профессионального мастерства исполнителей, обмен опытом и выявление новых талантов.В состав жюри вошли дирижер оркестра казахских народных инструментов имени К. Кумисбекова Акмолинской областной филармонии имени Укили Ибрая, обладатель нагрудного знака «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Койшыбаев, преподаватели музыкального колледжа имени Биржан сал, победители республиканских конкурсов Саят Бабаев и Бауыржан Балтин.       Конкурс состоял из двух этапов: отборочного и заключительного.   Участниками конкурса стали 7 кюйши  из районов Биржан сал, Атбасар, Жаксы, Шортанды, Қорғалжын и  города Кокшетау Акмолинской области. Конкурсанты исполнили произведения Дәулеткерея Шығайұлы и Тәттімбета Қазанғапұлы — выдающихся композиторов казахского народа.         По итогам конкурса первое призовое место занял Нұрболат Сахы из Коргалжынского района. Второе место досталось Омирбек Мадина из города Кокшетау. Третье призовое место заняли Қолғанат Рахметуллин из Жаксынского района и Әнес Иманғазы из района Биржан сал.        Победители и участники конкурса награждены дипломамы и денежными сертификатами.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029792?lang=kk
Қоқыс полигонында бұрын-соңды болмаған су жинақтағыш резервуар салынуда 04.07.2025
Қонаев қаласының шетінде орналасқан, аумағы 30 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысымен қала әкімі Асхат Бердіханов танысты.«Қонаев Көркейту» ШЖҚ МКК директоры Қанат Азаматовтың айтуынша, полигонда көлемі 30 текше метрді құрайтын су жинақтаушы резервуар салынып жатыр. Бұл құрылым өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған — өрт болған жағдайда су жеткізуге уақыт жоғалтпай, дереу сөндіру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай инфрақұрылым полигонда болмаған. Сонымен қатар, өрт ошақтарын жылдам жою үшін арнайы техника тәуліктік кезекшілікке қойылады.Санитарлық талаптарға сәйкес, полигонның айналасына қоқыстардың ұшуын және малдың кіруін болдырмау үшін ор қазылып, темір тормен қоршалуда. Белгілі бір бөліктерге бетон қоршаулар орнатылуда.Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында полигонның алдыңғы жағы көгалдандырылады. Арнайы техникалар үшін таразы қойылып, көлік жуу аймағы жабдықталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029793?lang=kk
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары және қонақтары! 04.07.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының Астанасы күнімен құттықтаймын!Астана күні - жасампаздық, шабыт және жаңа жетістіктер мерекесі.Өзінің даму жылдарында Астана бірегей сәулетімен, дамыған инфрақұрылымымен және бай мәдени өмірімен заманауи мегаполиске айналды. Бұл тарих пен болашақ кездесетін, батыл идеялар туатын және ауқымды жобалар жүзеге асырылатын орын.Баршаңызға денсаулық, амандық, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Елордамыз өсіп, дами берсін, өз тұрғындарын сұлулығымен, жайлылығымен және әркім үшін мүмкіндіктерімен қуанта берсін!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                  А. Светаш Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1029800?lang=kk
МКК салық қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 04.07.2025
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында енгізілген «қызыл түйме» механизмі кері байланысты қамтамасыз ету мен жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешу тұрғысынан жоғары тиімділігін көрсетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.Маңызды ескерту: «қызыл түйме» тек салықтық және кедендік қызметтерді алу барысында туындайтын қиындықтар жөніндегі хабарламалар үшін арналған. Бұл механизм қызметкерлер тарапынан жіберілген теріс қылықтарды, құқықбұзушылықтарды немесе адал емес әрекеттерді анықтауға және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады.Өтініш нысаны қарапайым және интуитивті түрде түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қажет болған жағдайда өтінішті анонимді түрде де қалдыруға болады.Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі адал диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтініш қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған азаматтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.Сіздің дауысыңыз салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесінің тиімді, ашық және клиентке бағдарланған болуына ықпал ететін маңызды құрал. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері ғана қызмет көрсету сапасын арттырып, сенім деңгейін көтере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1100177?lang=kk