Әлем
Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің ай сайынғы есепті ұсыну мерзімдері өзгертілді 26.08.2025
Барлық нысандар мен басқару субъектілері ай сайынғы есепті мүлік иелеріне ұсынуға міндетті.Ай сайынғы есептер бекітілген есептілік нысанына сәйкес дайындалып, жалпыға қолжетімді жерде орналастырылуы, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жарияланып, ашық сипатта болуы тиіс.Есептер үй кеңесімен келісіліп, бекітілуі және МИБ төрағалары немесе басқару субъектісі қол қоюы қажет.15 қыркүйектен кейін ай сайынғы есепті ұсыну мерзімі есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-шы күніне дейінгі уақыт болып белгіленді.Сонымен қатар, Заңда кондоминиум нысанын басқару бойынша жылдық есепті ұсыну тәртібі де бекітілді. Жылдық есептер үй кеңесінде қаралып, мүлік иелерінің жалпы жиналысында талқыланып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірге дейін қабылдануы тиіс.Қосымша ретінде, мүлік иелері есепке қоса банк шотындағы қаражат қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді, ақау актілерін, монтаждау және орындалған жұмыстар актілерін, сондай-ақ қаражаттың жұмсалуын растайтын басқа да құжаттарды сұратуға толық құқығы бар.Әрбір пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, автотұрақ орнының немесе қойманың меншік иесі ағымдағы, жинақтаушы, мақсатты жарналарды, сондай-ақ автотұрақ пен қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлей отырып, ағымдағы және жинақ шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға құқылы.Кондоминиум нысанын басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерде, егер бар болса, кондоминиум нысанын басқаруға жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілуі тиіс, сондай-ақ жалпы мүлікті жалға беруден түскен кірістер жеке жолмен көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1064766?lang=kk
Қазақстан Малайзиядағы халықаралық туристік көрмеде мәдени мұрасын таныстырды 26.08.2025
Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі 2025 жылғы 22-24 тамыз аралығында Куала-Лумпур қаласында өткен «World Islamic Tourism & Trade Expo» (WITEX 2025) және «World Cultural & Arts Festival» (WCAF 2025) атты ірі халықаралық туризм көрмесіне қатысты.Іс-шараға 150-ден астам ұлттық павильон қатысты. Қазақстан негізгі қатысушы елдердің бірі ретінде өзінің мәдени ерекшелігі мен туризм саласындағы әлеуетін көрсетті.Келушілер мен қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырған Қазақстанның мәдени бағдарламасы болды – дәстүрлі музыка мен би өнері. Бұл элементтер мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністік атмосферасын күшейтіп, еліміздің халықаралық аренадағы жағымды бейнесін қалыптастыруға үлес қосты.Қазақстанның WITEX & WCAF 2025 көрмелеріне қатысуы мәдени және туристік дипломатияны дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, ұлттық мұраны насихаттауға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және Halal индустриясын дамытуға ықпал ететін стратегиялық платформа болып табылады.Қазақстан Республикасының Елшілігі іс-шараны ұйымдастырушыларға елді маңызды халықаралық алаңда таныстыру мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді және осындай бастамалар аясында мәдени және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1056843?lang=kk
Құрлық әскерлерінде үздік мергендік жұп анықталды 26.08.2025
Ақтөбе гарнизонындағы «Алға» оқу полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің мергендері арасында жарыс өтті. Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.Жарысқа Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінен үздік мергендік командалар қатысып, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, дәлдік пен үйлесімді әрекет ету қабілеттерін көрсетті.Сайыс бағдарламасы түрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою, күндізгі және түнгі атыс, шектеулі көріну жағдайларында тапсырмаларды орындау және бүркемелеу құралдарын қолдануды қамтыды.– Мергендік жұптар арасындағы бұл жарыстар олардың жауынгерлік шеберлігін арттырып, жеке және топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл спорт түрі мергеннен жоғары дене дайындығын, психологиялық төзімділікті және өзгермелі жағдайларға жедел бейімделу қабілетін талап етеді, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік дайындық бас басқармасы бөлімшесінің бастығы полковник Жасұлан Мусин.Тартысты сайыс нәтижесінде Ақтөбе гарнизонындағы 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің командасы, үшінші орынды Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің мергендері иеленді.Жеңімпаз команда Құрлық әскерлері атынан ҚР Қарулы күштері деңгейіндегі жарыстарға қатысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1056810?lang=kk
ЕЭК Кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы 26.08.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 42 шешімімен тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын белгілеу бөлігінде 2019 жылғы 22 ақпандағы№ 64 шешіміне өзгерістер енгізілгенін, сондай-ақ 2025 жылғы 14 мамырдағы № 24 шешімімен Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізіліп, бірыңғай тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы елдердің тізбесі нақтыланғанын, 2025 жылғы23 мамырдағы № 35 шешімімен Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы27 қарашадағы № 130 шешіміне және 2011 жылғы 15 шілдедегі№ 728 шешіміне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін картопқа қатысты өзгерістер енгізілгенін, 2025 жылғы 2 маусымдағы № 43 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бойынша өзге де мақта жібегінен жасалған баспа төсек жаймаларына қатысты кедендік баж мөлшерлемелері белгіленгенін, ал 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ импорттық кедендік баж мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне жеміс өнімдерін қайта өңдеу нәтижесінде алынған жекелеген тауарларға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің аталған шешімдері Еуразиялық экономикалық комиссияның https://eec.eaeunion.org сайтында орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1056783?lang=kk
Татулық – тұрақты дамудың алтын қазығы 26.08.2025
Қоғам дамуының басты кепілі – бейбітшілік пен татулық. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, табиғи байлыққа ғана сүйеніп өркендеген мемлекет жоқ. Шын мәніндегі дамудың түп қазығы – ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара сенім. Ішкі алауыздыққа тап болған кез келген елдің экономикалық өсімі баяулап, әлеуметтік дамуы тұралап қалатыны тарихтан белгілі.Қазақстанның ең басты ерекшелігі – этностық және мәдени әралуандықты әлсіздік емес, артықшылық ретінде қабылдауы. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олар мемлекеттік істерге де, қоғамның барлық саласына да тең дәрежеде атсалысып, ел дамуына үлес қосуда. Бұл – әлемдік қауымдастықта сирек кездесетін әрі жоғары бағаланатын тәжірибе.Татулық ұғымын тек қақтығыстың болмауы деп түсіну қате. Ол – әділдікке, өзара құрметке, сенім мен бір-бірінің құндылықтарын бағалауға негізделген биік мәдениет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағытта бірегей рөл атқарып келеді. Бұл институт этностардың тілін, дәстүрін сақтап қана қоймай, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араластыруда.Халықаралық қауымдастық Қазақстан тәжірибесін бейбітшілік пен келісімнің озық үлгісі ретінде мойындайды. Бұл – еліміздің ішкі тұрақтылықты басты капитал ретінде бағалап, оны сақтауға ерекше көңіл бөлгенінің айқын дәлелі.Қазақ халқы ежелден «бірлік бар жерде – тірлік бар» деп, татулықтың құнын жоғары қойған. Бүгінде бұл қағида мемлекет саясатының іргетасына айналды. Ынтымақ пен тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз, ал оны сақтау – әр азаматтың қасиетті парызы.Татулық – мемлекеттің мәңгілік даму жолындағы ең сенімді тірегі. Сондықтан бейбітшілік пен келісімді сақтау – бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілігіміз. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Павлодар облысы 2028 жылға қарай өзін-өзі қамтамасыз етеді 26.08.2025
Таяудағы үш жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаражат бөлу қағидаттары Үкімет отырысында қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа бюджет кодексінің тәсілдерін ескере отырып әзірленген «2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасын ұсынды.Оның айтуынша, 2026 жылға арналған жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамы 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін өсумен 10,7 трлн теңге көлемінде айқындалған, жергілікті бюджеттердің шығыстары 2026 жылы 14,9 трлн теңге деңгейінде болжанып, 2028 жылға қарай 18,7 трлн теңгеге жетеді.Кірістер мен шығыстардың болжамын ескере отырып, бюджетаралық трансферттердің көлемі айқындалды. Республикалық бюджеттен өңірлерге жіберілетін субвенциялар көлемі 2026 жылы 5,1 трлн теңгені құрайды. Донор өңірлерден республикалық бюджетке қаражат алу көлемі 879,9 млрд теңге деңгейінде айқындалды.Болжамды есептеулер негізінде 2028 жылы Павлодар облысы қаржылық жағынан өзін-өзі қамтамасыз етеді және субвенция алушылар санатынан шығады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056750?lang=kk
2030 жылға қарай нөлдік бюджет тапшылығына қол жеткізіледі 26.08.2025
Президенттің мемлекеттік қаржының ұзақмерзімді теңгерімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжаттың негізгі параметрлері туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Оның айтуынша, дамудың үш нұсқасы қарастырылды: негізгі, қалыпты және балама. Базалық нұсқада 10 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,5%-ды құрайды, бұл 2035 жылға қарай номиналды ЖІӨ-ді 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Болжамға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кірісі 2035 жылы 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл ретте шикізат секторына тәуелділікті төмендету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2029 жылдан бастап біртіндеп 2,0 трлн теңгеге дейін төмендетіледі.«2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2 трлн теңгеге дейін төмендетумен көзделген. Бюджет тапшылығы 2029 жылы ЖІӨ-нің 0,4%-ға дейін біртіндеп төмендеумен және 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетумен айқындалды», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056745?lang=kk
Алматинская область усилила профилактику инфекционных заболеваний 26.08.2025
Алматы облысында ағымдағы жылдың өткен 33 аптасында 7 нозология бойынша инфекциялық аурулардың 27 жағдайы тіркелді.Алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалды (туберкулез, бруцеллез, эхинококкоз, желшешек). Сонымен қатар, 4 нозологияда төмендеу тіркелді (менингококкты жұқпа, қызылша, скарлатина, жіті ішек инфекциясы), ал вирустық А гепатиті бір деңгейде қалды.Барлығы 27 жұқпа ошағы бақылауға алынып, 61 адам қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың 57-сі зертханалық әдіспен тексеріліп, медициналық бақылау орнатылды. Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Есепті кезеңде оба, тырысқақ, туляремия, безгек, іш сүзегі сияқты қауіпті 57 инфекция тіркелген жоқ. Қызылша, көкжөтел, вирустық А гепатиті және жаппай тамақтан уланулар бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Ал туберкулез, бруцеллез, кене энцефалиті, менингококкты жұқпа жағдайларының өсімі байқалды.Қызылша және қызамық бойынша облыстағы жағдай тұрақты. Биыл қызылшаның 150 жағдайы анықталып, оның 80-і зертханалық расталды. Науқастардың 87%-ын екпе алмаған балалар құрады. 2023–2024 жылдары жүргізілген қосымша иммундау сырқаттанушылықты тұрақтандыруға ықпал етті.Көкжөтелдің 14 жағдайы тіркеліп, оның 11-і зертханалық жолмен нақтыланды. Аурудың басым бөлігі екпе алмағандар арасында анықталды.Кене энцефалитіне күдікті 8 жағдай тіркеліп, оның 4-і зертханалық расталды. Маусымдық белсенділік кезеңінде 2 739 адам кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінген, оның 58%-ын балалар құрады. Алдын алу мақсатында 2 719 адам иммуноглобулинмен қамтылды.Эндемиялық аудандарда (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Кеген) жалпы көлемі 738 гектар аумақта дезинсекциялық өңдеудің екі кезеңі жүргізілді. Сонымен қатар, 70 га су айдынында безгекке қарсы, 2 228 га аумақта туляремия ошақтарына дератизациялық шаралар жүзеге асырылды.Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында:• 129 мыңнан астам адам профилактикалық екпемен қамтылды;• жануарлар тістеген 9 124 адам құтырмаға қарсы вакцина алды;• 2 мыңға жуық адам кене энцефалитіне қарсы екпемен қамтылды;• 733 инфекциялық ошақ қорытынды дезинфекциядан өтті.Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу және қорғану шаралары жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056747?lang=kk
Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды 26.08.2025
Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Болжам негізгі сценарий негізінде қалыптасады. Оған сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4%-ды құрайды, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3%-ға жетеді. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі.Экономиканың өсуінің негізгі драйверлері нақты сектор мен қызмет көрсету саласы болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады. Құрылыстағы үш жылдағы орташа өсім 11,0%, көлік саласында – 10,1%, саудада – 6,7% деңгейінде күтілуде.Министр болжамды кезеңде оң сауда балансы сақталатынын атап өтті. Экспорт 2026 жылы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-дан $75,2 млрд-қа дейін өседі.Макро болжамның негізінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 трлн теңге мөлшерінде айқындалаы.Бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды, 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады.«Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдерінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056735?lang=kk
NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат Нұрбек 26.08.2025
NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат НұрбекҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Nazarbayev University (NU) ұжымын 15 жылдық мерейтойымен құттықтады.Университеттің 15 жылдығына арналған таун-холл өтіп, оған университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты. Шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеүндеу жолдады.Министрдің айтуынша, идеядан өрбіген университет қазақстандық білім беру жүйесін түбегейлі жаңартты. Бұл – жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің, әлемнің үздік ғалымдарының қатарындағы профессорлардың және жоғары деңгейдегі ғылыми жарияланымдардың нәтижесі.«NU Қазақстан бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мен жаңашылдықтың басты қозғаушы күшіне айналды. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамамызды жүзеге асыруда жарқын үлгі көрсетті. NU еліміздің білімге және инновацияға негізделген экономикаға көшу үдерісінде орталық рөл атқарды. Бүгінде ірі тілдік модельдер, суперкомпьютерлер мен генеративті жасанды интеллект арқылы ол тағы да көш бастап, Қазақстанның жасанды интеллектке негізделген экономикаға өтуіне жол ашып отыр», – деді министр.Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек NU-дің Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары үшін жоғары білікті оқытушылар мен зерттеушілер даярлайтын негізгі орталыққа айналатынына сенім білдірді.NU Президенті, профессор Вакар Ахмад университет жетістіктерінің қатарында жаңа академиялық бағдарламалардың іске қосылуын, халықаралық сапа стандарттарына сай екенін растайтын Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігінің аккредитациясын, Times Higher Education жаһандық рейтингіндегі табыстарды, ғылыми зерттеулер мен студенттік жобаларды атады.«Ғылыми зерттеулер, білім беру, студенттік тәжірибе және әлеуметтік әсер саласындағы жетістіктеріміз болашаққа берік негіз қалап отыр. Бүгінде бізде жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін платформа бар. Бұл – университеттің ғана емес, тұтас елдің мақтанышы. Алдағы даму бағытын айқындау үшін жаңа институционалдық стратегияны аяқтауға жақынбыз», – деді ол.Салтанатты жиында білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаты мен дипломдарын иеленді.Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы Katherine Erdman, қауымдастырылған профессорлар Paula Dupuy мен Nikolay Tsyrempilov «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Филология профессоры Айгүл Исмақова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісін алды.Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары Ferhat Karaca, Zhumabay Bakenov, ассистент-профессор Айбек Ниеткалиев және Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Jonas Crus «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.20-дан астам оқытушы мен қызметкер «Ғылым үздігі» ведомстволық дипломдарымен, алғыс хаттармен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы құрмет белгілерімен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ университетте 10 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлерге құрмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1056720?lang=kk
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті 26.08.2025
2025 жылдың 23 тамызы Ақмола облысы Щучинск қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында ХҚКО-лардың 20-жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті. Бұл жарыс облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өткен аймақтық сайыстардың қорытынды кезеңі ретінде ұйымдастырылды. Финалдық кезеңге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.Спартакиаданың бағдарламасына мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тарту жарыстары кірді. Іс-шараның басты мақсаты – корпоративтік мәдениетті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және Мемлекеттік корпорацияның филиалдары мен бөлімшелері арасындағы өзара байланыс пен командалық рухты арттыру болды.Финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша бірінші орынды –Шымкент қаласының командасы, екінші орынды – Түркістан облысы, ал үшінші орынды – Алматы қаласының командасы иеленді.Маңыздысы, республикалық спартакиада Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толуымен сәйкес келіп, демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің ынтымақтастығын арттырып, корпоративтік құндылықтарын дамытуға ықпал етіп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1056933?lang=kk
Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, құмар ойындардың зияны туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, сондай-ақ автокөлік құралдарын тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы семинар өткізілді. 26.08.2025
2025 жылдың 22 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.А. Пилалов Департаменттің мемлекеттік сот орындаушыларымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, құмар ойындардың зияны туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, сондай-ақ автокөлік құралдарын тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1056656?lang=kk
Қорғаныс министрі "Мектепке жол" акциясына бастау берді 26.08.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Аягөз гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Сапар жауынгерлік дайындық, әскери инфрақұрылымның жай-күйі және әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелерін қамтыды.Қорғаныс ведомствосының басшысы "Майлин" оқу-жаттығу полигонында болып, танк атыс қалашығын, оған қоса "Оңтүстік" әскери қалашығындағы оқу корпусын аралады. Министр оқу сабақтарын бақылап, жеке құрамның тұрмыстық жағдайымен танысып, оқу процесін жетілдіру және қызметті ұйымдастыру жөнінде бірқатар нұсқаулар берді. Сонымен қатар, гарнизонда ол әскери техниканың жағдайын, оқ-дәрілерді сақтау шарттарын да тексерді.Министр әлеуметтік салаға ерекше назар аударды. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ол №4 жалпы білім беретін орта мектепте болып, көп балалы әскери қызметшілер отбасыларының балаларына мектепке керек-жарақ заттарды табыс етті.– Сендердің ата-аналарың елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүр, ал сендер мемлекеттің болашағысыңдар. Бұл оқу құралдары сендердің болашақтарыңа тамшыдай үлес. Сендерге зор денсаулық, оқуда озат және үлкен жетістіктер тілеймін, – деді Дәурен Қосанов балаларға.Гарнизон басшылығымен сөйлескен министр жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін сақтаудың және әскери қызметшілерге қамқорлық жасаудың маңыздылығына назар аударды:– Әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері үнемі назарда болуы тиіс. Тамақтану сапасын, казармадағы тазалық пен жайлылықты, медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді қадағалау, сол секілді әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау шараларын күшейту қажет, – деп атап өтті ол.Шығыс Қазақстанға сапарының соңында авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Өскемен гарнизонында болып, облыс әкімімен және Қарулы күштер ардагерлері кеңесінің өкілдерімен кездесті. Қорғаныс министрі ардагерлер жастармен жиі кездесіп, өз тәжірибелерін беруі керек екенін атап өтті.– Бүгінгі таңда біздің басты міндеттеріміздің бірі – жастарды патриотизм рухында, адал және тәртіпті етіп тәрбиелеу. Сендердің білімдерің мен дәстүрлерің – әскеріміздің берік негізі, – деді министр.Сапар қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы гарнизондар қолбасшылығының алдына жауынгерлік әзірлікті нығайту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау сапасын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1056636?lang=kk
Алматы облысында 150 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген 26.08.2025
Бүгінгі күнге Алматы облысында тіркелген кәсіпкерлер саны 150 мыңнан асты. Жыл басынан бері бизнеске 4 мыңнан астам консультация берілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасында 10 финалист анықталды, олардың үшеуі республикалық кезеңге шығып, 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа үміткер бола алады.Аймақтың интерактивті инвестициялық картасында жалпы құны шамамен 2 трлн теңге болатын 90 жоба іске асырылуда, бұл 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаражаттар несиелерді субсидиялау, қарыздар мен лизинг бойынша кепілдіктер беру, сондай-ақ жастар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттар арқылы қолдау үшін бағытталған.Соңғы үш жылда облыстың экономикасына салынған инвестициялар 60%-ға артты және шамамен 2,5 трлн теңгеге жетті. Аймақта алты индустриалды аймақ жұмыс істейді, тағы тоғызы қалыптасу сатысында. Жаңа жобалар арасында зауыттар, фабрикалар, логистикалық хаб және балық шаруашылығы кәсіпорындары бар. 2026 жылы жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056632?lang=kk
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарына арналған «Біз біргеміз» достық лагері өтті. 25.08.2025
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатына «Біз біргеміз» атты достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен «Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты. ҚХА Шымкент қалалық филиалы мен «Жастар» Ассамблеясы бірлесе отырып «Красный скали» демалыс аймағында ұйымдастырған лагерь ел бірлігінің құндылықтарын дәріптеп, отансүйгіштік рухты нығайту және нашақорлық, құмарқұмарлық, құмарқұмарлық сияқты әлеуметтік келеңсіздіктерден арылу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған. Қатысушыларға командалық коучинг, мансаптық коучинг, қарым-қатынас бойынша коучинг, құқықтық сауаттылық және өмірлік коучинг салаларындағы тәжірибелі мамандар дәріс оқыды. Баяндамашылар қатарында «Жастар» ассамблеясының төрағасы Тимур Жұмырбаев, «АМАНАТ» партиясы Ұйымдастыру-аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, дебатшы-кәсіби жаттықтырушы Алмасбаев, т.б. кеңесші Сейдулла Исмаил. Сонымен қатар, жастар Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспановпен кездесті. Ол салауатты өмір салтының маңыздылығын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Жастарды ұлттық бірлік идеялары төңірегінде тәрбиелеу мен біріктіруге бағытталған лагерь бағдарламасы аясында спорттық ойындар, бампербол сайыстары, шығармашылық сайыстар мен топтық іс-шаралар ұйымдастырылып, достық пен ынтымақтың нығаюына ықпал етті. Айта кетерлігі, «Жастар» Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі мен қоғамдық келісім негізінде жастарды дамыту және біріктіру. Сондай-ақ бірлестік жастардың бастамаларын қолдайды, қоғамдық белсенділікті, мәдени-ағарту жұмыстарын дамытады, демократиялық нормаларға негізделген жастардың қоғамдық келісімін, саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Маңызды міндеттер – этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге тарту, оны кеңінен насихаттау, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды және этносаралық, мәдениетаралық диалогты өткізу, сондай-ақ жастар арасында волонтерлік және қайырымдылық шараларды дамыту.
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ШЫМКЕНТТЕ БАСҚОСТЫ 25.08.2025
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты.Шымкент қалалық ҚХА мен «Ассамблея жастары» ұйымының ұйытқы болуымен «Красные скалы» демалыс аймағында өткен лагерьдің мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, патриоттық рухты күшейту және Мемлекет басшысының нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сынды әлеуметтік кеселдерден арылу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру. Қатысушылар үшін Team Coaching, Career Coaching, Relationship Coaching, құқықтық сауаттылық және Life Coaching бағыттарында тәжірибелі мамандар дәрістер өткізді. Спикерлер қатарында «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «AMANAT» партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, жастар жанашыры Жандос Қалтаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, пікірсайысшы, жаттықтырушы Алмас Толықбаев, кәсіби профориентатор Сейдулла Исмаил болды.Сонымен қатар, жастар Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспановпен кездесті. Спорт шебері жастарға салауатты өмір салтының мән-маңызын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.Оқу-ағарту әрі жастардың жалпыұлтық бірлік төңірегіне топтастыруды межелеген лагерь аясында спорттық ойындар, бампербол сайысы, өнер байқаулары мен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, жастардың достығы мен ынтымағын арттыруға бағытталған іс-шаралармен өз жалғасын тапты. Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік белсенділігін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыруға жәрдемдесу, жастардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оны танымал ету және этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету процесіне тарту, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, этносаралық және мәдениетаралық диалогты өткізуге этномәдени және өзге де бірлестіктердің жастарын тарту, жастар арасында волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамытуға қолдау көрсету.
«Шымкентте жаңа заманауи автобустар жолға шықты» 25.08.2025
«Шымкентте жаңа заманауи автобустар жолға шықты» Шымкентте ыңғайлы әрі заманауи қоғамдық көлік жүйесін құру жұмыстары жалғасуда. Негізгі бағыттардың бірі – автобус паркін жаңарту. Биыл қалаға 58 жаңа автобус алынды: шалғай елді мекендерге 28 шағын сыйымдылықтағы автобус және 30 үлкен заманауи көлік. Олардың барлығы кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен, навигациямен, заманауи төлем жүйелерімен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікті жаңғырту басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды. Жауапты қызметтерге автобустардың тазалығын, кестенің сақталуын және жолаушылардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, экологиялық таза көлікке көшу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. «Shymkent Bus» ЖШС газ моторлы отынмен жүретін 179 автобусты кезең-кезеңімен жеткізуді жоспарлап отыр. Әр кезеңде 30-40 көлік іске қосылып, тасымалдау сапасын арттырып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтады. Қазіргі жағдай Бүгінде Шымкентте 82 бағыт бойынша күн сайын 984 автобус шығады, оның 79-ы әлеуметтік маңызы бар. Тасымалдауды 11 кәсіпорын жүзеге асырады. Барлығы қаланың автобус паркі 1173 бірлікті құрайды. Тұрақты даму үшін «Автобыс» жүйесі енгізілді — бұл жол жүруге, диспетчерлік етуге, жолаушылар ағынын есепке алуға және нақты уақыт режимінде есептерді қалыптастыруға арналған электронды төлем. Биылғы жылдың 7 айында автобустарды 49,8 миллионнан астам жолаушы пайдаланған. Бүгінде 615 автобус сығымдалған газбен, 558-і дизельдік отынмен жүреді. Маршруттық желіні дамыту Қаланың өсуі, жаңа тұрғын үй кешендері мен өнеркәсіп аймақтары маршрут схемасын жаңартуды талап етеді. 2025 жылы жолаушылар көлігін дамытудың жаңа кешенді жоспары әзірленеді. Шымкенттегі қоғамдық көлікті жаңғырту тек жаңа автобустар сатып алу ғана емес. Бұл инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс.
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ 25.08.2025
Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы және заманауи қоғамдық көлік қызметін ұсыну бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тасымалдаушылармен түзілген келісім-шарт талаптарына сәйкес, көлік құрамын жаңарту – басым міндеттердің бірі.Ағымдағы жылы осы мақсатта 58 жаңа автобус сатып алынып, қала тұрғындарының игілігіне берілді. Оның 28-і – шалғайдағы шағынаудандар мен тұрғын алаптарына қызмет көрсететін шағын автобустар, ал 30-ы – жолаушы сыйымдылығы жоғары заманауи көліктер. Барлық көлік құралдары желдеткіш, бейнебақылау жүйелерімен, навигациямен, заманауи төлем желісімен және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған құрылғылармен жабдықталған.Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков қоғамдық көлікті жаңғырту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтіп, жауаптыларға автобустардың тазалығын жіті бақылауды және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы көлікті пайдалануы үшін қозғалыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.Жалпы, шаһарда экологиялық тұрғыдан тиімді әрі заманауи көлік түрлерін енгізу жоспарланған. «Shymkent Bus» ЖШС тарапынан газ-метан отынымен жүретін 179 жаңа автобусты кезең-кезеңімен жеткізу көзделген. Әр кезеңде 30–40 бірліктен пайдалануға беріліп, бұл бастама жолаушыларға қызмет сапасын арттырып қана қоймай, қаланың экологиялық ахуалына оң әсерін тигізбек.Қазіргі ахуал мен көрсеткіштерБүгінгі таңда Шымкентте 82 тұрақты бағыт бойынша 984 автобус күнделікті жолаушыларға қызмет көрсетеді. Оның 79-ы әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде бекітілген. Қызметті 11 көлік компаниясы жүзеге асырады. Қалалық автобустардың жалпы саны – 1173 бірлік.Қаланың көлік жүйесін тұрақты дамыту мақсатында кешенді шаралар қабылданып, «Avtobys» жүйесі енгізілген. Аталған жүйе электронды билеттеу, диспетчерлеу, жолаушылар ағынын бақылау және нақты уақыт режимінде есеп беру сияқты заманауи технологияларды қамтиды.Ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында қоғамдық көлікпен 49,8 млн-нан астам жолаушы тасымалданған.Қолданыстағы автобустардың 615-і сығымдалған газ-метан отынын пайдаланса, 558-і дизель отынымен жұмыс істейді.Маршруттық желіні жетілдіру және жаңа кешенді схемаҚала аумағының қарқынды дамуына – жаңа тұрғын үй кешендері мен ірі өндірістік аймақтардың ашылуы, жол-инфрақұрылымының кеңеюі себепті – маршруттық желіні қайта қарау қажеттілігі туындады. Осыған орай 2025 жылы жолаушылар көлігін дамытудың жаңа кешенді схемасы әзірленетін болады.Қоғамдық көлікті жаңғырту – тек жаңа автобустар алумен шектелмейді, ол – қала инфрақұрылымын дамыту, экологияны жақсарту және тұрғындардың сапалы қызмет алуына жағдай жасау бағытындағы кешенді жұмыс. Шымкентте қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта жолаушыларға қолайлы, экологиялық таза және заманауи көлік жүйесін қалыптастыруға негіз болмақ.
Тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер 25.08.2025
Алматы облысы спортты дамытуда тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2022 жылмен салыстырғандағы көрсеткіштер дәлелдейді: халықаралық аренадағы спортшылар жетістіктері де, бұқаралық спортты дамыту да жаңа сапалық деңгейге көтерілді.2022 жыл Алматы облысы спорты үшін маңызды кезең болды: 23 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын, 111-і – ҚР спорт шебері, 586-сы – спорт шеберіне кандидат, 146-сы – бірінші спорттық разряд иегері атанды. Сол жылы облыс спортшылары барлығы 1783 медаль жеңіп алды, оның ішінде 560-ы алтын, 512-сі күміс, 721-і қола. Халықаралық жарыстарда да айтарлықтай жетістіктерге жетті: әлем чемпионаттарында – 45, Азия чемпионаттарында – 114 медальға қол жеткізілді.2023 жыл да өңір спорты үшін табысты болды: облыс спортшылары 1742 медаль иеленді (610 алтын, 458 күміс, 674 қола). Ең басты оқиға – Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындары болды. Бұл жарыста облыстан қатысқан 10 спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын және 4 қола медаль салды. Жоғары нәтижелерге Асем Орынбай (алтын және қола), Эдуард Ещенко (алтын), сондай-ақ Эртуған Зейнуллинов, Аян Тұрсын мен Мәриян Урдабаева (қола медаль иегерлері) жетті.2024 жыл Алматы облысының спорт жылнамасына жарқын жетістіктерімен енді. Парижде өткен Олимпиада ойындарында Демеу Жадраев грек-рим күресінен (77 кг дейін) күміс медаль жеңіп алып, өңір тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Облыс спортшылары өзге де халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетті: Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2 алтын, VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарында 2 күміс пен 2 қола медаль иеленді. Жалпы, бір жыл ішінде 2131 медаль жеңіп алынды (771 алтын, 604 күміс, 756 қола).Маңызды оқиғалардың бірі – «Алатау» лигасының құрылуы болды. Соның арқасында 15 мыңға жуық жас спортпен айналысуға тартылды. Ауылдық аудандарда 150 спорт секциясы ашылып, бұқаралық спортты дамытуға және NEET санатындағы жастарды спортқа тартуға жаңа серпін берді.2025 жылы да облыс спортшылары жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып, жылдың алғашқы жартысында 1289 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 492-сі алтын, 378-і күміс, 419-ы қола. Халықаралық жеңістердің мәні ерекше. Асет Дюсенов Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы болды. Қасымбек Едіге жастар арасындағы еркін күрестен (20 жасқа дейін) әлем чемпионы атанды. Облыстың боксшылары жастар және 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 4 алтын медаль иеленді. Демеу Жадраев Германияда өткен «Гран-при» турнирінде алтын, Ербол Камалиев күміс медаль алды.Жыл қорытындысы бойынша 166 спортшы бірінші спорттық разряд алды, 862 спортшы спорт шеберіне кандидат атанды, 20 спортшы ҚР спорт шебері, 4 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Бүгінде өңірде 34 спорт түрі дамып, 54 аккредиттелген федерация жұмыс істейді. Бұл спорт инфрақұрылымын нығайтуға және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етуде.Соңғы төрт жылдағы динамиканы талдау көрсеткендей, Алматы облысы спорт саласында сапалы серпіліс жасады. Халықаралық аренадағы жеңістер, бұқаралық спорттың дамуы және спорт инфрақұрылымының нығаюы өңірді елдің көшбасшылары қатарына шығарды. Болашаққа деген сенім спортшылардың нәтижелерімен нығайып отыр: олар Қазақстанды беделді әлемдік жарыстарда абыроймен танытып, өңір спортының жаңа жетістіктеріне жол ашуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056574?lang=kk
Өкілдік Басшысы Литваның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 25.08.2025
2025 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Литва Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Шаруне Кубилютеге экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Литваның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1056546?lang=kk