Әлем
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ-қа еншілес ұйым құруға рұқсат беру туралы 28.11.2025
Агенттік Басқармасы 2025 жылғы 25 қарашадағы № 77 «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «Фридом Банк Грузия» акционерлік қоғамын құруға рұқсат беру туралы» қаулы қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1114885?lang=kk
«Арман қанатында. На крыльях мечты» 28.11.2025
2025 жылғы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Арман қанатында. На крыльях мечты» атты балалар шығармашылығы фестивалі өтті.Бұл фестиваль әрбір қатысушы өз қабілетін көрсетіп, жаңа нәрселер үйреніп, достар тауып, эмоционалды қолдау ала алатын коммуникациялық алаң ретінде ойластырылып, ұйымдастырылды.Фестивальдің іс-шаралары кітапхананың бірнеше импровизацияланған алаңында өтті, әр алаңда өзіндік жылы әрі жайлы атмосфера орнады. «Көк трактормен» бірге кітап көрмесінде ұсынылған әдеби кейіпкерлерге иммерсивті саяхат жасады. Табиғи материалдардан коллаж жасау шеберханасына қолданбалы өнерге бейім балалар қатысты. Ойын алаңында ерекше қызығушылық сезілді — крафт ойындарымен танысу күнде бола бермейтін мүмкіндік екені анық. Ал ең жүрекке жылы эмоциялар импровизацияланған сахнада өлеңдер мен әндер шырқалып, бишілер мен актерлердің өнеріне зал ду қол шапалақтаған сәтте туды. Әрбір өнер көрсетушіге шын жүректен алғыс айтылды.Дәстүрге сай, фестиваль салтанатты сәтпен — қатысушыларды құттықтау, сертификаттар мен алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1114847?lang=kk
«Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және аудиоконтроль жүйесі» іске қосылды 28.11.2025
«Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің мүдделері үшін жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік органдар арасында цифрландырудың флагманына айналуы тиіс» деп атап өтті. Бұл жүйелі қадамдар мемлекет пен бизнес арасындағы түбегейлі жаңа, сервистік қатынастар моделін қалыптастыруға бағытталған». Осы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және дыбыстық бақылау жүйесі» пилоттық жобасы іске қосылды. Бастама сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсету процестерінің ашықтығын және сапасын арттыруға бағытталған озық шешімдерді енгізудегі маңызды қадамды білдіреді. Инновациялық жүйе - адам факторын барынша азайтатын кешенді шешім болып табылады. Жоба аясында жұмыстың негізгі кезеңдері автоматтандырылған: QR-тіркеу, кезекті интеллектуалды бөлу, диалогтарды аудиобақылау және транскрипциялау, қызметкерлер мен СЭҚ қатысушыларының рейтингтік бағалауы қалыптастырылуда, клиенттің маманды еркін таңдау немесе кезексіз өту мүмкіндігі жойылды. Қызмет көрсету сапасын бақылау және этикаға ерекше назар аударылған:жүргізілген диалогтардың аудиожазбалары жасанды интеллект арқылы талданады. Арнайы алгоритмдер сөйлемдердің дұрыстығын, сыпайылық және эмоцияналдық деңгейін бағалап, анықталған бұзушылықтар бойынша автоматты түрде хабарламалар қалыптастырады. Жүйе іске қосылған сәттен бастап жоғары тиімділікті көрсетті. 2025 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін жүйе арқылы 11 000 талон беріліп, орташа нормативтік қызмет көрсету уақыты айқындалды. Жасанды интеллект 6 000 аудиожазбаны өңдеп, олардың 18%-ында этикалық нормаларға сай келмейтін сөз тіркестерін анықтады. Алынған объективті деректер негізінде бекет қызметкерлерімен қызметтік этиканы сақтау бойынша тиісті шаралары жүргізілді. Барлық ақпарат Ситуациялық орталықта нақты уақыт режимінде көрсетіле отырып, басшылыққа жұмыс жүктемесі және тәуекелдер туралы аналитикалық мәліметтерге негізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1114871?lang=kk
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 25%-ға өсті 28.11.2025
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың айтуынша, соңғы жылдары ШОБ дамуының оң серпіні байқалады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ШОБ-тын ЖІӨ-дегі үлесі 39,8%-ды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,2%-ға 1,6 п.п. артық. Кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2025 жылдың 2-ші тоқсанында 3,8%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті«2025 жылдың 2-ші тоқсанындағы мәліметтер бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің 91,2%-ы өз қызметін жалғастыруда», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 25%-ға өсіп, 42,7 трлн теңгені құрады. Өнім шығарылымының ұлғаюы сауда, өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы саларында байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1114816?lang=kk
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясындағы іс-шара 28.11.2025
ШҚО музей-қорығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлері және музей қызметкерлеріне «Әлемді бірге мейірімді етейік» атты тақырыптық кездесу өткізілді. Іс-шараға «Үлбі» дағдарыс орталығының, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің, «Ана Үйі» қоғамдық қорының мамандары, облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері шақырылды. Кездесуге қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған әңгіме жүргізілді, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды. Қонақтар өзекті мәселені шешуде өз көзқарастары туралы пікірлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1114831?lang=kk
Жаһандық маркетплейстердің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимылы 28.11.2025
2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Қытай Халық Республикасында электрондық сауданы дамытуға, цифрлық интеграцияға және жаһандық трансформация жағдайында салықтық және кедендік әкімшілендіру тетіктерін жетілдіруге арналған халықаралық конференция өтті. Аталған конференцияға Қазақстан тарапынан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төраға орынбасары Сеилжан Ахметовтың басшылығымен өтті. Бағдарлама аясында 1688, Alibaba International Digital Commerce Group, Pinduoduo, Taobao және TEMU секілді әлемдегі ірі электрондық коммерция интернет-платформаларымен келіссөздер өткізілді. Кездесулер барысында қазақстандық тарап 2026 жылдан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін таныстырды. Ерекше назар шетелдік онлайн-платформалардың қызметіне тікелей қатысты нормаларға аударылды:ҚҚС мөлшерлемесін 16 %-ға дейін арттыру,шетелдік интернет-платформаларды шартты тіркеу қағидалары,ҚҚС әкімшілендіру тетіктері,деректер алмасу талаптары. Комитет өкілдері электрондық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және салықтық тәуекелдерді барынша азайту бойынша Қазақстанның тәсілдерін жан-жақты түсіндірді. Бөлек бөлім ретінде шетелдік интернет-платформалардың Қазақстан нарығындағы дамуының перспективалары, сондай-ақ қазақстандық сатушылардың халықаралық электрондық саудаға қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды. Ғаламдық компаниялар ынтымақтастықты кеңейтуге және отандық жеткізушілерді өз экожүйелеріне тартуға мүдделілік танытты. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік интернет-платформалар Қазақстан Республикасы бюджетіне 55,7 млрд теңге көлемінде түсім қамтамасыз етті, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (32 млрд теңге) 23 млрд теңгеге артық. Бұл өсім ашықтықтың артуын, салықтық әкімшілендіру деңгейінің жоғарылауын және трансшекаралық цифрлық сауданың дамуын көрсетеді. Келіссөздер барысында тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беру мәселелеріне және пошта жөнелтілімдерін жедел өңдеу мен логистикалық процестерді оңтайландыру үшін қажетті мәліметтер құрамына қойылатын талаптарға ерекше көңіл бөлінді. Делегация құрамына сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйым – деректер алмасу және ақпараттық жүйелерді интеграциялау саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға жауапты «Digital Silk Road Company» ЖШС қатысты. Жұмыс сапары әлемнің жетекші интернет-платформаларымен өзара іс-қимылды нығайтуға, өзекті ақпарат алмасуға және цифрлық сауданы дамыту бойынша одан арғы шараларды келісуге мүмкіндік берді. Сапардың нәтижелері салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, операциялардың ашықтығын арттыру және Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияның бәсекеге қабілетті экожүйесін қалыптастыру үшін маңызды мәнге ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1114837?lang=kk
Қазақстан-Конго қатынастарының перспективалары Киншасада талқыланды 28.11.2025
Киншаса, 2025 жылғы 27 қараша - Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаевтың жұмыс сапары аясында Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық, франкофония және конголездік диаспора істері министрлігінде келіссөздер өтті. Конголездік делегацияны КДР Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Франсуа Шабани басқарды.Келіссөздерге сондай-ақ КДР-дың мемлекеттік органдарының, оның ішінде сауда, көлік, тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс, жоғары білім министрліктерінің және т.б. өкілдері қатысты.Келіссөздер барысында қатысушылардың негізгі назары 2025 жылғы 9-10 қыркүйекте өткен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Антуан Чисекеди Чиломбоның Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне аударылды.Атап айтқанда, тараптар жақын болашақта екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында дипломатиялық және саяси консультациялар өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, дипломатиялық паспорт иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісім жасасу перспективалары қаралды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту контекстінде мемлекеттік органдар мен іскер топтар өкілдерінің сапарлар алмасуы, инвестиция саласындағы келісім жасасу, көлік-логистикалық өзара іс-қимыл, тау-кен және қорғаныс өнеркәсібі, жоғары білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын бірлесіп зерттеу үшін консультативтік тетіктер құру мәселелері талқыланды.Қазақстан Елшісі Конго Демократиялық Республикасының Африка континентіндегі маңызды әріптестердің бірі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Астана мен Киншаса арасындағы екіжақты ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін, бірақ қазіргі уақытта оның толық іске асырылмағанын баса айтты.Өз кезегінде, Ф.Шабани өткізілген келіссөздердің маңыздылығын растап, конголездік тараптың да Астанадағы мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Сондай-ақ, Қазақстан Елшісінің КДР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама және консулдық қызметінің басшысы Гертруда Бенгонга Элофа ханыммен кездесуі өтті. Әңгіме барысында тараптар консулдық қызмет саласындағы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1114796?lang=kk
Ұлттық ұланда оқ атудан жарыс өтті 28.11.2025
5573 әскери бөлімінің біріккен оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында ПМ-16, АК-18-ден ату және спорттық жаттығуларды орындау бойынша жеке-командалық біріншілік өтті. Бас қолбасшылықтың бастамасымен өткен біріншілік әртүрлі басқармалар мен бөлімшелердің үздік атқыштарын жинады.Жарыс атыс дайындығының деңгейін арттыру, кәсіби тәжірибе алмасу және жеке-командалық сынақтарда жоғары нәтиже көрсете алатын мықты әскери қызметшілерді анықтау мақсатында өткізілді.Тартысты доданың қорытындысы бойынша Калашников автоматынан ату бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:1 орын — подполковник Ермек Тұғынов, Бас жедел басқарманың әскери қызметшісі;2 орын — аға лейтенант Нұрлан Төленханов, Тыл басқармасының заттай қамтамасыз ету бөлімшесінің офицері;3 орын — майор Далелхан Жолболсын, 6636 әскери бөлімінің қару-жарақ және әскери техниканы есепке алу қызметінің бастығы. Макаров тапаншасынан атудан ең мықты атқыштар:1 орын — подполковник Дулат Әбілмәжінов, Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қызметінің аға офицері;2 орын — полковник Илья Фрузенков, Техника және қару-жарақ басқармасының қару-жарақ бөлімінің бастығы;3 орын —подполковник Жасұлан Сембеков, техникалық байланыс бөлімінің офицері. Командалық күресте жарыстар да шиеленісті болды:1 орын — Арнайы операциялар орталығының құрамасы ;2 орын — Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының құрамасы;3 орын — Тыл басқармасының құрамасы.Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен және Бас қолбасшы грамотасымен марапатталды.Барлық жүлдегерлер Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.Мұндай жарыстарды өткізу құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1114803?lang=kk
Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды 28.11.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан мәдени байланыстар кеңесінің бас директоры Нандини Сингламен кездесті.Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, сондай-ақ осы саладағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Елші А.Есқараев Қазақстан Үндістанмен мәдени қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ қазақ халқының Ұлы ақыны Абайдың таңдамалы шығармаларының бірін үнді тіліне аударуда қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, үнді халқының қаламгер, ақыны Рабиндранат Тагордың шығармасы қазақ тіліне аударылғаны туралы айтты. Сондай-ақ Елші бұл еңбектер екі ел арасындағы мәдени түсіністікті нығайтып, зияткерлік мұраның ортақ құндылықтарын қолдайтынын атап өтті.Сонымен бірге Қазақ дипломаты Алматы қаласындағы үнді классикалық биі мен йога орталығы туралы айтып, орталықтың Үндістандағы өнер сүйер қауымына қазақ биін үйрену бойынша мастер-класс өткізу мүмкіндігімен бөлісті. Бұл арқылы Үндістанға қазақ би өнерінің көркемдігі мен сұлулығын сезінуге мүмкіндік бере алатыны аталды.Осыған қоса Елші қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында қызығушылық танытқан студеттерге хинди тілін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Бас директор Нандини Сингла келер жылы Үндістанда болатын ән және би фестивальдары туралы айтып, оларға қазақстандық ән және би ансамбльдердің қатысу мүмкіндігіне назар аударды. Осыған қоса ол Қазақ өнерпаздарының Үндістандағы халықаралық мәдени іс-шараларға қатысуы ынтымақтастыққа үлкен серпін беретіні және концерттік бағдарламаны байытатыны туралы ой бөлісті.Бұдан басқа Н. Сингла кеңестің Үндістанда шетелдік студеттердің оның қатарында қазақстандық студенттердің толықтай тегін, әрі шәкіртақымен білім алуларына мүмкіндік бар екенін атап өтті.Осыдан басқа үнді тарапының өкілі Махараштра штатындағы 11 бекініске ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра мәртебесі беруіне қолдау қөрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени дипломатияның барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.Үндістан мәдени байланыстар кеңесі - сыртқы мәдени байланыстарды жүзеге асыру, мәдени алмасуды дамыту және өзара түсіністікті нығайтумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1114768?lang=kk
0,7 және 0,5 - көлік салығы бойынша жаңа коэффициенттер 28.11.2025
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көлік құралдары салығын есептеу тәртібі өзгерді, бұл әсіресе пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктерге қатысты.🚗 Пайдалану мерзімі бойынша коэффициенттер:• 10 жылдан 20 жылға дейін - коэффициент 0,7• 20 жылдан жоғары - коэффициент 0,5Бұл ұзақ жыл пайдаланылған автокөлік иелері үшін салық ауыртпалығын төмендетеді.📌 КҚШ үшін маңыздыБір пикап (жүк платформасы мен бөлек кабинасы бар жеңіл көлік) - бір крестьян немесе фермер шаруашылығына салық төлеуден босатылады.📄 Тағы қандай өзгерістер бар:• Автокөліктерді түріне қарай (пикап, джип, лимузин) бөлетін норма алынып тасталды. Енді көлік санаты жүргізуші куәлігінің санатына (A, B, C, D) байланысты айқындалады.• 31.12.2013 жылдан кейін өндірілген немесе әкелінген, 3000 текше см-ден жоғары қозғалтқышы бар автокөліктерге арналған жеңілдетілген ставкалар алынып тасталды.• Заңды тұлғалар үшін көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу міндеті алынып тасталды - енді тек жылдық декларация тапсырылады.• Сол сияқты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі де алынып тасталды - тек жылдық декларация және төлем.📆 Төлеу мерзімдері:• Жеке тұлғалар - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін.• Заңды тұлғалар - декларация тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде.‼️ Бұл өзгерістер салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және ашықтығын арттыру мақсатында жаңартылған Салық кодексі аясында енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1114769?lang=kk
3 және 5 жыл - 2026 жылғы Салық кодексіндегі талап қою мерзімдері 28.11.2025
Жалпы талап қою мерзімдері 3 және 5 жыл деңгейінде сақталған, алайда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде бірқатар өзгерістер енгізілді.📌 Жаңа енгізілімдер:• Егер салық төлеуші (салық агенті) талап қою мерзімі аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалған кезең бойынша қосымша салық есептілігін немесе хабарлама бойынша есептілікті ұсынған жағдайда, талап қою мерзімі 1 күнтізбелік жылға ұзартылатыны көзделген.• Талап қою мерзімін тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылған:1. Салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері бойынша хабарламаны орындаған күнге дейін;2. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру кезінен бастап жоғары тұрған органның шешімі немесе сот актісі заңды күшіне енген күнге дейін.💡 Сондай-ақ, егер салықтық тексеру талап қою мерзімі аяқталған салық кезеңінен кейін аяқталса және тексеру басталғанға дейін 30 күннен аз уақыт қалған болса, онда бұл кезең бойынша мерзімді тоқтата тұру қолданылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1114778?lang=kk
Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық 28.11.2025
Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық 27 қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Федоров ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері үшін «Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.Кездесу барысында қатысушылар сыйбайлас жемқорлықты антына опасыздық жасау ретінде қарастырып, сондай-ақ қадағалау қызметіндегі этикалық тәуекелдер мен әрбір ТЖ қызметкерінің қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін талқылады.Әсіресе адалдық-қоғамның сенімін бұзып, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әлеуметтік кеселге қарсы басты «сөндіргіш» екеніне ерекше назар аударылды. Кітапхана ТЖ бөлімі басшылығына ынтымақтастығы үшін және мемлекеттік қызметтегі этика мәселелерін ашық талқылауға дайын болғаны үшін алғыс білдіреді.#АнтикоррупциялықМәдениетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1114780?lang=kk
Қазақстан-Үндістан: өңірлік өзара іс-қимылды тереңдету жолында 28.11.2025
27 қараша, 2025, Нью-Дели. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі А.Есқараев Үндістанның Пенжаб штатымен ынтымақтастықты дамытуға арналған «CIS Ambassadors' Roundtable» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.Анықтама: Пенжаб Үндістанның ең дамыған аграрлық аймақтарының бірі болып табылады және дәстүрлі түрде «елдің астығы» болып саналады. Сондай-ақ, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылық өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Штаттың халқы шамамен 31 миллион адамды құрайды.Іс-шараға Үндістанда аккредиттелген елшілері Пенжаб штатының өнеркәсіп және сауда министрі С.Арора, ҮР Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры А. Кумар және штат Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Қазақстанда Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен бәсекеге қабілетті салық режимін, инвесторларды қорғауды және шетелдік бизнесті қолдаудың арнайы жүйесін қоса алғанда, экономиканы әртараптандыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.Сонымен қатар қазақ дипломаты ықтимал жан-жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілеп, жергілікті бизнесті Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. «Бұл ынтымақтастық экономиканы, мәдениетті, білім беруді қоса алғанда, әртүрлі салаларды қамтуы мүмкін және біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуі мүмкін», - деді ол өз сөзінде.Өз тарапынан С.Арора алға қойылған бастамаларға жоғары баға беріп, штат Үкіметі Қазақстанды өңірдегі негізгі әріптестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.Іс-шара 2026 жылдың 13-15 наурызы аралығында Мохали қаласында өтетін 6-шы «Прогрессивті Пенжаб» саммитіне орайластырылып, Қазақстан тарапы оған қатысуға шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1114785?lang=kk
Өзбекстанның ІІМ делегациясы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында болды 28.11.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми делегациясы келді. Сапар мақсаты – тәжірибе алмасу және күзет пен айдауыл қызметін ұйымдастырудың озық тәсілдерін зерделеу.Делегация құрамында Қараулдық әскерлер қолбасшылығы штабы бастығының орынбасары полковник Акбар Очилов, Күзету техникасын енгізу бөлімінің аға офицері подполковник Элбек Шайманов және Штабтың жауапты қызметкері подполковник Бахтиёр Рахимов болды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қайрат Актановтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде қызметтің негізгі бағыттары мен әскердің тиімділігін арттыру тетіктері талқыланды.Делегация әскери бөлімдердің жұмысы үйлестірілетін және заманауи мониторинг технологиялары қолданылатын Әскерлерді басқару орталығының қызметімен танысты.Айдауыл қызметіне де ерекше назар аударылды. Өзбекстандық мамандар 6636 әскери бөліміне барып, сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру үшін қолданылатын арнайы вагонның жұмыс тәртібімен танысты.Сондай-ақ делегация Аршалыдағы жеке атқыштар ротасына барып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесін қорғау жүйесін және өндірістік процестерді зерделеді.Сапар екі елдің құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтып, озық тәжірибе алмасуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1114790?lang=kk
15 қараша Қаржы мерекесіне орай арналған шара 28.11.2025
15 қарашада қаржы, экономика саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Ұлттық валюта - теңге күнін атап өтеді.Аталған саланың Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлі айрықша екені анық. Мыңдаған экономика, қаржы мамандары ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Солардың ішіндегі үздіктерін марапаттау, қолдау көрсету дәстүрге айналған.Биыл да кәсіби мерекеге орай, Атырау өңірінің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар адамдар марапаттарға ие болды. Олардың ішінде басқарманың ардагерлеріде және де Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының келесідей қызметкерлері бар.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің " Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен: басқарманың бөлім басшылары Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович, Длмуханова Аякоз Кабекеновна.Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшысы Сарсекенов Ерқанат Махамбетұлы және басқарманың бас мамандары Кенжалиева Диляра Жоламановна, Жаумбаева Амина Сериковна, Кенешева Алима Елеусизовна, Абиева Нургуль Райповна, Джумагазиева Самал Мубараковна.Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшылары Бағытов Мақсот Орынбайұлы, Шмалиев Ермек Серікұлы.Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерекелік медальмен: басқарма басшысының орынбасарлары Курманова Эльмира Кабыловна мен Тлеугалиева Самал Кайратовна.Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен: басқарманың бас мамандары Каресова Акмарал Абатовна мен Аймагамбетова Назкен Нуржановнамарапатталды.Әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты жалғаса берсін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114737?lang=kk
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Сен жалғыз емессің» акциясы 28.11.2025
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сен жалғыз емессің» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша толығырақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. .📌 Кездесу барысында қатысушылар қажетті ақпараттар, сұрақтарына жауап алды және әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға қатысты маңызды қырларын талқылады.🤝 Мұндай іс-шаралар азаматтарды ақпараттандыру деңгейін арттырады және мемлекеттік қызметтерді алуды қолжетімді әрі түсінікті етеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1114749?lang=kk
Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерей тойына орай 28.11.2025
Кәсіподақ ұйымдарының қоғам өміріндегі рөлі зор.Бұл түрлі сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғайтын құрылым ғана емес, азаматтық қоғамның аса маңызды институттарының бірі.Бүл тұрғыда Қазақстанның кәсіподақ ұйымдар жүйесінің 120 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Кәсіподақ күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар аясында қажырлы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен көзге түсіп жүрген адамдар марапатталды.Соның ішінде, "Қызмет " Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасының Алғыс хатымен Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері марапатталғанын мақтанышпен атап өтеміз: Елеусінова Шынар Мақсотқызы - бөлім басшысы, Құмарғалиева Ақмарал Бағытжанқызы - бөлім басшысы.Әріптестер, құттықтаймыз! Еңбектерің жемісті болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114722?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдарға арналған құқықтар мен жеңілдіктер 28.11.2025
Қазақстан Республикасында мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін өтеуге, тең мүмкіндіктер жасауға және қоғамға кірігуге бағытталған құқықтар мен жеңілдіктер кешенін белгілейді. Негізгі нормативтік акт ҚР Әлеуметтік кодексі болып табылады.1,2,3 топтағы мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты.Мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар, егер ол үшін сақтандыру аударымдары жасалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер ала алады.Жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедек адамдарға жеке көмекшінің қызметтері ұсынылады.1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін төлемдер бар.Оңалту бағдарламасы шеңберінде есту қабілеті бұзылған адамдарға жесттау аудармашысының көмегі ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың медициналық - әлеуметтік сараптамаға, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - АЖЖ) әзірлеуге құқығы бар, оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері береді.Әлеуметтік оңалту шеңберінде мүгедектігі бар адамдар: протездік-ортопедиялық көмекпен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші құралдармен (сурдоқұралдар, тифлоқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі .Ұсынылады: санаторий-курорттық емдеу, Оңалту орталықтары, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтері.Мүгедектігі бар адамдар «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес жыл ішінде әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Қосымша порталда азамат оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.Жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарға қосымша мынадай көмек көрсетіледі:оқу кезеңіне ай сайын (қыркүйек-мамыр) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға 8 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді; барлық топтағы мүгедектерге байланысты шығындарды өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:-оңалту орталықтарына және кері қайтуына 3 АЕК мөлшерінде;нақты шығындар мөлшерінде дәрілік заттарды сатып алумен, 30 АЕК-тен аспайды;Жедел емдеуге 50 АЕК мөлшерінде.Өткен жылдан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға ілесіп жүретін адамдарға тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде жылына 1 рет санаторий - курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі, бірақ кепілдік берілген соманың 70% - нан аспайды.Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту шеңберінде ауданда меншік нысанына қарамастан жыл сайын аудан кәсіпорындарында жұмыс орындарына квота белгіленеді. Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін жұмыс орындарының жалпы санының 50 адамнан астамы - 2%, 100 адамнан астамы -3%, 250 адамнан астамы-4% жұмыс істейтін штат санымен.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде барлық топтағы мүгедектігі бар адамның 400 АЕК мөлшерінде өз ісін ашу үшін грант алуға құқығы бар.Салық жеңілдіктері:Мүгедектігі бар жеке тұлғалар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың, «Бала кезінен мүгедек» деп танылған адамдардың ата-аналары (қамқоршылары, асырап алушы ата-аналары) ЖТС төлеуден босатылмайды. Алайда, ҚР СК 346-бабы бойынша олар күнтізбелік жылға 882 АЕК мөлшерінде қосымша салық шегеріміне құқылы (2025 жылы = 3 468 024 теңге). 1 және 2 топтағы мүгедектер, егер мүгедектік белгіленген болса, міндетті зейнетақы жарналарынан мерзімсіз босатылады;барлық топтағы мүгедектер сондай ақ бала кезінен мүгедектің немесе мүгедек баланың ата анасының бірі жер салығынан босатылады; 1,2,3 топтағы мүгедектер өздеріне тиесілі барлық салық салу объектілерінің құнынан 1500 АЕК шегінде мүліктік салықтан босатылады; 1,2,3 топтағы мүгедектер бір көлік құралына салынатын салықтан босатылады. Медициналық қамтамасыз ету: Барлық топтағы мүгедектер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Барлық топтағы мүгедектердің МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар, себебі мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналарды төлейтін санатқа жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1114666?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру: 2026 жылға дайындық 28.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында Департаментте жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтар мен өзгерістер қаралған техникалық оқыту өткізілді . Оқыту жұмысын Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекмұхамедова Зарина Серімжанқызы жүргізді .Кездесу барысында жаңа Кодекстің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде:корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер ;салықтық есептілікті оңтайландыру және цифрландыру ;салық төлеушілерге жүктелетін жаңа міндеттемелер мен қарастырылған жеңілдіктер ;әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және ашықтықты арттыру ;бизнеске түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар .Жаңа Салық кодексі экономиканың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған .#СалықКодексі2025 #ТүсіндіруЖұмыстары #Департамент #СалықЖаңалықтары #Цифрландыру#ҚОСТАНАЙМКДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1114624?lang=kk
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері семинар өткізді 28.11.2025
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері фельдшерлік-акушерлік пункттердің мамандарына, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарына, мектептер мен кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.Кездесу барысында маңызды тақырыптар қаралды: «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясындағы цифрлық зорлық-зомбылық, ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні, сондай-ақ тұмаудың алдын алу шаралары. Онлайн-зорлық-зомбылықтың да аса қауіпті екендігі және оның ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.Семинар денсаулық мәдениетін нығайту мен кез келген зорлық-зомбылық түрінің жолын кесу туралы ақпараттылықты арттыру алаңына айналды. Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты екені еске салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1114591?lang=kk