Enbekshi QazaQ

Әлем

«Н. Островский атындағы #4 Күршім орта мектебі» КММ мектеп директорын тағайындау. 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы #4 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Слямова Қанағат Тусуповна 2025 жылдың «08» сәуір күнінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс қорытындысы және жасалған еңбек шарты негізінде директор лауазымына тағайындалды. Конкурс қорытындысының нәтижесін Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев мектеп ұжымына таныстырды. Қанағат Тусуповнаның қызметіне сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/971655?lang=kk
Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесі кәсіптік бейіндеу жұмысына белсенді қатысуда 15.04.2025
СҚО полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның құрамында ең тәжірибелі және құрметті полиция ардагерлері бар. Аталмыш кеңес тәрбие және кадр жұмысына көмектеседі: оның мүшелері жас полиция қызметкерлеріне өз тәжірибелерімен бөліседі, қазақстандық полицияның имиджін нығайтуға және оның қатарына жастарды тартуға бағытталған іс-шараларға қатысады.Айта кету қажет, Тәлімгерлер кеңесінің ұсынысы бойынша өткен жылдан бастап полиция қызметкерлері облыс аудандарында кәсіптік бейіндеу жұмыстарын жаңа форматта жүргізуде: кинологтар, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлері, спортта жоғары нәтижеге қол жеткізген және ерлік жасаған полицейлер қатысуда. Бүгінде тәлімгерлердің басқа да креативті идеялары іске асырылуда.Кезекті отырыста Кеңестің басшылығы мен оның кейбір мүшелері қайта сайланды. Енді жаңа органға кадр жұмысының тәжірибелі ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев жетекшілік етеді. Оның орынбасары болып отставкадағы полиция полковнигі Сағындық Теміреев сайланды. Бұдан бөлек, кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/971646?lang=kk
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды.Осы қызметтің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты жойылды, бұл ҚР Жер заңнамасының бұзылуына әкеп соқтырды.Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 және 337-баптарына сәйкес заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.Бұдан басқа, департамент жол берілген құқық бұзушылықты жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971593?lang=kk
Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауаптылыққа тартылды 15.04.2025
Түрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерумен байланысты әкімдіктің лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды) заңсыз негізде ұсынуды талап еткен.Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды).Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен  кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы) жауаптылыққа тартылды.Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді. Алматы қаласының прокуратурасы #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/971562?lang=kk
Құрметті Қостанай ауданының тұрғындары! 15.04.2025
Құрметті Қостанай ауданының тұрғындары!9 сәуір күні сағат 16.00-де AMANAT партиясы Қостанай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Гүлнара Жылқайдарова азаматтарды қабылдауды өткізеді.Жер қатынастары мәселелері бойынша қабылдауға жазылғысы келетіндер жоғарыда аталған телефондарға қоңырау шала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-aisary/press/news/details/971533?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ШЕКТЕУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ 15.04.2025
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары М. Бибітова Департамент қызметкерлерімен кездесу өткізді. Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы әдептілік нормалары, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға (лудомания) қатысу бойынша шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген соңғы толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, алдағы міндеттер бойынша да ақпараттар берілді. Шара соңында қатысушылар тарапынан қызметті атқару барысында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылып, заңнама аясында жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/971529?lang=kk
Мобильді топ қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жеке құрамымен кездесті 15.04.2025
Шымкентте заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №56 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.Топтың құрамына қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Аманат» партиясының филиалы және қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері енді.Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерін төмендету тетіктерін және мемлекеттік сектордағы этикалық стандарттарды арттыруды талқылады.Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу жүйесіне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында қатысушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, кері байланыс, оның ішінде Агенттіктің 1424 Call-орталығы туралы ақпарат берілді.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/971470?lang=kk
Әлем және Еуропа чемпионы Е.Паладьевтің құрметіне арналған шайбалы хоккейден облысаралық турнир өтті. 15.04.2025
Әлем және Еуропа чемпионы Е.Паладьевтің құрметіне арналған шайбалы хоккейден облысаралық турнир өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-glubokoe/press/news/details/971464?lang=kk
«Қоймалардағы су деңгейі қалыпты»,- Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы айтып берді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының қоймаларында су көлемі қауіпсіз деңгейде, тасқын суды қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов айтып берді.Су тасқынына дайындық аясында Ертіс бассейндік инспекциясы, ТЖД және жергілікті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп су шаруашылығы нысандарын тексерді. Бүгінгі таңда филиал көтергіш механизмдерді тексеру және майлау жұмыстарын жүргізді, магистральдық каналдардың бас құрылыстары жабылып, өзен арналарын реттеу іс-шаралары аяқталды, су тораптарының бас құрылыстары ағаштардан, лай мен қоқыстардан тазартылды.Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын 9 магистральдық канал тазартылды, жалпы ұзындығы 386,9 шақырым болатын 3 су торабы мен 31 магистральдық каналды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.«Барлық нысандарда инертті материалдар қоры бар, арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайы тұрақты. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты, бос орын бар. Филиалдың су қоймаларында және орталық аппаратында жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды. Су жинау және жіберу туралы барлық ақпарат барлық мүдделі органдарға беріліп отыр»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/971455?lang=kk
Студенттер үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді 15.04.2025
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.Іс-шараға облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері, жедел медициналық көмек қызметі, университет әкімшілігі мен жатақхана қызметкерлері қатысты. Жаттығу барысында жатақхана ғимаратында шартты өрт туындап, студенттер мен қызметкерлерді эвакуациялау, өртті ауыздықтау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңдері пысықталды.Жаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық қатысушылардың өзара үйлесімді әрекет ету қабілетін арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру болды.Оқу жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД 16 бірлік техникасы мен 74 адамы жұмылдырылды.Қарағанды облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/971451?lang=kk
Ой-сандық олимпиадасы 15.04.2025
Қайырлы күн құрметті ұстаздар! Бүгін Астана қаласында Beeline Arena-да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Зерделі ақыл ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ой-сандық олимпиадасы бастауын алды. Біздің Абай обласының ұстаздарына сәттілік тілеп қойыңыздарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/971449?lang=kk
Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің құрамы жаңарды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Біртанов Елжан Амантайұлы   Толғырақ>>  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры..Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы   Толғырақ>>   Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті.Шарман Алмаз    Толғырақ>>  "Resmi" компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті.Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы    Толғырақ>>  "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасыӘбілқасымов Ерасыл   Толғырақ>>  "Capital partners" ЖШС-ның Бас директоры. Сарыбеков Владимир Евгеньевич  Толғырақ>>ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин Вячеслав Нотанович    Толғырақ>>  Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Ахметов Уәлихан Исаұлы    Толғырақ>>  Бизнес кеңесші.Джангильдин Алиби Чингисович    Толғырақ>>  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директорлар Кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы   Толғырақ>>  Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталінің директор орынбасары Тәжиев Есентай Бөдесұлы   Толғырақ>>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/21618?lang=kk
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі №154-к бұйрығымен Акмарал Галымжановна Галымжанова ауысу тәртібімен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД басшысы лауазымына тағайындалды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды. 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі №154-к бұйрығымен Акмарал Галымжановна Галымжанова ауысу тәртібімен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД басшысы лауазымына тағайындалды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-nkn/press/news/details/971435?lang=kk
ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Олимпиада басталды 15.04.2025
ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды. Бірінші іс-шаралардың бірі ретінде өңірдің жоғары оқу орындары арасында студенттер флешмобы өтті. Облыстың жастары «Дропперлерге NO!» ұранымен акция өткізді, бұл арқылы олар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды.Акцияның мақсаты — студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу, мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар — дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды.Айта кету керек, олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7 мен 11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырады. Іс-шаралар шамамен 32 мың студентті қамтиды деп күтілуде.Негізгі мақсат — жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық кеңістіктегі қауіптерді танып, өз қаражатын қорғауды үйрету. Қатысушылар алаяқтықтың нақты жағдайларын зерттеп, киберқауіпсіздік әдістері мен жауапты қаржылық мінез-құлық принциптерін меңгереді.- Жастар — елдің болашағы. Қаржылық құқықбұзушылықтар мен цифрлық алаяқтыққа қарсы тұру қабілеті тікелей олардың хабардарлық деңгейіне байланысты, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/971433?lang=kk
Округ әкімінің халықпен кездесуі 15.04.2025
Құрметті Сарыбұлақ ауылының тұрғындары!Шеңгелді ауылдық округінің әкімінің, ағымдағы жылдың 12 ақпан сағат 10.00-де Сарыбұлақ ауылының № 8 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 1 кабинетінде округ әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/1158249?lang=kk
Зейнеткерді ұрып-соққан жасөспірімдер екі айға қамауға алынды 15.04.2025
Теміртау қаласында зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмағандар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтынын атап өту қажет.Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты және объективті тергеу жүргізілуде.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бұл факті бойынша бөлек тергеу жүргізілуде.Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп  Қарағанды облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/971417?lang=kk
Павлодар облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық басталды 15.04.2025
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы бұйрығына сәйкес Павлодар облысының аумағында 2025 жылғы 14 сәуірден басталатын өрт қауіпті кезеңі қарсаңында Павлодар облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.Осылайша, көктемгі өрттердің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылау арқылы құрғақ өсімдіктерді жағу жүргізіледі, бұл бақыланбайтын табиғи өрттердің қаупін азайтуға, аумақты құрғақ өсімдіктерден тазартуға, өрт болған жағдайда өрттің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы алқаптарында жалпы ауданы 400 гектардан астам құрайтын құрғақ өсімдіктерді бақылап жаққан 13 әрекеті жүргізілді. Аталмыш өсімдіктерді жағу  жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз ету және ауа райы жағдайларын алдын ала бағалау үшін қажетті шарттарды сақтай отырып, алдын ала дайындалған учаскеде жүргізіледі.Сонымен қатар, су қоймалары, бау-бақша, орман қоры маңында, сондай-ақ Павлодар өңірінің елді мекендерінің периметрі бойынша жалпы ауданы 119 га құрғақ өсімдіктер шабылды.Автокөлік және темір жол бойындағы (теміржол жолдары, электр беру желілері), елді мекендер мен орман қорының айналасындағы орман белдеулерін топырақ құрғаған кезде қазу жоспарланған, ол топырақ құрғаған кезде жүргізілетін болады.Облыстың қалалары мен аудандарында мобильді топтар құрылып, 91 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылардың 7-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты ықтимал өрттердің алдын алу және өрттің таралу қаупін азайту болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/971413?lang=kk
«Маралды орта мектебі» КММ мектеп директорын тағайындау. 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Буркитбаева Айнур Тажибаевна 2025 жылғы «07» сәуір күнінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс қорытындысы және жасалған еңбек шарты негізінде директор болып тағайындалды. Конкурс қорытындысының нәтижесімен Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев мектеп ұжымын таныстырды. Айнур Тажибаевнаға қызметіне сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/971386?lang=kk
Түркістан облысында өрт қауіпті кезеңінің басталуына орай рейдтік іс-шаралар жүргізілуде 15.04.2025
ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңі аясында жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында қоқыстар және құрғақ шөптерді жағу секілді фактілер орын алуда. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айқындалған құқық бұзушылыққа алып келеді. Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына қоқыстар мен құрғақ шөптерді өртемеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер айтылды.Түркістан облысы ТЖД  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/971384?lang=kk
Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды «Әділ Қазақстан – барлығы және әрқайсысы үшін. 15.04.2025
Қазір және мәңгі» бағдарламасында ауылда өмір сүру деңгейі, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне басымдық берді.Осы мақсатта 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы ауқымды түрде іске асырылып келеді.Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнесті дамыту олардың жұмыспен қамтылуын және әл-ауқатын арттыру.Екібастұз қаласы бойынша 2023 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 158,5 млн. теңге сомасына 20 кредит берілді. 41 жұмыс орны құрылды.Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 16 жеке кәсіпкер жаңа іс бастап, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.2024 жылдың мамыр айында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру процесі оңайлатылды. Электрондық ақпараттық жүйе amanatnesie.kz әзірленді. Портал үйден шықпай-ақ өз ісін қашықтықтан ашу үшін жеңілдікті несие алуға өтінім беруге мүмкіндік береді.2024 жылы 156,1 млн. теңге сомасына 11 кредит берілді. Бүгінгі таңда 136,8 млн. теңге сомасына 10 жоба берілді. 31,3 млн. теңге сомасына 4 кредит берілді. 96,2 млн. теңге сомасына 6 жоба қаралуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/971379?lang=kk