Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматы облысында Жастар күні: марапаттар мен үлкен Open Air мерекесі 12.08.2025
Алматы облысында 35 жасқа дейінгі шамамен 430 мың жас тұрады, олардың 80%-дан астамы – ауылдық жерде, 136 ауылдық округте. Ауылдарда жастармен жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс істейді – олар мемлекеттік саясатты ауыл деңгейінде жүзеге асыратын негізгі буын.Өңірде алғаш рет осы саладағы үздік мамандарды анықтап, ынталандыруға бағытталған «Umtylys» байқауы өтті. Іріктеу кезеңінен кейін 44 қатысушы финалға жолдама алды, олардың арасынан комиссия 8 жеңімпазды анықтады. Меценаттардың қолдауына ие болған олардың жобалары жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Бүгін жеңімпаздарға салтанатты жағдайда қаржылай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев белсенді жастардың өңірдегі жастар ортасын дамытуға және әлеуметтік капиталды нығайтуға қосып жатқан үлесін атап өтті.Қуат Байғоджаев айтуынша, облыста бірқатар маңызды бағдарламалар сәтті іске асырылып жатыр: жас мамандарға арналған «Алатау жастары» жеңілдетілген ипотекасы, ғылым, мәдениет және инновация саласындағы жобаларға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Заңғар» гранттары, сондай-ақ ауыл жастарына төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы.Жастар инфрақұрылымы да дамып келеді: Қонаев қаласында, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында жаңа жастар ресурстық орталықтары ашылды, жыл соңына дейін мұндай орталық Қарасай ауданында да іске қосылады. Бұл алаңдар белсенді жастар үшін оқуға, дамуға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орталыққа айналды.Өңірде Жастар күні 10 тамызда – Абай күні басталды. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай шығармашылық кештер, зияткерлік ойындар мен челлендждер, сондай-ақ «Ізгі істер марафоны» және «Таза Қазақстан» аясында қайырымдылық және экологиялық акциялар өтті. Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында белсенділерді марапаттау рәсімімен өтетін фестивальдар ұйымдастырылады.Мерекенің шарықтау шегі – танымал қазақстандық орындаушылар қатысатын «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерті болмақ. Жастар күні аясында өңірде 50-ден астам іс-шара – спорттық турнирлерден бастап, тренингтер мен қайырымдылық акцияларына дейін өтеді. Оларға 50 мыңнан астам қатысушы жиналады. Мақсат – талантты әрі бастамашыл жастарды қолдау, көшбасшылық пен волонтерлікті дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049571?lang=kk
Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXI маусымы ашылды 09.08.2025
Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа – XXI маусымы салтанатты түрде ашылды.2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды табиғатты қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталған.Биыл облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылатын болады. Жоба әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылардың және NEET санатындағы жастарды қолдауға басымдық берілген. Жас сарбаздар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Оларға еңбекақы төленіп, арнайы жұмыс киімдері берілген. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралардың жалғасы болмақ.Салтанатты ашылу рәсімінен кейін жас сарбаздар Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын өткізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау тақырыбында түсіндіру акциясын ұйымдастырды.Жоба аясында еңбек еткен жастар ай сайын орта есеппен 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.Соңғы үш жылда Алматы облысында «Жасыл ел» қатарында 3 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның 70 пайызы – ауыл жастары.«Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс емес, қоғамға пайдалы іс пен болашақ ұрпаққа жарқын үлгі болды», – деді Алматы облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрдәулет Сұлтан Нұрғайыпұлы.Іс-шараға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов және Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048357?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында Вашингтонда қол қойылған бейбіт келісімді тарихи маңызды жетістік деп санайды. 09.08.2025
Құжат екі мемлекет арасындағы бұрыннан келе жатқан әскери қақтығысқа нүкте қойып, олардың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуға және берік бейбітшілік негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты. Мемлекет басшысының айтуынша, Әзірбайжан мен Армения арасындағы бірегей келісімге қол қою АҚШ президенті Дональд Трамптың жігерлі және тиімді делдалдық миссиясының арқасында мүмкін болды, ол Әзірбайжан мен Армения басшыларын саяси ерік-жігер мен стратегиялық көрегенділікті толық көрсетуге сендіре алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы осындай маңызды келісімдерге қол жеткізуге Қазақстанның да өз үлесін қосқанын, бейбітшілік шартының негізгі параметрлері бойынша сыртқы істер министрлері деңгейінде келіссөздер өтетін орын ретінде Алматыны ұсыну арқылы атап өтті. Онда министрлік келіссөздері өтті.
Беріктас ауылында облыстық маңызы бар жол жөнделуде 09.08.2025
Жамбыл ауданының Беріктас ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.Жоба аясында жаңа асфальтбетон жабындысы төселіп, жол бойына тротуарлар орнатылуда. Бұл шаралар елді мекеннің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Мердігер ұйымның айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталса, жаңарған жолда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048292?lang=kk
Талғар ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті 09.08.2025
Талғар аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиынға Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков, аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.Бағдарлама аясында Абай оқулары ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, «Қара сөздерінен» үзінділер және әндері орындалды. Жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары ұлы ойшылдың шығармашылығына деген құрметін білдіріп, тыңдарманға оның туындыларының рухы мен даналығын жеткізді.Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оның мол рухани қазынасы – ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі және жас ұрпақ үшін сарқылмас тәрбие көзі екеніне тоқталды.Абай Құнанбайұлы ұрпаққа әдеби мұра ғана емес, адамгершілік пен руханиятқа толы құндылықтарды аманаттап, ұлттың рухани байлығын нығайтқан ұлы тұлға болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048291?lang=kk
Қарасай ауданында тексеру қорытындылары шығарылды 08.08.2025
Қарасай ауданында жер заңнамасының сақталуына егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Тексеруді облыс әкімі аппаратының жұмыс тобы жүзеге асырып, ол аудан және ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметін қамтыды.Талдау қорытындысы бойынша жүйелі заңбұзушылықтар анықталды. Лауазымдарынан 4 қызметкер босатылды: Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Райымбек ауылдық округінің әкімі.Сонымен қатар, тағы 10 ауылдық округтің әкімі — Қаскелең, Іргелі, Жібек жолы, Шамалған, Әйтей, Жамбыл, Елтай, Жандосов, Первомай және Үмтіл округтерінің әкімдері — бойынша материалдар Әдеп жөніндегі кеңесте қарауға жолданды.Барлық материалдар тәртіптік жауапкершілікті бағалау үшін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментіне жіберілді. Негіз ретінде жер учаскелерін басқаруға байланысты заңбұзушылықтар алынды.Жер қатынастары саласындағы тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Басым бағыттар — ашықтық, заңдылық және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048261?lang=kk
Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді 07.08.2025
Жыл басынан бері Алматы облысында 622 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жылдық жоспардың 64,8 пайызы. Аталған көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орынға шығып, құрылыс қарқынын қарқынды түрде жалғастырып келеді.Соның айқын дәлелі – Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында салынған жаңа көппәтерлі тұрғын үй. Ауылдың қақ ортасында орналасқан заманауи тұрғын үйден 60 отбасы қоныс тойын тойлап, пәтер кілттеріне ие болды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында салтанатты түрде табысталды.Үйдің құрылысы 2022 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұратын бұл үй қазіргі заманның барлық стандарттарына сай салынған: ыстық су жүйесі орнатылып, электр плиталар мен орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген.Жаңа үйге көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар және әлеуметтік осал топ өкілдері қоныстанды. Олар үшін бұл — жаңа өмірге жол ашқан зор қуаныш.— "Халықты баспанамен қамту – бұл жай ғана міндет емес, бұл – біздің парызымыз. Әрбір отбасы мемлекет қамқорлығын сезініп, болашағына сенімді болуы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз. Жаңа үй – бұл тек қабырғалар емес, жаңа өмірдің бастауы", — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Қоныстанушылардың бірі – алты бала тәрбиелеп отырған Көккөзовтер отбасы. Олар үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, жаңа баспанасын жайластырып жатыр.— "Біз бұл күнді ұзақ күттік. Әлі де сенер емеспіз — енді өз баспанамыз бар. Арманымызды шындыққа айналдырған барлық жанға алғысымыз шексіз", — дейді Альбина Көккөзова.2024 жылы облыс бойынша 960 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл бағытта Ұйғыр ауданы да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1047515?lang=kk
Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр 07.08.2025
Алматы облысында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бағытта айрықша назарға іліккен өңірлердің бірі - Ұйғыр ауданы. Жуырда Шарын ауылында ұзындығы 64 шақырым болатын газ құбырының құрылысы аяқталып, 1 200-ден астам үйге газ берілді. Сонымен қатар мектеп, аурухана, балабақша, мешіт және әкімшілік ғимараттар да газ жүйесіне қосылды.Қазіргі таңда Ташқарасу мен Бахарқ ауылдарында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жақын арада бұл елді мекендерде тағы 978 үй мен әлеуметтік нысандар көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда.Ауқымды жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Жобаны «QazaqGaz» ұлттық компаниясының құрамындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған.“Бүгінде облыс тұрғындарының 77 пайызы, яғни 1,2 миллионнан астам адам табиғи газды тұтынуда. Барлық бес қала мен 152 ауылдық елді мекен газбен қамтылды. Әсіресе, Ұйғыр ауданы тұрғындары үшін бұл — тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды қадам. Біз осы игі істі жалғастырып, бағдарламаға енгізілген әрбір ауылды сапалы әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз”, — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Жобаның табысты жүзеге асуына мемлекеттік құрылымдар мен сала мамандарының үйлесімді ынтымақтастығы ықпал етуде.“Бұл Мемлекет басшысының азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты жемісі. Жергілікті атқарушы органдар мен газ саласы мамандарының тынымсыз еңбегі еліміздің тұрақты әрі заманауи газ инфрақұрылымын қалыптастыруға қосылған қомақты үлес”, - деді «QazaqGaz Aimak» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Абзалбек Сұлтанбек.Айта кетейік, бүгінде облыстағы 373 елді мекеннің 157-сі, соның ішінде барлық бес қала газға қосылған. Жалпы ұзындығы 4 200 шақырымнан асатын газ желілері жұмыс істеп тұр. Өңірдің жылдық газ тұтыну көлемі 200 миллион текше метрден асады.Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді қамту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Бұл бастама өңір экологиясын жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға сеп болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1047238?lang=kk
Алматы облысында 309 тонна құлпынай мен 15 мың тонна қарбыз жиналды 07.08.2025
Алматы облысында жидектер мен бақша дақылдарын жинау маусымы жалғасуда. Қолайлы ауа райы жағдайлары мен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиімді еңбегінің арқасында өңірде жоғары өнімділік көрсеткіштері тіркелуде. Атап айтқанда, құлпынай мен қарбыздан мол өнім алынуда.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл үш ауданда 61 гектар жерге құлпынай егілген. Қазіргі уақытта 309 тоннаға жуық құлпынай жиналды. Ең жоғары өнім Еңбекшіқазақ ауданынан алынды – 170 тонна. Одан кейінгі орындарда Талғар ауданы – 74 тонна және Қарасай ауданы – 65 тонна. Орташа өнімділік әр гектардан 50,7 центнерді құрап отыр.Сонымен қатар, қарбыз жинау науқаны да белсенді жүргізілуде. Биыл бұл дақыл 700 гектар жерге егілген. Қазіргі таңда 15,7 мың тоннадан астам өнім жиналды. Агрономдардың айтуынша, әр гектардан орта есеппен 234 центнерден өнім алынуда.— Биылғы маусымда фермерлер жақсы нәтижелер көрсетті. Жергілікті өнімге деген сұраныс артып келеді. Біздің міндетіміз – нарықты сапалы әрі балғын жидектер мен бақша өнімдерімен қамтамасыз ету, — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпейісов.Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешені Алматы облысы экономикасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік қолдау аясында ауылдық жерлерде субсидиялау, жеңілдетілген несие беру және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1047265?lang=kk
Алматы облысында жастармен жұмыс істеудің жаңа моделі қалыптасуда 07.08.2025
Алматы облысында жастармен өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыру бойынша жүйелі әрі бірізді жұмыс жүргізілуде. Негізгі басымдық – жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, жастар бастамалары мен жобаларын қолдау, сондай-ақ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, NEET санатындағы жастарды тарту, кәсіпкерлік пен волонтерлікті дамыту.Облыстың әкімшілік реформаларынан кейін жастар саясаты мәселелері басқармасы аймақ жастарын қолдайтын тиімді экожүйе құру бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Ресми деректерге сәйкес, өңірде 14 пен 35 жас аралығындағы 432 664 жас бар, бұл облыс халқының 28%-ын құрайды. Олардың басым бөлігі – ауыл жастары (366 224 адам), ал қала жастары – 66 440 адам.2024 жылдың басынан бері Қонаев қаласында, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында заманауи жастарға арналған коворкинг-орталықтар ашылды. Жыл соңына дейін 85 мыңнан астам жас тұратын Қарасай ауданында да осындай орталық іске қосылады.Қонаев қаласындағы орталықтың маңызы ерекше – бұл жаңа облыс орталығында пилоттық жобалар іске асырылатын алаңға айналды. Мұнда облыстық Жастар ресурстық орталығы орналасқан, ол жастар саясатын үйлестіретін орталыққа айналды. Ашылған күннен бері орталыққа 12 мыңнан астам адам келіп, күніне 30–40 жас тұрақты түрде қатысуда. Мұнда ұсынылатын қызметтер:тегін интернет пен коворкинг алаңы,мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру,құқықтық және психологиялық көмек,жұмысқа орналасуға жәрдемдесу,білім беру курстары мен мастер-кластар,ауылдық округтерде көшпелі ақпараттық сессиялар.NEET санатындағы (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлықтан өтпейтін) жастармен де жүйелі жұмыс атқарылуда. 2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша NEET-жастар үлесі 6,2%-ға (27 459 адам) дейін төмендеді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% немесе 5925 адамға аз.Мәселені жүйелі шешу үшін облыстық штаб құрылып, NEET-жастардың цифрлық картасы жасалды, әр аудан мен округке нақты KPI және кешенді жоспарлар белгіленді. Басымдық – жастар көп шоғырланған қала маңы аудандарға берілуде.Нәтижелі жобалардың бірі – базарларда еңбек келісім-шартынсыз жұмыс істейтін бейресми жастарды тартуға бағытталған «Мүмкіндіктер керуені». 22 сауда нүктесіне пайдалы ақпаратпен QR-кодтар орнатылып, 578 жас кеңес алып, 112-сі ресми еңбек шартын жасасты.«Алатау жастары» өңірлік ипотекалық бағдарламасы арқылы 100 жас отбасы өз баспанасына ие болды. 2025 жылдан бастап бұл бағдарлама «Алатау» атауымен жаңартылып, жастар үшін арнайы квота бөлінеді. Бағдарлама «Отбасы банк» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырылуда.Маңызды бағыттардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам жас уақытша жұмыспен қамтылды, оның 2 мыңнан астамы – ауыл жастары. 2025 жылы тағы 1000-нан астам жасты еңбекке тарту көзделуде.Жастар бастамалары конкурс негізінде гранттармен қолдауға ие болуда:2023–2024 жылдары «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында 30 млн теңгеге 10 грант берілді;«Zhas project» жобасы аясында 20 млн теңгеге 20 грант ұсынылды.Мысал ретінде – 3 млн теңге грант ұтып алып, дәстүрлі ат әбзелдерін жасайтын шеберхана ашып, ауыл жастарын осы кәсіпке үйретіп жүрген 20 жастағы Берік Ажимбайды атауға болады.Жастар ресурстық орталығы базасында жүздеген белсенділерді біріктірген волонтерлік фронт-офис жұмыс істейді. Жүзеге асырылған жобалар:«Ардагерді ардақтайық»,«Таза өлке»,«Жан жылуы».Шабыт беретін мысал – Айдын мен Алмира есімді жас отбасы апта сайын графикалық дизайн және ағылшын тілі бойынша тегін курстар өткізеді. Сонымен қатар, SMM, компьютерлік сауаттылық және басқа да бағыттарда оқыту курстары жүргізілуде.2025 жылдан бастап Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар қолға алынды:«Saqtan» жобасы – нашақорлық, суицид, құмар ойындардың алдын алу: 800 жас қамтылып, 250 жарнама жойылды.Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде «Заң және тәртіп» факультативі енгізіледі – сабақты бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізеді.16 мың экобелсендінің қатысуымен 300-ге жуық сенбілік пен акция ұйымдастырылды.800 жалғызбасты ардагерге көмек көрсетілді.«Жұмысшы мамандықтар», «Достық», «Волонтерлер» аллеялары ашылды.«Taza Like» бастамасы аясында 1000 құс ұясы орнатылды.2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы облысы республикалық «Ізгі істер» марафонында 1-орынға ие болды.Бүгінде өңірде аудандар мен шалғай округтерді қоса алғанда, 10 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде 136 әдіскер-нұсқаушы жастар саясатын іске асырумен айналысып, бірыңғай стандартты енгізуге және жобаларды үйлестіруге көмектесуде.Алматы облысы жастар саясатын дамытуда жүйелі тәсілді ұстанып, қолжетімділік, тиімділік және белсенділік қағидаттарына сүйенеді. Барлық қабылданған шаралар – өңір мен ел болашағының негізі болатын білімді, бәсекеге қабілетті және белсенді жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1047070?lang=kk
Алматы облысында автожолдарды жөндеу және салу бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда 06.08.2025
2025 жылы Алматы облысында әр деңгейдегі автожолдарды жөндеу, реконструкциялау және салуды қамтитын көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылды. Жоспарға сәйкес, 660 шақырымнан астам жол – облыстық маңыздағы трассалардан бастап ауылішілік көшелерге дейін – нормативтік талаптарға сай келтірілетін болады.Бағдарламаның басты мақсаты – көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы жол жұмыстарын қаржыландыру көлемі 25,1 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 22,5 млрд теңге облыстық бюджеттен, соның ішінде 2,6 млрд теңге республикалық трансферттерден бөлінеді. Қаржыландыру тек мемлекеттік көздер есебінен жүргізіледі.Ағымдағы жылы жөнделіп және жаңадан салынатын жолдардың көлемі:облыстық маңыздағы жолдар – 187,8 км,аудандық және ауылішілік жолдар – 472,2 км.Оның ішінде орташа жөндеуден өтетін жолдар: 160,8 км (облыстық), 320,25 км (жергілікті). Капиталдық жөндеу: 26 км (облыстық), 22,1 км (аудандық). Сонымен қатар, жаңа жолдар салынады: Ақын Сара көшесінің 1 км және елді мекендерде 1,5 км көше желісі.Бағдарлама аясында халық тығыз қоныстанған, көлік ағыны жоғары және стратегиялық маңызы бар аудандарға ерекше назар аударылады: Талғар, Қарасай, Іле және Еңбекшіқазақ аудандары. Жоспарланған жұмыстар:Талғар ауданында Талғар өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу басталады,Есік–Қырбалтабай–Жетіген жолында автоматтандырылған өлшеу жабдығы орнатылады,Қарасай ауданында «Алматы–Шамалған–Ұзынағаш» трассасы қайта жаңғыртылып, Алматы өзені үстіндегі көпір жөнделеді,Іле ауданында Қапшағай су қоймасына апаратын жол жөнделіп, Ақын Сара көшесінің жаңа бөлігі салынады,Еңбекшіқазақ ауданында Есік–Саймасай–Александровка жолы күрделі жөндеуден өтеді және Түрген өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленеді.Басымдық берілген нысандар – апатты учаскелер, жүктемесі жоғары бағыттар және құрылыс қарқыны жоғары аймақтар. Талғар, Түрген өзендеріндегі және Алматы-1–Ұзынағаш бағытындағы көпірлер – шешімін күткен мәселелер қатарында. Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.Жылдың маңызды технологиялық жаңалығы – көлік ағыны тығыз үш жол учаскесінде автоматты салмақ бақылау бекеттерінің орнатылуы:Есік–Қырбалтабай–Жетіген,Алматы–Жетіген–Қапшағай,«Арналық БАК» жолы.Бұл кешендер көлік қозғалысы барысында жүктемені автоматты түрде өлшеп, жол жамылғысының тозуын азайтады және белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жол желісінің цифрлық паспорты жүргізілуде, бұл деректер базасын жаңартып, бюджеттік жоспарлау мен қаржы бөлуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.Жөндеу жұмыстарын облыстың жетекші мердігер ұйымдары – L-VESA ЖШС, Алматы-Жолдары ЖШС, Балқашжолдары ЖШС және басқа да ашық конкурстар нәтижесінде анықталған компаниялар жүзеге асыруда. Жұмыстың сапасына техникалық бақылау қызметі, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, сондай-ақ 75 млн теңгеге келісімшарт жасалған Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы бақылау жүргізеді. Лабораториялық тексерулер қорытындысы бойынша анықталған ақауларды мердігерлер қысқа мерзімде жоюға міндетті.Облыс аумағы – таулы, тау бөктері мен жазық аймақтарды қамтиды. Сондықтан әрбір жобада жеке тәсілдер қолданылады. Мысалы, Кеген, Райымбек аудандарында қар көшкіні мен жер көшкіндерінен қорғайтын тосқауылдар, тұрақты конструкциялар қолданылады. Тұрақсыз топырақты аймақтарда жол негізі нығайтылып, аязға және жылуға төзімді материалдар мен тиімді дренаж жүйелері пайдаланылады.Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласын Үлкен Алматы айналма автожолымен (ҮАААЖ) байланыстыратын алты радиалды жолдың құрылысы жалғасуда: Ақын Сара, Саин, Рысқұлов, Абай, Тлендиев көшелері мен Солтүстік айналма жолы. Бұл бағыттар мегаполистің орталық көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтып, жол жүру уақытын қысқартып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.Сонымен қатар, Қонаев қаласының көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту жобасы іске асырылуда. Магистраль жолдарды кеңейту және көлік ағынын басқарудың интеллектуалды жүйесін енгізу жоспарланған.Аймақта жолаушылар тасымалын жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде:Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 12 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады,коммуналдық автопаркке 30 автобус, жеке тасымалдаушыларға 33 автобус сатып алынады,мектеп автобустарын да қамтитын бірыңғай цифрлық диспетчерлік жүйе енгізілуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша, облыс жолдарының 94%-ы қанағаттанарлық және жақсы күйде. 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген. Әлеуметтік нысандарға баратын жолдарға, заманауи жол белгілерін орнатуға және жол таңбаларын жаңартуға ерекше назар аударылады.Алматы облысы жол инфрақұрылымын дамытуды жүйелі түрде қолға алып, заманауи технологиялар мен мониторинг деректеріне және аумақтық даму басымдықтарына сүйене отырып жұмыс атқаруда. Бұл бағдарлама тиімді, тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046640?lang=kk
В Карасайском районе строится Центр обслуживания молодежи 06.08.2025
Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысуына қолайлы жағдай жасау – жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының (ЖҚКО) құрылысы басталды.Аталған орталық жастарды кешенді түрде қолдауға бағытталған көпфункционалды алаң болады. Мұнда сапалы білім алуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, еріктілік қызметке және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мен тұрғын үй мәселелерін шешуге де баса назар аударылатын болады.Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталды. 2024 жылдың сәуір айында бірқатар объективті себептерге, соның ішінде қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жоба уақытша тоқтатылған. Биыл көктемде құрылыс қайта жанданды. Жобаның жалпы құны – 420 миллион теңгені құрайды.Нысан аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Ғимарат жертөле мен екі қабаттан тұрады, онда түрлі функционалдық аймақтарды орналастыру көзделген. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жертөле қабатында гардероб, 12 адамға арналған шешінетін бөлме, санитарлық тораптары мен душ бөлмелері бар спорт залы, сондай-ақ хореография залдары орналастырылады.Бірінші қабатта қабылдау бөлімі, психологиялық көмек көрсету орталығы, 43 орындық конференц-зал, робототехника шеберханасы қарастырылған. Барлық бөлмелер қажетті жиһазбен, кеңсе техникасымен және компьютерлік жабдықтармен толық қамтылады.Екінші қабатта коворкинг аймағы, компьютерлік курстарға арналған оқу сыныбы, кофе-бар, ойын және шығармашылық кеңістіктер – үстел ойындарына арналған бөлме мен қолөнер шеберханасын орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтың тапсырмасына сәйкес, жастарға түрлі бағытта кәсіби көмек көрсете алатын мамандар жұмыс істейтін кабинеттер санын арттыру мақсатында жобалық шешімдерге бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде.«Азамат құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының мәліметінше, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының елеулі бөлігі аяқталған. Құрылысты толық аяқтағаннан кейін нысан маңындағы аумақ абаттандырылып, қоршалатын болады. Объектіні пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қарасай ауданындағы жастар инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосып, жастардың заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046670?lang=kk
Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда 06.08.2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелерін ашу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.Аталған жұмыс үшжақты агенттік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылып, сауда орындары халыққа күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін нарық бағасынан 10–15% төмен белгіленген тұрақты бағамен ұсынады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың негізгі азық-түлікке қолжетімділігін арттырады.Бүгінгі күні белгіленген бағалар төмендегідей:күріш — 320 тг/кг,1-сортты бидай ұны — 175 тг/кг,қарақұмық жармасы — 200 тг/кг,құмшекер — 382 тг/кг,макарон өнімдері (құрыш) — 250 тг/кг,ас тұзы — 65 тг/кг,күнбағыс майы — 578 тг/л (5 литрі — 2890 тг).Облыс көлемінде сауда субъектілерімен жалпы 58 агенттік келісімшарт жасалған. Сауда нүктелеріне тауарлар Қонаев, Алатау қалалары мен Іле, Талғар, Райымбек және Кеген аудандарынан келіп түскен өтінімдер негізінде тұрақтандыру қорынан жеткізіледі.Бұл бастама нарықтағы баға тұрақсыздығы жағдайында халықты қолдауға бағытталған және алдағы уақытта өңірдің басқа да елді мекендерін қамти отырып жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046590?lang=kk
Қонаев қаласында үшжақты меморандумға қол қойылды 06.08.2025
Қонаев қаласында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, қалалық әкімдік және білім бөлімі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.Құжатқа қала әкімі Асхат Бердіханов, университет ректоры Дархан Ақпанбетов және қалалық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Қойшыбаева қол қойды.Меморандум аясында Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандарды даярлау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, дуалды оқытуды ұйымдастыру және басқа да маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарланған.Университет тарапынан қала мектептерінің үш түлегіне білім гранттары табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046608?lang=kk
Миллиондаған табыс құлпынайдан: Алматы облысының жас фермері жеңілдетілген несиені тиімді игерді 05.08.2025
Ынтымақ ауылының тұрғыны Ерадил Құмарбек ауыл шаруашылығының заманауи, табысты әрі экологиялық таза сала бола алатынын өз тәжірибесі арқылы дәлелдеді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, ол 600 шаршы метрлік жылыжай тұрғызып, құлпынай өсіру ісін жолға қойды. Жобаны іске асыру үшін жас фермер 2,5% жылдық мөлшерлемемен 9,1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау алған.– Мені әрдайым жерге деген сүйіспеншілік жетелейтін. Жай ғана жұмыс істеп қоймай, өз ісімді бастағым келді. Құлпынай менің алғашқы қадамым болды – бұл маған еңбекке деген ынтамен қатар, ертеңгі күнге деген сенімді де сыйлады, – дейді Ерадил Құмарбек.Жылыжай заманауи тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, бұл су ресурстарын үнемдеп, тұрақты әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Табиғи әрі хош иісті құлпынай бүгінде жергілікті нарықта үлкен сұранысқа ие. Фермердің айтуынша, оның бастамасы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға шабыт беріп, олар агробизнеске белсенді түрде қызығушылық таныта бастаған.– Су – өмір. Бүгіннен бастап үнемдеуді үйренсек, болашағымызды жарқын ете аламыз, – дейді ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына назар аударып.Бүгінде Ерадилдің жылыжайы – тек тұрақты табыс көзі ғана емес, сонымен қатар бастамашылдық, мемлекеттік қолдау мен еңбекқорлық ауыл өмірін түбегейлі өзгерте алатынының жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046139?lang=kk
Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі үшінші конференциясында сөз сөйледі 05.08.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке конференцияны шақыру бастамасы үшін алғыс айтты, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің (ТДМ) проблемаларын шешуге және мүмкіндіктерін іске асыруға бейілділігі үшін ризашылығын білдірді. – Жиырма жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі Бірінші конференциясын өткізу арқылы жетекші рөл атқарды, бұл оның осы үдеріске ұзақ мерзімді үздіксіз қатысуының бастамасы болды. Осы тарихи оқиғаның барысында Алматының іс-қимыл бағдарламасы қабылданып, ол алғаш рет жаһандық даму күн тәртібіне LLDC тобының мәселелерін енгізді. Бүгін біз алдымызда тұрған мақсаттарды одан әрі ілгерілету үшін жаңа күш-жігер жұмсау үшін Авазаға жиналдық, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, теңізге шыға алмайтын дамушы 32 ел жарты миллиардтан астам адамды құрайды, олардың көпшілігі әлі де қаржыға, технологияға және жаһандық нарықтарға қол жеткізуде кедергілерге тап болып отыр. – Шектелген аймақтық көлік байланыстары теңізге шыға алмайтын елдер үшін басты мәселе болып қала береді. Бұл проблема транзиттік және сауданың жоғары шығындарын, сондай-ақ геосаяси факторлардың осалдығын қоса алғанда, бірқатар экономикалық қиындықтарды тудырады. Бұл шектеулер азаматтардың әл-ауқатына әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Оларды қақтығыстар, экономикалық санкциялар, жеткізу тізбегіндегі үзілістер және өсіп келе жатқан жаһандық сенімсіздік одан әрі қиындатады. Соған қарамастан, Қазақстан ЖТҚК-ны жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда тең құқылы және перспективалы серіктестер ретінде қарастыру керек деп санайды. Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің үні бұдан да күштірек, ынтымақтастығымыз тереңірек, ұжымдық амбицияларымыз батыл болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан инклюзивті және орнықты болашаққа жол картасы ретінде Аваза іс-қимыл бағдарламасын толық қолдайтынын атап өтті. "Бұл маңызды бастама транзиттік елдерден, халықаралық даму ұйымдары мен қаржы институттарынан саяси қолдау алуы керек. Көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі салаларға инвестицияны ынталандыру үшін инновациялық қаржылық тетіктер қажет", - деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір өзекті мәселе ретінде климаттың өзгеруін атады. – Көптеген LLDC су тапшылығына, мұздықтардың еруіне, шөлейттенуге және басқа да экстремалды ауа райы оқиғаларына тап болады. Осы сын-қатерлерді шешу үйлестірілген аймақтық күш-жігер мен белсенді халықаралық қолдауды талап етеді. Сонымен бірге, мен климаттың өзгеруімен күресу шаралары теңдестірілген және инклюзивті болып қалуы және елдердің негізделген даму қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек деп есептеймін. Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерімізді нығайту үшін Сіздерді келер жылдың сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке шақырамын, – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Қазақстан серіктестерімен бірге аймақтық байланысты нығайту, цифрлық трансформацияны ілгерілету және ұзақ мерзімді тұрақты өсімге жәрдемдесу үшін айтарлықтай күш салуда. – Біз Солтүстік-Оңтүстік және Орта дәліз бағыттары бойынша көлік дәліздерін және транзиттік инфрақұрылымды дамытуға басымдық береміз. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – теміржол, автомобиль, авиация және логистикалық орталықтардың бірыңғай желісін құру. Бұл Қазақстанның еуразиялық транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтады, оның үлесіне қазіргі уақытта Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүктердің 85%-ға жуығы келеді. Біз цифрландыруға да инвестиция салып жатырмыз. Қазақстан Астанада Alem.AI жасанды интеллект орталығын құрып, жақында суперкомпьютерді іске қосты. Ғылыми ынтымақтастық үшін есігіміз ашық және біз серіктестерді бізге қосылуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Орталық Азия тәжірибесі географияның тағдырды анықтамайтынын көрсетіп отырғанын атап өтті. – Біз қазіргі теңізге шыға алмайтын мемлекеттен құрлық байланысы маңызды болмайтын болашаққа көшеміз. Біздің аймақ өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық танытып, саяси ерік-жігер, стратегиялық инвестиция және халықаралық серіктестік арқылы теңізге шыға алмайтындығы кедергі емес, өсудің қуатты драйверіне айналатынын көрсетеді. Біз Орталық Азияның сауда, инвестиция, көлік, коммуникация және тұрақты ресурстарды басқарудағы қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті бар өзара тиімді өзара әрекеттестік аймағына айналғанының куәсі болып отырмыз. Екі күн бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен штаб-пәтері Алматыда орналасқан БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл «Аваза» бағдарламасының игі мақсаттарына толық сәйкес келетін бүкіл өңір үшін маңызды жетістік екеніне сенімдімін. Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін БҰҰ Бас хатшысына және біздің Орталық Азиядағы барлық әріптестерімізге тағы да ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобының мақсаттары мен қағидаттарына берік адалдығын тағы да растады. «Халықаралық серіктестікті нығайта отырып, біз ЖТҚК жаһандық даму күн тәртібінің ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз ете аламыз», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Алматы облысында жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылып жатыр 05.08.2025
Алматы облысында мемлекеттік жастар саясаты бірізді әрі белсенді түрде іске асырылуда. Тек өткен аптада өңірде 3000-ға жуық жасты қамтыған 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбекші жастарды қолдауЖұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбекші жастар арасында мини-футболдан аудандық іріктеу турнирлері аяқталды. Финалдық ойындар тамыз айының ортасында өтеді деп жоспарлануда.Экологиялық тәрбие – басты назарда«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында облыста 7000-ға жуық жастың қатысуымен 60-қа жуық экологиялық акция өткізілді. Бұл шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған.«Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті1 тамыздан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында облыстың барлық қала-аудандарында 1000 жас маусымдық еңбекке тартылды. Жоба жастардың еңбек дағдыларын дамытуға және қоғамдық өмірге белсене қатысуына септігін тигізуде.Әскери-патриоттық тәрбиеЖас буын арасында патриоттық сана қалыптастыру мақсатында шекара заставаларында және әскери бөлімдерде ашық есік күндері ұйымдастырылды. Жастар үшін экскурсиялар мен әскери қызметшілермен кездесулер өтті.Жастардың еңбек құқықтарын қорғауСауда орындары мен базарларда ресми емес түрде жұмыс істейтін жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 112 жас ресми түрде еңбек келісімшарттарын жасап, заңды түрде жұмысқа орналастырылды.Құқық бұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алуЖастар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, құмар ойындарға тәуелділік пен суицидтік көңіл-күйдің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда:еріктілер мен Полиция департаментімен бірлесіп 500-ден астам заңсыз граффити жойылды;1000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;1200 қатысушыны қамтыған 10 тақырыптық семинар өтті;шілде айында түнгі рейдтер ұйымдастырылып, 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;жастармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Халықаралық жастар күніне дайындықБіріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, жыл сайын 12 тамызда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Осыған орай, Алматы облысында бұл датаға арналған арнайы іс-шаралар өткізілетін болады.Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов атқарылған жұмыстарға тоқталып:«Жастар – елдің болашағы. Біздің басты міндетіміз – олардың әлеуетін ашу, еңбекқорлыққа, білімге құштарлық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Біз жастардың әр бастамасын қолдауға дайынбыз және бұл бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырамыз», – деп атап өтті.Мемлекеттік жастар саясаты – елдің стратегиялық дамуындағы басым бағыттардың бірі. Алматы облысында бұл саясат жастарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге белсенді араласуы мен жеке әрі кәсіби қабілеттерін дамытуға басымдық бере отырып жүзеге асырылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1045742?lang=kk
LAYS чипстеріне арналған картоп Райымбек ауданында өсіріледі 03.08.2025
Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр.Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген.Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі.Маңызды жетістіктердің бірі — халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі. Өнім сапасы білікті агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге арналған заманауи 20-ға жуық техника іске қосылған. Өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы тұқымнан алынған картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.Жалпы, Райымбек ауданында биыл 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған.Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық нарыққа шығуға бағытталған нақты қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044825?lang=kk
Балқаш ауданында 3,4 мың тоннадан астам астық жиналды 02.08.2025
Балқаш ауданының диқандары 1900 гектарға жуық астық алқабын орып бітірді. Орташа өнімділік — гектарынан 18 центнер. Бүгінгі таңда 3400 тоннадан астам астық жиналып, бұл өңір үшін жақсы нәтиже саналады.«Биыл алғаш рет тыңайтқыш шашуға дрон қолдандық — бірден әсері білінді», — деп бөлісті ауданның бас агрономы Бекболат Қалдыбаев.Аудан заманауи агротехнологияларға басымдық беріп отыр. Қазірдің өзінде өнімділікті арттырып, климатқа төзімділікті күшейту үшін цифрлық шешімдерді кеңейту мәселесі қарастырылуда.Қысқа 6 мың тоннаға жуық шөп дайындалдыБалқаш ауданында мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда шамамен 6 мың тонна шөп жиналған. Биыл мал азығы дақылдарына 16 мың гектар жер бөлінді — бұл егістік көлемінің жартысынан астамы.«Қыс маусымын қиындықсыз өткізу үшін бәрін алдын ала есептеп, жоспарлаймыз», — деді аудан әкімінің орынбасары Алмас Есенов.Қысқа дайындық — ауыл тұрғындары үшін басты міндеттердің бірі. Билік өкілдері фермерлерге субсидия мен техника арқылы қолдау көрсетілетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044790?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті 02.08.2025
2025 жылғы 2 тамызда Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді.Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 28 арнайы техника бірлігі тартылды.Экологиялық акция барысында қатысушылар 95 гектар аумақты тазалап, 108 тонна қоқыс жинады. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.Аталған шара халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары екенін және жергілікті билік, еріктілер мен тұрғындардың үйлесімді әрекет етуінің тиімділігін көрсетті. Мұндай сенбіліктер тек аумақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.Алдағы уақытта да Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып, бұл іске одан да көп тұрғындар мен ұйымдар тартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044785?lang=kk