Enbekshi QazaQ

Әлем

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті 08.07.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жұмысшы топтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті.Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, бағдарламаның іске асырылу барысы мен мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру.Жиын барысында сала мамандары мен жұмысшы топ мүшелері – Индира Сансызбайқызы, Бахыткүл Әділбекқызы, Күндібай Мырзабайұлы және басқа да қатысушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап беріп, кеңестерін ұсынды.Жиын соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіпкерлер бағдарламаның тиімді тетіктері мен шарттары туралы нақты ақпарат алды.Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бері жалпы сомасы 486,7 млн теңгені құрайтын 77 жобаға жеңілдетілген несие берілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1030785?lang=kk
Мәжіліс депутттары тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон жұмысымен танысты 08.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбеновтің Сырдария ауданына жасаған сапары тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонда жалғасты. Мұнда мәжілісмендер «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойынан көлемі 4 гектар жерге салынған полигон құрылысымен танысты.– Бұл полигонның аудан тұрғындары үшін маңызы зор. Полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге бөлінген. Полигонда тұрмыстық қалдықтарды сұрыпталады. Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқарған. Айта кету керек, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндірістік аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасқан. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ, – деп ақпарат берді аудан әкімі.Мәжіліс депутаттары тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру үшін тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттігін айтты.– Біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картаға түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауда. Біз келіп отырған бүгінгі нысан да біздің халыққа берген уәделеріміздің нақты іске асуының нәтижесі, – деді Мұрат Әбенов.Ал М.Жайымбетов партияға, билікке сенім артып өтінішпен келген азаматтардың мәселесін мүмкіндігінше шешуге жұмыс жасау қажет екенін айтты. – Әрине, көп мәселелер қаржыға және уақытты талап етеді. Келген азаматқа мұны түсіндіріп, заңнамалық тұрғыда кеңес беру керек. Әрбір нысаналы топқа бағытталған партиялық жобаларымыздың өз мақсатына сай жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз қажет. Жасалған жұмыстар халыққа кеңінен насихатталуы керек, – деді Мархаббат Жайымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030786?lang=kk
Мәжіліс депуттары жеке қабылдау өткізді 08.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапарында «Руханият» орталығында жеке қабылдау өткізді.Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауға келушілер инфрақұрылымды жетілдіру, құрылыс, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және «Ауыл аманаты» жобасына өзгерістер енгізу бойынша мәселелерді көтерді.Мәселен, білім саласының ардагері Ұ.Жаналиева «Жайлы мектеп» салу мәселесі бойынша сұрақ қойды. «Мен білім саласының ардагерімін. Өздеріңізге белгілі, Президенттің бастамасымен өңірлерде «Жайлы мектептер» салынуда. Алайда, Тереңөзек кенті орталығына салынуы керек «Жайлы мектеп» қаржыландырылмай қалды. Кент орталығына мектеп қажеттілігі күн санап артуда. Осыған байланысты жайлы мектепке теңестірілген типтік жобадағы мектеп салып беруге ықпал етсеңіздер» деді ардагер.Өз кезегінде кент тұрғыны С.Тобағұлов апатты үйлер мәселесін шешу мәселесін айтты.«Мемлекет басшысының қолдауымен жалпы аудандарда тұрғын үйлер көптеп салынуда. Осыған байланыста атқарып жатқан жұмыстарыңызға алғыс білдіреміз. Алайда аудандағы апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі өзекті болып отыр. Апатты жағдайдағы үй иелеріне үй салып беру үшін мемлекеттік бағдарлама қарастырылмаған. Осы мәселеге Сізден республикадан қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын» деді ол.Сонымен қатар С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Б.Рахметов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында асыл тұқымды малын сатып алу талабын алып тастау бойынша ұсынысын жеткізді.«Ауыл тұрғындарына үй жағдайында асыл тұқымды малды алып асырауға мүмкіндік болмауда. Яғни бұл уақытқа дейін тек асыл тұқымды мал басына ғана берілуде. Тұрғындардың сұрауы осы бағдарлама аясында несиені жалпы мал басына берсе деген өтінішіміз бар» деді кәсіпкер.Ал Қалжан ахун ауылының тұрғыны Б.Зинабдинов Қалжан ахун ауылының электр желілерін жаңарту жобасы 2024 жылы басталып бүгінгі күні аяқталмай тоқтап тұрғанын айтты.Әр мәселенің түйінін тарқатып, шешу жолдарын қарастырған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов ұсыныстар бойынша жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, жеке қабылдауда көтерілген мәселелерді жеке бақылауға алып, жұмыс жасайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030797?lang=kk
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек 08.07.2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдарБЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға кімдер құқылы?  Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі?  Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).            Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;- түзету коэффициенттері қолданылмайды;- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады. Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек?             Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.Зейнетақы төлемдерін уақтылы ресімдеу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту жасала ма?            Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.          Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды. Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгінуге болады?           Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет.          БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.          БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажет құжаттар тізбесімен қайдан танысуға болады?           enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).          Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1034881?lang=kk
Сырдария өнерпаздары облыстық байқауда үздік деп танылды 08.07.2025
Сырдария өнерпаздары облыстық байқауда үздік деп танылды Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және “Жұмысшы мамандықтар жылына” орай қазақ мәдениеті мен әдебиетін, салт-санасы мен тарихын, рухани дүние танымын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты аудан өнерпаздарының облыстық мәдениет және өнер байқауының қорытынды концерті өтті. Аталған өнер байқауында Сырдариялық өнерпаздар облыс жұртшылығына өз өнерлерін көрсетіп, зор ықыласқа бөленген болатын. Қазылар алқасының шешімімен Сырдария ауданы жүлделі І орынды иеленді. Өнер байқауына өлшеусіз үлес қосқан барша Сырдариялық өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030807?lang=kk
Көше атауын беру 08.07.2025
11.08.2025 жылы Маңғыстау ауылының жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы  211 бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын массиві 266 үйімен 863/1 үй аралығындағы көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері Құтыш Манатовтың есімін беру бірауыздан қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1077570?lang=kk
8 шілде – Қарулы күштерде әскери медицина күні 08.07.2025
Тәуелсіз Қазақстан әскери медицинасының тарихы 1992 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылған кезден басталады. Бүгінде бұл 8 госпитальдан, 4 лазареттен және медициналық пункттерден тұратын кең жүйе. Өткен жылдың өзінде емдеу мекемелерінің стационарларында 10 мыңнан аса пациент көмек алды. Әскери медицина жүйесі дамуын жалғастыруда. Өткен жылы Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі оңалту бөлімшесін ашты. Онда әскери қызметшілер ауыр сырқаттар мен жарақаттардан кейін денсаулығын қалпына келтіреді. Сонымен қатар, Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь ашу және Алматы қаласында әскери медицина академиясын құру жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында Президент Іс басқармасының медициналық орталығымен,  А. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығымен және басқа да медициналық мекемелермен ынтымақтастық жолға қойылды. Тәуелсіз контингент құрамындағы әскери дәрігерлерді Голан биіктіктеріндегі БҰҰ миссиясына жіберу маңызды оқиға болды. Онда медицина мамандары жергілікті патрульге қатысатын бітімгерлерге және жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді.Әскери дәрігерлер оқу-жаттығуларға және жұмылдыру жиындарына үнемі тартылып, оларды медициналық сүйемелдеу мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.Әскери дәрігерлердің жанқиярлығы Сovid-19 пандемиясы кезінде, әскери госпитальдардағы инфекциялық изоляторлардың, стационарлық ПТР-зертханалардың және жылжымалы зертханалық кешендердің жұмысы ұйымдастырылған кезде толық көрінді. Өткен жылы олар су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға да көмекке келді.Әскери дәрігерлерді әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы 2024 жылы азаматтық клиникаларда тәжірибеге қол жеткізуді ашу және олардың еңбекақысын азаматтық денсаулық сақтау мамандарының деңгейіне дейін арттыру болды.Бір қарағанда, ең құнды байлық – адам денсаулығын сақтау тұрғысынан көрінбейтін, бірақ өте маңызды, әскери дәрігердің жұмысы терең құрмет пен ризашылыққа лайық. Ауруханалар мен лазареттерде тәулік бойы кезекшілік ете отырып, олар кез келген уақытта мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030640?lang=kk
Алматы облысындағы жаңа технологиялар 08.07.2025
Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді және ол қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді!Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді.Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген.Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде.Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі, деректер ата-аналарға нақты уақытта қолжетімді және қолмен түзетуге жол берілмейді. Биометриялық сәйкестендірудің арқасында деректерді қолдан жасау мүмкін емес.— Бұл жай ғана технологиялық жаңалық емес — бұл тәртіп орнатудың құралы. Жүйе балалардың қатысуын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді және кез келген алаяқтыққа тосқауыл қояды. Қаражатты үнемдеу — цифрландырудың тікелей нәтижесі, — деп атап өтті Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос.Оның айтуынша, бұл жоба білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның негізіне айналып, өзге де мекемелерге кеңінен енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030653?lang=kk
Қазақстан WSIS Prizes 2025 байқауында САК жобасымен жеңіске жетті 08.07.2025
Женева, 2025 жылғы 7 шілде – БҰҰ қолдауымен Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) ұйымдастырған WSIS+20 іс-шарасының аясында WSIS Prizes 2025 байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан атынан ұсынылған «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясы бойынша үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.САК – бұл Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген заманауи цифрлық платформа. Ол мемлекеттік сектордағы мәліметтерді талдау, мониторингтеу және жедел басқару үшін қолданылады. Жүйе еліміздің барлық өңірі бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтиды және деректерді нақты уақыт режимінде жинауға, өңдеуге және визуализациялауға мүмкіндік береді.САК бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Іс басқармасында қолданыста, бұл стратегиялық шешімдерді тиімді және ашық қабылдауға жол ашады.Бұл – Қазақстанның 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі және елдің технологиялық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды көрсеткіші. Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханым мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1030619?lang=kk
Қазақстан БРИКС Саммиті аясында экологиялық және гуманитарлық басымдықтарын белгіледі 08.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС мүше мен серіктес елдері басшыларының 17-ші саммиті жұмысына қатысуды жалғастырып, «Қоршаған орта, СОР30, жаһандық денсаулық» сессиясында сөз сөйледі.Сессия барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясына (СОР30) дайындық, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау жүйелерін нығайту мәселелерін талқылады.Өз сөзінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы экожүйелерді сақтау, ормандарды қорғау, Арал теңізін қалпына келтіру және мұздықтардың еру үдерістерін тежеу бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығына назар аударды.Климаттық қатерлердің алдын алуға басымдық беру қажеттігін атап өткен М.Нұртілеу ерте ескерту жүйелерін дамыту, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және көпжақты үйлестіруді күшейтуге шақырды. Осыған байланысты ол Қазақстанның климаттық мониторинг пен төтенше жағдайларды болжауға арналған ұлттық спутниктік технологияларын пайдалану жөніндегі бастамасын таныстырды.Министрдің баяндамасында денсаулық сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы мемлекеттерді Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі жаһандық коалицияға қосылуға шақырды. Оның негізі денсаулық сақтау саласындағы маңызды халықаралық құжат – 1978 жылғы Алматы декларациясынан бастау алады.Қорытындылай келе, М.Нұртілеу: «Елдеріміз табиғи ресурстарға, білімге және әлеуетке бай. Бірақ ең бастысы – бізді ортақ мүдделер біріктіреді. Қазақстан адамзат пен планета игілігі үшін БРИКС-пен серіктестікті нығайтуға дайын. Бірлесе және алдын ала әрекет етейік. Осы орайда Сіздерді 2026 жылы Қазақстан БҰҰ-мен серіктестікте өткізетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырамын», – деп атап өтті.Министр сондай-ақ жылы қабылдау, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және Жаһандық Оңтүстік елдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал еткен ашық диалог атмосферасы үшін Бразилия тарапына ризашылығын білдірді.Саммитқа қатысу аясында Қазақстан СІМ басшысы Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен жеке кездесу өткізіп, тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030622?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі БРИКС Саммитіне қатысуда 07.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 6 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС 17-ші Саммитіне алғашқы рет серіктес ел ретіндегі Қазақстан атынан қатысты.Саммиттің бірінші күніне бірлестікке мүше және серіктес елдердің мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.Іс-шараға қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттілігіне баса көңіл аударды. Негізгі назар жаһандық басқару жүйесінде Ғаламдық Оңтүстік елдерінің өкілеттігін арттыруға бағытталды. Қарулы қақтығыстардың күшеюі, халықаралық саудадағы протекционизмнің өсуі және геосаяси қайшылықтардың ушығуы қатысушылардың алаңдаушылығын тудырды.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген әділетті, инклюзивті және орнықты тәртіпті нығайтуға бейілді екенін атап өтті. «Астана тепе-тең және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізе отырып, дуал емес, көпір салады және барлық елдермен серіктестікті дамытады», – деді М.Нұртілеу.Қазақстан делегациясының басшысы Азия, Африка мен Латын Америкасындағы Орта державаларының жаһандық шешім қабылдау процесіндегі рөлін арттыруды қолдайтынын жеткізді. Осы тұрғыда нақты қадамдар ретінде Саммит қатысушыларының назарына еліміздің бірқатар халықаралық бастамалары, оның ішінде Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізілуі ұсынылды.Сонымен қатар Министр Қазақстанның БРИКС елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық технологияларды дамытуға мүдделі екенін айтты. Бұл салада Қазақстанның жетістіктері ерекше аталып өтті. «Қазақстан адамға бағытталған, инклюзивті және орнықты тәсілді ілгерілету жолында ынтымақтасуға дайын. Бұл – адамзат үшін әділетті цифрлық болашақты қамтамасыз ету жолы», – деді ол.Саммит аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньмен, сондай-ақ Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесулер өткізіп, көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.БРИКС (BRICS – Brazil, Russia, India, China, South Africa) 2006 жылы құрылған, әлем аумағының 35%-ын, халық санының 50%-ын және жаһандық ЖІӨ-нің 40%-ын қамтиды.БРИКС-ке 11 мүше ел (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Эфиопия, Индонезия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр және Иран), сондай-ақ 10 серіктес ел (Қазақстан, Беларусь, Боливия, Вьетнам, Куба, Малайзия, Нигерия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан) кіреді. Сонымен қатар Саммитке Чили, Колумбия, Түркия, Уругвай, Палестина, Кения, Мексика, Африка кеңесі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Латын Америкасы мен Кариб бассейні даму банкі, Жаңа даму банкі, БҰҰ, ДСҰ және ДДСҰ өкілдері шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030607?lang=kk
Назым Қызайбай Әлем кубогының финалында жеңіске жетті 07.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Спорттық команда даярлау орталығының дене дайындығы және спорт жөніндегі нұсқаушысы, ефрейтор Назым Қызайбай Астанада өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте отандасымыз үндістандық Минакши Минакшимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Финалға дейінгі кездесулерде ефрейтор Қызайбай жапондық Хикару Шинохаруны сенімді түрде жеңген болатын.Назым Қызайбай — Қазақстанның ең атақты спортшыларының бірі. Ол — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионы.Қазақстандық спортшының Әлем кубогындағы жеңісі — кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің дәлелі. Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі болатын ерік-жігер мен отансүйгіштіктің айқын көрінісі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1030588?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЫНТЫҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 07.07.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті.EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұл кездесудегі қол жеткізге құжат туризмді дамытуға да ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Шымкенттің тұрақты дамуында маңызды қадам болмақ.Жалпы бұл кездесу Мемлекет басшысының инвестиция тарту, инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу шарттарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.Қала әкімі француз делегациясына мегаполиске көрсетілген ықылас үшін алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА 07.07.2025
Шымкенттің «Шаңырақ», «Тұрдыабад», «Базарқақпа» елді мекендерінің тұрғындары енді GPON озық технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және сапалы ұялы байланысты пайдалана алады.GPON (Gigabit passive Optical Network)-тің басты артықшылықтарының бірі – тұрақты деректер жылдамдығы, сонымен қатар сыртқы кедергілерден қорғау. Осының арқасында интернет тіпті шалғай аудандарда да тез және үзіліссіз жұмыс істейді. Технология деректерді талшық арқылы 1 Гбит/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Шымкентте технологияға “Шаңырақ”, “Тұрдыабад” және “Базарқақпа” шағын аудандарында 1500-ге жуық үй қосылған, ол 7150-ден астам тұрғынды қамтиды.Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендеріне талшықты-оптикалық интернет жүргізу жұмыстары 2021 жылы басталған. Қалаға Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысынан қосылған 81 елді мекеннің 52-сі бар. Биылғы жылы талшықты-оптикалық интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 20 елді мекенде, ал келесі жылы 25 елді мекенде жоспарланған. Осылайша, шалғайдағы елді мекендер жылдам интернетпен қамтамасыз етілетін болады.Айта кетсек оптикалық интернет жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат пайдаланылмаған. «Барлық жұмыстарды жеке инвесторлар қаржыландырады. Сапалы интернет өткізуді қамтамасыз ететін алты провайдермен меморандумдарға қол қойылды, ал біз инфрақұрылымдық мәселелерге және әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесеміз. Beeline компаниясына келетін болсақ, ол биылғы жылы GPON технологиясын пайдалана отырып, “Тұрдыабад”, “Шаңырақ”, “Базаркақпа”, “Сайрам” және “Абдулабад”тұрғын алаптарын интернетке қосады.
ҚР Сыртқы істер министрінің Бразилиялық компаниялар басшыларымен кездесуі туралы 07.07.2025
2025 жылғы 6 шілде, Рио-де-Жанейро – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу Бразилияға жұмыс сапары аясында Бразилияның Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясы мен елдің жетекші компаниялары – «Embraer», «Tramontina», «Vale», «Marcopolo» және «Amazul» басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Министр Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының президенті Рикардо Албан және Конфедерацияның вице-президенті, «Қазақстан–Бразилия» Іскерлік кеңесінің теңтөрағасы Жилберто Порселло Петримен кездесу барысында Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлестері үшін алғыс айтып, бразилиялық компанияларды Қазақстанға тарту жөніндегі іс-қимылды жандандыруға шақырды. Сонымен қатар, тараптар биыл Қазақстанда өтетін Іскерлік кеңестің төртінші отырысына қатысты пікір алмасты.Кездесуге қатысқан «Tramontina» компаниясының өкілі Гюнтер Бринкманн жақын арада Алматы қаласында өкілдік ашу жоспары бар екенін хабарлады.Жолаушылар, әскери және ауыл шаруашылығы ұшақтарын өндіретін «Embraer» ірі компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен болған келіссөздер барысында компанияның Орталық Азиядағы алдағы жоспарлары мен Қазақстанда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервис орталығын ашу мүмкіндігі талқыланды.«Vale» компаниясының вице-президенті Сами Арап және Атқарушы директоры Марсело Сампайомен кездесу барысында «Vale» компаниясының Қазақстан нарығына шығу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында елімізге сапар ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.«Marcopolo» компаниясының вице-президенті Мауро Беллинимен келіссөздер барысында Қазақстанда жолаушылар көлігін бірлесіп өндіру перспективалары қаралды.«Amazul» компаниясының президенті Ньютон де Алмейда Коста Нетомен кездесуде «Amazul» мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» арасында ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.Барлық кездесулер барысында негізгі назар бразилиялық инвесторларға ұсынылатын инвестициялық преференциялар мен сауда байланыстарын кеңейту әлеуетіне аударылды.Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бразилия бизнесінің Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге мемлекеттік қолдау көрсетуге дайын екенін растап, «Қазақстан–Бразилия» Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1030557?lang=kk
Рио-де-Жанейрода «Бразилия – Қазақстан: ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті 07.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 6 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Бразилияға жасаған жұмыс сапары аясында «Бразилия – Қазақстан: ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Бразилияның экономикалық бірлестіктері мен «WEG», «Embraer», «Tramontina», «Vale», «Marcopolo», «Amazul» тәрізді ірі бразилиялық компаниялардың өкілдері қатысты.Кездесудің ашылуында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Б.Нүсіпов, Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) вице-президенті және Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ж.Петри, Бразилия Муниципалитеттерінің Ұлттық конфедерациясының президенті П.Зилковски, Санта-Катарина штатының вице-губернаторы М.Бойм, Климат институтының кеңесінің төрағасы, Bohlen & Halbach Brazil президенті және VON BOHLEN HALBACH SFO UAE негізін қалаушы Петер фон Болен-Хальбах, сондай-ақ «Invest Rio» компаниясының президенті С.Леви құттықтау сөздерін сөйледі.«Қазақстан-Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Касиано Перейра Виана мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Америка елдері бойынша ресми өкілі М.Бiрiмжан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндамалар және таныстырылымдар жасап, Бразилиямен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарымен таныстырды. «WEG» компаниясының корпоративтік директоры А.Паула өз баяндамасында компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобаларын кеңейту жоспарын ұсынды.Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі қатысушыларды елдегі қазіргі саяси және экономикалық даму үрдістерімен, институционалдық реформалармен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының бразилиялық инвестицияларға ашықтығына, сауданы кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар құруға және бразилиялық тауарлардың көршілес нарықтарға шығуы үшін еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға баса назар аударды. Қазақстан тарапы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.Дөңгелек үстел аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Бразилия Федеративтік Республикасының Санта-Катарина штаты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Машина жасаушылары одағы мен Бразилияның Өндірістік даму агенттігі (ABDI) арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ мен «VON BOHLEN HALBACH SFO FZ-LLC» компаниясы арасындағы инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1030558?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің шығармашылық ұжымы елордалық алаңдарда музыкалық бағдарламамен өнер көрсетті 07.07.2025
Елорда күніне арналған мерекелік шаралар аясында Қарулы Күштердің Орталық әскери оркестрі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің музыканттары мен солистері «Жетісу» саябағында және дәстүрлі XI «Әскери керней» әскери-музыкалық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті.Елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға елдің күштік құрылымдарының үздік музыкалық ұжымдары қатысты. 6 шілде күні «Қазақ елі» алаңында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің музыканттары бірлескен құрамда өнер көрсетті.Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери музыканттары плац-концерт қойып, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының попурриін, ырғақты «Құдаша дикси» шығармасын, марштық, патриоттық, қазақтың халық әуендерін және Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Көрермендерді барабаншылардың интерактивті шоуы мен Құрмет қарауылы ротасының дефилесі де ерекше тәнті етті.– Бүгін ерекше күн – бүкіл ел сүйікті елордамызға назар аударуда. Астананың тұрғындары мен қонақтарына музыкалық сый жасап, мерекелік көңіл күй сыйлап, осылайша мемлекеттік мерекемен құттықтағанымызға қуаныштымыз, – деді Орталық әскери оркестрдің аға әскери дирижері капитан Нұрлан Күчкаров.Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамыту мен насихаттауға, әскер мен халық арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030563?lang=kk
Конаевтық жас жүзгіш Дубайда өтетін финалға жолдама алды 07.07.2025
Қонаев қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Капшагай су қоймасы аумағында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 2000-нан астам спортшы қатысты. Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өткізілді.Турнирдің ерекше қатысушыларының бірі – Конаев қаласынан келген 8 жастағы Дмитрий Кремпин. Ол – Дубайда өткен Oceanman финалының күміс жүлдегері. Биыл да «OCEANKIDS» санатында 500 метр қашықтықты 10 минут 40 секундта жүзіп өтті.«Жас ерекшелігі бойынша топта ең кішісі мен болдым. Қарсыластарымның жасы 9 бен 10-дың арасында. Биыл жеңімпаздар қатарына ене алмадым, бірақ келесі жылы міндетті түрде жеңемін деп ойлаймын. Әрдайым қолдау көрсететін ата-анама және бапкеріме үлкен рақмет», – деді Дмитрий.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда турнир төртінші рет өткізіліп отыр және оған деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Бұл бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтына деген халықтың ерекше ынтасын көрсетеді.Биылғы жарыстың маңызды ерекшелігі – ерекше қажеттіліктері бар 15 баланың қатысуы болды. Әр балаға тәжірибелі жүзгіштен арнайы серік бекітілді. Солардың бірі – танымал заңгер Ержан Есімханов. Ол – 2019 жылы Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен алғашқы қазақстандық.«Бүгін мен Тұмар Мұратқызын алып жүрдім. Ол нағыз қайсар қыз. 500 метрді сәтті жүзіп шықты. Бұл чемпионаттың басты құндылығы – ашықтығы мен қолжетімділігі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды біріктіреді», – деді Ержан Есімханов.Ересектер арасындағы INSPIRATION санатындағы 2 км қашықтықта Қазақстанның жүзуден алғашқы паралимпиада чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Зүлфия Ғабидуллина жүлдегер атанды.«Биыл 59 жасқа толдым. Бірақ спорттан кетуді ойлап жүрген жоқпын. Қыркүйекте Сингапурда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатырмын. Жас спортшыларға айтарым – ешқашан тоқтамаңдар, әрқашан алға ұмтылыңдар. Бапкерлеріңізді естен шығармаңдар, олардың еңбегін бағалаңдар», – деді ол.5 шақырымдық «HALF OCEANMAN» жарысында 20–29 жас санатында Станислав Редько жеңіске жетті. Ол – Астанада жаттықтырушы болып қызмет етеді, бұрын ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы болған.«Oceanman жарысына алғаш рет екі жыл бұрын қатысқан едім. Биыл әлемнің бірнеше елінде өткен үш кезеңге қатыстым. Барлығында да жеңіске жеттім. Әрине, дайындықсыз адам үшін 5 немесе 10 шақырым қашықтықты тоқтаусыз жүзу өте қиын. Бірақ мен кәсіби спортшы болған соң, бұл – менің күнделікті тәртібім», – деді Станислав Редько.«Мастер» санатында тәжірибелі спортшыларымыз 4 алтын медальдің үшеуін иеленді. Әйелдер арасында абсолютті жеңімпаз – Алматы қаласынан келген Ирина Лазарева. Ол – ашық суда жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері, Орта Азия ойындарының күміс жүлдегері және суасты бағдарлау бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері.«Қонаевтағы бұл жарысқа үшінші жыл қатарынан қатысып келемін. Үш жылда да жеңімпаздар қатарынан көріндім. Қарсыластарым мықты болды, сол үшін де жеңіс ерекше құнды», – деді Ирина Лазарева.10 км және 5 км қашықтықтарда абсолютті чемпион атанған қазақстандықтар – Лев Черепанов пен Ғазиза Құмақбаева. Ал 2 км қашықтықтағы «SPRINT» санатында жеңіске жеткендер – Біріккен Араб Әмірліктерінен Родриго Малан мен қазақстандық Таисия Короткова.«Oceanman» – әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық чемпионат. Қатысушылар бір ғана кезеңге не бірнеше жарысқа қатыса алады. Әр маусымның соңында финалдық жарыс ұйымдастырылады. Жүйе бойынша, әр кезеңде үздік 10 ер және 10 әйел спортшы автоматты түрде финалға жолдама алады. Биылғы финал желтоқсан айында Дубайда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030527?lang=kk
Домбыра – ұлттық бірлік пен рухани мұраның символы 07.07.2025
Ұлттық Домбыра күнін мерекелеу аясында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл мереке – дәстүрлі өнерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды нығайтуға және жастарды ұлттық мәдениетке баулуға бағытталған.Облыстың қала және аудан деңгейіндегі мәдениет үйлерінде, кітапханалар мен музейлерде концерттік бағдарламалар, әдеби-танымдық сағаттар, тақырыптық көрмелер және басқа да мазмұнды шаралар өтті. Мерекеге орай республика бойынша арнайы челлендж ұйымдастырылып, оған Алматы облысындағы барлық шығармашылық ұжымдар белсенді қатысты. Челленджде белгіленген кестеге сәйкес, 5 шілде күні эстафета Павлодар облысынан қабылданып, Ақтөбе облысына жолданды.6 шілде күні Қонаев қаласында Домбыра және Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Қала көшелерімен домбырашылар шеруі ұйымдастырылып, орталық саябақта көрме ашылып, мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарламаны Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтің жетекшілігіндегі «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі ашты. Одан әрі сахна төріне «Адырна», «Құлансаз», «Қонаев әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері және облыстың түрлі аудандарынан келген өнерпаздар көтерілді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс екенін. Бұл қасиетті аспаптың жастар арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын, ата-бабадан қалған мұраға деген құрметін жоғары бағалап, рухани сабақтастықтың маңыздылығына назар аударды.Домбыра – ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі, халықтың тарихы мен рухын жеткізетін тірі шежіре. Ұлттық Домбыра күнін атап өту – ұлы мұраға деген құрметтің айғағы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақ бойында патриоттық рух пен ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030528?lang=kk
5 шілдеде Бейімбет Майлин ауданының XXXVI спартакиадасы өтті. 07.07.2025
Бұл жолы ауданның үздік спортшыларын Май ауылдық округі қабылдады. Ауданның басты спорттық шарасына өңірдің 200 үздік спортшысы қатысып, 11 спорт түрінен бақ сынасты. Жарыстың ашылуы төрешілер командасы мен қатысушылардың 9 ауылдық округтен салтанатты түрде шығуымен басталды. Жиналғандарды аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов құттықтады. Шахматтан нұсқаушы Асылбек Ахметов, тоғыз құмалақтан жаттықтырушы Орынбай Туралы және барлық жарыстарға белсенді қатысқан Иван Анисов аудан әкімінің грамотасымен марапатталды. Мәдениет үйінің әртістері орындаған «Ұлы дала - Жеңіс рухы» театрландырылған прологы ашылу сәтінің бірі болды. Спартакиада алауын жағу құқығы үздік спортшыларға : Брода Паве , Китибаева Татьяна, Ганкевич Ольга және Вакуленко Валерийге берілді. «Даймондс» ұжымының өнері, сондай-ақ «Алға» вокалдық тобының орындауындағы «Спорт» әні ауданның XXXVI спартакиадасының ашылуын аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030536?lang=kk