Enbekshi QazaQ

Әлем

Тарихи алтын: қарағандылық спортшы АҚШ-та өткен IBJJF әлем чемпионатында жеңімпаз атанды 30.06.2026
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында бразилиялық джиу-джитсудан IBJJF Worlds әлем чемпионатының 30-шы турнирі өтті. Бұл жарыс — әлемдегі ең беделді әрі бәсекелестігі жоғары додалардың бірі, жыл сайын барлық құрлықтан келген үздік спортшыларды жинайды. Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан спортшылары тарихи жетістікке қол жеткізді.Ересектер құрамасы қоңыр белбеу дәрежесінде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаз атанғандар — Алинұр Қуатұлы мен Сейілхан Болат. Ал Батыр Теңізбай қола жүлдені иеленді.Ерекше мақтаныш — қарағандылық жас спортшы Асанәлі Абаевтың жетістігі. Ол Қазақстан тарихында IBJJF бойынша алғашқы әлем чемпиондарының қатарына еніп, отандық спорт шежіресіне есімін қалдырды.Асанәлі Juvenile 1 санатында, 53,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, көк белбеу бойынша сынға түсті. Чемпиондық атаққа жету жолында ол төрт ауыр белдесуді өткізді. Финалда қазақстандық спортшы Бразилиядан келген мықты қарсыласымен кездесіп, тартысты жекпе-жектен кейін төрешілер жеңісті Абаевқа берді. Осылайша ол әлем чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1231268?lang=ru
Қымбатты өскемендік жас бүлдіршіндер! 30.06.2026
       Сендерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!Балалық шақ - ғажайыптарға сенетін, ал бүкіл әлем мейірімге, құпияға және қызыққа толы болып көрінетін ерекше кезең. Әр күндерің күннің жылы шуағына, шынайы күлкіге және жаңа жаңалықтарға толы ертегідей болып өтсін.Сендерге көңілді шытырман оқиғалармен, кез-келген құпиялармен бөлісетін адал достар және зор денсаулық тілеймін.Үйлерің әрқашан мейірімге, қамқорлыққа және ата-ананың шексіз махаббатына толы болсын.Сендер дарынды, ерекше және ең керемет жансыңдар! Өз жолдарыңды табудан қорықпаңдар, жаңаны үйреніп, ізденіп, әрқашан өз күштеріңе сеніңдер.Бұл мереке жүректеріңе тек жарқын, жылы және әрі естен кетпес естеліктер қалдырсын. Бақытты болыңдар!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                                                А. Светаш Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1231275?lang=ru
Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.Сапар барысында жобаның цифрландыру, қауіпсіздік және мектеп инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттыру бағытындағы негізгі тетіктері таныстырылды.«Айқын» жобасы аясында мектептің жергілікті желісі жаңғыртылып, әр оқу кабинетіне жоғары жылдамдықтағы интернет желісі жеткізілуде. Сонымен қатар, жобада кіруді бақылау және басқару жүйесін (СКУД) енгізу, бейнебақылау камераларын, дабыл түймелерін және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де заманауи құрылғыларды орнату мен сүйемелдеу қарастырылған.Бұдан бөлек, жоба шеңберінде қауіпсіздік деңгейін бақылауға, түрлі жағдайларды талдауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін аналитикалық жүйелер енгізілуде.Оқушыларды әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылған. Мектепте 1–4 сынып оқушылары мен 5–11 сыныптағы әлеуметтік осал санаттағы балаларға тегін ыстық тамақты «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы есепке алу жүйесі ұйымдастырылған.«Айқын» жобасының басты мақсаты – заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, цифрландыру деңгейін арттыру және мектеп инфрақұрылымын басқару тетіктерін жетілдіру арқылы оқушылар мен педагогтер үшін тиімді жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1231284?lang=ru
Құрылыс барысы тұрақты бақылауда 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалауда салынып жатқан, құрылысына 14 млрд 780 млн теңге бөлінген, тәулігіне 500 келушіні қабылдауға арналған емханаға барды. Көпсалалы медициналық мекеме 50 төсектік күндізгі стационар, амбулаториялық және диагностикалық бөлімшелер, сондай-ақ тұрғындарға кешенді медициналық қызмет көрсетуге арналған орындардан тұрады. Одан бөлек, нысанда 50 орындық аудитория мен 200 орындық конференция залы қарастырылған.Бұдан кейін облыс әкімі Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өткелінің құрылыс алаңында болды. 4,6 млрд теңгенің жобасы жүзеге асқанда көлік пен жаяу жүргінші қозғалысының тиімділігі артады.Қазір мұнда айналма теміржол салынып, инженерлік желілерді көшіру, бетондау, свай және тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Аймақ басшысы жауапты сала өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231297?lang=ru
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық ақциясының қорытындысы 30.06.2026
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында өткізілген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын қорытындылады. Акция 2016 жылдан бастап, жыл сайын 1 наурыздан 1 маусымға дейін өткізіледі. Іс-шара 11 жыл ішінде 28 000 мыңнан астам тілек орындалды.Акция мәні аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан әр бала хат жазу арқылы өзінің ізгі тілегін, қалауын білдіре алады, оны бей –жай қарамайтын меценаттар мен мейірімді жандар орындай алады.Биылғы жылы акция барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің, көпбалалы және аз қамтылған, қамқоршы (ата-әжелері) отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-аналары мүгедек болып табылатын балалардың 2916 тілек хаттары орындалды.Кішкентай шығысқазақстандықтар өздерінің хаттарында әртүрлі өтініштерін жазды. Олардың ерекше тілектері қуыршақ, велосипед, коньки, шаңғы, күртеше, конструктор, кроссовкалар, әдемі көйлек, қылқалам бояулары, мектеп жабдықтары және тағы басқаларды алуға тілектерін білдірді.Балалардың өтініші коммерциялық және басқа да бірқатар ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, кіші және орта бизнес өкілдерінің, жеке кәсіпкерлердің және өзге облыс тұрғындарының белсенді демеушілік көмегінің арқасында орындалды. Сонымен қатар, акцияға мемлекеттік білім органдарының және мекемелерінің қызметкерлері де қатысты.Біздің облыстың қайырымды тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындары әртүрлі сыйлықтар алды. Балалардың барлық өтініштері орындалды. Ең белсенді демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1231323?lang=ru
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты 30.06.2026
Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі ауқымды жаңартудан өтуде. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өңірдің жедел медициналық жәрдем станциясына 70 жаңа санитариялық автокөліктің кілті табысталады. Қазіргі уақытта автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.Жаңа техникалар 2025 жылы лизинг шарты негізінде сатып алынған. Оның ішінде 30-ы «С» класындағы реанимобиль, ал 40-ы «В» класындағы санитариялық автокөлік. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және шұғыл көмек көрсетуге бейімделген.Осылайша, биыл Алматы облысының жедел медициналық жәрдем қызметі үшін сатып алынған 90 санитариялық автокөліктің барлығы пайдалануға беріледі. Оның 20-сы жыл басында медициналық ұйымдарға тапсырылса, қалған 70 көлік жақын күндері қызметке кіріседі.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, автопаркті жаңарту тұрғындарға көрсетілетін жедел медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.«Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жаңа санитариялық автокөліктер шалғай елді мекендерге дер кезінде жетуге, шақыртуларға жедел әрекет етуге және медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан маңызды жұмыс», — деді Ержан Сүлейменов.Жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңартуға бизнес өкілдері де қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы әлеуметтік жауапкершілік аясында «Mareven Food» ЖШС жедел медициналық жәрдем қызметіне гуманитарлық көмек ретінде «В» класындағы 10 Foton маркалы санитариялық автокөлікті табыстаған болатын.Қазіргі таңда Алматы облысында жедел медициналық көмекті 1 станция, 12 қосалқы станция, ауылдық елді мекендердегі 66 дислокациялық пункт және 1 санитариялық авиация бөлімшесі көрсетеді. Өңірде 147 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның ішінде 20 дәрігерлік және 127 фельдшерлік бригада бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1231456?lang=ru
Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты балалар! 30.06.2026
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен — мейірім мен қуанышқа, бақытты балалық шаққа толы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке дәстүр бойынша көптен күткен жаз мезгілінің басталуымен тұспа-тұс келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа әсерлер мен қызықты демалыс сыйлайды. Балалық шақ — арманға, шынайы күлкіге және жарқын үмітке толы ерекше кезең.Балалар — біздің мақтанышымыз, болашағымыз және басты байлығымыз. Сондықтан әрбір баланың сапалы білім алып, спортпен, шығармашылықпен айналысып, өз қабілетін дамытуына және арманына сеніммен қадам басуына барлық жағдай жасау — басты міндеттердің бірі.Балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, оларға қамқорлық пен мейірім сыйлап жүрген ата-аналарға, ұстаздарға және барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.Қымбатты балалар! Әр күндеріңіз қуанышқа, жақсы әсерлерге және жарқын сәттерге толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, адал достар, биік мақсаттар мен асқақ армандар тілеймін. Жазғы демалыс көңілді өтіп, ұмытылмас естеліктер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын!Мерекелеріңіз құтты болсын!Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!Аудан әкімі                                                                               Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1231485?lang=ru
БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілді 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды, БКМ чегінде сонымен қатар мыналар болуы керек:- ТҰК-ға (Тауарлардың ұлттық каталогы) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;- ТҰК-ға сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.Техникалық талаптар аясында БКМ-де оны ТҰК-ға автоматты түрде қосуға арналған сервис іске асырылды.Бүгінгі таңда шағын бизнес субъектілері үшін ТҰК-ны енгізу арқылы чекте тауар атауларын көрсету рәсімі жеңілдетілді.БКМ-ді қолдану кезінде тауардың штрих-кодын сканерлеу жеткілікті болады, тауар атаулары ТҰК ММД-на (Мемлекеттік мәліметтер базасына) енгізілген және ФДО сервистерінде қамтылған.Бұл ретте техникалық талаптарға сәйкес келмейтін БКМ модельдері БКМ мемлекеттік тізілімінен шығарылады.БКМ чегінің бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі 2026 жылы ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1231516?lang=ru
Варшава мен Алматы арасындағы жаңа тікелей әуе рейсінің тұсаукесері өтті 30.06.2026
2026 жылғы 31 мамырда Варшавадағы Фредерик Шопен атындағы халықаралық әуежайда Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы жүзеге асыратын Варшава - Алматы - Варшава бағыты бойынша жаңа тікелей әуе рейсінің ресми тұсаукесері өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, іскер топтардың және туристік саланың өкілдері, сондай-ақ LOT әуекомпаниясының басшылығы қатысты.Тұсаукесер барысында сөз сөйлеген Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілі жаңа бағыттың ашылуы қазақстан-польша ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, туристік алмасуларды кеңейтуге, сондай-ақ екі ел азаматтары арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға қосымша мүмкіндік береді.LOT әуекомпаниясының 2017 жылдан бері Варшава мен Астана арасында тікелей рейстерді табысты орындап келе жатқаны және Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді. Қазақстанның ең ірі қаржы, мәдени және туристік орталығы болып саналатын Алматы қаласына жаңа рейстің ашылуы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарын дамытудағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстанның халықаралық көлік байланыстарын дамытуға және еліміздің Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық әрі транзиттік торап ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытына да толық сәйкес келеді.Іс-шараға қатысушылар жаңа бағыт жолаушылар ағынының артуына, іскерлік байланыстардың кеңеюіне және екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Варшава - Алматы бағыты бойынша рейстер Boeing 737 MAX 8 әуе кемелерімен аптасына төрт рет орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1231526?lang=ru
Қазақстан мен Польша әуе қатынасын кеңейтуде: Варшавада Алматыға жаңа тікелей рейстің тұсаукесері өтті 30.06.2026
Фредерик Шопен атындағы халықаралық әуежайда Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы жүзеге асыратын Варшава - Алматы - Варшава бағыты бойынша жаңа тікелей әуе рейсінің ресми тұсаукесері өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі, мемлекеттік органдар, іскер топтардың және туристік саланың өкілдері, сондай-ақ LOT әуекомпаниясының басшылығы қатысты.Тұсаукесер барысында сөз сөйлеген Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілі жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ екі ел азаматтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосымша мүмкіндік береді.LOT әуекомпаниясының 2017 жылдан бері Астана мен Варшава арасында тікелей рейстерді табысты орындап келе жатқаны және Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді. Қазақстанның ең ірі қаржы, мәдени және туристік орталығы болып саналатын Алматы қаласына жаңа рейстің ашылуы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарын дамытудағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Сонымен қатар, жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстанның халықаралық көлік байланыстарын дамытуға және еліміздің Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық әрі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі стратегиялық бағытына да толық сәйкес келеді.Іс-шараға қатысушылар жаңа бағыт жолаушылар ағынының артуына, іскерлік және туристік алмасулардың жандануына, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Варшава - Алматы бағыты бойынша рейстер Boeing 737 MAX 8 әуе кемелерімен аптасына төрт рет орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1231542?lang=ru
Әскери-теңіз күштерінің кемелерінде әскери қызметшілердің отбасылары үшін Балаларды қорғау күні атап өтілді 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әртекті кемелер дивизионының теңізшілері өз отбасыларын әскери-теңіз базасына шақырды. Олар 300-ден астам қонақты сап түзеп қарсы алды.Мерекелік бағдарлама Әскери-теңіз күштері шығармашылық ұжымының концертімен басталды. Балалар сүйікті кейіпкерлерінің бейнесіндегі аниматорлармен бірге ойындар мен байқауларға қатысып, ән айтып, би биледі. Олардың шат күлкісі мен қуанышы мерекені ерекше көңіл-күйге бөледі.Мереке аясында «Менің әкем – батыр» атты республикалық балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылардың жұмысы Отан күзетінде тұрған әкелеріне деген сүйіспеншілік пен құрметтің шынайы көрінісіне айналды. Жеңімпаздарға әскери-теңіз базасының командирі 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаевтың атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.Балалардың есінде ерекше қалған сәттердің бірі – кемемен теңізге шығу болды. Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторына «Қазақстан» зымыранды-артиллериялық кемесі мен «Алатау» мина-трал кемесі сапарға шықты. Теңіз серуені барысында балалар қаланың теңіз жақтан көрінетін әсем көрінісін тамашалап, әскери теңізшілер қызметінің ерекшеліктерімен танысты.– Мен алғаш рет осындай үлкен кемеге мініп, әскери теңізшілермен бірге теңізге шығып тұрмын. Қуанышым мен алған әсерімде шек жоқ. Ата-аналарымызға және мерекені ұйымдастырған барлық азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл күн менің есімде мәңгі сақталады, – деді сурет байқауының жеңімпазы Альтаир Тағайбекұлы.Кемелер тұрақты орналасқан орынға оралғаннан кейін де мереке өз жалғасын тапты. Балаларға арнайы швед үстелі ұйымдастырылып, түрлі дәмді тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ оларға тәтті сыйлықтар табысталды. Балалар кемелердің аясында естелік суретке түсті.Іс-шара әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілген қамқорлық пен құрметтің жарқын үлгісіне айналып, балалардың әскери теңізші мамандығы мен теңіз шебін қорғайтын жауынгерлердің қызметі туралы түсінігін кеңейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1231577?lang=ru
Қазақстан Республикасының Елшілігі Моңғолияда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізді 30.06.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлан-Батыр қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленіп жатқан 40-қа жуық балаға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Іс-шара аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов кішкентай қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, қарапайым тілмен Қазақстан туралы айтып берді. Ол бауырлас мемлекеттер арасындағы берік достық тек саяси диалог арқылы ғана емес, халықтар арасындағы өзара құрметті нығайту арқылы да қалыптасатынын атап өтті. Бұл үдерісте өскелең ұрпақты екі елдің мәдениетімен, тарихымен және салт-дәстүрімен ерте жастан таныстыру ерекше маңызға ие.Балаларға Қазақстан туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарға ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды. Қазақтың әні мен күйі іс-шараның шырайын аша түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1231595?lang=ru
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Қытайдың Ұлттық аудит офисі Астанада семинар өткізді 30.06.2026
2026 жылғы 25 мамырда Астанада Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисі делегациясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде семинар өтті. Іс-шара ҚР Жоғары аудиторлық палатасында ұйымдастырылды.Жиын барысында сөз сөйлеген Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, өзара құрмет және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Екі елдің жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылы екіжақты форматта да, ИНТОСАИ, АЗОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде де белсенді дамып келеді.Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай өкілдері денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларында қатар аудит жүргізу сияқты бірлескен бастамаларды табысты іске асыруда. Кадр мәселесі және білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылады.Қытай тарапынан Қытайдың Ұлттық аудит офисі Орталық ведомстволарға аудит жүргізу бюросының бас директоры Ван Ган сөз сөйледі.Семинар аясында тараптар бюджеттің атқарылуына аудит жүргізу мәселелерін, сондай-ақ аудиторлық қызметті жоспарлаудың заманауи тәсілдерін талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға, кәсіби өзара іс-қимылды арттыруға және мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1231650?lang=ru
СҚО әкімінің Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!  Балалар – отбасының қуанышы, өмірдің жалғасы, тәуелсіз еліміздің келешегі. Сондықтан олардың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, бойындағы қабілеттерін дамытуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.  Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Осы жарқын мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, жаңа жетістіктер мен биік армандар тілеймін. Ал ата-аналарға, ұстаздарға және бала тәрбиесіне үлес қосып жүрген барша жандарға шынайы алғысымды білдіремін.Әр шаңырақтан бала күлкісі естіліп, әр отбасының бақыты арта берсін! Балаларымыздың болашағы жарқын, армандары асқақ болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1231607?lang=ru
“Қазақстанның қуғын сүргін жылдарындағы өмірі” тақырыбына дөңгелек үстел 30.06.2026
Бастаушы ауылдық кітапханасыда 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Қазақстанның қуғын сүргін жылдарындағы өмірі” тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абай атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Н. Жанұзақ және оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарының зардаптарын түсіндіру, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныстыру, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтер айтты. Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы орны, олардың халық үшін атқарған еңбектері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында белсенділік танытты. Оқушыларға өткен тарихты ұмытпау, тәуелсіздіктің маңызын түсіну және ұлттық құндылықтарды құрметтеу қажеттігі айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1231615?lang=ru
1 маусым күні Әйет ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шын мәнінде ұмытылмас, көңілді және дүбірлі мереке өтті. Күн бойы балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп, айнала шынайы қуанышқа кенелді. 30.06.2026
Балалар үшін қызықты бағдарлама дайындалды: ұл-қыздар тартысты спорттық ойындарда жарысып, сурет байқауында өз қиялдарына ерік берді, батутта секіріп, әрине, сүйікті тәтті мақтадан дәм татты.​Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нургалиева барлық қонақтарға жылы лебізін білдірді. Ол балалар мен ересектерді құттықтап, өсіп келе жатқан ұрпаққа жарқын жаз, мықты денсаулық және бейбіт аспан тіледі.​Мерекенің басты сәні мерекелік концерт болды. Көрермендерді өздерінің шығармашылық нөмірлерімен ең кішкентай өнерпаздар — балабақшаның сүйкімді тәрбиеленушілері мен өнер мектебінің дарынды балалары тәнті етті. Би, ән және шынайы күлкі жаздың осы алғашқы күнін сиқырлы думанға айналдырды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1231662?lang=ru
Қызметті тоқтатудың оңайлатылған тәртібі 30.06.2026
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру аясында «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы қабылданды.Ең алдымен, салық төлеушілердің жекелеген санаттарын тарату тәртібі тұтастай өзгермегендігін атап өткен жөн.Қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттілікті орындаудың оңайлатылған тәртібі (бұдан ары-Тәртіп) Салық кодексінің 74-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және жеке кәсіпкерлер (бұдан ары-ЖК) қызметін тоқтатқан кезде, салық міндеттемесін орындау тәртібі бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес айқындалады: тіркеу есебінде ҚҚС төлеушісі ретінде тұрмағандар; жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтындар; бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтындар; салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ тұлғалар; тарату есептілігінің алдындағы салық кезеңі үшін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындағандар; орындалмаған хабарламалар, соның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалары жоқ тұлғалар; ашылған банк шоттары жоқ тұлғалар.ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату салық төлеушінің  кабинеті арқылы электрондық түрде қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті, тарату салықтық есептілігін, бақылау-касса машинасын (БКМ болған жағдайда) есептен шығару туралы салықтық өтінішті (бұдан ары-СӨ) ұсыну жолымен жүзеге асырылады.ЖК ретінде есептен шығару рәсімінің мерзімі өтініш берілген күннен бастап есептен шығарылғанға дейін 13-15 күнді құрайды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері аталған тарату үдерісіне қатыспайтындығына назарларыңызды аударамыз.Мәселен, салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне (СӘИЖ) қызметті тоқтату туралы СӨ түскен кезде, салық төлеушілер туралы қосымша мәліметтерде «Тарату сатысында» мәртебесі қалыптастырылады. Бұдан ары, 10 күнтізбелік күн ішінде жүйемен автоматты режимде ЖК тоқтату үшін шарттарға сәйкестігіне (берешектің жоқтығы, тарату СЕН-ның болуы, орындалмаған хабарламалар және т.б.) тексеру жүргізіледі. Шарттарға сәйкес келген жағдайда, 10 күн өткеннен кейін жүйемен автоматты режимде салықтық өтінішке «өңделді» мәртебесі беріледі және СТ қосымша мәліметтерінде «тарату сатысында» мәртебесінің аяқталу күні қойылады. Кейін, 3 жұмыс күні ішінде ЖК тіркеу есебінен шығарылады, бұл да автоматты түрде жүргізіледі.Таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу таратудың салықтық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізілетіндігін назарларыңызға саламыз. Іс жүзінде салық төлеушілер МӘМС (тоқтатуға СӨ берілген есепті айда төлем болмағаны үшін) бойынша берешектің болуы себепті қызметін тоқтатудан жиі бас тарту алады.Осыған байланысты, тоқтатудан бас тарту алмау үшін, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін, салық төлеушілер дербес шоттарда берешектің барлығын/жоқтығын тексеріп, болған жағдайда үш күн ішінде төлем жүргізуді ұсынамыз. Сонда жүйе қалыптасқан берешек сомасының төлену фактісін тіркеп үлгереді, нәтижесінде өтініш оң қаралады, яғни ЖК тіркеу есебінен автоматты түрде шығару жүргізіледі. Берешек төленбеген жағдайда жүйе бас тарту береді, ал салық төлеушіге қызметін тоқтату рәсімін қайтадан (тоқтатуға СӨ беру, ДСЕН тапсыру және т.б.) өтуге тура келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1231664?lang=ru
Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді 30.06.2026
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақтың ашылу рәсіміне қатысты.Мереке күні жеткіншектерге тарту етілген Ботаникалық бақ Президент саябағы аумағында орналасқан. Бас мердігер - «Alem Qurylys AQ» ЖШС. Құрылысына 4,9 млрд теңге бөлінген, нысанның іргетасы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қаланған болатын.Ашылу рәсімінде облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы балаларды мерекемен құттықтап, Ботаникалық бақ жұмысы жеткіншектердің тиімді демалысын ұйымдастыруға және тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.«Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бала – біздің басты байлығымыз. Білімді, дені сау, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің басты міндеті», – деген болатын.Бүгін Президент саябағының аумағынан ашылған Ботаникалық бақ – осы ауқымды бастаманың аймағымыздағы нақты әрі жемісті көрінісі. Бақ ішіне Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америкада өсетін жасыл желек егілді. Осы арқылы жас жеткіншектерге өсімдіктердің экожүйедегі маңызы түсіндіріледі. Бұл жай ғана балалар серуендейтін саябақ емес, табиғат пен ғылымды ұштастыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын көпфункционалды кешен болмақ. Балаларымыз осы жерде табиғатпен тілдесіп, эко-жауапкершіліктің, еңбекқорлықтың шынайы үлгісін көреді. Осы бақтан біздің аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын зерттейтін болашақ ғалымдар, биологтар мен агрономдар шығады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов құттықтау сөз сөйледі. Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен жаңа нысан құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Ботаникалық бақ – экологиялық танымды, туризмді дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған заманауи көпфункционалды кешен. Жалпы ауданы 1500 шаршы метр болатын екі жылыжайға Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Жапония, Қытай және Мадагаскар сияқты әлемнің әр аймағынан 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік егілген. Веерлі пальма, Канар құрмасы, кактус пен алоэ, вашингтония пальмасы, стрелиция, жакаранда, алып юкка, мақта ағашы, бамбук, сәндік өсімдіктер, кариота жайқалып тұр. Бұл өсімдіктер гүлдегенде хош иісі аңқып, қызғылт сары, көгілдір, күлгін сияқты алуан түске боялады.Өсімдіктерге қолайлы жағдай жасау үшін микроклиматты автоматты басқару, суару және су дайындаудың заманауи инженерлік жүйелерімен жабдықталған.Ботаникалық бақ өсімдіктердің бірегей түрлері өсетін орын ғана емес, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын мекенге айналады.Мұнда студенттер, мектеп оқушыларының, табиғат жанашырларының танымын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Ботаникалық бақтың ерекше атмосферасы келушілерге жайлылық сыйлайды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен Сыр өңірінде кейінгі төрт жылда 46 заманауи білім беру нысаны табысталды.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді. «Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектептері» жас жеткіншектердің шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыруға қызмет етуде. Жақында ғана жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы балалар игілігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231666?lang=ru
Қазақстандық спортшылар Словенияда өткен халықаралық жарыстарда медаль жеңіп алды 30.06.2026
Қазақстан өкілдері Словениядағы халықаралық турнирлерде ойдағыдай өнер көрсетіп, спорттық гимнастика мен садақ атудан медаль жеңіп алды.Копердегі спорттық гимнастикадан шақыру Кубогы кезеңінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат үстінде финалда өнер көрсетті.Жарыс қорытындысы бойынша Зейнолла Ыдырысов тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, қазақстандық спорттық гимнастика мектебінің жоғары деңгейін растап, күміс медаль жеңіп алды.Қазақстандық садақшылар Камник қаласында өткен Veronica ' s Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату жарысында Ильфат Абдуллин турнирдің жеңімпазы атанды, финалда Үндістан өкілі Сачин Гуптаны жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына Виктория Лян, Роксана Юнусова және Адель Жексенбинова құрамаларындағы блокты садақ атудан әйелдер командасы тағы бір марапат әкелді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Люксембург құрамасын жеңіп, турнирдің қола жүлдегерлері атанды. Қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада табысты өнер көрсетуі ұлттық құрамалардың жоғары дайындық деңгейін растайды және Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1231694?lang=ru
Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 33 солтүстікқазақстандық оқушыға құрмет көрсетілді 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов халықаралық және республикалық олимпиадалардың, сондай-ақ ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.«Өңірдің ең басты байлығы – балаларымыз. Білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының берік негізі. Бүгінде біздің оқушыларымыз өз жетістіктерімен Солтүстік Қазақстанның абыройын асқақтатып, өңірімізді республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де танытып келеді. Балалардың қабілетін шыңдап, олардың білімге деген құштарлығын қолдап жүрген ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғысымды білдіремін. Жас дарындардың алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», – деді облыс әкімі.Бүгінде өңірде 73 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 2,5 мыңнан астамы түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысып,  облыс пен елдің мерейін абыроймен қорғап келеді.Биыл 33 жоғары сынып оқушысы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз және жүлдегер атанды. Жас дарындардың жетістіктерін бағалап, олардың еңбегі мен білімге деген ұмтылысын қолдау мақсатында облыс әкімі арнайы сыйақылар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1231714?lang=ru