Enbekshi QazaQ

Әлем

Салықтық тіркеу 03.02.2026
Салықтық тіркеу Салықтық тіркеу - бұл заңды қызметтің негізі және салық органдарының бақылауы.🔹 Салықтық тіркеу дегеніміз не?Бұл салық төлеушілердің базасын қалыптастыру:✔️ жеке тұлғалар✔️ ЖК және жеке тәжірибе жүргізуші тұлғалар✔️ заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер)✔️ ҚҚС төлеушілері✔️ белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар🔹 Тіркеу қалай жүзеге асырылады?-  өтініштер мен хабарламалар негізінде— мемлекеттік органдар мен банктердің деректері бойынша— тіркеулік есепке қою және тіркеулік есептен шығару арқылы🔹 ЖК және жеке тәжірибе📌 тіркеу — қызметті бастау туралы хабарлама бойынша📌 өзгерістер — 10 жұмыс күні ішінде📌 тіркеуден шығару — салықтық қарыз болмаған жағдайда🔹 ҚҚС бойынша тіркеу✔️ ерікті✔️ міндетті (айналым шегі асылған жағдайда)✔️ шартты — шетелдік интернет-компаниялар үшін🔹 Белгілі бір қызмет түрлері(алкоголь, темекі, отын, құмар ойындар бизнесі, e-commerce және т.б.)— міндетті салықтық тіркеуге жатады— әрбір нысан бойынша бөлек🔍 Салықтық тіркеуді мониторингілеуСалық органдары талаптардың сақталуын бақылайды.Бұзушылықтар болған жағдайда — хабарлама, ал орындалмаған жағдайда:⚠️ шоттарды тоқтату⚠️ салықтық тексеру⚠️ интернет-платформаға қол жеткізуді шектеу (резидент еместер үшін)💡 Уақтылы салықтық тіркеу — айыппұлдар мен блоктауларсыз тыныш жұмыстың кепілі.#НКРК #салықтықтіркеу #Қазақстансалықтары #ЖК #ҚҚС #бизнесҚЗ #бухгалтерияАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153787?lang=kk
Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа бейілділігін растайды 03.02.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия апталығының ашылу сессиясында сөз сөйледі.Ержан Біржанов Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының стратегиялық маңызын атап өтіп, өңірдегі экономикалық және институционалдық реформаларды ілгерілетудегі Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының маңызды рөлін көрсетті.ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді ұлттық реформаларға енгізуге ықпал ететіні және олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды.Қазақстанның ЭЫДҰ қызметіне белсенді қатысуы, 46 құқықтық құралға қосылуы және 39 комитеттің жұмысына қатысуы атап өтілді.Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі және BEPS бастамасына қатысуы ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1153788?lang=kk
2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі 03.02.2026
2026 жылғы 29 қаңтар күні ️ 2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің базасында өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ білімдерін тереңдетіп, кеңейту.🔹Аудандық кезеңге барлығы 54 оқушы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.🏆Жарыс қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: қазақ тілінде оқитын сыныптар:🥇 I орын – “#1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ🥈 II орын – “Өндіріс орта мектебі” КММ🥉 III орын – “Қоянбай орта мектебі” КММОрыс тіліндеоқитын сыныптар:🥇 I орын – “Глуховка орта мектебі” КММ🥈 II орын – “Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ, “Канонерка орта мектебі”КММ🥉 III орын – “Н.Баймұратов атындағы орта мектебі” КММ, “Қара-Мырза негізгі мектебі” КММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153792?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында күзгі шақыру науқаны қорытындыланды 03.02.2026
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен Бас қолбасшылықта 2025 жылғы күзгі шақыру науқанының қорытындысын шығаруға арналған жұмыс кеңесі өтті.Іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, Бас қолбасшылық офицерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Әскери-тергеу департаментінің және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында әскерге шақыруды ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, әскерге шақыру нәтижелеріне тікелей әсер ететін баяндамалар тыңдалды.Мемлекеттік органдардың өкілдері 2026 жылғы шақыру науқанының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды айтты.Кеңес қорытындысы бойынша практикалық ұсыныстар әзірленіп, әскерге шақыру жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған басым шаралар айқындалды. Белгіленген міндеттерді іске асыру ведомствоаралық өзара іс-қимылды және қатаң бақылауды қамтамасыз ете отырып, жүйелі негізде жалғастырылатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1153799?lang=kk
Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді 03.02.2026
Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштер саны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы көрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейін тізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) және Түркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болған келесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу.«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметті өзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулер мобильді қосымшалар мен электрондық үкімет порталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларын немесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін ең бастысы – қызмет алушылардың жайлылығы мен қанағаттану деңгейі», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторлары арқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болып қала береді.Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, еліміз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1176961?lang=kk
БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті 03.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,97 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,18 трлн теңгеге немесе 13,9%-ға өсті.2026 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,48 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 11,9%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,58 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 11,1%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 22,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көлемі 9,73 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 қаңтарына 760,15 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 251,67 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 16,6%-ға (немесе 462,28 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 2 659,56 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 133,37 млрд теңге (өсім – 17,4%), ЕЗЖ – 2,32 млрд теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 456,42 млрд теңгені құрады.    Төлемдер мен аударымдар2025 жылы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2 051,05 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 54,9% немесе 727,20 млрд теңгеге көп.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 24,4% ұлғайып, 01.01.2026ж. 254,13 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 970 теңге.   2025 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 1 254,57 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 58,15 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 43,75 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 3,10 млрд теңге, жерлеуге – 10,46 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 426,89 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,24 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,06 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қаңтарына 12,72 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,30 млн - МЗЖ бойынша, 764,1 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,3 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,30 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес күнтізбелік жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді болып саналатынын айта кеткен жөн. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша МЗЖ түсетін белсенді ЖЗШ-ның нақты үлесі жарналар жүзеге асырылуы мүмкін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған шоттарды және 2025 жылы ашылған жаңа шоттарды қамтитын 10,11 млн ЖЗШ-ның жалпы санынан 71,29% (7,21 млн шот) құрады.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,51 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1155094?lang=kk
2026 - Конституциялық реформа 03.02.2026
2026 - Конституциялық реформаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1153719?lang=kk
Зейнетақы активтерін инвестициялау: олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі 03.02.2026
enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған   "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 948,09 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 103,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 755,58 млрд теңге.   ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 88,55 млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2026 жылғы 1 қаңтарда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,51%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,45%, ҚРҰБ депозиттері – 4,45%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,93%, МҚҰ - 1,24%.   2026 жылғы 1 қаңтардағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,04%, АҚШ долларымен – 40,96%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша 1 981,23 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 451,35 млрд теңге, өзге де кірістер – 6,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болды.    Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,77 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 2025 жылы 7,43% болды.2026 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,96%, ҚРҰБ депозиттері – 7,26%, РЕПО операциялары – 2,77%,  инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 67,47 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.2025 жылы зейнетақы активтерінің ЖМЗЖ есебінен есептелген инвестициялық кірісі 45,35 % млрд теңге, осы кезеңдегі кірістілік 5,11% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 88,55 млрд теңгеден асады.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 14,93 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,23%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,62%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,39%, РЕПО – 6,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,55%, МҚҰ – 4,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,25%.Атап кетейік, портфельдің 67,08% теңгемен, 31,74% - АҚШ долларымен, 1,17% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 11,22% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.01.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,14 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: МҚҰ облигациялары – 20,71%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,02%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,58%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 14,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,17%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,92%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,93%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,12%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,66%, АҚШ долларымен 37,34% тең.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,45% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 10,65 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,31%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,41%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,55%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, - шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,24%, РЕПО – 5,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 65,43%, АҚШ долларымен 34,57%.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,93% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 4,44 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 25,59%, РЕПО – 20,97%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,85%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,78%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 11,64%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,23%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,56% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 71,64%, АҚШ долларында – 28,36% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 14,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 50,39 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 18,89%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 15,03%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,75%, МҚҰ – 13,15%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,98%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 4,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,21%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,37%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,40%, АҚШ долларында – 39,60% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 8,32% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1156876?lang=kk
Қазақстан мен Швеция көпжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылады 03.02.2026
Стокгольм, 2026 ж. 2 ақпан. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Тобиас Тюбергпен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен қазақ-швед қарым-қатынастарының өзекті қырлары бойынша жан-жақты пікір алмасты, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1153739?lang=kk
Қазақстанның Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Амартүвшинмен кездесуі туралы 03.02.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Гомборсүрэнгийн Амартүвшинмен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды кеңейту, білім беру саласындағы ынтымақтастық және өзге де перспективалы бағыттарды талқылады.Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету аясында тараптар ағымдағы жылы іске асыруға жоспарланған өзара сапарлар мен іс-шаралардың күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.Тараптар жоғары және ең жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жандандыруға, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға екіжақты мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1153748?lang=kk
Салық қатынастарындағы өкілдік 03.02.2026
Салық қатынастарындағы өкілдік (ҚР СК)Салық төлеуші салық органдарымен жеке немесе өкіл арқылы 🤝 өзара әрекеттесуге құқылы👤 Өкіл түрлері:🔹 Заңды өкіл — заң негізінде әрекет етеді (ата-ана, қамқоршылар және т.б.)🔹 Уәкілетті өкіл — сенімхат негізінде әрекет етеді (бухгалтер, заңгер, басқа тұлға)📄 Білу маңызды:✔️ жеке қатысу өкілдік құқығын жоймайды✔️ өкіл салық органдарының жүйелері арқылы электронды форматта да тағайындалуы мүмкін✔️ өкілдің барлық әрекеті = салық төлеушінің өз әрекеті⛏ Ерекше жағдайКонсорциум шеңберіндегі кен өндіру кезінде мүдделерді оператор өкілдей алады, ол қатысушылар атынан әрекет етеді және салықтық міндеттерді атқарады.💡 Өкілдік — ыңғайлы және тиімді салықтық әкімшілеу үшін заңды құрал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153753?lang=kk
Келешек мектептеріне арналған Сириус таланттар саммиті 03.02.2026
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2026 жылғы 17-19 қаңтар аралығында Алматы қаласында Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменованың тапсырмасы бойынша Келешек мектептеріне арналған Сириус таланттар саммиті басталып жатыр. Бұл аталған саммит жасанды интеллект және деректерді өңдеу жүйелері, зияткерлік көлік және логистикалық жүйелер, соның ішінде ғарыштық, теңіз және ұшқышсыз технологиялар, жекелендірілген медицина және биотехнологиялар, медициналық робототехника, агроөнеркәсіптік және биотехнологиялар, зияткерлік өндірістік технологиялар, автоматтандырылған жүйелер және қауіпсіздік бағытында оқушылардың зерттеушілік жобалау құзыреттерін дамытуға бағытталған. Аталған шараға «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық ғылыми жоба жеңімпаздары 10 сынып оқушысы - Мейрханов Амир және жетекшісі- информатика пән мұғалімі Еркинбаева Нуржанат Амангельдиевна қатысуда. Келешек мектептеріне арналған Сириус таланттар саммиті біздің ұстаздарымызбен оқушылармыздың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын оятуға, дамытуға үлкен серпін береді деген сенімдеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153767?lang=kk
“Абай мен Пушкин махаббат пен өмір туралы: халықтарды біріктіретін поэзия» 03.02.2026
7-8 сынып оқушылары арасында “Абай мен Пушкин махаббат пен өмір туралы: халықтарды біріктіретін поэзия» мәнерлеп оқу байқауының облыстық кезеңінде София Посыпайко Долон негізгі мектебінің оқушысы 2 орынға ие болды.Жас таланттарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Олардың өнер жолындағы жетістіктері жалғаса берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153772?lang=kk
2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі мен номиналды кірістілігі оң деңгейде қамтамасыз етілді 03.02.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс көлемі 1,77 трлн теңге болды. Валюта бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі жағдайында 2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 7,43% көрсетті.Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды (мәселен, зейнетақы активтерінің 2024 жылғы инвестициялық кірістілігі – 17,96%). Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.2025 жылы кірістілік деңгейіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі – теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюына байланысты теріс бағамдық қайта бағалау. Бұл ретте зейнетақы активтерінің құрылымындағы 41% үлес шетел валюталарында номиналданған қаржы құралдарына жасалған инвестицияларға тиесілі. Қазақстанда 2025 жылы қалыптасқан кірістілік көрсеткішін әлемдегі кірістілік көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, Willis Towers Watson[1] халықаралық талдау агенттігінің деректері бойынша 12 айдағы ең ірі зейнетақы нарықтарының номиналды кірістілігі (01.10.2025 жылғы жағдай бойынша) мынадай: Еуроаймақ – 4,7%, Ұлыбритания – 4,1%, Швейцария – 3,4%, Канада – 9,2%, АҚШ – 10,9%, Жапония-3,3%.Орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өспелі жиынтықпен 1 060,17% болды, ал бүкіл кезең ішіндегі инфляция 941,90%.  2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2014 жылдан бері (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық кіріс 10,43 трлн теңгені құрады. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жасалған төлемдер есебімен 41,4%-ға тең, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетсе керек.Сондай-ақ, салымшылардың өз зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына аударуға құқығы бар.ҚР Ұлттық банкінің зейнетақы активтерін ұзақ мерзімді кезеңде сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым консервативті басқару тәсілімен салыстырсақ, ИПБ-лардың инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатындағы (бұл ретте ИПБ-дағы тәуекелдер де жоғары) неғұрлым кең инвестициялық мүмкіндіктерді көздейді.Қазақстанда ҚРҰБ басқаруындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  [1] Global Pension Finance Watch – 3rd quarter 2025, WTWАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1156284?lang=kk
Зейнетақы активтерін инвестициялау: олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі 03.02.2026
 enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 948,09 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 103,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 755,58 млрд теңге.   ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 88,55 млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2026 жылғы 1 қаңтарда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,51%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,45%, ҚРҰБ депозиттері – 4,45%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,93%, МҚҰ - 1,24%.   2026 жылғы 1 қаңтардағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,04%, АҚШ долларымен – 40,96%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша 1 981,23 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 451,35 млрд теңге, өзге де кірістер – 6,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болды.    Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,77 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 2025 жылы 7,43% болды.2026 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,96%, ҚРҰБ депозиттері – 7,26%, РЕПО операциялары – 2,77%,  инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 67,47 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.2025 жылы зейнетақы активтерінің ЖМЗЖ есебінен есептелген инвестициялық кірісі 45,35 % млрд теңге, осы кезеңдегі кірістілік 5,11% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 88,55 млрд теңгеден асады.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 14,93 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,23%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,62%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,39%, РЕПО – 6,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,55%, МҚҰ – 4,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,25%.Атап кетейік, портфельдің 67,08% теңгемен, 31,74% - АҚШ долларымен, 1,17% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 11,22% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,14 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: МҚҰ облигациялары – 20,71%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,02%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,58%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 14,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,17%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,92%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,93%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,12%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,66%, АҚШ долларымен 37,34% тең.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,45% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 10,65 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,31%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,41%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,55%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, - шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,24%, РЕПО – 5,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 65,43%, АҚШ долларымен 34,57%.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,93% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 4,44 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 25,59%, РЕПО – 20,97%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,85%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,78%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 11,64%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,23%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,56% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 71,64%, АҚШ долларында – 28,36% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 14,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 50,39 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 18,89%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 15,03%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,75%, МҚҰ – 13,15%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,98%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 4,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,21%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,37%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,40%, АҚШ долларында – 39,60% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 8,32% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1153693?lang=kk
Алматы GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan – цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жылдың басты іс-шарасын қабылдайды 03.02.2026
GITEX, әлемдегі ең ірі технологиялық және стартап-іс-шаралар желісі 2026 жылдың 4–5 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan іс-шарасының іске қосылғанын жариялайды. Жаңа алаңның таңдалуы сауда, өнеркәсіптік өндіріс, корпоративтік сектор мен инновациялар шоғырланған өңірдің негізгі іскерлік және инновациялық орталығы ретіндегі Алматының рөлін айқындайды.Іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтеді. GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan еліміздің әлемдегі жетекші технологиялық экожүйелер қатарындағы орнын нығайтуға ұмтылысын көрсетіп, технологиялық жобаларға экспорттың өсуін, әріптестіктерді дамытуды және инвестициялар тартуды қолдайды.Іс-шара GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы inD компаниясымен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласының әкімдігімен серіктестікте өтеді. GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan мемлекеттік органдардың өкілдерін, технологиялық компанияларды, ЖИ, бұлтты және деректер-инфрақұрылымдар саласындағы көшбасшыларды, финтех-инноваторларды және өңірдің ең перспективалы стартаптарын біріктіріп, Орталық Азия мен Кавказды бәсекеге қабілетті цифрлық хабқа айналдыру үдерісін жеделдетуге бағытталады.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:«GITEX-тің Алматыда өтуі Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылар, стартаптар мен инвестициялар үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын растайды. Бұл біз үшін жай ғана ауқымды іс-шара емес, цифрлық трансформацияны және ЖИ-ді экономика мен мемлекеттік басқаруға енгізуді жеделдететін тәжірибелік құралдардың бірі. Біздің міндетіміз - осы серпіннің өлшенетін нәтиже беруін қамтамасыз ету, шешімдерді нарыққа тезірек шығару, өнімділікті арттыру және бүкіл өңір бойынша адамдар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру» екенін атап өтті.Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды:«GITEX-ті Алматыда өткізу арқылы біз қаланың Орталық Азиядағы инновация, сауда және кәсіпкерлік саласындағы негізгі орталықтардың бірі ретіндегі позициясын күшейтеміз. Алдыңғы қатарлы технологиялар жергілікті деңгейде дамыған сайын, оларды жаһандық нарықтарға экспорттау жөніндегі ұлттық мақсатымыз да айқынырақ көрініс табуда» - деді.GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы inD компаниясының CEO-сы Трикси Ло Мирманд:«Қазақстан мүмкіндіктерге және әлеуметтік-экономикалық әсерге негізделген цифрлық болашақты қалыптастыруда стратегиялық тәсіл танытып отыр. Алматы - осы көзқарасты іске асыру үшін қажет кәсіпкерлік энергия мен инновациялық әлеует тоғысқан нүкте. Алматыдағы GITEX әлемге Орталық Азия мен Кавказдағы ауқымды индустриялық және технологиялық серпілісті тек бақылап қана қоймай, осы үдерісті қалыптастыруға белсенді қатысуға мүмкіндік береді».Елдің инновациялық орталығына қарай жасалған стратегиялық қадамАлматыға негізгі технологиялық ойыншыларды тарту Қазақстанның ұлттық цифрлық стратегиясына сәйкес келеді және қаланың инновациялық орталық ретінде қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алматыда 1 500-ден астам стартап орналасқан, елдегі венчурлық капиталдың 50%-ы осы қалада шоғырланған, сондай-ақ жақын арада әлемдік деңгейдегі халықаралық ғылыми-технологиялық институт – Qazaqstan Advanced Institute of Science and Technology (QAIST) ашылады. Осындай жағдайда GITEX Орталық Азиядағы жаңа буын цифрлық экономикасын қалыптастырып жатқан компаниялармен, стартаптармен, инвесторлармен және зерттеу орталықтарымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Жаһандық технологиялық және инвестициялық іс-шаралар желісінің жаңа тірек алаңыОрталық Азия мен Кавказ жедел цифрландыру, стартап-экожүйелердің жетілуі және болашаққа бағдарланған трансформация стратегияларын іске асыру аясында ауқымды технологиялық өзгерістер кезеңінен өтуде. Осы тұрғыда Қазақстан өңірлік көшбасшы ретінде ерекшеленеді: мұнда Орталық Азиядағы ең ірі гипермасштабталатын деректер-орталығы орналасқан, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілген, сондай-ақ alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын қоса алғанда, бірқатар флагмандық бастамалар жүзеге асырылуда.GITEX-тің Қазақстанда пайда болуы осы цифрлық жолдағы маңызды кезеңге айналады. Іс-шараның Алматыда өтуі қаланы Орталық Азия мен Кавказды Абу-Даби, Дубай, Бразилия, Германия, Үндістан, Кения, Марокко, Нигерия, Сербия, Сингапур, Түркия және Вьетнам сияқты негізгі халықаралық нарықтармен байланыстыратын GITEX-тің жаһандық желісінің өңірлік тірек нүктесіне айналдырады.Толығырақ ақпарат: https://shorturl.at/Ejl2CСтендті қазір брондаңыз: https://shorturl.at/X5D5d Қатысу үшін тіркелу: https://shorturl.at/ifrK1Іс-шараның брошюрасын жүктеу: https://shorturl.at/xXaNGАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1156485?lang=kk
Қозғалысты қайта қалпына келтірген ота: Қонаевта МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық нейрохирургиялық ота сәтті өткізілді 03.02.2026
Бірнеше жыл бұрын спинальды стеноз диагнозы қойылған науқас ірі медициналық орталықтарға жүгінуге мәжбүр болатын. Бүгінде осындай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында сәтті жүргізілуде.58 жастағы науқас қатты бел ауруымен және қозғалыстың шектелуімен ауруханаға түсті. Әр қадам ауырлық тудырып, күнделікті өмірі тек бірнеше метрге дейін ғана ауырсынусыз жүруге дейін қысқарған. Аурухана мамандары жүргізген кешенді диагностикалық тексерулер спинальды стенозды анықтады - омыртқа арнасының тарылуы салдарынан жұлын мен жүйке тамырлары қысылған. Уақытылы хирургиялық араласусыз бұл жағдай ауыр неврологиялық асқынуларға және мүгедектікке әкелуі мүмкін еді.Шешім дереу қабылданды. МӘМС шеңберінде науқасқа омыртқа арнасының микрохирургиялық декомпрессиясы және гипертрофияланған байламды алу отасы жасалды - күрделі, бірақ өте тиімді араласу.Отаны орындаған - жоғары білікті нейрохирург Гизатуллин Марат Римұлы, омыртқа патологияларын емдеудің заманауи микрохирургиялық әдістеріне терең маманданған дәрігер. Операцияның қауіпсіз өтуі мен науқастың тұрақты физиологиялық жағдайын қамтамасыз еткен - реаниматолог - анестезиолог дәрігері Бакриев Рият Айсамжанұлы, ол наркоз жүргізу және науқастың ота кезіндегі жағдайын кәсіби деңгейде бақылады. Дәрігерлердің бірлескен жұмысы ота жасауды қауіпсіз етіп, асқынулар қаупін азайтып, қалпына келу мерзімін қысқартты.Операция сәтті өтті. Бірнеше күннен соң науқас ауырсынудың айтарлықтай азайғанын және жалпы жағдайының жақсарғанын байқады. Қазіргі уақытта ол дәрігерлерге ерекше алғыс білдіреді, өтйкені ақ халаттылар науқасты "аяққа тұрғызды".-Осындай күрделі операцияның Қонаевта жүзеге асырылатынын күтпедім. Марат Римұлына, Рият Айсамжанұлына және аурухананың барлық ұжымына кәсібилік, ілтипаттылық және науқастарға деген қарым-қатынастары үшін үлкен алғыс айтамын, - дейді науқас.Бұл оқиға өңірлік медицинаның дамуының нақты мысалы болып табылады. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, жоғары білікті кадрлармен және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген. Бұрын мұндай көмек тек республикалық орталықтарда ғана қолжетімді болған.Алматы облысының тұрғындары үшін бұл сапалы медициналық көмек өз тұрғылықты жерінде қолжетімді және ұзақ күтуге, басқа қалаларға қымбат сапарларға шығуға қажеттілік жоқ, науқастар өз жерінде жоғары деңгейлі мамандарға сенім арта алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1153538?lang=kk
«Qonaev Media»: Алматыда заманауи студиясы бар жаңа өңірлік телеарна іске қосылды 03.02.2026
Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев арнайы қатысып, телеарнаның жұмыс барысымен танысты.Жаңа телеарна 2025 жылдың қыркүйек айында көрерменге жол тартып, қазіргі уақытта Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамти отырып, республикалық деңгейде хабар таратып отыр.Салтанатты шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, жаңа студиялары мен жұмыстың атқарылу барысы таныстырылды. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа телеарнаның ашылуы облыс үшін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.- “Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы – бұл тек бір медиа алаңның іске қосылуы емес, бұл – қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңа арнаның басты ұстанымы – шынайылық, жауапкершілік және халық мүддесіне адал қызмет болуы керек. Ақпараттық саясатта тепе-теңдік пен кәсібилікті сақтай отырып, көрерменге пайдалы әрі сапалы контент ұсынады деп сенемін.”– деді, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Сондай-ақ цифрландыру дәуірінде «Qonaev Media» телеарнасы «Digital Sana» жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын енгізіп, отандық медиа кеңістігіндегі озық әрі жаңашыл арналардың қатарына қосылуды мақсат етіп отыр.Өз кезегінде «Qonaev media» телеарнасының бас директоры Қымбат Хангельдина шынайы алғысын білдіре отырып, телеарна тарапынан өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған сапалы контенттер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты: «Облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіремін. Ұжым мүшелері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып ғана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарынан облысымыздың оң имиджін қалыптастыруды мақсат етуде. Одан бөлек, телеарна ұжымы сапалы әрі заманауи телевизиялық өнім әзірлеуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысты жалғастыруға ниетті», - деді, телеарна директоры.Айта кетейік, телеарна эфирлік, кабельдік, Smart TV және онлайн платформалар арқылы хабар таратып, өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді контент ұсынуға толық мүмкіндікке ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1153475?lang=kk
«Халық бухгалтері» акциясының алғашқы нәтижелері 03.02.2026
ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірлесіп, биыл 5 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігінің сапасын арттыруға бағытталған «Халық бухгалтері» республикалық акциясын қолға алған болатын.Аталған акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Негізгі форматы облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында тегін офлайн-консультациялар беру.Қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Ал наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі. Қабылдау кестесі мен мекенжайлар МКК, МКД және МКБ ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердегі аққауынттарында жарияланған. Қабылдау орындары «Халық бухгалтері» деген маңдайша жазуымен белгіленген. Акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылды.Акция басталғалы бері:17,5 мыңнан астам салық төлеушіге кеңес берілді;160-тан астам сұхбат ұйымдастырылды;БАҚ-та, телеарнада, радиода және әлеуметтік желілерде 2,5 мыңға жуық материал жарияланды;блогерлер мен инфлюенсерлерден 163 видео пікір алынды.Шынайы диалог форматы өзінің тиімділігін байқатып, салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша практикалық кеңес алды.Акция шеңберінде салық төлеушілерге консультациялар беріледі:оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;арнайы салық режимдеріндегі салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер;электронды шот-фактураларды жазып беру;ҚҚС шегі, АСР және ЖБР кезінде ҚҚС бойынша есептен шығару мен қою;өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;салық міндеттемелерін орындау тәртібі және т. б. «Халық бухгалтері» акциясы жалғасып келеді.Осы орайда кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алып, салық саласындағы сауаттылығын арттыруға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1153481?lang=kk