Саясат
Future Spaces халықаралық форумы: қалалық кеңістіктердің болашағына көзқарас 24.02.2025
20 ақпанда қалалық кеңістіктердің болашағына арналған UK Future Spaces халықаралық форумы өтті.Форумға қазақстандық бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі:«Алматы облысы бай мәдени мұрасымен және бірегей табиғи ресурстарымен танымал. Географиялық ерекшеліктері мен Ежелгі Жібек жолы бойындағы орналасуы аймақты инвестициялық тұрғыдан тартымды және туристік жағынан танымал етеді. Облыс аумағында британдық және бірлескен капиталдың қатысуымен 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақтың сыртқы сауда айналымы 3,6 млрд АҚШ долларына жетіп, экспорт 12,1%-ға өсіп, 819,4 млн АҚШ долларын құрады.Алматы облысында 2,5 трлн теңге сомасына 114-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың ішінде девелоперлік жобалар, көлік инфрақұрылымы және тұрақты құрылыс бар. Өңірде бір арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және сегіз индустриялық аймақ жұмыс істейді. Инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктер:• салықтық жеңілдіктер және арнайы экономикалық аймақтар;• мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмдері;• жобаларды қолдау және қаржыландыру бағдарламалары.Жаһандық үрдістер құрылысқа жаңа тәсілдерді талап етеді. 2050 жылға қарай әлем халқының 70%-дан астамы қалаларда тұрады, бұл сәулетшілерге, девелоперлерге және мемлекеттік жоспарлаушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді. "Ақылды" қалалар құру, инфрақұрылымды цифрландыру, процестерді автоматтандыру, жасыл сәулетті дамыту, көміртек ізін азайту және жаңартылатын энергия көздерін енгізу маңызды. Бұл бастамалар жаңа Алатау қаласында жүзеге асырылады.Аймақ басшысы форум жаңа идеялар, табысты жобалар және ұзақ мерзімді әріптестік алаңы болатынына сенім білдірді.Форум аясында әкім Ұлыбритания елшісі Кэти Лич бастаған британдық делегациямен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізді. Олардың қатарында Infrastructure Exports: UK тең төрағасы Стюарт Синиор, Zaha Hadid Architects компаниясының басшысы Патрик Шумахер және Gillespies компаниясының негізін қалаушы Джим Диггл болды.Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич форумға Ұлыбританияның 25-тен астам танымал сәулетшісі қатысып жатқанын атап өтті. Олардың кейбірі қазірдің өзінде Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Британдық сәулетшілер өз жобаларын Қазақстанда, оның ішінде Алматы облысында жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытуда.Аймақ басшысы құрылыс және сәулет саласындағы мамандар үшін форумның маңыздылығын атап өтті. Форумда ұсынылған ақпарат отандық мамандардың көзқарасын кеңейтіп, шығармашылық идеяларды дамыту мен жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, қатысушы компаниялар тек жобалар ұсынып қана қоймай, материалдар мен жиынтықтауыштарды жеткізу, тіпті нысандарды толық іске асыру бойынша да қызмет көрсете алады.Кездесулер барысында Алатау қаласында білім беру орталықтары мен ғылым қалашығын салу, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелері талқыланды.Келесі кездесу құрылыс және инфрақұрылым саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар британдық маман Стюарт Синиормен өтті. Ол Gleeds компаниясының тәуелсіз директоры және оның стратегиялық дамуы мен инновацияларына жетекшілік етеді. Келіссөздер барысында екі ел мамандарының қатысуымен жаңа жобалар мен шығармашылық идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға арналған жобалық кеңсе құру мәселелері қаралды.Одан кейін Zaha Hadid Architects жетекшісі Патрик Шумахермен кездесу өтті. 500-ден астам кәсіби маман жұмыс істейтін бұл сәулет және дизайн студиясы әлемдік деңгейде танымал. Патрик Шумахер сәулет, урбанистика және дизайн саласындағы ең көрнекті ойшылдардың бірі ретінде танылған. Алматы облысы әкімдігімен өткен келіссөздер барысында жеке капиталды тарта отырып, бастамашыл жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.Форум аясындағы қорытынды кездесу Gillespies компаниясының басқарушы серіктесі Джим Дигглмен өтті. Ол 30 жылдан астам тәжірибесі бар және Еуропа, Таяу Шығыс, Азия және Африкадағы ірі халықаралық жобаларға қатысқан. Келіссөздер барысында көлденең көгалдандыру және ғимараттарға қойылатын талаптарды жобалау кезеңінде әзірлеу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов Arup компаниясының ғаламдық инфрақұрылым директоры Лорна Болл және Arup Türkiye көлік бизнесінің жетекшісі Эмре Шимшекпен келіссөздер жүргізді. Олардың Ұлыбритания, Дания, Испания, Литва, Грузия, Өзбекстан және Қазақстандағы жобаларда тәжірибесі бар.Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңірде инновациялық сәулет шешімдерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.Айта кету керек, UK Future Spaces форумы қалаларды тұрақты дамытуға және Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға ықпал ететін озық урбанистикалық және сәулет шешімдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/943809
Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқарда азаматтарды қабылдады 24.02.2025
Қабылдауға жазылған азаматтардың қатарында Шалқар қаласы мен Қотыртас, Қауылжыр, Бегімбет ауылдарының тұрғындары бар.Тұрғындардың кейбірі жұмыс мәселесін, енді бірі қоқыс полигонын кеңейту және темір жол жүк қоймасы бөлімшесін ашу, Қотыртас ауылында әкімшілік ғимаратын салу және Қауылжыр ауылында спорт кешенін салу бойынша өтініш айтты.Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943822
Ақтөбе облысының әкімі шұғыл жиын өткізді 24.02.2025
Облыс әкімі ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерімен шұғыл жиын өткізді.Отырыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райы жағдайында жұмысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Барлық құрылымның іс-әрекеттерін үйлестіруге ерекше мән берілді. Өңір басшысы аудан әкімдеріне дизель отынын қоса алғанда, барлық резервтерді бөлу жөнінде нұсқаулар берді. Сондай-ақ, автокөлікті, әсіресе автобустарды полицияның сүйемелдеуімен алып жүруін қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударылды.Қазіргі уақытта облыс орталығынан Болгарка, Шұбарқұдық, Покровка, Темір, Бұлақ және Мәртөк елді мекендеріне апаратын жол учаскелері жабылды. Облыс әкімі талаптарды елемей, аудандарға қатынауын жалғастырып жатқан көліктерге қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.“Аудандардың әкімдері мен барлық қызметтер теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы эфирге шығып, жедел желілер мен жылыту пункттерінің нөмірлері туралы ақпарат беруі қажет. Жылыту пункттері жолдарда қалған адамдарды қабылдауға дайын болуы керек. Бағаның, атап айтқанда нанның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті тауарлар жағдайын бақылау қажет. Полиция ықтимал қақтығыстар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін жергілікті жағдайды бақылау арқылы тәртіпті қамтамасыз етеді. Кешке қарай ауа райы нашарлауы мүмкін, сондықтан барлық қызмет дайын болуы шарт. Жедел штабтарда кезекшіліктеркідіріссіз ұйымдастырылуы тиіс. Қазгидрометтің хабарлауынша, ауарайының нашарлауы күтілуде, сондықтан тұрғындарға қатты суық және боран жағдайында алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Аудандық ауруханалар есепте тұрған пациенттердің хал-ахуалы бақылауболуы тиіс, қатты қажеттілік болған жағдайда науқастарды емдеуорындарына жатқызу және облыстық орталыққа жіберу үшін техника жіберіледі. Қазір босаңситын уақыт емес. Ықтимал қатерлерге дайын болуы керек”, - деп ескертті әкім.Жиын соңында өңір басшысы қауіп-қатерлердің алдын алу және ауарайының нашарлауы кезінде өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күштер мен құралдарды барынша үйлестіруді тағы да міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943823
Шалқарда жаңа әскери комиссариатсалынып, өрт сөндіру депосы жөнделді 24.02.2025
Әскери комиссариат ғимараты былтырғыжылдың соңында пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысанның құрылысын “Қолғанат Құрылыс” ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимаратта тек әскерге шақырылушыларды тіркеу ғана емес, сонымен қатар жастармен ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрдежүргізу жоспарланып отыр.Облыс әкімі әскери қызметке шақыру - әрбір азаматтың міндеті ғана емес, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін айтты.Әскери комиссариат ғимаратын аралап шыққаннан кейін, облыс әкімі өрт сөндіру депосына барды. Депо құрамында екі өрт сөндіру бөлімі бар, олардың бірі 1986 жылы, екіншісі 1980 жылы салынған. 2008 жылы депода алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жеке құрамында 33 қызметкер, оның ішінде 11 офицер және 22 сержант бар өрт сөндіру бөлімі орналасқан.Өрт сөндіру депосында 8 техника бар, оның ішінде 3 қызметтік жеңіл автокөлік және 4 арнайы өрт сөндіру машинасы.Облыс әкімі өрт сөндіру депосы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, олардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әсіресе табиғи және техногендік апаттар кезінде атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өтті.Екі мекеменің ұжымдарымен кездескен облыс әкімі ж тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жергілікті билік осындай нысандарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943836
Шалқарда мектеп пен балабақша жөнделді 24.02.2025
Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен мектеп пен балабақшаға барды.Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектепте 700 оқушы оқиды, 141 мұғалім жұмыс істейді.Оқу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын “Construсtion Group SAMRUK” ЖШС жасады. Бюджеттен 478 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ асхана, спортзал және компьютерлік классқа жаңа жабдықтар, жаңа үстелдер, жиһаз, интерактивті тақталар, сабаққа арналған музыкалық аспаптар сатып алынды. Мектеп ауласында шағын футбол алаңы бар. Қыста оның орнына мұз айдыны құйылды. Асхат Шахаров мектептің тыныш-тіршілігімен танысып, оқушыларды әңгімеге тартты. 10 сынып оқушысы Жангүл Жарылқасова мектепте оқу үшін тамаша жағдай жасалғанын атап өтіп, олимпиадалардағы жетістіктері туралы айтып берді.“Қазір мектебімізде жаңа пәндік кабинеттер мен цифрлық техникалар пайда болды, бұл оқуды әлдеқайда қызықты ететіні сөзсіз. Бізде робототехника сабақтары бар және бұл өте қызықты. Мен әртүрлі олимпиадаларға жиі қатысамын, жаңа цифрлық пәндердің арқасында көп нәрсені үйреніп келемін. Бұл маған конкурстарға дайындалуға және бірінші орындарды иеленуге көмектеседі”, - деп мойындады Жангүл Жарылқасова.Мектептен кейін әкім №12 “Бөбекжай” балабақшасында болды.Мектепке дейінгі мекеме 1963 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Бой көтерген уақыттан бері балабақшада күрделі жөндеу жүргізілмеген. 140 бала мұнда тәрбиеленіп жатыр.“2024 жылы балабақшаны жөндеуге облыстық бюджеттен 210 млн.теңге бөлінді. Ғимараттың төбесі мен қасбеті толығымен жөнделді, терезелер, электр сымдары, кәріз құбырлары, жылу жүйесі ауыстырылды. Жаңа жылыту батареялары орнатылды. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Бірінші қабатта балалар ойын бөлмелерінде едендер оқшауланып, Сантехника толығымен ауыстырылды, - деді Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі Динара Ажимадинова."Ауылдардағы мектептер мен балабақшаларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сапалы білім-болашағымыздың табысының кепілі. Біз балаларымызға оқу және даму үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз. Мұндай жаңартулар оқу сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін жайлы етуге көмектеседі", - деді әкім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943847
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы 24.02.2025
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеген « Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 20 ақпан – 7 наурыз аралығында өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15455268)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943430
Мәжіліс Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді 24.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.Отырыс басталар алдында қатысушылар қазақстандық өнертапқыштардың ел экономикасына қосқан үлестерін көрсете отырып, олардың инновациялық әзірлемелерін көрсететін көрмеге қатысты. Көрменің көрнекті экспонаттарының бірі 2024 жылы 20 есе, 2023 жылғы 5-тен 2024 жылы 99-ға дейін өскен географиялық көрсеткіш ретінде тіркелген түйе сүтінен жасалған Арал сабыны, Қызылорда күріші, Талғар алмұрты, Нарынқол картопы, Қостанай балы, Сайрам нан, Алакөл балығы және басқалары сияқты азық-түлік өнімдері болды.Отырыс жұмысын аша отырып, Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Н.Т. Байтілесов Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес әзірленген Заң жобасы экономикалық даму, инновациялар және креативті индустрия үшін маңызды зияткерлік меншікті қорғау үшін жаңа құқықтық құралдарды енгізуге бағытталғанын атап өтті.Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова контрафактілік өнімдер, маркетплейстердегі бұзушылықтар және ұжымдық басқару ұйымдарының ашықтығы проблемаларын көрсете отырып, Заң жобасындағы негізгі түзетулерді ұсынды.Депутат Е.Д. Стамбеков ұжымдық ұйымдардың ашық еместігін және авторлардың сыйақы алу құқығын қамтамасыз етпейтінін атап өтіп, авторларға сыйақы уақыты төлеудің маңыздылығын атап, құқықтарды басқарудың цифрлық платформасын енгізуді ұсынды.Автор, авторлық құқық саласындағы сарапшы Т.Б. Төлегенов ҚҰБҰ ашық еместігі мен міндеттерін орындамау мәселелерін шешу үшін ұжымдық басқару функцияларын мемлекеттік монополияға беруін қарастыруды ұсынды.Сондай-ақ, зияткерлік меншік мәселелерін талқылауға депутаттар Ж.Д. Сүлейменова, Ү. Шапақ қатысты. Депутат Ж.Д. Сүлейменова жазушылардың, ақындардың, композиторлардың авторлық сыйақының төленбеуіне қатысты шағымдарына назар аударып ұжымдық құқықтарды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларын әзірлеу қажеттілігін атап өтті.ҚҰБҰ өкілдері Л.Ю. Балмагамбетова, А.А. Блиев, С.Ч. Исаев, Р.А. Абдухаликов аталған институтты дамыту және ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі туралы ұстанымдар айтты.Отырыста авторлық құқықты қорғаудың заманауи жүйесін құрудың негізгі бастамалары талқыланды. Парламент Депутаттары ашықтықтың және авторлардың әділетті сыйақысын алуының маңыздылығын атап өтіп, құқықтарды басқару үшін цифрлық платформаларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.Жиынға қатысушылар ұсынылған өзгерістер елдің ғылыми және технологиялық дамуына, инновациялық жобаларға инвестициялар тартуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін зияткерлік меншіктің тиімді және теңгерімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Заң жобасына қатысты жұмыс ғылым, бизнес және шығармашылық индустрия өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жалғастырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943442
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді 24.02.2025
2025 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, Әділет министрлігінің 2024 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері туралы есеп берді Сондай-ақ, Кеңес мүшелерімен 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.Өз сөзінде Ерлан Сәрсембаев Министрлік қызметінің алдағы жылға арналған басым бағыттарын атап өтіп, құқықтық жүйені жетілдірудің, заңнамалық бастамаларды орындаудың және мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Отырыс барысында қатысушылар Үкіметтің 2024 жылғы заң жобалау жұмысының жоспарын орындауға және 2025 жылға арналған тиісті жоспарды қалыптастыруға қатысты мәселелерді қарады. Процестерді автоматтандыруға және Әділет органдары жүйесінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық жобаларға ерекше назар аударылды.Қоғамдық кеңестің төрағасы Рамазан Сәрпеков отырыс қорытындысы бойынша баяндамалар мен талқылауларға негізделген тиісті ұсынымдар әзірленетінін атап өтті.Кездесу соңында Қоғамдық кеңес мүшелері минис рдің есебін бірауыздан қабылдады. Ал қоғандық кеңестің мүшелері Әділет министріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап.Әділет министрлігінің осы бағыттағы жұмысы жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943665
Шалқарда бассейні бар спорт кешені және В.Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынуда 24.02.2025
Шалқар ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.Спорт нысаны 2023 жылы салына бастады. Бірақ кейін мердігер жобаға түзету енгізу үшін өтініш береді. Осы жылдың қаңтар айында қайта жарияланған конкурста «Tunay Stroy Project» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.Болашақ спорт кешенінде ені 1,5 метрді құрайтын 6 қатарлы, ұзындығы 25 метрлік жабық бассейн, сондай-ақ әртүрлі спорт түрлеріне арналған секциялар болады. Жаңа спорт нысанының арқасында жергілікті тұрғындарға спортпен шұғылдануға және денсаулықты нығайтуға заманауи жағдай жасалады.Асхат Шахаров мердігерге жобаның шығыс сметасын бұдан әрі түзетпейтінін ескертті. Кешен белгіленген мерзімде тапсырылуы керек.Шалқарда сондай-ақ В. Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынады. Облыс әкімі нысан бой көтеретін орынға барды.Владимир Цеханович атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – кадрлардың ұстаханасы. Ол бокс, дзюдо және грек-рим күресінде танымал спортшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.Қазіргі уақытта №1 БЖСМ-де 750 шалқарлық бала спортпен шұғылданады. 58 жылдық тарихы бар мектептің ғимараты ескірген. Осыған байланысты ескі бейімделген ғимараттың орнына спорт мектебіне арналған екі қабатты жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданған.«Ескі мектеп ғимаратында тек екі күрес кілемі болды. Жаңасында бірден үш кілемді қарастырдық. Сонымен қатар, қыздарға арналған бөлек залдар қарастырылады. Республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін трибуналары бар алаң болады. Жобаға футбол мен волейболға арналған ойын алаңдарын да енгіздік. Жаңа ғимарат заманауи жаттығузалымен жабдықталады, жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлеріне арналған әкімшілік корпус қарастырылған», - деді БЖСМ директоры Дәулет Дәрібаев.«Халықаралық аренада аудан атын танытқан атақты спортшыларды мектеп тәрбиеледі. Цеханович атындағы спорт мектебі өз жұмысын бұрынғыдай әрі қарай жалғастырып, көрнекті спортшылардың жаңа буындарын дайындайтынына сенімдімін. Біз өңірімізде спорттың дамуына қолдау көрсетіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін жағдай жасаймыз», - деді облыс әкімі.Нысан салынатын жер учаскесін көріп,жобамен танысып шыққаннан кейін әкім мердігерге жұмыстарды сапалы орындауды және нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943800
Абай облысында ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жеткізіледі 24.02.2025
Абай облысында су құбыры желілерін салу және жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.«Бүгінде облыс тұрғындарын таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Осы мақсатта 26 жоба жүзеге асырылады, оның 15-і – өткен жылдан жалғасқан, ал 11-і – жаңадан басталатын нысандар. Аталған жұмыстарға республикалық және жергілікті бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді, қосымша 4,4 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу бойынша тиісті өтінімдер жіберілді», – деді Димитрий Гариков.Сондай-ақ, әкім орынбасары қолданыстағы су құбырларын жаңарту жұмысының да қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.«Қазіргі таңда ескі су құбырларын қайта жаңарту бойынша 14 жоба іске асуда, тағы 22 жобаның құжаттары дайындалды. Төрт жобаны жүзеге асыру үшін 8,6 млрд теңге қарастырылған, ал жаңа жобаларға шамамен 23 млрд теңге қажет», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/943799
Облыс әкімі Шалқар ауданындағы бөгеттің жағдайын тексерді 24.02.2025
Облыс әкімі Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында Шалқар қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан бөгеттің жағдайымен танысты. Биыл мұнда гидротехникалық құрылғылардың су жіберу қақпасы – шандорлар ауыстырылды.Асхат Шахаров бөгеттің көктемгі су тасқынына дайындығын қарап, су басу қаупін болдырмау үшін қабылданып жатқан шараларды бағамдады.Бөгет 1959 жылы салынған, су сақтау көлемі – 27 млн текше метр. Гидротехникалық құрылғы «Ұлы Борсық» КМК теңгерімінде, ол Шалқар ауданында су және жылу жүйесін қамтамасыз етеді. Бөгеттің жағдайы – қанағаттанарлық.2024 жылы бөгетке техникалық қызмет көрсету үшін 2 млн теңгеге келісімшарт жасалып, шлюз қақпалары жөнделді. Арналарды бекіту, су жинайтын, булану және сүзу алаңдарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Акт жасалғаннан кейін 17 шандор ауыстырылды.Бөгеттің жай-күйін көрген облыс әкімі көктемгі су тасқынына дайындықтың маңызына тоқталып, бөгет маңында су деңгейі мен гидротехникалық нысанның жағдайын тәулік бойы бақылайтын екі гидробекет салуды тапсырды. Сондай-ақ, бөгеттің ағаш жабындысын бетонға ауыстыру жобасын әзірлеуді жүктеді.«Басты міндетіміз – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су тасқынының алдын алу. Шалқар бөгеті су ағынын реттеуде маңызды рөл атқарады, сондықтан біз оны тасқын маусымына дайындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Шандорларды ауыстыру және бөгетті нығайту секілді жөндеу жұмыстары уақытында аяқталды. Енді жағдайды қадағалап, кез келген өзгеріске жедел әрекет ету қажет», – деді облыс басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943779
600-ден астам алматылық оқушылар 2024 жылы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды 24.02.2025
Алматыда «Алматы Дарыны» орталығының 2024 жылғы жұмысының қорытындылары жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында орталық директоры Гулнұр Каримғажы мәлімдеді.«Жыл бойы орталық 200-ден астам зияткерлік олимпиада мен байқау ұйымдастырып, оларға 250 мыңнан астам оқушы қатысты. 2024 жылы Алматының 894 оқушысы 32 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, олардың 604-і жеңімпаз және жүлдегер атанды», – деді спикер.Оның айтуынша, халықаралық олимпиадаларда Қазақстан құрамасы сапында Алматының 4 оқушысы өнер көрсетіп, барлығы күміс медаль жеңіп алған. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медаль иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды.Алматылық оқушылар олимпиадаларда ғана емес, робототехника саласында да жоғары жетістіктерге жетуде. 2024 жылы қала командасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен чемпионатта үздік 10-дыққа енді. Бұдан бөлек, алматылықтар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үш рет әлем чемпионы атанған.«Біз – 140-гимназия мектебінің Uly Dala командасымыз! Біздің робототехникадағы жолымыз 2022 жылы First Lego League турнирінен басталды, ал уақыт өте келе First Tech Challenge деңгейіне өттік. Қазір біз жарыстарға қызу дайындалып, барлық бос уақытымызды стратегияларды жетілдіруге, механизмдер мен бағдарламалауды дамытуға арнаудамыз», – деді команда мүшесі Айханым Шамшадин.«Sana Team» командасының капитаны Смаил Дарын да өз жетістіктерімен бөлісті: «Біз робототехникамен екі жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде Австралия, Кипр, Үндістан және Қырғызстан сияқты елдерде болдық, Қазақстан атынан беделді марапаттарға ие болдық. Қазір біз Хьюстондағы әлемдік жарыстарға дайындалып жатырмыз және жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз».Айта кетейік, Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты – су ресурстары мәселесіне арналған Almaty Tech Cup өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/943514
Астанада ірі матчтарға байланысты 22 ақпанда жол қозғалысына уақытша өзгеріс енгізіледі 24.02.2025
Астанада алдағы сенбі, яғни 22 ақпанда екі ірі спорттық іс-шара өтеді: футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч және «Барыс» ХК ойыны. Осыған байланысты жолдарда кептеліс жоғары болады деп күтіліп отыр. Сол себепті қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.«Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол матчы «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-де, «Барыс» ХК хоккей матчы «Барыс Арена» стадионында сағат 17:00-де өтеді.Көлік ағынын біркелкі бөлу үшін ареналарға кіру және шығу бойынша жеке маршруттар ұйымдастырылатын болады:Футбол матчының көрермендері үшін қозғалыс тек Қабанбай батыр даңғылы арқылы жүзеге асырылады.Хоккей матчының жанкүйерлері үшін тек Тұран даңғылы арқылы кіріп, шығуға болады.Қозғалыс шектеулері матчтар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын енгізіледі және олар аяқталғанға дейін сақталады. Жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық болмас үшін қоғамдық көлікке мінген.Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943275
Астанада кальян шеккені үшін 17 адам мен мекеме иесіне айыппұл салынды 24.02.2025
Елорданың Алматы ауданында темекі өнімдері мен кальянды заңсыз тұтынудың алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарында кезекті түнгі рейд өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.21 ақпанға қараған түні Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция департаментімен бірлесіп, рейд жүргізді.Тексеру барысында тұтынушылар мен мекеме иелеріне ӘҚБтК-нің 441-бабы «Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша 17 хаттама толтырылды. Бұл бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 15-тен 50 АЕК-ке дейін (2025 жылы 55 380 теңгеден 184 600 теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.«Құқықтық тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы мұндай тексерулер қоғамдық орындарда шегуді азайтуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің сақталуын барынша тиімді бақылау үшін тұрақты негізде жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943358
«Таза Қазақстан»: Астанада аққала жасау бойынша ерекше сайыс өтті 24.02.2025
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық науқаны аясында елорданың Сарыарқа ауданында Qar Fest байқауы өтіп, тұрғындар аққала жасады. Байқау белсенді азаматтардың басын қосып қана қоймай, экологиялық ойлаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға баладан ересекке дейін барлық жастағы тұрғындар қатысты. Әрбір қатысушы қардан түрлі мүсіндер жасау арқылы шығармашылық қабілетін және табиғатқа қамқорлығын көрсетті.Қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Мұндай бастамалар экологиялық сананы дамытуға, қоғамды біріктіруге және қыс мезгілін түрлендіруге әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943367
Экология, көшбасшылық және тың идеялар: Астанада үздік мектеп парламентін таңдау іс-шарасы өтіп жатыр 24.02.2025
Астанада «Үздік мектеп парламенті» байқауының қалалық кезеңі өтіп, оған 39 мектеп, лицей және гимназия жетекшілері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқушылардың көшбасшылық, әлеуметтік және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды шара елордалық білім басқармасының қолдауымен өтуде.Қатысушылар өз ұйымының қоршаған ортаны жақсарту, ресурстар мен энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану бойынша жетекші жобаларын таныстырады.Байқау төрт кезеңнен тұрды: мектеп парламентін таныстыру, жылдың үздік жобасын қорғау, «Шекарасыз идеялар» кейстерін ұсыну және «Шығармашылық менеджмент» шығармашылық тапсырмасын орындау.Қатысушы командалардың бірі 11 «Е» сынып оқушысы Алдияр Айсин жетекшілік ететін №31 мектеп-гимназиясы болды. Ол олардың мектеп парламенті қайырымдылық іс-шараларға белсене араласатынын, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлетінін айтады. Сондай-ақ, парламент студенттердің Қазақстан тарихы, ағылшын және орыс тілдері бойынша білімдерін жетілдіруге бағытталған зияткерлік ойындар ұйымдастырады, ал бұл ҰБТ-ға сәтті дайындалуға ықпал етеді.Ұстаздар оқушыларының өзін-өзі дамытуға және әлеуметтік белсенділікке ұмтылуын атап өтіп, қолдау көрсетеді.«Мектеп парламентінің мүшелері болашақта көмектесетін құнды дағдыларға ие болады. Соңғы жылдың өзінде олар 100-ден астам түрлі іс-шара өткізді», - дейді №75 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айгүл Сәкенова.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар наурыз айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық кезеңде елорданы таныстыру құқығына ие болады. Бұл байқау мектеп оқушыларының әлеуетін ашатын, олардың бастамалары мен көшбасшылық қасиеттерін көрсететін маңызды алаңға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943416
Экология және жұмысшы мамандықтар: елордалық студенттер үшін «Астана Тазалық» ЖШС-да экскурсия өтті 24.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері үшін «Астана Тазалық» ЖШС-да экскурсия өтті. Студенттер кәсіпорын қызметімен және қызметкерлер жұмысының қыр-сырымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кәсіпорын қызметкерлері жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, кірме жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды тазалайды.Жастарға кәсіпорынның техникалары көрсетіліп, диспетчерлік қызметтің жұмысымен таныстырылды, сол сияқты «Астана Тазалық» ЖШС алдында тұрған күнделікті міндеттер түсіндірілді.«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен елорда әкімдігінің көлік және коммуникациялар жоғары колледжінің студенттері шақырылды, өйткені бұл оқу орны негізінен көлік және коммуникация мамандарын дайындайды. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылына» және «Таза Қазақстан» акциясына арналған», - деді «Астана жастары» баспасөз хатшысы Әнел Мансұрова.3-курс студенті Сағыныш Сатыбаев экскурсиядан алған әсерімен бөлісті.«Біз техникаларды көрдік, диспетчерлік бөлімде болдық. Бізге «Астана Тазалық» ЖШС-да жұмыс күнінің қалай өтетінін көрсетті. Мұнда 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді және қаланың айналасында бірнеше базасы бар. Маған тур ұнады, аумағы кең, компанияда жақсы команда жинақталған», - деді ол.«Астана жастары» ұйымдастырған мұндай шара тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Бұған дейін техникалық мамандықтардың студенттеріне құрылыс материалдарын шығаратын зауытқа экскурсия ұйымдастырылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943445
Астанада мектеп оқушылары жылу электр орталығына экскурсияға барды 24.02.2025
Есіл ауданының №85 мектеп-лицейінің оқушылары «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жылу электр орталығына экскурсияға барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға энергетика саласының маңыздылығын түсіндіру, өндіріс процесімен таныстыру және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру.Экскурсия барысында оқушылар жылу мен электр энергиясының қалай өндірілетінін, станцияның негізгі құрылғылары мен олардың жұмыс істеу принциптерін көріп, сала мамандарынан қызықты ақпараттар алды. Мамандар өз тәжірибелерін айтып, энергетиканың ел экономикасындағы рөлі туралы баяндады.Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ мамандықтарын таңдауда көмектесуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943571
Астанада мектеп оқушылары арасында экологиялық бағытта ерекше квест өтті 24.02.2025
Астананың Сарайшық ауданында мектеп оқушыларына арналған «Таза қозғалыс» квесті өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шара балаларды интерактивті тапсырмалар арқылы табиғатты қорғауға үйрету мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушыларға зияткерлік сұрақтар қойылды.«Квест төрт турдан тұрады. Әр команда қатысушыларына сұрақтар қойылады. Олар жан-жануарлардың ізі бойынша қандай екенін табуы керек. Ал үшінші тур қоқыстарды сұрыптау, шыны, пластик, қағаздарды әр қоқыс жәшігіне бөліп салады. Соңында флешмоб ұйымдастырылды», - деді Сарайшық ауданы әкімдігі Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Динара Закир.Іс-шара соңында қатысушылар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943577
Астанада мектеп оқушыларына нашақорлықтың салдары туралы арнайы дәріс өтті 24.02.2025
Астанада №103 орта мектепте Есіл ауданы прокуратурасы мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен темекі өнімдерінің зияны, нашақорлық пен вандализм туралы мектеп оқушыларына арналған дәріс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Есіл ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Дінмұхаммед Затыбековтің айтуынша, бүгінде жастарға есірткі бизнесінің салдары туралы айтудың маңызы зор.«Жыл сайын елімізде нашақорлар саны артып келеді. Ресми мәліметтер бойынша олардың саны 18 мыңнан асады. Ал нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Сондықтан қазір жастар арасында бұл мәселені талқылау өте маңызды. Мысалы бүгінгі дәрісте оқушыларға есірткі бизнесі туралы бірнеше бейнеролик ұсынып отырмыз. Онда бұл жолға түскен адамдардың қазіргі өмірі туралы көрсетіледі. Қарапайым өмірден алынған мысалдар мектеп оқушыларына есірткі бизнесінің салдарын түсіндіреді», - дейді Дінмұхаммед Затыбеков.Астана қаласы Полиция департаментінің Нашақорлықпен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Лейла Разимованың сөзінше, қалада кәмелетке толмағандар және оларға қатысты жасалатын есірткі қылмыстарының саны артқан.«Бүгінде есірткі қылмысының алдын алу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп кешенді іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Мәселен 2024 жылғы 12 айда және 2025 жылдың қаңтар айында елордада 1238 есірткі құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 358 келіден астам есірткі, оның ішінде 41 келі синтетика тәркіленді. 2024 жылғы 12 айдағы және 2025 жылдың қаңтар айындағы жедел жағдайда жүргізілген талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандар және оларға қатысты жасалатын есірткі қылмыстарының саны артқаны байқалады», - дейді Лейла Разимова.Жедел уәкіл есірткіні насихаттау фактісі бойынша 35 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.«Соңғы кездері қылмыскерлер есірткіні тасымалдау мен сатудың және оларды жасырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін ойлап табуда. Мысалы, есірткіні насихаттау фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Бұл үшін 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылған. 2024 жылы 2747 граффити жойылып, есірткіні насихаттайтын 268 сайт бұғатталды»,- дейді Лейла Разимова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943633