Әлем
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында қаланың барлық кітапханаларында сайлау құқығы мен азаматтық жауапкершілікке арналған тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Экспозициялар келушілерді сайлау, демократия негіздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы әдебиеттермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу тарихымен таныстырды. Кітап көрмелері пайдалы ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар саналы таңдаудың, белсенді азаматтық ұстанымның және демократиялық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығы туралы ойлауға арналған алаң болды. 03.02.2026
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында қаланың барлық кітапханаларында сайлау құқығы мен азаматтық жауапкершілікке арналған тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды.Экспозициялар келушілерді сайлау, демократия негіздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы әдебиеттермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу тарихымен таныстырды.Кітап көрмелері пайдалы ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар саналы таңдаудың, белсенді азаматтық ұстанымның және демократиялық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығы туралы ойлауға арналған алаң болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1153449?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы 43 миллионнан астам қызмет көрсетті 03.02.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.01.01.2025ж. мен 31.12.2025ж. аралығында Қор халыққа халыққа 43,3 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,2 млн-ы электрондық форматта, 14,7 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Салымшыларға 928,7 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 904,5 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,5 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 29,3 млн үзінді көшірме берілді. Оның 24,9 млн-ы – электрондық, ал 3,7 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 85,7 мың өтініш қабылданып, оның 82,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған. 2025 жылдың басынан бастап деректемелерді өзгертуге 132,9 мың өтініш қабылданды. Оның 124,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 51,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 1,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 43,0 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 524,0 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1153705?lang=kk
ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ ИНСТИТУТЫ 03.02.2026
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін құру қарастырылған.Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.Сонымен қатар Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. Бұл норма халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді.
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА АТА ЗАҢЫ 03.02.2026
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалды. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болады.Сонымен қатар, реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – цифрландыру саласын конституциялық деңгейде бекіту. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нормалар енгізіліп, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заманауи технологияларды пайдалану кезіндегі құқықтық тетіктер айқындалды.Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ҚР АТА ЗАҢЫ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 03.02.2026
2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының бірқатар маңызды жаңалықтары ұсынылды. Ата Заң жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты нақты бекітіліп, дін мен мемлекеттің ара-жігі айқын ажыратылды.Сонымен қатар, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын орнықтыру көзделіп, бұл бағыт жас ұрпақты тәрбиелеуде заманауи және бейтарап құндылықтарға негізделген жүйені қалыптастыруға бағытталған. Жаңа нормалар қатарында неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалып, отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ең жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етіледі.Аталған өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ – ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 03.02.2026
Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы.Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі.Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде сапалы қорғауға бағытталған.
Халықпен кездесу 03.02.2026
Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы Шырғанақ ауылдық округ тұрғындарына есеп берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/1153361?lang=kk
“Табиғат- ортақ үйіміз” тақырыбында тәрбие сағаты. 03.02.2026
Бастаушы ауылдық кітапханасында 2 ақпан күні 1-сынып оқушыларыменен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында “ Табиғат- ортақ үйіміз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. 1 сынып оқушылары әр қайсысы табиғат туралы өздерінің пікірлерін ашық айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1153370?lang=kk
2026 жылғы 28 қаңтарда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. 03.02.2026
2026 жылғы 28 қаңтарда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның барысында қала өмірі мен оның тұрғындарының мүдделеріне қатысты өзекті мәселелер қаралды.Отырыс шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің отандық және шетелдік туристерді тарту мақсатында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның нөлдік мөлшерлемесін бекіту туралы ұсынысын қолдады.Сондай-ақ Лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне ақшалай қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Бұрын мұндай ережелер болмаған, бұл азаматтарға тиісті қолдау көрсетуге мүмкіндік бермегені атап өтілді. Осы ережелерді қабылдау бюджеттен көмек алуға мүмкіндік туғызады.Сонымен қатар, қоғамдық қызығушылық тудыратын мәселелер қаралды. Атап айтқанда, газ тарату қондырғыларына газ құюды тоқтатуға байланысты жағдай талқыланды. Шарттарды бұзудың негізгі себептері төмен тариф және жабдықтың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы болып табылады. Осыған байланысты Өскемен қаласының әкімдігіне жаңа тарифті белгілеу мәселесін қарастыру туралы жолданым жолдау ұсынылды. Қала әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, газбен жабдықтау проблемасын, оның ішінде жабдықтың баға белгілеу және техникалық жай-күйі мәселелерін шешудің мүмкін жолдарын пысықтауда. Қалада 81 газгольдер бар екендігі атап өтілді, олардың барлығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қоғамдық кеңес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне осы мәселені жан-жақты зерделеуге, жөндеу шығындарының қажетті есептеулерін жүргізуге, сондай-ақ үйлерді электр плиталарына ауыстыруды қоса алғанда, мүмкін болатын балама нұсқаларды пысықтауға ұсыныс берді. Оның ішінде бір үйді электр плиталарымен жабдықтау құнын, кабель желілерін ауыстырудың қажетті көлемін, тұрғындарға бір пәтерге есептегенде болжамды жүктемені, зардап шеккен пәтерлердің санын, жабдықтардың құнын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың санын анықтау тапсырылды. Сондай-ақ әкімдіктің басқа құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, жиынтық талдамалық жазба дайындау және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында қала әкіміне тиісті жолданым жолдау ұсынылды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде қаланың көшелері мен тротуарларын тазарту жөніндегі Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын орындау мәселесі қаралды. Осы ұсынымдардың толық орындалмауына байланысты мәселе қайта қаралды. Қаланы қысқы күтіп ұстауға тартылған ұйымдар санының артуы байқалды.2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңде «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК және қосалқы мердігерлік ұйымдардың техникасын қоса алғанда, 182 бірлік техника тартылды. Бұл ретте тұрақты проблемаларға, оның ішінде тендерлердің шарттары туралы халықтың жеткіліксіз хабардар болуына және Аблакетка және Сол жағалау аудандарында тротуарларды жинаудың қанағаттанарлықсыз жай-күйіне назар аударылды.Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері одан әрі қарау және іске асыру үшін уәкілетті органдарға жіберілетін ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1153407?lang=kk
Мемлекет басшысы атынан Жаңа жылдық шырша 03.02.2026
24 желтоқсан қазақ театрына өңіріміздің сан тарабынан келген балаларға Мемілекет басшысы атынан Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Жан-жақтан келген 300 ге жуық бүлдіршінге "Ғажайып шырша" ертегісі мен "Ойна! Ойла!" ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Театр әртістерінің қызықты ойыны жас көрермен көңілінен шықты. Мереке қарсаңындағы игі шара әр жүрекке жылу мен шаттық сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1153249?lang=kk
БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады 03.02.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.Сапар барысында миссия қолбасшылығымен кездесу өтіп, оның шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау мандатын іске асыру мәселелері, өңірдегі ахуал мен қазақстандық контингенттің қызметі талқыланды.Миссия басшысы және БҰҰ бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің қолбасшысы генерал-майор Анита Асма қазақстандық бітімгерлердің қойылған міндеттерді сапалы орындағаны үшін алғысын білдіріп, олардың іс-қимылын, кәсібилігін, тәртібі мен үйлесімді әрекетін жоғары бағалады.Қазақстандық ұлттық контингент жедел әрекет ету бөлімшесінің функцияларын орындап, мобильді патрульдеуді жүзеге асырады, жедел әрекет ету топтарының дайындығын, медициналық эвакуациялауды және инженер-саперлердің ілесіп жүруін қамтамасыз етеді. Одан басқа бақылау бекеттерінде де міндеттер орындайды.Миссияға қатыса бастағаннан бері ұлттық контингент 675, оның ішінде 500-ден аса патрульдеуді, жаттығу іс-шараларын өткізуді, жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру операцияларын, лектерді алып жүруді және уақытша бақылау бекеттерін қоюды орындады.Қазіргі уақытта Голан жоталарында 139 қазақстандық бітімгер қызмет етіп жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1153226?lang=kk
Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің тұрақты орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесу өткізді 03.02.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің тұрақты орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті.Келіссөз барысында 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылға қарай өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын.Қазақстан сегіз жылда алғаш рет Вьетнамға 15 мың тоннадан астам бидай экспорттағаны атап өтілді. 2025 жылы контейнерлерді шамадан тыс жүктемей, мультимодальды логистиканы пайдалана отырып, қазақстандық астықтың алғашқы тікелей аралас жеткізілімі іске асырылды. Бұл жеткізу мерзімі мен шығынды азайтты. Аталған тәжірибе Қазақстанның оңтүстік-шығыс Азия елдеріне азық-түліктің сенімді жеткізушісі ретіндегі маңызды қадамы ретінде қарастырылуда.Экспорттық әлеуетті ұн, ет, сүт өнімі, сондай-ақ майлы дақыл есебінен арттыруға болады. Осыған байланысты қазақстандық тарап ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жандандырып, оған ауыл шаруашылығы жөніндегі кіші комитеттің екінші отырысы кезінде қол қоюды ұсынды.Көлік-логистика саласында вьетнамдық әріптестерге Оңтүстік теңіз бағытымен салыстырғанда жүк жеткізу мерзімін 3-4 есе қысқартуға мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағыты («Орта дәліз») инфрақұрылымын кеңінен пайдалану туралы айтылды. Қазақстан оңтайлы логистикалық жағдай жасауға, бірлескен жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп пен автомобиль жасауды дамытуға дайын екендігін білдірді.Сондай-ақ 2026 жылы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша VietJet Air тұрақты рейсін іске қосу жоспарлануда. Осыған байланысты Астана мен Ханой арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Алматы – Хошимин рейсін қалпына келтіруді қарастыру ұсынылды.Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық жаңаша даму үстінде. Қазақстанда Вьетнам капиталының қатысуымен бірқатар жоба, соның ішінде Алматы облысында Ak Bulak Village туристік кешені мен Қонаев қаласының «Арна» индустриялық аймағында инвестиция көлемі $90 млн болатын азық-түлік өндіру зауытының құрылысы іске қосылуда.Тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның шешуші рөлін атап өтіп, оның кезекті отырысын биылғы маусым-шілдеде өткізуді қарастырмақ. Сондай-ақ биыл Қазақстан-Вьетнам іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылады.Нгуен Хоа Бинь Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дәстүрлі достықты атап өтіп, аймақаралық өзара іс-қимылды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Ол «Орта дәлізді» дамыту жөніндегі бастамаларды қолдап, сондай-ақ Хошиминде қаржы орталығын құруға орай, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысында вьетнамдық тарап Қазақстан-Вьетнам іскерлік кеңесінің құрылуын қолдады. Бұл үшін өзара сауда көлемін одан әрі арттыруда елеулі әлеует бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1153238?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмыс жөніндегі Арнайы комитетінің сессиясына қатысты 03.02.2026
Вена, 2026 жылғы 26-30 қаңтар - Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын әзірлеу жөніндегі Арнайы комитеттің сессиясына қатысты.Вена қаласында мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ азаматтық сараптамалық қоғам институттарының өкілдерін біріктірген сессия БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының Процедуралық ережелерін дайындауға арналды.Жалпы отырыстар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшесінің басшысы Азамат Қалиасқаров Қазақстанның Конвенцияның мақсаттары мен қағидаттарына берік екенін растап, барлық қатысушы мемлекеттердің мүдделерін ескеретін теңгерімді, ашық және инклюзивті процедуралық ережелерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.Сессия аясында Қазақстан делегациясының БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Киберқылмыс және технологиялар бөлімінің басшысы Глен Причардпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясының күшіне енуі мен оны кейіннен іске асырудың келесі кезеңдеріне қатысты ұйымдастырушылық және процедуралық мәселелер талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1153155?lang=kk
Риядта конституциялық реформалар талқыланды 03.02.2026
Рияд, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Шығанақ зерттеу орталығының төрағасы, өңірдегі беделді сарапшы Әбділәзиз Сақрмен келіссөздер өткізілді.Кездесу барысында Елші сұхбаттасына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі бағыттары, сондай-ақ жалпыұлттық референдумға шығарылатын ауқымды конституциялық реформалар туралы баяндады.М.Меңілбеков бір палаталы Парламентке көшу, вице-президент лауазымын енгізу және «Қазақстан халық кеңесін» құру бастамаларына қатысты толық ақпарат берді.Өз кезегінде Ә.Сақр Қазақстандағы конституциялық реформаларға қызығушылық танытып, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерістеріне оң баға берді. Ол аталған реформалар Қазақстан тарихындағы маңызды саяси кезеңдердің бірі болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1153174?lang=kk
Қазақстан мен Марокко қалалық даму және мәдениет салаларындағы серіктестікті нығайтуда 02.02.2026
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Рабат қаласының әкімі Фатиха Әл-Муднимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Астана мен Рабат арасындағы 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасының іске асырылу барысын талқылады, ол сауда-экономикалық және экологиялық өзара іс-қимылдан бастап мәдени алмасуларға дейінгі кең ауқымды салаларды қамтиды.Сұхбаттастар қала құрылысы, урбанистика, тұрғын үй құрылысы, қалаларды көгалдандыру, туризм және ақылды технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Тараптар озық тәжірибе алмасу үшін тұрақты диалог пен өзара іссапарлар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.Мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жеке тақырып ретінде қарастырылды. Қазақстандық дипломат Астана әкімдігі мен қазақстандық әртістердің қатысуымен Рабатта Наурыз мерекесін ауқымды атап өту және осы іс-шара аясында марокколық қауым қазақ халқының дәстүрлері мен тұрмысымен танысып, ұлттық музыка мен тағамдардың дәмін тата алатыны туралы ақпарат берді.Фатиха Әл-Мудни екіжақты ынтымақтастықтың серпінін және Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады. Рабат әкімі қазақстандық тәжірибемен танысу және 2023 жылы Қазақстан елордасымен орнатылған бауырластық қатынастарын одан әрі тереңдету үшін биыл Астанаға сапармен келу ниетін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1153146?lang=kk
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды 02.02.2026
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Кеңес мүшелерінің пікірінше, қолданыста болған Конституцияның 84 пайызына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Мемлекеттің басты заңдық құжатын «Жаңа Конституция» деп атауға толық негіз бар. Сонымен қатар, көпшілік талқысына ұсынылған құжат жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.Жиынды Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысып, Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды.Бахадыр Нарымбетовтің айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу барысында қазақстандықтардан түскен 2000-нан астам ұсыныс пен пікір ескерілген. Құжат бүгінгі заман талаптары мен озық халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып дайындалған.– Жаңа Конституцияның кіріспесі мен алғашқы үш бабында-ақ оның саяси бағыты мен мәні айқын көрінеді. Мемлекеттік мүдде, тәуелсіздігіміздің беріктігі және қоғам пікірі толық қамтылған. Бұл – еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадам, – деді ол.Сондай-ақ, мәслихат төрағасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған мәселелерді Қоғамдық кеңес мүшелеріне егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаңа құқықтық нормалар қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.Жиын барысында Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері жаңа деңгейге көтерілгені, бір палаталы Парламент жағдайында заң шығару үдерісінің жеделдеп, Парламент пен Үкіметтің жұмыс тиімділігі артатыны айтылды.Осы мазмұнда пікір білдірген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Жаңа Конституцияның маңызын ерекше атап өтті.– Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – бұл тек құқықтық құжат емес, халқымыздың тарихи жолын, бүгінгі болмысын және болашаққа деген айқын бағдарын айқындайтын іргелі негіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғырту жөніндегі бастамалары аясында бір палаталы Парламент құру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру көзделіп отыр, – деді ол.Сәрсен Құранбектің айтуынша, Конституция жобасының кіріспесінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың мызғымастығы нақты бекітілген. Негізгі заң «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына сүйене отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Конституцияның екінші бөлімінде азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері теңгерімді түрде айқындалған. Парламент кәсіби әрі ықпалды өкілді орган ретінде жаңартылып, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған тетіктер күшейтіледі.Конституциялық соттың, адвокатура институтының және Қазақстан Халық Кеңесінің конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, халық пен билік арасындағы тұрақты диалогты нығайтуға мүмкіндік береді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады.Жиын қорытындысында Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Жаңа Конституция жобасында көтерілген бастамаларға толық қолдау білдіріп, оны елдің тұрақты дамуына, әділ қоғам қалыптастыруға және болашақ ұрпақ игілігіне бағытталған маңызды тарихи қадам ретінде бағалады.
Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды 02.02.2026
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өткізді. Іс-шара барысында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Конституцияның жаңа жобасы бойынша пікірлер ортаға салынды.Жиынға қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары қатысты. Бахадыр Нарымбетов Конституциялық комиссия отырысына қатысып, жұмыс барысында еліміздің болашағына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер жан-жақты қаралғанын атап өтті. Оның айтуынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан, саяси партиялардан көптеген ұсыныстар түскен. Аталған бағытта жарты жыл бойы жүйелі әрі қарқынды жұмыс жүргізілген.Мәслихат төрағасы Конституцияның жаңа жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері жаңа деңгейге көтерілгенін, бір палаталы Парламент жағдайында заң қабылдау үдерісі жеделдеп, Парламент пен Үкіметтің қызметі тиімді бола түсетінін айтты.Өз кезегінде мәслихат депутаты Бақытжан Позилов жаңа Конституция жобасында денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, халық денсаулығын қорғау мен медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған қағидаттардың күшейтілуі – ел дамуы үшін маңызды қадам. «Дені сау ұлт – мемлекеттің басты байлығы», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдайтындарын білдірді.
Конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму бағдарын айқындайтын нақты қадам 02.02.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылау жөніндегі аймақ активінің отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттердің басшылары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Мемлекет Басшысы Конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы өз көзқарасын ұсынған болатын. Өңір басшысы бұл конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму моделін айқындайтын, қоғамның құндылықтық бағдарын нақтылайтын стратегиялық идеологиялық қадам екенін атап өтті.«Ата Заң жобасы жарты жылға жуық әзірленіп, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныстар мен елде болып жатқан нақты өзгерістерді ескере отырып дайындалған. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері, ең алдымен, мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Преамбулада алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтары жарияланды және адамға деген құрмет, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда. Бұл – әлеуметтік әділдікке, тең мүмкіндіктерге, заң алдындағы теңдікке негізделген жаңа қоғамдық келісім», – деді Құмар Ақсақалов.Президент бастамашы болған «Заң және тәртіп» идеологиясының Конституцияда нақты нормалармен бекітілуі – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің берік іргетасы. Заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну, қоғамдық тәртіпке нөлдік төзімділік қағидаты – дамыған және қауіпсіз мемлекеттің басты шарты.Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды. Бірлік, келісім, толеранттылық – көпэтносты Қазақстан қоғамының басты артықшылығы ретінде танылып, мемлекеттіліктің мызғымас негізі ретінде бекітілді.Қостанай облысының әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мәні мен маңызын аймағымыздың әрбір тұрғынына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ортақ міндет екенін жеткізді. Ал бұл реформа елдің жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған маңызды әрі ауқымды бастама екендігіне кәміл сенетінін айтты.Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов бұл реформа шын мәнінде қоғамның қазіргі сұранысы мен талаптарына жауап беретін мемлекеттік және қоғамдық құрылымның жаңа моделін қалыптастырып отырғанын жеткізді.«Конституция жобасы қолданыстағы мәтінді жаңартып қана қоймай, мемлекеттің жаңа құқықтық, институционалдық және әлеуметтік архитектурасын қалыптастырады. Ол қазіргі заманғы сын-қатерлерге бағытталған, адамның құқығы мен бостандығын нығайтады, азаматтық қоғамның рөлін кеңейтеді және саяси жүйенің тұрақтылығын арттырады», – деді Сайлаубек Ещанов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1153131?lang=kk
Ақмола облысының туристік бизнес өкілдері «Сапа белгісі» бағдарламасына қатысуға шақырылады 02.02.2026
Ақмола облысының туризм басқармасы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ іске асыратын «Сапа белгісі» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы туристік бизнес өкілдерін хабардар етеді.Бағдарлама қызмет көрсету стандарттарын арттыруға, отандық туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және қонақтар мен серіктестердің сенімін қалыптастыруға бағытталған. «Сапа белгісін» алу туризм саласындағы компаниялардың жоғары қызмет көрсету деңгейі мен кәсібилігін растайды.Өтінімдерді қабылдау мерзімі — ағымдағы жылдың 6 ақпанына дейін.Өтінімдер келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: product@qaztourism.kzҚажетті құжаттар:* жеке кәсіпкерлер үшін — тіркеу туралы куәлік;* жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін — жарғы және тіркеу туралы куәлік;* туроператорлар үшін — қосымша лицензия.Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ менеджерлеріне жүгінуге болады.Туризм басқармасы өңір кәсіпкерлерін бағдарламаға белсенді қатысуға шақырады. Бұл туристік қызметтердің сапасын арттыруға және Ақмола облысының еліміздің жетекші туристік бағыттарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1153087?lang=kk
KazAID волонтерлар форумында 02.02.2026
KazAID волонтерлар форумында2026 жылғы 30 қаңтар - KazAID Қазақстандағы Волонтерлердің халықаралық жылының ашылуына арналған форумға қатысты.Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың болашақ дамуына қатысты көзқарасымен бөлісіп, осы салада халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.KazAID дамуға ресми көмек саласындағы жобаларын жүзеге асыруда Ұлттық волонтерлер желісімен белсенді түрде ынтымақтасады және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1153008?lang=kk