Әлем
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді 15.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 15.11.2025
Шымкент қаласында тұрғындар пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен жүзеге асқан «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді.Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар түседі. Енді бұл пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы жедел қабылданатын болады.Жоба аясында алдағы уақытта қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамалар мен автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Кодты сканерлеген кез келген тұрғын қала дамуына қатысты өз ұсынысын онлайн түрде жолдай алады. Бұл — тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматы.Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты — әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады.Жоба — әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін, қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Бұл бастама арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі.
QR-КОД ҰСЫНУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ 15.11.2025
Шымкентте шымкенттіктердің пікірі мен ұсыныстарын тікелей жинауға бағытталған жаңа жоба қолға алынды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Азаматтардың Шымкенттің дамуына қосқан үлесі» акциясы тұрғындарға қаланың дамуына өз идеяларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді. Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен қаланы аралау барысында қаланың инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар мен бастамалар тұрғындардан түсіп жатады. Бұл пікірлер енді арнайы сандық жүйе арқылы жиналады. Жоба аясында жақын арада QR кодтары қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамаларда, автобустардың өздерінде орнатылады. Кодты сканерлеу арқылы кез келген тұрғын қаланың дамуына қатысты өз ұсыныстарын онлайн түрде бере алады. Бұл азаматтарға кері байланыс орнатудың қарапайым және қолжетімді тәсілі. Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл жобаның басты мақсаты – әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосу мүмкіндігін беру екенін атап өтті. Барлық түскен ұсыныстар мұқият қаралып, ең өзекті және пайдалы идеялар негізінде нақты шешімдер қабылданатын болады. Бұл жоба қала әкімдігі мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтудағы, сондай-ақ қаланы басқаруға қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама тұрғындардың қала өміріне белсенді араласуына жол ашып, оның дамуына ортақ жауапкершілікті арттырады.
Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт 15.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Президенттің айтуынша, агросектор ел экономикасының стратегиялық тірегі болып қала береді, сондықтан оны заманауи технологияға, жоғары өнімділікке және жаһандық бәсекеге қабілеттілікке бейімдеу – басты басымдық.Биыл ауыл шаруашылығына берілген жеңілдетілген несиелердің көлемі Қазақстан тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен он есе көп. Несиеге қолжетімділікті арттыру үшін мемлекет кепілдік беру тетіктерін енгізді. Нәтижесінде «Даму» қорының кепілдігімен 1300 фермер несие алып, мүлкі жеткіліксіз шаруалардың қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қатар отандық техника өндірісіне ерекше көңіл бөлінуде: шаруалар сатып алып жатқан техниканың 90 пайызы Қазақстанда шығарылады. Тозығы жеткен техника паркін жаңарту мақсатында жеңілдетілген лизинг қолданыста. Төрт жылда тозу деңгейі 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді. Президенттің АҚШ-қа сапары аясында John Deere компаниясымен 2,5 миллиард доллар көлеміндегі стратегиялық келісімге қол қойылып, алдағы бес жылда елімізде 3 мыңға жуық заманауи техника өндіріледі.Форумда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын цифрландырудың маңызын ерекше атап өтті. Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар — өнімділікті арттырып, шығынды азайтатын негізгі құрал. Елде смарт-ферма, агродрон, спутниктік бақылау және ЖИ элементтерін қолданатын шаруашылықтар көбейіп келеді, бірақ бұл өзгерістер әлі де жүйелі сипат алған жоқ. Сондықтан Үкіметке агросектордағы ақпараттық жүйелерді толық интеграциялап, бірыңғай цифрлық архитектура құру тапсырылды. Бидай қорын нақты есепке алатын цифрлық жүйе қалыптастыру, элеваторларды жаңғырту және электронды бақылау жүйесін енгізу — осы бағыттағы негізгі міндеттер. Жинақталған деректер негізінде саланы тиімді басқару үшін ұлттық ауыл шаруашылығы санағының рөлі де күшеймек.Президент агроөнеркәсіпте шетелдік инвестиция мен терең өңделген өнім өндірісін арттырудың өзектілігін атап өтті. Қазіргі таңда 200-ден астам инвестициялық жоба дайындалған, жалпы құны 4 триллион теңгеге жуық. 2023 жылы өңделген өнімнің үлесі 35 пайыз болса, биыл 50 пайызға жетті. Келесі жылы бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін жеткізілуі тиіс. Тоқаевтың айтуынша, агросектор әлі де шикізат экспорттаумен шектеліп отыр, ал терең өңделген өнім елдің экономикалық әлеуетін анағұрлым арттыра алады. Сондықтан озық технологиясы бар шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдай жасалмақ.Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі де айтарлықтай кеңейіп келеді. Еліміз бүгінде әлемдегі жетекші 10 астық экспорттаушы мемлекеттің қатарына кіреді және ұн экспортында көш бастап тұр. Қазақ астығы дәстүрлі нарықтармен қатар Бельгия, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, Марокко және Алжирге де экспортталып жатыр. Өсімдік майы, майлы дақылдар және қой еті экспорты артып келеді. Өткен жылы Қазақстан 18 мың тоннаға жуық қой етін сыртқа шығарып, осы өнім бойынша әлемдегі он озық ел қатарына енді. Агроэкспорт көлемі бүгінде 5 миллиард доллардан асады. Президент экологиялық таза өнімге сұраныстың өсуіне байланысты «Qazaq Organicfood» брендін халықаралық нарықта кеңінен танымал ету қажеттігін айтты. Бұл үшін елде органикалық өнім стандарттары бекітіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде.Мемлекет басшысы аграрлық экспорт логистикасын дамыту мәселесіне де тоқталды. Әлемде мал етіне сұраныс алдағы он жылда 233 миллион тоннаға дейін өседі. Қазақстан бұл нарықта маңызды ойыншыға айнала алады. Бірақ экспортты әуе тасымалы арқылы жүзеге асыру жүйесі әлі толық жолға қойылған жоқ. Сондықтан Үкіметке елдің ірі әуежайларын — Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Ақтау хабтарын — ауыл шаруашылығы өнімдері үшін өңірлік логистикалық орталықтарға айналдыру тапсырылды. Бұл көлік инфрақұрылымын күшейтіп, тұрақты экспорт арналарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Президент Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамалардың барлығы агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанды жоғары технологиялы, экспортқа бағытталған және жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті аграрлық державаға айналдыруға бағытталған. Аграрлық сектордағы реформалар нәтижесінде елдің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналмақ.
15 қараша – Ұлттық валюта күні! 15.11.2025
15 қараша – Ұлттық валюта күні!Мемлекеттік кірістер комитеті баршаңызды Ұлттық валюта күнімен құттықтайды! Елдің қаржы жүйесі тұрақты дамып, экономикасы жыл өткен сайын нығая берсін.Тұрақтылық, өсім және қаржы саласындағы жаңа жетістіктер тілейміз! Теңге әрдайым еліміздің тәуелсіздігі мен өркендеуінің символы болып қала берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1106031?lang=kk
Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы 15.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын реттеу және су тиімділігін күшейту – бойынша нақты тапсырмалар берді.Президент мал шаруашылығының мүмкіндігі толық ашылмай отырғанын атап өтті. Кең байтақ даламыздың барлық аймағында жыл бойы мал өсіруге жағдай бар. Осы мақсатта мемлекет субсидия, жайылымдарды суландыру, бордақылау орындарын салу және асыл тұқымды мал сатып алуға қолдау көрсетіп келеді. Былтыр бұл бағытқа 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар жеңілдетілген несиелер арқылы шаруашылықты кеңейтуге мүмкіндік бар.Мақсат – мал басын көбейтіп, Қазақстанды ет экспорттайтын ірі мемлекет ретінде нығайту. Бұл үшін жүйелі өндірістік циклді енгізу, жайылымдарды дұрыс пайдалану және ветеринария саласын түбегейлі жақсарту қажет.Президент жер мәселесіне де ерекше тоқталды. 2022 жылдан бері 14 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Ендігі міндет – бұл жерді келесі жылдың ортасына дейін толық айналымға енгізу. Жайылымдар ең алдымен ауыл тұрғындарына және нақты жобасы бар инвесторларға берілмек.Кадастрлық құнды қайта қарау, жер телімдерін электронды конкурс арқылы беру және Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу – осы бағыттағы басты тапсырмалар. Жерді тиімді пайдаланбау енді жол берілмейтін мәселе ретінде қатаң бақылауда болады.Су мәселесі – агросектордың тірегі. Президент су инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдету қажет екенін айтты. Қазір су қоймаларының 60 пайызы ауыл шаруашылығының қарамағында, сондықтан су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу міндет. Алдағы үш жылда су үнемдеуші әдістер кемінде 1 млн гектар аумақты қамтуы тиіс.Мемлекет жұмсаған әр тиынның қайтарымы болуын талап еткен Тоқаев қаржыландыру су тиімділігін арттырған өңірлерге бағытталатынын мәлімдеді. Аграрлық жоспарлар мен су ресурстарын басқару жөніндегі бас жоспар өзара толық үндес болуы шарт.Президенттің айтуынша, агросектордағы барлық бастама нақты нәтиже беруге, ауылдың әлеуетін күшейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді 15.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде осылай деді. «Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін.Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы.Бүгін, міне, ауыл шаруашылығына арналған екінші форумды өткізіп жатырмыз. Алқалы жиынға ауыл-аймақтардан көптеген білікті мамандар арнайы келіп, қатысып отыр. Сондықтан бүгінгі форумды жалпыұлттық ауқымдағы басқосу деуге болады. Жаңа сөз сөйлеген азаматтар салмақты ойларын айтты, ұсыныстарды мұқият қарап, міндетті түрде ескеру қажет».Мемлекет басшысы: «Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады»«Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында. Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін.Халқымыз «Егін ексе – ел тоқ» деп бекер айтпаған. Былтыр біз мол астық алып, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік.Биыл да күзгі жиын-терін берекелі болды. Диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Әр аймақ ел қамбасына мол үлес қосты. Соның ішінде Ақмола облысы ең жоғары көрсеткішке (7,5 миллион тонна) ие болды. Қыркүйек айында егін орағының барысын көру үшін облысқа арнайы барғанымды білесіздер».
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады 15.11.2025
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен болашақ даму бағыты туралы өзекті ойларымен бөлісті. Форумға 2 мыңнан астам адам – шаруалар, сала мамандары, инвесторлар, қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.Президенттің айтуынша, ел экономикасы биылғы он айда 6,4% өссе, ауыл шаруашылығы да сол қарқыннан қалыспай отыр. Салаға құйылған инвестиция 790 млрд теңгеге жетіп, 20% өсім көрсеткен. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3% артқан, ал Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 32-орында.Сонымен бірге елдің ауыл шаруашылығындағы әлеует әлі толық іске асырылмағанын атап өтті. Қазақстан жайылым жер көлемі бойынша әлемде 6-орында, ал егіс алқабы бойынша 8-орында тұр. Демек, басты міндет – қолда бар ресурсты тиімді пайдалану.Президенттің айтуынша, соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен аса өсіп, 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жеткен. Ендігі мақсат – 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есеге арттыру.Тоқаев ауыл – халқымыздың тамыры, рухани қазығы екенін айта келе, агросаланы дамыту – жалпы елді дамытуға жол ашатынын ерекше атап өтті. Алдағы жылдары басты басымдық – нақты нәтижеге бағытталған сапалы жұмыс, тиімді реформа және ресурсты ұтымды пайдалану болмақ.
«Таза Қазақстан»: Шымкенттіктер қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда 15.11.2025
Бүгін дәстүрлі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкентте кезекті жалпықалалық абаттандыру шарасы өтті. Шара елорданың барлық аудандарында — Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандарында өтті. «Таза бейсенбі» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға мыңдаған қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, коммуналдық сала қызметкерлері, партия белсенділері, жастар жиналды. Тұрғындар көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындарды тазалауға белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Мұндай ауқымды шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, қала тұрғындарының өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілік рухын нығайтады. Әл-Фараби ауданында сенбіліктер дәстүрге айналған. Жергілікті жерлерде абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі шара «Сәуле» ықшам ауданында өтті. Тұрғындар коммуналдық қызметтермен бірлесе отырып, көпқабатты үйлер мен жеке үйлердегі қоқыстарды тазалап, көшелерді ретке келтірді. Аудандық әкімдіктің бөлім басшысы Берік Жанаевтың айтуынша, ауданда жыл басынан бері елуге жуық сенбілік өткен. "Тұрғындардың мұндай шараларға деген қызығушылықтары жыл өткен сайын артып келеді. Қыста қар тазалап, көктем мен күзде ағаш отырғызып, қоқыстарды шығарамыз. Сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру шараларын жүйелі түрде өткіземіз", - деді ол. Сондай-ақ ауданда соңғы уақытта 400-ге жуық ағаш отырғызылғанын айтты. Тұрғындардың өтініші бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар өздері ағаш отырғыза алмаған жағдайда әкімдік қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, отырғызуды өздері жүргізеді. Еңбекші ауданында Жібек жолы көшесіндегі №54 көпқабатты үйдің ауласында сенбілік өтті. Шараға «АМАНАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысты. Олар тұрғындармен бірге тұрмыстық қалдықтарды шығарып, құрғақ шөп шабу, бұтақтарды қырқып, ағаш діңдерін әктеді. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының өкілі Жақсылық Атаев мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. "Күнделікті өмірде тазалықты сақтау - туған жерге деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі. Әрбір тұрғын өз ауласын күтіп ұстаса, бүкіл қала тазарып, көркейе түседі. "Таза бейсенбі" акциясы дәл осындай жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған", - деді ол. Қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданында сенбілік ерекше жағдайда өтті. Шараға аудан жастары мен ардагерлер қатысты. Олар бірігіп аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандырды. Тұран ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Дариха Раманова мұндай іс-шаралардың мақсаты тазалық қана емес, табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу екенін атап өтті. «Жастар аға ұрпақтан үлгі алып, тазалыққа мән берсе екен дейміз. Қала тазалығын сақтау – біздің ортақ міндетіміз», - деді ол. Сенбілік барысында құлаған жапырақтар жиналып, арықтар мен суару жүйелері тазартылып, ағаштар мен бұталарға күтім жасалды. Сенбілікке ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Әділбекұлы да қолына күрек, сыпырғыш алып қатысты. Қала тазалығын сақтау – ұрпақтар сабақтастығының нышаны және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін айтты. Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері де «ТазаШым» бастамасы аясында Әл-Фараби ауданында сенбілік өткізіп, акцияға белсенділік танытты. Жас еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сонымен қатар, қаладағы барлық оқу орындарында экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған сабақтар мен арнайы дәрістер өткізілді. Мектеп оқушыларына қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату қажеттігі туралы түсіндірілді. Мәселен, No59 орта мектепте экология пәнінен ашық сабақ өтті. Студенттер «Таза қала» атты іс-шаралар мен дәрістерге белсене қатысып, тазалықты сақтаудың және экологиялық мәдениетті дамытудың маңыздылығы туралы білді. Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы – жай ғана экологиялық бастама емес, қоғамдық сананы өзгертуге, жаңа мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама. Шымкент – экологиялық бастамалардың жарқын үлгісі. Жүйелі жұмыс пен тұрғындардың қолдауының арқасында «таза қоршаған орта сапалы өмірге тең» деген жаңа түсінік қалыптасуда. Қала әкімдігі тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуға шақырады. Бүгінгі ауқымды сенбіліктердің нәтижесінде қаланың барлық аудандарында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар, демалыс орындары тазаланды. Бұл шаралар Шымкент қаласының жалпы экологиялық жағдайына оң әсерін тигізді және тұрақты түрде жалғасын табады.
«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда 15.11.2025
Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара қаланың барлық аудандарында – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші Қаратау және Тұран аумақтарында өтті. Бұл жолғы іс-шаралар «Таза бейсенбі» акциясы аясында ұйымдастырылып, оған мыңдаған тұрғындар мен қоғамдық ұйым өкілдері, коммуналдық қызмет қызметкерлері, партия мүшелері мен жастар белсене қатысты. Қала тұрғындары өз көшелерін, аулаларын және қоғамдық аймақтарды тазалауға жұмыла кірісіп, ортақ іске үлес қосты.Мұндай кең көлемдегі іс-шаралар тек экологиялық нәтиже беріп қана қоймай, қоғамда өзара ынтымақ пен ортақ жауапкершілік сезімін де нығайта түсуде.Әл-Фараби ауданында сенбілік өткізу игі дәстүрге айналған. Мұнда тазалық жұмыстары апта сайын тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінгі шара Сәуле шағын ауданында өтті. Тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдері көпқабатты үйлер мен жеке сектор аумақтарындағы қоқыстарды жинап, көшелерді ретке келтірді.Аудан әкім аппаратының бөлім басшысы Берік Жанаевтың айтуынша, жыл басынан бері аудан аумағында елуге жуық сенбілік өткізілген.– Тұрғындар тарапынан қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Біз қыс мезгілінде қар тазалау, көктем мен күзде тал егу және қоқыс шығару жұмыстарын үзбей жүргіземіз. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында үгіт-насихат шараларын тұрақты түрде атқарып келеміз, – деді ол.Сонымен қатар, аудан аумағында соңғы уақытта 400-ге жуық ағаш отырғызылған. Бұл жұмыстар тұрғындардың өтініштері негізінде жүзеге асырылуда.Еңбекші ауданындағы сенбілік Жібек Жолы көшесіндегі №54 көпқабатты үй ауласында өтті. Іс-шараға AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысып, тұрғындармен бірге аула мен көше бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады, қураған шөптер мен бұтақтарды шауып, ағаштардың түбін әктеді.Еңбекші ауданы әкім аппаратының өкілі Жақсылық Атаев мұндай сенбіліктердің қоғам үшін маңызын атап өтті:– Күнделікті өмірде тазалық сақтау – азаматтардың туған жерге деген жанашырлығының нақты көрінісі. Егер әр адам өз ауласын таза ұстаса, бүкіл қала көркейеді. «Таза бейсенбі» акциясы осы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған, – деді ол.Қаладағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданында өткен сенбілік ерекше сипатқа ие болды. Мұндағы іс-шарада аудан жастары мен ардагерлер ерекше белсенділік танытып, тұрғындармен бірге аумақты тазалады.Тұран ауданы әкімдігінің бөлімі басшысы Дариха Раманова мұндай шаралардың мақсаты тек аумақты тазалау емес, тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру екенін айтты.– Біз жастардың үлкендерден үлгі алып, тазалыққа мән беруін қалаймыз. Қала тазалығы – бәріміздің ортақ борышымыз, – деді ол.Сенбілік барысында жапырақтар жиналып, арықтар мен ирригациялық жүйелер тазартылды, ағаштар мен бұталарға санитарлық күтім жасалды.Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Әділбекұлы да жастармен бірге қолына күрек пен сыпырғыш алып, белсенділік танытты. Оның айтуынша, қала тазалығы – ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтудың бір көрінісі.Сондай-ақ, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдері де акцияға белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағында «TazaShym», акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинауға атсалысты.Сонымен қатар, қаланың барлық білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбиеге бағытталған сынып сағаттары мен арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, арнайы орындарға тастау қажеттілігі түсіндірілді.Атап айтқанда, №59 жалпы орта мектепте экологиялық тақырыптағы ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар экология мәселелеріне арналған түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, «Таза қала» атты дәрістер барысында табиғатты аялаудың маңыздылығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі туралы мол мағлұмат алды.«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы тек экологиялық шара ғана емес, азаматтардың санасы мен өмір салтын өзгертуді көздейтін ұзақ мерзімді бастама болып табылады.Бүгінде мегаполис бұл бағытта елге үлгі боларлық нәтижелер көрсетіп отыр. Тазалық шараларының нәтижесінде тұрғындар арасында табиғатты қорғауға деген көзқарас өзгеріп, «таза орта – сапалы өмір» қағидасы қалыптасуда.Өз кезегінде қала әкімдігі тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға және қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырады.Бүгін өткен ауқымды сенбіліктер нәтижесінде Шымкенттің барлық аудандарында көшелер мен аулалар, қоғамдық аймақтар мен демалыс орындары ретке келтірілді. Қаланың экологиялық ахуалына оң әсер еткен бұл шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді 15.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлттық Валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан қаржыгерлері мен сала ардагерлерін мерекемен құттықтады.– Төл теңгеміздің тарихы Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алып, 15 қарашадан бастап ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде қолданысқа енгізілді. Бұл күн – Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, Ұлттық Валюта – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттігіміздің басты белгісіне айналды.1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық Валюта және қаржыгерлер күні ретінде аталып келеді. Қаржы жүйесі – елдің экономикасын басқарудың күретамыры, ал сала мамандары – бюджетті жоспарлаушы, мемлекеттік саясаттың орындалуына тікелей ықпал етуші тұлғалар. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, есеп пен тәртіпке деген адал көзқарастарыңыз ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Аудан бюджетінің теңгерімді құрылуы, әлеуметтік нысандардың уақытылы қаржыландырылуы, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуы – осының бәрі Сіздердің аса жауапты еңбектеріңіздің жемісі. Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері жылдан - жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады. Биыл 10 айлық қорытынды бойынша аудан бюджеті 13 миллиардқа жетті.Осындай табысқа жетуімізге Өздеріңіз секілді тәжірибелі, білікті мамандардың өзіндік үлесі бар. Сала ардагерлері, Сіздердің де ұзақ жылдар бойы ауданның экономикалық әлеуетін нығайту жолында атқарған қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі буынға үлгі.Бүгінгі мерейлі мерекеде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған қаржы саласының ардагерлері мен бүгінгі сала қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Мерекелік қабылдауда аудан әкімі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы З.Рахымшаеваны құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтады. – Атаулы мерекеде аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Рахымшаева Зағира Байқоңырқызы құрметті зейнет демалысына шығуда. Зағира Байқоңырқызы аудан дамуына өлшеусіз үлес қосты. Облыстық қазынашылық басқармасында экономист, қазынашы, бөлім басшысы қызметтерін атқарып, 2015 жылдан бері аудандық қазынашылық басқармасын басқарып келді. Он жыл ішінде аудан қазынасының көбеюіне тынымсыз қызмет атқарып, экономикамызды дамытуға атсалысты. Қаржы жүйесіндегі қажырлы қызметі үшін Зағира Рахымшаеваға аудан халқы және Өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды жеткіземін, – деді аудан әкімі.Құттықтаудан соң аудан әкімі З.Рахымшаеваға облыстық "Құрмет грамотасын" табыс етті. Сондай-ақ, аудан экономикасының дамуына қызмет атқарып жүрген бірқатар сала ардагері мен қызметкері облыс, облыс әкімі орынбасары және аудан әкімінің "Алғысы хатымен" марапатталды.Мерекелік іс-шарада сала ардагерлері қаржыгерлерге жылы лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1106022?lang=kk
Токиода Қазақстан мен Жапония СІМ арасында саяси консультациялар өтті 15.11.2025
Токио, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан мен Жапония сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті отырысына қатысты.Жапонияның Мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицумен өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын және алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. А.Кунимицу Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін атап өтіп, Токионың Астанамен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша Арнайы өкіл, Елші Масаки Ишикавамен жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері мен шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастықтың визалық және консулдық-құқықтық аспектілері қарастырылды. «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне дайындық барысында ерекше мән берілді. Сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы ахуалды қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің кең ауқымы бойынша терең пікір алмасу орын алды.Бұдан басқа, Ә.Бақаев Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы жапон компанияларының инвестициялық қызметін кеңейту перспективалары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1106041?lang=kk
Ұландықтар дзюдодан Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды 15.11.2025
9–13 қараша аралығында Абай облысының Семей қаласында ересектер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті. Ауқымды додаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 600-ден астам спортшы қатысты. Жарысқа Ұлттық ұлан әскери қызметшілер де қатысып, бірқатар салмақ дәрежелерінде жүлделі орындар иеленді.66 кг салмақ дәрежесінде Ұлттық ұланның спорттық командасының өкілі — 6636 әскери бөлімінің спорт командасы орталығының аға нұсқаушысы, аға маманы қатардағы Бауыржан Нарбаев көзге түсті. Ол қарсыластарынан техникалық тұрғыдан басым болып, 1-орынды қанжығасына байлады.- Чемпионаттағы жеңіс - үлкен еңбектің нәтижесі. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығына және спорттық командаға қолдау мен сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Әсіресе күн сайын еңбегін аямайтын жаттықтырушыларыма және әрдайым жанымнан табылатын қарулас жолдастарыма рахмет. Бұл медаль - тек менің емес, бәріміздің жеңісіміз. Алдағы уақытта да лайықты нәтижелер көрсетіп, Ұлттық ұланның абыройын асқақтатуға тырысамын», - деді Бауыржан Нарбаев.+100 кг салмақ дәрежесінде 2-орынды 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Санжар Жабборов иеленді. Бұл нәтижесі оған Қазақстанның дзюдо бойынша ұлттық құрамасының мүшесі атануға мүмкіндік берді. Бұл жас спортшы үшін ғана емес, әскери бөлімнің спорттық команда ұжымы үшін зор жетістік.73 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Мәді Жеткерген жеңіп алды. Ол жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерін дәлелдеді.Құқықтық тәртіп әскері спортшыларының бұл жеңістері Ұлттық ұландағы спорттық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, елімізде дзюдоның дамуына да өз үлесін қосып отыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1106028?lang=kk
Қызметтен – студенттік партaға: әскери жоғары оқу орнында сарбаздар білім гранттарына ие болды 15.11.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті.Әскери жоғары оқу орнының күзгі шақырылымдағы қарауыл ротасының жауынгерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, қызметтерін лайықты деңгейде аяқтады.Олардың еңбегі еленіп, әрбір сарбазға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жыл ішінде қызметімен ерекшеленген әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар берілді.Бұл шақырылымда жауынгерлік және кәсіби даярлықта жоғары нәтижелер көрсеткен алты сарбаз білім гранттарына ие болды. Оның бесеуі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында білімін жалғастырса, біреуі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсетін болды. Сонымен қатар төрт сарбаз Қарулы күштер қатарында келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруға шешім қабылдады.– Қызмет мен үшін маңызды өмірлік белес болды. Ол маған азаматтық борышымды өтеуге мүмкіндік беріп, жоғары оқу орнына жол ашты. Қолдау көрсеткені және өсуге жағдай жасағаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғыс айтамын, – деді мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Диляр Зияудинов.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты қарауыл ротасы құрылғаннан бері мерзімді қызметтегі он төрт сарбаз білім грантына ие болды. Он бесі Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына оқуға түскен, ал бесеуі келісімшарт бойынша қызметін жалғастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106017?lang=kk
Бесарық,Қоғалыкөл және Шіркейлі ауылдарында есепті кездесулер өтті 15.11.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың ІІ жартыжылдықтағы есепті кездесулері Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында өтті.Кездесулерге "AMANAT" партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.Жиын барысында аудан әкімі аймақ бойынша жаңалықтармен бөлісіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.2022 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймағымызда халыққа қажетті 200-ге жуық әлеуметтік нысандар салынып, тұрғындарымыздың игілігіне берілді. 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 144 млрд. 775 млн. теңге бөлінді. Биыл облыста жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті. Қызылорда қаласында 270 көше қайта жаңғыртылды. Қызылорда-Жезқазған жолының бізге тиесілі 191 шақырымы бүгінде толық асфальттанды, енді жол белгілері мен инфрақұрылымы реттелу үстінде. Келер жылы толығымен пайдалануға берілмек. Биыл барлық елді мекендер 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш өңірде 83 пайызға жетті. Биыл газдандыру жобаларына 6 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінген. 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер табысталды. Биыл 3 600 пәтерлі тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Айтулы инвестжоба санатында «Акса Энерджи» түрік инвесторымен 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынды. Қызылорданы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Жыл соңына дейін облыс орталығындағы көпқабатты үйлер ыстық сумен қамтамасыз етіледі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Биыл Бесарық ауылында кіреберіс 2 шақырым жол түнгі жарықпен қамтылса, Қоғалыкөл ауылында Ә.Тілеулиев, М.Шоқай, С.Майқанова, Ы.Алтынсарин көшелері күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Шіркейлі елді мекенінде Ж.Нұрсейітов, Б.Жақыпов көшелері күрделі жөнделіп, шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.Аудан басшысы аталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тұрғындарға жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1106019?lang=kk
Қарулы күштерде әскери қаржыгерлерге құрмет көрсетілді 15.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнін қорғаныс ведомствосының қаржыгерлері де кәсіби мерекесі ретінде атап өтеді.Қарулы күштердің қаржылық қамтамасыз ету жүйесі – сан алуан үдерістерден құралған күрделі, әрі тұтас құрылым. Ол армияның барлық тыныс-тіршілігін қамтиды. Әскердің материалдық-техникалық жарақтануы, инфрақұрылымның дамуы мен оны ұстап тұру, әскери қызметшілерді лайықты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, кәсіби әскери білім беру, сапалы медициналық қызмет көрсету – мұның бәрі қаржыгерлердің үйлесімді еңбегінің нәтижесі.Әскери қаржыгерлердің табанды еңбегінің арқасында әскери ведомствода мемлекеттік жоспарлау, материалдық ресурстар есебі және қаржылық қамтамасыз ету бойынша заманауи жүйе қалыптасты. Оның негізін бюджетті жоспарлау процесі құрайды. Бұл сала жылдар бойы түбегейлі жаңарып, тиімділікті арттыру жолында үлкен өзгерістерді бастан кешірді.Көпдеңгейлі қаржылық қамтамасыз ету жүйесі әскери шығыстарды реттеуге, әскердің қажеттіліктерін дер кезінде қанағаттандыруға, қаржы жоспарының дайындалуы мен орындалуының әр кезеңінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.Кәсіби мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, үлгілі қызметімен ерекшеленген бірқатар әскери қаржыгерлер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ең үздік мамандарға басшылық тарапынан грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106000?lang=kk
Қазақстан WIPO Pulse 2025 жаһандық зерттеуінің нәтижелерін Женевада ұсынды 15.11.2025
Женева 2025 жылғы 13 қараша – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының штаб-пәтерінде ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен WIPO Pulse 2025 жаһандық есебін ұсыну рәсімі өтті.Іс-шараны ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг ашып, зияткерлік меншік саласындағы жаһандық үрдістерді түсіну және неғұрлым инклюзивті халықаралық саясатты қалыптастыру үшін зерттеудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстанның жаһандық сауалнамаға қатысқан 74 елдің бірі екені атап өтілді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Азия–Тынық мұхиты өңірінің мемлекеттерінде халықтың зияткерлік меншіктің негізгі институттары туралы хабардарлығы айтарлықтай артқан, және Қазақстан осы оң өңірлік трендтің бір бөлігі болып табылады.Отырыс барысында географиялық ерекшелігі бар ұлттық өнімдерді қорғаудың маңыздылығы да ерекше аталды. Мысал ретінде географиялық көрсеткіштердің мемлекеттік тізілімінде ресми тіркелген алматылық апорт келтірілді. Сондай-ақ мәдени мұраның элементтері болып табылатын және зияткерлік меншік тетіктері шеңберінде одан әрі ілгерілету мен ықтимал қорғау үшін әлеуеті бар қызылордалық күріш пен қазақстандық бал сияқты дәстүрлі өнімдер атап өтілді.Іс-шарада сөз сөйлеген Тұрақты өкіл Қ. Төребаев зерттеу нәтижелері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зияткерлік меншіктің өсіп келе жатқан маңыздылығын растайтынын және мемлекет жүргізіп отырған осы саладағы саясаттың тиімділігін көрсететінін атап өтті. Ол WIPO Pulse есебінің деректері зияткерлік меншік саласындағы ұлттық саясатты одан әрі жетілдіруге, білім беру бағдарламаларын дамытуға және жастарға, кәсіпкерлерге, сондай-ақ креативті индустрия өкілдеріне қолдау көрсету құралдарын кеңейтуге негіз болатынын атап өтті.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін BERENT тәуелсіз халықаралық зерттеу компаниясының өкілдері зияткерлік меншіктің тұрақты экономикалық өсу факторы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін растайтын жаһандық және өңірлік тенденцияларға егжей-тегжейлі талдау ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1105969?lang=kk
Қазақстанның төрағалығымен Гватемаланың Сауда саясатын төртінші шолу өтті 15.11.2025
Женева, 2025 жылғы 14 қараша – 2025 жылғы 12 және 14 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Гватемала Республикасының сауда саясатының төртінші шолуы өтті. Отырысқа ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев төрағалық етті. Бұл шара ДСҰ мүшелеріне Гватемаланың сауда саясатының басымдықтарымен танысуға, жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға және көпжақты сауда жүйесі үшін маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.Гватемала делегациясын Интеграция және сыртқы сауда жөніндегі вице-министр Хектор Хосе Маррокин Мора басқарды. Ол 2016-2024 жылдар кезеңіндегі елдің негізгі экономикалық жетістіктерін таныстырды. ДСҰ мүшелері Гватемаланың тұрақты макроэкономикалық саясатын, ЖІӨ-нің жылдық орташа 4%-ға жуық өсуін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын, инвестициялық ахуалдың жақсаруын, инфрақұрылымды жаңғырту мен бизнеске қолайлы жағдайдың кеңеюін жоғары бағалады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, кедендік рәсімдерді жетілдіру және логистикалық шешімдерді енгізу нәтижесінде сыртқы сауда операцияларының тиімділігі артқаны атап өтілді.Гватемала жүргізіп жатқан реформаларға қатысты пікірлер оң болды. Бәсекелестікті жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ өңірлік және жаһандық құн тізбектеріне қатысуын кеңейту бағытындағы шаралар ерекше назарға алынды. Гватемаланың ДСҰ қызметіне белсенді қатысуы, бірқатар бірлескен бастамаларға қосылуы, балық шаруашылығына арналған субсидиялар туралы келісімді ратификациялауы және өңірлік интеграцияға қосқан үлесі де жоғары бағаланды.Қазақстан өз сөзінде Гватемаланың сауда саясатының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, реттеу тетіктерін жаңғырту, әкімшілік әлеуетті нығайту және бәсекелі ортаны дамыту бойынша қабылдаған маңызды қадамдарын атап өтті. Сонымен қатар, цифрландыру, сауда рәсімдерін жеңілдету және ШОБ мүмкіндіктерін кеңейту елдің әрі қарай дамуының негізгі факторлары екені айтылды. Қазақстан Гватемаланың диалогқа ашықтығын және тәжірибе бөлісуге дайын екенін құптады.Қорытынды сөзінде Төраға Қайрат Төребаев Гватемаланың шолу үдерісінің барлық кезеңдерінде жоғары транспаренттілік пен белсенді қатысуын атап өтті. Ол мүше мемлекеттер арасындағы талқылаулардың конструктивті өткенін және институционалдық реформаларды дәйекті жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ, шолу барысында талқыланған нәтижелер Гватемаланың ДСҰ мүшелерімен одан әрі тиімді ынтымақтастығы үшін берік негіз қалыптастыратынына сенім білдірді.Сауда саясатын шолу рәсімі ДСҰ транспаренттілік тетігінің маңызды элементі болып табылады және мүше елдерге ақпарат алмасуға, өзара түсіністікті нығайтуға және саясаттың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі Сауда саясатын шолу 2025 жылғы 17 және 19 қарашада өтеді және Непалға арналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1105977?lang=kk
Қазақстан делегациясы СОР30 саммитінде көміртегі нарығы саласындағы бастамаларын таныстырды 15.11.2025
Белем қ., 2025 жылғы 14 қараша - БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 30-шы конференциясы (СОР30) аясында Қазақстан делегациясы «Орталық Азияның көміртегі нарығына арналған цифрлық платформаны қалыптастыру» атты тақырыптық сессияға қатысты. Іс-шараға Қазақстан делегациясын ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев бастап қатысты. Сондай-ақ, аталған сессияда «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Қазахстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайыржан Қожаев, Д.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының тау жүйелерін тану бөлімінің меңгерушісі Сейтқали Ғалиев, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығметов баяндама жасады.Орталық Азияның өңірлік көміртегі нарығын қалыптастыру үшін бірыңғай цифрлық платформа құру жөніндегі бастаманы таныстыра отырып, Қазақстан делегациясының мүшелері өз баяндамаларында климаттық реттеуді цифрландыру және көміртегі бірліктерін есепке алу саласына инновациялық құралдарды енгізу, өңір елдеріне Париж келісімін іске асырудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ «жасыл» инвестицияларды тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, олар өңірлік көміртегі нарығына арналған цифрлық платформаны құру, Орталық Азияда бірыңғай климаттық кеңістік қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып саналатынын, өңірдің жаһандық климаттық күн тәртіптегі орнын күшейтетінін және 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі ұлттық мақсаттарға жәрдемдесетінін ерекше атап өтті.Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның аталған бастамасының маңыздылығын атап өтіп, жаһандық климаттық мақсаттар мен тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.Бұған дейін ү.ж. 6–7 қарашада Белем қаласында өткен СОР30 Көсбасшылар саммитіне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысқан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1105993?lang=kk
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақовтың македониялық «Вечер» газетінің тілшісі Виолета Стоименова-Наумоскаға берген сұхбаты 15.11.2025
Cұхбат cілтемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1105995?lang=kk