Enbekshi QazaQ

Әлем

«KhamAd Partners» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру11.04.2025"KhamAd Partners" ЖШС 12.05.2025 жылы сағат 15:00-де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аққиізтоғай а. о., Ақкиізтоғай а., Меңдекеш Сатыбалдиев к-сі, 1, әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды:•             2025-2027 жылдарға арналған "Khamad Partners" ЖШС "Биікжал" кен орнының көздерінен атмосфераға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы•             2025-2027 жылдарға арналған "Khamad Partners" ЖШС "Биікжал" кен орны үшін қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы•             "Khamad Partners" ЖШС "Биікжал" кен орны үшін 2025-2027 жылдарға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы•             2025 - 2027 жыл кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары ("Биікжал" кен орны)Объектінің әсер ету аумағы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аққиізтоғай а.о., Ақкиітоғай а. Географиялық координаттар: ендік: 46°48 ' 14 "бойлық: 54°46 '00"Жоспарланған қызметтің бастамашысы: Атырау қаласында, Б. Құлманов көшесі, 111 мекен - жайы бойынша орналасқан "KhamAd Partners" ЖШСЖобалар туралы қосымша ақпаратты электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы алуға болады: alibek_04.04@inbox.ru, және телефон арқылы: 87015275504Жобаларды әзірлеуші:"ЭкоТимПроект" ЖШС, Астана қ., Керей Жәнібек Хандар к-сі, 18. e-mail: ectp@mail.ru, тел.: 8 701 738 4971.Ақпараттық жүйедегі сілтеме - https://hearings.ndbecology.gov.kz/, онда сіз қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, содан кейін және жарияланған қоғамдық тыңдау хаттамасымен таныса аласыз.Барлық ескертулер немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ "Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ сайтында қоғамдық тыңдаулар өткізу басталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=ru және электрондық пошта арқылы ga.arystanova@atyrau.gov.kzБейнеконференция платформасына сілтеме: Zoom конференциясына қосылыңыз https://us05web.zoom.us/j/89941826982?pwd=KGxTk6vHxpvqQu0koZv1DUY7PPLUF8.1 Конференция идентификаторы: 899 4182 6982 Кіру коды: tU3sE8 Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/974115?lang=kk
Министрлік Милан Олимпиадасына дайындық аясында үздік спортшылармен кездесу өткізді 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің қысқы спорт түрлеріндегі үздік өкілдерінің бірі – шорт-трекші Денис Никиша мен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровпен кездесті. Кездесуде 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындық мәселелері пысықталып, Қазақстан құрамасының әлеуетін күшейтуге бағытталған арнайы жұмыс жоспары талқыланды.Әңгіме барысында Ербол Мырзабосынов Милан Олимпиадасына 303 күн қалғанын, 2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер ретінде іріктеліп алынғанын атап өтті.Денис Никиша мен Михаил Шайдоров – соңғы маусымда әлемдік аренада жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар. Денис биыл шорт-тректен екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Михаил мәнерлеп сырғанауда төрт құрлық чемпионатында – алтын, әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, ел абыройын асқақтатты.Министрлік алдағы қысқы Олимпия ойындарына үміткер спортшылардың дайындығын жан-жақты қолдауға ниетті. Бұл қолдау – тек спорттық базалармен қамтамасыз ету немесе оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен шектелмейді. Әрбір спортшының жеке ерекшелігі, спорттық күнтізбесі мен қалпына келу процесі ескеріліп, жеке бағдарлама бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. Оған медициналық, психологиялық, аналитикалық және әдістемелік сүйемелдеу де кіреді.Кездесу соңында министр екі спортшының маусымдағы жоғары нәтижесін ерекше атап өтіп, алда тұрған басты мақсат – Милан Олимпиадасында табысты өнер көрсету екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974083?lang=kk
Былтыр туристік сала тұрақты өсім көрсетті – туризм министрлігінің өкілі 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, өткен жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артқан.«Жалпы, елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Бұл жерде жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендер есепке алынбаған. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде 1 күннен астам уақыт өткізді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Жалпы статистика жүйесін жетілдіру үшін келешекте ұялы байланыс операторларының деректерін, банк карталарының транзакциялары негізіндегі туристердің шығындары туралы ақпаратты пайдалану жоспарлануда. Бұл туризмді дамыту, сондай-ақ туристердің шығындарының көлеміне сәйкес мақсатты нарықтарды анықтап, ілгерілету бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974077?lang=kk
Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, оқиғалық туризмді дамыту үшін Қазақстан.трэвел туристік порталында іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын әр түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді.«2024 жылы осы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Министрлік бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірге одан әрі жалғастырады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Оның айтуынша, іс-шаралар дәстүрге айналған әрі жұртшылық асыға күтетіндей болуы керек.«Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді», - деді ТСМ өкілі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974072?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА: ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері 15.04.2025
 "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге.ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%, МҚҰ - 1,35%.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,98%.  Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 79,11%, РЕПО операциялары – 16,11%, ҚРҰБ депозиттері – 4,29%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,23 млрд теңгеден асады.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,27 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,37%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,93%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 18,68%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,96%, РЕПО – 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,74%. Атап кетейік, портфельдің 65,17% теңгемен, 33,53% АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған.  2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,56% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,15 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 11,67%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,66%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,52%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,04%,  Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,84%.  Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,34%, АҚШ долларымен 31,66% тең.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,72 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,90%, ҚР ЕДБ облигациялары – 21,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,36%, РЕПО – 11,03%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,00%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,00%.Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 80,36%, АҚШ долларымен 19,64%. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,01% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,11 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 25,91% инвестицияланды, РЕПО – 15,79%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,68%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 6,86%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,92%.Ұлттық валютада портфельдің 80,49%, АҚШ долларында – 19,51% инвестицияланды .2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,99 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,87%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,15%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,39%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,55%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,13%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,99%, АҚШ долларында – 37,01% инвестицияланды.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,76% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/974050?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА: Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын  отандастарымыз «Ұлттық қор  - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 15.04.2025
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.  НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/974043?lang=kk
2025 жылдың 14 сәуірден 26 мамыр аралығында "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. 15.04.2025
Шымкент қаласының қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 64-ө бұйрығына сәйкес Басқармада 14.04.2025 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз!Ішкі талдау жүргізу мерзімі 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде Басқарма қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс пікірлеріңіз болса төмендегі көрсетілген телефон нөмірге, инстаграмм парақшаға немесе  электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз.Тел: 87252-77-11-03Инстаграмм парақша: @shymkent_aleumettik_korgauЭл.пошта: g.kasymova@shymkent.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/974015?lang=kk
ТЕЛЕФОНОГРАММА 15.04.2025
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы бейнеконференция арқылы 2025 жылғы 15 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 411 каб. мекенжайында болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-social/press/news/details/974013?lang=kk
КММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша үш айлық курсты бастады 15.04.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері үшін КММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша үш айлық курсты бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/973974?lang=kk
Алаяқтықтан сақ болайық! 15.04.2025
Қазіргі таңда алаяқтардың түрі көбейіп, әдісі жетіліп келеді. Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз, күмәнді хабарламаларға сенбеңіз!Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі!#АлаяқтықтанСақБолайықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/973955?lang=kk
Сіздерге «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ауданның фитнес-орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырған жазғы маусымға арналған тегін жаттығулар жоспарын ұсынуға қуаныштымыз. 15.04.2025
Құрметті достар!Сіздерге «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ауданның фитнес-орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырған жазғы маусымға арналған тегін жаттығулар жоспарын ұсынуға қуаныштымыз. Бұл сіздердің физикалық дайындығыңызды сақтауға, жаттығулардың жаңа түрлерімен танысуға және позитивті энергиямен толықтыруға тамаша мүмкіндік!Әрбір жаттығуды тәжірибелі нұсқаушылар жасайды, олар сізге жаңа жаттығуларды үйренуге және пайдалы кеңестер беруге көмектеседі. Достық атмосферада жаттығу және жаңа достар табу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!Біздің жаңартуларымызды өткізіп алмаңыздар! Біз сондай-ақ жаз бойы өтетін бір реттік жаттығулар мен арнайы іс-шаралар туралы хабарлаймыз. Бұл жаңа шараларды байқап көруге және сабақтарыңызды әртараптандыруға тамаша мүмкіндік.Тегін жаттығуларға келіңіздер, достарыңызды ертіп, осы жазда белсенді демалыстан ләззат алыңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/973920?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы #БатырдыңҰрпағымын хэштегімен жастар арасында патриоттық челленджді бастайды. 15.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы #БатырдыңҰрпағымын хэштегімен жастар арасында патриоттық челленджді бастайды.⠀Бұл челлендж – батыр бабаларымыздың ерлігін еске алып, олардың рухын ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың алғыс пен құрметін жеткізудің бір жолы.⠀Сен де қаһарман атаң жайлы айтып, оның ерлігін ұрпаққа жеткіз!⠀#БатырдыңҰрпағымын хэштегін қолданып, бейнежазба, фото немесе пост түрінде өз тарихыңмен бөліс!⠀Бірге еске алайық, бірге құрметтейік! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/973918?lang=kk
Табиғи өрттердің алдын алу басты міндетіміз 15.04.2025
ШҚО ТЖД-де өртқаупті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мүдделі органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов қатысушылардың назарын төтенше жағдайлардың алдын алу, орман-дала аймағында өрттердің болуына жол бермеу бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыруға аударды.Іс-шара барысында орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жарақтандыру, өртке қарсы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету, елді мекендер, өндірістік нысандар, теміржолдар мен автожолдар, электр желілері, орман алқаптарының маңында минералдандырылған жолақтар жасау, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерін, балалардың жазғы демалыс орындарын, пансионаттар мен санаторийлерді қорғау бойынша алдын алу шаралары талқыланды.Өрт қауіпі жоғары кезеңде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерге дер кезінде әрекет ету мақсатында әкімдіктер 48 өрт сөндіру бекетін құрды. Олар 101 елді мекенді қорғауда.Табиғи өрттерді сөндіруде заманауи құралдармен жабдықтау, цифрлық әрекет ету жүйелерін енгізу қажеттілігі атап өтілді.Ағымдағы өртқаупті кезеңінде орман және дала алқаптарына әуеден толыққанды бақылау жасауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады. Сонымен қатар, термонүктелер бойынша деректерді беру арқылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» арқылы ғарыштық мониторинг жүзеге асырылады.Мұндай шаралар барлық қызметтердің өзара іс-қимылын нығайтып, өрттердің алдын алу бойынша кешенді міндеттерді шешуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/973887?lang=kk
Петропавлда полицейлер интернет-алаяқтар қолданатын құрылғы тәркіледі 15.04.2025
СҚО-да полицейлер Петропавл аумағында sim-бокстарды пайдалану фактілерін анықтады. Олар жалған құжаттар бойынша жалға алынған пәтерлерде орналасқан. Болжам бойынша олардың иесі – ТМД елдерінің бірінің 32 жастағы азаматы ұсталды.Sim-бокстарды пайдалана отырып, интернет-алаяқтар «банктердің», «құқық қорғау органдарының», «ұялы байланыс операторларының», «Қазпоштаның» және басқа да ұйымдардың атын жамылып, өз құрбандарына жалған нөмірлерден қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болады.Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтардың барлық әрекеті келесі үш мақсатқа келіп тіреледі.1. Олар адамнан sms-хабарлама арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Мұны мүлдем жасауға болмайды: кодты біліп алған қылмыскерлер сіздің шоттарыңызды иеленуі мүмкін.2. Алаяқтар адамдарды алдып, телефондарына «AnyDesk», «TeamViewer», «HopToDesk», «AirDroidControl» және басқа да бейтаныс қосымшаларды орнатуға көндіреді. Бұлар алаяқтарға ұялы телефонды қашықтықтан отырып басқаруға мүмкіндік беретін қосымшалар. Егер телефоныңыз сіздің командаларды орындамай жатқанын байқасаңыз, «Ұшақта» режимін қосуға тырысыңыз, бұл қашықтықтан басқару сеансын тоқтатады.3. Көбінесе алаяқтардың мақсаты – адамды ірі несие алып, «қауіпсіз» немесе «резервтік» шотқа ақша салдыруға көндіру. Естеріңізде болсын: банктің бірде-бір қызметкері адамды қандай да бір қаржылық операцияларды орындауға көндіре алмайды. Өзіңізді қорғау үшін Egov.mobile мобильді қосымшасында несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланыңыз.Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Полицейлер оның киберқылмыскерлердің ірі желісінің жұмысына қатысты бар-жоғын тексеруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/973877?lang=kk
Шахтинск тұрғыны 37 миллион теңге көлеміндегі алаяқтық үшін сот алдында жауап береді 15.04.2025
Шахтинск тұрғыны 37 миллион теңге көлеміндегі алаяқтық үшін сот алдында жауап бередіҚарағанды облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы Шахтинск қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті қор нарығындағы ойындарға әуестеніп, тұрақты табыс көзі болмағандықтан, қылмыстық схема ойлап тапқан. Өзінің таныстарымен сенімді қарым-қатынасын пайдалана отырып, ол алдау жолымен 11 адамның қаржысын иемденген. Келтірілген жалпы залал сомасы 37 миллион теңгеден асты. Күдікті азамат салымшыларға өзінің "табысты" жобаларына инвестиция құю жоғары пайда әкелетінін уәде еткен. Кей жағдайларда ол алдау тәсілін түрлендіріп, баспана немесе дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат сұрау арқылы аяушылық сезімін тудырып, сенімге кірген. Алаяқтық құрбаны болған азаматтар уәде етілген дивидендтердің түспегенін байқап, полицияға жүгінген. Жүргізілген кешенді тергеу нәтижесінде тәртіп сақшылары 11 алаяқтық фактісі бойынша күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материалдарды толық жинақтады. Қазіргі уақытта іс сот қарауына жолданды. Күдіктіге ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ алаяқтық жолмен алынған мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/973876?lang=kk
Менің мамандығым — менің болашағым: Павлодар облысы ТЖД жоғары сынып оқушыларымен кездесті 15.04.2025
Танымдық іс-шара Орталық қалалық кітапханада өтті. Кездесуге қаланың орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс — шара барысында оқушылар өрт сөндіруші мамандығымен танысып, Павлодар өрт сөндіру қызметінің нағыз батырлары-қызметкерлерінен батылдыққа толы өткен жағдайларымен бөлісіті.Өрт сөндірушілер оқушыларға өрт сөндіруші мамандығы туралы, өрт сөндірушілер күн сайын өрттермен, техногендік апаттармен және басқа да төтенше жағдайлармен бетпе-бет келіп, басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігетіні туралы айтып берді.         Қауіпсіздік мәселелеріне, өрттің пайда болу себептеріне және олар туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге ерекше назар аударылды. Тыңдаушыларға М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу және одан әрі жұмысқа орналасу шарттары айтылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өрт сөндірушілерге еңбектері үшін алғыстарын білдірді.Іс-шара тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасаумен, оқушылардың мамандық өкілдерімен достық қарым-қатынасымен, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметі туралы бейнеролик көрсетумен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/973874?lang=kk
Қарағандыда полицейлер питбайк ұрлығын ашты 15.04.2025
Қарағандыда полицейлер питбайк ұрлығын аштыҚарағанды қаласында полиция қызметкерлері питбайк ұрлығы бойынша қылмысты ашты.Наурыз айында 32 жастағы қала тұрғынының ұйым ғимараты маңында қалдырған питбайкы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 300 мың теңгеге бағаланған. Жәбірленуші Михайлов полицияға хабарласқаннан кейін, Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады.34 жастағы қала тұрғыны өз үйінде ұсталды. Ол кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті иесіне қайтарды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Бөтен мүлікті ұрлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті тағы бір қылмысын мойындады – ол көршісінің құны 600 мың теңге тұратын велосипедін де ұрлаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/973865?lang=kk
ТЖД-да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша сабақтар өтті 15.04.2025
Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖ жағдайында әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған орта және басшы құрам үшін қосымша сабақтар өткізілді. Оқыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын тиімді жою үшін маңызды өзекті және өмірлік маңызды тақырыптарды қамтыды.Қатысушылар өрт ошақтарын уақтылы анықтау әдістерін және өрт ауқымын бағалауды егжей-тегжейлі зерттеді. Өрттің таралуына әсер ететін факторлар, атап айтқанда ауа — райы жағдайлары мен жер бедерінің ерекшеліктері қарастырылды. Бұл тәсіл нақты қауіп жағдайында жедел және негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Бөлімшелер арасындағы байланысты дұрыс ұйымдастыру-іс-әрекеттерді сәтті үйлестірудің кепілі. Талқылау барысында қатысушылар радио алмасуды жүргізудің нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ оқиға орнынан жедел ақпаратты беру тәсілдерін талдады. Деректерді жылдам және дәл беру қателерді болдырмауға көмектеседі және бірлескен әрекеттердің тиімділігін арттырады.Оқытудың жеке бөлігі орманды дала өрттерінің ерекшеліктерін зерттеу болды. Мұндай өрттер белгілі бір тәсілді қажет етеді, сондықтан олардың жіктелуі, пайда болу себептері және бақылау әдістері, соның ішінде заманауи технологияларды қолдану қарастырылды.Өткізілген сабақтар ТЖД қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Алынған білім мен практикалық дағдылар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін едәуір арттырады және адамдар мен қоршаған орта үшін ықтимал салдарларды азайтады.ТЖД мұндай іс-шаралар барлық деңгейдегі мамандарды кәсіби даярлау үшін тұрақты тәжірибеге айналуы тиіс екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/973860?lang=kk
Бірлескен меморандумға қол қойылды 15.04.2025
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды.Маңызды құжат төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын, оның ішінде мүгедек адамдармен объектілерде оқыту, Төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, азаматтық қорғау саласындағы алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету және жүргізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.Меморандумға қол қою рәсімі Төтенше жағдайлар департаментінің қабырғасында өтті. ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өткендей: «Меморандум азаматтарды қорғай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін тетік құруға мүмкіндік береді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/973842?lang=kk
Қарағандыда полицейлер несие ұйымын екі рет алдаған алаяқты ұстады 15.04.2025
Қарағандыда полицейлер несие ұйымын екі рет алдаған алаяқты ұстадыҚарағанды қаласында полицейлер құжаттарды қолдан жасап, екі автокөлікке бірден несие рәсімдеген күдіктіні ұстады. Шағын қаржы ұйымы полицияға алаяқтық дерегі бойынша жүгінген болатын. Тергеу барысында 25 жастағы жергілікті тұрғын жалған құжаттар арқылы жалпы құны 23 миллион теңге болатын екі жаңа кроссоверге несие алғаны анықталды. Автокөліктерді иеленген соң, ол байланыс нөмірлерін өзгертіп, төлемдерді тоқтатқан. Іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктінің заң алдында жауап беруі тиіс. Заттай дәлелдемелер – екі кроссовер тәркіленіп, айып тұрағына қойылды. Тергеу органдары олардың алдағы тағдырын заң шеңберінде шешетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/973835?lang=kk