Саясат

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қызылорда облысының халқымен кездесу өткізеді 24.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 11.30-де Достық үйінде өтеді (Қызылорда қ., Ы.Жахаев к-сі, 24А). БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: ++7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz. электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/941676
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдауға бағытталған лизингтің үш жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды 24.02.2025
20 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіреді) Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдауға бағытталған лизингтің үш жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 10,5 млрд теңге.Қаржыландыру былайша бөлінбек:«Өз жемшөбіміз» 3 млрд теңге;«Қазақстанда жасалған» 5 млрд теңге;«6%-бен жеңілдетілген лизинг» 2,5 млрд теңге .«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша аграрлықтар аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасын, сондай-ақ отандық өндірілген және құрастырылған көлік құралдарын жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге сатып алады. Аванс мөлшері лизинг нысанасының 15%-нан басталады.«Өз жемшөбіміз» бағдарламасы қазақстандық және шетелдік өндірістің жемшөп дайындайтын техникасы мен мобилді суару жүйесін қаржыландыруға бағытталған. Мұндағы мөлшерлеме де жылдық 6%-ды құрайды, мерзімі – 10 жылға дейін, аванс – кемінде 15%.«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған өздігінен жүретін а/ш техникасын жеңілдетілген шарттармен аванссыз 10 жылға дейінгі мерзімге 6% мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік береді.«Лизингтің жеңілдетілген бағдарламалары біздің клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, бос ақша қаражаты пайда болған сәтте, біз оларды лизингтің осы үш бағдарламасына бағыттауды шештік. Олар - «Қазақстанда жасалған», «Өз жемшөбіміз» және «Жеңілдетілген лизинг». Оған қоса, қазір алдағы егіс маусымына дайындалатын уақыттың дер кезі», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев.Өтінімдер қабылдау 20 ақпанда сағат 15.00-де Telegram-боттағы https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесінде басталады. Өтінім берген соң клиент 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.Бағдарлама шарттары бойынша қосымша ақпарат, сондай-ақ филиалдардың байланыс ақпараттары www.kaf.kz сайтында көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942129

Дубайда қазақстандық өнімді өткізу нарықтарын кеңейту бойынша келіссөздер өтті 24.02.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Gulfood 2025 көрмесіне қатысуда.Делегация мүшелері Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен өсімдік өнімдерін әлеуетті сатып алушылармен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ дистрибьюторлармен, бөлшек саудагерлермен және трейдерлермен келіссөздер жүргізді.Серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық жеткізушілерді әртараптандыруға деген ұмтылысымен және Қазақстан өнімдерінің сапасымен, олардың жақсарту үшін үлкен әлеуеті бар екенімен түсіндіріледі.Айта кетейік, нарықтарды кеңейту мәселесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін басым мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекет басшысының дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру және әртүрлі елдердің талаптарына бейімделген жеткізудің икемді схемаларын құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде барлық қажетті шаралар қабылдануда.Gulfood 129 елден 5,5 мыңнан астам компания және әлемнің 185 елінен 130 мыңнан астам келушілер қатысатын маңызды халықаралық платформа болып табылады. Олардың қатарында Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, бірқатар Азия елдері мен Еуропаның өндірушілері мен сатып алушылары бар.2026 жылы қазақстандық өндірушілер 26-30 қаңтар аралығында екі алаңда: Дубайдың Дүниежүзілік сауда орталығында (DWTC) және Expo City-дегі Дубайдың жаңа Көрме орталығында (DEC) өтетін Gulfood көрмесіне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942275

Қазақстанда ғылыми мақсаттар үшін сирек кездесетін балықтар мен Каспий итбалығын алу жоспарлануда 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.Жобаға сәйкес каспий итбалығы, арал пілмайы, арал қаязы, сылан және каспий албыртын алу жатады. Бұл шара ғылыми зерттеулер жүргізуге және өсімін молайту іс-шараларына бағытталған.Қаулы жобасы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Министрлік балықтарды алу қатаң шектеулі мөлшерде және уәкілетті органның бақылауымен жүзеге асырылатынын атап көрсетеді.Қабылданған шаралар осы түрлердің таралымдарының жай-күйін зерттеуге және оларды сақтау мен қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942466

Қазақстан Сенаты Түркиямен карантин және өсімдіктерді қорғау туралы келісімді ратификациялады 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және карантиндік зиянды организмдердің әкелінуінің алдын алу мақсатында жасалған бұл құжат өсімдіктер карантині бойынша ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты, өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізімдері туралы ақпарат алмасуды қарастырады.Сондай-ақ, келісімде карантиндік өнімдердің әкелінетін партияларына қойылатын талаптар, оларды алып жүретін құжаттар және тасымалданатын жүктердің транзиттік шарттары көрсетілген.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Түркиядан негізінен жаңғақтар, қызанақ, бұрыш жемістері, алма, цитрусты өсімдіктердің көшеттері, жеміс және гүл дақылдары әкелінеді. Ал Қазақстаннан экспортталатын негізгі карантиндік өнімдер – барлық дерлік дәнді (бидай, арпа, сұлы, күнбағыс) және бұршақты (асбұршақ, жасымық, ноқат) дақылдар.Соңғы үш жылда Түркияға шамамен 700 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімі экспортталды, ал импорт көлемі 40 мың тоннадан астам әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен 2,7 миллион дана отырғызу және тұқымдық материалды құрады.«Осы кезеңде фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдерді әкелуге 76 рет әрекет жасалды, олардың 6 жағдайында карантиндік объектілер анықталды. Карантиндік өнімдердің тасымалының артуына байланысты карантиндік объектілердің біздің елдеріміздің аумағына ену қаупі бар, бұл фитосанитарлық жағдайға кері әсер етуі мүмкін», – деп атап өтті вице-министр.Келісімді ратификациялау туралы заң жобасының қабылдануы екі елдің өсімдіктер карантині саласындағы қызметтеріне ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942657

Облыс әкімі «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында болды 24.02.2025
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ел Президентінің тапсырмасы бойынша психологиялық қызметті дамыту, сондай-ақ балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына жан-жақты психологиялық көмек көрсету мақсатында ашылды.Мекемеге барған облыс әкімі Асхат Шахаров орталықты аралап, осындағы қызметкерлермен және жасөспірімдермен әңгімелесіп, жұмыс барысында қолданылатын әдістемелік құралдармен танысты. Бүгінгі күні өзекті мәселе саналатын кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингке қатысты қабылдануы тиіс оңтайлы шешімдерді талқылады.Бүгінде орталықтағы «Жан сыры» кабинеттерінде жеке және топтық консультациялар тұрақты өткізілуде.Орталық қызметкерлері семинарлар мен жеке консультациялар өткізу арқылы әлеуметтік және отбасылық дағдарыстарды азайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін ұйымдастырылған 87 семинар-практикум өткізілді, оған 7219 ата-ана қатысты, жалпы 9 240 ата-ана психологиялық қолдау алды, ал 851 ата-ана «Жан сыры» кабинетінде жеке консультациядан өтті.Сонымен қатар, «JAN AHUAL» орталығы арқылы психологиялық қызметтің есебі жүргізіліп, жүйелендіретін және мұғалімдерге мобильді көмек көрсететін бірыңғай электронды журнал енгізілген. Өңір мектептерінде қызмет ететін 497 педагог-психологтың біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ кешенді әдістемелік қолдау да осы орталық арқылы жүзеге асады. Әкіммен кездесуде психологтар терең психологиялық терапия жүргізу үшін клиникалық психотерапевтер мен суицидологтардың жетіспеушілігі мәселесін атап өтті.Асхат Шахаров жыл сайын жергілікті бюджеттен өңірге қажетті мамандарды даярлауға білім беру гранттары бөлінетінін түсіндірді. Ол жауапты салалық басқармаға мамандардың қажеттілігін анықтап, мәселені шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.Сондай-ақ, әкім облысымыздың педагог-психологтары үшін тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды және коуч-тренерлерді тарта отырып, курстар ұйымдастыруды ұсынды.«Психологиялық қызмет балалардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың психологиялық тұрғыдан нығаюына ықпал етеді. «JAN AHUAL» орталығы облыстың педагог-психологтары үшін бір-бірімен тәжірибе алмасатын, әдістемелік кеңес алатын, оқушылар мен олардың ата-аналары көмек алу үшін жүгінетін орынға айналды. Әрбір бала – еліміздің болашағы. Оларды дұрыс бағыттау, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы біз қоғамның дамуына және оның тұрақтылығын нығайтуға үлесі қосамыз», - деді әкім.Асхат Шахаров балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, толыққанды және үйлесімді дамуына жағдай жасау маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/942493

Облыс әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлермен кездесті 24.02.2025
Ашық есік күні аясында облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қорғау және инвесторлардың мүдделерін сақтау мәселелерін талқылады.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтарының сақталуына кепілдік беру мәселелері көтерілді. Бұл іс-шара билік органдары мен кәсіпкерлер арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.Облыс әкімі Асхат Шахаров 2024 жылы өңір экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция, оның ішінде 337,4 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа инвесторларды тарту үшін инфрақұрылымды жақсарту маңыздылығын айтты. Осы ретте «Бұхара-Орал» магистральды газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілгенін, бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешіп, жаңа жобаларды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.Одан соң өңір басшысы Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында құрылған арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) маңыздылығына тоқталып, оның логистика, көлік және өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Хромтау қаласында индустриялық аймақ құрылғаны және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын баяндады. Ол тау-кен металлургия зауыты, фарфордан жасалған бұйымдар зауыты, көпсалалы клиника және органикалық тыңайтқыштар зауыты сияқты саладағы негізгі инвестициялық жобаларды тілге тиек етті. Бұл жобалар мыңдаған жұмыс орнын құрады және айтарлықтай инвестиция тартады.Мұнда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Өркен-2» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру жоспарланып отырғаны да айтылды.«Біз өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Былтыр облыс экономикасына 900 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл — жақсы нәтиже. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа индустриялық аймақтар құру және бизнесті қолдауға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Біз әрқашан әріптестікке ашықпыз және өңірде бизнес жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірлесе отырып, экономикамызды дамытып, нығайта аламыз деп сенемін», — деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнесті және инвесторларды қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап прокуратура инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысып отыр.«2024 жылы прокуратура 30-дан астам инвесторға көмек көрсетті, олардың экономикаға қосқан үлесі — 345 миллиард теңге», — деді облыс прокуроры.Сондай-ақ прокурор «прокурорлық сүзгі» жүйесінің енгізілгенін алға тартты. Бұл механизм мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуының, қызметті негізсіз тоқтату, келісімдерді біржақты бұзу сияқты әрекеттердің алдын алады.Одан соң инвесторларды қолдау жөніндегі ұлттық деңгейдегі серіктестік — «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзагалиева кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылып, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықты қолдау шаралары туралы айтты.Ал «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Бас прокуратурамен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын және инвесторлармен байланысты жедел әрі тиімді жүргізу маңызды екенін атап өтті.Кездесу барысында кәсіпкерлер өңір басшысы мен прокурорға тікелей сұрақтар қойып, бизнес жүргізу, инвестициялар тарту және құқықтық қорғау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/942765

Өскеменде екі жаңа мектеп салынады 24.02.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково ауылында, 23-шағын ауданда және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берді.Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу үшін жер учаскелері анықталғанын мәлім етті.Болашақта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жаңа мектептер облыс орталығында орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942363

ШҚО-да "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 500-ден астам жоба қаржыландырылады 24.02.2025
Облыста ауыл тұрғындарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске асырылуда.ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекованың мәліметінше, 2023 жылы бағдарлама бойынша 1,5 млрд теңгеге несие беріліп, 235 жаңа жұмыс орны ашылды.2024 жылы 7 млрд теңге бөлу жоспарланған еді. Алайда республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.- Қазіргі таңда 1 млрд теңгеге 72 жоба мақұлданып, 163 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Ажар Каджибекова.Биыл бағдарламаны іске асыруға қосымша 3 миллиард теңге бөлінбек. Ауыспалы қаражатты ескерсе, бюджет 4,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл шамамен 550 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде туризм, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және фермерлерге техника сатып алу бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942482

Облыстық семинардың жұмысы туралы 24.02.2025
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен 2025 жылғы 18 ақпан күні Риддер қаласында «Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының 2024 жылғы жұмысы және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы» атты көшпелі семинар өткізілді.Семинар-тренингке 13 қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.Іс-шараға қатысушыларға ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Бичуинов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары К. К. Төлеухан құттықтау сөз сөйледі.Өз сөздерінде спикерлер қазақстандық қоғамды демократияландыру, саяси реформаларды іске асыру мақсатында сайлау процесіне қатысушыларды тұрақты оқыту, жергілікті атқарушы органдар мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары арасындағы диалогты дамыту қажеттігіне баса назар аударды.Семинар-тренинг іскерлік командалық ойын қағидаты бойынша жаңа форматта өтті, онда 4 команданың қатысушылары эрудицияларын көрсетіп, логикалық есептер мен сайлау заңнамасын білуге арналған кейстік тапсырмаларды шешті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942596

Астанада «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті 24.02.2025
Елорданың Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауқымды іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қаласындағы орталықтарының басшылары, «AMANAT» партиясының белді мүшелері және мәслихат депутаттары қатысты.Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова биыл саяси маңызы бар күндерге толы екенін, осыған орай құнды іс-шаралар ұйымдастырылуы керек екенін ескере отырып, жыл меморандуммен бастағалы отырғанын айтты.«Биыл – мерейтой мен төл мерекелерге толы жыл. Соның ішінде Ұлы Жеңіске 80 жыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл. Ұйым осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара достықтың бірегей институтына айналды. Осы мерейтой аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты бірлесе кешенді жұмыс істеу, соның ішінде еліміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын әрі қарай нығайта түсу болмақ. », - деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.Бұдан соң партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек пен Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрал Айдашев ортаға шақырылып, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.Дөңгелек үстел аясында этномәдени орталықтың басшыларымен жылдық жоспар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942366

Астанада әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы бөлімшенің құрылғанына 26 жыл толды 24.02.2025
Елордалық полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің құрылған күні салтанатты түрде атап өтілді. Ол 1999 жылы құрылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты шараға мекеменің қызметкерлері мен ардагерлері, депутаттар мен үкіметтік емес сектор өкілдері жиналды.Бұл бөлімше алғашында әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны тоқтату мақсатында құрылған. Алайда 2025 жылдың қаңтарынан бастап арнайы бөлімшенің өкілеттігі кеңейтілді. Енді отбасының барлық мүшесін қорғауға арналады.«Бұл мекеме 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ биылдан бастап құрылымымызды өзгерттік. Бұрын бөлімше әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысса, қазір балаларды, қарттарды және ер адамдарды да қорғаймыз», - деді Астана қалалық ПД Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Гүлмира Шрахметова.Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлия Жүсіпова іс жүзінде қалай өтетінін айтты.«Қала бойынша бөлімшеде 48 адам бар. Біздің міндетіміз – зардап шеккендерге қатысты жұмысты үйлестіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу. Біз жұртқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақтары немесе басына түскеноқиғалары болса хабарласуға болатын бөлімше бар екенін түсіндіреміз. Қазір адамдар бізге бөлімшенің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хабарласып жатыр. Сондай-ақ 111 сенім телефоны жұмыс істейді. Немесе 102 нөміріне хабарласуға болады», - деді Әлия Жүсіпова.Кездесуге қатысушылар жас қызметкерлермен тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында бірқатар полиция қызметкеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілсе, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942494

Елордалық мектеп оқушылары шешендік өнерден сынға түсті 24.02.2025
Ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында шешендік өнерден сайыс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Тілдерді және архивтерді дамыту басқармасы мен «Руханият» ҚМУ-дің ұйымдастыруымен өткен шешендік өнер сайысы елордадағы №71 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Оған лицейдің үздік жаттықтырушылары, мектепішілік және қалалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.Іс-шараның мақсаты – шешендік өнер мен қазақ тарихының маңызын жан-жақты насихаттау. Тілдік дағдыларға ерекше көңіл бөлінді.«Біздің студенттер арасында шығармашылықпен айналысатын балалар көп. Бірі сурет салуда үздік болса, енді бірі вокалға қызығады, ал біраз бөлігі шешендік өнерден талантты. Сондықтан мұндай іс-шаралар оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін нығайтуға септігін тигізеді», - деді мектеп директоры Майя Мұқашева.Сайыс жеңімпазы 7-сынып оқушысы Айару Есқожаева атанды.«Мұндай жарыстарда тәжірибем болса да сахнаға шыққанымда қобалжыдым. Меніңше, мұндай шаралардың пайдасы зор. Өзіміз үшін жаңа әрі қызықты нәрселер үйренеміз», - деді мектеп оқушысы.Жиын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942497

Елордалық қарияларға зейнетақы алатын күні алаяқтар шабуыл жасады 24.02.2025
Интернет және телефон алаяқтығымен күресу науқаны аясында елорданың Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен «Қазақстанның қаржы мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және деректеріміздің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи да есте ұстауымыз керек. Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Біз бұл мәселеге неғұрлым көп көңіл бөлсек, қазақстандықтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығы соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті қордың негізін қалаушы Юрий Ли.Кездесу барысында қатысушыларға түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары айтылды.«Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деп есептеймін. Бізге, яғни қарт кісілерге зейнетақымызды алған кезде, лотереяға қатысу үшін тауар сатып алудан бастап, банктік шоттарды жалған қорғауға дейін күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастайды. Жақында маған қоңырау шалып, SIM картамның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуым керектігін айтты, бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек», - деді кездесуге қатысушы Нағима Жұмалиқызы.Жиын елордадағы Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942514

Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасы енгізілгеннен кейін қандай оң нәтижелерге қолжеткізілді 24.02.2025
Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасын енгізу нәтижесінде атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру қарқынды дамыды. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласындағы кәмелетке толмаған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық Әділет департаменті 2024 жылы жеке сот орындаушылардың атқарған жұмысының қорытындыларын жариялады.«Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 3,5 трлн теңгені құрайтын 746 673 атқарушылық құжат болды. 341 514 атқарушылық құжат аяқталып, оның ішінде 188 123 іс толық орындалды. Орындалған құжаттардың жалпы сомасы 79,3 млрд теңгені құрады.«Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі арқылы 25 335 жеңілдетілген атқарушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 539,2 млн теңгені құрады. Бұл азаматтарға 5 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді, себебі жеке сот орындаушысының қызметіне арналған қосымша шығындар алынып тасталды», - дейді спикер.Сөзін жалғай отырып, «Цифрлы сот орындаушы» жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы қозғап өтті. Айтуынша, адами фактордың азаюына процестердің толығымен автоматтандырылуы себеп болған, сондықтан сот орындаушыларға жеке барудың қажеттілігі жоқ.«Борышкерлерге цифрлық хабарлама жіберу – қарыз туралы ескерту SMS (1414) және EGov Mobile push-хабарламалары арқылы жолданады.Нысаналы шектеу – егер дәстүрлі жеке сот орындаушысы барлық банк шоттарын бұғаттайтын болса, жаңа жүйе тек қарыз сомасы шегінде бір ғана шотқа шектеу қояды.Ыңғайлы онлайн төлем – қарызды онлайн төлеуге болады, төлем жасалғаннан кейін шектеулер автоматты түрде алынады», - дейді ведомство өкілі.Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларды аттестаттау мәселесін де айтып өтті. 2024 жылы Астанада 258 жеке сот орындаушысы жұмыс істеді. Аттестаттау жылына кемінде бір рет өткізіледі және оған компьютерлік тестілеу мен әңгімелесу кіреді. Аттестациядан сәтті өткен үміткерлер жеке сот орындаушысы ретінде қызмет ету құқығына лицензия алады.«Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – сот актілерін орындаудың әділ, ашық және ыңғайлы жүйесіне көшуге жасалған маңызды қадам. «Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі азаматтардың қаржысын үнемдеуге және сот шешімдерін орындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», – деп атап өтті Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, кәмелетке толмыған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942705

ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА 24.02.2025
12025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш. Әбдіреева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық бөлімі басшысының м.а. К. Хофманмен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарастарымен алмасты.АҚШ Қазақстанның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өсімін жоғары бағалады, әсіресе Әділет министрлігі департаменті мәртебесінің Комитет деңгейіне көтерілгенін атап өтті, бұл олардың пікірінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы мәселелерге ерекше назар аударғанын көрсетеді.Олар бұл сала инновацияларды дамытуда және инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, сондай-ақ 2006 жылдан бері«301 арнайы баяндаманы» бұзушы елдердің бақылау тізіміне кірмейтін Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.Ш. Әбдіреева зияткерлік меншік саласын жетілдіруге бағытталған негізгі заңнамалық бастамаларды ұсынды. Марракеш келісімін ратификациялауға ерекше назар аударылды, бұл зағип және нашар көретін адамдардың білім мен мәдениетке қол жетімділігін жақсартады.Ол сондай-ақ «Apple», «Toyota», «Kit Kat», «Nesquik», «Procter & Gamble» и «Henkel AG & Co. KGaA» сияқты брендтердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін құқықтардың бұзылуына қарсы күрестің жанданғанын атап өтті.Тараптар зияткерлік меншік саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықты растады. Басым бағыттардың қатарында мамандардың біліктілігін арттыру, патенттік сараптама саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу, авторлық құқықтарды қорғау және контрафактілік өнімдерге қарсы күрес атап өтілді.ҚР мен АҚШ арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/942775

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюан инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу мәселелерін талқылады 24.02.2025
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюанмен кездесті. Кездесу Шанхайдағы Sunshine 201 мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру орталығында өтті, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, кеңес беру және бизнес-инкубация бағдарламаларына қатысу қызметтерін ұсынатын көпфункционалды платформа болып табылады. Сонымен қатар, орталықта жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалту және медициналық көмек көрсетіледі. Соңғы жылдары орталықта оңалту қызметтерінің тиімділігі 90% - дан астамға жетті.Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер Федерациясының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін заңнаманы және инфрақұрылымды жетілдіру, жұмысқа орналасу тәсілдері, жұмыс орындарын квоталау тетіктері және қызметтерді автоматты түрде іріктеу үшін жасанды интеллектті пайдалану бөлігіндегі жұмыс тәжірибесі Алматы үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу ықтималдығын талқылады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі жұмысындағы басымдықтардың бірі инклюзивті ортаны құру, барлық тұрғындар үшін олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан оқуда, жұмысқа орналасуда және әлеуметтік бейімделуде тең мүмкіндіктер беру болып табылады. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 56 мың адам тіркелген. Шанхайда 2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар 613 100 адам тіркелген және сертификатталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942488

Алматыда биыл 20 шақырымнан астам веложол пайда болады 24.02.2025
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көліктің экологиялық таза түрлері үшін инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Биыл қалада 20 шақырымға жуық веложол салу жоспарлануда.Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, 2024 жылы қалада Сайын - Мөңке би жолайрығын салу аясында 2,4 шақырым веложол жабдықталды.«Ағымдағы жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін және Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту аясында 7,2 км жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Райымбек батыр даңғылы бойынша BRT желісін салу аясында шамамен 15 км-ді жабдықтау жоспарлануда. Жалпы, велоинфрақұрылымды жүйелі дамыту 2030 жылға дейінгі Көлік қаңқасының мастер-жоспарында көзделген», - деп атап өтті басқарма.Бүгінгі таңда қалада 89 км велоинфрақұрылым (веложолақтар – 25,15 км, веложолдар – 63,8 км), 73 бағдаршам нысаны, велопайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағдарланған 1025 жол белгісі жабдықталған. Айта кету керек, веложолдар желісін дамыту тұрғындарға балама жолдарды ұсына отырып, қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Бұл ауаның газдану деңгейін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар жолдардағы көліктердің санын азайтады, қаладағы жалпы көлік жағдайын жақсарта отырып, кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942498

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдағы ірі қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты 24.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Цзясин қаласында (Шанхай маңында) орналасқан SUS Environment тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды.Shanghai SUS Environment – экология және энергетика саласындағы кешенді қызметтерді ұсынатын әлемдік жетекші компания. Ол қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша әлемдік нарықта көш бастап тұр. 2008 жылы негізі қаланған компанияның Қытай, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин және Өзбекстан елдерінде қоқыс өңдеу зауыттары бар. Бүгінде компанияда 3,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, 10 халықаралық басқару орталығы мен 1 жаһандық өндірістік орталыққа ие.SUS Environment зауыттарының басты ерекшелігі – заманауи дыбыс оқшаулау және ауа сүзгілеу жүйелерімен жабдықталуы. Бұл технология шу деңгейін барынша азайтып, жағымсыз иістерді жояды.Сонымен қатар, зауыттардың айналасында жасыл аймақтар, көгалдар және ағаштар отырғызылып, жергілікті тұрғындар үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырады.Компанияның тең құрылтайшысы әрі операциялық директоры Чжу Сяопин Алматы әкімі Ерболат Досаевқа SUS Environment қалдықтарды өңдеу станцияларының энергия өндіру тиімділігі 26%-ға жеткенін айтты. Бұл орташа салалық көрсеткіштерден жоғары және Қытай мен Еуропаның экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.SUS Environment – қалдықтарды энергияға айналдыру технологиялары мен жабдықтарын жеткізуші №1 компания. Ол 287 қоқыс өңдеу зауытына қолданылатын 273 патентке ие. Сонымен қатар, эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі үш компанияның бірі. Бүгінде компания 84 жобаны іске асырып, күніне 110 мың тонна қалдық өңдеу қуатына және жылына 18 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіруге қол жеткізді. Бұл энергия 2,65 млн шаршы метр аумақты жылытуға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта компания SUS 4.0 жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бастама қалдықтарды энергияға айналдыру кезінде көміртек шығарындыларын ақылды басқару және жылуды тиімді пайдалану технологияларын қамтиды. Сондай-ақ, онлайн мониторинг жүйесі, көміртекті ұстау технологиясы және интеллектуалды басқару жүйесі енгізілмек.Кездесу соңында тараптар екіжақты серіктестікті дамыту және өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942513

21 ақпанда Алматыда «Almaty Tech Cup – 2025» – ең ірі халықаралық инженерия және робототехника чемпионаты басталады 24.02.2025
21 ақпанда Алматыда қала әкімі кубогына арналған «Almaty Tech Cup - 2025» халықаралық инженерия және робототехника чемпионаты басталады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Алматы Дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримғажы.Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды турнир, оған 3 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 20 шетелдік команда қатысады.«Бұл беделді жарыс жас инженерлер, бағдарламашылар және өнертапқыштар үшін аса маңызды шара. Қатысушылар тек сайысқа түсіп қана қоймай, түрлі интерактивті іс-шараларға, инженерлік квесттерге қатысып, жүлделер мен естелік сыйлықтарға ие бола алады», – деді ол.Оның айтуынша, чемпионат 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қатысушы командалар саны 20-дан 400-ге дейін артқан. Қазақстандық оқушылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Мысалы, АҚШ-та өткен чемпионатта Алматы құрамасы 80 команданың ішінен үздік 10-дыққа енді. Сонымен қатар, 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда, 2024 жылы Афинада Қазақстанның жас инженерлері әлемдік алтын жүлдеге ие болды.2025 жылғы чемпионат робототехника, инженерия және дрон жарыстарын қамтиды, олардың ішінде Aspan Cyber Race, Aspan Drone Competition, Aspan Whoop Race және Aspan Drone Race бар. Қатысушылар First Lego League (4-16 жас) және First Tech Challenge (16-18 жас) бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.Бас жүлде – Алматы қаласы әкімінің кубогы, ол барлық байқауларда ең көп ұпай жинаған үздік командаға табысталады. Жеңімпаздар тек кубокпен ғана шектелмей, еліміздің үздік университеттерінен білім гранттарына да ие бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942544