Enbekshi QazaQ

Әлем

PepsiCo, Mars Marriott, Hilton сынды алпауыт компаниялар бой көтереді: Алматы облысы инвесторлар назарында 27.11.2025
Алматы облысы еліміздегі инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып келеді. Жақын уақытта мұнда PepsiCo, Lays, Mars, Marriott және Hilton сияқты әлемдік жетекші компаниялардың бірқатар ірі жобасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.Әкімнің айтуынша, PepsiCo компаниясы Lays чипстерін шығару үшін Нарынқолда өсірілген картопты пайдаланатын болады, ал Mars өңірде жаңа өндірістік желі ашу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар халықаралық қонақүй индустриясының алыптары – Marriott және Hilton брендтері Қонаев пен Алатау қалаларында жаңа қонақүйлер салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам өңірдің туризм және бизнес-туризм нарығына айтарлықтай серпін бермек.Алматы облысы туризм мен инфрақұрылымды дамыту бағытында да қарқынды жұмыс жүргізуде. ASP-Arena спорт-туризм кешені, «Oi-Qaragai» курортының кеңеюі, жағажайлар мен демалыс аймақтарын абаттандыру — осының айқын дәлелі.Өңірде қазірдің өзінде бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында: құны 70 млрд теңге болатын Focus Logistics логистикалық паркі, бетон өнімдерін шығаратын «Алтын таға» зауыты, заманауи LC Waikiki көтерме-тарату орталығы, экспортқа бағытталған Shin-Line фабрикасы, астық пен майлы дақылдарды терең өңдейтін «Қапшағай Бидай Өнімдері» агрокомплексі, Кеген ауданындағы «КегенМясПром» ет комбинаты бар.Жыл соңына дейін тағы бірнеше А-санатындағы объектілер іске қосылады. Олар – MP Solution, Kusto Logistics, Еуразиялық логистикалық парк, Imagine Apple Logistics орталықтары. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің индустриалдық және логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін нығайтады. Сонымен бірге, Алматы облысында шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда: жұмыс істейтін субъектілер саны 156 мыңнан асты, ал олардың экономикалық үлесі 46%-ға жетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1114002?lang=kk
Бейнебақылау камералары іске қосылды 27.11.2025
 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдың барлық негізгі көшелері мен қоғамдық орындарына бейнебақылау камералары орнатылып, толық көлемде іске қосылды.Аталған шара құқықбұзушылықтың алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.Бейнебақылау жүйесі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1113957?lang=kk
Кувейттің ірі мемлекеттік компаниясы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда 27.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейттің азық-түлік тауарлары мен ұн тарту өнімдері нарығында түйінді позицияларды иеленетін Kuwait Flour Mills & Bakeries Company (KFMB) компаниясының бас атқарушы директоры Мутлак Әл-Зайедпен кездесу өткізді.Әңгіме барысында тараптар сауда‑экономикалық байланыстарды кеңейтуді және Қазақстаннан Кувейт нарығына агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары сапалы өнімдерін жеткізуді қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Кувейтте сұранысқа ие бидай, ұн, өсімдік майлары және басқа да тауарларды экспорттау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Елші Қазақстанның астықты ірі экспорттаушылардың бірі болып табылатынын және бидайды әлемнің 80-нен астам еліне жеткізіп, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырғанын хабарлады.Қазақ дипломаты отандық өндірушілердің жоғары экспорттық әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін тұрақты және сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен KFMB компаниясы арасында тікелей әріптестік құруға қызығушылық білдірілді.Өз тарапынан компания өкілі ынтымақтастық мүмкіндіктерін одан әрі зерттеуге қызығушылық білдіріп, Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту әлеуетін атап өтті.Kuwait Flour Mills & Bakeries Company (KFMB) – 1961 жылы құрылған Кувейттің жетекші мемлекеттік азық-түлік компаниясы, ол елдің ұн, нан және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық операторы болып табылады. Компания күн сайын шамамен 4,5 миллион нан өнімдерін өндіре отырып, ішкі нарықтың ұн мен субсидияланған нанға деген қажеттілігінің 100% қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1113964?lang=kk
Үй жануарларын ұстап отырған үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтар назарына❗️ 27.11.2025
 🔴Жол апаттарынан қорғануды назарға ала отырып, ірі қара малдарға, түйелерге жарық шағылыстырғыш бояу жағу туралы ұсынысты қолдау мақсатында ауыл аумағындағы орналасқан шаруа және үй қожалықтарының мал иелерін, өңірдегі қала аралық трассаларда түнгі мезгілде малмен соқтығысу арқылы орын алатын апаттық жол көлік оқиғаларын санын азайту және шығынға ұшырамау мақсатында жаяу жүргінші жолақтарына арналған шағылысатын бояуды малға жағып қолдану арқылы аталған апаттық жағдайлардың алдын-алу мүмкіндігі бар екендігін хабарлайды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1113966?lang=kk
Қазақстанда жасырын экономикамен күресу үшін төрт жаңа тауар тобына міндетті таңбалау енгізілмек 27.11.2025
Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесі кеңейтілді. Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі тарапынан жарияланды. Жаңартылған тізімге төрт жаңа тауар тобы, яғни сыра өнімдері, мотор майлары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және сайғақ дериваттары (мүйізі) енгізілді.Цифрлық таңбалау дегеніміз әрбір өнім бірлігіне Data Matrix бірегей кодын енгізу процесі. Бұл код тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркеліп, өнімнің өндірілген немесе импортталған сәтінен бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік береді. Аталған жүйе нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бизнестің тең бәсекелі ортада жұмыс істеуіне, тұтынушыларды контрафакт пен сапасыз өнімнен қорғауға жағдай жасайды.«Тауарлар тізбесінің кеңеюі олардың айналымын бақылау деңгейін арттырып, көлеңкелі сауда мен контрафактілік өнім көлемін азайтады. Жаңа талаптарды енгізу заңды бизнестің тұрақты дамуына, экономиканың нығаюына және тұтынушылардың құқығының қорғалуына ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нусупов.2025 жылдың 1 желтоқсаннан бастап сайғақ дериваттарын (мүйіздерін) міндетті таңбалау күшіне енеді. Заманауи сәйкестендіру құралдарын қолдана отырып енгізілетін бұл жүйе дериваттардың шығу тегін нақты анықтауға, олардың заңсыз айналымына жол бермеуге және заңды қорларын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы мемлекет браконьерліктің деңгейін төмендетуді көздейді.Сыра өнімдері мен мотор майларын міндетті таңбалау 2026 жылдың 1 ақпаннан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау да бірнеше кезең бойынша енгізіледі, оның алғашқы кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсанда басталады.Айта кетейік, сауда саласындағы басым бағыттардың бірі – нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету, барлық қатысушылар үшін тең жағдай қалыптастыру, сондай-ақ тұтынушылардың сапалы әрі қауіпсіз өнім алуына кепілдік беру. Цифрлық таңбалау жүйесі осы міндеттерді іске асырудың тиімді тетігі.Қазіргі таңда үш тауар тобына міндетті таңбалау қолданылады. Олар темекі өнімдері, аяқ киім және дәрілік заттар. Осы уақытқа дейін 7 миллиардтан астам тауар бірлігі таңбаланды. Сонымен қатар зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды, ал биологиялық белсенді қоспалар, тұрмыстық химия, газ баллондары, медициналық бұйымдар, өсімдік майы және ағаш материалдарын таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113947?lang=kk
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті 27.11.2025
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.
Hunan Architectural Design Institute Group Co., Ltd. (ҚХР) компания өкілдерімен кездесу өтті 27.11.2025
Hunan Architectural Design Institute Group Co., Ltd. (HD) компаниясы - Қытайдағы жетекші жобалау ұйымдарының бірі. Компания архитектуралық және қалалық жоспарлау, коммуналдық инфрақұрылым, инженерлік-консалтингтік қызметтер мен жобаларды басқару бағыттарында толық циклді қызмет көрсетеді.Институттың портфелінде Қытайдың 29 провинциясында және шамамен 48 елде жүзеге асырылған 17 900-ден астам жоба бар. Елеулі жобаларының қатарында Чанша әуежайы, Хунань мұражайы, Хэ Лун стадионы және Чанша IFS кешені аталды.Кездесу тараптардың ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылаумен аяқталды, соның ішінде жобалау саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен инфрақұрылымдық бастамалар және болашақта ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Ерте анықталса – тиімді: Алматы облысы аудандарында жүргізілген жылжымалы АИТВ тестілеу акциялары 27.11.2025
2025 жылдың 25–26 қараша айында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Іле ауданының Қосөзен және Қарой ауылдарында, сондай-ақ «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ересектер емханасында «Ашық есік күні» форматындағы жылжымалы іс-шаралар өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды.Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша кеңестер берілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың ВИЧ инфекциясы, оның жұғу жолдары, алдын алу әдістері туралы білімін арттыру, сондай-ақ ерте тестілеудің және уақытылы емдеудің маңызын түсіндіру.Мамандар АИТВ-ны ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Себебі АИТВ инфекциясын бастапқы кезеңде анықтау – дер кезінде ем бастауға, денсаулықты сақтауға, асқынулардың алдын алуға және вирустың басқа адамдарға берілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Антиретровирустық терапия вирустың деңгейін анықталмайтын деңгейге түсіреді, демек мұндай вирус берілмейді.Тұрғындар үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақ қойып, жеке кеңес алды және ақпараттық материалдармен қамтылды. Қалаған азаматтарға жылдам ВИЧ тестілеу аймағы ұйымдастырылып, буклеттер таратылды, дәрігерлермен жеке сөйлесуге мүмкіндік берілді.Іс-шара нәтижелері: Іле ауданында жедел тестілеуден өткендер — 46 адам, жалпы ақпараттық қамту — 82 адам. Талғар ауданында: 280 адам қамтылды, оның 98-і экспресс-тест тапсырды. Тұрғындарға 50-ден астам ақпараттық материал таратылды.Өткізілген шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға ықпал етті және АИТВ-ны уақытылы және тұрақты тестілеу – әр адамның және оның жақындарының денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы екенін тағы бір мәрте еске салды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1113885?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Sports Investment және Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Әл-Хулейфиді қабылдады. 27.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Sports Investment және Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Әл-Хулейфиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда падел спортының перспективасы және халықаралық деңгейде турнирлерді өткізу мәселелері талқыланды. Футболды дамыту мәселесіне орай Мемлекет басшысы елімізде футбол клубтарын жекешелендіру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударып, футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хулейфиге алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1113840?lang=kk
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммадиді қабылдады 27.11.2025
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммадиді қабылдады. Кездесу барысында сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1113843?lang=kk
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі «Жыл елшісі» сыйлығымен марапатталды 27.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 26 қараша – Пәкістан астанасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, халықаралық ұйымдар кеңселерінің және іскер топтар өкілдерінің қызметін бағалауға арналған «Global Ambassador Awards» атты жетінші жыл сайынғы салтанатты рәсім өтті.Іс-шараны Пәкістанның беделді «The Diplomatic Insight» журналы (Diplomatic Insight Group, DIG) Institute of Peace and Diplomatic Studies зерттеу-талдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды.Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде Пәкістан Президентінің баспасөз хатшысы Мұртаза Соланги, сондай-ақ Премьер-министрдің арнайы көмекшісі, Ұлттық мұра және мәдениет істері жөніндегі Мемлекет министрі Хузайфа Рехман қатысты.Биылғы жылы алғаш рет арнайы «Жыл елшісі» сыйлығы тағайындалды. Номинация бойынша үміткерлерді анықтау мақсатында Пәкістанның саяси, ресми, дипломатиялық, іскер және академиялық орта өкілдері арасында кешенді сауалнамалар жүргізілді.Зерттеу нәтижелері бойынша «Жыл елшісі» атағы Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафинге Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін берілді.Айта кету керек, Исламабадтағы дипломатиялық корпус құрамына 120-дан астам дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері кіреді. Солардың ішінен биыл аталмыш марапатқа ие болған жалғыз елші - Қазақстан Елшісі.Бұдан бұрын, 2022 жылы да Е.Қыстафин «Global Ambassador Awards» сыйлығымен марапатталған болатын. Бұл Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі жүргізіп отырған жүйелі және нәтижелі жұмыстың жоғары бағаланатынын айқын көрсетеді.Елші Е.Қыстафин “Diplomatic Insight Group” басшысы Мұхаммад Асиф Нұрға және “Institute of Peace and Diplomatic Studies” директоры Фархат Асиф ханымға Елшілік қызметіне берілген жоғары бағасы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1113823?lang=kk
Құрметті салық төлеуші! 27.11.2025
Сізге, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден келесі тұлғалар босатылатыны туралы хабарлаймыз:-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамды, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың біреуі – барлық істер және құжаттар бойынша.Осыған байланысты, жоғарыда аталған тұлғалар сот органдарына талап арыз берген кезде мемлекеттік бажды бюджетке төлеуден босатылады.Еске саламыз, мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару мерзімі – бюджетке мемлекеттік баж сомасы төленген күннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6-тармағы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113813?lang=kk
Қазақстан Елшісі Түркі және Еуропа өңірлеріндегі геосаясат пен энергетикалық ынтымақтастыққа арналған Матиаш Корвинус Коллегиумының конференциясына қатысты 27.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 24 қараша – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Матиаш Корвинус Коллегиумының Халықаралық экономика орталығы ұйымдастырған «Болашақты айқындау: Еуропа мен Түркі мемлекеттеріндегі геосаясат және энергетикалық саясат» атты халықаралық конференцияға қатысты.Конференцияға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия және Мажарстанның жетекші сарапшылар мен академиялық қауым өкілдері жиналып, тез өзгеріп жатқан геосаяси ахуалды және оның Еуропаға, Орталық Азияға және жалпы Түркі әлеміне әсерін талқылады. Талқылаулар жаһандық күш тепе-теңдігінің өзгеру салдарларына, энергия жеткізу бағыттарының қайта құрылуына және Орталық Азия мен Каспий бассейні сияқты өңірлердегі өсіп келе жатқан стратегиялық бәсекелестікке арналды.Қатысушылар қазіргі геосаяси сынақтарға тиімді жауап беру үшін қажет негізгі шараларды атап өтті. Олардың қатарында: энергия көздерін әртараптандыруды күшейту, өңірлік өзара байланыстылықты арттыру, одақтас және серіктес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ сыртқы күйзелістерге төтеп бере алатын орнықты инфрақұрылым қалыптастыру бар.Конференцияда ортақ тарихи мұра мен бауырластық сезімі Түркі мемлекеттеріне саяси үйлестіруді нығайтуға және экономикалық дамудың жаңа бағыттарын ашуға жәрдемдесетіні ерекше атап өтілді. Спикерлер Түркі елдері арасындағы ынтымақтастықтың тек мәдени байланыстарды күшейтіп қана қоймай, көлік дәліздерін дамыту, энергетикалық әріптестік және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер арқылы стратегиялық экономикалық пайда әкелетінін жеткізді.Іс-шара барысында Мажарстанның Түркі әлеміндегі құрметті әрі конструктивті рөлі де атап өтілді. Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы Бақылаушы мәртебесі және өңірлік диалогқа белсенді қатысуы Орталық Еуропа мен Түркі мемлекеттері арасындағы тұрақтылыққа, мәдени алмасуға және өзара тиімді экономикалық серіктестікке қосылған маңызды үлес ретінде танылды.Абзал Сапарбекұлының конференцияға қатысуы Қазақстанның Мажарстанмен ынтымақтастықты дамытуға және кеңірек Еуразия өңірінде қауіпсіздік, өзара байланыстылық және ұзақ мерзімді даму бағытындағы бірлескен күш-жігерді қолдауға бейілділігін тағы да айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1113791?lang=kk
Алматы облысында 156 мың кәсіпкер жұмыс істейді 27.11.2025
Алматы облысында жыл соңына дейін «Kusto Logistics» көтерме-бөлу орталығы, «MP Solution» және «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» ірі логистикалық кешендер мен индустриялық парктер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.Әкімнің мәліметінше, осындай кәсіпорындарды орналастыру мақсатында 15 индустриалды аймақ құрылып (Талғар ауданында «Қайрат-2», Еңбекшіқазақ ауданында «Шелек», Жамбыл ауданында «Қазыбек Бек», «Үлкен», Ұйғыр ауданында «Тасқарасу», «Сұңқар», Қонаев қаласында «Қонаев», Алатау қаласында «Береке» және жетеуі Үлкен Алматы айналма жолының маңында) жатыр.Олардың ішінде «Қайрат-2» индустриалдық аймағы шетел инвесторлары есебінен салынса, Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтарды жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.«Осылайша, облысымыздың инвестициялық потенциалын арттыру ірі кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де дамуына мүмкіндік беріп жатыр. Бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 46,3%-ға жетіп, олардың саны 156 мыңнан асты (2022 жылы – 116,6 мың), өсім көлемі 33,8% болды», - деді Сұлтанғазиев.Бұл салада барлық жұмыспен қамтылған (740,3 мың адам) халықтың үштен бір бөлігі жұмыс істейді (273 мың адам).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113746?lang=kk
Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 751 млрд теңгеге жетеді 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелері мен жоспарларын жариялады. Әкімнің айтуынша, агросектор облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682,3 млрд теңге болып, өңірлік өнімнің 7%-ын берген. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Ал 2025 жылдың 10 айында жалпы көлем 649,1 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 101,1% болды.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да артып отыр, бұл көрсеткіш 345,2 млн АҚШ долларына жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15% көбейді (2024 жылы – 299 млн доллар).Әкім сүт-тауар фермаларының желісі мемлекеттік қолдау арқылы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті. Қазір өндірісті және сүтті қайта өңдеуді арттыруға бағытталған 13 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеге екі жоба іске асты, ал биыл 7 100 бас ірі қараға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталмақ.Бүгінде облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша республикада 8-орында (38,2 млрд теңге). Соған қарамастан, жалпы өнім көлемі бойынша өңір тұрақты түрде алғашқы бестікте.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113751?lang=kk
Алматы облысында ауыл халқының табысы 22,7% көбейді 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр.Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр.Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады.Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жалғасып жатыр. 2022-2025 жылдар аралығында 528 мың гектар пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді.Сонымен қатар, тұрғындарды ауыл кәсіпкерлігіне тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бүгінге дейін 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілген.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл шаралар ауылдағы табысты да өсірген. Ауыл халқының орташа табысы 22,7% артып, 311,4 мың теңгеге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113755?lang=kk
Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй: Алматы облысында 1000-нан астам отбасы баспаналы болды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр.2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі.Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда, оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр (шалғай аудандарда 350 мың теңге).Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113760?lang=kk
В 2025 году Алматинскую область посетили 2,2 миллиона туристов 27.11.2025
Алматинская область демонстрирует высокие результаты в развитии туризма. Об этом заявил аким области Марат Султангазиев на брифинге в Службе центральных коммуникаций. По его словам, география и природные ресурсы региона особенно благоприятны для развития туристической отрасли.По словам акима, количество туристов, посетивших область в этом году, достигло 2,2 миллиона человек, что на 36% больше, чем в прошлом году (в 2024 году — 1,6 миллиона).Капшагайское водохранилище стало главным туристическим центром города Конаев. В летний сезон 2025 года его посетили около 2 миллионов человек, что на 20% больше, чем в прошлом году. В этом году при поддержке Freedom Holding был проведен масштабный ремонт городского пляжа №5.Реализован проект по расширению горнолыжного курорта «Ой-Карагай» на плато Актас стоимостью 83,2 миллиарда тенге. Особенность этого курорта в том, что он работает круглый год, обслуживая около 600 тысяч туристов.Кроме того, на берегу озера Капшагай открылись многофункциональный туристический комплекс «АSP-Арена» стоимостью 11 миллиардов тенге, международная спортивная арена и стадион на 4000 мест. Здесь же готов принять гостей самый большой ледовый каток в Центральной Азии.Аким подчеркнул важность озёр Кольсай и Каинды для регионального туризма. В этом районе полностью благоустроены пешеходные дорожки, а также капитально отремонтирован 9-километровый участок дороги до Каинды. В результате количество туристов, посетивших этот район, достигло 600 тысяч человек, что в 1,6 раза больше, чем в прошлом году.« Город Кочевников» на берегу реки Или взято на баланс акимата. Мы планируем полностью реконструировать его в ближайшее время, и я уверен, что этот объект станет одним из любимых мест для туристов», — сказал Султангазиев.В целях популяризации кочевой культуры и развития туризма в этом году было проведено крупное культурное мероприятие «Самый большой в мире караван верблюдов — 2025». В ходе мероприятия был установлен мировой рекорд, а ферма «Даулет-Бекет» вошла в Книгу рекордов Гиннесса.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113767?lang=kk
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», - деді Сұлтанғазиев.Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113775?lang=kk
Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды.Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып жүр.Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатын шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіліп жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына беріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113778?lang=kk