Enbekshi QazaQ

Әлем

⚜️Тырысқақ туралы не білуіміз керек? 21.06.2025
 Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.    Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады.   Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.   Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.   Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;- теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.   Тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1017944?lang=kk
«Келешек мектептері»: 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті 21.06.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Курс LMS платформасы арқылы жүзеге асырылды. Платформада қажетті оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылған. Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылып, педагогтерге өз пәні бойынша заманауи әдістер мен оқу мазмұнын тиімді меңгерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1017945?lang=kk
Ақтөбеде қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылуға дайындық үстінде 21.06.2025
 Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарлануда. Бұл — табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ.Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді қайта өңдеуге қауқарлы.KazFelTec — жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр. Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.Айта кетейік, KazFelTec зауытының іске қосылуы ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға және «жасыл экономика» бағытын дамытуға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017946?lang=kk
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 21.06.2025
Түркістан облысы ТҚК аппаратының үйлестіруімен Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен радикалды діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесу өтті.Кездесуде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ. Салықбаев қатысты.Жиында азаматтардың экстремистік қозғалыстардың ықпалына енудің алдын-алу мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыни көзқарасты дамытуға баса назар аударылды.Жиынды негізгі спикер ретінде Қ. Салықбаев жүргізіп, радикалды діни идеологияның белгілері туралы егжей-тегжейлі айтып, экстремистік ұйымдардың қолданатын манипуляцияларын анықтап, алдын алу әдістерімен бөлісті.Сонымен қатар, іс-шара күдікті адамдардан діни білім алуға және дін туралы ақпарат іздеу үшін интернет ресурстарды пайдалануға байланысты тәуекелдерді талқылауды қамтыды.Шара соңында аталған мекеменің басшысы мұндай бастамалар қызметкерлерге радикалдануға және экстремистік ұйымдардың ықпалына қарсы иммунитетті дамытуға көмектесетініне сенім білдірді.Жиынға қатысқан полиция қызметкерлері оң пікірін білдіріп, тәрбиелік мағыналы жиын болғанын атап өтті. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017947?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті 21.06.2025
Астанада әскери-ғылыми взводтың, оған қоса ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің күзет және қамтамасыз ету ротасының сарбаздары Отанға адал болуға ант берді.Іс-шараға білім ордасының оқытушылары, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков жауынгерлерді өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады.– Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім және әскери қызметшінің моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қоюды білдіреді, – деп атап өтті ол.Әскери-ғылыми взводқа ІТ-мамандығы бойынша жоғары білімі бар Астана, Алматы және Қарағанды қалаларынан бес жасөспірім таңдалды. Күнделікті қызметте бөлімшенің әскери қызметшілері жоғары технологиялық қару-жарақ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға бағдарланған.Жауапты міндет күзет және қамтамасыз ету ротасының сарбаздарына да жүктеледі. Әскери қызметшілер ішкі тәртіпті сақтаумен айналысады, өткізу режимін бақылауды жүзеге асырады, ғимараттар мен әскери мүлікті күзетеді.– Бүгін біз ресми түрде әскери қызметші атандық. Бір айлық қызмет барысында біз көп нәрсені үйрендік. Енді жаңа кезеңде әскери істің қыр-сырын үйренеміз, ол кездің өз қызығы мен жауапкершілігі болатынына сенімдімін. Командирлердің сенімі мен ата-аналардың үмітін ақтауға тырысамыз, – деді қатардағы жауынгер Мәди Есімбек.    Ант беру рәсіміне дейін әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды, саптық, дене шынықтыру, атыс дайындығының негіздерін оқып, практикалық оқ атуды орындады.Жас сарбаздарды айтулы күнмен қатардағы жауынгер Қайрат Айтбайдың анасы Клара Малтаева құттықтады.  –  Бүгін әрбір ананың жүрегі ұлына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толы. Біз балаларымыздың қалай шымырланып келе жатқанын көрдік. Барлық ата-аналардың атынан мен ұлдарға – бүгін сендер Отанға адал болуға ант бердіңдер. Әскери борыштарыңды абыроймен атқарады деп сенемін. Туыстарың сендерге сенеді, аман-есен оралғандарыңды күтеді, – деді ол.Іс-шара барысында сарбаздар қару-жарақ пен қоян-қолтық ұрыстың техникасын көрсетті. Салтанатты шара соңында ата-аналар сарбаздардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017948?lang=kk
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ – ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ 21.06.2025
Түркістан облысы ТҚК үйлестіруімен Сауран аудандық білім бөліміне қарасты А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдермен «Радикалды діни ағымдарға жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ.Салықбаев қатысқан іс шара – жасөспірімдер мен мұғалімдерді экстремистік идеологиялар мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, оларда толеранттылық, құрмет және бейбітшілік рухында тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізілді.Кездесу аясында қатысушылар экстремистік топтардан туындайтын негізгі қауіптермен танысып, экстремистік идеологияға тартудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат алды.Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы мұғалімдер жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, олардың кәсіби білім алуларына көмектесетін пайдалы материалдар алды.Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан қызықтырған сұрақтар қойылып, теолог-маман тарапынан жауаптар берілді. Жиынға барлығы 150-ге жуық қызметкерлер қатысты. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017949?lang=kk
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды 21.06.2025
Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған алғашқы өңірлік энергетикалық форум – Power Central Asia + China өз жұмысын бастады. Бұл шара Қазақстан мен Қытайдың жетекші компаниялары арасында стратегиялық маңызы бар келісімдерге қол қою алаңына айналып, еліміздің өңірлік энергетикалық интеграция мен инновациялық даму орталығы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетті.Форум энергетика саласындағы жаңа әріптестік кезеңінің басталуына түрткі болды. Екі тарап та озық технологияларды енгізуге және ауқымды жобаларды іске асыруға дайын екендігін көрсетті. Форум аясында POWERCHINA компаниясымен өндірісті жергіліктендіру, ғылыми-зерттеу орталығын құру және көміртексіздендіру қорын іске қосуға бағытталған шекті келісімге қол қойылды. Форумның басты тақырыбы – энергетикалық трансформация болды. Сонымен қатар Huawei компаниясымен энергетика секторын цифрландыру бойынша, ал China Southern Power Grid компаниясымен HVDC жоғары вольтты желілер мен гидроаккумуляциялық станциялар саласында әріптестікке келісілді.Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. China Energy компаниясымен бірлескен жоба аясында Түркістан облысында «Сауран» күн электр станциясын іске қосу жоспарланған. Ал CNCECI компаниясымен жасалған меморандум көмірхимиялық зауытты жобалауды және газды қайта өңдеуді қарастырады. Бұл бастамалар Қазақстанның декарбонизацияға және төмен көміртекті экономика құруға деген ұмтылысын көрсетеді.Форум аясындағы маңызды шешімдердің бірі – қазақстандық энергетикалық жобаларға қаржы тарту болды. China Construction Bank пен QazaqGaz тобы арасындағы келісім инновациялық бастамаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Sinopec және Шанхай Цзяотун университетімен жасалған келісімдер көмірсутектерді терең өңдеу және сутегі технологияларын дамыту саласындағы технологиялық серіктестіктің негізін қалады.Форум тек келіссөз алаңы ғана емес, сонымен бірге жаңа бастамалардың драйверіне айналды. Тұрақты жұмыс істейтін хатшылық құру, жобаларды қадағалау үшін цифрлық платформа және болашақ энергетика саласына мамандар даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы шешім қабылданды.KEGOC, Samruk-Energy, QazaqGaz сияқты ірі ұлттық компаниялар мен халықаралық қаржы институттарының қатысуы Power Central Asia + China форумының маңыздылығын айғақтайды. Форум өңір елдері мен Қытай арасындағы диалогтың жаңа парағын ашып, тұрақты әрі технологиялық энергетикалық болашақтың негізін қалайды.Форум аясында қол қойылған негізгі құжаттар:POWERCHINA-пен шекті келісім – өндірісті жергіліктендіру, ғылыми-зерттеу орталығын құру және көміртексіздендіру қорын іске қосу бойынша стратегиялық әріптестік.China Southern Power Grid-пен меморандум – HVDC, цифрлық энергетика және гидроаккумуляциялық станциялар саласындағы бірлескен жобаларды дамыту.Huawei Kazakhstan-пен меморандум – энергетиканы цифрлық трансформациялау және киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық.China Energy Overseas Investment-пен Сауран СЭС жобасы бойынша келісімшарт – Түркістан облысындағы күн электр станциясынан жеткізу бойынша.QazaqGaz және China Construction Bank арасындағы келісім – QazaqGaz тобының инвестициялық жобаларын қаржыландыру.CNCECI-пен келісім – жылына 2 млрд м³ газ өңдеуге арналған көмірхимиялық зауыт жобасының ТЭО-н әзірлеу.Sinopec-пен келісім – көмірсутектерді терең өңдеу өнімдерін жасау үшін технологиялық серіктестік.China Energy International және Шанхай Цзяотун университетімен келісім – сутегі технологиялары мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1017950?lang=kk
Бір тәрелке - сенің энергияң, денсаулығың және әдемілігің. 21.06.2025
Дұрыс тамақтанғың келеді, бірақ күрделі схемаға дайын емессің бе? Қарапайым бағдар бар - дұрыс тамақтану тәрелкесі.Былай көрінеді:1/2 тәрелке — көкөністер мен жемістер.Шырынды, айқын, маусымдық. Түсі неғұрлым көп болса, соғұрлым пайдасы көбірек болады.1/4 - ақуыз.Тауық, балық, жұмыртқа, бұршақ дақылдары. Ақуыз - бұл күш-қуат, көңіл-күй және мықты иммунитет.1/4 - күрделі көмірсу.Жарма, квиноа, тұтас дәнді нан. Бұлар тойымды және қанда қант сияқты деңгейі жоғарыламайды.+ кейбір майлар:Жаңғақ, авокадо, зәйтүн майы. Оларсыз дәрумендер мен гормондар жақсы сіңірілмейді.+ су.Кофе де, шай да емес - дәл судың өзі. Су ішіп, құлпыра түс!Бұл диета емес. Бұл өзін-өзі күту.Бір тәрелкеден баста да, айырмашылықты сезін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1017952?lang=kk
Қостанай облысы ТЖД анықтаушыларына қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша дәріс 21.06.2025
Оқыту дәрісі "бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істерді қарау тәртібі"тақырыбында өтті. Спикер ретінде Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы заң ғылымдарының кандидаты А. К. Шаймурунова сөз сөйледі.Дәріс барысында өртке байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері қаралды. Сот талқылауы сатысында туындайтын проблемалық мәселелерге, сондай-ақ жиналған дәлелдемелердің сапасына қойылатын талаптарға ерекше назар аударылады.Судья тергеу әрекеттерін жүргізу және сотта істердің тиімді қаралуын қамтамасыз ететін дәлелдемелік базаны қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берді.Мұндай іс-шаралар анықтаушылардың кәсіби деңгейін арттыруға және алдын ала тергеу органдары мен сот арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар осындай оқыту іс-шараларын тұрақты негізде өткізуге келісті. Бұл жүйелі тәжірибе алмасу және қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау процесінде туындайтын өзекті және проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау үшін тиімді платформа болады. Қостанай облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1017955?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қағидаты – Батыс Қазақстан облысындағы полиция қызметкерлерімен кездесудің басты тақырыбы 21.06.2025
Батыс Қазақстан облысының полиция органдарында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Әділхан Сабуровпен кездесу өтті.Кездесу барысында Әділхан Сабуров құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ол «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше назар аударып, әр қызметкердің заңды, тәртіпті және жоғары жеке жауапкершілікті қатаң сақтауы қажет екенін айтты.«Ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта қызметкерлер үшін тиімді қызмет етуге барлық жағдайлар жасалған, құқықтық база мен әлеуметтік қолдаудан бастап.Осындай жағдайда жоғары талаптарға сай болуы, кәсіби, принципті және адал болуы өте маңызды. Тек осылай ғана азаматтардың сенімін сақтап, құқық қорғау жүйесінің беделін нығайтуға болады», - Ә.Сабуров.Сондай-ақ, ол Агенттіктің басым бағыты тек сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау ғана емес, оларды уақытылы алдын алу екенін атап өтті.Облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев құқық пен тәртіпті сақтаудың басшылықтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.«Біздің негізгі міндетіміз – халық пен мемлекетке қызмет ету. Қазіргі таңда лайықты және ашық жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар кезде, жеке жауапкершілік, қызметтік этика мен заң нормаларын сақтау ерекше маңызды. Тек адалдық пен ашықтық арқылы ғана азаматтардың құқық қорғау жүйесіне сенімін нығайта аламыз», - деді ол.Кездесу қорытындысында қатысушылар заңдылықты нығайтуға, халық сенімін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1017956?lang=kk
Түркістан облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді 21.06.2025
Түркістан облысының Әкімі – Н. Көшеровтың төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.Комиссия отырысына облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, құзырлы органдардың басшылары мен тиісті департаменттердің басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған мақсатты шараларды іске асыру барысы және туындаған мәселелері туралы Дін істері басқармасы, Білім басқармасы және Ордабасы ауданының Әкімінің есебі қаралды.Сонымен бірге, отырыс барысында профилактикалық шараларды жандандыру мен кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды.Баяндамашылық тәртіптен кейін, 3 айдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы сын-пікірлер тыңдалды.Аудандық, қалалық терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін ынталандыру мақсатында, облыс әкімінің назарына қызметін жоғары және төмен деңгейде ұйымдастырған ТҚК хатшылары мен бөлім басшылары ұсынылды.Отырыс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алға қойылған жоспар талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді.         Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017959?lang=kk
Кезектен тыс жиырма сегізінші сессия 21.06.2025
2025  жылдың 16 маусымында сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді.Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімі орынбасарының м.а. Б.С. Жолдахмет және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.Сессияда ағымдағы жылға арналған бюджет нақтыланды. Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы трансферттердің 266 446,0 мың теңгеге ұлғаюына байланысты жүзеге асырылды, оның ішінде: – 7 225,5 мың теңге – мерекелік және атаулы күндерге орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге; – 257 220,5 мың теңге – № 4 қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеуге. Сонымен қатар, 486 099,3 мың теңге көлеміндегі бос бюджет қаражаттары қайта бөлінді.Курчатов қалалық мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1017960?lang=kk
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ 21.06.2025
Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратымен жастар арасында терроризм және діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.  Осы сипаттағы іс-шара республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, белгілі теолог Б.Оспанов қатысымен Қызылорда қаласында орналасқан М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық-технологиялар мектеп-лицейінің ұстаздар қауымымен және оқушыларының қатысуымен өткізілді.Іс-шараның мақсаты діни сауаттылықты қалыптастыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту болып табылады.Кездесу барысында шетелдерде және әлеуметтік желілерде діни білім алудың қауіптілігі, жат ағымнан жастарды сақтандыру жолдары тақырыптары қозғалып,  қатысушылар өзара пікір алмасты.Жалпы өткізілген іс-шара қатысушылар тарапынан оң қабылданып,  діни сауаттылықтың артуына қол жеткізілді. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚКаппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017961?lang=kk
Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.#ЗаңжәнеТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017962?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру 21.06.2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды 23.06.2025 жылы сағат 15:00-де Якорь ауылы, Мира көшесі, 39 А  мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:3-45-82Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-yakor/press/news/details/1017963?lang=kk
Формируя иммунитет против экстремизма 21.06.2025
В Кызылординской области на месторождениях «Акшабулак» и «Нуралы Аксай» ТОО «СП «Казгермунай» прошли встречи со специалистами по профилактике религиозного экстремизма и терроризма. Мероприятия были организованы ГККП «Центр изучения вопросов религии».Старший оперуполномоченный управления по борьбе с экстремизмом Департамента полиции Кызылординской области Ильяс Турмаханов ознакомил участников с проводимой работой по предупреждению религиозного терроризма.Религиовед Центра изучения вопросов религии Нурдаулет Бауржан рассказал о способах предостережения от радикальных течений. Он подчеркнул, что ключевую роль в формировании иммунитета к радикальной идеологии играет сочетание семейного воспитания, светского образования и традиционных религиозных ценностей.В завершение встречи специалисты нефтяной отрасли задали интересующие их вопросы, касающиеся религиозного экстремизма                в интернете и социальных сетях, и получили исчерпывающие ответы. Материал подготовлен на основе информацииаппарата АТК Кызылординской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017964?lang=kk
Алғашқы әрекет қауіптен қорғайды 21.06.2025
Террористтік сипаттағы қауіп кез келген уақытта, кез келген жерде төнуі мүмкін. Бұл тақырыпқа орай ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталығының бөлімі мен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқармасының қызметкерлері білім саласы қызметкерлерімен кездесті.Жиында террористтік сипаттағы қауіп-қатер орын алған кезеңдегі алғашқы ден қою іс-әрекеттерін жүзеге асыру  бағытында дәріс оқылды.Сонымен қатар, қатысушыларға қолдан жасалған жарылғыш құрылғылары мен олардың сырт келбеттері, іске қосылуы мүмкін тәсілдері және бұндай күдікті заттар анықталған жағдайда алғашқы әрекеттерді дұрыс жүзеге асыру білу адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетідігі баяндалды.Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының штабымен ұсынылған бейнематериалдар көрсетілді.Жалпы отырыс барысында, қауіпті аймақтарды қоршауға алу және күдікті заттар көргенде құқық қорғау органдарына хабарлау тәрізді қадамдар – тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға деген жанашырлық болып табылатындығы жеткізілді.Жиын соңында мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының №481, 305, 234 үкімет қаулылары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығының талаптарын қатаң сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау  қажеттілігі ескертілді. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚКаппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017966?lang=kk
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейорда және Қазталов аудандарында терроризмге қарсы күрес бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу туралы 21.06.2025
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейорда және Казталов аудандарында терроризмге бағытталған жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Оқу-жаттығулар ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен және аудандық терроризмге қарсы жедел штабтарының қатысуымен өтті.Жаттығулардың мақсаты:Террористік қатерлерді ерте анықтау және бейтараптандыру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда күштік және арнайы құрылымдардың бірлескен іс-қимылдарға дайындығын деңгейін арттыру.Оқу-жаттығулар барысында  пысықталған негізгі элементтер:дағдарыс жағдайы туралы бастапқы ақпаратты өзара жедел жеткізу және хабардар ету тетіктері;шартты құқықбұзушыны іздестіру іс-шаралары және одан кейінгі бейтараптандыру;шартты қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау ұйымдастырылуы.Негізгі назар барлық қызметтердің нақты іс-қимылдарын үйлестіру мен ахуалдың жедел өзгеруі жағдайында шешім қабылдау жылдамдығына аударылды.Оқу-жаттығулардың нәтижелері:Аудандық жедел штабтар жинақтаған тәжірибелерін тиімді көрстті, бұл олардың дайындық деңгейінің айтарлықтай артқанын айғақтайды.Оқу-жатығу барысында анықталған кейбір кемшіліктер болашықтағы жоспарлы теориялық және практикалық сабақтарда ескерілетін болады.Жедел қатерлерге уақытылы және кәсіби тұрғыда әрекет ету – ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі  Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017968?lang=kk
"ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ" ЖОБАСЫМЕН ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ АУЛА АШЫЛДЫ 21.06.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңғыртылған Әл-Фараби көшесі, 27 мекенжайындағы Comfort Town тұрғын үй кешенінің ауласы салтанатты түрде ашылды. Тұрғындардың игілігіне балалар ойын алаңы, заманауи футбол алаңы мен ересектерге арналған ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары пайдалануға берілді.Еске сала кетейік, биыл аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 6 аула жеңімпаз деп танылды. Қазіргі уақытта бұл аулаларда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-esil/press/news/details/1017969?lang=kk
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қан тапсырды 21.06.2025
 Қызылордалық полицейлер жылдағы үрдіс бойынша сауапты іске мұрындық болды. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек берді.Іс-шараға Полиция департаментінің жеке құрамы ұйымдасқан түрде бір кісідей атсалысты.Донор болатын кез - келген адамға қойылатын ортақ тәртіп бар. Сол талап бойынша полиция қызметкерлері медициналық тексеруден өтті.Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Полицейлер арасында өз еркімен барып, қан тапсырып тұратындар да бар. Қан орталығының мамандары Полиция департаментімен тығыз байланыс орнатқан.«Мұқтаждарға көмек қолын созу мақсатында қызметкерлеріміз донор болды. Полицейлер қан тапсыру арқылы халыққа көмектесуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де көрсетуді өздеріне міндет санайды.Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Бүгінгі игі бастама біреудің анасы мен әкесінің, бауырының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Қызметкерлеріміз халықпен тығыз байланыста болғандықтан, бұл шараның маңызын жақсы түсінеді» дейді Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1017970?lang=kk