Enbekshi QazaQ

Әлем

Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен аудан аумағында жүргізілген қарсы насихаттық іс-шаралардың тиімділігі туралы болса, екінші мәселе – аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Күн тәртібінде аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы тобымен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша да есеп тыңдалды.Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114511?lang=kk
Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмыстарымен танысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жетті. Ауданда осы жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Жалпы жоба құны – 1 млрд. 881 млн теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.Аудан әкімі бұл Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы екенін атап, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114520?lang=kk
КҮЗГІ КЕШТІ ӘУЕНМЕН ӘСЕМДЕЙІК! 28.11.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Сіздерді ерекше музыкалық кешке шақырады! “КҮЗГІ ӘУЕН” атты жанды дауыстағы концерт Өтетін күні: 28 қарашаБасталуы:18:30,  Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы, Абылай хан көшесі, 153Билет бағасы: 2000 тенге,  Байланыс нөмірлері: 8-747-787-88-81, 8-701-567-48-07Сахнада — кәсіби әншілер, көркем ансамбльдер мен ұлттық музыкалық аспаптардың үйлесімі.Жанды дауыс, әсем әуен, ерекше атмосфера — бәрі осы кеште!Өнер сүйер қауым, сапалы музыкамен рухани демалыс сыйлайтын кешті өткізіп алмаңыз! Күзгі саз – көңілдің мазмұны!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1114525?lang=kk
Төретам кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді 28.11.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентіне жұмыс сапарымен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы «Төретам теміржол вокзалындағы» жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазір вокзалдың сыртын қаптау жұмыстарының орындалуда. Ішкі демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудан әкімі халыққа қолайлы қызмет көрсету- басты мақсат екенін атап өтіп, жұмыстың сапалы орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.Сондай-ақ Төретам кентіндегі барлық көшелердің жай-күйі мен балалар ойын алаңдары да назардан тыс қалмады.Сапар барысында аудан әкімі аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» айналма автомобиль жолының (Бармин көшесі) жөндеу жұмыстарын да бақылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жол жиегіне тас төсеу және жол белгісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.Аудан әкімі жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114532?lang=kk
Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы жобалар аудан әкімінің бақылауында 28.11.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапары аясында Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы Ақай ауылындағы «Төле би, Жанқожа батыр және К.Күншығаров» көшелерінде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарын қадағалады. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Қазіргі таңда көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ аудан әкімі Ақай ауылдық округіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде бүгінгі таңда баскетбол, волейбол, таеквандо, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерінен 212 оқушы тұрақты жаттығады. Аудан әкімі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жасалған жағдаймен танысып, аталған орталықтың жұмысын бағалады.Жұмыс сапары барысында Жандос Еркінбек Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Қазір тұрғын үйлерде ішкі әрлеу және ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.Аудан әкімі барлық нысандар бойынша мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114534?lang=kk
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді 28.11.2025
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы өткізу міндетті кедендік әкімшілендіруді талап етеді. Кеден органдарының басым міндеті-тауарларды шекара арқылы жылдам және кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қазақстанда 2018 жылдан бастап "АСТАНА-1" электрондық кедендік декларациялау жүйесі жұмыс істейді, бұл процесті едәуір жеңілдетті. Декларацияны электрондық түрде елдің кез келген нүктесінен, тәуліктің кез келген уақытында өз бетінше де, кеден өкілдері арқылы да беруге болады.Кедендік бақылау "жасыл", "сары" және "қызыл" дәліздердің халықаралық тәжірибесіне негізделген тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып іріктеп жүзеге асырылады. "Жасыл" дәліз физикалық бақылаусыз тауарларды автоматты түрде шығаруды білдіреді, бұл тіркеу уақытын азайтады. "Сары" дәліз 4 сағатқа дейін созылатын құжаттық бақылауды қамтиды. "Қызыл" дәліз кедендік тексеруді қарастырады. 2025 жылдың 10 айында "Семей КРО" мәліметіне сәйкес тауарларға арналған 6091 декларацияның (ТТ) 78,5% (4785) "жасыл" дәліз бойынша, 20,1% (1229) "сары" және 1% (56) "қызыл"бойынша шығарылды.Бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы, аумақтық департаменттер мен кеден бекеттерін қоса алғанда, жұмыс істеген тәуекел бейіндеріне байланысты кеден органдарының әртүрлі бөлімшелері жүзеге асыра алады. Ақпараттық жүйе бақылаудың көлемі мен дәрежесін автоматты түрде анықтайды, бұл экспорттық-импорттық операциялардың уақытын қысқартады.ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде әкімшілендіруді жақсартуға және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше назар аударады. 2026 жылы қазақстандық IT-компаниялар әзірлеген және басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланған "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін толық пайдалануға беру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1114535?lang=kk
Ауданның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқандар марапатталды 28.11.2025
Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды түрде жүргізіліп, бүгінде кент және ауылдық округтерде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында осы жұмыстардың қорытындысы жасалып, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қабылдауда аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, шарада белсенділік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.«Әрбір мекеме, әрбір бөлім және ауылдық округтің қызметкерлері үлкен ынтымақтастық танытып, ауданымыздың кез келген іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосты. Тазалықпен қатар, пайдалануға берілетін нысандарды жаңғырту жұмыстары да сапалы орындалды. Осындай бірлік пен жауапкершілік – біздің басты күшіміз», – деп атап өтті.Шара барысында ауданның абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысқан бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов құттықтау лебіздерін білдірді.Шарада аудан әкімі бірлесе еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтіп, қызметкерлерге денсаулық, отбасылық амандық және жұмыстарына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114537?lang=kk
Зейнетақы жинақтары 12 айда 20% дерлік ұлғайды 28.11.2025
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,84 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,27 трлн теңгеге немесе 19,8%-ға артты.2025 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,46 трлн теңге. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,0% артық. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 727,11 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,7%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) еншісінде. Жарналардың бұл түрі 30,0% артып, көлемі 9,56 млрд теңгеге жетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қарашасына 642,07 млрд теңге болды. ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына 2,64 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,2%-ға немесе 385,86 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қарашасына дейін 2157,36 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 111,11 млрд теңге (өсім – 17,6%), ЕЗЖ – 1,96 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 10 айында ЖМЗЖ 365,22 млрд теңгені құрады.   Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 539,97 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 550,06 млрд теңгеге көп.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 18,5% ұлғайып, 01.11.2025ж. 203,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 728 теңге.  Жыл басынан бері 01.11.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 919,55 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 54,14 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 36,57 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,60 млрд теңге, жерлеуге – 8,87 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 314,87 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,06 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қарашасына 12,68 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,27 млн - МЗЖ бойынша, 756,18 мыңы - МКЗЖ бойынша, 462,23 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 10 айында МЗЖ 7,03 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл жарналар енгізілуі тиіс 12,23 млн ЖЗШ-ның 57,5% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,39 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1124527?lang=kk
2014 жылдан бергі таза инвестициялық кіріс 13,6 трлн теңгеден асты 28.11.2025
Зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді.  Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіш бойынша жасаған жөн.  2024 жылдың қарашасынан бастап 2025 жылдың қазанына дейінгі 12 ай ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,82 трлн теңге болды, осы кезеңдегі кірістілік – 12,58%. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 7,51% құрады.   Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1062,38% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 925,20%.Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1121727?lang=kk
Тұрғындардың өтініштері басты назарда 28.11.2025
Аудан бойынша мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Қармақшы ауылдық округінде «Қожатай» су тоспасы бөгелуде.Бөгеу жұмыстарының барысымен аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы барып танысып, мал шаруашылығымен айналысып жүрген тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Сонымен қатар «Қожатай» су реттегіш тоспасының құрылысын салу мәселесі пысықталып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.Қараөзек арнасындағы «Қожатай» су тоспасын қалпына келтіру арқылы аймақта орналасқан Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2 және тағы да басқа көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі, қолайлы экологиялық жағдай қалыптасады.Бұл аумақтағы мал шаруашылығы саласының дамуының негізгі бағыттарын ет, шұбат және қымыз өндіру жұмысына арнаған тиімді болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114492?lang=kk
Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолдары мен нысандардағы жөндеу жұмыстарын бақылады 28.11.2025
Қазіргі уақытта ауданымызда жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар көшелерде жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Осыған орай бүгін аудан әкімі Y. Томанов, Х.Жомартов және Е.Қойшыбаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолының жұмыс барысын бақылады. Мердігер мекемелермен келісілген есепке сәйкес, үш көшедегі жаяу жүргіншілер жолдары желтоқсан айының соңында толық аяқталуы жоспарланып отыр. Жандос Еркінбек атқарылып жатқан жұмыстың сапасына назар аударып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жауапты басшыларға барлық талаптың сақталуын қатаң тапсырды.Аудан әкімі жұмыс сапарын жалғастырып, Жосалы кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Құрылыс барысында ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары, ішкі демонтаж жұмыстары, сондай-ақ, шатыр жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жауапты мердігер мекемемен атқарылған жұмысқа барлығы 46 адам тартылған. Аудан басшысы нысанның жөнделуі қоғам үшін маңызды екенін атап өтіп, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Жалпы аудан әкімі атқарылып жатқан барлық жұмыстарды тұрақты бақылап келеді және барлық нысандардың сапасы мен уақытын қатаң қадағалайтынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114495?lang=kk
«Заң мен Тәртіп — жауапты ұрпақтың таңдауы!» атты интеллектуалдық ойын 28.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған интеллектуалдық ойын өткізілді.Қатысушылар зияткерлік меншік, атқарушылық іс жүргізу, нотариат, адвокатура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты маңызды бағыттар бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті.Ойын қызықты форматта өтіп, әр команда тек білімдерін ғана емес, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін және командада жұмыс істей алу дағдыларын танытты.Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық білімін нығайту, құқықтық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және заңға саналы көзқарасты қалыптастыру.Құқықтық сауаттылық – өз құқығыңды қорғаудың кепілі. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1114474?lang=kk
Қазақстан-Польша: конфессияаралық байланыстарды нығайту жолында 28.11.2025
Варшава, 2025 жылғы 27 қараша - Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польшаның «Ортақ тамырлар» дінаралық ынтымақтастық қорының президенті Марек Олендскимен және қордың негізін қалаушы Александр Загилмен кездесті.Кездесу барысында тараптар конфессияаралық байланыстарды нығайтудағы Қазақстан-Польша ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Осы орайда Қазақстан Елшісі сындарлы диалог үшін тұрақты халықаралық конфессияаралық платформаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызды рөлін ерекше атап өтті. Поляк қорының Қазақстандық халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен ынтымақтастығы өзара іс-қимылдың жаңа нүктелерін анықтауға және келісілген шешімдерді әзірлеуге ықпал ететіні баса айтылды.Өз кезегінде польшалық сұхбаттасушылар діндерді, мәдениеттерді және халықтарды жақындастыру мақсатында қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Олар Қордың мақсаты диалогты ілгерілету, білім беруді қолдау, сенім, мәдениет пен ынтымақ келісім мен бірлікке жетелейтін кеңістік құру екенін атап өтті. Осыған байланысты олар мұндай ынтымақтастықтың жемісті әрі сындарлы болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1114433?lang=kk
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық 28.11.2025
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықҮ.ж. 27 қарашасында KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстановтың БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Тәжікстандағы Өкілі Артур ван Дизенмен оның Қазақстанға сапары аясында кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында тараптар Тәжікстан Республикасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын, мектепке дейінгі білім беру және ерте жастағы балаларға күтім жасау жүйесін қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ ұйымдар арасындағы әріптестік перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1114456?lang=kk
Қазақстан–Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты 28.11.2025
Копенгаген, 2025 жылғы 26-28 қараша – Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы саяси диалогты нығайту және практикалық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қазақстанның Даниядағы Елшісі Олжас Сүлейменов Копенгаген қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында Данияның ең ірі трансұлттық корпорацияларының бірі – Carlsberg Group компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту, өндірістік қуаттарды жаңарту және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды.Сонымен қатар, LEGO Group компаниясының басшылығымен мазмұнды келіссөздер өтіп, Қазақстанда инновациялар, инженерлік дағдылар және білім беру әдістемелері саласындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.Экономикалық трек аясында Қазақстан Елшісі Дания өнеркәсіп конфедерациясының басшылығымен кездесу өткізді, онда сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және дат компанияларын Қазақстандағы инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларды іске асыруға тарту мәселелері қарастырылды.Бағдарламаның негізгі элементінің бірі – Дания Сыртқы істер министрлігіндегі келіссөздер болды. Қазақстан Елшісі Дания Мемлекеттік хатшысының орынбасары – СІМ-нің Саяси директоры Е.Барлосемен, сондай-ақ Дания СІМ-нің Еуропалық көршілестік департаментінің директоры П.Лассенмен кездесті. Тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайын, халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ орнықты даму мәселелерін талқылады. Қазақстан-Дания диалогының конструктивті сипаты атап өтіліп, саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге әзірлік білдірілді.Жұмыс сапары аясында Қазақстан Елшісі Дания Салық министрлігінің басшылығымен де кездесті. Келіссөздердің өзегінде салықтық әкімшілендіру, кәсіпкерлік қызметті реттеу және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру салаларындағы озық тәжірибемен алмасу мәселелері болды.Сапар барысында Қазақстан Елшісі «FC Copenhagen» – «FC Kairat» ойынына қатысып, оған дейін Даниядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Олардың мәдени өзара ықпалдастықты ілгерілетуге және еліміздің шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан белсенді үлесі атап өтілді. Жастар бастамаларын, мәдени жобаларды және ағартушылық бағдарламаларды қамтитын әрі қарайғы өзара іс-қимылды тереңдету жоспарлары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1114462?lang=kk
Қазақстан мен Мексика парламенттері ынтымақтастықты нығайтуға деген ниеттерін білдірді 28.11.2025
Мехико, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасының және Мексика Құрама Штаттарының парламенттері Достық топтарының жаңартылған құрамдағы алғашқы кездесуі өтті.Кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Ұзақ уақыт айырмашылығына қарамастан, қатысушылар өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстармен бөлісіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Тараптар бір-бірін Қазақстан мен Мексикада орын алған негізгі саяси үдерістермен таныстырды.Мексика Бас конгресі Төменгі палатасының (Депутаттар палатасы) Достық тобының басшысы Марибель Мартинес Руис ел Президенті Клаудия Шейнбаум жетекшілік ететін мексикалық коалициясы басшылыққа алған қағидаттарына — әділдікке, адалдыққа және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын ілгерілетуге арналған күн тәртібіне ерекше назар аударды.Төменгі палатаның халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Педро Васкес Гонсалес әлемдегі тұрақсыздық жағдайында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан Достық тобының жетекшісі, депутат Жарқынбек Амантайұлы мексикалық әріптестерін Қазақстандағы реформалар және бірпалаталық парламентке ауысу туралы үрдісі жөнінде хабардар етті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.Климаттық күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, қазақ парламентші 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік климаттық саммит туралы ақпарат беріп, оның сәтті өтуіне мексикалық тараптың үлес қосуы ықтимал болатынын айтты.Депутаттар заңнамалық салада тәжірибе мен білім алмасудың кең перспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, депута. Максим Рожин Қазақстан Парламенті тарапынан жасанды интеллект туралы заң жобасының мақұлданғаны туралы баяндап, бұл Орталық Азияда осы бағыттағы тұңғыш заңнамалық бастама болғанын айтты. Осыған байланысты ол тәжірибемен бөлісуге дайын екенін және мексикалық әріптестерден басқа салалардағы тәжірибе мен білімді қабылдауға дайын екенін растады.Сонымен қатар, қазақстандық парламентшілер Мексиканы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатын өткізуімен құттықтап, осы бағытта табыс пен сәттілік тіледі.Екі тараптың да белсенді өзара іс-қимыл жасайтын ниетін ескеріп, Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Турғанбеков кездесулерге тұрақты сипат беріп, парламенттер арасында сапарлар алмасуын ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынды. Бастама бір ауыздан қолдауға ие болды. Келесі отырыс 2026 жылдың бірінші тоқсанында өткізілуі жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1114463?lang=kk
Қазақстан мен Малайзия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық белсенді дамуын жалғастыруда 28.11.2025
2025 жылғы 26 қарашада «Қазақстан–Малайзия» достық тобының кезекті кездесуі бейнеконференция форматында өтті. Малайзия тарапын Малайзия Сенаты Төрағасының орынбасары Нұр Джазлан Мохамад, қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев басқарды.Кездесу барысында тараптар парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға, логистикалық маршруттарды жетілдіруге және цифрлық интеграцияны ілгерілетуге, оның ішінде заманауи Жібек жолы бастамаларымен үйлестіру әлеуетіне ерекше назар аударылды. Екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату және инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу мақсатында бизнес-делегациялар алмасудың маңыздылығы атап өтілді.Талқылаудың жеке бөлігі білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Малайзия тарапы Қазақстанда жетекші малайзиялық университеттердің филиалдарын ашуға, сондай-ақ малайзиялық медицина студенттерін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқытуға мүдделілік білдірді.Тараптар жаңа бастамаларды жүйелі түрде қолдауға және басым салалардағы өзара іс-қимылдың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік беретін шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттігін атап өтті.Малайзия тарапы қазақстандық парламенттік делегацияны Куала-Лумпурға ресми сапармен келуге шақырып, мазмұнды диалогты жалғастыру және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1114464?lang=kk
ИКАО Кеңесінің жаңа Президенті сайланды 28.11.2025
Монреаль, 2025 ж. 26 қараша. – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Кеңесінің 236-сессиясының 8-отырысына қатысты.Бұл отырыстың аясында ИКАО Кеңесінің Президентін сайлау өтті. Үміткерлер: Жапонияның ИКАО Кеңесіндегі Тұрақты өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші Тошиюки Онума және Мысыр Араб Республикасының Азаматтық авиация министрі, ИКАО Кеңесіндегі Тұрақты өкілі доктор Самех Ахмед Зәки Әлхефни болды.Дауыс беру қорытындысы бойынша 36 дауыстың 22-сін жинаған елші Тошиюки Онума жеңіске жетті. Ол ИКАО Кеңесінің Президенті ретінде 2025 жылғы шілдеде Қазақстанға тарихи алғашқы сапар жасаған Сальваторе Шаккитано (Италия) мырзаның орнында болады.Т. Онуманың өкілеттік мерзімі 2026 ж. 1 қаңтардан 2028 ж. 31 желтоқсанға дейін белгіленді және ол екінші үш жылдық мерзімге қайта сайлану құқығына ие.Нәтижелер жарияланғаннан кейін ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза елші Т. Онуманы жеңіспен құттықтап, алдағы жұмыста қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. «Тошиюки Онума мырзаның ИКАО Кеңесінің Президенті болып сайлануы – әлемдік авиацияның трансформациялық кезеңінде халықаралық қауымдастықтың сенімі мен жоғары үміттерінің көрінісі», – деді Бас хатшы.С. Шаккитано атап өткеніндей: «Кеңестің Президенті 2050 жылға қарай – нөлдік өлім-жітім және нөлдік көміртек шығарындылары бар – баршаға арналған әуе көлігі жөніндегі ортақ көзқарастың айналасында ИКАО-ның 193 мүше мемлекетін біріктіруде шешуші рөл атқарады, сондай-ақ осы мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастықты, инновацияларды және кадрлар әлеуетін алға бастырады».«Консенсусқа қол жеткізу – көпжақты әрекеттестіктің басты тірегі және Президент үшін әрдайым басым бағыт болуы тиіс», – деді С.Шаккитано.Өз сөзінде Т. Онума алдындағы Президентке алғыс айтып, ИКАО-ның стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттерді орындау үшін бар күшін салатынын жеткізді.Сонымен қатар Аргентина, Аустралия, БАӘ, Белиз, Италия, Канада, Қатар, Марокко Оңтүстік Африка Республикасы, Сауд Арабиясы, Сингапур мен Эквадордың  тұрақты өкілдері Т. Онуманы құттықтады.Елші Т. Онума азаматтық авиация саласында 20 жылдан астам тәжірибеге ие. Ол ұлттық және халықаралық авиациялық саясатты қалыптастыруда, соның ішінде декарбонизация бастамаларын басқаруда маңызды рөл атқарған. Бұған дейін ол Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. Токио университетінің заң факультетін бітірген, Пенсильвания университетінің Құқық мектебінен құқық магистрі дәрежесін алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1114465?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті 27.11.2025
Астана, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.Кездесу барысында Таяу Шығыс күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.Сұхбаттастар Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1114423?lang=kk
Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бойынша 100-ден астам меморандум жасалды. 27.11.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі мен бизнес өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Келісімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және инфляцияны тежеуге бағытталған. Бұл бастамаға Gramad және F-Mart сияқты ірі сауда желілері, қаланың жетекші азық-түлік базарлары және ұн, ет, сүт, жұмыртқа және нан өнімдері сияқты қажетті тауарларды өндірушілер қосылды. Көтерме жеткізушілер де қосылды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің айтуынша, Меморандумдарға қол қою бір реттік шара емес, әкімдіктің бизнес қауымдастығымен бірлесіп атқарып жатқан жүйелі жұмысының жалғасы. "Бизнес әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеді және бүгін біз бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенімізді тағы бір рет растадық. Біздің ортақ мақсатымыз - тұрақты бағаны, нарықтың ашықтығын және қала тұрғындарына қажетті өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мұндай келісімдер нақты нәтиже беріп, азық-түлік нарығындағы кез келген ауытқуларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деді А.Кәрімов. Айта кетейік, Меморандумға 100-ден астам кәсіпорын қол қойды. Тараптар делдалдарды қысқарту, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны төмендетуге көмектесетін бастамаларды бірлесіп ілгерілету бойынша жұмыс істеуге келісті. Бұл қадам шымкенттіктердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әл-ауқатын нығайту мақсатындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Айта кетерлігі, қала әкімдігі күн сайын бағаны қадағалап, кәсіпкерлермен бірге жағдайды тұрақты бақылауда ұстайды.