Enbekshi QazaQ

Әлем

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС  до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының  жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды.  Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы  жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың  көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде (бұдан әрі-ЭКЖ) бір автокөлік құралымен кезекті бірнеше рет брондау жағдайларын болдырмауға бағытталған жаңа функционалды енгізді.Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.Белсенді броньды қалай жоюға болады?Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/974353?lang=kk
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат 15.04.2025
№Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жоспарланған тақырыбыҚаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)Ақпарат көзі көрсетілген негіздемеХалықтың мақсатты тобыКүтілетін нәтиже1«Дұрыс таңдау жаса!»10 000 0002024жылғы  02 қыркүйегіндегі  Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы   14 жастан 35 жасқа дейін жастарЖастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау,  өнеркәсіптік және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметімен танысу2"Жасыл ел" қалалық еңбек жасақтары штабының қызметі шеңберінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру183 324 2072024жылғы  02 қыркүйегіндегі  Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы   14 жастан 35 жасқа дейін жастар"Жасыл ел" қалалық еңбек жасақтары штабының қызметі шеңберінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру3Қарағанды қаласы әкімінің кубогына арналған "Жайдарман " фестивалі5 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарҚарағанды қаласы әкімінің кубогы мен студенттік командалар лигасы фестивалін өткізу4"Абырой "(техникалық ерекшелікке сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу)10 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарЖастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу5"Salauatty ómir saltyn tańda"жобасын ұйымдастыру18 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарНашақорлыққа, алкогольге және темекіге тәуелділік проблемасы төңірегінде ақпараттық өрісті кеңейту және жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру6Qaragandy student fest17 500 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарТалантты студенттерді анықтау және    қолдау.Студенттердің жеке және кәсіби өсу процесінде шығармашылық қабілеттерін жандандыру7Организация и проведение награждения городского этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы»4 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарОтбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 2025 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-vnutrenney-politiki-karagandy/press/news/details/974343?lang=kk
⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. 15.04.2025
⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. Атап айтқанда; Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нұржан Еркежан Бауыржанқызы А.Сұлтанбековтың <<ДОМБЫРА>> әнін аспапта орындап екінші орын иеленсе,Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Саматұлы Алтай Құрманғазы Сағырбайұлының <<БАЛБЫРАУЫН>> күйін орындап бірінші орынды қанжығалады. Сонымен қатар, Ақыртөбе орта мектебінің 6 сынып оқушысы Алтынбек Нуриддин Қ.Сағырбайұлының <<АДАЙ>> күйін орындап, бас жүлде иегері атанды. 🔹Н.Алтынбектің бұл кезекті төртінші байқауы болса, Е.Бауыржанқызы мен А.Саматұлының музыкалық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша, мұндай дәрежедегі байқауда алғашқы қадамдары болып саналады. 🔸56 қатысушының арасынан озық атанған өнерпаздардың жетекшісі Сандуғаш Жеңісқызына зор алғыс білдіреміз! Марапаттарыңыз құтты болсын! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/974316?lang=kk
Қала тұрғындарына арналған сауалнама 15.04.2025
Құрметті қала тұрғындары!Акимдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу нәтижелерін талдау аясында халық арасында сауалнама жүргізілуде.Сіздерді сауалнамаға қатысып, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.Сауалнамаға қатысу сілтемесі:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfMt0XAWyOsiZoecG7ZC1PLUxyu0pAukPATCn7BHyX6Q_XGNQ/viewformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/974298?lang=kk
5 қабатты 28 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысын сату 15.04.2025
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, 74 орам, Гагарин көшесі, 70/2 мекенжайында орналасқан 5 қабатты 28 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысын сату туралы хабарлама Мемлекеттік реестр порталында (https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/292676037490000000) 10.04.2025 ж. жарияланды. Бастапқы бағасы 209 811 274 теңге. Кепілдік жарнасы 31 471 692 теңге Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні 29.04.2025 ж. 09:55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-zhezkazgan/press/news/details/974292?lang=kk
Өрт сөндірушілер төтенше жағдайды тез арада жеңді 15.04.2025
Өскемен қаласында, Сәтбаев даңғылында тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан сауда-сервистік компанияның кеңсесінде өрт болды. Жиһаз, кеңсе жабдықтары жанып жатты.ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері өртті 9 шаршы метр алаңда жедел тоқтатты.ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.Өрт дабылының міндетті түрде жарамды күйде болуы тиіс. Өрт кезінде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974287?lang=kk
Ешкім ұмытылмас, ештеңе ұмытылмас 15.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы жақындап келеді. Ардагерлерімізді есте сақтау, құрметтеу және қорғау, қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды.Өскемен қаласы ТЖ басқармасының жеке құрамы "Jastar OSKEMEN" волонтерларымен бірлесе отырып, "Ардағым ардагерім" акциясына қатысып, 12 жасынан бастап тылда Жеңіске жету үшін жұмыс істеген тыл ардагері Нұрғатия Төкежановаға барды.Соғыс жылдарын бірге еске алып, оның үйінің аумағын тазалауға көмек көрсетті.Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақта өткенге, Ұлы Жеңіс күніне құрмет пен естелікті тәрбиелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974281?lang=kk
АРМАН ПАРИТОВ 15.04.2025
 Жарияланған күні Жобаның атауы11.04.2025Атырау қаласы, Надежда Крупская көшесі, №42-А мекенжайындағы көпфункционалды ойын-сауық кешені Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/974272?lang=kk
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама: өзекті сұрақтарға жауаптар 15.04.2025
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – бұл адамның сотталғаны немесе сотталмағаны туралы ресми құжат. Ол жұмысқа орналасу, виза алу немесе басқа да заңды рәсімдер кезінде қажет болуы мүмкін. Бүгін біз анықтама алу бойынша пайдаланушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарын жинап, оларға жауаптар дайындадық:- eGov.kz және eGov Mobile арқылы анықтаманы қалай алуға болады?- Құжаттың жарамдылық мерзімі қандай?- Елтаңбалы мөрі бар (апостиль қойылған) анықтаманы қалай алуға болады?- Балаға анықтама алуға бола ма?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/974261?lang=kk
Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады 15.04.2025
Су саласын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің II отырысы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Али Хан және БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.Тараптар «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады.Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына еліміздің су және өзен бассейндерін зерттеуге, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауға және «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыруға Ислам даму банкінің грантын бөлу көзделген.Қазіргі уақытта барлық қажетті құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жүргізіліп жатыр.«Қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар біз еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/974256?lang=kk
Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды 15.04.2025
Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған.Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар.Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды.Барлық азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырамыз.  #Заң_мен_ТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/974237?lang=kk
Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! 15.04.2025
Сіздерді 14-16 сәуір күндері аралығында Орал қаласында өтетін Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының құрметті қонағы болуға шақырамыз!💫📆Өтетін уақыты: 14-16 сәуір аралығы🏆Чемпионаттың ашылу салтанаты: 14 сәуір, 15:30-да📍Өтетін орны: Орал қаласы, “Jaiyq arena” спорт кешені, Самал көшесі, 134.Байрақты бәсекенің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында және BQO_SPORT YOUTUBE арнасында көрсетіледі.🎥⚜️ Қазақ күресі – бабалар аманаты, ұлттың ұлы мұрасы!____#bqo_sport #qazaqkuresiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/974215?lang=kk
Батыс Қазақстанда қолжетімді жаңа формат пайда болды 15.04.2025
Өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жаңа формат өз жұмысын бастады. Жеке құрам жөніндегі инспекция қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың жолын бірден кесу, қылмыстық және құқық бұзушылық фактілерінің жедел түрде алдын алу мақсатында QR-кодты енгізді.Бұл өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан орын алуы мүмкін қылмыстық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге оң септігін тигізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/974213?lang=kk
Өрт сөндірушіні құрметпен зейнетке шығарып салды 15.04.2025
Шымкент қаласындағы №9  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  ұжымы  азаматтық қорғау органында 25 жылдан астам  қызмет еткен  өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы Руслан Тұрғынбаевты салтанатты түрде зейнетке шығарып салды.Іс-шара барысында әріптестері  сөз сөйлеп, Руслан  Дүйсенұлының  жетістіктерін атап өтіп, адал қызметі үшін алғыстарын білдірді.Руслан Тұрғынбаев-үлгілі өрт сөндіруші. Оған адал қызметі үшін берілген марапаттар дәлел бола алады.Оның қызметінде еске алар сәттер өте көп: талай рет қарапайым және күрделі өрттер сөндірілді, көптеген адам өмірі құтқарылды, өрт сөндіру кезінде арнайы бас киімнің еріп, өзге үшін өз өмірін тәуекелге тіккен сәттерде болды.Осындай үлгілі қызметі үшін әріптестері азаматтық қорғау старшинасы Руслан Дүйсенұлы Тұрғынбаевты  ерекше құрмет көрсетіп, естелікке сый-сияпат табыс етті. Одан әрі  іс-шара соңында өрт сөндірушілердің арасында дәстүрге айналған еңбек жолындағы соңғы дабылы қағылып, су шашу рәсімдері өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/974210?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтік іс шаралар 15.04.2025
Өрт қауіпті кезеңнің алдын-алу мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша ауыл тұрғындарына жаднамалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-severnoe/press/news/details/974208?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОВНИЯ АҒАШЫНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 1 гектар аумақ тұқымбаққа павловния ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр.Биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал отырғызылды. Соның 1 мыңға жуығынпавловния көшеттері құрап отыр.Жалпы павловния ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі.Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі. Күншығыс елінде бүгінде бұл ағаштың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды.Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады.Бұдан басқа, алдағы жылы ауданда 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда 1 гектар аумаққақажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы құтыларға отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/24350?lang=kk
Ағаш егу күні. 15.04.2025
🔷Жарлыөзек ауылдық округінде ағаш егу күніне орай саябаққа қарағай, емен, аққайың ағаштары отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/974152?lang=kk
Джей Ло концерті, «ALEM FEST» және дрондар шоуы - Астанада ірі іс-шараларға дайындық қалай жүріп жатыр 15.04.2025
Қазақстан астанасы әлемдік деңгейдегі ірі музыкалық және мәдени іс-шараларды өткізуге дайын. Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне дайындық пен жазда жоспарға сай өтетін халықаралық деңгейдегі ірі фестивальдар жайлы «Астана Концерт»  компаниясының продюсері Мәлік Хасенов ОКҚ алаңында айтты.Спикердің хабарлауынша, 2024-2025 жылдары «Астана Концерт» компаниясы музыка саласындағы ірі іс-шараларға-Каннда өткен MIDEM форумына, сондай-ақ Лондондағы International live Music conference іс-шарасына қатысты. «Біз халықаралық шоу-бизнес нарығының қалай жұмыс істейтінін зерттедік. Жеті жыл бойы Мәскеуде жұмыс істеп, ресейлік шоу-бизнес нарығының қалай құрылғанын білеміз. Қазақстанда осындай деңгейдегі концерт ұйымдастырғымыз келеді. Пандемиядан кейін нарықтың барлық мүмкіндігі қолжетімді болғаннан кейін, біз бірнеше промоушенмен тікелей байланыс орнаттық. Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті – осы келіссөздердің нәтижесі», – деді Мәлік Хасенов баспасөз мәслихатында. Ол 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтетінін еске салды. «Бұл әлемдік деңгейдегі «А» санатындағы әнші. Еліміздің тәуелсіздік тарихында мұндай деңгейдегі коммерциялық концерт алғаш рет өтеді. Бізге түрлі жұлдыздар келді, бірақ мұндай концерт тарихи жетістікке айналғанын ашық мойындауымыз керек. Өйткені жұлдыздың гастрольдік сапарына ілігу өте қиын. Дженнифер Лопестің концерттік тур менеджері ресми растағаннан кейін ғана біз әлеуметтік желілердегі парақшамызда жаңалықты жарияладық», – деп бөлісті спикер.Сондай-ақ биыл 13 шілдеде «Астана Арена» стадионында «ALEM FEST» ашық форматтағы музыкалық фестиваль ұйымдастырылады. Кештің хедлайнері ретінде белгілі әнші Крейг Дэвид, сондай-ақ Садраддин, рэпер Alem, Елка, IOWA, Банд 'Эрос, Доминик Джокер, DJ Грув сияқты бірқатар қазақстандық және ресейлік орындаушы өнер көрсетеді. «Сондай-ақ, алғаш рет өте қызықты диджейлік жоба ұйымдастырылады, оны әзірше құпия ұстаймыз. Менің ойымша, бұл әлемдік оқиғалық туризмдегі ең жарқын шаралардың бірі болады. Фестиваль өткеннен кейін аспанда дрондар ұшады деп жоспарлануда. Шоуды Aspan Galaxy компаниясының ірі компанияларының бірі ұйымдастырады. Мұндай оқиғалар туристерді қызықтырады», – деді Мәлік Хасенов. Спикер Джей Ло концертінің экономикалық әсері туралы да айтты. Оның айтуынша, 15 мыңға жуық турист және HoReCa жүйесіне (қонақ үйлер, мейрамханалар кафелер) 6,5 млрд теңгеден астам түсім түседі деп күтілуде. «Егер билет түгел сатылса, қала бюджетіне бір мезгілде 400 млн теңге көлемінде аударым жасалады. Бұл – концертті ұйымдастырушылардың тікелей салықтары. Біз Астана осындай ірі іс- шараларды өткізуге дайын деп санаймыз», – деп түйіндеді компания продюсері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-ozernyi/press/news/details/974125?lang=kk
«Каспийский Трубопроводный Консорциум-К» АҚ 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру11.04.2025«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ «Тенгиз» МАС үшін 2025-2029 жылдарға арналған Әсер етуге экологиялық рұқсат алу материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды (жоба құжаттары: «КҚК-Қ» АҚ «Теңіз» МАС-қа арналған Жол берілетін шығарындылар нормативтері жобасы, «Теңіз» МАС-тағы Қалдықтарды басқару бағдарламасы, «Теңіз» МАС-тың Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, «Теңіз» МАС-тың Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспары)Тыңдау 14.05.2025 күні сағат 10:00-де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл а.о. 1 учаске, Толтыр көшесі 77, «Сүлеймен» банкет залы мекен-жайында өтеді.Объект Координаттары: 46.175093, 53.416493; 46.179086, 53.418217; 46.179843, 53.422344; 46.175241, 53.421235.Қоғамдық тыңдау ZOOM платформасының видеоконференциясы арқылы онлайн режимде өткізіледі.Тыңдауға қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://us05web.zoom.us/j/88019653457?pwd=1udtAQ5kTIyDTX3CpMnrujJJ606KRG.1Конференция идентификаторы: 880 1965 3457Кіру коды: V1EiwSҚатысушыларды тіркеу тұлғасын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы жүргізіледі.Көзделіп отырған қызмет бастамашысы - «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ,  ҚР, Атырау қ., Әбілқайыр Хан даңғылы, 92В, «Гранд Азия» БО. +7-7122-76-15-00, +7-771-121-38-55. БСН: 970340000427e-mail: Almagul.Sarniyazova@cpcpipe.ru, Meiramgul.Karagoishieva@cpcpipe.ruЖобаны әзірлеген – «ЛабСэм» ЖШС, Алматы қ.,  Раймбек даңғылы, 247В үй, +7-701-242-01-34; e-mail: labsem@inbox.ru.Жергілікті атқарушы орган – Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округінің әкімдігі, пошталық мекенжайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі., Абылай хан көшесі, 12 электрондық мекенжайы: jkoschagil_so@mail.ru.  тел: 8 (71237) 28338Жоба бойынша құжаттама қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық декректер банкі https://ndbecology.gov.kz/ сайтында, сондай-ақ Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтына салынған. Ескертулер мен ұсыныстар жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайларға, сонымен қатар қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық декректер банкі https://ndbecology.gov.kz/ сайтында қабылданады. Жоба Жоба Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/974122?lang=kk