Саясат
Қазақстанда жылына 1000 жаңбырлатқыш машина шығаратын өндіріс жолға қойылады 04.03.2025
ADAM компаниялар тобы 2024 жылы "SU BEREKE" брендімен айналмалы типтегі алғашқы отандық спринклер өндірісін іске қосты. Жоба суару мәселесін және қол жетімді техниканың жетіспеушілігін шешуге бағытталған: жаңбырлатқыштар суды егістіктерге біркелкі таратуға мүмкіндік береді, оның шығынын 30-40% - ға азайтады.2024 жылы СТ-KZ сертификаты және ЕАЭО сәйкестік сертификаты алынды. 30 машина шығарылды, оның 7-і Шығыс Қазақстан облысының егістіктерінде жиналды. Биыл ADAM компаниясы машиналардың жаппай өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында "SU BEREKE" маркалы жаңбырлату машиналарын шығаратын екінші зауыт іске қосылады. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 шашыратқыш машинаны құрайды. Осылайша, бұл жоба шетелдік техника өндірушілеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, кепілдік және сервистік қызмет көрсету қарастырылған. Өнімдер Орталық Азия мен ТМД нарықтарына да бағдарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/945996
«БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігі жоғары деңгейде 04.03.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде. 2025 жылдың қаңтар айында халыққа шамамен 10,6 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2,3 млн астамы электрондық форматта, 8,1 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 99,1% тең болды. Күндізгі форматта шамамен 98,0 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 95,4 мың қызмет жүзеге асырылған.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 404,5 жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 2,8 млн үзінді көшірме берілді. Оның 2,1 млн астамы - электрондық, ал 605,5 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар айында деректемелерді өзгертуге 14,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 13,1 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 3,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 68,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 4,1 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 65,0 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/945763
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілді 04.03.2025
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында және Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Қазақстан ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңын бағындырды. Шыңға көтерілудің маңызды сәті «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен тақырыптық туды биіктікте желбірету болды. Бұл іс-шараның мақсаты азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және азаматтық қорғау органдарының беделін нығайту болды. Іс-шараға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Қазавиақұтқару және ТЖМ Қазселденқорғау филиалдарының қызметкерлері қатысты. «Бұл өрмелеу тек физикалық сынақ емес, бұл біздің кез – келген жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығымыз бен ісімізге бірілгендіміздің белгісі», – деп альпинизмге қатысушылардың бірі, жасақтың құтқару бөлімінің басшысы Вадим Пак атап өтті. Бұл оқиға төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтін барлық құрылымдардың бірлігі мен кәсібилігін бейнелейді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық қорғаныстың маңыздылығын еске салады. «Біз өз кәсібімізді және ең қиын жағдайларда адамдарға көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығын асыра бағалау қиын, бүгін біз оны нығайтуға тағы бір қадам жасадық», - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлішер Тутешев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/945088
ТЖМ-де Халықаралық ғылыми-техникалық орталық өкілдерімен кездесу өтті 04.03.2025
24 ақпанда ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Жұмыс кездесуі аясында ТЖМ-ның ХҒТО мен Еуропалық Одақтың «Орталық Азия суларындағы радиация мен ауыр металдардың мониторингі жүйесі» бірлескен жобасына қатысу мүмкіндіктері талқыланды, ол аймақтық және ұлттық деңгейлерде стандартталған технологиялар мен шешім қабылдау процестерінің көмегімен қолданыстағы ұлттық жүйелерді бағалауға және жетілдіруге бағытталған. Талқылау барысында Орталық Азия өңірінде осы жобаны іске асырудың негізгі мақсаттары, күтілетін нәтижелері мен негізгі кезеңдері қаралды, сондай-ақ сейсмологиялық датчиктерді орнату бойынша ХҒТО-ның ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығымен тиімді ынтымақтастығы атап өтілді. ХҒТО өкілдері үшін ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының ахуалдық залы бойынша қысқаша экскурсия өткізілді, оның барысында дағдарыс жағдайларында басқару мен жедел әрекет етудің заманауи технологиялары, сондай-ақ тәуекелдерді мониторингтеу және болжау жүйелері көрсетілді. Вице-министр: «Тәуекелдерді мониторингілеу және болжау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Озық технологияларды енгізу және тәжірибе алмасу бізге ТЖ ден қою және алдын алу жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді». Сонымен қатар, су қоймасына су ағынын есептеуге, көктемгі су тасқынының көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» қазақстандық су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің және жасанды интеллект негізінде жер сілкінісін болжау жүйесінің жұмыстары таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің орнықты дамуын арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік және ықтимал қауіптерге жедел ден қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/945227
Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 04.03.2025
Бейжіңде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мен Қытай Халық Республикасы Жер сілкінісі агенттігінің геофизика институты арасында келісімге қол қойылды. Құжат деректер алмасуды, қатты жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйелерін біріктіруді және сейсмикалық белсенділікті бірлесіп бақылауды қамтиды. «Бұл келісім - Қазақстанның сейсмология саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам. Қытайлық әріптестермен бірлескен жұмыс жер сілкінісі туралы болжау мен ескертуді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл қауіп – қатерлерге жедел ден қоюға және азаматтардың өмірін қорғауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев. Қол қою рәсімі Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың ҚХР жер сілкінісі жөніндегі агенттігіне баруы аясында өтті. Іс-шара барысында қазақстандық делегация Қытайдың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жаңа әзірлемелерімен және технологияларымен танысты, бұл ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін перспективалар ашады. Келісім екі елдің мамандарына нақты уақыт режимінде сейсмикалық ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді, бұл жер сілкіністерін болжау және олардың салдарын азайту тиімділігін арттырады. Бұл азаматтарға ықтимал табиғи апаттар туралы дәлірек және уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді. Алматыда 28 мониторинг және қатты жер сілкінісі туралы алдын ала ескерту станциялары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 30 станция, ал 2026 жылдың соңына дейін қосымша 40 станция орнату жоспарлануда, бұл қауіпсіздік жүйесі мен халықты қорғауды айтарлықтай жақсартады. Келісім сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сейсмикалық белсенділікке байланысты қауіптерден қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/945485
Астанада Алғыс айту күні мерекесі қалай тойланады 04.03.2025
Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиғамен – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Мерейлі датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мереке күндері мәдениет, спорт, білім беру ұйымдары, елордалық ҚХА және басқа да мекемелер қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі іс-шаралар дайындап отыр. Алғыс айту күніне орай Астанада салт-дәстүрлер мен алғыс айтудың түрлі тәсілдерін дамытуға бағытталған тақырыптық көрмелер, балалар мен оқушыларға арналған тәрбие сағаттары өтіп жатыр. Жалпы, жоспарланған іс-шаралардың барлығы қоғамның тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде топтасуына, ел бірлігі мен патриотизмнің нығаюына ықпал етеді.27 ақпанда «AMANAT» партиясы мен астаналық ҚХА ерікті жастар ұйымдары дәстүр бойынша қарт кісілерге көмек көрсетіп, аулаларының қарын күрейді.Дәл осы күні қарттар үйінде ҚХА-ның дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтеді. Жұртшылық үшін концерт ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарынан дәм татады.Сондай-ақ, 27 ақпанда елордадағы №43 мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» атты қайырымдылық акциясы өтеді.28 ақпанда қала мектептерінде «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» тақырыптық сынып сағаттары өтеді. Наурыз бойы мектептерде ардагерлермен және ҚХА белсенділерімен кездесулер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.1 наурызда елордадағы салтанатты шаралар маңызды оқиғадан басталады: Достық үйінде ҚХА мерейтойына арналған «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты болады. Одан кейін халықаралық дөңгелек үстел өтеді, оның барысында Ассамблеяның мерейтойына орай Қазақстан Президентінің құттықтау сөзі оқылады. Бұл шара ҚХА-ның 30 жылдығына арналған жылдың ресми бастамасы болмақ.Одан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне барады, онда салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде түрлі этностардың жастардың құттықтаулары бар видео-челлендж бастау алады.Тағы бір маңызды іс-шара – халықтың мұқтаж топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы.Дәл осы күні, 1 наурызда Достық үйінде шығармашылық топтардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/945409
ШҚО: Биыл балабақшаларда 1500-ге жуық жаңа орын ашылады 04.03.2025
Биыл Шығыс Қазақстан облысында балабақшаларда тағы 1500-ге жуық жаңа орын ашу жоспарлануда. Облыстық әкімдікте «Әр балаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық есептің өңірлік жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Басты тақырыптар – балабақшалар мен мектептерде жаңа орындар ашу, инклюзивті және қосымша білім беруді дамыту, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жаңарту.ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, өткен жылы өңірде 1970 жаңа орын ашылды, ал 2025 жылы тағы 1499 орын қосу көзделген, оның 127-сі қазірдің өзінде дайын. Алайда облыста балабақша кезегінде тұрған балалар саны әлдеқайда көп – 2-3 жас аралығындағы шамамен 2000 бала.– Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін біз «Балабақша» цифрлық платформасын енгізіп жатырмыз, онда балаларды тіркеп, кезекке қоюға болады. Сондай-ақ білім беру үдерісіне баланың цифрлық даму картасы енгізілді. Педагогтерді даярлау үшін 10 біліктілік орталығы ашылды. Наурыз айында Өскеменде ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске қосамыз, – деді Инесса Александровна.Облыста барлығы 343 мектеп бар, олардың басым бөлігі шағын жинақты. Апаттық немесе үш ауысымды мектептер жоқ, бірақ орын тапшылығы 6 мыңнан асады. 2024 жылы Өскеменде 600 орындық жаңа мектеп ашылды, биыл тағы 500 орындық екі мектеп салынбақ. Сонымен қатар 2100 орынға арналған бес жайлы мектептің құрылысы аяқталды, ал 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда.Мектеп инфрақұрылымы да жаңартылып жатыр. 50 мектепте асханалар, кітапханалар мен оқу кабинеттері жөнделді. Барлық мектептер интернетке қосылған, ал 109 мектеп «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне енгізілмек. Бұл бастама аз қамтылған отбасыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді.2023-2024 оқу жылында білім беру саласына демеушілерден 2,6 млрд теңге тартылды. Биыл өңірдегі 21 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мектептерді жаңартуға шамамен 5 млрд теңге қажет.Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап өңір мектептерінде «Болашақ мамандары» бейінді оқыту орталықтары ашыла бастайды. Бұл орталықтар әр ауданның кадрлық қажеттіліктеріне сай құрылмақ.Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі білім беру саласында қордаланған мәселелер бар екенін атап өтіп, басқарма басшылығын жұмысты тиімді ұйымдастыруға шақырды. Сонымен қатар, мектептердегі тәртіп мәселесін де назардан тыс қалдырмау керектігін айтты.–Директорлардың жұмыс тиімділігі тек ҰБТ нәтижелері бойынша ғана емес, балалардың қаншалықты ұйымшыл және тәртіпті екендігіне қарай да бағаланады. Егер бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге мән бермесек, лайықты ұрпақ тәрбиелеу туралы айту қиын, – деді облыс әкімі.Тағы бір өзекті мәселе – инклюзивті білім беруді дамыту. Өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар 12 мыңнан астам бала тұрады. Оларға 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы мен 5 арнайы балабақша қызмет көрсетуде. Сонымен қатар 9 ауданда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылған. 2025 жылы Катонқарағай және Марқакөл аудандарында осындай жаңа кабинеттер ашу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/945471
ШҚО-да 100-ден астам есірткі сайтының жұмысы тоқтатылды 04.03.2025
ШҚО-да прокуратура мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі саудасын анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде Өскемен қаласы бойынша жыл басынан бері 17 қылмыстық іс тіркелді, 7 іс сотқа жіберілді, 10 адам сотталды, 6 келіден астам синтетикалық есірткі және 78 кг марихуана тәркіленді.Бұл туралы бүгін Өскемен көпсалалы технология колледжінде өткен студенттермен кездесуде Өскемен қалалық прокуратурасының аға прокуроры Сергей Упоров мәлім етті.Шараны ұйымдастырған Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Асқаровтың айтуынша, «Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офис волонтерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен және Полиция департаментінің нашақорлық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірге 100-ден астам нашақорлыққа жарнамалайтын граффити жазбаларын жойған, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.Шара барысында есірткі қылмысына байланысты жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастардың қылмысқа қалай тартылатыны жөнінде ақпарат берілді.- Өткен жылдың басынан бастап облыстық прокуратура есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, 100-ден астам есірткі сайтының жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, есірткі тасымалдаумен, таратумен айналысатын адамдарды, наркоқойма иелерін, есірткі орамасын жасырушыларды, ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерін анықтау бойынша шаралар атқарылуда. Бұдан бөлек, қала бойынша әр ауданда есірткі жарнамасына қарсы рейдтік шаралар жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді аға прокурор Сергей Упоров.Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 18 мыңнан астам нашақор тіркелген, алайда нақты саны 150 мыңға дейін жетуі мүмкін. Прокуратураның ақпараты бойынша, бүгінде нашақорлық диагнозымен Өскемен қаласы бойынша 900 адам есепте тұр, оның ішінде 36-сы – кәмелетке толмағандар.Есірткінің зиянын бәрі біледі, бірақ соған қарамастан, нашақорлардың саны жыл сайын артып келеді.– Есірткі – ағзаны толықтай жоятын аса қауіпті у. Тәуелділік кейде бір рет қолданғаннан кейін-ақ пайда болуы мүмкін. Нашақорлар арасындағы өлімнің себептері - АИТВ (ВИЧ), гепатит, инсульт, жүрек тоқтауы, бауыр мен бүйректің бұзылуы. Бастапқыда есірткі адамға жалған сергектік беруі мүмкін. Бірақ көп ұзамай селқостық, депрессия, бұлшықеттің құрысуы, ұйқысыздық, ағзаның толық әлсіреуі сияқты ауыр зардаптары пайда болады. Осы белгілерден арылу үшін адам есірткіні қайта қолданады, осылайша тәуелділіктің тұзағына түседі. Нашақорлардың балалары көбіне физикалық және психикалық ақаулармен туады. Қазір облыс бойынша 1300-ден астам есірткіге тәуелді адам есепте тұр. Оның ішінде 900 адам - Өскемен қаласы бойынша. Медициналық емдеуден бөлек, нашақорларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл олардың қалыпты өмірге қайта оралуына көмектеседі, - деп атап өтті Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Зоя Владимировна.Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, есірткіге тәуелді 10 адамның тек біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді. Сарапшылардың пікірінше, синтетикалық есірткі героиннен ондаған есе қауіпті. Оны қолданушылар орта есеппен бес жылдан артық өмір сүрмейді.Есірткіні заңсыз сақтау және тарату үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.Қоғамдық орындарда таратқан жағдайда жаза 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды. Егер есірткі қылмыстық топ құрамында таратылса, білім беру мекемелерінде немесе кәмелетке толмағандарға сатылса, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.Есірткі қылмысына ең жиі тартылатын адамдар 18 бен 35 жас аралығындағы жастар. Елімізде Бас прокуратураның «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба жастар арасында алдын алу шараларын жүргізуге, интернет арқылы есірткі сататын ресурстарды анықтауға, тыйым салынған заттардың жарнамасы бар граффитилерді жоюға және басқа да шараларға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/945601
Алматыда 2025 жылғы 26-27 ақпанда жауын-шашын күтіледі: жаңбыр жауады 04.03.2025
26 ақпан күні таңертең Алматы қаласында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, кешке ылғалды қарға ауысады, ол 27 ақпанда тәуліктің басында аяқталады, түнгі кезеңде ауа температурасы -3...-5 градус аязға дейін, күндіз +1...+3 жылу төмендейді.Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылады, өндірістік базаларда жүргізушілердің, механизаторлардың және жол жұмысшыларының тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылады. Қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлердегі көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 204 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. Алдын ала қар жауар алдында негізгі магистральдық көшелерді сұйық реагенттермен өңдеу жоспарлануда. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығуларда мұздың алдын алу және жою үшін 46 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.Жолдардың жүріс бөлігіндегі болжамды мұздануға, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.Көлік жүргізу тәжірибесі аз адамдар автокөлікпен жүруден бас тартып, қоғамдық көлікке ауысқандары дұрыс. Жаяу жүргіншілер мұзды қабыршақтың пайда болуына байланысты тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтауы керек.Құрметті қала тұрғындары! Көшеде абай болыңыз, өміріңізге қауіп төндірмеңіз.Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/945369
Ақтөбеде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірегей кәсіптер көрмесі өтті 04.03.2025
Әрбір мектеп түлектеріне болашақмамандығын саналы түрде таңдауға жәнееңбек нарығындағы ең сұранысқа иебағыттармен танысуға мүмкіндіктер ұсынылды.Көрмені Ақтөбе облысының әкімі АсхатШахаров аралап, жастар арасында техникалықжәне жұмысшы мамандықтарды кеңіненнасихаттау қажеттігін алға тартты.Оның сөзінше, жұмысшы мамандықтардыңдамуы – өңірдің экономикалық өсуінің негізгіфакторы, ал білікті мамандарды даярлау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.Көрме өңірдің 21 кәсіпорны, 40 колледжіжәне әлеуметтік серіктестерінің басынбіріктірді. Оған қаладағы барлық мектептің 9-класс оқушылары шақырылды. «Кәсіби ашық алаң» шарасындаколледждердің үздік тәжірибелері ұсынылып, өңір кәсіпорындары мен оқу орындарыарасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерікөрсетілді. Оқушыларға токарь, тігінші, шаштараз, жүргізуші, электрик және басқа да жұмысшы мамандықтары бойынша шеберліксабақтары ұйымдастырылды. Қатысушыларбұл арқылы тек мамандықтармен танысыпқана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде сынапкөруге, әртүрлі кәсіптерге қажетті дағдылардытүсіне алды. Көрме техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне өз жетістіктері мен инновацияларын таныстыруға септігін тигізді. Мысалы, Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжі дауыспенбасқарылатын гуманоид робот пен ит-роботтыкөрсетті. Оларды қонақүй саласында қызмететуге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмеккөрсету және іздестіру-құтқаруоперацияларында қолдануға әбден болады.Қобда көпсалалы колледжі жиһаз жасауғаарналған ағаш өңдеу бойынша шеберліксабақтарын өткізіп, қатысушыларға токарьлікдағдыларын сынап көруге мүмкіндік берді. Шалқар көпсалалы колледжі оқушылардыжүнмен сурет салу және киіз бұйымдарынжасау техникасымен таныстырды.Көрмеде ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарға арналған сирек кездесетінмамандықтар мен кәсіптерге ерекше назараударылды.Кәсіпорын өкілдері колледждер жәнестуденттермен үшжақты келісімдер жасасумүмкіндігін талқылап, бұл түлектердің жұмысқаорналасуын жеңілдетуге жол ашты.Сонымен қатар, көрме аясында бос жұмысорындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жұмыс берушілердіңұсыныстарымен танысып, түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, еңбек нарығындағызаманауи үрдістер, қызметкерлердің құқықтарымен жұмысқа орналасу шарттары туралыкеңестер алды.«Кәсіби ашық алаңды» аралаған АсхатШахаров жұмысшы мамандықтардың өңір үшінүлкен мүмкіндіктер ашатынын тілге тиек етті.«Біздің міндетіміз – жастарға сапалы кәсібибілім беріп қана қоймай, олардың жұмысқаорналасуына жағдай жасау. Жұмысшымамандықтар сұранысқа ие, тұрақты жәнеөңірдің дамуына кең мүмкіндіктер береді. Президент жариялаған Жұмысшымамандықтар жылы аясында жұмысшымамандықтарды дамытуға басымдық береміз. Осыған байланысты колледждерді заманауижабдықтармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазіргі уақытта 10 колледжді жабдықтаубағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Бізбәсекеге қабілетті және сұранысқа иемамандарды дайындауымыз керек», – депатап өтті облыс әкімі.Бұл көрме жастарды техникалықмамандықтарға тартудағы маңызды қадамболды, сондай-ақ кәсіби өсу мен мансаптықдамудың нақты мүмкіндіктерін көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/944864
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу 04.03.2025
18.02.АСТАНАСу тасқынын болжау және модельдеуге арналған Tasqyn жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.18.02.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНаурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі. Айта кету керек, 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.20.02.АСТАНАСу тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарына 84 жаңа техника берілді. Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар. Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.19.02.ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу бойынша 5 облыста семинар өткізді. Кездесулер барысында еліміздегі су үнемдеу бойынша үздік тәжірибелер таныстырылып, мемлекеттік қолдау іс-шаралары жөнінде ақпарат берілді.17.02.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Бұл су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады.17.02.ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді. Арнайы техника мен автокөлік, 372 тонна қиыршық тас, 250 тонна құм, 800 тонна топырақ және 16 тонна жанар-жағам май қоры дайындалды.20.02.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫПавлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында бөгеттер мен гидротехникалық нысандардың кірме жолдары қардан тазартылды. 11 дана арнайы техника дайындалды.20.02.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында Ассы өзеніндегі мұздың қалың қабаттарын арнайы техникамен тазартты. Бұдан бөлек, Қорам магистралды каналында нығайту жұмыстары жүргізілді.21.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫҚарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазартты, сондай-ақ нысандарға инертті материалдарды жеткізуге келісімшарттар жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/943989
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару маусымына дайындық аясында Камашақ каналында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр 04.03.2025
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару маусымына дайындық аясында Камашақ каналында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төлеби ауданында орналасқан каналдың жалпы ұзындығы 13,7 шақырым. Айта кету керек, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/945136
Түркістан облысында АӨК кәсіпорындарына баспасөз туры ұйымдастырылды 04.03.2025
ҚР АШМ және Түркістан облысының әкімдігі бірлесіп өңірдің агроөнеркәсіптік нысандары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шара аясында БАҚ өкілдері ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған жетекші жобалармен танысты.Арыс ауданы Қожатоғай ауылында 50 000 бас ірі қара малға арналған ірі бордақылау кешені салынуда. Құны 16,2 млрд теңге болатын жобаны "Turkestan Agro.kz" ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда бірінші кезең аясында алаңға 600 – ге жуық бас әкелінді, жыл соңына қарай ІҚМ саны 15 000 басқа дейін, 2026-2027 жылдары-35 000 басқа дейін ұлғайтылатын болады. Жемшөп базасы 4 710 га аумақта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, жемшөп дақылдарын өсіру есебінен қамтамасыз етіледі. "King Milk" зауытында журналистер түйе сүтінің ұнтағын өндірумен танысты. 2022 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын жылына 70 тоннадан астам сүт өңдейді. Зауыт заманауи цифрлық жабдықтармен қамтылған, өндіріс процесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Дайын өнім Қазақстан өңірлерінде сатылады, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге экспортталады. Сайрам ауданында журналистер "Gen Group Kazakhstan" банан өсіретін жылыжай кешенін қоса алғанда, бірнеше агроөнеркәсіпорынды аралады. Ауданы 5,3 га жылыжайларда Қазақстанның климатына бейімделген банан сорты өсіріледі. Жақын арада жылыжайды тағы 5 гектарға кеңейту жоспарлануда. Ақсукент ауылындағы "Айқан" сүт зауытында тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңделеді, ірімшіктің 13 түрі, ашытылған сүт өнімдері өндіріледі. Өнімдер ел өңірлерінде сатылады. Сауран ауданында баспасөз турына қатысушылар Қазақстандағы тұңғыш спринклер жүйелерін шығаратын зауыттың жұмысымен таныстырылды. Американдық "Nelson Irrigation" компаниясымен бірлесе отырып, "BNK Group LTD" кәсіпорны жылына 1000-ға дейін шашыратқыш машиналар шығарады. Жобаның жалпы құны-4,1 млрд теңге. "Әл-Береке" кооперативі көкөністер мен жемістерді өңдеумен айналысады. Мұнда жыл сайын 1,5 мың тоннаға дейін табиғи шырындар өндіріледі, сондай-ақ дайын өнімге арналған заманауи қоймалар жұмыс істейді.Ордабасы ауданында БАҚ өкілдері форель шаруашылығына барды. Құны 9,1 млн теңге болатын жоба "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында іске асырылды. Сондай-ақ, журналистер ірі қара мен жылқыны бордақылауға маманданған "Өтепов М" шаруашылығында болды. 2021 жылы құрылған кәсіпорын жылына 350 тоннаға дейін ет өндіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/945031
Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді 04.03.2025
Үкімет қаулысымен Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Бұл маңызды құжат қаланың кешенді дамуын қамтамасыз етіп, оның әлеуметтік, экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.Бас жоспар елді мекеннің тұрғын үй құрылысын кеңейту, көлік жүйесін дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық тұрақтылықты сақтау сияқты стратегиялық мақсаттарды айқындайды.Қосшы қаласын дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды дамыту, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту, экологиялық тұрақтылық пен көгалдандыру, қала аумағын оңтайландыра отырып, халық санының өсуін есепке алу.Қосшы қаласының жалпы аумағы 60,2 шаршы шақырымды құрайды. Бас жоспарда қала аумағын тиімді пайдалану қарастырылып, қоғамдық және тұрғын аумақтардың функционалдық аймақтарын анықтайды. Халық санының өсуі болжам бойынша 2023 жылы – 51,7 мың адам, 2030 жылы – 107 мың адам, 2038 жылы – 150 мың адамды құрауы мүмкін.Қала тұрғындарының көбеюіне байланысты жұмыссыздық деңгейін 3%-ға дейін төмендетіп, орташа жалақыны арттыру, экономикалық белсенділікті ынталандыру мақсаты қойылған.Тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік инфрақұрылымға да ерекше назар аударылған. Қалада аз қабатты, орташа және көп қабатты тұрғын үйлер салу арқылы халықтың баспанаға деген қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 900 гектар жерге жеке тұрғын үй құрылысы салынса, 360 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген. Қазіргі тұрғын үй қоры – 1,28 миллион шаршы метр.2038 жылға қарай – 4,5 миллион шаршы жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бас жоспар аясында мынадай әлеуметтік нысандар, яғни 31 балабақша (13,5 мың орын), 16 мектеп (23,8 мың орын), облыстық ауруханалар (900 орындық) және 7 емхана, сонымен бірге көпфункционалды мәдени орталықтар, кітапханалар мен театрлар салу көзделген. Қоғамдық демалыс орындары да назардан тыс қалған жоқ. Саябақтар мен гүлзарлар, жағалау аймақтары бас жоспарға еңгізілген.Қосшы қаласының көлік жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа жолмен бірге, жол өткелдерін салу, қоғамдық көлікті дамыту мәселесі де қарастырылған. Жаңа көлік дәліздері және айналма жолдар салынады. Қоғамдық көлік бағыттарының жалпы ұзындығы 81,04 шақырымға жетеді. Сондай-ақ жаңа автобус паркі мен қоғамдық көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарлануда.Инженерлік инфрақұрылым бойынша айтсақ, ауыз сумен қамту және кәріз желілерін кеңейту, сондай-ақ қаланы толық газбен жабдықтап, жаңбыр суын ағызу жүйесін дамыту жоспарлануда.Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту да жіті назарда. Қалада 264 гектар аумақты құрайтын индустриялық аймақ құру, көлік - логистикалық кешендер мен қоймалар салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын, сауда және қызмет көрсету орталықтарын дамыту жобалары жоспарлануда.Қосшы қаласының экологиялық ахуалы және көгалдандыру басты міндеттердің бірі. Бас жоспарда экологиялық тұрақтылықты сақтау ерекше назарға алынған. Осыүан орай, экологиялық шаралар да қамтылды. Мысалы, 132,5 гектар аумақты жасыл аймаққа айналдыру, Сарқырама өзенінің жағалауын абаттандыру, қоқысты қайта өңдеу орталықтарын ашу, кәріздік тазарту жүйесін жетілдіру, қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын бақылау бекеттерін орнату, көгалдандыру аясында жаңа саябақтар мен субұрқақтар, жасыл қорғаныс белдеулерін салу.Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары – өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдетуге, халықтың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған стратегиялық жоба.Жобаның сәтті жүзеге асуы Қосшыны Астанаға серіктес заманауи қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/943776
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КOKSHE» ӘКК тұрақтандыру қорына күнбағыс майын жеткізу туралы уағдаласты 04.03.2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КОКЅНЕ» ӘКК" АҚ-мен 41,6 мың литр көлемінде тазартылған күнбағыс майын әлеуметтік баға бойынша сату туралы шарт жасасты. Өнім күнбағыс пен күнбағыс майын үшжақты форвардтық сатып алудың пилоттық бағдарламасы аясында алынды.2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында «OskemenAgroProdukt» май зауыты Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізеді.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағыс өсіруге маманданған агроөндірушілерді форвардтық қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді іріктеу нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар «Майлы дақылар тәжірибе шаруашылығы қосу» ЖШС және «OskemenAgroProdukt» ЖШС болды. Егін жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші күнбағысты май зауытына өңдеуге жіберуге, ал май зауыты - айын өнімді Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жеткізуге міндеттенді. Күнбағыс пен күнбағыс майын сатып алу бағасы АӨК субъектілерін қаржыландыру сәтінде тіркелді, нәтижесінде ұлттық оператор күнбағыс майын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алды.Үшжақты форвардтық сатып алу бағдарламасы ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу туралы тапсырмасын орындау үшін іске қосылды. Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енгендіктен және оның құны мезгіл-мезгіл өсетін күнбағыс бағасына тікелей байланысты болғандықтан, пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін дәл осы майлы дақыл таңдалды.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың ауытқуын төмендету және ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын күшейту үшін әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті.Азық-түлік келісімшарт корпорациясы функцияларының бірі - азық-түлік нарығын тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілген жағдайда ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларына күнбағыс майын, қарақұмықты және қажет болған жағдайда басқа да егін шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл ӘКК-ке халықты қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/944672
Сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар астық, майлы және бұршақ дақылдарын өндірушілер 24.02.2025 04.03.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарНарықта 28+ дән маңызы бар "үштіктен" басқа, барлық бидайдың құны өсті.элеватордан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110-САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін81+3САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін76+4САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін71+2САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін60+6САТУ6535арпа 2 сыныпты73-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090 Трейдерлер солтүстік өңірлерде 25 дән маңызы 75-тен 85 мың теңге/ тоннасына дейін, ҚҚС салынған 3 класты бидай ұсынатынын айтады. Сарыағашта 4-сыныпқа бағасы 173-175 доллар./ тоннасына.Майлы дақылдар / бұршақМайлы топта зығыр 17 теңге/кг қымбаттады, күнбағыс пен рапс белгілі бір аймақтарда қымбаттады.элеватордан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр234+17САТУ200170Рапс214-САТУ250180Күнбағыс166+1САТУ190160Мақсары138+3САТУ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**198-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363-САТУ450350 Түсініктеме:Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады. Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/944467
Бір аптада қар құрсауынан 400-ге жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды 04.03.2025
2025 жылғы 22-23 ақпанда екі тәулік ішінде ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 380 адамды, оның ішінде 49 баланы құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ 50-ден астам автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 153 шығу жасалды. Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді. Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн: Қостанай облысында 170 жуық адам құтқарылды 22 ақпанда күндіз шетел азаматтарына көмек көрсетілді. Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті. Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған. Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастырды. Сонымен қатар 23 ақпанда түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарылды. Ақтөбе облысында шетел азаматтар құтқарылды 22 ақпанда таң атта құтқарушылар да 39 адамды эвакуациялады. 112 пультіне Ақтөбе облысы Әйтеке би аудынынан бірнеше шақырым жерде жабық жолда автобус тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста 39 жолаушы бар екенін анықтады. Құтқарушылар оларды Қарабұтақ ауылына эвакуациялады. 23 ақпанда Ақтөбе облысының 112 пультіне Қарғалы ауданының Бадамша ауылынан 40 шақырым жерде автожолдың жабық учаскесінде жүк автокөлігі істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жолданған құтқарушылар тоңып қалған жүргізушіні жақын жылыту пунктіне эвакуциялады. Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан құтқаругшыларына алғысын білдірді. Сонымен қатар ТЖМ әскери қызметкерлері шетелдіктерге көмекке келді.Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Самара-Шымкент автожолында патрульдеу кезінде 4 Тәжікстан азаматтары мінген автокөлікті ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күшімен Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне сүйреп жеткізілді. Белгілі болғандай олардың көліктері сынып, қозғалысты жалғастыра алмаған. Шетел азаматтары алғыстарын білдірді. Бұдан басқа, ТЖМ жол талғамайтын көлігі зардап шеккен адамды тасымалдауға көмектесті. 112 пультіне Ақтөбе облысы Алға қаласында 1958 ж.т. ер адамға ота жасату үшін оны медициналық мекемеге тасымалдау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жол жабық болғандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын Трэкол көлігімен шығуға шешім қабылданды. Жолдың қиын бөлігін өтімділігі жоғары көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар адамды шұғыл түрде Ақтөбе қаласына жеткізіп, одан әрі облыстық ауруханаға жатқызу үшін ЖМК бригадасына тапсырды. Осы түнде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолдарында бірнеше көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жылыту пунктіне және жақын маңдағы елді мекендерге 21 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған автокөліктен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында тұрғындарды құтқару мен техниканы қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүргізілді. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/944253
Су тасқыны кезеңіне дайындық: алдын алудың кешенді шаралары 04.03.2025
Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, сондай-ақ дренаждық жүйелерді жөндеу және салу, жолдардың астына жаңа су өткізу құрылыстарын ауыстыру және орнату, сондай-ақ каналдар мен арықтарды жайластыру. Қауіпті аймақтарда жағалауларды тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілуде, өзен арналары тазартылуда. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған. Осылайша, су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту аясында Астана қ. ТЖД қызметкерлері Байқоңыр ауданының әкімі, аудан прокурорының орынбасары, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп, Ақмола облысы Қоянды ауылының саяжай учаскелеріне барды. Бұдан басқа, Аршалы ауданы ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны жағдайын мониторингілеу мақсатында Жібек Жолы ауылына шықты. Бүгінгі таңда бұл ауылды тасқын сулардан қорғау үшін ұзындығы 6,277 шақырым, биіктігі 2-ден 5,3 метрге дейін және ені 12-ден 34 метрге дейін бөген салу жұмыстары жүргізілуде. Департамент қызметкерлері Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбековпен «Газмашаппарат», «Западный» саяжай қоғамдары, «Үркер» тұрғын алабы мен қар полигонына тексеру жүргізіп, оның барысында қар полигонынан еріген қар суын ағызу үшін каналды қазу орындары анықталды. Алматы қаласы ТЖД «Қазселденқорғау» ММ-мен бірлесіп Үлкен Алматы өзені бассейнінен Түрген өзені бассейніне дейінгі мұздақ көлдерге, биік таулы мұздақ көлдерге, сел ойпаттары мен ошақтарға, көшкін қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді. Іс-шара су айдындарының жай-күйін мониторингілеуге, сондай-ақ көктемгі қардың еруі қарсаңында қала тұрғындары мен инфрақұрылымына төнетін қауіптердің алдын алуға бағытталған. Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша барлық мұздақ көлдер қысқы режимде, минималды белгілердегі стационарлық көлдер, стационарлық емес көлдер іс жүзінде бос екендігі анықталды. Алматы облысында Жармұхамбет өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Іле ауданында Облыстық ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Оразбековтың қатысуымен су тасқыны қаупі бар учаскеге тексеру жүргізілді. Жармұхамбет ауылындағы су тасқыны қауіпті учаскесі зерттелді, «Монтажник», «Кирпичник», «Ивушка», «Кристалл» ПКСТ бойындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы тексерілді, онда осы өзен арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және еріген қар суының кедергісіз өтуі мақсатында өзен арнасын 1,2 км бойы механикалық тазарту жүргізілді. Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында мемлекеттік инспектор бастаған жұмыс тобы Абай облысының Жарма ауданына барды. Жұмыс сапары барысында олар Ортабұлақ және Шар гидротехникалық құрылыстарын аралап көрді. Жарма ауданының әкімі су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, шұғыл қызметтердің дайындығы және төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажетті ресурстар туралы баяндады. Ақтөбеде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар барысы тексерілді. ТЖД бастығының орынбасары А.Жанабергенов аудан әкімімен бірлесіп Мәртөк ауданындағы ықтимал қауіпті учаскелерді аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Сарыжар, Саржансай, Мәртөк ауылдарындағы су тасқынына қарсы жасалған Сарыжар ауылындағы бөгеттер, Саржансай ауылындағы төменгі Елек өзені жағасы және Мәртөк ауылында еріген қар суының арналарындағы кеңейту жұмыстарын бақылады. Бұл жұмыстар елді мекендерді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауылдарға қардан ағатын суды бұру үшін бөгеттер көтеріліп, арықтар мен бұру арналары қазылды. Сонымен қатар Қазан-1, Қазан-2 бөгеттерінің де жай күйі тексерілді. Жамбыл облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мамандар су басу қаупін болдырмау мақсатында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» ММ филиалдарының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК филиалының өкілдері Талас өзеніндегі су шығыны мен деңгейінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - өзендегі су деңгейінің өзгеруін уақтылы анықтау, ықтимал қауіпті бағалау және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыру. Бірлескен өлшеулер өзен арнасындағы судың көлемін дәл анықтауға, гидротехникалық құрылыстардың жұмысын үйлестіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Бәйтерек ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік инспектор, облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, департамент бастығының орынбасары Е. Жәлелов және комиссия мүшелері аудан аумағында атқарылған жұмыстармен танысып шықты. Су жіберу жолдары, сужинағыштар, елді мекендердің дайындық паспорттары да тексерілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/944538
Астанада «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі өтті 04.03.2025
Астанада Есіл өзенінің бойында дәстүрге айналған «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Айтулы іс-шара 2024 жылы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты өткен жоқ. Енді биыл бұқаралық шара қайта жалғасын тауып отыр. Жалпы «Бұрқасын» мерекесі сонау 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқыда 5 спорт түрі қамтылса, қазіргі сәтте оның саны артып, жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді.Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.«Бұл іс-шара 24 жыл бойы Астанамыздың ажырамас бөлігіне айналып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамытуда ерекше орын алып келеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Қысқы спорттың қуанышын бірге бөлісейік, «Бұрқасын» фестивалі бәрімізге жарқын эмоциялар сыйласын!» - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов.Қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркелді.Фестиваль барысында қатысушылар 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944335
Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты 04.03.2025
Елордада жұмыс іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері таптырмас мүмкіндік. Астаналық Кәмшат Серік «Бухгалтерия негіздері» бойынша білімін жетілдіріп, салық төлеу, жылдық есептерді қалай тапсыру керегін үйренген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ол жоба туралы әлеуметтік желідегі чаттардың бірінен естіген.«Бұл жоба туралы WhatsApp-тағы чаттардың бірінен оқыдым. Онда кез келген мамандықты аз уақытта тегін оқытатыны туралы жазылған. Содан «Неге оқып көрмеске?» деген ой болды. Келесі күні қаладағы пунктердің біріне барып, мамандардан ақпарат алып, «Бухгалтерия негіздері» бойынша курсқа тіркелдім. Оқытушылар салық төлеу, жылдық есептерді дұрыс тапсыру секілді бағыттарды қарапайым тілде түсіндірді. Арасында барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Бастысы теория мен практиканы ұштастырдық», - деді ол.Кейіпкеріміз курсты тәмамдаған соң өзге қатысушылар секілді сертификат алған.«Бүгінгі таңда мен туристік агенттікте қызмет етемін. Отбасылық кәсіп болғандықтан, кейбір шаруаларды қатар алып жүруге тура келеді. Мысалы, кейде есепші, әкімші қызметтерін қатар алып жүремін. Бұл жобаға қатысудағы мақсатым – өз салам бойынша қосымша білім алу», - деді Кәмшат.Ол алдағы уақытта трендтегі мамандықтар бойынша қосымша курстардан өтуді жоспарлап отыр.«Бұл – көпке пайдасы мол жоба, бастысы тегін. Сондықтан осы жоба арқылы аз уақытта кез келген мамандықты игеріп алуға болады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді ол.Айта кетейік, 18 бен 50 жас аралығындағы астаналықтар JolTap жобасына тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқуына болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944340