Enbekshi QazaQ

Саясат

🏆 Қой көтеру: Келінка, покорившая барана! 🇰🇿 15.04.2025
🏆Қой көтеру: қошқарды бағындырған келін!22 наурызда Республика алаңында Наурыз мерекесінің сәніне айналған қызықты ұлттық ойындар өтті! Соның ішінде кой көтеру, бұл жарыста қатысушылар өздерінің күштері пен төзімділіктерін көрсетіп, қошқарды мүмкіндігінше көп көтереді.🔥Жарыстың бас жүлдесін қарапайым қазақ келіні-Нұржанқызы Айым жеңіп алып, баршаны өзінің керемет төзімділігімен таң қалдырды! Ол қошқарды 100 рет көтеріп, осы керемет жарыстың абсолютті чемпионы болды.👏 Айымды керемет жеңісімен құттықтаймыз! Наурыз рухы әрқашан күш, сәттілік пен амандық әкелсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/962374?lang=kk
Алматыдағы Оқушылар сарайының Үлкен концерт залы 42 жылда алғаш рет толық жаңғыртудан өтті 15.04.2025
Қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарынан кейін Үлкен концерт залын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барып көрді.Қала басшысының тапсырмасымен алғаш рет 42 жыл ішінде қолға алынған жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінен бастап биылғы наурыз айына дейін жалғасты. Бұл ретте, Үлкен концерт залының тарихи келбеті мен түпнұсқалық акустикалық дизайны толық сақталды. Көрермен залының үстінде аспалы шамдардан тұратын ерекше дыбыс толқындарын басқару жүйесі бар.Айта кетейік, Оқушылар сарайының бір бөлігі саналатын Үлкен концерт залы жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарихи ескерткіш. Ол 1983 жылдан бері жұмыс істеп келеді және балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдени-танымдық іс-шаралар өткізетін ең ірі алаңның бірі ретінде танымал.Концерт залының жалпы аумағы 1 168 шаршы метр. Бұл аумаққа амфитеатр, екі көрермендер балконы, төрт техникалық ложа және сахна кіреді. Жаңғырту жұмыстары барысында интерьер элементтері 1 639 шаршы метр аумақта қалпына келтірілді. Декоративті гипстік элементтер, көрермен орындықтары мен еден жабыны жаңартылды. Сонымен қатар, залға соңғы буын цифрлық микшерлік пульті мен жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін кең жолақты кеңістіктік дыбыс жүйесі орнатылды. Жарықтандыру жүйесі 100-ден астам прожектор мен софиттері бар динамикалық жарық жүйесімен толықтырылды, бұл түрлі форматтағы іс-шараларға бейімделген.Жаңғырту аясында концерт залының тарихында алғаш рет айналмалы сахна механизмі, барлық сахналық құрылым, кулисалар, бас перде және электрмен жабдықтау жүйесі толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, цифрлық басқару жүйесі бар жоғары технологиялық LED-экрандар орнатылды.Жаңартылған зал жас алматылықтар үшін іс-шаралар ауқымын айтарлықтай кеңейтеді. Театр қойылымынан бастап, интерактивті шоу мен цифрлық форумға дейін республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, жылына кемінде 40 000 баланы қамту жоспарланған.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Үлкен концерт залында Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдары да өтеді, себебі балалар театрында қазір реконструкциялау жұмыстары қолға алынған.Қала басшысы жаңғыртудың келесі кезеңінде Оқушылар сарайының сыртқы қасбетін жаңарту және айналасын көркейту жоспарланып отырғанын атап өтті.Бүгінгі таңда Оқушылар сарайында 8 білім беру бағыты бойынша 237 үйірме мен секция жұмыс істейді. Атап айтқанда, көркем-эстетикалық және қолданбалы өнер, балалар музыка мектебі, джаз бағытына арналған музыка мектебі, экологиялық-биологиялық бөлім, туристік-өлкетану бөлімі, балалар бастамаларын үйлестіру бөлімі, спорт бөлімі және ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімі.Жаңғыртудан өткен концерт залы Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысатын 15 100 балаға және балалар музыка мектебінде, Орталық Азиядағы жалғыз балалар джаз мектебінде және музыка-эстетикалық бағыттағы үйірмелерде (қобыз, домбыра, фортепиано, саксофон, жетіген, скрипка, флейта, вокал, терме) білім алатын 2 348 жас музыкантқа өнер көрсету мүмкіндігін береді. Эстрадалық-симфониялық, джаз, домбыра оркестрлері, скрипка ансамбльдері мен хор ұжымдары үшін арнайы жағдай жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/962337?lang=kk
ШҚО-ның инвестициялық әлеуеті күшейіп келеді 15.04.2025
Өңірде жаңа жобалар мен цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде.Шығыс Қазақстан облысы инвестициялар көлемін ұлғайтуды және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыруда: 2024 жылы өңір экономикасына 768,2 млрдтеңге инвестицияланды, өсу қарқыны 118,4%, сондай-ақ жеке инвестициялар айтарлықтай өсуді көрсетті–олардың көлемі 9,6%-ға ұлғайып, 545,9 млрд теңгені құрады.- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі инвесторларды іздеуді, қолдауды және қорғауды күшейтетін тұтас экожүйе құрылуда. Бұл шетелдік және отандық инвесторларға қатысты. Біздің басқарма осы бағытта өңірлік деңгейде жұмыс жүргізуде,-деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Негізгі құралдардың бірі ҚР Сыртқы істер министрлігі 2024 жылы іске қосқан ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰҒТО) болды. Оның көмегімен инвесторға мемлекеттік органдар тарапынан ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.- Қазір жүйеде Шығыс Қазақстаннан жалпы сомасы 859,1 млрд теңгеге 49 инвестициялық жоба тіркелген. Оның ішінде өткен жылы 45 млрд теңгеге 10 жоба сәтті іске асты, ал 2025 жылы жалпы инвестиция көлемі 42 млрдтеңгеге тағы 8 жобаны іске қосу жоспарланған, - деп хабарлады ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.Мұнда ҰҒТО инвесторларға консультативтік қызметтерден бастап мемлекеттік органдар тарапынан сүйемелдеуге дейін "бір терезе" режимінде қажетті қолдау алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ бизнес үшін қолайлы жағдай жасау үшін өңірде мемлекеттік органдардың, прокуратураның және кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін инвестициялық штаб жұмыс істейді. Егер инвесторларда жобаларды іске асыруға байланысты қиындықтар туындаса, олар жедел тәртіппен қаралады.Сонымен қатар өңірде кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсететін фронт-офис жұмыс істейді. Бизнесті қорғау тетіктерінің бірі 13,8 млрд теңге сомасына 42 жобаны қамтитын инвесторлардың өңірлік пулы болды. Бұл әкімшілік кедергілерді азайтуға және жаңа кәсіпорындардың іске қосылуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс облыстық прокуратураның белсенді қолдауымен жүргізілуде.Айта кетейік, инвестиция тарту бойынша кешенді жұмыс қаржыландыруды ұлғайтуға ғана емес, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға да бағытталған. Ашық жағдайлар, цифрлық технологиялар және мемлекеттік қолдау Шығыс Қазақстанда жаңа өндірістер ашуға және орнықты экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/962261?lang=kk
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Наурыз мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті жерлестер!Баршаңызды жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!Наурыз өркендеу мен жарқын болашақтың энергиясын бейнелейді, адамдарға оптимизм және ең жасампаз да асыл мұраттарының жүзеге асуына деген үкілі үміт сыйлайды.Көктемнің жарқын мерекесі – жыл басы бізге көнеден келді. Бұл ежелден Жаңа жылдың символы ғана емес, сонымен бірге табиғаттың жаңаруы, мейірімділік, өзара түсіністік пен сыйластықтың белгісі ретінде қабылданады.Наурыз – адамзат жадының салтанаты, даңқты тарихымыз, біздің сан ғасырлар бойы халқымызға рухани қуат беріп келе жатқан сарқылмас қайнар бұлағымыз.Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқы әлемдік қоғамдастықта берік достықтың, ынтымақ пен мызғымас бірліктің үлгісі болды және солай болып келеді.Келісім мен татулық туын атыраулықтар қашанда берік ұстайды. Облыстың айрықша қарқынмен дамуы – осы сүттей ұйыған ауызбіршілік пен жарастықты үйлесімнің нәтижесі.Жаңалықтық жаршысы, жақсылықтың бастауы бұл күні барлық реніш ұмытылып, әр шаңыраққа қуаныш орнайды, көкірегі ояу адамдар бір-біріне жақсылық пен береке тілейді.Әз-Наурыз бақ-береке мен игілік-молшылық әкелсін, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Атырау облысының әкімі С.ШәпкеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/962129?lang=kk
Облыс әкімі Қорғалжын тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады 15.04.2025
Қорғалжын ауданында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Мерекелік шара аясында театрландырылған көрініс, марапаттау рәсімі, спорттық жарыстар және концерт ұйымдастырылды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жергілікті тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтап, Наурыз мейрамы жаңару, бірлік пен берекенің нышаны екенін атап өтті. Ол Қорғалжын ауданында ұлттық дәстүрлер ұлықталып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық дамуға да ерекше мән берілетінін жеткізді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтай отырысында Ақмола облысының дамуына ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасымен Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Астананы Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен байланыстыратын автожолдың құрылысы басталады.«Бұл күре жол Жантеке мен Сабынды ауылдарының үстімен өтеді. Бұл өз кезегінде өңірдің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Ауданда маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолайлы жағдай жасауға бағытталған», – деп атап өтті облыс әкімі.Мереке аясында өңір басшысы Қорғалжын ауданының 100 жастағы тұрғыны Макен Баспаеваны құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде ғасыр жасаған кейуана алғысын айтып, батасын берді.Сондай-ақ, облыс әкімі ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстап, аудандық мәдениет бөліміне жаңа автокөліктің кілтін тапсырды.Марат Ахметжанов мәдениет, тарих және қазақ халқының дәстүрлеріне арналған тоғыз киіз үйді аралады.Мерекелік шара спорттық жарыстармен және концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен де танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/962095?lang=kk
Атырау қаласында 900 орындық мектеп ашылды 15.04.2025
Талқайран ықшамауданында «Каспий Құбыр Консорциумының» демеушілігімен 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, КҚК бас директоры Николай Горбань қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Осыдан екі жыл бұрын мектеп іргетасының алғашқы кірпішін қалаған едік, бүгін, міне білім ордасы есігін айқара ашпақ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнеске әлеуметтік жауапкершілік күшейтуді жүктеген болатын. Консорциум бұған дейін де ауқымды қайырымдылық жобаларды іске асырып, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға мұрындық болып келеді. Осы ретте компанияның халық игілігі үшін атқарып келе жатқан жұмысына айрықша алғыс білдіремін. “Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді” деген сөз бар. Бұл дәуір ой жарыстыратын заман екенін Президентіміз жиі айтады. Ендеше, жаңа білім ордасы ақыл-ойдың озаттарын тәрбиелейтін тағылым ұясы болсын демекпін. Педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тілеймін!-деді С.Шәпкенов.КҚК бас директоры компания демеушілігімен бой көтерер жобалар легі мұнымен тоқтамайтынын айтты.- Жақында тағы да ірі жобаны іске асырмақпыз. Үш жыл ішінде Атырауда Жастар үйін саламыз, - деп атап өтті ол.Кейін облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Каспий Құбыр Консорциумының бас директоры Николай Горбань Жастар үйінің құрылысын жүргізу үшін екі жақты меморандумға қол қойды.Мектеп ғимараттың жалпы ауданы - 12 мың шаршы метр. Мұндағы 36 сыныптың әрқайсында 25 оқушыдан білім алады.Барлық аудитория заманауи үлгіде жарақталған. Химия, физика және биология зертханаларында су құбыры, қосымша желдету жүйелері мен компрессорлар бар. Шет тілі кабинеттерінде лингафондық-мультимедиялық жабдық орнатылған. Ұлдарға арналған шеберханада станоктар, жұмыс үстелдері, муфель пеші орналасқан. Қыздарға тігін машиналары, айналар мен манекендер қойылды.Оқу сыныптарынан бөлек екі кітапхана, медициналық пункт, екі спорт залы, 210 адамға арналған акт залы және 312 орындық асхана орналасқан. Сондай-ақ мектеп ауласында футбол алаңы, жүгіру жолы, спорттық тренажерлер аймағы, теннис корты және волейбол алаңы және т. б. алаңдар бар.КҚК 2001 жылдан бері жыл сайын қайырымдылық жобаларға 3 млн АҚШ долларын жұмсайды. Консорциум Атырау облысының бірқатар ауданында әлеуметтік нысандар салуға демеушілік етіп келеді. Олардың қатарында Атырау қаласының Самал ықшамауданы мен Бірлік ауылында, Құлсары қаласында, Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында балабақша, Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында мектеп, қалада Жасөспірімдер үй мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылын салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/961548?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңгір су қоймасына көп факторлы зерттеу жүргізеді 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 20 наурыз күнгі жағдай келесідей:Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, Сілеті су қоймасынан 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 30 текше метр су жіберілуде.Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 42%-ға толы.Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 611 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 605 текше метр су жіберілуде.Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 648 текше метр су жіберілуде.Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,6 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,1 текше метрден су жіберілуде.Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 28,3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 20 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 10 текше метрден су жіберілуде.Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 91,5 текше метр, Петропавл су қоймасынан 42,86 текше метр су жіберілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/961540?lang=kk
Қарағанды облысында жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы қайта жанданады 15.04.2025
Өңірде 2026 жылы жылдық қуаттылығы 20 мың тонна құс етін өндіруге жететін «КазБройлер» ЖШС құс фабрикасын қайта жандандыру жоспарлануда. Бұл мақсатта «The Farm» ЖШС 1,8 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр.Құс фабрикасын қайта жандандыру – отандық құс шаруашылығын дамыту және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Жоба құс еті өндірісін айтарлықтай ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді.Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда құс етін және жұмыртқа өндіруге бағытталған 8,6 млрд теңге көлеміндегі инвестицияға 11 ірі жоба іске асырылды. Импортқа тәуелділікті одан әрі азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы құны 388,8 млрд теңге болатын 31 жаңа құс фабрикасын салу жоспарлануда. Жаңа нысандардың жалпы қуаттылығы жылына 365 мың тонна құс етін құрайды. Бұл Қазақстанның құс шаруашылығы нарығындағы позициясын едәуір нығайтып, өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/961510?lang=kk
20 наурыз – "Ұлттық спорт күні" 15.04.2025
Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі саналатын күрес, көкпар, асық ату сияқты басқа да ұлттық спорт түрлерін насихаттауға арналады. Осы күні түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, мықтылар күш сынасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/961100?lang=kk
Акмола облысында жылу электр станциясы, сумен жабдықтау және газдандыру: ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады 15.04.2025
Өңірде жылу, су және электр желілері, сондай-ақ газдандыруды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар басталды. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов мәслихат сессиясында хабарлады.Көкшетау қаласында жаңа жылу электр станциясын салу — негізгі жобалардың бірі. Жұмыстар өткен жылдың тамыз айында басталды, ал 2028 жылға қарай станция қалаға сенімді және экологиялық тұрғыдан таза жылу жүйесін қамтамасыз ететін болады. Қуаты 240 МВт электр энергиясы мен   520 Гкал/сағ жылу өндіретін станция зиянды шығарындыларды азайтып, тұрақты жылумен қамтамасыз ететін болады  . 2024 жылы жылу желілерін жаңғыртуға 20 миллиард теңге бөлінеді, бұл 24 мың абонент үшін жылуды жақсартып, желілердің тозуын азайтады.Басқа бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасуда. Нұра су құбырының реконструкциясы аяқталып, Егиндыколь ауданындағы тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Көкшетауда су тазарту қондырғылары салынды, оның іске қосылуы жақын арада күтілуде.Электрмен жабдықтау саласында биыл 43 шақырым жаңа желі енгізілмек, сондай-ақ Көкшетау мен Қосшыда екі қосалқы станцияның құрылысы басталады.Газдандыру жұмыстары жылдам қарқынмен жүргізілуде: Аршалы ауданындағы 17 ауыл газбен қамтылды, биыл Нұрлы ауылына газ жеткізіледі, ал жылдың соңына дейін тағы 9 елді мекенге, оның ішінде Қосшы, Қоянды және Талапкер ауылдарына газ жүргізіледі. Бұл 150 мың тұрғынды газбен қамтуға мүмкіндік береді.«Бұл жобалар өңірт тұрғындарынң өмір сүру жағдайын жақсартып, энергетикалық жүйесін сенімді әрі экологиялық таза етеді», — деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/960902?lang=kk
Акмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк пен жаңа туристік нысандар салынады 15.04.2025
Туризм — өңірдің негізгі салаларының бірі. Бурабай курорты еліміздің үш негізгі туристік орталығының қатарына кіреді. Өткен жылы туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 29,5 миллиард теңгені құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 35,7 миллиард теңгеге дейін артады деп болжануда.2024 жылы туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша сегіз жоба іске асырылды. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 дана «ақылды» бейнебақылау камералары орнатылып, тоғыз бақылау алаңы, екі велоорталық және 10 жаңа пикник аймағы ашылады. Сонымен қатар, мобильді байланыс пен интернеттің сигналын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жеке инвестициялар есебінен Бурабайда сегіз электрозаряд станциясы пайда болады. Бурабай ауылында жаңа учаскелік туристік полиция пункті салынады.Сондай-ақ, курорттық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта Бурабайда 60 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Олардың қатарында Катаркөлде жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк, заманауи визит-орталық, аквапаркі бар қонақүй кешені, сонымен қатар Burabay Land аумағын жаңарту және дендрологиялық паркті қайта жаңарту жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Бурабайды 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Өңірде жаңа туристік нысандар пайда болады: Ак Бура курорттық кластеры, Катаркөлде балалар мен отбасылық демалыс аймақтары, сондай-ақ Жұкей көлінде экологиялық және агротуризм дамыту жоспарлануда.Бұл шаралар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, экономикаға да серпін береді: жаңа жұмыс орындарын ашып, инвесторларды тартуға және Акмола облысының Қазақстандағы жетекші туристік орталық ретінде позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/960890?lang=kk
Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы басталады 15.04.2025
Қазақстанда балық шаруашылығы су айдындарын қараусыз қалған балық аулау ауларынан тазартуға, жағалау аумақтарын тазартуға және азаматтардың су ресурстарын ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы басталды.Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес акция өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, екі кезеңде өтеді:наурыздан мамырға дейін – Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында.15 сәуірден 31 мамырға дейін – Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында.Акцияға тұрғылықты жері бойынша тиісті балық шаруашылығы инспекциясына жүгіну арқылы кез келген адам қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/960497?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрі экономика қажеттілігі мен экожүйені сақтау үшін еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинауды тапсырды 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов барлық жауапты мекеме басшыларына еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл су алдағы уақытта экономика қажеттілігі мен жергілікті экожүйені сақтау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, еріген қар суы өзен-көлдерге, шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға жіберіледі. Қоймаларға жиналған тасқын суы суару маусымында егістікті суару үшін шаруаларға да беріледі.Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жұмысын реттейтінін атап өткен жөн. Су қоймалары – ең маңызды стратегиялық нысандардың бірі.Еске сала кетейік, былтыр еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 15 млрд-қа көп. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы – тасқын су.Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. Батыс Қазақстан облысындағы соңғы жылдары құрғауға айналған Қамыс-Самар көлдер жүйесіне 80 млн текше метр тасқын су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су жіберілді. 2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде үлкен көлемде су ағыны байқалды.Шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға су жіберу мал шаруашылығын қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Ал Астана су қоймасына тасқын суын жинау 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Себебі, су қоймасына Қ.Сәтбаев атындағы каналдан қосымша су жіберу қажеттілігі туындамады.«Еліміздің су қоймаларында тасқын суын қабылдауға және қауіпсіз өткізуге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердің су қоймаларында бос сыйымдылықтар дайындау үшін су жіберілуде. Ал, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары алдағы суару маусымында жергілікті дихандарды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін белсенді су жинап жатыр. Біз барлық су қоймаларына шаруалар үшін қажет суды барынша мол жинап, оны жазда пайдаланамыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/960428?lang=kk
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 13 сәуір күнгі жағдай келесідей:Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 53 текше метр, Сілеті су қоймасынан 41,7 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 7,5 текше метр су жіберілуде.Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 465 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2100 текше метр су жіберілуде.Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 81,4 текше метр су жіберілуде.Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 643,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1348 текше метр су жіберілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/975089?lang=kk
ҚР Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев және Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Байтілесов Бақытжан ОКҚ-де бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді 15.04.2025
Қазіргі уақытта қылмыстардың күрделене түсуіне байланысты Қазақстан сот-сараптамалық қызметті реформалау бойынша ауқымды қадамдарына тоқталды.2024 жылы Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты мен Астана қаласындағы Сот сараптамасы институтының бірігуі жүзеге асырылып, ғылым мен тәжірибе интеграцияланды.Сондай-ақ спикерлер инновациялық бағыттардың бірі – виртуалды аутопсияны енгізуге қатысты әдістермен бөлісті. Бұл әдіс компьютерлік томографияға негізделген, персонал үшін қауіп-қатерді азайтады және ұлттық дәстүрлерді ескеруге мүмкіндік береді. Қазақстан бұл технологияны Сот сараптамасы орталығының аймақтық бөлімшелерінің бірінде пилоттық жоба ретінде іске қосу мүмкіндігін қарастырылып жатқанын айтты.Жаңғыртудың маңызды бөлігі – процестерді цифрландыру. Қазақстанда сарапшылар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін «E-сараптама» жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологияларына негізделген «E-сараптама 2.0» жүйесі әзірленуде, бұл сараптамалардың дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстандағы сот-сараптамалық қызметті жетілдіру жұмыстары жалғасады. Оның мақсаты – әлемдік стандарттарға сай болу және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/960053?lang=kk
Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 15.04.2025
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің XII отырысында тиісті келісімге қол қойылды.Меморандумға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.«Бір жыл бұрын менің ҚХР-ға жұмыс сапарым аясында біз Қытай тарапымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластық. Қос тарап бірден келісім жобасын әзірлеуге кірісті. Су ресурстары мәселелеріндегі ынтымақтастық маңызды ресурсты тиімді пайдалануға, суды есепке алу мен үнемдеудің озық технологияларын енгізуге, су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959836?lang=kk
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары! Сіздерді «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы конкурс өтетені туралы жариялайды. «Еңбек жолы» конкурсы келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».Конкурс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Өскемен қ., Киевская көшесі 1, g.kabayeva@akimvko.gov.kz электрондық мекен жайы, 8/7232/205120 телефоны. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/957258
Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды – 3 мыңнан астам адам тіркелді 14.04.2025
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін "TilOquBot" атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда. Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Қазіргі уақытта жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады. – Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді әр азаматқа, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, қолжетімді ету."TilOquBot" өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды, – деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметов. Оның айтуынша, чат-бот мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолындағы кешенді жұмыстың бір бөлігіне айналды. Цифрлық жобалармен қатар, облыста тілдер фестиваліне дайындық басталған.Аталған шара аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр. – Біз әрбір азаматтың қазақ тілін дамыту ісіне үлес қосып жатқанын сезінуіне жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде тіл – тек дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар технология, жаңа форматтар мен жастардың әлемі. "TilOquBot" – осы заман талабына сай келетін, құндылықтар мен тілді ұштастыратын тамаша мысал, – деп түйіндеді Ахметов. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, қыркүйек айында Ұйғыр ауданында тіл фестивалінің қорытынды шарасы өтеді. Алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар табысталмақ.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975369?lang=kk
Алматы облысында алғашқы жекеменшік футбол мектебі ашылады 14.04.2025
Болашақ футболшылар үшін жағымды жаңалық.Алматы облысында жас спортшылар үшін тың мүмкіндік туды. Райымбек ауылдық округіне қарасты Құмтоған ауылында еліміздегі алғашқы жеке меншік мамандандырылған футбол мектебі бой көтеруде. «Jeyran» футбол клубының бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаның келер жылы пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Мектеп бір мезетте мыңға жуық шәкіртті қабылдай алады.Аталмыш оқу ордасын 2016 жылдан бері Алматы қаласында жұмыс істеп келе жатқан «Jeyran» футбол клубының құрылтайшылары қолға алған. Қазіргі таңда клуб құрамында 1800-ге жуық жас спортшы жаттығуда. Енді бұл тәжірибе облыс деңгейіне көшіріліп, футболға құмар ауыл балаларына да мүмкіндік берілмек.— Бұл базада бастапқыда мың шақты баламен бастаймыз. Олар 4 пен 18 жас аралығында болады. Жаттығу жасап, түрлі жарыстарға қатысады. Онлайн мектепте оқып, жатақханада тұрады. Құрылысын былтыр бастадық, келесі жылы аяқтаймыз, — дейді жобаның құрылтайшысы Асхат Машанов.Мектептің қаржылық жоспары да ауқымды. Жоба құны шамамен 1 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржы директоры Абай Қанатаевтың айтуынша, кешен тек ойыншылар ғана емес, кәсіби жаттықтырушыларды да дайындайтын орталыққа айналмақ. Озық технологиялар, еуропалық стандартқа сай жасалған алаңдар, заманауи инфрақұрылым – бәрі де оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.— Біздің басты мақсатымыз – кәсіби футболшыларды тәрбиелеу. Бүгінде клубтан үш бала ұлттық құраманың сапына енсе, бірнешеуі кәсіби командаларда өнер көрсетуде, — дейді ол.Жалпы аумағы 7 гектарды құрайтын кешенде төрт блоктан тұратын ғимараттар бой көтеріп, құрылыс көлемі 5 мың шаршы метрге жуықтайды. Жасыл алаңдар мен 3 мың адамдық көрермен орындығы да қарастырылған.Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбектің айтуынша, бұл бастама өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.— Бұл – облыс үшін үлкен жаңалық. Біріншіден, балаларды спортқа баулимыз. Екіншіден, әлеуметтік осал топтардағы жеткіншектерге де мүмкіндік туады. Алдағы уақытта мемлекет пен жеке кәсіпкерлік арасындағы әріптестік аясында қолдау көрсету бағытында жұмыс жасаймыз, — дейді ол.Бүгінде құрылыс жұмыстарының 20 пайызы аяқталған. Жобалаушылардың айтуынша, келесі жылдың жазында мектеп толық жұмысын бастайды. Бұл – Қарасай ауданындағы спортқа құштар балалар үшін үлкен серпін, ал футбол арманға айналған жас өрендер үшін – нақты мүмкіндікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975006?lang=kk
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі 14.04.2025
2019 жылғы 7 қарашада Женева қ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) рәсімі аясында Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы үшінші Ұлттық баяндамасы сәтті қорғалды.Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері болды.Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев ӘКШ процедурасының мемлекеттің өзінің адам құқықтары бойынша міндеттемелерін қалай орындайтынын бағалаудың сыртқы құралы ретіндегі маңыздылығын,     сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жақсы халықаралық стандарттары мен тәжірибелерін ұстанатынын атап өтті.Қазақстан 2014 жылы ӘКШ шеңберінде екінші Ұлттық баяндаманың ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті: Үкіметтің қоғам алдындағы есеп беруін арттыру саясаты жүргізілуде; ТДМ шеңберіндегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда; сот-құқықтық жүйелері жаңғыртылды; балалар мен әйелдердің құқығын қорғауда, конфессияаралық келісім мен сыйластықты күшейту бойынша шаралар қабылдануда.БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері интерактивті сұхбат барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейін, сұхбат пен ынтымақтастыққа ашықтығы мен дайындығын, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы жетістіктерін атап өтті.Атап айтқанда, жүздеген қазақстандықтарды Сириядан қайтарған «Жусан» арнайы операциясының сәтті өткізілгені үшін жоғары баға берілді. Өз кезегінде Делегация басшысы терроризммен күрес тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын екендігін білдірді.Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өтуі оң бағаланды, оның мақсаты барлық салаларда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.Өз сөзінің соңында Әділет министрі Қазақстан Республикасы адам мен балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру, инклюзивті қоғам құру және тиісті институционалдық құрылымдарды нығайту жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34214?lang=kk