Әлем
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады 26.02.2026
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.Қазақстандықтар ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды.Жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санаттарына қолданылады. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі - 60 минут.eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:– порталға кіріп, «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;– «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;– дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);– қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;– өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:– қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» - «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;– «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;– фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;– қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, «Сақтау» батырмасын басу;– дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басу;– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;– өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» - «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.«Жақын арада жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін толықтай онлайн форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өтінімдерді электронды түрде беру тәсіліне басымдық беріледі, бұл ХҚКО-ға барудан бас тартып, ондағы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтің онлайн форматта бұрыннан қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін ескерсек, бұл қадам процесті цифрландырудың қисынды жалғасы болмақ», - деді Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин.Фотосуретті жүктеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды. Сурет форматы сапа параметрлеріне сәйкес болуы тиіс. Толық талаптар тізімімен eGov.kz порталындағы қызмет паспортынан танысуға болады.Сонымен қатар бұрын берілген жеке куәліктегі немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сурет алынатын құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілген болуы тиіс. Егер мерзім үш жылдан асса, жүйе өзекті фотосуретті қолмен жүктеуді ұсынады.Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал.Сондай-ақ жүйе берешектердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Егер жүргізушінің 30 күннен астам уақыт бұрын салынған, төленбеген айыппұлы болса, ол толық өтелгенге дейін куәлікті ауыстыру мүмкін болмайды.Айта кету керек, жүргізуші куәлігін онлайн беру қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 60 000-нан астам рет пайдаланған.Функционал ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1169272?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1169615?lang=kk
Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды 26.02.2026
Бүгін Қармақшы ауданындағы ақпараттық жұмыстар аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Жиын еркін форматта өтіп, әркім өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алды.Кездесуде елдегі өзгерістер, Конституцияның рөлі және халықтың болашағына әсер ететін маңызды бастамалар сөз болды. Руслан Рүстемов жаңа кезеңде әділдік пен ашықтық басты орында тұруы тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, әр азаматтың құқығы қорғалмайынша, елде шынайы даму болмайды.Ол Конституцияны жай құжат емес, халықтың мүддесін қорғайтын негізгі тірек деп атап өтті.«Әр адамның даусы естілетін, бәріне тең мүмкіндік берілетін қоғам құру – ортақ міндет. Біз әділ елді бірге қалыптастыруымыз керек», – деді ол.Кітапхана саласының мамандары да пікір білдіріп, мәдениет пен білімнің маңызын атап өтті. Олар рухани құндылықтарды сақтау, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және мәдени ортаны дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.Кездесуге аумақтық коалиция төрағасы Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Орынбасар Төлепов, Ерболат Ұзақбаев, Дәулет Қанатбай қатысып, Ата заң жобасындағы өзгерістерден хабардар етті. Сонымен қатар елдің болашағына кепіл болатын Конституциямызды бірауыздан қолдауға шақырды.Жалпы қатысушылар ортақ мақсат – әділетті әрі дамыған Қазақстан құру жолында бірлесе әрекет ету қажет деген ойға тоқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1169621?lang=kk
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. 26.02.2026
Бастаушы ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс - шара барысында қатысушылар романның негізгі тақырыбы, кейіпкерлер тағдыры, автордың тарихи шындықты бейнелеудегі шеберлігі туралы Бастаушы ауылымыздың әжесі, ауылдық кітапхананың оқырманы Күлбағи Ержанова апамыз және Абай атындағы орта мектебінің қазақ-тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Қ. Рысбекова мен 5 сынып оқушылары пікір алмасты. Дөңгелек үстел оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1169632?lang=kk
Гвардейск гарнизонында сержанттар жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің заманауи әдістерін зерделеуде 26.02.2026
Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Құрлық әскерлері бригадаларының (полктерінің, базаларының), сержанттарын командирлік даярлау жиыны өткізілуде.Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері, Әскери полиция, Қару-жарақ және Тыл басқармаларының, сондай-ақ әскери-медициналық бөлімшелері сержанттар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша мамандандырылған практикалық сабақтар өтіп жатыр. Іс-шаралар жеке құрамды басқару қабілеті мен тәрбие жұмысының сапасын жетілдіруге бағытталған.Практикалық сабақтарда түрлі оқу жағдайында іс-қимыл алгоритмдері бойынша жаттығулар өткізілуде. Бағдарламаға шағын топтардың іс-қимыл тактикасы, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жеке-тәрбие жұмысы тақырыптары кірген. Мерзімді қызметтегі сарбаздарды оқытуда, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруде, сондай-ақ әскери ұжымның тәртіп пен ұйымшылдықты сақтауы үшін жауапкершілікте заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылу үстінде. Жиынды ұйымдастырушылар сержанттар құрамы әскерлерді басқарудағы маңызды буын екенін атап өтті.Олардың кәсіби дайындық деңгейі бөлімшелердің жауынгерлік даярлығына және әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға тікелей әсер етеді. Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер сержант Темірбек Халықов сабақтар бригада және полк сержанттарымен командирлік даярлық жүйесі шеңберінде өткізіліп жатқанын айтты. Практикалық атыс барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі қолданылып, шағын топтардың құрамында атыс жүргізу жаттығулары пысықталуда. Атыс күндізгі және түнгі уақыттарда өткізіліп жатыр.Бұдан басқа жауынгерлік даярлық бойынша нормативтер жинағын жаңарту, атыс бағытын өзгерту, жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне сәйкес басқа да өзгерістер енгізу жұмыстары жалғасын табады. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылардың дайындық деңгейін талдау нәтижелеріне қарай, қолбасшылық үздік сержанттарды анықтайды. Жиында жиналған тәжірибе әскери бөлімдерде практикада іске асырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1169649?lang=kk
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 26.02.2026
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы;«Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ бас маманы;Хабарландырудың толық мәтіні eqyzmet.gov.kz жүйесінің ашық порталында жарияланды.Толық ақпарат алу үшін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ, Семенова көшесі,19, 5 кабинетке жүгінуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1170243?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ Туризм ынтымақтастықтың өршіл күн тәртібін айқындады 26.02.2026
Мадрид, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев БҰҰ Туризм Бас хатшысы Шейха Насер Әл Новаиспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар 2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін іске қосу мәселесін талқылады.Келіссөздер сындарлы әрі серпінді жағдайда өтті. Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік хабтардың бірі және тұрақты әрі инновациялық туризмді ілгерілетудегі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайту ниетін растады.Сондай-ақ елімізді туризм саласындағы диалог, инвестициялар мен инновациялар үшін өңірлік платформаға айналдыруға, соның ішінде «жасыл» стандарттар мен смарт-шешімдерді ілгерілетуге ерекше назар аударылды.Тараптар өзара түсіністіктің жоғары деңгейін растады және бастамаларды нақты бірлескен жобаларға ұластыру мақсатында практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1169536?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығымен кездесті 26.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 25 ақпан – Лондонға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев британ бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. Британ тарапынан іс-шараға Бизнес және сауда жөніндегі министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Ұлыбритания Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының британдық бөлігінің тең төрағасы Крис Брайант, Британ-қазақ қоғамдастығының төрағасы Руперт Гудман, сондай-ақ бірқатар британдық «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» компанияларының басшылығы мен «Coventry University» мен «Cardiff University» өкілдері қатысты.Қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.«Жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар аясында Қазақстан инвесторларды қорғауды одан әрі нығайтып, нысаналы салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды жалғастыруда. Біз бұрынғыдай инвестицияларыңыздың ұзақ мерзімді қайтарымын қамтамасыз етуге берік бейілдіміз. Бұған саяси тұрақтылық, қолайлы бизнес-орта және экономикамызда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған тұрақты күш-жігеріміз жәрдемдеседі», – деп Е.Көшербаев өз сөзінде атап өтті.Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.«Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізді, оның орташа нақты жылдық көрсеткіші 5,7%-ды құрайды. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес еліміздің номиналды жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асады, бұл бізді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына қосады. Қазіргі уақытта Орталық Азияға тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі, бұл еліміздің өңірдің экономикалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады», – деді Е.Кошербаев.Өз кезегінде К.Брайант Қазақстандағы британ инвесторларының жетістіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол жасыл экономика, сирек жер металдары, көлік және транзит, білім беру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді. Ол бұл жобалардың орнықты инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырып, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтатынын және маңызды материалдардың халықаралық нарықтарға жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.Форум қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты күшейту өңірдің орнықты дамуына және жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінімен келісті. Сондай-ақ олар қазақ-британ серіктестігін диалог деңгейінен Қазақстан экономикасының жаңа басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру кезеңіне көшірудің маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша мыналарға қол қойылды:- 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;- «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум.Бұдан бөлек, Қазақстандағы британдық білім беру мекемелерінің қатысуын кеңейту, оның ішінде Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу, «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу, сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу туралы жарияланды.Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы он ірі инвестордың қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша британ инвестицияларының көлемі 723,7 млн АҚШ долл. құрады, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 471,5 млн АҚШ долларына жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171566?lang=kk
«Air Canada» әуекомпаниясының штаб-пәтеріне бару туралы 26.02.2026
2026 жылғы 23 ақпан, Монреаль. ИКАО Аэронавигациялық комиссиясының мүшелері мен бақылаушылары «Air Canada» әуекомпаниясының штаб-пәтеріне барды. Қазақстан Республикасы Комиссияда бақылаушы мәртебесіне ие.Сапар барысында әуекомпанияның басшылығы мен салалық мамандары тасымалдаушының қызметі, ұшу қауіпсіздігі саласындағы басымдықтар, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жүйесі және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде ақпарат ұсынды.Презентациялармен «Air Canada»-ның нормативтік сәйкестік және персоналды даярлау жөніндегі аға директоры Бенуа Лёкур мырза мен «Boeing» үлгісіндегі әуе кемелерін пайдалану жөніндегі инженері Кристофер Вонг мырза сөз сөйледі. Олар авиациялық персоналдың шаршау тәуекелдерін басқару бағдарламасы мен әуе кеменің техникалық жай-күйі туралы деректерді талдайтын «Boeing Aircraft Health Monitoring» жүйесі туралы баяндады.Сонымен қатар, қатысушылар әуекомпанияның ангарын аралады. Делегация әуе кемелерге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен және олардың жай-күйін бақылау жүйесімен танысты.Планшеттік құрылғылар арқылы басқарылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) жұмысы көрсетілді. Олар ұшуларға дейін және ұшудан кейін әуе кемесінің сыртқы бетін визуалды тексеру; фюзеляждың, қанат пен құйрық бөлігінің микроскопиялық зақымдарын анықтау; элерондардың жай-күйін бақылау; сондай-ақ мұзға қарсы өңдеуден кейін әуе кеменің жағдайын тексеру үшін қолданылады.Дрондарды пайдалану тексеру уақытын едәуір қысқарту, ақауларды анықтау дәлдігін арттыру мен адами факторына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.«Air Canada» – 1937 жылы құрылған, штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан Канаданың ең ірі әуекомпаниясы. Компания әлем бойынша 200-ден астам бағытта жолаушылар мен жүк тасымалдарын (тұрақты және чартерлік) жүзеге асырады. Негізгі хабтары – Торонто қаласындағы Пирсон әуежайы, Монреаль қаласындағы Пьер Эллиот Трюдо әуежайы және Ванкувер әуежайы. Әуе кемелері паркі шамамен 210 бірлікті құрайды және «Airbus» (A220, A320, A321, A330) және «Boeing» (737 MAX 8, 777 LR, 777 ER, 787 Dreamliner) үлгілерінен тұрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1169558?lang=kk
Катонқарағай ауданында жаңа аудан әкімінің орынбасары тағайындалды — Фархат Құсайынов. 26.02.2026
Аудан әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Фархат Құсайынов жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария және кәсіпкерлік мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Фархат Құсайынов 1978 жылғы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған. Қатардағы қызметкерден бастап басшылық лауазымдарға дейін көтеріліп, мүліктік қылмыстарды және жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бағытындағы бөлімшелерде қызмет атқарған.Кейіннен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде еңбек етіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бағытында жұмыс жүргізді. Алматы және Жетісу облыстары кәсіпкерлер палаталарының филиалдарын басқарған. Депутаттық қызмет тәжірибесі бар.2025 жылғы қарашадан 2026 жылғы ақпан айына дейін Катонқарағай ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.Бұл тағайындау аудан үшін маңызды бағыттарды — аграрлық секторды, жер қатынастары мәселелерін және кәсіпкерлікті дамытуды қамтиды.Фархат Құсайыновқа Катонқарағай ауданының игілігі жолында табысты әрі нәтижелі қызмет тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169559?lang=kk
Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы әріптестікке жаңа серпін беруде 26.02.2026
Афина, 25 ақпан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасының Білім, дін және спорт министрі София Захаракимен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілікті растады және білім беру мен гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылға жаңа серпін беру жөнінде уағдаласты.Кездесуде білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Құжаттың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға, оның ішінде алмасуларды кеңейтуге, жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын іске қосуға дайындық расталды. Осы тұрғыда студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын кеңейтудің, жоғары оқу орындары арасында орнықты әріптестік тетіктерін қалыптастырудың, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.Елші қазақстандық тараптың елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар және жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат беріп, аталған өзгерістердің парламенттік жүйені одан әрі нығайтуға, тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерін жетілдіруге және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан өткізетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің конфессияаралық диалогты дамытуға, бейбітшілік, өзара құрмет және жаһандық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетуге арналған беделді халықаралық алаң ретіндегі маңыздылығы ерекше аталды.Сапар аясында Қазақстан Елшісінің Грекияның Білім, дін және спорт министрлігінің жоғары білім мәселелеріне жетекшілік ететін Вице-министрі Николас Папаиоаннумен кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын жүзеге асыру перспективалары мазмұнды түрде талқыланды.Тараптар гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары жөнінде де пікір алмасты. Мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға өзара қызығушылық расталып, Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністіктің табиғи көпірі ретіндегі маңызды рөлі атап өтілді.Қол жеткізілген уағдаластықтар бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға және білім мен мәдениет саласындағы Қазақстан-Грекия әріптестігін дәйекті түрде нығайтуға берік негіз қалайды.Анықтама: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім 2002 жылғы 26 маусымда қол қойылып, 2007 жылғы 12 наурызда күшіне енді. Құжат білім және мәдениет салаларында екіжақты өзара іс-қимылды дамытуды, оның ішінде студенттер мен оқытушылар алмасуды, білім беру және мәдени мекемелер арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1169565?lang=kk
Бүгін Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. 26.02.2026
Іс-шараға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Д. Төлебаев және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Д. Асқарова қатысты.Кездесу барысында бағдарламаның мақсаты, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған негізгі тетіктері, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары мен қатысу шарттары жан-жақты түсіндірілді.Тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен бағдарламаға қатысу алгоритмі егжей-тегжейлі баяндалды.Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169566?lang=kk
Бүгін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. 26.02.2026
Іс-шараға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Д. Төлебаев және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Д. Асқарова қатысты.Кездесу барысында бағдарламаның мақсаты, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған негізгі тетіктері, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары мен қатысу шарттары жан-жақты түсіндірілді.Тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен бағдарламаға қатысу алгоритмі егжей-тегжейлі баяндалды.Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169567?lang=kk
Бүгін эксперттік топ мүшелері Жәнібек Қызыр мен Мерғазин Төленді «Алтайкомхозсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымымен кездесті. 26.02.2026
Кездесу барысында конституциялық реформалардың маңыздылығы айтылып, олардың ел дамуына және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді.Ұжым қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169568?lang=kk
Аудандық мәслихат депутаттары Ж.Тыныбеков пен А.Исабаева Коробиха ауылының мұғалімдерімен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылады. 26.02.2026
Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу еркін форматта өтті. Кездесу соңында қатысушылар референдумға белсенді қатысуға шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169569?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының еңбек мобильділігі орталығының Катонқарағай ауданы бойынша мансап орталығы филиалының қызметкерлерімен еліміздегі жаңа Конституция жобасы талқыланды. 26.02.2026
Кездесу барысында құжатта қарастырылған мемлекет басқару жүйесі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ билік тармақтарының рөліне қатысты маңызды өзгерістер түсіндірілді.Қазіргі уақытта жоба көпшілік назарына ұсынылып отыр. Әр азамат оны оқып, өз пікірін білдіруге құқылы.Мұндай ашық талқылау елдің даму бағытын бірлесіп айқындауға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1169570?lang=kk
Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі 26.02.2026
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі мен Мексика Парламенті Депутаттар палатасындағы Достық тобы 2026 жылға арналған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Іс-қимыл жоспарына қол қойды.Аталған құжат өзара іс-қимылды жандандыру аясында бірқатар мәселелерді қамтиды, оның ішінде саяси және парламентаралық диалогты дамыту, экономикалық және мәдени дипломатия, технологиялар, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық, орнықты даму және басқа да бағыттар бар.Нақты қадамдардың бірі ретінде парламентшілердің өзара сапар алмасуын ұйымдастыру ниеті көзделген. Мексикалық заң шығарушылар Қазақстанда конституциялық реформа қабылданған жағдайда өтетін ықтимал парламенттік сайлауға қызығушылық танытты.Қазақстан Парламентімен өзара жұмыс аясында жасанды интеллект саласындағы заңнаманы әзірлеу және қабылдау жөніндегі қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірілді.Тараптардың бірлескен күш-жігерін қажет ететін тағы бір маңызды бағыт – елімізде Мексиканың Елшілігін ашу мәселесі.Мексикалық парламентшілер Мексика Депутаттар палатасының қабырғасында Наурыз мейрамын атап өтуді ұйымдастыруда Елшілікке қолдау көрсетуге дайын.Сонымен қатар, Мехико қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарының студенттері алдында Қазақстан тақырыбында бірлескен дәрістер мен кездесулер өткізу шаралары жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1169571?lang=kk
Еуропарламентте өңірлік ынтымақтастық және Қазақстандағы конституциялық реформалар мәселелері талқыланды 26.02.2026
2026 жылғы 24 ақпан, Брюссель – Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерімен бірлесіп, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Паскаль Аримонтпен кездесті.П. Аримонт – Бельгиядағы неміс тілді қауымдастықтың Еуропарламенттегі жалғыз өкілі. Неміс тілді қауымдастық француз және фламанд қауымдастықтарымен қатар елдегі үш ресми тілдік қауымдастықтың бірі болып табылады.Кездесу барысында Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ ұсынылған елдердің Бельгиямен және, атап айтқанда, жоғары технологиялық дамуымен әрі өмір сүру деңгейінің жоғарылығымен танымал неміс тілді қауымдастықпен ынтымақтастығы талқыланды. Елші Р. Василенко Еуропарламент депутатын Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы референдум туралы хабардар етіп, оны Бельгиядағы реформалармен салыстырды. Бұл реформалар аясында бұрын Парламент Сенатын тарату туралы шешім қабылданған болатын.Сондай-ақ Қазақстандағы этникалық немістердің белсенді қызметі үшін жасалған қолайлы мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ерекше назар аударылды. Дипломат олардың ата-бабаларының өткен кезеңде елге күштеп қоныс аударылған тағдыры туралы айтып, қазіргі таңда неміс қауымдастығы Қазақстанның көпұлтты халқының құрамында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, өсіп-өркендеп отырғанын атап өтті.Кездесу Қазақстандағы Алғыс айту күні қарсаңында өтіп, талқылауға ерекше символикалық мән берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1169574?lang=kk
Финикс қаласында Қазақстан Республикасына арналған Елшілердің жыл сайынғы балы өтті 26.02.2026
Аризона штатында Қазақстан Республикасына арналған 35-ші жылдық Елшілер балы өтті. Салтанатты іс-шараны Аризона штатындағы Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Хью Холман Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.Елшілер балы – мәдениет, білім және экономикалық ынтымақтастық салаларында Қазақстан мен Аризона арасындағы екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған маңызды дипломатиялық және мәдени алаң болып табылады. Салтанатты рәсімге Аризона штаты мен Финикс қаласының басшылығы, штаттың Сенат мүшелері, іскер қауымның және дипломатиялық корпус өкілдері қоса алғанда 500-ден астам қонақ қатысты.Іс-шарада АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде Қазақстан мен АҚШ екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен болашақ перспективаларына тоқтала отырып, білім және экономика салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараның құрметті қонақтарының бірі – Аризона университетінің президенті Солтүстік Қазақстандағы Петропавл қаласындағы Қозыбаев атындағы университетпен орнатылған академиялық серіктестік туралы баяндады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы іске асырыла бастаған бұл ынтымақтастық бүгінде жоғары білім саласындағы қазақстан-американдық байланыстың ең табысты үлгілерінің бірі болып танылды.Кештің ажырамас бөлігі болған мәдени бағдарлама қатысушылар арасында айрықша қызығушылық тудырды. Қонақтарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасын таныстырған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өнері, сондай-ақ дәстүрлі қазақ биінің үлгілері ұсынылды.35-ші Елшілер балы Аризонаның іскер және саяси қауымдастығының Қазақстанға деген тұрақты қызығушылығын тағы бір мәрте растады. Іс-шара жылы ахуалда өтіп, соңғы жылдардағы ең көп қатысушыны жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1169575?lang=kk
Қазақстан мультилатерализмнің рөлін күшейтуді және жаһандық сын-қатерлерге бірлескен жауап әзірлеу үшін тиімді ынтымақтастықты дамытуды қолдайды 26.02.2026
Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ынтымақтастықтың практикалық мәселелерін талқылау үшін БҰҰ-ның негізгі агенттігі мен басқа да халықаралық ұйымдардың 10 басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесуде Қазақстанның көпжақты дипломатияға беріктігі және БҰҰ-мен белсенді ынтымақтастығы тағы бір мәрте расталды. Өз кезегінде Т.Валовая Қазақстанның халықаралық бастамаларға қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалап, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу, Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыру, Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын ашу, сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын айрықша атап өтті.БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесуде Қазақстанның БҰҰ шарттық органдарымен және Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезендік шолу (ӘКШ) тетігімен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының мандатын қолдауға адалдығы расталды. Ф.Тюрк 2023 жылы Қазақстанға жасаған сапары қорытындысы бойынша әзірленген бірлескен «жол картасын» жүзеге асыру аясында қалыптасқан сенімге негізделген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады.Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесу «лайықты еңбек» жөніндегі бірлескен «жол картасын» іске асыру мәселелеріне арналды. Тараптар еңбек құқықтарын қорғау және халықаралық еңбек стандарттарын ұлттық заңнамада бекіту бағытындағы оң серпінді ерекше көрсетті. Қазақстан Әлеуметтік әділеттілік үшін Жаһандық коалицияны қолдайтынын растады және Орталық Азияда ХЕҰ өңірлік бағдарламаларын кеңейтуге мүдделілік танытты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры д-р Тедрос Гебрейесуспен әңгіме барысында Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы жоғары деңгейлі серіктестік айқын көрініс тапты. Қазақстан ДДСҰ-ның орнықты әрі адамға бағдарланған денсаулық сақтау жүйелерін нығайту жөніндегі жұмысына қолдау көрсететінін растады. Әсіресе Қазақстан бастамашы болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) жөніндегі Жаһандық коалиция және АМСК моделін жаһандық деңгейде ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, дағдарыс кезендерінде халыққа медициналық және гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ ДДСҰ басшысының 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуы талқыланды.БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Бархам Салихпен кездесу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған саясатына оң баға берілді. Босқындар жөніндегі Жаһандық форум аясында қабылданған ерікті міндеттемелерді іске асыру барысы және көші-қон үдерістерін басқаруда цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесі кеңінен сөз болды.Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Вице-президенті Жиль Карбонньемен өткен кездесуде басым гуманитарлық мәселелер көтерілді. Тараптар халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси міндеттемені нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманы алға жылжытуға және осы бастамаға арналғанәқә, жылы Иорданияда өтетін Жоғары деңгейдегі конференцияға дайындалуға ниетті екендерін растады.БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесуде халықаралық стандарттарды енгізу және көлік, сауда, экология, энергетика және инновациялар салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды. БҰҰ ЕЭК-тің Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға және оның қорытындыларын көпжақты экологиялық конвенциялар мен СПЕКА алаңында іске асыруға қызығушылық танытатыны атап көрсетілді.Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақстанның жаһандық цифрлық күн тәртібін ілгерілетудегі, электрондық үкіметті дамытудағы, инновациялық экожүйе мен жасанды интеллект технологияларын дамытудағы белсенді рөлі атап өтілді.Халықаралық көші-қон ұйымы (ХҚҰ) Бас директорының орынбасары Сона Ли Қазақстанның көші-қон саясатына және еліміздің Алматы үдерісі шеңберіндегі төрағалық қызметіне оң баға берді. Кездесу барысында практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге өзара қызығушылық білдірілді.Сонымен қатар, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жоғары деңгейдегі апталығы мен Қарусыздану жөніндегі конференция аясында Е.Ашықбаев қарулы қақтығыстар жағдайында ғибадат орындарын қорғауға арналған параллель іс-шарада сөз сөйледі. Ол өз сөзінде діни нысандардың мәдени мұраның бір бөлігі әрі гуманитарлық қолдау көрсетілетін маңызды кеңістік екенін айрықша атап өтіп, халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси міндеттемені нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілетуге Қазақстанның берік ұстанымын растады және мемлекеттерді оның практикалық іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.Барлық кездесулер барысында халықаралық құрылымдардың басшылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтары туралы жан-жақты хабардар етілді. Аталған жаңашылдықтар адамға бағдарланған сипатқа ие болып, әділеттілік пен құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға, адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын конституциялық деңгейде қорғауды бекітуге, оның ішінде дербес деректерді қорғау мен азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1170069?lang=kk
Кенияда парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды 26.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Б.Садықов Кения Парламенті Ұлттық Ассамблеясының Спикері Ж.М. Мозес М. Ветангуламен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Осы контексте Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңа Конституция жобасының ережелері, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Республикалық референдумды өткізуге дайындық туралы ақпарат ұсынылды.Сонымен қатар, Б.Садықов контр-әріптеске ҚР Парламентінің қызметі және Парламенттің Кениямен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде Достық тобын құру және екі ел парламенттері арасында кездесулер өткізу арқылы мүдделілігі туралы егжей-тегжейлі хабарлады.Ж.М. Мозес М.Ветангула, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының жетістіктерін жоғары бағалай отырып, Кенияның парламенттік жүйесі туралы хабарлап, елдің негізгі даму жолдарын, соның ішінде жас ұрпақтың басымдығын ескеріп, экономикалық өсімді ынталандыру және әлеуметтік қорғауды жақсартуды атап өтті.Сондай-ақ, Ж.М. Мозес М. Ветангула Кенияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеп, Найробидің парламентаралық қарым-қатынасты және екі ел арасындағы парламенттік делегациялар алмасуды, барлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайту ниетін атап, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығына назар аударып, Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі нығайту бойынша өзара мүдделілікті растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1169585?lang=kk