Enbekshi QazaQ

Саясат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды 22.09.2026
2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша 117 712 алушыға жалпы сомасы 30,51 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 788 жас қазақстандыққа 183,65 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 437 қазақстандыққа 102,17 мың АҚШ доллары төленді.Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 47 584 азаматқа жалпы сомасы шамамен 12,96 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді.Бұдан басқа, мынадай бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 2 309 алушыға жалпы сомасы 587,56 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 861 азаматқа 220,44 мың АҚШ доллары бағытталды.Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады.2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 74,46 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 226 азамат алды.Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".         Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWUБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1296152?lang=ru
Алматы облысындағы егіс алқабынан 1,5 миллион тоннадан астам өнім жиналды 17.09.2026
Алматы облысында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 440 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бүгінде шаруалар оның 334 мың гектарын орып, өнімін жинап үлгерді. Қажырлы еңбектің арқасында қамбаға 1,5 миллион тоннадан астам сапалы өнім түсті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау бойынша жоспардың 60%-дан астамы орындалды. Оның ішінде, арпа алқабындағы қызу жұмыс толығымен тәмамдалып, 152 мың тоннадан астам өнім жиналды. Бидай мен сұлы дақылын жинау аяқталуға жақын болса, жүгері мен күріш өнімін жию енді басталды. Биыл 5,2 мың гектар жерден 22,2 мың тонна күріш алу жоспарланып отыр.Майлы дақылдардың 32,5 мың тоннасы жиналып, егістіктегі қарқынды жұмыс жалғасуда. Ал бақша дақылдары бойынша 73,7 мың тонна өнім алынып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар қысқы мал азығы үшін 765 мың тоннадан астам өнім дайындалды.Ал көкөніс, оның ішінде картоп алқабындағы қарбалас тірлік әлі толастаған жоқ. Дала төсінде техника үні дамылдамай, шаруалар атыраптағы өнімді шашау шығармай жинап алуға бар күшін салып жатыр. Мәселен, Райымбек ауданындағы «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі «PepsiCo» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде чипсы дайындауға арналған картопты өндіріске жөнелтуді бастады. Демек жергілікті өнімнен әзірленген қытырлақ тіскебасардан дәм тататын күн де алыс емес. Бұл – шаруалардың тынымсыз еңбегі мен су үнемдеу технологиясын тиімді пайдаланудың нақты нәтижесі.«Биыл 200 гектар жерге картоп ектік. Оның 160 гектары чипсы шығаратын өндіріске бағытталды. Ал қалған 40 гектары тұқым өсіруге арналған. Қазіргі таңда «PepsiCo» компаниясына 20 тонна алғашқы өнімімізді жібердік. Енді әр екі күн сайын картоп толы екі жүк көлігі кәсіпорынға жол тартады. Келісімшарт бойынша жалпы 3 000 тонна картоп тапсыруымыз керек. Жұмысты енді бастап жатырмыз. Әлі 2 900 тоннадан астам өнім жібереміз. Картоп жинау шамамен бір жарым айға, яғни қазан айының ортасына дейін жалғасады. Өнімділік әр гектарына шамамен 20 тоннадан айналып жатыр. Биыл құрғақшылық болғанына қарамастан, жаңбырлатып суғару жүйесін орнатып, су тапшылығын сезінген жоқпыз. Өнім көңілдегідей жақсы шықты», – деді «Алтын дән-1» кооперативінің төрағасы Дулат Құлмамыров.Картоптың отаны саналатын Райымбек ауданында биыл 2400 гектар алқапқа өнім егілген. Шаруалар күн суытып, қар түспей картопты жинап үлгереміз дейді. Ол үшін қажетті техника мен жанар-жағармай қоры жеткілікті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1293163?lang=ru
Алматы облысында таулы аймақтағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделуде 17.09.2026
Алматы облысының Райымбек ауданында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр. Инфрақұрылымның жаңаруы Шалкөде, Шұбартал, Байынқол және Көккемер жайлауына кедергісіз жетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында тұмса табиғатты тамашалауға келетін туристер саны да артады. Кәсіпкерлікті дамытып, жергілікті халықтың табысын арттыруға оң ықпал етеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Көккемер жайлауындағы сұлулығы жан тербететін туристік нысанның бірі – теңіз деңгейінен 3600 метр биіктікте орналасқан Текес сарқырамасы. Жергілікті халық Күркілдек деп те атайды. Сарқырама қарағайлы орманмен көмкеріліп, жасыл-желекке оранған таулы аймақтың ажарын ашып, сәнін келтіріп тұр. Нысан «Нарынқол орман шаруашылығы» мекемесінің қарамағында. Күн санап бұл жерге қызығушылық танытатындар саны артып келеді. Алдағы уақытта туристер аталған аумаққа оңай жете алады. Себебі Көккемер жайлауының кіреберісіндегі 21 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Ол үшін 10 техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде жұмыстың 30% атқарылды. Келесі жылы толығымен аяқталады.Одан бөлек атақты Шалкөде жайлауының кіреберісіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысы қолға алынды. Жалпы ұзындығы – 32,5 шақырым. Қазіргі уақытта 26 шақырым жол негізі дайындалды және 10 су өткізгіш құбыр ауыстырылып, 4 шақырым асфальт жабыны төселді. Бүгінде жөндеу жұмысының жартысынан көбі орындалды. Жыл соңына дейін тәмамдалады.Шұбартал жайлауы да – туризмді дамытуға ыңғайлы таптырмас аймақ. Мұнда ұзындығы 28,5 шақырым болатын жол салыну үстінде.Көркі көз тұндырар тағы бір нысан – Байынқол аңғары. Бүгінде 13 шақырым жолдың орташа жөндеуі 30%-ға бітті. Сонымен қатар жол бойында арнайы автотұрақ қарастырылған. Жоба 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Бұл игі жұмыстар туризмі түлеп келе жатқан Райымбек ауданының дамуына серпін береді. Сапалы жол – аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен туризмді тұрақты ілгерілетудің кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1293106?lang=ru
Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды 16.09.2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, жүлделі оралған Алматы облысының спортшылары марапатталды. Қырғызстанда өткен халықаралық додада бабы мен бағы қатар жанған жүлдегерлерге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов алғыс айтып, ілтипат білдірді, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.“Көшпенділер ойындары – халқымыздың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, ат үстіндегі өнерін әлемге танытатын аса маңызды халықаралық жарыс. Әлемнің 100-ден астам елінен кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл – еліміз үшін үлкен мақтаныш. Біз үшін тағы бір ерекше қуаныш – ел құрамасының сапында Алматы облысы атынан өнер көрсеткен спортшылардың жүлделі орындарға ие болуы. Бұл ретте спортшыларымыздың жеңісіне жол ашқан бапкерлердің де еңбегін ерекше атап өткім келеді. Өңірде ұлттық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасынан спорт резервін қалыптастыруға ерекше басымдық беріліп келеді. Соңғы жылдары ұлттық спортқа бет бұрған жастардың қатары айтарлықтай артты. Алдағы уақытта ұлттық спортты кеңінен дәріптеуге, оны бұқаралық сипатқа жеткізуге, жас таланттарды іріктеп, мықты спорт резервін қалыптастыруға және ел абыройын асқақтататын саңлақтарға жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық береміз. Ұлттық спорттың өркендеуі заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылымға да тікелей байланысты, – деді Шыңғыс Сайранұлы.Сондай-ақ спорт нысандарын салу мен жаңғырту және әрбір тұрғынның спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын тілге тиек етті. Аймақ басшысы санаулы күндерден соң жалауы желбірейтін ХХ Азия ойындарына Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының 24 өкілі спорттың 13 түрінен бақ сынайтынын айтып, барша тұрғындарды осы байрақты бәсекеге қатысатын жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырды.Бүгінгі іс-шара барысында «Алатау» федерациясының президенті Сәбит Қасенов, көкпардан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрешісі Елдос Тілебалдиев және аламан бәйгеден, көкпардан, көкбөріден жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Президентің “Алғыс хаты” табысталды. Өзге спортшылар мен бапкерлер де облыс әкімінің “Құрмет грамотасы” және “Алғыс хатпен” марапатталды.Дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, жеңіспен оралған спортшылар өздерін елеп-ескерген Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1292980?lang=ru
Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында ҚР Әділет министрлігі мен Кореяның Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 16.09.2026
Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.Меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1292416?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді 15.09.2026
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.   Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда)  зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1291903?lang=ru
1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек 14.09.2026
Алматы облысы биыл мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр облыс алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам түсім қамтамасыз еткен. Оның ішінде республикалық бюджетке – 490,5 млрд, жергілікті бюджетке 628,6 млрд теңге түсті, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салық түсімдерінің тұрақты өсуі өңір экономикасының да алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Соның бір мысалы – облыстық бюджетке қаржы аударатын донор аудандар санының көбеюі. Алматы облысы қайта құрылғанға дейін Іле және Қарасай аудандары ғана донор болса, қазір олардың қатарына Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалалары қосылды. Осылайша донор аумақтар саны 2-ден 7-ге жетті.Донор аумақтардың көбеюіне жаңа өндірістердің іске қосылуы, инвестицияның артуы және кәсіпкерліктің дамуы әсер етті. Соңғы жылдары облыста KT&G, PepsiCo, ТехноНИКОЛЬ және «Жетісу Вольфрамдары» сияқты ірі компаниялардың жаңа өндірістік жобалары іске қосылды. Сондай-ақ, Іле ауданында ФМК мен JTI кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын кеңейтуі де салық түсімдерінің өсуіне ықпал етті.«Донор аудандардың саны ғана емес, облыстық бюджетке аударатын қаржы көлемі де артып келеді. 2024 жылы донор аудандардан облыстық бюджетке 276,5 млрд теңге түсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 292,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 241,9 млрд теңге түсті. Биылғы жылдық жоспар – 542,6 млрд теңге. Ең көп түсім түсіретін аудан – Іле ауданы. Былтыр аудан облыстық бюджетке 249,3 млрд теңге аударса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында – 165,2 млрд теңге түсті. Бұл облыстық бюджет кірістерінің 42,4 пайызын құрайды», – деді Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.Салық түсімдерінің қазіргі өсім қарқыны сақталса, Алматы облысы 2029 жылға қарай республикалық бюджетке қаржы аударатын донор өңір мәртебесін алуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1290991?lang=ru
Қаратау ауданында кешенді тексеру: басшылық нақты міндеттер қойды 12.09.2026
Қаратау ауданында кешенді тексеру: басшылық нақты міндеттер қойды
Шымкент қысқа дайын: «Әділет» партиясы жылу жүйелеріне мониторинг жүргізді 12.09.2026
Шымкент қысқа дайын: «Әділет» партиясы жылу жүйелеріне мониторинг жүргізді
Ынтымақ шағынауданында жол қауіпсіздігі жаңа деңгейге шықты: белгілер орнату жұмыстары жүргізілуде 12.09.2026
Ынтымақ шағынауданында жол қауіпсіздігі жаңа деңгейге шықты: белгілер орнату жұмыстары жүргізілуде
Шымкент орталығында жол жөндеу: Т.Рысқұлов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі 12.09.2026
Қазақстанның оңтүстік өңірінің іскери және мәдени орталығы болып саналатын Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына маңызды хабарлама жеткізілді. 11 қыркүйек 2026 жыл күні қала әкімдігі Т.Рысқұлов көшесінде жоспарлы жол жөндеу жұмыстарының басталатынын ресми мәлімдеді. Осыған орай, Бәйтереков көшесінен Жолан батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы бір бағытта уақытша шектелетіні белгілі болды. Жұмыстар 12 қыркүйек сағат 07:00-ден басталып, 13 қыркүйек сағат 19:00-де аяқталады деп жоспарланған.
Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер Алматы облысы аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде 09.09.2026
Алматы облысында Қазақстан, Ресей және Беларусьтің жетекші медициналық ұйымдарының клиникалық базаларында білім алып, біліктілігін арттырған мамандардан құралған мобильді медициналық топтардың жұмысы жалғасуда. Дәрігерлер аудан тұрғындарына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп, жергілікті медицина қызметкерлеріне практикалық оқыту жүргізуде -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.2026 жылы медицина кадрларының біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 160 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 100 млн теңге 37 дәрігердің шетелде білім алуына бағытталды. Наурыз–сәуір айларында мамандар Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының клиникалық базаларында алғашқы медициналық-санитариялық көмек, ана мен бала денсаулығын сақтау, гематология, кардиология, нейрохирургия, онкология және басқа да бағыттар бойынша білімдерін жетілдірді.Алынған білім мен практикалық тәжірибе облыстың медициналық ұйымдарының жұмысына, оның ішінде мобильді медициналық топтардың аудандық елді мекендерге шығуы арқылы енгізілуде.Осы жұмыс аясында мамандар Балқаш, Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Барлығы 1 137 пациент қабылданып, түрлі күрделіліктегі 6 ота жасалды. Сонымен қатар дәрігерлер алғаш рет анықталған аурулар бойынша кеңес беріп, емдеу тактикасын айқындап, диспансерлік бақылау мәселелері бойынша ұсынымдар берді.Әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды. Акушер-гинеколог 383 әйелге кеңес беріп, оның ішінде 13 әйелге прегравидарлық дайындық бойынша ұсынымдар берді. Педиатр 238 баланы қарап-тексерді. Оның ішінде 47 бала «Дені сау бала» кабинетінде қамтылса, 32 бала сүзгі кабинетінде қаралды.Психиатр диспансерлік есепте тұрған 129 пациентке консультация жүргізді. Балалар нейрохирургі 46 пациентке кеңес беріп, бір науқасқа менингиолиз және титан пластинасын қолдана отырып краниопластика бойынша бірегей операция жасады. Хирург 80 пациентті қабылдап, 4 ота жасады. Травматолог 57 пациентке кеңес беріп, бір ота жүргізді.Жалпы практика дәрігерлері 227 пациенттіқабылдады. Созылмалы аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Практикалық тәжірибе алмасуға да ерекше көңіл бөлінуде. Неонатолог перзентхана қызметкерлеріне жаңа туған нәрестені алғашқы тұрақтандыру, өкпені жасанды желдету параметрлері және шала туған балаларға күтім жасау бойынша үш тренинг өткізді. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және басқа да өзекті тақырыптар бойынша мастер-кластар мен семинарлар ұйымдастырылуда.Мобильді медициналық топтың кезекті сапары 7 -  8 қыркүйек күндері Қарғалы аудандық ауруханасында өтті. Оның құрамында облыстық деңгейдегі мамандар – - онколог-рентгенолог, инфекционист және акушер-гинеколог болды.Екі күн ішінде дәрігерлер аудан тұрғындарын қабылдап, 35 маммографиялық зерттеу жүргізді. Инфекционист 27 пациентті, ал акушер-гинеколог 34 жүкті әйелді қарап-тексерді.Пациенттерді қабылдаумен қатар, мамандар жергілікті медицина қызметкерлеріне практикалық сабақтар өткізді. Рентген-лаборанттарға маммография жүргізу және алынған түсірілімдерді бағалау бойынша оқыту ұйымдастырылды. Әйелдер консультациясының мамандарына тәжірибелік сабақ өткізіліп, «Жүкті әйелдердегі гепатит» тақырыбында дәріс оқылды.Осылайша, мобильді медициналық топтардың жұмысы бір мезетте екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді: аудан тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және жергілікті медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.Мамандардың аудандық медициналық ұйымдарға шығуы ауруларды ерте анықтауға, емдеу мен диспансерлік бақылаудың одан арғы тактикасын айқындауға, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін аудандық медицина ұйымдарының жұмысына енгізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бейінді мамандардың аудандық медициналық ұйымдарға шығуы жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Мобильді медициналық топтардың жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1288279?lang=ru
Алматы облысында жалақысы 1 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындары бар 08.09.2026
Алматы облысында білікті мамандарға 1,25 млн теңгеге дейінгі жоғары жалақы ұсынылуда. Өңірдегі Электрондық еңбек биржасында басшылық қызметтерден бастап техникалық мамандықтарға дейін мыңдаған бос жұмыс орны бар.Өңірде білікті кадрларға сұраныс өте жоғары. Себебі жаңа өндіріс ошақтары ашылып, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салалар қарқынды дамуда. Тиісінше еңбек нарығында маман тапшылығы сезіле бастаған. Сондықтан кейбір жұмыс берушілер жоғары жалақы ұсынып, мықты мамандарды іздестіруде.Мәселен, облыстағы мекемелердің бірі заң бөлімінің басшысы лауазымына 1,25 млн теңге жалақы төлеуге дайын.Сонымен қатар өзге де кәсіпорындардағы бірқатар басшылық және жоғары білікті мамандар үшін жалақы 1 млн теңгеге дейін жетеді. Олардың қатарында бас бухгалтер, бөлім басшысы, бас механик және жоба бойынша бас технолог бар.Медицина саласында жалпы хирург дәрігеріне 950 мың теңгеге дейін, бас дәрігер немесе мекеме басшысына 877 мың теңгеге дейін жалақы ұсынылады.Техникалық мамандықтар бойынша да жалақы деңгейі жоғары. Бас инженер, геодезист, тиегіш машиналардың машинисі, жинақтаушы және қойма меңгерушісі сияқты мамандарға 600–700 мың теңге көлемінде жалақы ұсынылады.Мамандар алдағы бес жылда облысқа 21 мыңнан астам маман қажет дейді. Еңбек нарығына жүргізілген мониторинг барысында өңірде кадрларға деген сұраныстың тұрақты екені байқалған.Атап айтқанда, 2026 жылы – 4 792 маман, 2027 жылы – 4 723, 2028 жылы – 4 793, 2029 жылы – 4 245, 2030 жылы – 3 790, ал 2031 жылы – 3 856 маман қажет болады.2026 жылы мамандарға деген ең жоғары сұраныс құрылыс саласында қалыптасып отыр. Бұл бағытта 661 маман қажет. Ауыл шаруашылығында – 557, өнеркәсіп пен өндірісте – 333, көлік және логистика саласында – 246, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен энергетикада 157 маманға сұраныс бар.Еңбек нарығындағы сұранысты Электрондық еңбек биржасындағы көрсеткіштер де растайды. Мәселен, Enbek.kz платформасында Алматы облысы бойынша 2 637 хабарландыру жарияланып, 5 115 бос жұмыс орны ұсынылған. (Enbek.kz⁠)Бос жұмыс орындарының ең көп бөлігі білім беру саласына тиесілі – 1 238 орын. Өндірісте – 472, ауыл шаруашылығында – 240, денсаулық сақтау саласында – 192, құрылыста – 175, көлік және логистикада 170 бос жұмыс орны бар.Сондай-ақ сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және энергетика салаларында да мамандарға сұраныс өте жоғары.Ресми статистика бойынша, 2026 жылдың I тоқсанында Алматы облысында орташа айлық 376 012 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1287849?lang=ru
Биыл Алматы облысында 510 шақырым жол жөнделеді 08.09.2026
Алматы облысында автомобиль жолдарын жөндеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Биыл ұзындығы елу шақырым болатын облыстық маңызы бар үш жол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Оған 16,6 млрд теңге қаржы бөлінген.Атап айтқанда, «Есік–Саймасай (Александровка)» автожолының 11,8 шақырымында асфальтбетон жабыны толық төселіп, жұмыстардың 95%-ы орындалды. Ал, «Алмалыбақ (Киз)–Жетісу» автожолының 18,1 шақырымындағы жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталды. Сондай-ақ “Алматы-1 – Шамалған станциясы – Ұзынағаш” автожолының 19,5 шақырымында жұмыстар 65%-ға орындалды.Бұдан бөлек Қарасай ауданындағы Қаскелең өзені арқылы өтетін көпір күрделі жөндеуден өтіп, нысан пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 551,5 млн теңге.Қазір Еңбекшіқазақ ауданындағы «Приканальная БАК» автомобиль жолының 54,8 шақырымында орналасқан Түрген өзені арқылы өтетін көпірді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Су шайып кеткен өткелді қалпына келтіруге 674,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.Бұдан бөлек, биыл жалпы ұзындығы 23,4 шақырым болатын 6 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 3 нысаны 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.Жолдарды күтіп-ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта бұл жұмыстарға 6 мердігер ұйым, 151 арнайы техника және 164 жол жұмысшысы жұмылдырылды.Бүгінде облыстық маңызы бар жолдарда 800 шақырым жол таңбасы жаңартылып, 65 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 480 жол белгісі, 2,5 шақырым темір қоршау және 42 автобус аялдамасы орнатылды.Аудандық деңгейдегі көше-жол желісін дамыту бойынша биыл 142 жоба іске асырылуда. Жобалар аясында жалпы ұзындығы 666 шақырым жолды қамтитын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 510,6 шақырымды 2026 жылы аяқтау, ал 155,4 шақырымды 2027 жылға өтпелі жоба ретінде іске асыру көзделген.Қазіргі уақытта биылға жоспарланған жұмыс көлемінің 63%-ы немесе 322,4 шақырымы жол жөнделді.Жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары облыстың барлық аумағында жалғасуда. Атап айтқанда, Қарасай ауданында жұмыстардың орындалу деңгейі 78%, Іле ауданында 77%, Жамбыл ауданында 75%, Еңбекшіқазақ ауданында 70%-ды құрайды.Сонымен қатар, Іле ауданындағы «Боралдай–Шіліккемер» автомобиль жолының екі учаскесінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға арналған автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаның орындалу деңгейі 70%, жұмыстарды 2026 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.Жалпы, облыста жол инфрақұрылымын жаңарту, автомобиль жолдарының сапасын арттыру және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1287736?lang=ru
Олжас Бектенов Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды 04.09.2026
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов және Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты.Роман Скляр депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидатты:  бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсыну туралы хатын оқыды. Жиынға 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83%-ы қолдады.Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.Өңір активімен өткен жиында Премьер-министр Олжас Бектенов Марат Сұлтанғазиевке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Үкімет жетекшісі Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Шыңғыс Әріновті таныстырды. Жиында жаңа Конституцияның күшіне енуі елімізді одан әрі жаңғыртудағы маңызды жаңа тарихи кезеңнің бастауы болғаны атап өтілді. Үкімет алдында Мемлекет басшысы айқындаған мақсат экономиканың сапалы әрі орнықты өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізу міндеті тұр.Олжас Бектенов Құрылтайдың бірінші сессиясында азаматтарымыз бен ел экономикасы үшін маңызды нысандардың құрылысын озық қарқынмен жүргізу туралы Президент тапсырмаларын орындауға баса назар аударды. Атап айтқанда, олар – халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға аса қажетті әлеуметтік, инженерлік, энергетикалық және су инфрақұрылымы. Бүгінгі таңда Алматы облысының әкімдігіне денсаулық сақтау саласының бірқатар жаңа жобаларына қосымша қаражат бөлінді. Олардың ішінде Қарасай ауданында перинаталдық орталық пен емхана салу, Қаскелең қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын, Іле ауданында перзентхана бөлімшесін жаңғырту жұмыстары бар. Нысандарды уақтылы пайдалануға беру қажет. Премьер-министр бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды. Әрбір теңге өңір тұрғындары үшін нақты нәтиже әкелуі тиіс. Қадағалауды күшейту үшін «цифрлық теңге» тетігі қолданылатын болады. Сонымен қатар ауқымды құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық берілуі тиіс. Бұл жергілікті құрылыс ұйымдарын жұмысқа тартуға, сондай-ақ қазақстандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға қатысты. Осы ретте Олжас Бектенов сатып алынатын қызметтер мен тауарларға бағаның алыпсатарлықпен өсуіне жол бермеуді тапсырды. Кәсіпкерлер үшін бұл – өндіріс көлемін ұлғайтуға берілген өте жақсы мүмкіндік, сол себепті отандық өндірушілер бағаны жасанды жолмен көтеруге емес, жұмыс көлемін ұлғайтуға баса мән беруі қажет. Аталған қадамдар кепілдендірілген пайда табуға, жаңа жұмыс орындарынашуға, жалақыны көтеруге мүмкіндік бередіі. Мұндай тәсіл ішкі өндіріс пен азаматтарды жұмыспен қамтудың барлық тізбегін ынталандыруды қамтамасыз етеді.Премьер-министр Алматы облысы әкімдігінің жұмысының негізгі басымдықтарын атап өтті. Ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқарту бойынша міндеттер айқындалды. Елді мекендерді сапалы коммуналдық қызметтермен қамтуды арттырып, инфрақұрылымның авариялық жағдапйларын азайту қажет. Су, жылу, электрмен жабдықтау және су бұру жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа электр қуатын өндіру көздерін салуға баса назар аударылды.АӨК саласында суармалы егіншілікті дамыту, су шығынын азайту, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және өңір экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту қажеттігі атап өтілді. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірдің автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялауды жандандыру тапсырылды. Өңірге инвестиция тартуды күшейту, өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді, туризмді және шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру, сонымен қатар Алатау қаласының әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттер барлық бағыттар мен салалар бойынша жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285701?lang=ru
6,8 триллион және ірі инвестициялық жобалар: М.Сұлтанғазиевтің Алматы облысын басқарған кезеңі немен есте қалды 04.09.2026
Бүгін Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы маусымнан бері басқарып келген Алматы облысының әкімі қызметінен кетті. Оның төрт жылдық басқару кезеңі әкімшілік бөліністен кейін өңірдің қалыптасуы және облыс орталығының Қонаев қаласына көшірілуімен тұспа-тұс келді. Осы уақыт ішінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елдегі оныншы орыннан көшбасшы бестіктің қатарына көтеріліп, экономикасын екі есеге жуық ұлғайтты және инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.2022 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі шамамен 3,4 триллион теңгені құраса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 6,8 триллион теңгеге жетті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 триллионнан 2,6 триллион теңгеге дейін өсті. Оның шамамен 90 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.Осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 614 миллиард теңгеден 1,35 триллионға артты. Өңірде жалпы құны 724 миллиард теңгені құрайтын 98 жоба іске асырылып, шамамен 11 мың жұмыс орны құрылды.Облыстың қаржылық базасы да өзгерді. Бюджеттің меншікті кірістері 2,4 есе өсті, ал республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің үлесі 33 пайыздан 13 пайызға дейін төмендеді. Бұған дейін донор-аумақтар қатарында Қарасай және Іле аудандары болса, бүгінде олардың қатарына Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласы қосылды.Негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі халық санының жылдам өсуіне байланысты мектеп тапшылығы болды. 2022 жылы облыста үш ауысымды 52 мектеп болса, қазір олардың саны 23-ке қысқарды. Төрт жыл ішінде 75 мектеп ашылды. Оның ішінде биыл жаңа оқу жылының басталуына дейін жалпы 4200 орынды бес мектеп пайдалануға берілді.Сонымен қатар жаңа облыс орталығының инфрақұрылымы қалыптасты. Қонаевта инженерлік желілер мен әкімшілік нысандардың құрылысы басталды. Алдағы уақытта мұнда театр, «Қонаев Арена», Оқушылар сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда.Төрт жыл ішінде облыста 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6,6 мың азамат баспанамен қамтылды. Олардың қатарында әлеуметтік осал топ өкілдері де бар.Алматы облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша Қазақстанда екінші орынды сақтап, республикадағы жалпы көлемнің 11,6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. 2022-2025 жылдары мемлекетке пайдаланылмай жатқан 528 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Төрт жыл ішінде суару желілерін жаңғыртуға 16,3 миллиард теңге бағытталды, ал су үнемдеу технологиялары суармалы жердің 41,2 пайызына енгізілді.Туризм саласы да айтарлықтай дамыды. Биылғы жаздың өзінде Қапшағай су қоймасына екі миллионнан астам адам келді. Сонымен қатар Көлсай көлдері мен Қайыңдының, Көшпенділер қалашығының инфрақұрылымы дамып, танымал туристік нысандарға апаратын жолдар жөнделді. Алматы облысы ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу алаңына да айналды.Сонымен бірге халық саны қарқынды өсіп келе жатқан облыс алдында жүйелі міндеттер сақталуда. Олардың қатарында агломерациядағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым тапшылығы, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және ірі инвестициялық жобаларды толық аяқтау қажеттігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285546?lang=ru
Кеген ауданында жалпы құны 201,7 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жоба іске асырылуда 28.08.2026
Алматы облысының Кеген ауданында 2025–2029 жылдары жалпы құны 201,7 млрд теңгені құрайтын 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданы тұрғындарына есеп беру жиынында айтылды. Халықпен кездесуде аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Сондай-ақ алдағы жоспарлар баяндалып, ауданның өзекті мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазіргі таңда Кеген ауданында 16,5 млрд теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.Мәселен, «Алматы – Кеген» тасжолының бойында заманауи кешен салынуда. Онда жолаушылар тынығатын қонақүй, тамақтану орны, электр көліктерін қуаттау бекеті, дүкен және жанар-жағармай құю станциясы болады. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. Кешен толық іске қосылғанда 100 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта құрылыс 80 пайызға дайын, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Одан бөлек ауданда жеке инвестор өз қаражатына “Көлсай көлдеріне” келушілер үшін автотұрақ салып жатып. Бүгінде құрылыс алаңын тегістеу жұмыстары аяқталған. Бұдан бөлек ауданда бірнеше шағын су электр станциясының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта инженерлер дамба салынатын аумақты дайындап жатып. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге.Кеген ауданы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Осыған орай биыл облыстық бюджеттен ветеринария саласына 213,6 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға Жалаулы және Саты ауылдарында мал қорымы, сондай-ақ Шырғанақ, Бөлексаз, Жылысай және Тұйық ауылдарында модульдік ветеринариялық пункттер салынады.Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірісті ілгерілету үшін де ілкімді істер қолға алынған. Мысалы, Кеген ауылында жылына 2 мың тоннаға дейін биязы жүнді терең өңдеп, дайын өнім шығаратын зауыт салынуда. Одан бөлек тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер телімдеріе тиімді пайдалану керек. Осы ретте биыл ауданда 2 046 гектар жер конкурс негізінде 92 азаматқа үлестірілді.Бүгінде туризм саласы Кеген ауданы тұрғындарының тыныс-тіршілігіне жаңа леп беріп отыр. Аудан халқы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, елдің әл-ауқаты жақсарып келеді. Одан бөлек бұл бағытта жасалып жатқан ауқымды инвестициялық жобалар да бар. Мәселен, Қара шатқалда туристік аймақ құру жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін 200 млн теңге инвестиция салынып, тамақтану орны, фотоалаң, әткеншек және шатқалды тамашалауға арналған арнайы аймақтар ашылды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге.Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағыты бойынша Ереуіл ауылының ауызсу жүйесін жөндеу жұмысы аяқталды.Одан бөлек Тұйық, Қарабұлақ, А. Нүсіпбеков ауылдарындағы, Орта Меркі және Шет Меркі жайлауларына электр желілерін тартуға 300 млн теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта электр бағаналарын орнату жұмысы жүргізілуде.Білім беру саласында Қарқара орта мектебінің күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. Алғабас ауылында «Ұлағатты ұрпақ» қорының қолдауымен 50 балаға арналған бастауыш мектептің іргетасы қаланды.«Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қарабұлақ, Жылысай, Жаңаталап, Талды, Жайдақбұлақ және Күрметі елдімекендерінде медициналық нысандардың құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілді.Алматы облысының әкімі жиында облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды халыққа баяндады. Оның ішінде Кеген ауданындағы бастамалар мен алдағы міндеттерге ерекше тоқталды. Айтуынша, Кеген ауданына жыл басынан бері 8,1 млрд теңге инвестиция тартылған.Өз сөзінде аймақ басшысы аудандағы өнеркәсіп саласын дамытуға баса назар аудару керегін жеткізді. Себебі Кеген ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі облыстағы көрсеткіштің небәрі 0,7%-ын құрайды.«Аудан халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар өнеркәсіпті дамытуға да әлеуеті жеткілікті. Осыған байланысты аудан әкімдігіне жаңа инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісін жолға қою маңызды.Сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымды дамыту, қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету, кәсіби кадрлар даярлау және заманауи технологияларды енгізу арқылы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру қажет», – деді аймақ басшысы.Марат Елеусізұлының сөзінше, соңғы төрт жылда облыста суару желілерін жаңартуға 16,3 млрд теңге бөлінсе, оның 5,2 млрд теңгесі Кеген ауданына тиесілі. Бұл жобалар ауданда 8,9 мың гектар суармалы жерді экономикалық айналымға қосуға мүмкіндік береді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан халқына 17, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 3 несие берілген. Аймақ басшысы бұл жеткіліксіз көрсеткіш екенін айтты. Сондықтан аудан әкіміне түсіндіру жұмысын күшейтіп, жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 20 маманға бюджеттік несиені жыл соңына дейін беру жоспарланып отыр. Одан бөлек биыл 2,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтар мен жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған азаматтарына 150 пәтер қарастырылған.Биыл Қайыңды көліне апаратын жолдың 10 шақырымына асфальт төселіп, күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол», «Көкпек – Кеген – Түп», «Жалағаш – Саты – Көлсай көлі» автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар биыл толық аяқталады.Кездесу барысында тұрғындар өз сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауап берілді. Мысалы, жергілікті тұрғын Ақсай суармалы каналының 1986 жылдан бері жөндеу көрмегенін айтты. Аудан халқы бұл канал арқылы 30 мың гектар суармалы жерді игеріп отырғанын, сондай-ақ жем-шөп қорын ұлғайтуда аталған каналдың маңызы зор екенін жеткізді.Жауапты мамандардың сөзінше, бұл жоба бойынша мердігер анықталып, құрылыс жұмысы басталған. Ол үшін биыл 500 миллион теңге қаржы қарастырылған. Марат Елеусізұлы Ақсай каналын жөндеуге республикалық бюджеттен қолдау бар екенін, қаражат бөлінсе жұмыс та тез аяқталатынын айтты.Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны елдімекендегі ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілсе деген өтінішін айтты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы күрделі жөндеу жобасы өте үлкен қаржыны қажет ететінін, ал жергілікті жерге тіркелген тұрғындар санының аз екенін ескерсек, бұл тиімсіз бастама болатынын түсіндірді. Оның орнына жаңа ғимарат салу дұрыс шешім болмақ. Марат Елеусізұлы күрделі жөндеудің бағасы мен тиімділігін қайта сараптап көруді тапсырды. Егер жоба тиімді болса, жөндеуге кірісетінін, болмаса блокты-модульді кешен салу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1281878?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданы тұрғындарына есеп берді 28.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жыл басынан бері жасалған жұмыстар мен олардың нәтижелері баяндалды. Сондай-ақ Райымбек ауданының өзекті мәселелері талқыланып, алдағы негізгі міндеттер сараланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Райымбек ауданы тұрғындарының негізгі күнкөрісі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Оны дамыту үшін бірқатар инвестициялық және ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Қақпақ ауылдық округінде 5 мал бордақылау алаңының құрылысы басталды. Ал, Алатау қаласында салынып жатқан «PepsiCo» компаниясының игілігін де дәл осы Райымбек ауданының тұрғындары көрейін деп тұр. Өйткені осы зауытта өндірілетін қытырлақ тіскебасар (чипсы) дайындайтын картоп Нарынқолда өсіріледі. Ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының қолдауымен «Тәуекел» шаруа қожалығы 80 гектарға арпа және 80 гектарға бидайдың элиталы тұқымдарын септі. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен мал шаруашылығын асылдандыру бойынша меморандум жасалып, шаруа қожалықтарға ғылыми-тәжірибелік қолдау көрсетілуде.Соңғы жылдары ауданда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Хан Тәңірінің етегіне 300-ден астам киіз үй тігіліп, жаз айларында шетелдік және отандық туристерге қызмет көрсетуде. Сонымен қатар қонақ қабылдайтын үйлер ашу бойынша 1 жарым айлық оқыту жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде Қарасаз, Сарыжаз, Жамбыл, Қақпақ ауылдарында 17 қонақжай ашылды.Ауданда әлеуметтік нысандар да бой көтеруде. Мәселен, Қайнар ауылында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ал Нарынқолда 250 адамды қабылдай алатын емхана құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге өтінім берілді. Сондай-ақ бүгінде ауданда 260 тұрғын үй бой көтеруде. Инфрақұрылым саласы бойынша республикалық «Кеген – Нарынқол» автожолы жөнделуде. Жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.Марат Елеусізұлы халық алдында облыстың даму қарқыны туралы да баяндама жасады. Айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда өңірлік өнім көлемі 6,8%-ға өскен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 7,4 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл облысқа 664,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 4,5 млрд теңгесі Райымбек ауданына тиесілі. Соған қарамастан ауданның облыстық инвестициядағы үлесі төмен. Марат Елеусізұлы аудан әкіміне жаңа инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және кәсіби кадрларды даярлау, сол арқылы өндірісті ілгерілету міндетін жүктеді.Алматы облысы тоғыз жолдың торабында тұр. Бұл өңірді көлік-логистикалық орталыққа айналдырды деуге болады. Мәселен, соңғы төрт жылда логистикалық қоймалардың саны 43-ке дейін жетіп, олардың жалпы аумағы 334 мың шаршы метрді құрады. Бұл - Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш.Облыс әкімінің сөзінше, өңір экономикасын дамытудың негізгі драйвері – агроөнеркәсіптік кешен, осы салада өндірілген жалпы өнім көлемі бойынша облыс республикада екінші орында тұр.Бүгінде облыстағы суармалы алқаптардың 41,2 пайызына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Осы арқылы шаруалар тіршілік нәрін 40-50 пайызға дейін үнемдей бастады.Биыл облыста 1 млн 81 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 909,8 мың шаршы метрі халық игілігіне берілді. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы республикада 3-орында.Қазіргі таңда өңірде 7 жаңа білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, 13 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 3 медициналық нысан салынып жатыр.Облыс әкімі өз есебінде туризм бағытына ерекше тоқталды. Жыл басынан бері облысқа келген туристер саны 1,8 млн адамға жетті. Аймақ басшысы бұл тұрғыда Райымбек ауданында экологиялық, этно және агротуризмді дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. «Бұл бағыт ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өнімдерді нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Ендігі міндет – осындай жобалардың санын көбейтіп қана қоймай, олардың қызмет сапасын арттыру», – деді облыс әкімі.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Мәселен, жергілікті кәсіпкер қонақтарды қабылдайтын үй-жай салған. Туристік нысан Байынқол шекаралық аймағында орналасқан. Бекеттен өту үшін шекаралық аймаққа кіру рұқсатнамасы керек. Бірақ ол өте ұзақ дайындалады. Кейде туристер құжат ала алмай, кері қайтуға мәжбүр болады. Кәсіпкер тексеру мерзімін қысқартып, бекеттен өтуді жеңілдетуді сұрады. Аймақ басшысы Туризм басқармасы мен Шекара қызметіне құжат дайындау уақытын қысқартудың жолын қарастырып, туроператорлармен тікелей жұмыс істеудің оңтайлы жолдарын зерделеуді тапсырды.Тағы бір тұрғынның айтуынша, Байынқол өзенінің суы жаз айларында тасып, лайлануына байланысты 5300 га суармалы жер эрозияға ұшырап, тозып бара жатыр. Осыған байланысты Қаратоған ауылы маңындағы Ақкөл өзенінің суын Үкірші каналына қосуды және тоспа салуды өтінді. Аймақ басшысы бұл ұсынысқа қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.Азаматтар сондай-ақ газбен қамту ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтады. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, бұл түйткілдің шешімін табу мақсатында Кеген және Райымбек аудандарын газдандыру үшін «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральдық газ құбырын салу жобасы әзірленген. Жалпы құны – 39,5 млрд теңге, ұзындығы – 238 шақырым. Бүгінде жобаны қаржыландыру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралуда.Марат Елеусізұлы сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Онда тұрғындар банк бөлімшелері мен спорт кешенін ашып беруді өтінді. Сондай-ақ газ, жарық, білім беру, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасау бойынша туындаған мәселелерін жеткізді. Аймақ басшысы азаматтарды мұқият тыңдап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1281528?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдады 25.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Онда тұрғындар жарық, жер телімі, газ, кәріз жүйесі мен білім беру саласында туындаған мәселелеріне көмек беруді сұрады.Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Өрікті ауылының тұрғыны егістік алқабында заңды түрде тіркелмеген зират орналасқанын, соның кесірінен 400 метр жерді өз мақсатына қолдана алмай отырғанын жеткізді. «Егер зиратты жапса, кемі 50 метр жерді пайдалануға мүмкіндік туар еді», – дейді тұрғын. Ол мұнда агротуризмді дамытып, қора-жай немесе басқа да қажетті нысандарды салуды көздеуде. Бүгінде аталған ауылда зират мәселесі өзекті болып тұр, сондықтан аудан әкімдігі оны жабу қиын міндет екенін айтты.«Зират мәселесі күрделі екені белгілі. Бірақ мұны өзгеріссіз қалдырсақ, жыл сайын кеңейе береді, кейін ауылдың тура жанына жақындайды. Сондықтан зираттың орнын ауыстыру керек. Адамдар тұра алатын немесе ауыл шаруашылығы, туризм бағытында кәдеге жаратуға болатын жерді бейіт басына айналдыру дұрыс емес», – деді Марат Елеусізұлы.Іле ауданы Н. Тілендиев ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы кәсіпорындар мен «Алматы Су» мекемесінің кәріз жүйелерінен шығатын иістен арыла алмай отырғандарын айтады. Тексеріс нәтижесінде оларға 13,5 млн теңге айыппұл салынған. Дегенмен бұл жұмыс ешқандай нәтиже бермей отыр. «Бұл мәселені дұрыстап зерделеп, керек болған жағдайда айыппұл мөлшерін арттыру керек. Себебі оның зардабын күн сайын халық көріп отыр. Іс қозғап, прокуратурамен бірлесіп, тезірек шешімін табу қажет», – деді аймақ басшысы.Еңбекшіқазақ ауданы «Алтын адам» саяжайының төрағасы жарық тарифіне қатысты туындаған жайтты баяндады. Айтуынша, саяжай электр энергиясына Есік қаласындағы «Алатау Жарық» компаниясы арқылы қол жеткізіп отыр. Онда тұратын 130 отбасының 105-і электр энергиясын кооператив арқылы тұтынып, белгіленген тарифке сәйкес әр кВт-қа 42 теңге төлейді. Ал қалған 25 үйдің иелері жеке тұлғаның заңсыз әрекетіне еріп, бес жыл бойы 37 теңге көлеміндегі тарифті қолданып отыр. Нәтижесінде кооператив 1,96 млн теңге қарызға батқан. Саяжайда жер телімін рәсімдеу бойынша да қиындықтар бар. Тұрғындар соның кесірінен газ желісін тарта алмай отыр.«Заң бәріне ортақ. Мәселені бүге-шүгесіне дейін қайта қарап, талапқа бағынбағандарды жауапқа тарту керек. Тұрғындарға полиция қызметкерлерімен бірге түсіндіру жұмысын жүргізіп, тәртіпке келтіру қажет. Бірнеше адамның кесірінен тұтас саяжай зардап шекпеуі керек. Одан бөлек, егер жерге қатысты түйткіл шешілсе, газ желісін жүргізуге мүмкіндік туады. Сонда өзге мәселелер бірден шешіледі», – деді аймақ басшысы. Жауапты мамандардың сөзінше, қазіргі таңда саяжайды елді мекенге ауыстыру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл екі ай уақытты алады. Нәтижесінде түйткілдердің түйіні тарқатылады.«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары мектеп оқулығына қол жеткізе алмай жатқандарын жеткізді. Қарасай ауданындағы бұл аумақта осыған дейін мектептегі орын санының жетіспеушілігі туындаған еді. Оны шешу үшін 2000 оқушыны жеке меншік мектепке әкімдік тарапынан қаржы бөліп, тегін оқыту туралы шешім қабылданған. Бірақ ол жеке мектеп болғандықтан балаларға кітап берілмейді. Марат Елеусізұлы биыл оқулықпен қамтамасыз етуге 3 млрд-тан астам қаржы бөлінгенін, сол қаражатты тиімді қолдану керегін айтты. Сондай-ақ білім басқармасына өзге мектептердегі артық кітаптарды жаңа оқу жылына дейін оқушыларға жеткізіп беруді міндеттеді.Жеке қабылдау қорытындысында Марат Сұлтанғазиев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына халықпен тығыз жұмыс істеп, мәселелерді аяқсыз қалдырмауды жүктеді. Оларға нақты тапсырмалар беріп, әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1279944?lang=ru
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді 23.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді.«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған», – деді Алматы облысының әкімі. Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге айқындауға мүмкіндік береді»,– деді өңір басшысы.Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1278542?lang=ru