Enbekshi QazaQ

Әлем

Будапештте өткен сараптамалық жиында Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық әріптестігі талқыланды 19.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 18 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі, Людовика Мемлекеттік қызмет университетінің Түркі зерттеулері орталығы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп «Байланыстылық және ынтымақтастық: Мажарстанның Түркі әлемімен стратегиялық өзара іс-қимылы» тақырыбындағы панельдік дискуссия форматында дөңгелек үстел  өткізді.Іс-шараға ТМҰ мемлекеттерінің Будапешттегі елшілері, ТМҰ-ның Мажарстандағы Өкілдігінің қызметкерлері, дипломаттар, сондай-ақ Мажарстанның Мәдениет және инновация министрлігі және талдау орталықтарының өкілдері қатысты.Іс-шараның басында Людовика университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Пьер Паоло Пигоцци, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, сондай-ақ Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілеттті кеңесінің төрағасы профессор Мұхиттин Шимшек сөз сөйледі. Сонымен бірге халықаралық істер жөніндегі бас директор Лилиана Шмех бейне үндеу жолдады.Шара аясында екі жоғары оқу орны арасында академиялық ынтымақтастықты, бірлескен зерттеулерді және ғылыми жобаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Бағдарлама екі панельдік сессиядан тұрды:Бірінші панель « Байланыстылық және орнықтылық: Түркі әлемі мен Мажарстанның ортақ өңірлік контексті» тақырыбына арналды. Онда өңірлік байланыс, қауіпсіздік және Мажарстанның Түркі мемлекеттерімен ынтымақтастығы талқыланды.Екінші панель «Қазақстан мен Мажарстан: стратегиялық әріптестік арқылы орнықты болашаққа» тақырыбында өтіп, экономикалық ықпалдастық, инновациялар, жасыл трансформация және ортақ даму басымдықтары қарастырылды.Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға және Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға деген берік ұстанымын атап өтті. Ол сондай-ақ академиялық және сараптамалық диалогтың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар, Елші Абзал Сапарбекұлы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық серіктестерге алғыс айтып, білім, ғылым және дипломатия салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1108537?lang=kk
Әлеуметтік қызметтерді күшейту 19.11.2025
Бүгін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларымен ҚӨЖ-да жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтың өзара іс-қимылына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.Бірлескен жұмыс мүмкіндіктер береді:• жедел ақпарат алмасуға;• көмек ең қажет сәтте отбасыларға тез әрекет етуге және уақытты қысқартуға;• кәсіби тәжірибені біріктіру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға;• дағдарыстық жағдайлардың алдын алып, жалпы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1108503?lang=kk
Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады 19.11.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы қаралды. Жаңа құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Бағдарламаның басымдығы экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыру. Ол үшін бағдарламада экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының шаралары мен құралдарының жиынтығы қарастырылған. Биыл экономиканың сапалы өсуі жалғасуда. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,2%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері , құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады.«Үкімет тек жалпы ішкі өнім құрылымы салаларындағы өсуді ғана мақсат етпейді. Өсуді қамтамасыз етуде адами капитал, негізгі капитал, табиғи ресурстар, еңбек өнімділігі және технологиялар сияқты маңызды факторлардың үлесі ескерілетін болады. Осыған байланысты әлеуетті жалпы ішкі өнім бойынша экономикалық өсудің декомпозициялануы өзекті болып отыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.«Инвестицияларға тапсырыс» қағидатына негізделген жаңа тәсіл енгізілуде. Құны 29,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар үшін басым салаларда 25 жыл ішінде заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісімдер жасалады.Экономикалық өсудің проактивті саясатын жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингінің рөлі күшейтілетін болады. Холдинг ұлттық экономика үшін барынша мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланады. 2026 жылға арналған портфельде басымдықтар келесідей бөлінеді:42% химия және мұнай-газ химия өнеркәсібін, 19,6% – көлік және логистиканы, 12,1% – энергетиканы, 7,1% – тау-металлургиялық кешенді, 6,4% – агроөнеркәсіптік кешенді және тамақ өнеркәсібін қаржыландыруға тиесілі.Ол үшін Үкімет республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес 2026 жылы «Бәйтерек» холдингіне 1 трлн теңгеге дейінгі бюджет қаражатын бөлуді жалғастырады.Бюджет тапшылығын 2028 жылы жалпы ішкі өнімге0,9%-ға дейін, ал мұнайға қатысты емес тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,7%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге 26%-дан аспайтын тұрақты деңгейде сақталатын болады.Инфляцияға қарсы шаралар шеңберінде электрондық сауданы реттеуге ерекше назар аударылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында маркетплейстерде – бөліп төлеген және бөліп төлемеген кезде қосарланған (сараланған) бағалар практикасы енгізіледі.Серік Жұманғарин тарифтік саясат бойынша да ақпарат берді. Вице-премьер 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылғанын атап өтті.Тарифтерді көтеруге мораторий қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізіледі.2026-2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Үкімет квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. 2026 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий қолданылады. Одан әрі оңтайландыруға ұсынылатын мемлекеттік объектілердің жаңа тізбесі қалыптастырылды. Оған баланстық құны 2 трлн теңгеден асатын 500-ге жуық компания кірді.Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен «Qazaq Green Power PLC» акцияларын IPO/SPO-ға шығару жоспарлануда.Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейтуге баса назар аударылады.«2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», — деді вице-премьер.https://primeminister.kz/news/kazakstanda-investiciia-tartudyn-zana-tetigi-iske-kosylady-30734 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108437?lang=kk
Серік Жұманғарин ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен кездесті 19.11.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқармасының бастығы Әли әл-Эйдпен кездесті.Диалог барысында вице-премьер ХВҚ-ның Келісім баптары шеңберіндегі тұрақты талдамалық жұмысы үшін, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сынды Қазақстанның тағы да мемлекеттік органдарында консультациялар өткізіп, техникалық көмектер көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.«Біздің Халықаралық валюта қорымен ұзақ мерзімді әріптестігіміз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің бірқалыпты архитектурасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қордың ұсынымдары біздің байыпты шешім қабылдауымызға көмектессе, өзара ынтымақтастығымыз институционалдық реформаны ілгерілетіп, макроэкономикалық және макропруденциалдық саясатты жетілдіруге жәрдемдеседі», — деді Серік Жұманғарин.Ол ХВҚ миссиясы басшысын құрылымдық реформалардың барысымен, соның ішінде күшіне енген Бюджет және Салық кодекстерінің жүзеге асырылуы, қаржы нарығының дамуы, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның 2026-2028 жылдарға арналған жаңа бірлескен іс-қимыл бағдарламасының негізгі бағыты туралы хабардар етті. Сонымен қатар жаңартылған макрокөрсеткіштермен таныстырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,8%, ал 2025 жылғы 10 айда – 6,4% болды.Әли әл-Эйд ХВҚ-ның Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, салық реформасын жүргізу, фискалдық ұстанымды нығайту, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қолдау мен ұзақ мерзімді стратегиялық пайымды қалыптастырудағы елдің елеулі ілгерілеуін атап өтті. Сонымен бірге ол инфляцияны одан әрі төмендету қажеттігіне, оның көп компонентті сипаты мен сыртқы факторлардың әсеріне назар аударды.Тараптар талдамалық және сараптамалық алмасуды нығайту, сондай-ақ орнықты экономикалық өсуді қолдау жөніндегі бірлескен жұмысты дамыту секілді алдағы өзара іс-қимыл перспективасын талқылады.Кездесу сындарлы, әріптестік райда өтті. Бұл Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара көзқарасты айғақтайды.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-xvk-nyn-kazakstan-boiynsa-missiiasynyn-bassysymen-kezdesti-30738 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108444?lang=kk
Қазақстанның Жібек жолы мұрасы: британдық жазушы Ник Филдингтің дәрісі Лондонда қызығушылық тудырды 19.11.2025
Өткен аптада Ұлыбританияның беделді жеке клубтарының бірі – 1837 жылы негізі қаланған лондондық Army and Navy Club – белгілі британ жазушысы әрі саяхатшысы Ник Филдингтің Younghusband Lecture атты дәрісін қабылдады.Adventure Circle клубының мүшелері алдында сөйлеген Ник Филдинг «Қазақстан: Солтүстік Жібек жолын зерттеу» атты көрнекілігі мол презентациясын ұсынды. Ол Алматыдан Арал жағалауына дейінгі өзінің соңғы экспедициясының нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстанның Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы стратегиялық рөліне ерекше тоқталды. Зерттеуші тарихи мәліметтер мен мәдени байқауларды шебер үйлестіріп, еліміздің байырғы дәуірдегі айбынды келбетін жанды түрде суреттеп, бүгінгі күнге дейін әлі толық ашылмаған туристік әлеуетін атап өтті.Филдингтің айтуынша, ғасырлар бойы Жібек жолы саяхатшылар мен жазушыларға шабыт беріп келген. Ол бір ғана бағыт емес, Орталық Азияның шөлдері мен тауларын, кең жазира даласын қиып өтетін сан тарам жолдардың алып желісі. Зерттеуші бір кездері атақты болған Отырар, Сауран, Сығанақ және Жанкент қалаларына, сондай-ақ тарихи да, бүгінгі бейнесімен де айбынды Түркістанға айрықша көңіл бөлді. Бұл шаһарлар заманының ең маңызды сауда, мәдениет және дипломатия орталықтары ретінде Шығыс пен Батысты жалғаған алтын көпір болғаны белгілі.Қазақстанды 15 жылдан бері, негізінен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысын аралап жүрген Ник Филдинг соңғы сапарлары кезінде Солтүстік Жібек жолының тарихи және стратегиялық маңызына тереңірек көз жеткізгенін айтты. Ол бұл бағытты Жібек жолының ең маңызды, бірақ әлі тиісті деңгейде бағланбаған тармақтарының бірі деп атады.Іс-шараға зерттеушілер, тарихшылар және шытырман оқиға әуесқойлары кеңінен қатысты. Дәріс барысында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі де қатысып, қонақтарға еліміз туралы кітаптар мен сувенирлер ұсынып, Қазақстанның бай мұрасы мен заманауи келбеті туралы әңгімелесті. Сонымен қатар Елшілік кеш мазмұнын ежелгі карталар мен қазақ мемлекеттілігіне қатысты қолжазбалар көрмесімен және елдің табиғаты мен археологиялық ескерткіштерін танытатын визуалды экспозициямен толықтырды.Елшіліктің саяси кеңесшісі Бауыржан Нұрбалин Ұлыбритания азаматтары үшін Қазақстанда 30 күн визасыз болу мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ Air Astana аптасына төрт рет Лондон – Алматы бағытында тікелей рейс жүзеге асыратыны атап өтті. Бұл факторлар Қазақстанды британдық саяхатшылар үшін бұрын-соңды болмаған деңгейде қолжетімді етіп отырғанын жеткізді.Younghusband Lecture дәрісі Қазақстанның бай тарихи мұрасын дәріптеп қана қоймай, еліміздің ғалымдар, зерттеушілер мен саяхатшылар үшін тартымдылығы артып келе жатқанын айқын көрсетті. Көптеген қонақтар шарадан шабыттанып, Қазақстанды өз көзімен көруге деген ықыласпен тарасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1108453?lang=kk
Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша семинар 19.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада "Атамекен" ҰКП ШҚФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО салық төлеушілері, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді. Кездесу барысында департамент мамандары салық заңнамасының өзекті мәселелерін түсіндірді. Талқыланған тақырыптар:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық тексерулеріне енгізілетінөзгерістер;Темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес. 2026 жылғы 1 қаңтарданбастап акциздер бойынша өзгерістер;ҚР дереккөздерінен алынатын резидент еместердің кірісін салыққатарту, өзгерістер;Заңды тұлғалардың банкроттығы — қарызды қайта құрылымдау рәсімі;Кеден төлемдері мен салықтарды төлеу міндеттемелерін орындаудықамтамасыз ету.Іс-шара конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1108409?lang=kk
Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр 19.11.2025
Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына 3 650 тонна , күзгі егін басындағы еңбекке 201 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 1 366,7 тонна дизель отынына өтінім қабылданып, шаруашылықтарға уақтылы жеткізілді. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдықов баспасөз мәслихатында айтты.Дизель отыны аудандар бойынша нақты бөлініп, Райымбек ауданына 313,8 тонна, Жамбыл ауданына 193,6 тонна, Еңбекшіқазақ ауданына 162,3 тонна, Іле ауданына 186,5 тонна, Ұйғыр ауданына 37,8 тонна, Кеген ауданына 56,3 тонна, Қарасай ауданына 111,4 тонна, Талғар ауданына 120,9 тонна, Қонаев қаласына 159,1 тонна және Балқаш ауданына 25 тонна жөнелтілді.«2025 жылға облысқа 5 016,7 мың тонна дизель отыны жоспарланған. Сонымен қатар қосымша 3,0 мың тонна көлемінде сұраныс беріліп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қосымша бөлінген көлемнің 43,3 тоннасы шаруашылықтарға жеткізілді», - дейді спикер. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылатын дизель отынының бағасы нарықтық деңгейден 26 пайыз төмен – литрі 250 теңге. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған өтінімдерді қабылдау 1–30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.Облыста ауыл шаруашылығы саласында техника паркін жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 490 бірлік жаңа техника сатып алу көзделген болса, қазіргі таңда 6,3 млрд теңгеге 391 бірлік техника алынған. Жоспардың 79,7 пайызға орындалған. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» арқылы 4,5 млрд теңгеге 258 техника, ал шаруалардың өз қаражаты есебінен 1,8 млрд теңгеге 133 техника сатып алынды.Аталған шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, маусымдық дала жұмыстарын уақытылы ұйымдастыруға және өнімділікті арттыруға елеулі ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108414?lang=kk
Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі 19.11.2025
Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларға автоматтандырылған және салыстырмалы бақылау жүйесі іске қосылады. Автоматтандырылған бақылау (е-Тамға)• ЭШФ тек расталған шығындар болған жағдайда ғана рәсімделеді.• ҚҚС балансы «е-Тамға» сервисінде нақты уақыт режимінде автоматты түрде есептеледі.• Балансты толықтыру — МКК қазынашылық шоты арқылы, алдын ала салықсыз.• Пайдаланылмаған қаржыны өтініш беріп қайтаруға болады.• Бақылау тек тәуекелді салық төлеушілерге қолданылады.• Мерзімі — 12 ай, ал шарттар орындалса, 6 айдан кейін мерзімінен бұрын алып тастауға болады. Салыстырмалы бақылау• Жалған жеткізілімдерді анықтау үшін жүргізіледі.• Тек жалған ЭШФ белгілері бар шағын топтағы салық төлеушілерге қатысты.• Хабарлама келеді  — орындау мерзімі 10 жұмыс күні:•  Келіссе → ЭШФ қайтарылады•  Келіспесе → түсініктеме беру қажет• Уақытылы жауап берілмесе → ЭШФ рәсімдеу бұғатталады және банк операцияларына шектеулер қойылады Жаңа Салық кодексі ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономикамен күресуге және әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1114206?lang=kk
Алтай ауданы маслихатының төрағасының және «AMANAT» партиясынан сайланған депутатының жеке қабылдауына Алтай қаласының тұрғындары баспана мәселесі бойынша жүгінді 19.11.2025
Көтерілген мәселелер жан-жақты қарастырылып, айтылған проблемаларды шешуге жәрдем көрсету мақсатында жұмысқа алынды.«AMANAT» партиясы мен Алтай ауданының мәслихат депутаттары азаматтардың өтініштерін қарау және жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1108290?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары 19.11.2025
  Құрметті аудан тұрғындары! "Қарызқоғам" әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтарға тегін ақпараттық-құқықтық қолдау көрсетіледі. Егер сіз:✔️ 90 күннен астам мерзімі өткен несиелеріңіз бар✔️ Шоттарға, мүлікке немесе жалақыға тыйым салынды✔️ Банктер немесе микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)алдындағы қарыздар бойынша төлей алмайсыз✔️ Банкроттықты тану мүмкіндігі туралы білгіңіз келе ме✔️ Қарызды қайта құрылымдау немесе заң көмегі қажет пе 📌 Сіз тегін ала аласыз:▪ Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша консультациялар▪ Қамауға алу мен шектеулерді алып тастауға көмек▪ Борыштардың бір бөлігін қайта құрылымдауға және есептен шығаруға жәрдемдесу▪ Проблемалық қарыздар бойынша заң консультациялары▪ Банктерге, МҚҰ-ға, соттарға және мемлекеттік органдарға өтініштер мен өтініштерді дайындауға көмек 📞 Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша байланыс орталығы:8 700 099 01 548 700 023 01 448 700 855 85 858 700 866 86 86 📍 Тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар көмек сұрай алады.👥 Консультацияларды білікті заңгерлер мен әлеуметтік қорғау мамандары жүргізеді.📄 Барлық қызметтер жоба аясында тегін ұсынылады. "Қарызқоғам" жобасы-борыштық жүктемеге тап болғандарға нақты қолдау. Бүгін қаржылық қалпына келтіруге қадам жасаңыз!       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-birlik/press/news/details/1108304?lang=kk
«Бір ел-бір кітап» акциясында Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі өтті 19.11.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясында 2025 жылға таңдалған проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін  Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында  «Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі  «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде өткізілді. Кітап көрмесінде   әр жылдары жарық көрген Жұмекен Нәжімеденовтың екі томдық шығармалар жинағы мен өлеңдері, поэмалары және Тәкен Әлімқұловтың сегіз томдық шығармалар жинағы  «Көкек айы» атты повесть пен әңгімелері, «Қаратау өрнектеріатты кітаптары   таныстырылып,  библиографиялық  шолу жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1108313?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні мен семинар 19.11.2025
Бүгін, 2025 жылғы 20 қарашасында Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін семинар, Павлодар және Шарбақты аудандары бойынша  мемлекеттік кірістер басқармаларында Ашық есік күні өткізілді. Іс – шаралардың негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.Іс-шараларға келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Онда талқыланған негізгі мәселелер: сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемелерін белгілеу, қосылған құн салығын (ҚҚС) реформалау, түрлі салалар үшін КТС мөлшерлемелері, сән-салтанат салығын енгізу, арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық есептілігі нысандарын қысқарту болды.Іс-шаралар барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1109186?lang=kk
Департамент Басшының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ж. Бейсенов ZOOM платформасында Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен семинар өткізді. 19.11.2025
Департамент Басшының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілі          М.Ж. Бейсенов ZOOM платформасында Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" ҚРЗ нормаларын және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ҚР Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының Е.Д. Абисаликов қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау тақырыбында семинар өткізді.Павлодар облысы бойынша МКД адам ресурстары басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1108254?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары ынтымақтастықты нығайтуда 19.11.2025
Женева, 2025 жылғы 18 қараша – Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мырзамен кездесуін өткізді.Кездесу барысында Елші Қазыхан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (АҚЖКБ) мандаты мен қызметіне батыл қолдау көрсеткенін растады. Ол қарулы қақтығыстар жағдайында бейбіт тұрғындарды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, бүкіл әлемдегі адам құқықтарын көтермелеу мен қорғаудағы жоғарғы комиссардың маңызды рөлін атап өтті.Фолькер Тюрк мырза Қазақстанның БҰҰ-ның құқық қорғау тетіктерімен сындарлы өзара іс-қимылы үшін ризашылығын білдіріп, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жаһандық құқық қорғау институттарын нығайтып, әмбебап нормаларға бейілділікті нығайтып, тиімді көпжақты диалогқа ықпал ететінін атап өтті.Қазақстан адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды одан әрі ілгерілету, кәсіби әлеуетті арттыруды қолдау және негізгі бостандықтарды қорғауға жәрдемдесу мақсатында жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде АҚЖКБ-мен ынтымақтастықты тереңдетуге өзінің дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1108231?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды 19.11.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді. Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады.Сапар «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1108238?lang=kk
Қазақстан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен берік серіктестігін және халықаралық гуманитарлық құқықты ілгерілетуге деген адалдығын растайды 19.11.2025
Женева, 2025 жылғы 17 қараша –  Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Сполярич-Эггермен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы жаһандық, өңірлік және ұлттық платформалар бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады. ХҚКК және алты әріптес ел: Қазақстан, Франция, Қытай, Бразилия, Оңтүстік Африка, Иордания бірлесіп бастаған Халықаралық Гуманитарлық Құқыққа (ХЖЛ) Саяси Міндеттемені Нығайту Жөніндегі Жаһандық Бастаманы ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда бұл бастаманы 95 Мемлекет қолдады, бұл оның кең халықаралық мақұлдауын және оның өзектілігін мойындауын көрсетті.Сполярич-Эггер ханым Қазақстанның Бастаманы ілгерілетуге белсенді және сындарлы қатысуы елдің гуманитарлық принциптерге берік ұстанымын және оның халықаралық нормалар мен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген тұрақты міндеттемесін көрсететінін атап өтті.Елші Е.Қазыхан Қазақстанның ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастыққа және халықаралық гуманитарлық құқықты толық құрметтеуге, қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауға, ұжымдық этикалық және құқықтық міндеттерді күшейтуге бағытталған жаһандық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға деген адалдығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1108225?lang=kk
Жетісудың жыр домбыралары көрмесі 19.11.2025
Биыл, Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жыл. Осыған орай Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ақындар айтысы өтті. Игі шараға облыстық Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Жетісудың жыр домбыралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музей қорынан құралған көрмеге Бақтыбай Жолбарысұлының өзі ұстаған домбырасы көпшілік назарына ұсынылды. Домбыраны ақынның ұрпақтары үстіміздегі жылдың наурыз айында музей қорына өткізген болатын. Көрмеге сондай-ақ, Жетісудың дүл-дүл ақындары Сара Тастанбекқызы, Қуат Терібаев, Темірғали Рүстембеков, Қалқа Жапсарбайұлы, Айтақын Бұлғақовтың домбыралары қойылды.  Көрме барысында Жетісудың айтыс өнерін ту еткен ақындардың өнегелі өмір жолы, қалдырған сөз мұрасы туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1108195?lang=kk
Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды 19.11.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар негізгі бағыт бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін қамтитын бағдарламаның негізгі тәсілдері туралы баяндады. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар. Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты,қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын дамыту бойынша монетарлық, микро және макропруденциалды шаралар пакетін ұсынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бизнеске несие беруді кеңейту, тұтынушылық несиелеу сегментіндегі тәуекелдерді төмендету, кәсіпкерлерді қолдау үшін реттеу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қадамдар туралы баяндады.Премьер-министр бағдарламаны экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі мен инфляцияны төмендету есебінен жүзеге асыру азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттырудың негізгі құралы болатынын атап өтті. Негізгі мақсаттар – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру. Жаңа инвестициялық циклді іске қосу, бизнес жүргізу үшін кедергілерді жою және мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайту, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға баса назар аударылады.Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істегенде ғана мүмкін болатынын ескере отырып, жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау мен төмендету, сондай-ақ бағаның өсуіне сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейту тапсырылды.Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет.Ауыл шаруашылығы, Сауда және Өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыруы тиіс. Тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды және сауда желілерімен келісімдерді белсенді пайдалану арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Сауда министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, делдалдық схемаларды анықтау жұмысын күшейтуі қажет.Инвестициялық жобаларды іске асыруға және АӨК-де терең өңделген өнімдерді өндіруге ерекше назар аударылуы тиіс.Сауда, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушыларды ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды.Сонымен қатар нақты секторын несиелендіруге тарту арқылы басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, даму институттарының, оның ішінде «Бәйтерек» холдингі мен Kazakh Invest рөлін арттыру, іске асырылып жатқан шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді. Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында қарап, жұртшылықты хабардар етіп отыруы керек. Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу барысына мониторинг жүргізу тапсырылды. Премьер-министр барлық бірінші басшыға бағдарламаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.Премьер-министрдің орынбасарларына өз бағыттары бойынша Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.https://primeminister.kz/news/ukimet-ulttyk-bank-zane-karzy-narygyn-retteu-agenttiginin-birlesken-is-kimyl-bagdarlamasy-kabyldandy-30737 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108201?lang=kk
Ұйғыр ауданында жасөспірімдерге арналған ВИЧ мәселелері мен денсаулықты нығайтуға бағытталған форум өтті 19.11.2025
Ұйғыр ауданында жасөспірімдер арасында ВИЧ инфекциясы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауқымды форум ұйымдастырылды. Іс-шара «ВИЧ-пен күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» республикалық кампаниясы аясында өткізіліп, мамандар мен жасөспірімдер арасындағы ашық диалог алаңына айналды.Форумның басты мақсаты – оқушыларға ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту.Іс-шараны Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының мамандары – білім беру саласы өкілдері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері және жасөспірімдер денсаулық орталығының дәрігерлері ұйымдастырды. Сондай-ақ форумға Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қатысып, жасөспірімдермен ашық әңгіме құрып, өзекті сұрақтарға жауап берді.Форум бағдарламасына медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша мамандардың баяндама-түсіндірулері енді. Олар психобелсенді заттардың зияны, зорлық-зомбылықтың алдын алу, салауатты өмір салты қағидаттары, сондай-ақ адам папилломасы вирусы және оның алдын алу тәсілдері туралы өзекті ақпарат ұсынды. Барлық ақпарат жасөспірімдердің денсаулыққа қатысты қауіптерді түсініп, олардан қорғану жолдарын меңгеруіне бағытталды.Форумға бес мектептің оқушылары, «Аяжан» медициналық колледжінің және Шонжы ауылындағы политехникалық колледждің студенттері барлығы 90 жас қатысты. Қатысушылар мұндай шаралардың ақпараттандыруды арттыруға, өзіне деген сенімді нығайтуға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Іс-шара ұйымдастырушылары ВИЧ-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді. Алдағы уақытта оқу орындарында тұрақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Бұл жастардың қамтылу аясын кеңейтіп, қоғамда денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108186?lang=kk
Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану» тақырыбында дәріс өткізілді. 19.11.2025
2025 жылғы 17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Ж.Ж. Умурзакова Солтүстік Қазақстан облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану» тақырыбында дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1108167?lang=kk