Enbekshi QazaQ

Әлем

Ақмола облысының архивтерінде 1,5 миллионнан астам құжат сақтаулы. 26.08.2026
Ақмола облысының архивтерінде 1,5 миллионнан астам құжат тұрақты сақтауда тұр. Салалық бөлімнің мамандары архив қорларын жүйелі түрде есепке алып, құжаттарды белсенді түрде цифрландырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.Бұл жұмыстың басты мақсаты - процестерді цифрландыру арқылы азаматтардың архивтік анықтамалар мен ақпаратты жылдам, ыңғайлы әрі барынша ашық түрде алуына жағдай жасау. Құжаттарды электрондық форматқа кешенді түрде көшіру қажетті ақпаратты іздеуді оңтайландырып, тұрғындардың өтініштерін өңдеу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1280277?lang=ru
Байланыс немесе интернет мәселесі туындады ма? Ақмола облысының бірыңғай iKomek-109 байланыс орталығы мәселені шешуге көмектеседі. 26.08.2026
Маңызды қоңырау үзіліп, интернеттегі парақшалар ұзақ уақыт жүктелетін жағдай таныс па? Мұндай мәселелерді назардан тыс қалдырмаған жөн.Ақмола облысының бірыңғай iKomek-109 байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, ақаудың себебін анықтауға көмектеседі және байланыс пен интернет қызметтерін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін ақпаратты тиісті қызметтерге жолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1280278?lang=ru
Aqmola Hub Smart City Accelerator бағдарламасына өтінімдер қабылдауды бастады: стартаптар мемлекеттік секторда нақты жобаларды іске асыру мүмкіндігіне ие болады 26.08.2026
 Бірегей акселерация бағдарламасы стартаптарға бизнесті масштабтауға және пилоттық жобаларды әкімдіктердің жұмыс топтарының қызметіне интеграциялауға мүмкіндік береді.Aqmola Hub технологиялық стартаптарды қалалық инфрақұрылым мен мемлекеттік ұйымдарда нақты іске асыру кезеңіне дейін жеткізуге бағытталған ауқымды Smart City Accelerator акселераторын іске қосатынын хабарлайды. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 31 тамыз.Жобаны Қазақстанда және шетелде акселерациялық бағдарламаларды іске қосу және масштабтау бойынша мол тәжірибесі бар мықты трекерлер командасы жүзеге асырады. Олардың қатарында Astana Hub пен Google for Startups жобаларындағы тәжірибе бар. Сарапшылар апта сайын команданың назарын зерттеу пилотына шоғырландырып, өнімді коммерциялық нәтижеге жеткізуге көмектеседі.Бағдарламаның білім беру бағыты жетекші салалық сарапшы-практиктер өткізетін воркшоптарды қамтиды. Қатысушылар негізгі бағыттар бойынша терең білім алады: GR (Government Relations) және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; сату, маркетинг және юнит-экономика; көпшілік алдында сөйлеу техникасы және мәмілелерді заңды түрде рәсімдеу.Бағдарламаның әрбір спикері тиімді бизнес-жобалар мен өнімдерді құру және табысты масштабтау бойынша нақты практикалық тәжірибеге ие.Бағдарламаның қорытынды кезеңінде стартаптарға өздерінің пилоттық жобаларын тікелей мемлекеттік ұйымдардың ішінде сынақтан өткізуге бірегей мүмкіндік беріледі. Осылайша олар әкімдіктердің жұмыс топтарының нақты міндеттерін шешуге қатысады.Өтінімдерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінім беруге асығыңыз! Тіркелу сілтемесі Aqmola Hub ресми аккаунтының профилінде қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1280280?lang=ru
"Өнер - өмір тынысы" 26.08.2026
Барлык ниет білірушілерді - кала тургындарын жане конактарын, когамдык уйымдар, бизнес жане БАК окілдерін осы игі жоне шабыттандыратын окиганын бір белігі болуга, сондай-ак, енер олар ушін шынайы емірге айналган жандардын алемге деген кезкарасын ез кездерімен коруге шакырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1280253?lang=ru
Жақсы ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді 26.08.2026
25 тамызда Жақсы ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова салық төлеушілермен салық салу мен салық заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Атап айтқанда, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану, бақылау-касса машиналарын пайдалану, сондай-ақ жапыға бірдей декларациялауға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1280199?lang=ru
2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ШЫНЫ БӨТЕЛКЕЛЕРДЕГІ СЫРАҒА МІНДЕТТІ ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ 26.08.2026
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті нарық қатысушылары мен тұтынушыларды 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарына міндетті цифрлық таңбалау енгізілетіні туралы хабарлайды.Осы күннен кейін өндірілген немесе әкелінген өнімде Data Matrix арнайы коды болуы тиіс. Мұндай кодсыз шыны ыдыстағы жаңа өнімді сатуға тыйым салынады.Сыра мен сыра сусындарын таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі:- 2026 жылғы 1 ақпаннан — кегтердегі өнімге;- 2026 жылғы 1 қыркүйектен — шыны бөтелкелердегі өнімге;- 2027 жылғы 1 қаңтардан — қаңылтыр банкалардағы өнімге.Кейіннен жүйе өнімнің толық цифрлық қадағалануын қамтамасыз етеді — өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап бөлшек саудаға дейін, соның ішінде тауарды айналымға қатысушылар арасында беру кезінде құжаттарды электрондық рәсімдеу мен растауды қамтиды.Цифрлық таңбалау әрбір тауар бірлігінің жолын қадағалауға мүмкіндік береді, нарықтың ашықтығын арттырады, заңсыз және контрафактілік өнім айналымының тәуекелдерін төмендетеді және нарықтың адал қатысушылары үшін тең жағдай жасайды.Айналымға қатысушылар не істеуі керекНарық қатысушылары (өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудагерлер):tanba.markirovka.kz порталында Тауарларды таңбалау және қадағалау цифрлық жүйесіне (ТТҚ ЦЖ) тіркелуі керек.Тауар карточкаларын тіркеуі қажет.Тіркеуді алдын ала аяқтау ұсынылады, бұл таңбалау кодтарын уақтылы алуға және жұмыстағы үзілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.Маңызды: міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін тиісті ыдыс түрі бойынша өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтары бір күнтізбелік жыл ішінде сатыла алады.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті нарық қатысушыларын жаңа талаптарға уақтылы дайындалуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1280110?lang=ru
ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӨМЕНДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН САТУ — ІРІ АЙЫППҰЛДАР МЕН ТАУАРДЫ ТӘРКІЛЕУГЕ ӘКЕЛЕДІ 26.08.2026
Қазақстанда мемлекет темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын (ЕҮБСБ) қатаң реттейді. Тұтынушыларды жеңілдіктермен тарту немесе темекіні белгіленген шектен арзан сату — маркетинг емес, бұл тікелей әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.⚠️ Заңда не айтылған?Темекі өнімдерін ең төменгі бөлшек сауда бағасынан төмен сату ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады:Ірі айыппұлдар: Айыппұл мөлшері бизнес санатына байланысты (шағын кәсіпкерліктен бастап ірі сауда желілеріне дейін). Заң бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл көлемі айтарлықтай артады.Өнімді тәркілеу: Айыппұлдан бөлек, ереже бұзу арқылы сатылған немесе сатуға арналған барлық темекі өнімдері міндетті түрде тәркіленуге жатады.Лицензиядан айыру / тоқтата тұру: Ережелер жүйелі түрде бұзылған жағдайда, сатушы акциздік тауарларды сату құқығынан айырылуы мүмкін.📌 Өзекті ең төменгі бағаларҚР Қаржы министрлігі 20 штук темекі қорабының ең төменгі баға шегін ұдайы жаңартып отырады:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — кемінде 970 теңге.2026 жылғы 1 тамыздан бастап — кемінде 1 060 теңге.Темекіні бұл сомадан тіпті 1 теңгеге арзан сатуға тыйым салынады.💡 Дүкендер мен сауда нүктелерінің иелері не істеуі керек?Баға көрсеткіштерін тексеріңіз: Темекі ассортиментіндегі бірде-бір өнімнің бағасы бекітілген шектен төмен сатылмап жатқанына көз жеткізіңіз.POS-жүйелердегі деректерді жаңартыңыз: Кассада қызметкерлердің бағаны қолдан төмендетуіне немесе жеңілдік жасауына жол бермейтін шектеу қойыңыз.Нұсқаулық өткізіңіз: Кассирлер темекіні «ескі бағамен» немесе «танысқа арзанырақ» сату бизнесті айыппұл мен тәркілеуге ұшырататынын түсінуі тиіс. Заңды сақтаңыз және бизнесіңізді артық қаржылық шығындардан қорғаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1280115?lang=ru
ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕМИУМ-СЫНЫПТЫ АВТОКӨЛІК САТЫП АЛУ: 2026 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ТУЫНДАЙДЫ? 26.08.2026
Көптеген автоәуесқойлар мен кәсіпкерлер ірі сатып алуларды жоспарлау кезінде тек автосалондағы бағаға ғана назар аударады. Дегенмен, ҚР жаңа Салық кодексі қымбат көлік құралдарын акцизделетін тауарлар санатына жатқызады.Егер сіз премиум-сыныпты автокөлік сатып алуды жоспарласаңыз, келесі салықтық талаптарды міндетті түрде ескеріңіз:📌 Қандай автокөлік «қымбат» болып саналады?Сатып алу құны АЕК-тің 18 000 еселенген мөлшерінен (тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын) және одан жоғары болатын жеңіл автокөліктерге акциз салынады.📌 Декларациялау ережелері мен мерзімдері қандай?Акциз бойынша декларация: Акцизге қатысты салық кезеңі күнтізбелік ай болып танылатындықтан, төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша декларацияны өзі дербес ұсынуға міндетті.Тапсыру мерзімдері: Есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей есеп беру қажет (мысалы, егер мәміле тамыз айында жасалса, декларацияны 15 қазанға дейін тапсыру керек).📌 Жалпыға бірдей декларациялау және кірістерді растауҚұны 18 000 АЕК-тен асатын автокөлікті сатып алу қаражаттың заңдылығына қатысты сұрақтар туғызатыны сөзсіз. Кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СӘН) тапсыру кезінде шығыстарды жабу көздерін растауға тура келеді.Салық органдары жеке тұлғалардың шығыстары мен кірістерін салыстырмалы бақылау үшін декларациялардағы мәліметтерді және уәкілетті органдардың деректерін ресми түрде пайдаланады. Есепті кезеңдегі жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын болса, ҚР-дағы және шетелдегі кез келген мүлікті сатып алу міндетті түрде декларациялауға жататынын еске саламыз.Ірі сатып алуларыңызды ақылмен жоспарлаңыз және ұмытпаңыз: есептілікті уақытылы тапсыру қосымша есептеулерден, өсімпұлдардан және шоттарды бұғаттаудан қорғайды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1280118?lang=ru
Қазақстанда шот-фактураны кім жазуға міндетті 26.08.2026
Қазақстанда шот-фактураны тек ҚҚС төлеушілер ғана емес, жазуға міндетті. Кейбір жағдайларда бұл міндеттеме салықты төлемейтіндерге де жүктеледі. Санаттардың толық тізбесі Салық кодексінің 207-бабында бекітілген.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен шот-фактура жазуға міндетті тұлғалар шеңбері кеңейді. Екі негізгі топ  ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгендерОлар құжатты Салық кодексінің 50-тарауының жалпы қағидалары бойынша рәсімдейді.  ҚҚС төлемейтіндерМіндеттеме тек 208 және 209-баптарда тікелей белгіленген жағдайларда ғана туындайды. Шот-фактура жазуға міндетті ҚҚС төлемейтіндер Бұл топқа мыналар кіреді:- комиссионер — 495-бапта белгіленген жағдайларда;- экспедитор — 494-бапта белгіленген жағдайларда;- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосы — мемлекеттік резервтен тауарларды шығарған кезде;- халықаралық жүк тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеуші;- сәйкестікті растау қызметін жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлға;- кеден ісі саласындағы салық төлеуші: кеден өкілі, кеден тасымалдаушысы, уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден қоймасының иесі, уәкілетті экономикалық оператор;- жеңілдетілген режимдегі салық төлеуші (жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР);- ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша сату кезіндегі салық төлеуші;- импортталған тауарларды сату кезіндегі салық төлеуші;- «Виртуалды қойма» модулінде есепке алынған тауарларды сату кезіндегі салық төлеуші;- медициналық қызметтер, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар бойынша салық төлеуші;- адвокаттық кеңсе — оның шарттары бойынша адвокат көрсеткен заң көмегі бойынша. Шот-фактураны жазбауға болатын жағдайлар 208-бап құжатты рәсімдеу қажет емес жағдайларды да көздейді. Атап айтқанда:- бақылау-кассалық машина (БКМ) чегін берумен немесе төлем терминалдары арқылы есеп айырысу;- арнайы мобильді қосымшаның чегін берумен есеп айырысу;- электрондық ақшамен төлеу;- жеке тұтыну үшін жеке тұлғаларға және микрокәсіпкерлік субъектілеріне сату;- теміржол немесе авиабилетпен жүруді рәсімдеу;- жекелеген қаржылық операциялар.Бұл ретте сатып алушы 15 күнтізбелік күн ішінде шот-фактура жазуды талап етуге құқылы, ал жеткізуші оны орындауға міндетті. Маңызды нақтылау Жеке мүлікті сату кезінде жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер, шот-фактура жазбайды. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге Салық кодексінің 207–209-баптарының ережелерін мұқият зерделеуді және заңнама талаптарын уақтылы орындауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1280060?lang=ru
Азаматтарды қабылдау өтті 26.08.2026
2026 жылғы 19 тамызда Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" КММ-нің 11 филиалында Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады.Кездесу барысында қала тұрғындары қалалық инфрақұрылымды абаттандыру мен күтіп ұстауға қатысты өзекті мәселелермен жүгінді.Атап айтқанда, мәселелер талқыланды:- Буров көшесіндегі №22 және 24А үйлердің аула аумақтарын абаттандыру; автомобиль жолдары мен тротуарлардың жай-күйі; - көшені жарықтандыру; аулаларды санитарлық ұстау; - тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.Барлық келіп түскен өтініштер бойынша Азаматтарға түсініктемелер берілді. Тиісті сауалдар одан әрі қарау және қажетті шараларды қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.Өскемен қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау және қаладағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1280033?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Тауардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» 26.08.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Тауардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: тарифтік реттеу басқармасының басшысы Касенова Гульмира Канакбайқызы.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1279995?lang=ru
АСР-мен жұмыс істеу кезіндегі шегерімдер бойынша шектеулер: Павлодар облысы бойынша МКД салықтарды азайту тәуекелдері туралы ескертеді 26.08.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей белгіленген режимді (ЖБР) қолданатын салық төлеушілерге корпоративтік (КТС) және жеке (ЖТС) табыс салықтарын есептеу кезіндегі шығыстарды есепке алу ерекшеліктері туралы ескертеді.2026 жылдан бастап жаңа шектеу енгізілді: оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын контрагенттерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар шегерімге жатқызылмайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 286-бабының нормаларына (атап айтқанда, 1-тармақтың 16-тармақшасына) сәйкес, ЖБР-дегі салық төлеушілер осындай ТЖҚ алған күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын контрагенттерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамалық тыйымға қарамастан, кейбір компаниялар салықтық тәуекелдерді арттыра отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын жеткізушілерді тартуды жалғастыруда.2026 жылдың басынан бері Павлодар облысында ЖБР-дегі 890-нан астам салық төлеуші тіркелді, олар АСР-дегі 12 мыңнан астам жеткізушіден жалпы сомасы 20 млрд теңгеге жуық ТЖҚ сатып алған.Салық төлеушілер нені білуі маңыздыНорма Салық кодексінің 286-бабымен (Шегерілуге жатпайтын шығыстар) реттеледі. Көрсетілген шығыстар бухгалтерлік есепте шығындар құрамында көрініс табады, алайда салықтық есептілікті (КТС/ЖТС декларациясын) қалыптастыру кезінде олар салық салынатын табысты азайтпайды.Тыйым тек «оңайлатылған декларациядағы» АСР контрагенттеріне қатысты. Өзге салық режимдерін төлеушілермен мәмілелер бойынша шығыстар барлық растаушы құжаттар болған кезде жалпы белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.Сонымен бірге салық төлеушілерден 2026 жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің толық есептелуіне назар аударуды сұраймыз. Мемлекеттік кірістер комитеті салық салынатын табыс өскен кезде аванстық төлемдердің төмендеуі туралы ақпараттандырумен салық төлеушілерге PUSH-хабарламалар жіберді.Павлодар облысы бойынша МКД бұзушылықтар мен қосымша есептеулерді болдырмау үшін кәсіпкерлерді мәмілелерді рәсімдеуге мұқият қарауға және салықтық есептілікті дұрыс қалыптастыруға шақырады. Павлодар облысы бойынша МКДКамералдық мониторинг басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1280465?lang=ru
1 қыркүйектен бастап алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен өтеді 26.08.2026
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады. Астанада өткен республикалық секцияда пәннің жаңа мазмұны, оқытудың заманауи әдістері мен педагогтердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар таныстырылды.Қазақ ұлттық спорт университетінде «Алғашқы әскери дайындықтың заманауи моделі: мазмұны, технологиялары және педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен АӘД пәнінің оқытушылары қатысты.Секция барысында қатысушыларға пән мазмұнына енгізілген негізгі өзгерістер, заңнамадағы жаңалықтар және педагогтерді даярлау жүйесіндегі жаңа талаптар таныстырылды. Мұндай жаңашылдықтар әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруге бағытталған. Олар 2025 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге негізделген.– 1 қыркүйектен бастап пән «Алғашқы әскери дайындық» атауын қайта иеленіп, оқыту форматы түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады. Бұл олардың практикалық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек заңнамада педагогтердің әскери өтілі болуы да қарастырылған, – деді Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары майор Людмила Перякина.Іс-шара барысында әдіскерлер, PhD докторлары мен профессорлар алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудың және әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдерімен бөлісті. Жастарды әскери қызметке даярлау, педагогтердің жаңа кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және олардың біліктілігін үздіксіз арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқу үдерісін цифрландыру басты бағыттардың бірі болды. Педагогтерге оқу материалдарын, бағалау құралдары мен ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары көрсетілді. «Заманауи АӘД сабағы: оқу міндетінен цифрлық сценарийге дейін» атты практикалық демонстрация барысында қатысушылар тактикалық симуляторлар мен цифрлық білім беру шешімдерін қолдану мүмкіндіктерімен танысты.Бұдан бөлек, АӘД сабақтарында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар технологияларын оқыту әдістері, қосымша білім беру жүйесіндегі жастардың әскери қызметке дейінгі даярлығын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстарды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдары да айтылды.Секция соңында АӘД пәнінің үздік оқытушылары марапатталды. Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев педагогтерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан грамоталар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1279978?lang=ru
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің азық-түлік дағдарыстарының алдын алудағы рөлін күшейтуге шақырды 26.08.2026
2026 жылғы 25 тамыз - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Расмуссеннің төрағалығымен «От астындағы азық-түлік: жаһандық және жергілікті азық-түлік дағдарыстарын бәсеңдетудегі Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі» тақырыбында ашық пікірталас өтті.Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде қарулы қақтығыстар әлемдегі өткір азық-түлік тұрақсыздығының негізгі себептерінің бірі болып қала беретінін, ал оның өз кезегінде шиеленістің күшеюіне, халықтың мәжбүрлі қоныс аударуына және зорлық-зомбылықтың жаңа циклдеріне алып келетінін атап өтті.Тұрақты өкіл қарулы қақтығыстар мен ашаршылықтың өзара байланысы мәселесіне арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2417 (2018) қарарына ерекше назар аударды. Қазақстан 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезеңінде аталған құжатты әзірлеуге белсенді қатысқанын атап өтіп, оны іс жүзінде жүзеге асыруға күш-жігерді жұмылдыруға шақырды.Қ.Омаров қазіргі қақтығыстардың салдары ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардың шегінен әлдеқайда асып түсетінін атап өтті. Көлік дәліздерінің бұзылуы, тыңайтқыштар жеткізіліміндегі іркілістер, энергетикалық нарықтар мен ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының бұзылуы дамушы және теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттерге ерекше ауыр әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстан тұрақты, ашық және болжамды жаһандық жеткізу тізбектерін сақтауды қолдады.Басым бағыттардың бірі ретінде Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты, оның ішінде Ауғанстанды ұзақ мерзімді қалпына келтіру мақсатында нығайту қажеттігі атап өтілді. Ауғанстандағы сауданы, көлік байланысын, ауыл шаруашылығын және азық-түлік қауіпсіздігін дамыту бүкіл өңірдің тұрақтылығының маңызды шарты екені атап өтілді.Осы тұрғыда Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының рөлі атап өтілді. Орталық орнықты ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, климаттық орнықтылық және Ауғанстанға халықаралық қолдауды үйлестіру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін практикалық алаңға айналуға тиіс.Қазақстан сондай-ақ штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аясындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін растады. Қазақстан тарапы оның БҰҰ жүйесінің бейінді мекемелерімен, соның ішінде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен және Ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қорымен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1279963?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдады 25.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Онда тұрғындар жарық, жер телімі, газ, кәріз жүйесі мен білім беру саласында туындаған мәселелеріне көмек беруді сұрады.Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Өрікті ауылының тұрғыны егістік алқабында заңды түрде тіркелмеген зират орналасқанын, соның кесірінен 400 метр жерді өз мақсатына қолдана алмай отырғанын жеткізді. «Егер зиратты жапса, кемі 50 метр жерді пайдалануға мүмкіндік туар еді», – дейді тұрғын. Ол мұнда агротуризмді дамытып, қора-жай немесе басқа да қажетті нысандарды салуды көздеуде. Бүгінде аталған ауылда зират мәселесі өзекті болып тұр, сондықтан аудан әкімдігі оны жабу қиын міндет екенін айтты.«Зират мәселесі күрделі екені белгілі. Бірақ мұны өзгеріссіз қалдырсақ, жыл сайын кеңейе береді, кейін ауылдың тура жанына жақындайды. Сондықтан зираттың орнын ауыстыру керек. Адамдар тұра алатын немесе ауыл шаруашылығы, туризм бағытында кәдеге жаратуға болатын жерді бейіт басына айналдыру дұрыс емес», – деді Марат Елеусізұлы.Іле ауданы Н. Тілендиев ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы кәсіпорындар мен «Алматы Су» мекемесінің кәріз жүйелерінен шығатын иістен арыла алмай отырғандарын айтады. Тексеріс нәтижесінде оларға 13,5 млн теңге айыппұл салынған. Дегенмен бұл жұмыс ешқандай нәтиже бермей отыр. «Бұл мәселені дұрыстап зерделеп, керек болған жағдайда айыппұл мөлшерін арттыру керек. Себебі оның зардабын күн сайын халық көріп отыр. Іс қозғап, прокуратурамен бірлесіп, тезірек шешімін табу қажет», – деді аймақ басшысы.Еңбекшіқазақ ауданы «Алтын адам» саяжайының төрағасы жарық тарифіне қатысты туындаған жайтты баяндады. Айтуынша, саяжай электр энергиясына Есік қаласындағы «Алатау Жарық» компаниясы арқылы қол жеткізіп отыр. Онда тұратын 130 отбасының 105-і электр энергиясын кооператив арқылы тұтынып, белгіленген тарифке сәйкес әр кВт-қа 42 теңге төлейді. Ал қалған 25 үйдің иелері жеке тұлғаның заңсыз әрекетіне еріп, бес жыл бойы 37 теңге көлеміндегі тарифті қолданып отыр. Нәтижесінде кооператив 1,96 млн теңге қарызға батқан. Саяжайда жер телімін рәсімдеу бойынша да қиындықтар бар. Тұрғындар соның кесірінен газ желісін тарта алмай отыр.«Заң бәріне ортақ. Мәселені бүге-шүгесіне дейін қайта қарап, талапқа бағынбағандарды жауапқа тарту керек. Тұрғындарға полиция қызметкерлерімен бірге түсіндіру жұмысын жүргізіп, тәртіпке келтіру қажет. Бірнеше адамның кесірінен тұтас саяжай зардап шекпеуі керек. Одан бөлек, егер жерге қатысты түйткіл шешілсе, газ желісін жүргізуге мүмкіндік туады. Сонда өзге мәселелер бірден шешіледі», – деді аймақ басшысы. Жауапты мамандардың сөзінше, қазіргі таңда саяжайды елді мекенге ауыстыру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл екі ай уақытты алады. Нәтижесінде түйткілдердің түйіні тарқатылады.«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары мектеп оқулығына қол жеткізе алмай жатқандарын жеткізді. Қарасай ауданындағы бұл аумақта осыған дейін мектептегі орын санының жетіспеушілігі туындаған еді. Оны шешу үшін 2000 оқушыны жеке меншік мектепке әкімдік тарапынан қаржы бөліп, тегін оқыту туралы шешім қабылданған. Бірақ ол жеке мектеп болғандықтан балаларға кітап берілмейді. Марат Елеусізұлы биыл оқулықпен қамтамасыз етуге 3 млрд-тан астам қаржы бөлінгенін, сол қаражатты тиімді қолдану керегін айтты. Сондай-ақ білім басқармасына өзге мектептердегі артық кітаптарды жаңа оқу жылына дейін оқушыларға жеткізіп беруді міндеттеді.Жеке қабылдау қорытындысында Марат Сұлтанғазиев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына халықпен тығыз жұмыс істеп, мәселелерді аяқсыз қалдырмауды жүктеді. Оларға нақты тапсырмалар беріп, әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1279944?lang=ru
Қазақстан мен Иордания саяси консультациялар барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 25.08.2026
Амман, 2026 жылғы 24 тамыз – Амман қаласында Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі арасында саяси консультациялар өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев басқарды. Иордания тарапынан консультацияларға Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Дайфалла Али Әл-Файез қатысты.Кездесудің басында Иордания тарапы Қазақстан Республикасының Құрылтайына алғашқы сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, оның еліміздің одан әрі саяси дамуы үшін маңызды мәнін атап өтті.Тараптар Қазақстан-Иордания өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайту және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі іс-жүзіндегі қадамдарды талқылады.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм және әуе қатынасы салаларындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ консулдық ынтымақтастық пен шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге ерекше назар аударылды.Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, АҚИҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жеке қаралды.Халықаралық гуманитарлық құқықты нығайту жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында тараптар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі «Соғыс кезіндегі адамгершілік» (Humanity in War) конференциясына дайындық мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Иордания бірқатар басқа мемлекеттермен қатар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси міндеттемені күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың тең құрылтайшылары болып табылады.Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ Корольдік сарай өкілімен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Амманға және Иордания Королі Абдалла II-нің Астанаға жасаған өзара сапарларының қорытындыларын шығарды. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екі ел көшбасшылары арасындағы алдағы байланыстардың перспективаларын талқылады.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Иордания саяси диалогын одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастыққа барынша практикалық әрі мазмұнды сипат беруге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279942?lang=ru
Қазақстан мен Италия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 25.08.2026
Астана, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италия Республикасы Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар қазақ-итальян стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің көпжақты форматтардағы, оның ішінде «C5-Италия» және«B5-Италия» диалог алаңдары шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетикалық қауіпсіздік және қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі болды. Тараптар оның үздіксіз жұмыс істеуінің Еуропаны тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын атап өтті.Әңгімені қорытындылай келе тараптар қазақ-итальян серіктестігін одан әрі нығайтуға және түрлі деңгейлердегі тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279915?lang=ru
Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды 25.08.2026
Шымкентте тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен Көрме орталығында пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтіп, 40 отбасы баспаналы болды.Жаңа пәтерлер Бозарық шағын ауданындағы тұрғын үйлерден берілді. Азаматтарға 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер ұсынылды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана жалға беру тәртібімен беріліп, кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.Бұл жолы әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға басымдық берілді. Олардың арасында жалғызбасты аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар және толық емес отбасылар бар. Пәтерлер толық әрленіп, қоныстануға дайын күйінде тапсырылды.Жаңа баспана алғандардың бірі – Ақбота Түркебаева. Ол 2015 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Арада өткен жылдардың бәрінде өз үйіне қол жеткізуді күткен Ақбота бүгін пәтер кілтін қолына алды.«Осы күнді көп күттім. Бүгін өз үйімнің кілтін қолыма алып отырмын. Бұл – мен үшін де, отбасым үшін де үлкен қуаныш. Жаңа баспанамызда бақытты күндеріміз көп болсын», – дейді Ақбота Түркебаева.Шымкентте тұрғын үй құрылысы мен азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары биыл да жалғасып келеді. Қалада жыл соңына дейін 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 400-ден астамы пайдалануға берілді.Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаевтың айтуынша, қалған пәтерлер жыл соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.Қалада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешуге, әсіресе әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға басымдық беріліп отыр. Бозарықтан берілген 40 пәтер де осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі.Бүгін пәтер кілтін алған 40 отбасы үшін бұл күн көптен күткен қуанышпен есте қалмақ. Жаңа қоныс иелерінің ендігі тілегі – өз баспаналарында берекелі ғұмыр кешу.
Жақсы ауылында Ашық есік күні 25.08.2026
2026 жылдың 25 тамызында Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында "Ашық есік күні" өтті.Іс-шара аясында Жақсы ауданының әкімі Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы ауданның атқарушы, аумақтық органдарының, ұйымдары мен қызметтерінің басшыларымен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдау өткізді.Тұрғындар аудан басшылығына тікелей хабарласып, оларды толғандыратын сұрақтар қойып, түрлі бағыттар бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер мен кеңестер ала алды. Мұндай кездесулер халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге көмектеседі және азаматтар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1279895?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Швейцарияның Уақытша сенімді өкілімен кездесу өткізді 25.08.2026
Астана, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джорджо Помпилиомен Астанадағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-швейцар ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. «Blue Peace Central Asia» (BPCA) бастамасы аясындағы су және экология салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Көлік, фармацевтика және экология салаларындағы практикалық әріптестікті тұрақты дамыту маңыздылығы аталып өтті.Кездесу соңында А. Исетов Д. Помпилиоға екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279880?lang=ru