Әлем
📣ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ 18.05.2025
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының біріккен отырысы болып өтті. Комиссия отырысын қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізіп отырды.Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Байдулла Оразбеков, Талғат Төлегенов, қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков және қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.Отырыстың күн тәртібінде:1. Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.2. Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы мәселелері талқыланды.Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтарын қойды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/982345?lang=kk
23 сәуір – Ұлттық кітап күні 18.05.2025
23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын. Осыған орай, биыл 23 сәуір елімізде алғаш рет - Ұлттық кітап күні ретінде аталып отыр. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды осы айшықты күнмен құттықтап, кітаптың ұлт болашағындағы маңызын ерекше атап өтті:«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімге құштарлықты, ізденісті, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін маңызды күн. Кітап оқыған ұрпақ – озық ойлы, кемел қоғамның негізі. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», – деп жазды Президент өз құттықтауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/982357?lang=kk
Ғасырлардан мұра болған құнды қазына 18.05.2025
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ауыл береке» базарында «Кітап – ғасырлар мұрасы» атты көшпелі кітап керуені өтті.Кітап пен ғылымды кеңінен насихаттап, ғылыми-танымдық әдебиеттерге, шетелдік және қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығына деген қызығушылықты арттыруды мақсат етіп, ашық аспан астында ерекше форматта ұйымдастырылған шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысты. Гүлдана Әлімжанқызы көшпелі кітап көрмесін аралап көріп, кітапхана ұжымының бастамасына жоғары баға берді. Ол өз сөзінде кітаптың қоғам айнасы, руханият тірегі екенін айрықша атап өтіп, осындай мәдени іс-шаралардың ел болашағына берері мол екенін жеткізді.Осы ретте көшпелі кітап көрмесі «Тарихи тұлғалар және ұрпақтар жалғастығы», «Қасиетті шаһар, қастерлі өңір: тарихы, қалалары, ескерткіштері», «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан», «Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза», «Тараз мұралары» атты тарихи-танымдық энциклопедиялық жинақтар және «Жергілікті ақын-жазушылар – құрмет төрінде» атты бірнеше мазмұнды бағытты қамтығанын айта кеткен жөн.Мәдени шара барысында «Ақынға», «Қазақ қызы», «Ұлы Жеңіс шаттығы», «Желдірме», «Шырын Мамасеріковаға арнау әні», «Жаса, қазағым!» сынды рухты әндер шырқалып, көңіл сергітер викториналық ойындар ойнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/982370?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! 18.05.2025
Сіздерді 2025 жылдың 1 мамыр күні Сарыағаш ауданында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай жалпы халықтық жүгіруден «Бірлік жарысы» атты марафон өтетінін хабарлаймыз!Жүгіру қашықтығы Көктерек ауылдық округі, Көктерек кенті "Келес" көшесінен бастау алып, Жартытөбе ауылдық округінің Бостандық елді мекеніндегі Ғ. Ғафуров атындағы жалпы орта мектебіне дейінгі аралықта өткізіледі. Марафон 18 жастан жоғары тұрғындар арасында, жалпы қашықтық 5 шақырым.Марафонға қатысушыларды тіркеу 1 мамыр күні таңғы сағат 8:00-9:00 аралығында, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес төлқұжатын көрсете отырып:+18 жас ер және қыздар арасында+39 жас ер және қыздар арасында+50 жас ер және әйелдер арасында өтеді.МАРАФОНҒА 9:30-ДА СТАРТ БЕРІЛЕДІ Келіңіздер, баршаңызды марафонға қатысуға шақырамыз!Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/982429?lang=kk
Жат ағым жолдан адастырады 18.05.2025
Бүгін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жастарға рухани тәрбие беру мен теріс діни бағыттардан сақтандыру мақсатында "Жат ағым жолдан адастырады" атты танымдық форум өтті.🕌 Іс-шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласының Дін істері басқармасы бірлесе ұйымдастырды.✨ Форумды басқарма басшысы Б. Унербаев ашып, жастардың діни сауаттылығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жайлы маңызды ойларымен бөлісті.Сондай-ақ, ҚМДБ оқу-ағарту және кадр бөлімінің меңгерушісі Х. Аманқұлов жастарды дұрыс бағытқа жетелейтін пайдалы ақпараттар ұсынды.👥 Спикерлер қатарында:▪️ "Сейтжан қари" мешітінің имамы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре▪️ ҚМДБ жанындағы ақпараттық топ мүшесі Дастан Желеуов▪️ Діни мәселелерді зерттеу орталығының директоры А. Уралбаев🔍 Спикерлер теріс ағымдардың белгілері, әлеуметтік желіде абай болу, тыйым салынған сайттардан келетін қауіп туралы кеңінен айтып өтті.💬 Студенттер өз сұрақтарын қойып, дәстүрлі дін мен күмәнді көзқарастарды қалай ажыратуға болатынын, сондай-ақ орамал мәселесіне қатысты нақты жауаптар алды.📚 Жастарға бағыт берген бүгінгі жиын – жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/982431?lang=kk
Ұлттық кітап күні 18.05.2025
Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастамасын қолдап, оқуға деген құштарлық – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өткен. Осы мақсатта Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысының негізінде Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болды. Осынау атаулы мереке халық арасында кітап оқуды насихаттауға септігін тигізеді. Бұл – қоғамның, соның ішінде жастардың мәдени, рухани жетілуіне жасалған маңызды қадам. 23 сәуірде ауданның білім беру ұйымдарында Ұлттық кітап күніне орайластырылған іс-шаралар ауданның кітап мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенеміз. Бұл мерекенің аясында өткізілетін байқаулар, фестивальдер мен көрмелер қоғамның кітапқа деген қызығушылығын арттыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/982071?lang=kk
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН 📅 23 сәуір – Ұлттық кітап күні 18.05.2025
Ұлттық кітап күніне орай, Шымкент қаласында рухани мазмұнға толы сыр-сұхбат кеші өтті.“Өлеңменен өмірімді мүсіндеймін” атты әдеби кездесудің құрметті қонағы – ақын, Физули сыйлығының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ЮНЕСКО Клубы Қазақ Ұлттық Федерациясының мүшесі Құрал Көмек болды.Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық әдебиетті дәріптеу, рухани мұраларымызды ұрпақ санасына сіңіру.Кеш барысында “Ұлттық әдебиет – ұрпаққа аманат” тақырыбымен ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, 200-ден аса қатысушы жиналды. №49 және №79 мектеп кітапханашылары мен оқушылары ақынның «Өкініш емеспін», «Жусаныңнан айналам» секілді өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Оқушылар ақынмен еркін диалог орнатып, шығармашылық пен ұлттық рух туралы пікір алмасты. Бұл – жастардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілге деген құрметін күшейткен сәт болды. Кеш соңында қатысушылар “Дүние түріктерінің маршы” әнұранын бірге орындады.https://www.facebook.com/share/r/164wqMY4Mg/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/982621?lang=kk
ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ 18.05.2025
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысын көріп, мамандармен кездесті. Аралау барысында аудан басшысы жауапты мамандар мен мердігер мекеменің қызметкерлеріне жұмыс барысын күшейтіп, іс-шараларды сапалы жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.Бүгінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы аясында өңірімізде шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстарға «Защита растений - К» ЖШС-ның биолог мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нұсқамалық қорытындылары негізінде дәрілеу жұмыстары мерзімінде басталған. Дегенмен мамандардың айтуынша ауа райы мен өзге де түрлі факторлардың салдарынан шіркейлер азаймай отыр. Енді дәрілеу жұмыстарының екінші кезеңін іске асыруды барынша күшейту көзделіп отыр.Қоғам және Көксарай ауыл округінде жүргізіліп жатқан дезинсекция жұмыстары өзге де аймақтарды қамту керектігін айтқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қажет болған жағдайда қосымша күштерді тартып, арнайы техникалардың санын арттыру керектігін жеткізді. Аталған жұмыстар тікелей бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандар мен сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/982644?lang=kk
2025 жылдың 23-24 сәуірінде Өскемен қаласында өткен Академик Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде жүлделі 2-орынды 🥈 Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназияның 10-сынып оқушысы СЕРІКҚАЗЫ ІҢКӘР иеленді. Жетекшісі ЖАКЕНОВА ҚҰРАЛАЙ ҚҰРАЛТАЙҚЫЗЫ. Жеңімпазды құттықтаймыз! Білім бөлім 18.05.2025
2025 жылдың 23-24 сәуірінде Өскемен қаласында өткен Академик Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде жүлделі 2-орынды 🥈 Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназияның 10-сынып оқушысы СЕРІКҚАЗЫ ІҢКӘР иеленді. Жетекшісі ЖАКЕНОВА ҚҰРАЛАЙ ҚҰРАЛТАЙҚЫЗЫ. Жеңімпазды құттықтаймыз! Білім бөлімАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/982713?lang=kk
Қазақстанда мәдени мұраны сақтау мен дамытудың Кешенді жоспары әзірленеді 18.05.2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени мұраны сақтау және дамыту жобасын дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, ол ЮНЕСКО қағидаттарына сәйкес жергілікті және халықаралық деңгейде жұмысты қамтитын үш негізгі бағыт бойынша жүйелі шараларға негізделген.«Бірінші бағыт – Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес, ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштермен кешенді жұмыс жүргізу. Екінші, ЮНЕСКО конвенциясының қағидаттарына сәйкес, материалдық емес мәдени мұраны немесе «жанды» мұраны сақтау және қолдау. Үшінші бағыт – ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында құжаттық мұраны сақтау, оның қолжетімділігі мен танылуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті министр.Сонымен қатар, Қазақстанда материалдық емес мәдени мұра объектілерінің элементтерінің Ұлттық тізімі қайта қаралды. Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізімін қайта зерделеу нәтижесінде, бұған дейінгі 45 элементтің санын 79 элементке дейін арттырды. Қазіргі кезде Қазақстанның атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 14 элемент енгізілген.Бүгінде еліміздегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің саны 25 мыңнан асады. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде 265 ескерткіш болса, жергілікті маңызы бар 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіші тіркелді.ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде еліміздің 10 тарих және мәдени ескерткіші бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/982977?lang=kk
“АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТА БЕРУ БАЙҚАУЫ” өтті. 18.05.2025
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ақсақалдар арасында ІІ республикалық бата беру байқауы басталды.Осымен республика деңгейінде екінші мәрте өтіп жатқан игі шараның мақсаты – қоғамда ақсақалдардың бата беру дәстүрін жаңғырту, жастарды имандылыққа, кішіпейілділікке, батылдық пен мәрттікке баулу, сөз қадірін арттыру, бата тек тілек айту ғана емес, тәлім мен тәрбие құралы екенін насихаттау.Байқауға мүфтият жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылхан Өмірзақұлы, мәдениет қайраткерлері – Бақтияр Әбілұлы, Бекжан Асаубайұлы, белгілі ғалым, аудармашы Зәріпбай Оразбай қазылық етуде. Ал Әділқазылар алқасының төрағасы – ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.Сайысқа қатысқан ақсақалдар бата түрлерінен, белгіленген тақырып аясында берілген уақыт ішінде көркем бата жасаудан сынға түседі. Әділқазы алқасы бата берушілердің дауыс ырғағына, сөз саптауына, киім кию үлгісіне де баға береді. Байқауға ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мешіт ақсақалдары қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/983040?lang=kk
ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 18.05.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983145?lang=kk
“КІТАП ОҚЫМАЙ ӨМІРДІ БІЛУ МҮМКІН ЕМЕС” 18.05.2025
Стористі емес, кітапты ашОсыдан он шақты күн бұрын Лаура Тастанбек әріптесімнің кішкентай оқушы қызын кітап оқуға үйреткенін көріп, балалық шағым есіме түсті. Менің анам мен апам(нағашы әжем бізбен тұратын) да кітапты дауыстап оқығанымды қалайтын. «Біз де тыңдаймыз, сенің де есіңде қалады», дейтін. Рас. Күрделілеу сөйлемдерді қайта оқимын, мамам мен апам жарыса түсіндіреді. Апам ғой, өміріндегі ұқсас сәттер есіне түсіп кетсе, «өз кітабын» ақтаратын... Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын» осылай бір жылап, бір күліп отырып, бірнеше рет бірге оқығанбыз. Бұрыңғы жылдардың қиямет кезеңдеріндегі оқиғаларды еріксіз еске түсіретін «Құпия қойма» кітабын да талай қайталап оқыдық. Кітаптың қызығына батқанымызда апам жарықтықтың иіріп отырған ұршығы жайында қалатын. Ашаршылық жылдары, одан кейінгі қуғын-сүргін азабын ағасымен бірге тартқан кезін айтып беруші еді...Сіз жылайсыз, енді оқымаймын дейм. Оқи бер, енді жыламаймын деп қояды. Мені кітап оқысын дегені екен ғой...Ал, Шара Жиенқұлованың «Өнерім-өмірім» кітабы мамама қатты ұнайтын. Алғаш рет биші қыздың өмірі туралы повестің үзінділерін Жұлдыз журналынан оқыған екен. Кейіннен кітап болып шыққанда кітапханадан жаздырып алып бірге оқыдық(Сол 7 сыныпта биші болғым келіп, Мәдениет үйіндегі би үйірмесіне жазылғам. Бірақ екі ай ғана бардым). Кейіннен «Биші Шара» туралы фильмді көргенде, ол эпизодтарды мен бұрын көріп қойғандай мәз болып отырғаным есімде.Кітап оқу, оқыған шығарманы талдау - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манат Әлиева апайымыздың сүйікті ісі еді. Раушан коммунист пен Шұғаның белгісін класста дауыстап кезекпен оқытатын. Сол әдіс дұрыс негізі! Алғашқыда тыңдағысы келмей, сөйлеп отыратын ұлдардың өзі бір кезде ұйып тыңдап, қоңырауға да шықпаушы еді.Бір кітап талай естелікті еске түсірді... Мектептерде кітап оқу, талдау немесе оқырмандар клубын жандандыру керек. Қаладағы кітапханаларда ондай клубтар бар. Жастар барады, 2-3 рет мен де бардым кездесуге. Бірақ сол әдемі сабақты мектепте қажеттілікке айналдырса деген ойым бар. Балалар бірге оқитын кітабын өздері таңдасын. Бастаса, жүйеленетіні анық. Бұған бірінші кезекте мұғалімі құмбыл болса, ұл-қыздар қызыға түсер еді. Ең маңыздысы, әрине, кітап оқу отбасында қалыптасса құба-құп. Бір емес бірнеше сағатын ұялы телефонға ысырап ететіндер сол уақыттың 40-60 минутын кітап оқуға қиса ұтылмас еді. Болмайтынды айтып...дерсіз. Дей беріңіз. Қараңызшы, мысалы, Исландия елінде әр 10-шы адам өмірінде бір кітап жазып шығарады екен (соңғы кезде кітап жазатындар бізде де көбейген). Ал халқының шамамен 93%-ы жылына кемінде бір кітап оқиды екен.Үндістандықтар жылына орта есеппен 16 кітап оқиды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қытайда тұрғындар аптасына орта есеппен 8 сағат кітап оқиды екен. Күніне 1-1 жарым сағат деген сөз. Біздің де оқуға мүмкіндігіміз бар!Ұлттық кітап күні деп сәуірдің әдемі күнін белгіледік. Қалған күндері кітапты елемеуге болады деген сөз емес. Керісінше, жыл бойы өзіңізге дос болар кітапты оқып, қарап, осы күні есеп беретін күн сияқты. Әрі, бұл тек оқырмандарға емес, жазатын жандарға да шабыт сыйлайтын күн. Кешегі күні орталық қалаларда кітап көрме-жәрмеікелері ұйымдастырылды. Соны жылына бір рет емес, тоқсан сайын өткізсе де болады. Әлеуметтік желіге суретін салып, есеп беру үшін ғана емес. Оқырман ағылып келіп, жазушысын, ақынын, баспагерін іздейтіндей қылып. Кітап оқу марафондары да қызып жатса...Мемлекет елдегі кітапхана қорын толтыру үшін соңғы 10 жылда 10 миллионға жуық шығарманы басып, таратты. Енді сол шығармаларды оқып. оқуға баулу керек. Үйде, мектепте, барлық ортада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983150?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай – тағзым мен құрмет! 18.05.2025
Бүгін Қарқаралы жастары орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған “Азалы Ана” ескерткішінің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.Игі іске белсене атсалысқан ерікті жастарымыз ескерткіш маңын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, батырлар рухына тағзым етті. Бұл — жас ұрпақтың өткенге деген құрметінің, бейбіт өмірдің бағасын түсіне білудің жарқын үлгісі.Мақсат — тарихты ұмытпау, батырлар ерлігін мәңгі есте сақтау, кейінгі буынға өнеге көрсету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/983169?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына – ардагерлерге құрмет! 18.05.2025
Қарқаралы жастары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тыл ардагері Мырзаханова Райхан әжеміздің үйіне арнайы барып, ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.Ардагер әжемізге құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Бұл игі шара жас буынның ардагерлерге деген шексіз алғысы мен ілтипатының белгісі. Жастар тек еңбекпен шектелмей, әжемізбен емен-жарқын әңгімелесіп, батасын алып, бір сәтке болса да қуаныш сыйлады.Отан үшін еңбек еткен жандардың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/983186?lang=kk
2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 18.05.2025
2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ.Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.Жыл басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/983192?lang=kk
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу тәртібі өзгереді 18.05.2025
Қазақстандағы көтерме және бөлшек саудада сатуға мемлекетте тіркелген барлық рецептілік дәрілік заттар, сондай-ақ мемлекетте тіркелген тіркеу куәлігі бар дәрілік заттар жатады.Еуразиялық экономикалық одақ ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесіндегі жағдай бойынша - бұл тізбеге дәрілік заттардың 6 мыңнан астам атауы кіреді.Дәрілік заттардың бағасын реттеудің негізгі мақсаты - бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу, олардың халық үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ теңге бағамының ауытқуларына және маусымдық факторларға қарамастан, өңірлер бөлінісінде де, бөлшек дәріханалар арасында да бір дәрілік затқа бағаның айтарлықтай таралуын болдырмау. Сонымен қатар, нарықта дәрілік заттардың ассортиментін кеңейту мақсатында Қазақстанда бағаларды кезең-кезеңімен реттеу рәсімі жүзеге асырылады.Бірінші кезеңде 2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға үш аналогы және үштен астам өндірушісі бар рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 302 атауы шығарылды.Екінші кезеңде екінші жартыжылдықта 2024 фармацевтикалық нарықтың бөлшек сауда сегментінде сатылатын бір халықаралық патенттелмеген атау шеңберінде екіден астам аналогы және өндірушілері бар рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 952 атауы шығарылды.2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық 1707-ден астам атаулары бар дәрілік заттарды бәсекелестік ортаға жіберу жоспарлануда.Үшінші кезеңде, 2026 жылға қарай реттеуді көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы сатылатын барлық дәрілік ортаға тарату жоспарлануда.2026 жылдан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алынатын дәрілік заттар ғана бағалық реттеуге жататын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/983300?lang=kk
ҰЛТТЫҚ СПОРТ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ 18.05.2025
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Бабайқорған ауылдық округінде “Ұлттық спорт – салауатты өмір бастауы” тақырыбында жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Бұл сайыс ауданның 4 жылдық мерейтойына, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.Спорттық додада қатысушылар садақ ату, аударыспақ, қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру және қыз-келіншектер арасында күбі пісу сайыстарында бақ сынады. Жастар арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын дамыту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бұл сайысқа 12 ауылдық округтен құралған командалар мен жекелеген спортшылар қатысты.Аудандық сайысты Сауран ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы А.Сейілбекұлы, аудан прокуроры А. Әбдінұрұлы, аудандық мәслихат депутаты Х. Бахтиярұлы, сондай-ақ Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Е. Нұралыұлы ашып беріп, жалынды жастарға сәттілік тіледі.Ұлттық спортымызды ұлықтаған бұл тартысты әрі қызықты жарыста командалық есеп бойынша:І орын – Бабайқорған жастары,ІІ орын – Майдантал жастары,ІІІ орын – Құмтүйін жастары иеленді.Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар мен жекелеген спортшыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/983343?lang=kk
Әскери бөлімшелерге №21744 №809 №75488 Медиа сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік семинар өтіліді 18.05.2025
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні №21744 №809 №75488 әскери бөлімдер үшін маңызды семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының маманы Теміралиев Асылжан өткізді. Семинар тақырыбы – “Медиа сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік”.Іс-шара барысында медиа кеңістіктегі жалған ақпараттар, фейк жаңалықтар мен деструктивті идеологиялардың таралу жолдары, сондай-ақ оларға қарсы тұрудың тиімді әдістері түсіндірілді. Теміралиев Асылжан қазіргі таңда ақпарат тасқынының қарқынды жүріп жатқанын, сондықтан әрбір азамат, әсіресе жастар, медиа құралдарымен жұмыс істеуде сын тұрғысынан ойлай білуі қажет екенін атап өтті.Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, түрлі мысалдар арқылы медиа сауаттылықты арттыру жолдарын талқылады. Оқушылар медиа контентті ажырату, сенімді дереккөздерді пайдалану және әлеуметтік желідегі қауіптерден сақтану туралы маңызды мәліметтер алды.Мұндай семинарлар жастардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруге, олардың саналы медиақолданушы ретінде қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/983401?lang=kk
облыстық форум 18.05.2025
2025 жылғы 30 сәуірде сағат 09.00-де Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Сақтағановтың төрағалығымен шаруашылықтардың және басқа да ауылшаруашылығы саласындағы мүдделі тараптардың қатысуымен «ШығысАгроФорум» облыстық форум өткізіледі. Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғимараты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/983601?lang=kk