Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жаңа серпін алды 25.08.2025
Алматы облысында кәсіби білім беру жүйесін дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Колледждер – кәсіби маман даярлаудың негізгі буыны ретінде жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек нарығы талап ететін жаңа дағдылармен қаруландыруда маңызды рөл атқарып отыр.2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласына облыста ерекше назар аударылып, бұл мақсатқа 16,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қаражат колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, сондай-ақ ел экономикасы мен еңбек нарығы сұранысына сәйкес білікті мамандар даярлауға бағытталды.«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Алматы облысындағы 4 колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылды. Бұл жастарды ерте жастан еңбекке баулып, кәсіби бағыт-бағдар беру жолындағы маңызды қадам болды. Сонымен бірге, облыс студенттері «WorldSkills» ұлттық чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон жеңіп алып, өздерінің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.Биылғы облыстық тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға қатысты тапсырмаларына айрықша назар аударылды. Президент жастарды заманауи еңбек нарығына даярлау, ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою міндеттерін нақтылап берді.Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев педагогтармен кездесуде өңірде білім беру саласын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, колледждер мен мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдағы білім ошақтарының материалдық базасын жақсарту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.Жиын барысында ұстаздардың жетістіктері де лайықты бағаланды. Атап айтқанда, халықаралық деңгейде шәкірт тәрбиелеп жүрген Алатау қаласындағы №47 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Светлана Бекмухамбетова, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Тамара Ещанова, Іле ауданындағы №38 мектептің құқық пәнінің мұғалімі Лейла Нарымова, Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат №1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Нұртай Ерназар және өзге де үздік педагогтар кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді.2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша облыста білім сапасы 68,9 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға жоғары (2023–2024 ж. – 67,2%). Мұндай өсім өңірдегі білім беру сапасының тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.Алдағы уақытта да Алматы облысында білім беру саласына қолдау жалғасып, ұстаздар қауымына жан-жақты жағдай жасалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056312?lang=kk
Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты 23.08.2025
Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті.2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен толықтырылды.Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде:Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф, 2 сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.Сондай-ақ, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы құны 51,5 млн теңге болатын жаңа рентген аппаратымен қамтамасыз етілді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады:«Медициналық техникамен жабдықтау – бұл тұрғындарға сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету кепілі. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі ілгерілеу бар. Жаңа жабдықтар диагностика мен емдеудің тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта бұл жұмысты одан әрі жандандырамыз», – деді Ержан Сүлейменов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055779?lang=kk
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық ахуалы туралы 22.08.2025
2025 жылғы 1 шілдеге Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 599,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,3 мың (62,4%), ауылдықтар – 225,2 мың адам (37,6%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,3 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2025 жылғы қаңтар-маусымда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда салыстырғанда (2086 адам) 38,4%-ға азайды, 1286 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,33 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 3956 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (4767). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  13,31  туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2670 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым қарағанда 0,4%-ға аз (2681 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,98 қайтыс болғандарды құрады.2025 жылғы қаңтар-маусымда облыста 1 жасқа дейін шетінеген 28 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (47 шетінеген нәресте) 40,4% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,08 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы қантар-маусымда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 6326 адамды, елімізден кеткендердің саны - 10995 адамды,  көші-қонның айырымы – 4669 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД  мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны -31 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 77 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 64,6%  және 87,5% құрады.  Осының келгендермен  және кеткендердің көп бөлігі Рессей Федерациясына тиесілі.Алыс шетел елдерімен оң сальдо, облысқа келгендер - 17 адам құраса, кеткендер саны - 11 адам.Облыс  ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 6278 адамға азайған, келгендер - 10907 адам құраса, кеткендер -  4629 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің  басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1055679?lang=kk
Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды 22.08.2025
Алматы облысы өңдеуші өнеркәсіп саласында өз позициясын нығайтып келеді. Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриалды аймағында автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын «QazElastoPlast» зауытының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өндіріс орны өңірдегі жұмыспен қамтуды арттыруға және бейресурстық секторды дамытуға бағытталған.Зауытқа 600 миллион теңге инвестиция құйылып, алғашқы кезеңде аудан тұрғындары үшін 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жылына 150 мыңнан астам автомобиль кілемшесін шығаруға қауқарлы. 2027 жылға қарай өнім түрлерін 100 үлгіге дейін кеңейтіп, өндіріс көлемін 230 мыңнан астам жиынтыққа жеткізу жоспарланып отыр.Жұмыспен қамтудың өсуі өндірістік кәсіпорындардың ашылуы мен кеңеюімен тікелей байланысты. Соңғы үш жылда Алматы облысында 176 320 жаңа жұмыс орны құрылды: 2022 жылы – 37 198, 2023 жылы – 68 440, 2024 жылы – 70 682.Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы зауыттың өңір үшін маңызын атап өтті: «Алматы облысы дәстүрлі түрде агроиндустриялық аймақ болып саналады. Соған қарамастан, біз жаңа өнеркәсіп кластерлерін белсенді түрде дамытып келеміз. Теміржол ауылдық округінде ашылған бұл зауыт осы бағыттағы маңызды қадам болды. Ол жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Қазыбек бек станциясына жақын орналасуы және ірі автомагистральдардың торабында орналасуы жобаның облыс үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді», – деді ол.Зауыттың ашылу рәсімі аясында «Астана Моторс» және «Hyundai Auto Kazakhstan» сияқты жетекші компаниялармен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055625?lang=kk
Қонаев қаласында жыл соңына дейін екі жаңа зауыт ашылады 22.08.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қонаев қаласында инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері Қонаев экономикасына 308,8 млрд теңге инвестиция құйылып, нәтижесінде «Оспанова Девелопмент» балық өңдеу зауыты іске қосылды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жаңғыртылуда. Сонымен қатар туризм саласында қонақ үйлер мен демалыс аймақтарының құрылысы жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың қарқынды дамуына ықпал етуде.Ресми деректерге сәйкес, Қонаев қаласының инвестициялық портфелі жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 39 жобадан тұрады. Олар 2030 жылға дейін жүзеге асырылып, 17 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 11 жоба туризмді дамытуға бағытталған.«Биыл біз 650 млн теңге инвестиция есебінен «Текемет» мейрамхана-қонақ үй кешенін және 10,1 млрд теңгелік «АСП Арена» отбасылық-ойын-сауық орталығын аштық. Жыл соңына дейін екі зауытты – сусын өндіретін «Run Planet» пен май, ұн және құрама жем шығаратын «Қапшағай бидай өнімдері» кәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі Асхат Бердіханов.Оның айтуынша, 2026 жылы Қонаев қаласында 48 төсек-орынға арналған, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілетін кардиологиялық орталық пайдалануға беріледі. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге.Қазіргі уақытта қалада жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» зауытының өндірісі кеңейтіліп жатыр, сондай-ақ жаңа жобаларға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Бүгінде Қонаев қаласында 12 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істеп, облыс құрылғаннан бері жалпы өндіріс көлемі 410,2 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055535?lang=kk
Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды 22.08.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу бастамасын жүзеге асыруға бағытталған.2024 жылғы 26 сәуірде облыста әкім Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен «Біз бірге болашаққа дән егеміз» атты акция басталды. Өткен жылы өңірдегі барлық мектеп ауласында ағаш тұқымдары отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қосымша 6,79 гектар аумаққа 11 237 көшет отырғызу жоспарланып отыр. Тек мектептерде ғана бағдарлама аясында 11,2 мыңнан астам ағаш егілді.Әкімнің айтуынша, бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі:«Президент орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жөнінде нақты міндет қойды. Бүгінде Алматы облысы осы жалпыұлттық іске қомақты үлес қосуда. Мектеп аулалары мен саябақтар жасыл желекке толып келеді — бұл табиғатты қорғаудың әр азаматтың борышы екенін түсінген жас ұрпақтың бастамасының нәтижесі», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Экологиялық науқанға мектеп оқушылары белсенді қатысты: оған 340 мыңнан астам бала атсалысты.«Біз сыныптастарымызбен бірге ағаш тұқымдарын отырғыздық, қазір олар көктеп өсіп келеді. Үзіліс кезінде су құйып, күтіп-баптаймыз. Шақырылған қонақтар бізге ағашты қалай дұрыс өсіру керектігін үйретті. Бірнеше жылдан кейін бұл жерде жасыл бұрыш пайда болады деген ой қуантады. Ол біз үшін естелік әрі болашақ оқушыларға сыйлық болады», — деп бөлісті Қонаев қаласының 4-сынып оқушысы Сабит Айсулу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055399?lang=kk
Бішкекте Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық кеш өтті 22.08.2025
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қазақтың ұлы композиторы, әйгілі күйші және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аясында өтті.Мерекелік концерт Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында өтті. Шараны Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырып, аймақтың жетекші шығармашылық ұжымдары мен белгілі өнерпаздары қырғызстандық көрермендерге өнер көрсетті.Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Дінзухра Тілендиева құрметті қонақ ретінде қатысты. Мерекелік концертте «Сазген» және «Құлансаз» ансамбльдері, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, еңбек сіңірген қайраткер Нұркен Әшіров және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Сонымен қатар қырғызстандық әртістер де Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын орындады. Сүйінбай атындағы филармония директорының орынбасары Алмас Нұғманов атап өткендей, шараға екі ай көлемінде дайындық жүргізілді. Оның айтуынша, қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузы сахнада үйлесім тауып, екі халықтың рухани жақындығын айшықтай түсті.Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталар тізіміне енгізілген. Осыған байланысты мерейтой халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтуде. Бұған дейін Алматы облысының ұйымдастыруымен композитордың шығармашылық кеші Бейжің қаласында өткен болатын. Бішкектегі концерт осы мәдени эстафетаның жалғасы ретінде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055185?lang=kk
Жаңа оқу жылы – жаңаша форматта 20.08.2025
Қарасай ауданында Алматы облысының мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық білім беру саласы мамандарын біріктірген тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Биылғы жиын жаңа форматта – панельдік сессиялар түрінде ұйымдастырылды. Конференцияның тақырыбы да ерекше мәнге ие болды: «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман». Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.Жиын ауданның үш білім беру нысанында қатар өткізілді: Қаскелең қаласындағы жаңа заманауи мектепте, Шамалған ауылындағы көпсалалы кәсіби колледжде және Қошмамбет ауылындағы мектепте. Әрбір оқу орнында оқушылар мен студенттердің қолөнер және ғылыми жұмыстары қойылған көрмелер ұйымдастырылды.Қаскелеңде облыстың әртүрлі мектептерінің оқушылары робототехника саласындағы жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, 2016 жылы құрылған және білім беру мекемелеріне инновациялық цифрлық шешімдерді енгізумен айналысатын Stem Solutions компаниясының мамандары қатысты. Қазіргі таңда бұл компаниямен ел бойынша 500-ден астам мектеп, соның ішінде Астана, Алматы және Алматы облысының мектептері әріптестік орнатқан.Конференция жұмысына шамамен 1700 педагог қатысты. Олардың қатарында білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері бар.Бағдарлама 16-дан астам панельдік сессияны қамтыды. Алғашқы төртеуі қазақ және орыс тілдерін оқыту мәселелеріне арналса, бесіншісі – шетел тілдеріне, алтыншысы – ұйғыр тіліне арналды. Кейінгі сессияларда математика, физика, химия, биология, тарих, география және информатика пәндері қаралды. Сонымен қатар, бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім және тәрбиелеу, жаһандық құзыреттер тақырыптары талқыланды.Іле ауданы №51 орта мектептің мұғалімі Айшолпан Адаева «Білім берудегі жаһандық құндылықтар: мектеп тәжірибесі және қазіргі заманғы тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Еңбекшіқазақ ауданындағы О. Жандосов атындағы орта мектептің директоры Айжан Джамешева «Жаһандық құзыреттерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйлесе, Конаев қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №2 мектептің педагогы Ольга Затеева «Жаһандық құзыретті қалыптастырудағы білімнің рөлі» бойынша шеберлік сабағын өткізді.Спикерлер жаһандық құзыреттердің тек дағды ғана емес, әртүрлі мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасауға, көзқарастардың алуан түрлілігін түсініп, құрметтеуге және ұлттық шеңберден тыс мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін білім, құндылықтар мен ұстанымдардың үйлесімі екенін атап өтті. Сонымен бірге, инклюзивті білім беру, ерекше балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, дефектологтар, логопедтер мен психологтардың рөлі де талқыланды.«Ауыл мектебі – сапа алаңы», «943 елдің мақсатты мектептері» жобаларының жүзеге асырылуы мен арнайы білім беру ұйымдарының жұмысына айрықша көңіл бөлінді.Шамалған ауылындағы кәсіби колледж базасында 25-тен 30-ға дейінгі панельдік сессиялар өтті. Облыстық білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Кенжегүл Дюсентаеваның айтуынша, бұл колледж кездейсоқ таңдалмаған. Мұнда түрлі зертханалар мен шеберханалар бар, оқу процесі жақсы жолға қойылған және Satbayev University мен жұмыс берушілермен әріптестік байланыс орнатылған. Бұл сессияларға облыстың 40 колледжінен шамамен 500 өкіл қатысты.Чунджин политехникалық колледжінің әдіскері Анар Раимова «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Қосарланған күн» өткізудің тәжірибесімен бөлісіп, оқу процесіне жасанды интеллект сияқты заманауи технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Арнайы пәндер оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жанат Қуатбеков колледждегі оқу шеберханаларының жұмысын таныстырды. Мұнда мамандар төрт бағыт бойынша даярланады: автокөлікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды салу, тамақтануды ұйымдастыру және дәнекерлеу ісі.Қошмамбет ауылындағы мектепте дене тәрбиесі, спорт пен туризм, алғашқы әскери дайындық және технология пәндері бойынша мәселелер қаралды.Жалпы, конференция жаңа оқу жылына дайындық, педагогтардың біліктілігін арттыру және білім беру процесіндегі жаңа бағыттарды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.Облыстық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Атенбекованың айтуынша, 1 қыркүйекте Алматы облысында 362 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 135 мыңнан аса бірінші сынып оқушысы мектепке барады. «Біздің басты мақсатымыз – ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды елінің лайықты азаматтары етіп тәрбиелеу», – деді ол.Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен тамыз педагогикалық конференциясын өткізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1054042?lang=kk
Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады 20.08.2025
Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков, «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге мәлімдеді.Бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру. Бұл — өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.Бағдарлама аясында ипотекалық несиенің максималды сомасы 30 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Ал бастапқы жарна мөлшері — 10%. Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде меншігінде тұрғын үйдің болмауы міндетті.«Отбасы банк» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге бағдарламаның тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Ол азаматтарды берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырды.Бағдарлама облыстық бюджеттен 3,146 миллиард теңге, ал «Отбасы банк» тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өтінім қабылдау басталуы: 2025 жылғы 25 тамыз• Қабылдау орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, «Отбасы банк» ғимараты, 1-қабат• Жұмыс уақыты:• Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00• Сенбі: 09:00 – 13:00• Жексенбі — демалыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053835?lang=kk
Қонаевта ауқымды газдандыру жобасы жүзеге асырылуда 19.08.2025
Қонаев қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл іс-шаралар қаланы дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында іске асырылып, газдандыру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумақтарында жүргізілуде.Жобаның жалпы инженерлік желілерінің ұзындығы 89 шақырымды құрайды, оның ішінде 7 шақырымы салынды. 7 мыңнан астам стояк орнатылып, қалған жұмысты атқаруға қажетті құбырлар сатып алынды. Қазіргі уақытта құрылыс көлемінің 20 пайыздан астамы игерілді.Құрылыстың жалпы ұзақтығы 14 айға есептелген. Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін іске қосу-реттеу кезеңі басталады. Табиғи газды үйлерге қосу 2026 жылдың наурыз айына белгіленген. Барлық рәсімдер аяқталған соң желілер пайдаланушы ұйымның балансына беріліп, техникалық шарттар беру басталады. Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады.Сонымен қатар, Кешенді жоспар аясында ауылдарды, бау-бақша серіктестіктері мен жаңа шағын аудандарды газдандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алдағы маңызды міндеттердің бірі – автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, бұл өз кезегінде отын жеткізудің сенімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Қонаевта 6 618 тұтынушы табиғи газға қосылған. Оның ішінде 5 699 пәтер, 28 кәсіпорын және 78 шағын коммуналдық нысан бар. Жақын маңдағы елді мекендерді ескере отырып, қаланың газдандыру деңгейі 42 пайызға жетті.Аталған жобаларды жүзеге асыру қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызуға, дәстүрлі энергия көздеріне түсетін жүктемені азайтуға және қаланың коммуналдық инфрақұрылымын тұрақты дамытуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053562?lang=kk
Алматы облысының экономикасына инвестициялар қарқынды өсуде 19.08.2025
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысының экономикасына салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артты. Шетелдік капиталдың ағымы шамамен бір жарым есе өсті. Бұл өңірге тартылған қаражат көлемі бойынша республикада тоғызыншы орын алуға және қолайлы инвестициялық ахуалы бар аймақ ретіндегі мәртебесін растауға мүмкіндік берді.Алты айдың ішінде облыс экономикасына жалпы 421,6 млрд теңге бағытталды. Оның үштен төрт бөлігі бюджеттік емес қаражаттан құралды. Бұл жеке инвесторлар мен бизнес тарапынан өңірге деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.Инвестициялардың басым бағыттарыНегізгі қаржы өнеркәсіпке, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, құрылыс саласына және білім беру саласына тартылуда. Шикізаттық емес сектор тұрақты өсім көрсетуде: мұнда негізгі капиталға салынған инвестициялар 298 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары болды.Шетелдік инвестиция тартуда да айтарлықтай нәтижелер байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында олардың көлемі 210,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл қаражаттың жартысынан астамы өңдеуші өнеркәсіпке бағытталды. Бұл қадам өндірістік сектордың ұзақ мерзімді дамуына және халықты жұмыспен қамтудың артуына негіз болады.Ірі жобалар және жаңа жұмыс орындары2030 жылға дейін Алматы облысында жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 221 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың іске асырылуы шамамен 84 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Тек 2025 жылдың өзінде 35 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде – MP Solution логистикалық кешенінің, LC Waikiki көтерме-тарату орталығының, «Шин Лайн» балмұздақ фабрикасының және «Автодром Sokol» спорт кешенінің құрылысы бар.Биылдың өзінде өңірдің 540 тұрғынын жұмыспен қамтыған төрт ірі нысан пайдалануға берілді. Олар – Gas Line тас өңдеу зауыты, KT&G темекі өнімдері өндірісі, LC Waikiki көтерме-тарату орталығы және «Лабасы-А» кооперативінің асыл тұқымды шаруашылығы.Халықаралық брендтер мен отандық жобаларИнвестициялық саясаттың маңызды бағыты – халықаралық брендтерді тарту. БАКАД бойында PepsiCo, Focus Logistics пен OZON, «Строитель 98» және KT&G компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісімдердің жалпы құны шамамен 655 млн АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде кейбір жобалар іске асырылып үлгерді, соның бірі – биылғы сәуірде ашылған KT&G зауыты.Сонымен қатар, отандық бастамалар да белсенді дамып келеді. Маңызды жобалардың қатарында – «Алтын Таға» темірбетон бұйымдары зауыты мен Imagine Apple Logistics логистикалық орталығының құрылысы бар. Бұл жобалар 1,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.Индустриалды аймақтардың рөліЭкономикалық өсімді ынталандырудың маңызды құралдарының бірі – индустриалды аймақтар. Алматы облысында жалпы аумағы 1,6 мың гектардан асатын алты индустриалды аймақ жұмыс істейді. Бұл жерлерде негізінен экспортқа бағытталған өндірістер шоғырланған.«Береке» индустриалды аймағында жылына 25 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін өңдеуге қауқарлы FruitArt сублимациялық зауыты іске қосылды. «Қайрат» индустриалды аймағында шойын бұйымдарын, болат сымын және жылу оқшаулағыш материалдарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ал «Шелек» пен «Қазбек бек» индустриалды аймақтарында жеміс қоймалары мен металл құрылымдарын өндіру жобалары жүзеге асуда.Алдағы жылдары индустриалды инфрақұрылымды кеңейту жоспарланған. Қолданыстағы алаңдарға қосымша тоғыз жаңа индустриалды аймақ ашылады. Сондай-ақ, аумағы 100 мың гектарға жуық арнайы экономикалық аймақ құрылады. Мұнда тамақ өнеркәсібі, тоқыма, құрылыс материалдары өндірісі және логистика салаларындағы жобалар жүзеге асырылатын болады.2025 жылға арналған жоспарлар2025 жылы Алматы облысына тартылатын инвестицияның жоспарлы көрсеткіші – 1,35 трлн теңге. Бұл өткен жылғы деңгейден 23%-ға жоғары. Бірінші жартыжылдықтағы серпінді ескере отырып, өңірдің жоспарды орындап қана қоймай, асыра орындауына да барлық негіз бар. Бұл Алматы облысының инвесторлар үшін Қазақстандағы ең тартымды өңірлердің бірі мәртебесін одан әрі нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053436?lang=kk
ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек? 19.08.2025
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты  өзгерістер күшіне енеді.Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053261?lang=kk
«Небо Байсерке – 2025» 18.08.2025
Ауқымды мерекелік шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Таңертеңнен бастап Байсеркеге балаларымен келген отбасылар, жастар мен үлкендер ағылып, үлкен авиациялық мерекенің ерекше атмосферасына куә болды.Авиашоуды ұйымдастырушылар – Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы (КАМА), «Тянь-Шань» авиациялық орталығы, «Отан» әуе клубы мекемесі, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Visit Alatau туристік ақпараттық орталығы. Іс-шара қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда авиациялық спортты дамыту мен жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттаудың маңызы атап өтілді.Ашық алаңда авиациялық техника музейі ұйымдастырылып, әр кезеңнің куәсі болған тарихи және заманауи ұшақтар мен тікұшақтар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Балалар ұшақ кабиналарын қызыға тамашалап, қонақтар естелік суретке түсті. Ресми ашылуға дейін мерекелік көңіл-күйді Қазақстанның мемлекеттік үрмелі оркестрі қалыптастырды, ал көк жүзінде әуе шарлары көтерілді. Шараның ресми жүргізушісі Роман Жуков авиашоудың ашылғанын хабарлап, әуеге алғашқы болып авиамодельдер көтерілді.Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігілген тікұшақтың Әнұран әуенімен көкке көтерілуімен айшықталды. Бұл сәт патриоттық рухты күшейтіп, аспанның елді біріктіруші құндылық ретіндегі символдық мәнін көрсетті.Авиашоу бағдарламасына енгізілгендер:жоғары пилотаж шеберлерінің өнер көрсетуі;заманауи және тарихи әуе кемелерінің әуеге көтерілуі;облыс әкімдігінің, Visit Alatau мен түрлі ұйымдардың жалауларымен парашютшілердің секіруі;Қазақстан авиациялық спорты федерациясы вице-президенті Тимофей Меркуловтың түтін гирляндасымен әсерлі секірісі;ҚР Қарулы күштері парашюттік даярлық орталығы спортшыларының көрсетілімі;Socata ұшақтарының топтық ұшуы;ҚР әуе спорты чемпионы Владимир Анцуповтың, нұсқаушы Дмитрий Кияновтың және басқа да ұшқыштардың жоғары пилотаждық маневрлері;Pilatus PC-12, Partenavia P.68, Як-55 ұшақтарының және Ми-2 тікұшағының көрсетілімдері;екі Ан-2 ұшағынан бір мезетте 24 парашютшінің десантталуы;Як-18Т, Як-52 және Як-55 әуе кемелері орындаған «Ромб» топтық пилотажы.Жердегі бағдарлама да ерекше әсер қалдырды: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әртістерінің концерттік қойылымдары, жәрмеңке, фотозоналар, балалар алаңдары, сондай-ақ авиациялық техника музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Көрермендердің жайлылығы үшін шаттлдар, автотұрақтар, фудкорттар, ақпараттық орталықтар және санитарлық аймақтар қарастырылды.«Небо Байсерке – 2025» Қазақстандағы авиациялық спорт саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде өз мәртебесін тағы да дәлелдеп, технологияны, шеберлікті және көкке деген сүйіспеншілікті тоғыстырған нағыз отбасылық әрі шабыт сыйлаған мерекеге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1052856?lang=kk
Алматы облысында түлектерге жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу барысында қолдау көрсетілуде 18.08.2025
Биыл Алматы облысында 17 940 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 1 432 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 1 513 оқушы үздік аттестат алды. Көпшілігі үшін бұл тек мектеп кезеңінің аяқталуы ғана емес, жоғары және орта кәсіптік білім жолындағы үлкен бастаманың алғашқы қадамы. Ал осы жолда өңір түлектеріне айрықша қолдау көрсетіп келеді.Байқау нәтижелері бойынша облыс түлектерінің 44 пайызы — 7 681 жас мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды. Оның ішінде өңір үшін басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінген: 1 440 грант – педагогикалық мамандықтарға, 770 грант – медициналыққа, 543 грант – аграрлыққа бөлінді. Ал қалған 4 928 грант елімізде сұранысқа ие өзге салаларға тиесілі болды.Халықаралық ынтымақтастық та мақтаныш тудырады: биыл Алматы облысының 37 түлегі Қытайға — Синьцзян университетіне оқуға барады. Барлық шығынды қабылдаушы тарап өз мойнына алған. Бұл – әлемдік деңгейдегі білім алуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық құзыреттерге ие жаңа буын мамандарының қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік.Дарынды жастарды қолдауда жергілікті биліктің де рөлі ерекше. Биыл облыс әкімі 30 атаулы грант бөлді:17 грант – медициналық мамандықтарға,17 грант – аграрлыққа,6 грант – педагогикалыққа.Бұл тек студенттерге көрсетілген қолдау ғана емес, өңірдің адами капиталына жасалған стратегиялық инвестиция. Күтілгендей, мұндай грант иегерлері туған өлкесіне оралып, Алматы облысының мектептерінде, ауруханаларында және ғылыми мекемелерінде еңбек ететін болады.Бұл жас мамандардың өңірдің дамуына тірек боларына сенеміз. Білімді қолдау – бір реттік шара емес, бүкіл облыс үшін тұрақты болашақ қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс», — деді облыстық білім басқармасында.Мемлекеттік гранттар мен халықаралық бағдарламалардан бөлек, өңірде мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары және колледждермен мақсатты оқыту жөнінде меморандумдар жасалуда. Бұл түлектерге қай мамандықтың сұранысқа ие екенін алдын ала түсінуге әрі оқуды аяқтаған соң кепілді жұмыс орнына ие болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1052549?lang=kk
Алматы облысында урбанистика саласын дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті 15.08.2025
2025 жылғы 15 тамызда Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында елордадағы Урбанистика орталығының үлгісімен урбанистика саласын дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті.Семинарға Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мынбаев және Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев төрағалық етті.Жиынға Алматы облысы сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жақсылық Ержанов, аудан және қала әкімдерінің саланы қадағалайтын орынбасарлары, сондай-ақ өңірдің сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында қатысушылар қала ортасын жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, астананың қала құрылысы саласындағы озық тәжірибесін енгізу, жобалау кезінде цифрлық технологияларды қолдану және инфрақұрылымдық шешімдердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер құруға, аумақтарды абаттандыруға және көлік инфрақұрылымын жетілдіруге аударылды.Қанат Мынбаев урбанистика саласын дамытуға жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдар, жобалық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тығыз ынтымақтастықтың қажеттігін айтты. Оның айтуынша, үздік тәжірибелер мен заманауи стандарттарды қолдану елді мекендердің тартымдылығын және функционалдығын арттырып, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өз сөзінде өңірде абаттандыру және қала ортасын жаңғырту бойынша жобалар белсенді түрде іске асырылып жатқанын атап өтіп, басқа облыстар мен астанамен тәжірибе алмасу аумақтарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.Кеңес қорытындысы бойынша қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту және жобалау мен құрылысқа инновациялық шешімдерді енгізу сияқты алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1051959?lang=kk
Талғар ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жеделдетуді тапсырылды 15.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қарқынының төмен екенін атап өтті.Өңір басшысы жер ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық секторды дамыту мен облыс экономикасының өсуінің маңызды шарттарының бірі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару – адал ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жерді беру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген басым міндеттердің бірі екенін еске салды.Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2025 жылы Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 366 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталды. Оның 49,7 мың гектары немесе 13,6%-ы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерлер алдағы уақытта қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі.Талғар ауданында пайдаланылмай жатқан жер көлемі 33,9 мың гектарды құрайды. Алайда оның тек 123 гектары (0,4%) ғана мемлекетке қайтарылған. Сонымен қатар, мемлекеттік жайылымдық жер қорын толықтыру үшін қосымша 0,4 мың гектар жер бөлінді.Облыс әкімі аудан әкімдігіне осы бағыттағы жұмысты жандандыруды және қайтарылған жерлерді өнім өндіруге ниетті, оларды тиімді пайдаланатын шаруаларға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1051600?lang=kk
Әр ауылда – жаңа техника: Талғар ауданында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту тапсырылды 15.08.2025
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында өткен есептік кездесу барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданның әр ауылында заманауи ауыл шаруашылығы техникасы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.Аудан әкімдіктерінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде егіс алқаптарын әртараптандыру және тиімді дақылдар көлемін сақтау белгіленді. Қазіргі таңда өңірде астық жинау науқаны жүріп жатыр. 5 шілдеде басталған жұмыстар аясында дәнді дақылдардың 32,1% жиналды, бұл — 98,8 мың тонна астық, гектарынан орташа 17,9 центнер өнім алынуда. Сондай-ақ, 6,6 мың тонна картоп (2,9%) және 69,2 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары (15%) жиналды.Аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ерекше назар аударылуда. 2025 жылы облыс бойынша 490 бірлік жаңа техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 209 бірлік техника алынды, бұл жылдық жоспардың 42,7%-ін құрайды. Заманауи тракторлар, астық жинайтын комбайндар және арнайы технологиялық жабдықтар ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы орындауға мүмкіндік береді.Талғар ауданында ауыл шаруашылығы техникасының 47,5% тозған. Жыл басынан бері 836,1 млн теңгеге 19 бірлік техника сатып алынды, бұл жоспардың 36,5%-ін (жоспар – 44 бірлік) құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы техника паркінің кемінде 6,5% жаңарту көзделіп отыр.«Кең дала» несиелік бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 15,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2,8 млрд теңгеге 67 өтінім қабылданып, оның ішінде 2,7 млрд теңгеге 59 несие мақұлданды. Талғар ауданы бойынша 11,3 млн теңгеге бір несие берілді.Аталған бағдарлама фермерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, техника, тыңайтқыш сатып алуға және егіс жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетеді. Бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалану өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын арттыруға жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1051580?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесіп АӨК негізгі нысандарын аралады 15.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданына жасаған жұмыс сапары аясында аудан халқымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің дамуындағы өзекті мәселелер мен басты басымдықтарды талқылады. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар жолдарды жөндеу, газдандыру, жастарды жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін көтерді. Кездесу барысында аймақ басшысы тиісті салалық басқармаларға нақты тапсырмалар берді.Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары аясында өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ірі жобаларды аралап көрді.Саймасай ауылында орналасқан «Айдарбаев» шаруа қожалығының түйіршіктелген құрама жем-шөп өндіру желісі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің заманауи үлгісі. Жоба құны – 500 млн теңге, өндірістік қуаты – сағатына 3,5 тонна. 2024 жылдың қазан айында басталған құрылыс бүгінде толық аяқталған, қазір құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндіріс балық және жануарларға арналған түйіршіктелген құрама жем шығаруға маманданған.Сонымен қатар, облыс әкімі «Есік жеміс консерві зауыты» ЖШС-нің өндірістік әлеуетімен танысты. Жалпы жер көлемі – 1500 гектар: оның ішінде 200 гектарға өрік, 1000 гектарға қызанақ, 300 гектарға алма бағы егілген. Кәсіпорын концентрленген томат пастасы, алма және өрік пюресі, ашық алма шырыны, сондай-ақ консервіленген өнімдер шығарады. Заманауи «Triowin» және «Manzini» желілері тәулігіне 900 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Зауытта 100 тұрақты және 200 маусымдық жұмыс орны бар.Қырбалтабай ауылдық округінде орналасқан «Агро Балтабай» ЖШС – 12 мың бас қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малға арналған бордақылау алаңы. 2021 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 1500 бас бордақыда, 3000 бас жайылымда бағылады. Өндіріс мәрмәр және жартылай мәрмәр сиыр етін өндіреді. Кәсіпорынның меншігінде 10 мың бас ірі қараға арналған репродукциялау және бордақылау алаңы, 60 бірліктен тұратын техникалық парк және жеткілікті азықтық база бар. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Аймақ басшысы аталған жобалардың өңір экономикасы мен ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1051406?lang=kk
Алматы облысында Спорт күні аталып өтті 14.08.2025
Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақ сахнасында Спорт күніне арналған мерекелік кеш өтті. Бір алаңда олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылар бас қосты.Мереке Жақсылық Үшкемпіровтің аңызға айналған жеңісін бейнелеген театрландырылған қойылыммен ашылды. Одан кейін спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру мен спорт саласының мамандары марапатталды.Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылардың жетістіктері жүйелі қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті: «Спорт – ұлт рухын көтеретін күш. Өңірде спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар ай сайынғы стипендия алады, ал енді «Алатау» клубының жұмысының арқасында қосымша төлемдер де беріледі. Сонымен қатар, спорт саласының мамандары мен үздік спортшылар «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несие рәсімдей алады. Бұл – олардың еңбегіне берілген лайықты баға әрі жаңа жеңістерге ынталандыру», – деді ол.Соңғы жылдар өңір үшін жарқын жетістіктерге толы болды: Париж олимпиадасында Демеу Жадраевтың күміс медалі, Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында Асет Дүйсеновтің жүлделері, сондай-ақ боксшылар мен ауыр атлеттердің Азия және әлем чемпионаттарындағы алтын жеңістері.Бұқаралық спорт та қарқынды дамуда. 2024 жылдан бері «Алатау лигасы» аясында ауылдық округтерде 140 клуб ашылып, футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі бойынша 318 команда құрылды. Жоба жаңа жұлдыздарды анықтап, мыңдаған тұрғынды салауатты өмір салтына баулып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1050647?lang=kk
Жартыжылдық қорытындысы: Қонаев қаласында 86 жаңа тұрғын үй салынып жатыр 12.08.2025
Қонаев қаласында заманауи қала ортасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Бүгінде қаланың әртүрлі шағынаудандарында абаттандырылған аулалары, сауда нысандары және демалыс орындары бар 86 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Д. Қонаев даңғылында «MDI Construction» ЖШС «Маяк» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жоба жеті төрт қабатты секциядан тұрады және 216 пәтерді қамтиды. Сондай-ақ, кешен аумағында жеке кафе, дүкен және спорт залы қарастырылған.19-шағынауданда «Хаммер Бау Девелопмент» ЖШС «Атамекен» тұрғын үй кешенін салуда. Жоба үш тоғыз қабатты кең пәтерлі үйден тұрады. Құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Ірі жобалардың бірі – «Али-Нұр транс» ЖШС-нің «NNS City» тұрғын үй кешені. Мұнда 21 бес қабатты үй салынып, шамамен 600 пәтер пайдалануға беріледі. Бірінші кезектің құрылысы 2026 жылдың қараша айында аяқталады.Қаланың орталығында, Д.А. Қонаев даңғылында Retail Construction компаниясы 50 пәтерден тұратын ықшам бес қабатты үй салып жатыр. Нысанды 2025 жылдың желтоқсан айында тапсыру көзделген.«R&M Construction» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Аристократ» тұрғын үй кешені 25 үйден тұрады. Қазіргі таңда кейбір үйлер пайдалануға берілген, ал жоба толықтай 2027 жылы аяқталады.«GS QURYLYS» ЖШС «Comfort» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде. Жоба төрт тұрғын блоктан, дүкендерден және автотұрақтан тұрады. Құрылысты 2026 жылдың басында аяқтау жоспарланған.10-шағынауданда Chinese Foreign Construction Company компаниясы «Феникс» тұрғын үй кешенінің құрылысын бастайды. Бірінші кезек 2026 жылы тапсырылады.Осы жылдың басынан бері қалада 14,213 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 65,2%-ын құрайды. Орындаған құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд теңгені құрады.Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, абаттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым нысандарын көбейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049612?lang=kk