Enbekshi QazaQ

Әлем

Ұлытау облысында елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар және еріктілердің қатысуымен елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасуда.Қазіргі уақытта 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылуда.Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған.Кеңгір су қоймасын өлекселерден тазарту жұмыстары төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және арнайы техникаларымен жүргізілуде.Сонымен бірге жергілікті тұрғындар да атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратура органдарының айрықша бақылауында.Осыған байланысты азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.#Заң _мен _ТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/971835?lang=kk
«Еңбек жолы» байқауы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Еңбек күніне байланысты «Еңбек жолы» байқауын өткізеді. «Қарағанды қаласы Қазыбек би  атындағы ауданы әкімінің  аппараты»  ММ  «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы  хабарлаймыз. Өтінімді Чкалова 8 мекен-жайы бойынша   мамыр айының 1-ші жұлдызынан маусым айының 10-шы жұлдызына дейін өтінімдерді қабылдаймыз.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы"қамқорлығымен қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар жеңімпаздарды мынадай номинациялар бойынша айқындайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады.Еңбек әулеті – қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (бір немесе екі жұбайы балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіретін бір ұйым қызметкерлерінің тобы. Еңбек жолын бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас қызметкері.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;Байқауға қатысы үшін келесі құжаттар тізімі қажет:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай материалдарды екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдейді және ұсынады:1) номинациясын көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) жеке куәліктің көшірмесі;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз);4) конкурсант туралы (жұмыс, отбасы, хобби және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5)еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсыныс хаты.Бар болса (келесі құжаттардың көшірмелері):мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелерібіліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және  ақшалай сертификаттар беріледі:- 1 орын үшін-1 000 000 (миллион) теңге;- 2 орын үшін-500 000 (бес жүз мың) теңге;- 3 орын үшін-200 000 (екі жүз мың) теңге.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi/press/news/details/971830?lang=kk
Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндетіміз! 15.04.2025
Құрметті Алдабергенов  ауылдық округінің тұрғындары!Бүгінде нашақорлық – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл індет тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіреді.Алдабергенов  ауылдық округінің әкімшілігі есірткіге қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Басты мақсатымыз – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау және есірткі бизнесіне жол бермеу.Есіңізде болсын:Күдікті әрекеттерді байқасаңыз, құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.Балаларыңызбен ашық сөйлесіп, олардың кіммен араласатынына мән беріңіз.Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!Бірге күрессек – болашағымызды қорғаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/974767?lang=kk
Целиноград ауданыда «IT-control» мобильді қосымшасын құруға және енгізуге қаражат бөлді 15.04.2025
Целиноград аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік «IT-control» мобильді қосымшасын құруға және енгізуге қаражат бөлді. Бұл қосымша полицияның және пробацияның бақылауындағы адамдар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Осы қосымшаның көмегімен профилактикалық есепте тұрған барлық адамдарды онлайн режимінде қадағалауға және олардың ықтимал бұзушылықтарына жедел ден қоюға болады.  Мысалы, құқық қорғау органдарының талабы бойынша мұндай тұлғалар әр үш сағат сайын олардың орналасқан жерін анықтауға көмектесетін фотосуреттерді жүктеп салуға міндетті болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция мен пробация қызметі оларға жедел ден қойып, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарта алады, тіпті жазаны ауыстыруға дейін. Бұл қосымшаны енгізу қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.  #Заң_және_Тәртіп Ақмола облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/971815?lang=kk
22 наурыз-Наурыз мерекесін ауыл тұрғындары да атап өтті. 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызды ауыл тұрғындары да дүркіретіп атап өтті. Мұнда тойшыл қауым үшін ақшаңқай киіз үйлер бұрыштамалары бой көтеріп, жастар, аға буын өкілдері ауылдары орын тепті. Жиылған жұртшылық назарына қазақтың салт-дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.Биыл Ұлыстың ұлы күнін атап өту мейрамы Целинный ауылы тұрғындарын ауылымызға тигізген ерен еңбектері үшін, ауыл әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен басталды.Көтеріңкі көңіл-күймен ауыл тұрғындары ұйымдастырылған әрбір шараға ат салысуда. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындары түрлі тамаша қойылымдар дайындады. Ал ұлттық құндылықтарға қанығамын дегендер үшін бұрыштама киіз үйлер тігілген. Әр шаңыраққа кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.Наурыз мерекесі тағы бір мәрте барша жұртшылықтың басын қосты. Тойшыл қауым бір-бірін мейраммен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-selinnoe/press/news/details/971795?lang=kk
Елімізде заманауи халықаралық стандарттарға сай қонақүйлерді жіктеу жүйесіне реформа жасау жоспарлануда 15.04.2025
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында елімізде қонақүйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарлануда. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданылып келе жатқан критерийлер қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл оларды қонақүй бизнесіндегі әлемдік үрдістерге сәйкестендіру үшін өзектендіруді талап етеді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971783?lang=kk
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады 15.04.2025
уризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі – облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер беру. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.«Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр»,— деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971777?lang=kk
ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕКСТАН-ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе ұйымдастырды.Өзбек тарапынан Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарды кеңейту, сондай-ақ B2B форматында екіжақты кездесулер өткізу.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың үш негізгі бағыты сауда-саттықтың өсімі, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің басқарма басшысы Өмірбек Баштай өз сөзінде экспортты қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ 2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экспортты қолдау жұмыстарын күшейту мәселесін атап өтті.Бизнес-форумның аясында B2B форматында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. сияқты екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бизнес-форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы таныстырылмдар жасалды.Анықтама:Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 2018 жылы 2,49 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,64 млрд. АҚШ долл., импорт - 0,63 млрд. АҚШ долл.). Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен  25,33% жоғары (экспорт – 31,55%, импорт – 14,76%).Экспорттың негізгі бөлігі бидай, ұн, мұнай мен газ.Сонымен бірге Өзбекстан Республикасына экспорттың өсуінің басым бөлігі бидай мен меслинге, портландцемент пен легирленбеген өңделмеген алюминийге (экспорттың жалпы көлемінің 26,5%-ы, экспорттың өсуінің 47%) тиесілі.2018 жылы портландцемент 69,10 млн. долларға экспортталса, Өзбекстанға 69,07 млн. доллардың  портландцементі экспортталды.2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өзбекстандықтардың қатысуымен Қазақстанда 2578 заңды тұлға мен филиалдар тіркелген. Олардың 1331-і жұмыс істеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21934?lang=kk
КЕНТАУЛЫҚ ПАЛУАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ 15.04.2025
Қарағанды қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған 400-ге жуық спортшы қатысты. Бағын сынаған жарыста Түркістан облысының ұлттық құрамасының намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы Ерасыл Мусан 55 келі салмақта күресіп, күміс медальді қанжығасына байлады.Ерасыл Әмирханұлы 2007 жылы Кентау қаласы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Ол 4 сыныптан бастап грек рим күресімен шұғылданып келеді. Грек рим күресінен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2022 ж Азия біріншілігінде ІІ орын, 2024 жылы Испания елінде өткен халықаралық жарыста І орын, 2024 жылы тамыз айында Иордания елінде өткен Әлем біріншілігінің қатысушсы болған.Кентау қаласындағы № 1 Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған түлегі, жаттықтырушысы Жасулан Аймурзаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971762?lang=kk
Құрметті желі қолданушылары! 15.04.2025
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Кентау қаласы әкімдігінде ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!​Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971751?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІТүркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы бағдарламалық баяндамасын талқылауға арналған «Тұғырлы ел, тұрақты даму: Ұлттық құрылтай идеялары» тақырыбында кездесу өтті. Ең алдымен Президент кеңесшісі «Жаһандық жас ғалымдар» фотокөрмесін және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушы-профессорларының еңбектері енгізілген «Өркен жайған оқу орда» кітап көрмесін тамашалады.Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ғалым саласының қызметкерлері мен білім алушы жастар қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.Алғашқы сөз Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Наджи Генчке берілді. Ол түркі елдерінің ынтымақтастығы және симпозиумның маңыздылығы туралы атап өтті.Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Гүлсара Тоққұлова, Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықов баяндама жасады.Жиынды қорытындылаған ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе берілуімен құттықтады. Ғылым мен білімнің ұштасқан ордасында жүздесуіндегі мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге назар аударып, заң мен тәртіп қағидаты туралы ой қозғады. Студенттерге сапалы білім алу, жан-жақты болу керектігін айтып, адамгершілік басты ұстаным болуы тиіс екенін жеткізді. Ұлттың еңсесін көтеріп, халықтың бірлігін нығайтатын бастамалар жүзеге асатынын айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971742?lang=kk
РОМАН СКЛЯР РЕСЕЙДІҢ КӨЛІК МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Тараптар өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көлік және логистикалық инфрақұрылым салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21911?lang=kk
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА СУ АЙДЫНЫНЫҢ ИЕЛЕРІ ЕШКІМГЕ ДЕС БЕРМЕДІ 15.04.2025
✔️2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.✔️Жарысқа еліміздің 11 облысынан ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістан облысының намысын 18 спортшы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша облысымыздың ескекшілері 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде қоржынға 17 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль түсті.✔️Осы чемпионатта байдаркадан әйелдер арасында Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық жасөспірімдер мен спорт мектебінің спортшысы Ольга Шмелева абсолютті чемпион атанды. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықта 7 алтын медаль жеңіп алды.✔️Ерлер арасында жекелей және екілік байдаркада 500 метр қашықтықта Бекарыс Раматулла екі алтын медаль еншіледі. Екілік байдаркада және төрттікте (микс) екі алтын жүлдеге Артем Терещенко қол жеткізді. Әйелдер арасында төрттік байдаркада екі алтын медальға Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова ие болды. Ал екілік каноэде 1000 метр қашықтықта және жекелей каноэде 200 метр қашықтықта екі алтын жүлдені Ульяна Киселева олжалады. Ерлер арасында Полат Туребеков 2 алтын жүлдені қанжығасына байлады.✔️Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында облысымыздан Ольга Шмелева, Бекарыс Раматулла, Артём Терещенко, Полат Туребеков және Ульяна Киселева бақ сынайды.✔️Бейресми командалық есепте Түркістан облысының командасы 1-орынды сенімді түрде жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы екінші, Қарағанды облысының командасы үшінші орынды еншіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/972191?lang=kk
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУІ 15.04.2025
Төртінші сәуірде аудандық Өнер мектебінің мәжіліс залында аудан әкімі А. А. Русланның Мүсірепов жастарымен кездесуі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.А.Сапанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.қ. Ысқақова, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы М. Е. Харипов, Карьер орталығының директоры Н. И. Темірғалиев, Жастар ресурстық орталығының директоры Қ. Қ. Амантаев қатысты.Аудан әкімі Р. А. Анбаев қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын атап өтті. Бұл еңбек адамының беделін арттыру және жұмысшылар үшін жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болды, әсіресе металлургия, көмір және энергетика салалары, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру салалары сияқты білікті мамандар қажет болатын салаларда.Қоғам дамуының барлық сатыларында жастар белсенді қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан біздің басты міндетіміз - ұлдар мен қыздарға өздерін жүзеге асыруға, мамандық алуға және өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беру.Қазіргі түлектердің бірі болашақ мамандықты таңдауды шешті, біреу мұны істеуі керек. Біреудің мамандығы бар, бірақ бейіні бойынша жұмысқа орналаспаған. Жастарды жұмысқа орналастыру, оларды ауылдық жерлерде бекіту үшін үлкен мемлекеттік қолдау "Дипломмен ауылға!"онда бірқатар мамандықтар кеңейтілді. Бізге аграрлық индустрияны дамытуда табысты ауданда агрономдар, зоотехниктер – селекционерлер, құрылысшылар, жүргізушілер, электриктер, дәрігерлер, мұғалімдер, газ-электр дәнекерлеушілері және басқа да кәсіптердің өкілдері қажет. Шағын және орта бизнес туралы ұмытпаудың қажеті жоқ, бұл мемлекеттің қолдауы бар жақсы орын. Біздің Жаңаесіл теміржол станциясы еліміздегі ең үздік 10 теміржол станциясының қатарына тиелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша кіреді.Руслан Акимжанович қатысып отырған жастарға осы кездесуге қатысқаны және еріктілер қозғалысында белсенді болғаны үшін алғысын білдірді. Ол жастардан идеяларды, ұсыныстарды тыңдауға, жобалармен танысуға және нақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты.Аудан әкімі Мүсірепов ұлдар мен қыздарды одан әрі елді мекендерді абаттандыруға бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды.Іс-шарада белсенді жастарды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады, оларға Новоишим аграрлық – техникалық колледжінің жастар ин жөніндегі инспекторы А.К.Нұрқанова, Салқынкөл мектебінің мұғалімі Н. Н. Тотай, "Нежинка-Ерке" ЖШС тракторшысы А. М. Камарланов, Рузаев мәдениет үйінің әдіскері С. А. Қайратов, а. Жуандықов, педагог марапатталды Новоишимская № 2 ОМ, М. Нұрмағанбетова, № 1 Новоишим ОМ.Жалпы фото шараны аудандық Өнер мектебінде аяқтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-ovp/press/news/details/971727?lang=kk
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі 15.04.2025
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін"еске салады.Тұрғын үйлердегі өрттер көбінесе өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамаудан, жанып жатқан пештерді немесе электр құрылғыларын қараусыз қалдырудан, жылыту жүйелерінің қатып қалған құбырларын жылыту үшін ашық отты қолданудан, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамаудан, отпен абайсызда жұмыс істеуден және балалардың отпен еркелігінен туындайды.Тұрғын үйлердегі өрттер үлкен материалдық шығын әкеледі және кейде адам өліміне әкеледі.Тұрғын үйлерде өрттің алдын алу үшін пәтерлерде, жертөлелерде, шатырларда және тұрмыстық қоймаларда өртке қарсы қатаң режимді сақтау қажет. Көрсетілген Үй-жайлар жанатын материалдардан, қоқыстардан, қағаздан және т. б. тазартылуы тиіс.Шатырлар мен жертөлелерді үнемі құлыптарда ұстау керек. Бұл үй-жайларға тек белгілі бір адамдар тобына кіруге рұқсат етіледі.Жертөлелер мен шатырларда жанғыш және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, темекі шегуге, үрлегіштерді қолдануға немесе ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады.Жертөлелерге, шатырларға немесе тұрмыстық қоймаларға барған кезде жарықтандыру үшін тек электрлік қалта шамдарын қолдануға болатындығын есте ұстаған жөн. Баспалдақ торларының өлшемдерінде шаруашылық қоймаларын ұйымдастыруға, ал өту жолдарын, дәліздер мен шығуларды жәшіктермен, шкафтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға рұқсат етілмейді.Пештерді жағу, тұрмыстық жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өте сақ болу керек. Пештерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып жағуға, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, олардың оттығын кәмелетке толмаған балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады. Жылыту маусымы басталар алдында жылыту аспаптарындағы ақауларды жою қажет.Өрт жарық сымдарының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болған жағдайлар бар. Сіз оның техникалық тұрғыдан жарамды, нормаланған сақтандырғыштары болуы керек және жалаңаш, учаскелері болмауы керек екенін білуіңіз керек.Үйден шыққан кезде барлық электр құрылғылары өшірілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/971713?lang=kk
Атырау облысы ТЖД тұрғын үй комиссиясы қызметтік жатақханаларға тексеру жүргізді 15.04.2025
Қызметтік жатақханаларда санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі және тұрғындардың тұру талаптарының сақталуы бойынша тексеріс жүргізілді.            Тексеру нәтижесімен жатақханада тұратын қызметкерлермен жиналыс өткізіліп, бірқатар ескертулер берілді, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді. Атырау облысының ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/971705?lang=kk
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ 15.04.2025
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫБүгін Отырар ауданында «Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары болып өтті. Түркістан облысы білім басқармасының, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде өткен семинарға Түркістан облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің офицері Сабыр Аманбай Ерманұлы, Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы және Отырар ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Досанов Азамат Әлімбайұлы, колледж студенттері қатысты.Семинар барысында Аманбай Ерманұлы қаржылық сауаттылықты арттырып, алаяқтық схемалардан қалай сақтану керектігін үйрету мақсатындағы семинардың негізгі міндетіне тоқталып, тақырып аясында жан-жақты ақпарат беріп өтті. Мұнан соң колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жархынбеков Талапжан Сағатқұлұлы «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» алаяқтықтың алдын-алу, оған жол бермеу жөнінде арнайы презентация жасап, «Дроптар» деген кімдер, қаржылық алаяқтардың тұзағына қалай түспеуге болатындығы жөнінде баяндады. Шара аясында Отырар ауданындағы тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, олардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау, қаржылық пирамидалармен, құмар, заңсыз ойын бизнестерінің, заңсыз есірткі айналымының алдын алу тақырыбында департамент мамандарымен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мамандар пирамида ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тартуға болатынын, ондай ұйымдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, ал ақшалай қаражат тарту және пирамидаларды жарнамалау үшін қатысушыларға әкімшілік жаза қолдантылатынын, мұндай істер алаяқтық болып табылатынын мәлім етті.Жиында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған Түркістан облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің офицері Сабыр Аманбай Ерманұлы жан-жақты жауап берді. Семинар қорытындылыған колледж директоры Бейсен Талғат Қайбылдаұлы жалпы жастардың қаржылық сауатын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу керектігін айта келе, арнайы келіп колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізген мамандарға алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971704?lang=kk
Адамдар көп жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі ережелері 15.04.2025
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін"еске салады.Адамдардың жаппай жиналуының пайда болуы, әдетте, мерекелік, мәдени және ойын-сауық, спорттық іс-шаралар кезінде болады. Мыңдаған адамдар белгіленген тәртіпті сақтаса немесе белгіленген маршруттар бойынша біркелкі қозғалса, жағдай салыстырмалы түрде қауіпсіз. Бірақ қандай да бір оқиға немесе кедергі болған кезде, адамдар адам денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіретін көзге айналады. Мүмкін болатын қиындықтарды болдырмау үшін әркім адамдар көп жиналатын жерлерде мінез-құлықтың негізгі ережелерін білуі керек: - бұқаралық мәдени-ойын-сауық немесе спорттық іс-шара өтетін жерде болғаннан кейін, шектеулі кеңістіктегі ең тығыз адамдар тобына кіруге тырыспаңыз. Есіңізде болсын, ешқандай көрініс ықтимал қолайсыздықтарды, жарақаттарды, көпшіліктің қысылуын өтемейді;- егер сіз жаппай көрініс өтетін жерде өтетін жолдардың толып кетуіне, өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп ережелерін бұзуға тап болсаңыз, осы іс-шарадан кету ұсынылады;- адамдар көп жиналатын жерге барған кезде ықтимал эвакуация жолдарын алдын ала зерттеңіз. Бұл сіздің пайдаңызға. Бұл ретте баспалдақтарды, терезелерді, қосалқы шығу жолдарын және эвакуация маршруттарын назардан тыс қалдырмаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/971699?lang=kk
Темір жолдар арқылы малды айдау және темір жолдарға жақын жерде мал жаю ережелері 15.04.2025
Өткелдерден, өткелдерден және осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген өткелдерден тыс темір жол арқылы мал айдауға тыйым салынады.Малды айдап әкететін адамдар оның көшу ауданынан (шекарасынан), өткелден немесе белгіленген өту орнынан және әсіресе малдың темір жолға шығуынан тыс болуына жол бермеуі тиіс.Малдың жалғыз басын айдау (ересек адамға 2-ден артық емес) осыған байланысты орындалуы тиіс.Мал табыны малдың темір жолға шығу мүмкіндігін болдырмайтын жеткілікті жүргізушілер санымен қуылуы тиіс.Тәуліктің қараңғы уақытында, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында тұман, нөсер және т. б. кезінде теміржол жолымен бір деңгейде мал айдау үшін өткелдер мен өткелдер арқылы малды себепсіз айдауға тыйым салынады.Малды өткелдер немесе өткелдер арқылы жаппай айдап өту кезінде малды айдап әкетуге арналған адамдар бұл туралы өткелдер немесе өткелдер орналасқан жерде малды айдап әкету жағдайларын қамтамасыз ету үшін темір жол жолының қашықтық жол шеберлерін алдын ала хабардар етуге міндетті.Қоршалмаған жайылымдарда темір жолдан 300 м жақын қашықтықта мал жаюға тек байламда ғана, ал темір жолдан 2000 м дейінгі қашықтықта – тек тұрақты қадағалаумен ғана рұқсат етіледі.8. Темір жолдар арқылы малды айдау және олардың маңында мал жаю ережелерін бұзған адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Осы ереже барлық темір жолдардың аумағында қолданылады. 559-бап. Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу Ат арбаларының (шаналардың) жүру және темір жолдар арқылы жүк, атқа мінетін жануарлар мен малды айдау, темір жолдарға бөлінген белдеуде мал жаю қағидаларын бұзу – ескертуге немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Темір жолдың, қорғаныш орман екпелерінің, қардан қорғау қоршауларының және басқа да жол объектілерінің, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларының зақымдануы –Жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға-жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Жүктерді тиеу және түсіру кезінде белгіленген габариттерді сақтамау-жеке тұлғаларға бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Пойыздардың қозғалысын бұзуы мүмкін заттарды төсеу, темір жолдарға түсіру немесе оларға қалдыру – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Белгіленбеген орындарда темір жолдармен өту – ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын бұзу:1) бағыттамалық бұрмаларды, теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және темір жол кірме жолдарын күтіп-ұстау;2) жылжымалы құрамды, темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темір жол өтпелерін күтіп-ұстауға, пайдалануға және жөндеуге – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға-жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-сегіз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салуға әкеп соғады - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Қалпына келтіруге жатпайтын жағдайға дейін Теміржол жылжымалы құрамының бұзылуына әкеп соққан теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу, соның нәтижесінде жылжымалы құрамның оны ағытуды және жөндеуге беруді талап ететін көлемде бүлінуіне жол берілген – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Тасымалдау процесіне қатысушылардың теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде теміржол жолдарындағы қауіпсіздіктің жол берілген бұзушылықтары туралы ақпаратты уәкілетті органға бермеуі – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/971671?lang=kk
Жаз-2025: 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады 15.04.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы маусымға дайындық жұмыстарын бастады. 2025 жылғы жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды: еңбек және шығармашылық белсенділік, туристік және танымдық маршруттар, зияткерлік әрі білім беру іс-шаралары, сондай-ақ халықаралық жобалар мен форумдарға қатысу.Барлық ұйымдастыру шаралары 9 мемлекеттік органның қатысуымен әзірленген бірыңғай жоспар аясында іске асырылады. Осы мақсатта республикалық және өңірлік деңгейдегі штабтар құрылып, ағымдағы жылы жұмысын бастайтын демалыс орталықтарының тізімі жасақталды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, тағам қауіпсіздігі, сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.Қауіпсіз әрі белсенді жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы жадынамалар, нұсқаулықтар мен гайдбуктар әзірленіп, балалар мен ата-аналарға таратылатын болады. Өңірлерде «Киелі шығыс», «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Қонақжай отбасы» сынды бірегей жобалар іске асырылады.Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде бірқатарында тамақтандыру қарастырылған, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/972134?lang=kk