Әлем
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ПРЕАМБУЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР 02.02.2026
Қазақстанда 2026 жылы қабылданған жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттің басқару құрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Жаңа Преамбулада тарихта алғаш рет бірқатар негізгі қағидалар Конституция деңгейінде ресми түрде бекітілді.Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет қызметінің басты бағыты ретінде айқындалған. Бұл – азаматқа бағдарланған демократиялық елдің негізгі принципі.Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қоғамдағы бірлік мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – Конституцияда өзгермейтін, мызғымас қағидаттар ретінде бекітілген.Жаңа Конституцияда әділеттілік, заңға бағыну және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттары алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – заманауи мемлекет пен құқықтық қоғам құрудағы жаңа қадам. Жаңа Конституция бойынша мемлекеттік билік халықтан бастау алады. Яғни, Қазақстан халқы – биліктің бірден-бір қайнар көзі. Осылайша, жаңа Преамбула елдің тарихи дәстүрлері мен заманауи құндылықтарын үйлестіре отырып, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және экологиялық даму бағыттарын айқындайды.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР 02.02.2026
2026 жылы қабылданған жаңа Конституция Қазақстанның дамуы мен әлеуметтік-экономикалық прогресін қамтамасыз ететін стратегиялық құжатқа айналды. Ол елдің болашағын білім, ғылым, инновация және адам капиталына негіздеуді басты мақсат ретінде белгілейді. Жаңа Конституцияда білім, ғылым және инновация мемлекеттік саясаттың өзегі ретінде анықталды. Елдің табысы табиғи ресурстарға емес, азаматтардың білімі мен кәсіби жетістіктеріне тікелей байланысты екені айқын көрсетілген.Құжат бойынша Қазақстанның болашағы азаматтардың білімділігі мен кәсіби шеберлігіне тәуелді. Бұл принцип мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларының бірі болып отыр. Жаңа Конституция өнертабыстар мен авторлық құқықты қорғауды күшейтуді қамтамасыз етеді. Бұл елдегі шығармашылық және инновациялық бастамаларды қолдаудың маңызды тетігі.Инновациялық даму мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады. Құжат цифрлық технологияларды қолдану арқылы экономиканы, білім беру мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Болашақ Қазақстан – білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге негізделген мемлекет. Жаңа Конституция бұл бағыттарды нақты бекітіп, елдің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуының негізін қалайды.
тест 02.02.2026
Әскери форма, ақа мен марапаттары бар ер адамның портреті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1152551?lang=kk
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті 02.02.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті.Қала көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Дәурен Өмірбек және патрульдеушілер қатардағы Дәуір Әшімбек пен Досымжан Дәулетхан күмәнді әрекет жасаған белгісіз тұлғаларға назар аударады. Көліктен түскен екі азамат айналасына жалтақтап, қардың астынан белгісіз затты алып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.Жағдайды жедел бағалаған ұландықтар дереу оларды қууға кірісіп, күдіктілердің бірін ұстады. Ал қалған екеуі қашып үлгерген. Оқиға туралы әскери жасақтар кезекшісіне жедел түрде баяндалды. Кезекші 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлады.Аталған факт бойынша материалдар тергеу-жедел тобына тапсырылып, ұсталған азамат заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары даярлығы мен қырағылығын айқын көрсетеді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске елеулі үлес қосуда.Айта кетейік, 2025 жылы есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдаудың 56 дерегі құқықтық тәртіп әскерлерінің арқасында анықталып, тіркелген. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1152590?lang=kk
Қызылордада сотталған азаматқа сөмке бауына жасырып есірткі өткізбек болды 02.02.2026
Қызылордада сотталған азаматқа сөмке бауына жасырып есірткі өткізбек болды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа келген сәлем-сауқатты тексеру барысында тыйым салынған зат тәркіленді. Сотталғанның танысы сөмкенің бауына жасырған затты құйтырқы әрекетпен кіргізбек болған. Алайда қырағы қызметкерлердің арқасында тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.Сәлемдемені ашып қарау барысында №5547 әскери бөлімінің аға нұсқаушысы Н.Меңлібек күдікті затты байқап, иісшіл итпен тексеру жүргізіп, сөмке бауынан полиэтилен пакетке аса ұқыптылықпен оралған, өткір иісті, шөп тәріздес зат табылды.Мекеменің жедел бөлімі қызметкерлері де тез арада жедел шаралар қабылдады. Қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, өзіне тән исі бар өткір зат тәркіленіп, сотталғанның танысымын деп таныстырған азаматқа қастысты хаттама толтырылды. Сот- химиялық сараптама қорытындысымен кептірілген марихуана екені анықталды.Тыйым салынған затты мекеме аумағына кіргізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚАЖ қызметкерлері, №5547 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағының өтуінің алдын алуда жүйелі жұмыстар атқаруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1152595?lang=kk
Микро және шағын бизнес үшін «таза парақ» 02.02.2026
Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады.2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімге сәйкес мынадай құжаттарды бекіту көзделеді:- микро және шағын бизнес субъектілерін тарату және олардың қызметін тоқтату қағидалары;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салық берешегі болған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін салынған айыппұлдарды есептен шығару қағидалары.Аталған қағидалар жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Олардың күшіне енуінің жоспарланған мерзімі — 2026 жылғы ақпан айының басы.Қосымша ұйымдастырушылық-жедел шараларКамералдық бақылауКамералдық бақылау мынадай жағдайларды қоспағанда:бейрезиденттердің табыстарына салық салу;көрсетілген салық кезеңдері үшін 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін қосымша салықтық есептілікті ұсыну;2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептіліктің кері қайтарып алынуы;салық төлеушінің салық заңнамасында көзделген, камералдық бақылауды жүргізуді талап ететін өтініштерді және (немесе) талаптарды ұсынуы;бюджеттен ҚҚС қайтару жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде қызмет алушының қызмет көрсетушілеріне қатысты жағдайларды қоспағанда,2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін есептелген салықтық міндеттемелер бойынша берілген салықтық есептілікке қатысты жүргізілмейді.Бұл шектеу 2025 жылғы 17 желтоқсан күнін негізге ала отырып енгізілді және 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны, сондай-ақ 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін өзге де декларацияларды салықтық міндеттемелерді көрсетпей ұсыну тәуекелдерін барынша азайту мақсатында белгіленді.Салықтық тексерулер2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерістер жүргізілмейді, мына жағдайларды қоспағанда:2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған тексерістер жүргізіледі;қарсы салықтық тексерістер жүргізіледі;мынадай жағдайда тағайындалған тексерістер:қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес;прокуратура органдарының актілері мен талаптарына сәйкес;дебиторлармен өзара есептеулерді анықтау мақсатында;кассадағы шығыстарды уақытша тоқтату жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін;жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;салық төлеушілердің өтініштері мен талаптарына сәйкес;салықтық тексеріс нәтижелеріне қатысты шағымдарды қарау үшін;2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептілік ұсынылған немесе кері қайтарылған кезде;камералдық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды растау мақсатында тағайындалған тексерістер жүргізіледі.Соттық талап-арыздармикро және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану;2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген тіркеу (қайта тіркеу) әрекеттерін жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру тоқтатылады.Құқық қорғау органдарының материалдары негізінде басталған талап-арыздар бұл шектеуге жатпайды.Әкімшілік жауапкершілік2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:қосылған құн салығы бойынша тіркеуге уақтылы қоймағаны үшін;қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қойылмаған кезеңдегі айналымдар үшін;2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бойынша салықтық есептілікті тапсырамағаны үшінмикро және шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар істерін қозғау тоқтатылады:«Таза парақ» тәсілін жүзеге асырудың мақсаты:әкімшілік және фискалдық жүктемені азайту;микро және шағын бизнесті қолдау;кәсіпкерлерді жүргізіліп жатқан салықтық және институционалдық реформаларға бейімдеуге жағдай жасау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156557?lang=kk
Страсбургтағы халықаралық лицейде ядролық қаруға қарсы көрме ұйымдастырылды 02.02.2026
Страсбург, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Страсбург қаласындағы жетекші халықаралық оқу орындарының бірі – Lycée International des Pontonniers алаңында Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардың жойқын зардаптарына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.Өз жобалық жұмысы аясында лицейдің қазақстандық оқушысы Әмірхан Толыбек оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы оқиғаларға жетелейтін және ядролық сынақтарға байланысты үрейлі шындықты ашатын экспозициясын ұсынды.«Ұсынылған суреттемелер бір мемлекеттің, қазақстандық халықтың тарихын, менің отандастарымның бірнеше буынының тағдыры мен қайғыларын сипаттайды. Бұл бейнелеулер Семей полигоны аумағында 40 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген 450-ден артық ядролық сынақтың қайғылы салдарын дәлелдейді. Фотосуреттер арқылы қазіргі ұрпақтың бұл ажал құралына ешқашан қайта жолықпауына назар аудартқым келді, себебі сынақтардың салдарын қысқа мерзімде жою мүмкін емес, ал «жарылыстардың жаңғырығы» тіпті шөберелердің бойынан да сезіледі», – деп А.Толыбек қатысушылар алдында сөз сөйледі.Кеңінен ұсынылған презентация арқылы лицей оқушылары ядролық қарудың пайда болуының тарихымен және оның апатты салдарымен толыққанды танысуға, сондай-ақ қайғылы әрі ауыр тағдырлы Курчатов қаласының жағдайын сезінуге мүмкіндік алды.Көрермендерге Қазақстандағы «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының дамуы және БҰҰ шешімімен, Қазақстанның елеулі үлесін мойындай отырып, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтілетін – 29 тамыз күнінің (1949 ж. алғашқы сынақ күні, сондай-ақ егемен Қазақстан 1991 ж. сынақ полигонын жапқан күн) маңыздылығы туралы баяндалды.Презентацияға қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарының бірі – ядролық қарусыздануға бейілділігі, сондай-ақ әлемдегі көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мемлекеттің маңызды халықаралық бастамалары туралы хабардар етілді.1902 жылы негізі қаланған Понтоннье халықаралық лицейі халықаралық секцияларға ие бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын Страсбург академиясына қарасты оқу орны болып табылады. Лицей өз кең ауқымды академиялық бағдарламалары мен шет тілдерін терең оқытуы негізінде еуропалық және халықаралық бағыттағы білім беру мекемелеріне берілетін Euroscol белгісіне ие (Францияның Білім министрлігі тарапынан берілетін мемлекеттік сапа белгісі).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1152608?lang=kk
«Таза парақ» микро және шағын бизнес үшін! 02.02.2026
Экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады.2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімге сәйкес төмендегілерді бекіту көзделеді:— микро және шағын бизнес субъектілерін тарату және қызметін тоқтату қағидалары;— 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салықтық берешек болған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды, сондай-ақ қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін салынған айыппұлдарды есептен шығару қағидалары. Аталған Қағидалардың жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.Күшіне енуінің жоспарланған мерзімі — 2026 жылғы ақпан айының басы. Қосымша ұйымдастырушылық-жедел шаралар Камералдық бақылауКамералдық бақылау 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салықтық есептілікке, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бойынша салықтық міндеттемелерге қатысты жүргізілмейді, келесі жағдайларды қоспағанда:— резидент емес тұлғалардың кірістеріне салық салу;— 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін көрсетілген кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсыну;— 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептілікті кері қайтарып алу;— салық заңнамасында көзделген, камералдық бақылауды жүргізуді талап ететін салық төлеушінің өтініштері және (немесе) талаптары;— бюджеттен ҚҚС қайтару бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде қызмет алушының жеткізушілеріне қатысты. 17 желтоқсан 2025 жыл мерзімі 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған оңайлатылған декларацияны және 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған өзге де декларацияларды салықтық міндеттемелерді көрсетпей ұсыну тәуекелдерін азайту мақсатында белгіленді. Салықтық тексерулер2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерулер жүргізілмейді, келесі жағдайларды қоспағанда:— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған тексерулер;— қарсы (кездес) салықтық тексерулер;— келесі шеңберде тағайындалатын тексерулер:қылмыстық-процестік заңнама аясында;прокуратура органдарының актілері мен талаптары бойынша;дебиторлармен өзара есеп айырысуларды айқындау үшін;касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің орындалуын бақылау үшін;жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;салық төлеушілердің өтініштері мен талаптары бойынша;салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдар бойынша;2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептілікті ұсыну немесе кері қайтарып алу кезінде;камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды растау үшін. Сот талаптарыТөмендегілер бойынша талап қою тоқтатылады:— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы;— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы.Ерекшелік — құқық қорғау органдарының материалдары негізінде бастамашылық етілген талаптар. Әкімшілік жауапкершілік2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істерін қозғау тоқтатылады:— ҚҚС бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін;— ҚҚС бойынша тіркеуде тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін;— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық міндеттемелерге қатысты салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін. Шаралардың мақсаты «Таза парақ» тәсілін іске асыру мынаған бағытталған:— әкімшілік және фискалдық жүктемені азайтуға;— микро және шағын бизнесті қолдауға;— кәсіпкерлердің жүргізіліп жатқан салықтық және институционалдық реформаларға бейімделуіне жағдай жасауға. Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру және фискалдық саясатты дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі бизнеске Салық кодексіндегі өзгерістерге бірқалыпты бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында 2026 жыл ішінде микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселелерін қосымша пысықтауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1152658?lang=kk
Маңызды ескерту. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады. 02.02.2026
📜 Соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар түсуде. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады. Бұл — алаяқтар.Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену.Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу «растау коды» немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. МКК қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.Сілтемелерге өтпеңіз. Егер «салық органынан» келгендей күмәнді хатта «төлеу» немесе «тексеру» батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз. ✅ Не істеу керек:күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз. 🔰Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту. Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;E-Salyq Business мобильді қосымшасында;банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып. 📌Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады. Ақпаратты тексеріңіз.Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1152666?lang=kk
Қызылжар ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 02.02.2026
Қызылжар ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдіктерді сақтау;- әртүрлі елде мекендерде орналасқан объектілер бойынша мүлік салығын есептеуді ұсыну туралы;- ЕАЭО-ға тауарлар импорты бойынша қызмет үшін салық салу өзгерді ме;- салық төлеушінің ескі кабинетін қанша уақыт фнкциялау керек;- 2026 жылғы ЖШС құрылтайшылары үшін ЖТС есептеу тәртібі.- ШФҚ үшін АСР бойынша сұрақтар;Спикерлер: СҚО бойынша МКД басқармаларының басшылары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1152494?lang=kk
Рыбакина әлемнің 1-ші ракеткасын жеңіп, Австралия ашық чемпионатының титулын жеңіп алды 02.02.2026
Астана, 2026 жылғы 31 қаңтар — Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 31 қаңтарда Мельбурн қаласында Қазақстан әйелдер теннисі құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінің жеңімпазы атанды.Финалдық матчта Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкомен тартысты өткен үш сеттік кездесуде басым түсті. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңіске жеткенімен, Соболенко екінші сетте дәл сондай есеппен есе қайтарды. Дегенмен, шешуші кезеңде Рыбакина салқынқандылық танытып, ойынды 6:4 есебімен аяқтап, чемпиондық титулды иеленді.Бұл жеңіс — Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдон турнирінен кейінгі «Үлкен дулыға» сериясындағы екінші жеңісі.Осы аптаның басында Рыбакина Australian Open финалына шығуының арқасында WTA әлемдік рейтингісінде үшінші сатыға көтерілген болатын. Бұл оның спорттық мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің үшінші финалы болды.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі айтулы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы оның «айқын жеңісін» жоғары бағалап, спортшының тағы да бір мәрте «жоғары шеберлік пен жеңіске деген мұқалмас жігер» көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ Президент оның бұл жетістігі әлемдік теннис қауымдастығының таңданысын тудырғанын айтып, алдағы ең беделді турнирлерде жаңа табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1153110?lang=kk
Маңызды ескерту. 02.02.2026
Соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар түсуде. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.Бұл — алаяқтар.Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену.Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу «растау коды» немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. МКК қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.Сілтемелерге өтпеңіз. Егер «салық органынан» келгендей күмәнді хатта «төлеу» немесе «тексеру» батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз.✅ Не істеу керек:күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз.Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту.Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;E-Salyq Business мобильді қосымшасында;банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып.Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.Ақпаратты тексеріңіз.Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.аАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1152507?lang=kk
Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалауды бастау туралы 02.02.2026
«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасында сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар талаптар күшіне енгенге дейін таңбалау жүйесінде тіркеуден өтуі қажет.Цифрлық таңбалау сыра өнімінің айналымын айқын көрсетуді қамтамасыз етеді, өндіріс пен импортқа бақылауды күшейтеді, заңсыз өнім таралуын азайтады және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырады.Міндетті таңбалау мерзімдері:- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтегі сыра және сыра сусындары;- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – бөтелкедегі сыра және сыра сусындары;- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкадағы сыра және сыра сусындары.2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сәйкестендіру құралдарынсыз сыра мен сыра сусындарын өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтарын тауарлар айналымына қатысушылар күнтізбелік бір жыл ішінде өткізе алады.Сыра мен сыра сусындарын таңбалауды енгізу кезеңдеріне арналған бейнероликтер «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» YouTube-арнасында орналастырылған.https://www.youtube.com/@tanbakzhttps://markirovka.ismet.kz/ru/business/product/pivovarennaya-produkciya- Сыра және сыра өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар үшін ТТҚ АЖ-ға тіркелу- ТТҚ АЖ жүйесінде жұмысты бастау (профильді баптау және рөлді қосу)- ТТҚ АЖ жүйесінде тауар карточкаларын тіркеу- ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарына тапсырыс беру- ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарын жағу туралы есепті жіберуТаңбалау жүйесінде тіркелу, таңбалау кодтарын алу немесе техникалық қолдау қажет болса, тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторға хабарласыңыз: 8 800 080 65 65 (қоңырау тегін).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1152481?lang=kk
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа 02.02.2026
QazETA – шетел азаматтарының негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.Жоба шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылының заманауи әрі қолайлы моделін қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасы келесі мақсаттарға бағдарланған:Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен болу рәсімдерін оңайлату;елге кіруден бастап күнделікті сервистерге дейін мемлекеттік қызметтермен бірізді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін қалыптастыру;үдерістердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильдік форматқа көшіру.Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, платформаны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы кезеңде төмендегі қызметтер қолжетімді:электрондық визаларды (e-Visa) беру;электрондық кіру рұқсатын (ETA) рәсімдеу;Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін (e-Residency) алу;шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру (оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында).Платформаның негізгі сервистері1. Электрондық виза (e-Visa)Электрондық виза – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізімі қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір мәртелік электрондық визаны рәсімдей алады:«A3» (қызметтік), «A5» (инвесторлық), «B1», «B2», «B3» (іскерлік), «B9-1» (Digital Nomad Visa), «B10» (жеке), «B12» (туристік), «C12» (емделу мақсатында).Электрондық виза электрондық форматта рәсімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек виза иесіне ғана қолданылады, ілесіп жүретін тұлғаларға таралмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта рәсімдеу қажет.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына кіріп-шығуды жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асыра алады. 2. Электрондық кіру рұқсаты (Electronic Travel Authorization, ETA)ETA Қазақстан Республикасының визасыз режимі қолданылатын елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электрондық форматта рәсімделеді.Қазақстанға сапар жоспарлаған шетел азаматтары ETA алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын береді.ETA-ның жарамдылық мерзімі – 180 күн.Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы нақты болу мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.Сонымен бірге, берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіру туралы түпкілікті шешім шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы тарапынан қабылданады.ETA алудан босатылатындар:дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;ресми делегация мүшелері;Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері.Пилоттық кезеңде визасыз режим қолданылатын елдер азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Осы кезең аяқталғаннан кейін аталған санаттағы азаматтар үшін ETA алуды міндетті ету кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. 3. Электрондық резиденттік (e-Residency)e-Residency – Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Астана халықаралық қаржы орталығының (МФЦА) юрисдикциясы шеңберінде цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін инновациялық құрал.Электрондық резиденттік МФЦА юрисдикциясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) қашықтан алу;банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;eSIM рәсімдеу;компанияларды қашықтан тіркеу және бизнесті жүргізу.4. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру(оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында).Алдағы уақытта функционалды кеңейту жоспарлануда, соның ішінде: медициналық сақтандыруды рәсімдеу, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жеделдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі, сервистік алымды төлеу және өзге де цифрлық сервистер.QazETA мобильдік қосымшасы Play Market және App Store платформаларында жүктеу үшін қолжетімді.Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1153106?lang=kk
Виктор Цойға арналған естелік концерт өтті 02.02.2026
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің орындауында аңызға айналған музыкант Виктор Цойдың шығармашылығына арналған естелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында көрермендерге Виктор Цойдың кеңінен танымал әндері үрлемелі аспаптарға лайықталып, жаңа музыкалық өңдеуде ұсынылды. Оркестр орындауындағы композициялар рок музыка мен симфониялық әуеннің үйлесімін көрсетіп, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады.Концерт бағдарламасы көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, зал лық толды. Музыкалық кеш барысында Виктор Цойдың шығармашылығы, оның музыка әлеміндегі орны мен рухани мұрасы ерекше атап өтілді. Көрермендер орындаушыларды жылы қабылдап, әр номерді зор ықыласпен тыңдады.Аталған концерт жас ұрпақты сапалы музыкаға баулып, әлемдік рок мәдениетінің көрнекті өкіліне деген құрметті арттыруды мақсат етті.Шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдармандарға ұмытылмас әсер қалдырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1152485?lang=kk
C5+K форматы аясында кедендік ынтымақтастық кеңеюде 02.02.2026
Сеул, 2026 жылғы 30 қаңтар – Сеул қаласында Корея Республикасының Кеден қызметі ұйымдастырған «Орталық Азия мен Корея Республикасы арасындағы сауданы жеңілдету» тақырыбындағы іс-шара өтті.Іс-шара барысында кедендік өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, сондай-ақ сауданы жеңілдету және кедендік рәсімдерді оңайлату бойынша практикалық шаралар талқыланды.Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстанның Елшісі Н.Арыстанов кедендік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы өзара сауда мен іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді. Осы контексте ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия мен Еуропа арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды тетігі ретінде көліктік және транзиттік әлеуетін дамытуға айрықша мән беретінін жеткізді.Тараптар сондай-ақ кедендік рәсімдерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын және үлкен деректерді талдауды қолдануды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, тәжірибе мен озық практикалар алмасуға дайын екенін білдірді.Корея Республикасының Кеден қызметінің басшысы Мён Гу Ли Орталық Азия елдерінің жоғары көлік-логистикалық әлеуетіне назар аударып, олардың Азия мен Еуропаны жалғайтын маңызды көпір ретіндегі рөлін айқындады. Сондай-ақ қағазсыз сауданы дамыту мақсатында Digital Silk Road концепциясын ілгерілетудің маңызын атап өтті.Жалпы алғанда, іс-шара Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимылдың оң серпінін және рәсімдерді жеңілдетуге әрі өзара сауданы дамытуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге тараптардың ниетін растады.Айта кету керек, Қазақстан мен Корея Республикасы арасында кедендік ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен комитет жұмыс істейді, оның шеңберінде кедендік әкімшілендірудің өзекті практикалық мәселелері қаралады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрап, 1,4%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1152423?lang=kk
Ш.А. Ибрагимовке «Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы 02.02.2026
2026 жылғы 27 қаңтардағы Агенттік Басқармасының № 6 қаулысымен Шухрат Алиджанович Ибрагимовке «Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1152466?lang=kk
“Ән салайын” атты дәстүрлі ән кеші өтті! 02.02.2026
Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Дәнеш Рақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда «Ән салайын» атты дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті.Аталған мәдени іс-шараның басты мақсаты – ұлттық ән өнерін насихаттау, дәстүрлі ән мектебінің сабақтастығын сақтау, сондай-ақ Дәнеш Рақышевтің бай шығармашылық мұрасын көпшілікке кеңінен таныту болды.Концертке Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысты. Атап айтқанда, «Жетісу» би ансамблі, «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, сондай-ақ филармонияның беделді әншілері өнер көрсетті. Ұжымдар мен жеке орындаушылар көрермен назарына қазақтың халық әндері мен дәстүрлі музыкалық шығармаларын ұсынды.Кеш барысында орындалған әрбір өнер туындысы ұлттық нақышта безендіріліп, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды әрі әсерлі мәдени кеш ретінде жоғары бағаланды.«Ән салайын» атты дәстүрлі ән кеші қазақ халқының бай музыкалық мұрасын дәріптеуге, тарихи тұлғаның өнердегі орнын насихаттауға және өңірдің мәдени өмірін жандандыруға өз үлесін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1152469?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде шахмат пен тоғызқұмалақтың үздіктері анықталды 02.02.2026
Астанада XVI Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында шахмат пен ұлттық үстел ойыны – тоғызқұмалақтан чемпионат өтті.Зияткерлік сайыс Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ұйымдастырылды. Жарысқа 41 команда құрамында 120-дан аса әскери қызметші қатысты. Төрешілік екі топ бойынша жүргізілді. Бірінші топқа Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың департаменттері, басқармалары және орталықтарының командалары кірді. Екінші топта Қарулы күштердің бас басқармалары, басқармалары, әскери бөлімдері мен мекемелерінің құрамалары бақ сынады.– Шахмат пен тоғызқұмалақ стратегиялық ойлауды, төзімділікті және салмақты шешім қабылдау қабілетін дамытады. Бұл қасиеттер іс-әрекеттің тиімділігіне тікелей ықпал етіп, жеке құрамның командалық рухын нығайтады, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы полковник Төлеген Бөлежанов.Жарыстың бірінші топтағы қатысушылары арасында командалық есепте шахматтан Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері жеңіске жетті. Екінші орынға Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының командасы тұрақтаса, үшінші орын – Әскери өкілдіктер орталығына бұйырды.Екінші топта зияткерлік жарыстың жеңімпазы атанған – 14776 әскери бөлімінің құрамасы. Екінші орынды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының шахматшылары, үшінші орынды Қарулы күштер Тыл бастығы басқармасының командасы иеленді.Тоғызқұмалақ ойынынан бірінші топта Экономика және қаржы департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын – 65235 әскери бөлімінің командасына, үшінші орын – Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментіне бұйырды. Екінші топта бірінші орынды 14776 әскери бөлімінің құрамасы, екінші орынды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының өкілдері, үшінші орынды Әскери полиция бас басқармасының командасы олжалады.Екі спорт түрінен жалпыкомандалық есепте 14776 әскери бөлімінің өкілдері чемпион атанды. Күміс жүлде Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының зияткер спортшыларының, ал қола жүлде – Әскери полиция бас басқармасының еншісінде. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152277?lang=kk
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА 02.02.2026
30 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде драматург Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясының премьерасы өтті. Қойылымды Халық театрының әртістері сахналады.Спектакль отбасылық қарым-қатынаста кездесетін күлкілі әрі кейде абсурдты жағдайларды жеңіл әрі тартымды түрде көрсетеді. Комедиялық жанрға қарамастан, қойылымда туған тілді сақтау, ұлттық құндылықтар мен рухани тамырларға деген құрмет мәселелері қозғалады.Сюжет барысында қала мен ауыл өмірі қатар көрсетіліп, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1152284?lang=kk