Enbekshi QazaQ

Әлем

«Қазақстан–Чили» достық қоғамы концерт өткізді 15.11.2025
Сантьяго қ., 2025 жылғы 14 қараша – Чили астанасында Қазақстанның Республикасы күні мен ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы дала мен Анд үні» атты поэтикалық атауымен концерт өтті. Іс-шараны «Қазақстан-Чили» достық қоғамы ҚР-дың Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Елшілігі мен Чили Университетінің халықаралық зерттеулер институтының қолдауымен ұйымдастырды.Салтанатты кеш, Достық қоғамының жетекшісі, Димаш Құдайберген фан-клубының басшысы Кармен Сандовалдың құттықтау сөзімен ашылды. Оның Абай өлеңімен сүйемелденген сөздері, екі құрлықтың мәдениеті, поэзиясы мен әуенін тоғыстырған бұл шараға достық пен жылы шырайлы рух сыйлады.Сахнат өрінде дала рухына толы әйгілі қазақ әуендері мен поэзиялық өлеңдері орындалды. Шарапия Кәкімованың Абайдың танымал «Көзімнің қарасы» әуені мен «Дударай» халық әнін орындауы, көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі. Сондай-ақ, чилилік музыкант Мария Аргентина Муньос домбырада қазақ күйлерін орындап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.Іс-шараның ең жас қатысушысы, Димаш Құдайберген фан-клубының мүшесі Максимо Леон, кештің нағыз жаңалығы болды. Оләйгілі қазақстандық әншінің әндерін қазақ тілінде орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.Кеш соңында достық қоғамының өзге де чилилік музыканттары, оның ішінде Кирия Домингес саксофон мен трубада әлемге танымал орындаушылардың әуендерін орындап, мерекелік кешті әсерліреңкте аяқтады.Биыл Қазақстан мен Чили, дипломатиялық қатынастар орнауының32 жылдығына тап өтуде. Ынтымақтастықтың жалғасы ретінде 2026 жылғы жазда «Қазақстан–Чили» достық қоғамының бесінші отырысын өткізу жоспарлануда. Бұл шара, екі ел арасындағы диалог пен халық дипломатиясын нығайтудың келесі қадамы болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1105996?lang=kk
БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі қорытындыларын жоғары бағалады 15.11.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындыларына, сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер альянсының 20 жылдығына арналған іс-шара өтті. Жиынға БҰҰ мүше мемлекеттерінің тұрақты өкілдері, БҰҰ Хатшылығының басшылығы, БАҚ өкілдері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Өркениеттер альянсының 20 жылдық тарихы қазіргі әлемдегі өзара түсіністіктің, сенім мен мәдени құрметтің маңызын айқын көрсететінін атап өтті. Ол Қазақстан осы құндылықтарды толықтай қолдап, діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты ұлттық және халықаралық саясаттың маңызды басымдығы ретінде ілгерілетіп келе жатқанын айтты.К. Омаров Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне ерекше назар аударып, оның 2003 жылдан бері әр 3 жыл сайын Астанада өткізіліп, жаһандық деңгейде бірегей диалог алаңына айналғанын атап көрсетті. Ол Съезд қорытындысы бойынша қабылданған «2025 Астана бейбітшілік декларациясының» маңызын атап өтті. Аталған құжат БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжаты ретінде (A/80/425) таратылған. Декларация «Әртүрліліктегі бірлік» қағидаттарына бейілділікті растайды, БҰҰ-ның діни нысандарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын қолдайды және Өркениеттер альянсының бейбітшілік мәдениетін ілгерілетудегі рөлін ерекше атап өтеді.Қазақстандық дипломат Съез аясында өткен Діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия туралы да айтып өтті. Сессияға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі – БҰҰ-ның исламофобияға қарсы күрес жөніндегі Арнаулы өкілі Мигель Анхель Моратинос және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев тең төрағалық етті. Бұл сессия 2024 жылы Кашкайш қаласында (Португалия) өткен жаһандық конференцияда басталған талқылаулардың жалғасы болды және діни нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тетіктерді әзірлеуді мақсат етті.Іс-шараның құрметті қонағы ретінде сөз алған М. Моратинос Қазақстанның мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамытудағы рөлін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның әлемдік бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуге үлгі болып келе жатқанын, ал Астанада өткен Съез әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлес екенін атап өтті. БҰҰ Жоғары өкілі арнайы сессияның маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны діни нысандарды қорғау және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жаһандық күш-жігердің маңызды кезеңі деп атады.М. Моратинос Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін төзімділік пен конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісі болып табылатынын мәлімдеді. Ол халықаралық поляризацияның артуы аясында еліміздің күш-жігерінің өзектілігін атап өтіп, «Астанада Ислам мен Иудаизм өкілдері бір үстел басында отырады» деп атап өтті.Сонымен бірге, Жоғары өкіл Қазақстан мен Президент Касым-Жомарт Тоқаевқа оған «Діндер арасындағы диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын» табыстағаны үшін алғыс білдірді. Ол бұл марапатты өзінің және Өркениеттер альянсының көпжылдық еңбегіне көрсетілген жоғары баға әрі сенімнің белгісі деді.Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанның маңызды бастамалары мен БҰҰ Өркениеттер альянсының қызметі арасындағы өзара сабақтастық пен синергияны күшейтуге бағытталған осы кездесудің өзектілігін атап өтті. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты кеңейту бағыттары мен жаңа бірлескен бастамаларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1105997?lang=kk
Департаментте Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты шара өтті 14.11.2025
2025 жылғы 14 қарашада Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім аясында Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар қызметкерлері кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін марапатталды.Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. Қатысушыларға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Ескендірұлы Баеділов құттықтау сөз сөйледі. Ол ұлттық валюта ел тәуелсіздігінің басты рәміздерінің бірі екенін атап өтіп, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады.Қанат Ескендірұлы өз үндеуінде барлық қызметкерлерге мансаптық өсу мен жұмыста табыс тілеп, мұндай көтермелеулер маңызды ынталандыру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтетінін атап өтті.Іс-шара барысында ведомстволық наградалар табысталды, олардың ішінде:— "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісі-департамент пен аудандық басқармалардың үздік қызметкерлеріне;— Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрмет грамоталары-кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарға.Ұлттық валюта күніне орай Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтылды. Олардың көп жылғы еңбегі, кәсібилігі мен адалдығы елдің тұрақты салық жүйесі мен қаржылық тәртібін қалыптастыру үшін негіз болғандығы атап өтілді. Ардагерлер арасында Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Күлбақыт Нұрғасенқызы Торайғырова марапатталды.Салтанатты іс-шара құттықтаулармен және ізгі тілектермен аяқталды. Қызметкерлердің еңбегін мойындау мотивацияны нығайтуға және олардың мемлекет игілігі үшін одан әрі жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1105957?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және қаржыгерлер күнімен! 14.11.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин құттықтау сөзінде Еліміздің тәуелсіз дамуының 30 жылдан астам уақытында қаржы жүйесі Қазақстанның бүкіл экономикасын нығайтуда және оны еуразиялық интеграцияға қосуда маңызды рөл атқарғаны туралы атап өтті.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлермен  ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 510 миллиардтан астам теңге, салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 23  миллиард тенгеден астам мемлекеттік бюджетке қамтамасыз етілді.Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері  медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Караулова, Өндірістік емес төлемдер басқармасы бөлімінің басшысы Алибек Ашуов, Камералдық мониторинг  басқармасының  бас маманы Жаныл Жусупова, Қаржы басқармасының басшысы Арман Аяшев, Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары Рауза Айтпаева, Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Сәуле Гумарова марапатталды.Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы  басқармасының бөлім басшысы Жанна Антаева марапатталдыБүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының алдында салық және кеден түсімдерінің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру міндеті тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1105942?lang=kk
АМКБ мен МКД қызметкерлері Almaty Museum of Arts музейіне барды 14.11.2025
Бекітілген этика жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспары аясында 13 қараша күні Алматы қаласы бойынша АМКБ мен МКД қызметкерлері меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған заманауи және актуалды өнерге арналған жекеменшік музей – Almaty Museum of Arts музейіне барды.Экскурсияға Алматы қаласы бойынша МКД-ның этика жөніндегі уәкілі Омаров Азат Сапарғалиұлының өзі қатысып, мұндай бастамалардың командалық және корпоративтік рухты нығайтудағы маңызын атап өтті.Экскурсия барысында музей қызметкерлерге зор әсер қалдырды: олар тек экспозициямен және сәулетпен танысып қана қоймай, шығармашылық пен шабыт атмосферасына терең бойлады.Көпшілігі заманауи өнер туындыларымен танысу олардың дүниетанымын байытқанын атап өтті. Осындай мәдени шаралар ұжымды біртұтас етіп қана қоймай, өзара құрмет, ашықтық және эстетикалық қабылдау сияқты құндылықтарды дамытуға көмектеседі – бұл қасиеттер қоғамдық қызметте және этикалық көшбасшылықта ерекше маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1105951?lang=kk
ҚР делегациясы Еуропа Кеңесінде киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл шараларын талқылады 14.11.2025
Страсбург, 2025 жылғы 13-14 қараша – Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің киберқылмыстар туралы Конвенциясы Комитетінің 33-пленарлық отырысына қатысты.80-нен астам елден келген қатысушылар Киберқылмыстар туралы конвенцияның (Будапешт конвенциясы) және Екінші қосымша хаттаманың тетіктерін іске асыру мәселелерін талқылап, электрондық дәлелдемелерге жедел қол жеткізу, 24/7 байланыс пункттерінің желісінің жұмыс істеуі, сондай-ақ жасанды интеллект пен виртуалды активтердің Конвенция нормаларын қолдануға ықпалына ерекше назар аударды.Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін киберқылмыстарды тергеу кезінде жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.Сапар аясында қазақстандық делегация басшысының Есірткілерді теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық тобы (Помпиду тобы) хатшылығының басшысы Ардита Абдиумен екіжақты кездесуі өтті. Еуропалық тарап заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл, тыйым салынған заттарды тұтынуды болдырмау және профилактикаға бағытталған жобаларды таныстырды.ҚР ІІМ өкілі Помпиду тобының өңірлік бастамаларына қатысуды қоса алғанда, еуропалық сарапшылармен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді.Бірлескен жаттығулар мен жобаларды өткізу үшін алаң ұсынуға дайындығын білдіріп, бұл есірткі қылмыстарына қарсы халықаралық тетіктерді нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1105938?lang=kk
Қазақстан мен Польша дінаралық байланысты нығайтуда 14.11.2025
Варшава, 2025 жылғы 14 қараша - Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Мұсылмандар діни одағының Жоғарғы алқасының төрағасы, Мүфти Томаш Миськевичпен кездесуі өтті.Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы дін саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашақ перспективаларын талқылады. Арнайы назар дінаралық диалогты дамытуға, мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ екі елдің мұсылман қауымдары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға аударылды.Т. Миськевич Қазақстандағы дінаралық және конфессияаралық диалогты жоғары бағалап, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің бастамаларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамалар мен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1105928?lang=kk
Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған «Дүбірлі туған дүлдүлім» атты мерейтойлық конференция 14.11.2025
2025 жылдың 14 қараша күні Жетісу облысының әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған «Дүбірлі туған дүлдүлім» мерейтойлық конференция өтті.Конферения баяндамашылары:Анарбай Бұлдыбай - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым.Әрін Әміре Әрінұлы - Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жетісу облысының Бас ақыны.Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы - Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, модератор.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1105911?lang=kk
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық миссия жолдады 14.11.2025
Қабыл, 2025 жылғы 13 қараша – Ауған халқына соңғы жойқын жер сілкіністерінен кейін қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауғанстанға құрамында 13 дәрігері бар (хирургтер, нейрохирургтер, травматологтар және т.б.) гуманитарлық миссияны жолдады.Сонымен қатар Ауғанстанға 18 тонна дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, шатырлар және алғашқы қажеттіліктегі өзге де заттар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.Қабыл қаласына барған медициналық миссия мен гуманитарлық жүкті Қазақстанның Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов, сондай-ақ Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшылық өкілдері қарсы алды.Қазақстандық медициналық бригада ауған әріптестерімен бірге шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жандарға жедел жәрдем көрсетеді және консультациялық қолдау жүргізеді.Гуманитарлық көмек Ауғанстандағы ҚР Елшілігінің, ҚР Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, сондай-ақ «KazAID» халықаралық даму агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылды.Бұл миссия Қазақстанның қиын кезеңде ауған халқымен ынтымақ қағидаттарына берік ұстанымын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105902?lang=kk
СУ АЖЫРАТУ 14.11.2025
Қала су құбыры схемасында жобада қарастырылмаған жаңа нысанды (Лермонтов көшесі, 28 мекенжайы) табиғи монополия субъектісінің балансына қарасты су желісіне қосу жұмыстарына байланысты 17.11.2025 ж. сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады:Әлеуметтік нысандар:Лермонтов көшесі – 28, 28«Б», 28«В», 28/2, 28/3, 28/4, 28/5, 28/7, 28/8, 28/9.ГКП «Қостанай-Су» келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1105885?lang=kk
Будапештте парламенттік дипломатияға басымдық берілуде 14.11.2025
 Будапешт, 2025 жылғы 13 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы мажар делегациясының басшысы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, екі жақты байланыстардың, оның ішінде қазақ-мажар парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.А.Сапарбекұлы мажар депутатына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер мен азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы айтып беріп, еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды, алдағы парламенттік реформалар туралы ақпарат берді.Сұхбат барысында, ү.ж. 24 қыркүйекте Мажарстан Парламентінің спикері Ласло Ковердің Қазақстан жасаған ресми сапарының нәтижелері, екі ел парламенттерінің салалық комитеттері арасындағы өзара ынтымақтастық, оның ішінде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.Өз кезегінде, Ж.Немет екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ ЕКПА шеңберінде Қазақстан арадағы жұмысты одан әрі тереңдете түсуге дайындығын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1105888?lang=kk
SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды 14.11.2025
2025 жылдың 13 қарашасында Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ерекше акция өтті.Іс-шара дәстүрлі семинар форматында емес, «ВИЧеринка» түрінде, яғни жастарға арналған интерактивті, ашық атмосферада ұйымдастырылды. Кездесуге 50 шақты студент қатысып, ерекше қызығушылықпен мамандарға тікелей сұрақтарын қойды.Науқан Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, «Доверия плюс» қоғамдық қоры және «Teenergizer» қозғалысы мамандары мен бірлесіп ұйымдастырылды. Басты мақсат - жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін көтеру және қоғамдағы жаңсақ пікірлерді жою.Алматы облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С. Махмутова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, АИТВ туралы ең көп тараған қате түсініктерді жоққа шығарды.«Доверия плюс» ҚҚ-ның  кеңесшісі С. Кабжалелов, АИТВ-мен ашық өмір сүріп жүрген адам ретінде, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол диагноздан кейінгі өмірі туралы қолдаудың, хабардарлықтың және әлеуметтік қабылдаудың маңыздылығы жайлы айтты.«Teenergizer» ұйымының резиденті Т. Молдағали АИТВ туралы ең маңызды деректермен бөлісіп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды.Іс-шараның интерактивті бөлігінде студенттер АИТВ туралы сұрақтардан құралған 15 сұрақтық Kahoot онлайн-викторинасына қатысты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.Студенттер мамандарға ашық әңгіме мен пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер қорқынышты сейілтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрететінін атап өтті.Осындай науқандар Алматы облысының барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізіліп, жастар арасында АИТВ тақырыбына деген толерантты және саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1105889?lang=kk
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Қан орталығына жұмыс сапарымен барды 14.11.2025
Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Қарасай ауданына жұмыс сапары барысында облыстық Қан орталығына барды.Сапар аясында орталықтың қызметімен және өңір тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Кездесу барысында ерікті және қайырымды донорлықты дамыту, қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.Қ.Б. Есболатов орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларға назар аударды.Сапар соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары ұжыммен кездесіп, қан қызметін жетілдіру және донорлықты дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1105890?lang=kk
INTEQ Zrt Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады: цифрлық ауыл шаруашылығы және бірлескен IT-шешімдер фокусында 14.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 14 қараша - Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінде өнеркәсіптік автоматтандыру, логистика және агротехнологиялар саласындағы цифрлық шешімдерге маманданған INTEQ Zrt компаниясымен кезекті кездесу өтті.Алдыңғы талқылаулардың жалғасуы ретінде тараптар нақты ынтымақтастық бағыттарын пысықтауға назар аударды. Әсіресе, INTEQ Zrt шешімдерін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде пилоттық енгізу мәселелері қаралды. Олардың қатарында астық сақтау мониторингі, мал шаруашылығына арналған AI-решения, смарт-суландыру технологиялары бар. Мұндай тәсілдер өндіріс тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және аграрлық сектордың тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Қазақстанның IT-компанияларымен бірлескен серіктестік құрып, елімізде технологиялық және цифрлық қызметтер көрсету мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар жоғары технологиялық жетілдіру деңгейіне ие шешімдерді жергілікті жағдайға бейімдеу және ауқымдандыру үшін күш біріктіруге дайын екендігін білдірді.INTEQ Zrt компаниясының Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан аграрлық көрмелер мен салалық іс-шараларға қатысу мүмкіндігі де қарастырылды. Мұндай алаңдар инновациялық шешімдерді көрсету және іскер байланыстар орнату үшін маңызды платформа болып табылады.Тараптар техникалық консультацияларды жандандыруға және мүмкіндігінше Қазақстанда отандық агро және IT-компаниялармен бірлесе отырып INTEQ Zrt шешімдерінің демонстрациясын ұйымдастыруға келісім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1105897?lang=kk
ҰРПАҚҚА МҰРА ҚАЛДЫРҒАН БИ АҒА! 14.11.2025
14 қараша күні қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің туған күніне орай орталық аудандық кітапхананың оқу залында жыл сайын өтетін аудандық «Майлин оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау аудан мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ереженің талабы бойынша қатысушылар Б. Майлиннің прозалық шығармаларынан қазақ немесе орыс тілінде үзінді оқу  болды.Байқаудың мақсаты – Б. Майлиннің әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттыру, аудан оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау. Байқауға Әйет ауылы, Тобыл кенті, Асенкритовка ауылы, Май ауылы, Новоильиновка ауылы, Байшуақ ауылы, Валерьяновка ауылы және Красносельское ауылынан 17 оқушы қатысты.Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келген, дегенмен байқау болған соң жеңімпаздар анықталды.Қазылар алқасының шешімімен:1-орын – Галстян Каринэ (Май а.)2-орын – Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)3-орын – Шилкина Арина (Тобыл к.)Мешіт имамы Хамзин И.Ш. қазылар алқасының мүшесі ретінде іс-шараға қатысып, жеке ынталандыру ретінде бірқатар қатысушыларды ақшалай сыйлықтармен марапаттады:Курушбекова Үкілімай (Әйет а.)Болат Еркебұлан (Байшуақ а.)Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)Байқауға қатысқан барлық оқушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Осындай іс-шаралар арқылы мектеп оқушылары қазақ әдебиетінің әлемін танып, кітапқа деген сүйіспеншілікті және Бейімбет Майлин шығармашылығына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1105835?lang=kk
Алматы облысы білімге инвестицияны ұлғайтып, түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр 14.11.2025
Алматы облысында жастардың жоғары білімге қолжетімділігі артып келеді. Биыл мектеп бітірген 17 940 түлектің жартысына жуығы – 7 681 жас мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарына қабылданған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары өңірдің білімге басымдық беріп отырғанын айғақтайды.Грант иегерлерінің ең көп саны Талғар ауданында тіркелді. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласы да жоғары нәтижелер көрсеткен.Сала мамандарының айтуынша, биыл педагогикалық бағыт ең танымал мамандықтардың бірі болған – 1 440 түлек осы саланы таңдаған. Одан кейін 770 жас медициналық мамандықтарға, 543-і аграрлық бағытқа құжат тапсырған. Қалған 4 928 түлек инженерия, IT және әлеуметтік-экономикалық мамандықтарды таңдаған.Өңір үшін биылғы маңызды жаңалықтардың бірі – 27 түлектің Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінен тегін білім алуға грант иеленуі. Шетелге аттанған жастар Талғар, Іле, Қонаев, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Алматы қаласынан. Бұл – Алматы облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асып жатқан халықаралық білім беру бағдарламасының бір бөлігі.Шетелде білім алып жүрген студенттердің өзі бұл мүмкіндікті үлкен қолдау деп бағалайды.«Алматы облысы әкімдігі берген гранттың арқасында Қытайда оқуға мүмкіндік алдым. Бұл – сапалы білім алып, елге келіп өзім таңдаған мамандық бойынша қызмет етуге ашылған жол», – дейді Синьцзян университетінің студенті Нұрәли Қыдырхан.Синьцзян медициналық университетінде оқып жүрген Қарақат Тұрғынбай да жағдайдың жақсы екенін айтады.«Бөлмеде екі студент тұрамыз, оқу базасы өте мықты. Түрлі елден келген жастармен танысып, тәжірибе алмасып жүрміз. Бұл болашақта білікті маман болуға үлкен ықпал етеді», – дейді ол.Синьцзян қаржы және экономика университетінің студенті Аяулым Арыстанбекова халықаралық білім берудің жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.«Әлемдік деңгейдегі университетте оқу – үлкен мәртебе. Алматы облысы мен Қытай арасындағы келісімдердің нәтижесінде көптеген студент тегін оқып жатыр. Бұл біліммен елге оралып, Отанға қызмет етуге ниеттіміз», – дейді ол.Сонымен қатар, облыс әкімінің жергілікті бюджет есебінен бөлінген 30 гранты да биыл талапкерлерге қолжетімді болды. Оның 17-сі медицина саласына (оның ішінде 12 – интернатура), 7 грант аграрлық бағытқа, 6 грант педагогикалық мамандықтарға берілген.Өңір билігінің айтуынша, бұл гранттар Алматы облысының кадрлық әлеуетін арттыруға, ауылдық өңірлерге білікті ұстаздар мен дәрігерлерді тартуға және жастардың жоғары білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105833?lang=kk
Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды: «Ұзынағаш – Отар» тасжолы пайдалануға берілді 14.11.2025
Бүгін Алматы облысында 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолының ашылуы өтті. Аталған жолдың іске қосылуымен магистралді жаңарту толығымен аяқталды. Енді Алматыдан Шымкентке дейінгі жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы болмақ.Ашылу салтанатына ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және өңір ақсақалдары қатысты. Рәсімде қозғалысты бастау батырмасы басылып, жаңа жол арқылы алғашқы болып 15 көліктен тұратын автоколонна жүріп өтті.Биыл біз ел бойынша 13 мың шақырым жолда жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу арқылы рекордтық нәтижеге қол жеткіздік. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауы мен жол саласының қызметкерлерінің күнделікті атқарып жүрген ерен еңбегінің арқасы. Олар азаматтар үшін қауіпсіз, әрі ыңғайлы жолдар салып, өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деді іс-шара барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.Сонымен қатар жолды ашу салтанатының аясында жобаны іске асыруға ерекше үлес қосқан жұмысшылар марапатталды. Оларға ведомстволық медальдар, Алғыс хаттар және Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.Айта кетейік, бүгін ашылған «Ұзынағаш – Отар» күре жолында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, небәрі екі жылда толық аяқталды. Жобаға 163 бірлік техника, 290 маман жұмылдырылып, екі асфальт-бетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеді.42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» тасжолының ашылуымен Алматы мен Шымкент арасындағы жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы, әрі қауіпсіз болмақ. Бұл магистральдің өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады және өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды одан әрі күшейтері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105785?lang=kk
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған «Ашық есік күні» акциясы өтті 14.11.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлттық валюта күні қарсаңында Ш. Уәлиханов атындағы университет  «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика факультетінің 4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.Студенттер Көкшетау қаласы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдерінің жұмысымен танысып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.Шара барысында қонақтар Мемлекеттік кірістер департаментінің мұражайымен танысты.Балалар  экскурсия ұымдастырған үшін алғыстарын білдіріп, олардың кейбіреулері жоғары оқу бітіргеннен сон мемлекеттік кірістер органдарға жұмысқа кіруге ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1105777?lang=kk
Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті 14.11.2025
Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті. Шараға өңірдің білім беру ұйымдары мен тіл оқыту орталықтарынан 150-ге жуық маман қатысты. Форум барысында педагогтер кәсіби біліктілікті арттыру, оқыту әдістемесін жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.Форум екі бөлімнен тұрды: TEDx форматына негізделген пленарлық жиын және тәжірибе алмасуға арналған секциялық сабақтар. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, оқушылардың оқу және тілдік сауаттылығын дамыту, педагогтердің шығармашылық әлеуетін күшейту.Қатысушылар форумның мұғалімдерге жаңа әдістемелерді меңгеруге, озық тәжірибелермен бөлісуге және инновациялық тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарья Ерболатқызы функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллектті қолдану мәселелерінің өзектілігін айтты:«Мен функционалдық сауаттылық секциясында спикер ретінде қатыстым. Әр мектептің тәжірибесін талдау, ЖИ-пен жұмыс жүргізу — қазіргі таңда өте маңызды тақырыптар», – деді ол.Бұл Тіл форумының Алматы облысында екінші мәрте ұйымдастырылуы. Биыл форумға 150-ден аса педагог қатысты.Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мұғалімдерге әдістемелік қолдаудың маңызын атап өтті:«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері заман талабына сай білім беруі қажет. Біз өз тарапымыздан жан-жақты әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Форумның басты мақсаты — қазақ тілінің тазалығын сақтап, оқыту сапасын арттыру», – деді ол.Халықаралық «Qazaq Tili» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы білім саласындағы тіл оқытудың сапасы жалпы тіл саясатына әсер ететінін атап өтті:«Егер білім беру жүйесінде тіл оқыту ісі дұрыс жолға қойылса, түлектер қазақша сауатты сөйлеп, әдемі жаза алады. Бұл өз кезегінде тілдің басқа салаларда да кеңінен қолданылуына жол ашады», – деді ол.Шара барысында қазақ тілін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен тіл жанашырлары марапатталды. Ұйымдастырушылар Тіл форумын жыл сайын өткізіп, мемлекеттік тілді оқыту сапасын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105705?lang=kk
"Құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде психологиялық көмек және кеңес беру" тақырыбындағы Семинар 14.11.2025
«Заң және тәртіп» желілік жоспарына сәйкес, * 2025 жылдың 14 қарашасы күні* Осакаров ауданының білім бөлімі мен мектептері «Құқық бұзушылықтың алдын алудың құралы ретінде психологиялық көмек пен кеңес беру» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға 400-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, қауіп факторларын ерте анықтау әдістері, педагогтар, психологтар мен ата-аналардың өзара әрекет ету алгоритмдері қарастырылды. Қатысушыларға тәртіп бұзуға және қақтығысқа бейім жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1105667?lang=kk