Саясат
Елордада қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина қалай жүргізіліп жатыр 24.02.2025
Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы күресте маңызды қадам болып саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыз балаларды вакцинациялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада иммундау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.2024 жылдың қыркүйек айында вакцинация басталып, жыл соңына дейін 6 091 қыз бала алғашқы дозаны алды. Оның ішінде 3 187-сі 11 жаста (жоспарлы вакцинация), ал 2 904-і 12-13 жаста (қосымша иммундау).«Бағдарлама 2025 жылы жалғасуда – бірінші айда 11 жастағы 351 қыз балаға және 12-13 жас аралығындағы 50 қыз балаға екпе салынды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-та өндірілген «Гардасил» төртвалентті вакцинасын қолдануды қарастырған. Ол адам папиллома вирусының (АПВ) ең қауіпті 6, 11, 16 және 18 түрлерінен қорғайды. Екпе мектептерде алты айлық үзіліспен екі кезеңде тегін жүргізіледі.Жатыр мойны обыры Қазақстанда әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Жыл сайын 600-ден астам қазақстандық әйел осы дерттен көз жұмады. Жаппай вакцинация – қатерлі ісіктің алдын алудағы стратегиялық қадам. Біз әйелдердің келесі ұрпағын АПВ-ден және онымен байланысты қатерлі ісік қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеміз», - деді спикер.Айта кетейік, вакцина АПВ-ның онкогенді түрінен 90-95% қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943690
Астанада Family park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі бұзылады 24.02.2025
Астанада салынып жатқан Family park ТК-де заңсыз салынған ғимараттар бұзылып жатыр. Мұндай шешімді сот қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын «Өркен 777» ЖШС құрылыс салушысына қатысты «Family park» нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.Қазіргі уақытта арыздың талаптары қанағаттандырылды.Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп, заңсыз құрылысты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943750
Талдықорғанда жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 102 отбасы үйлі болды 24.02.2025
Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар - 3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кілт беру салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, баспанамен қамту бағытында өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталды:- Мемлекеттің қолдауымен қабылданып жатқан шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жыл басынан бері әлеуметтік осал топтар санатымен кезекте тұрған 102 көпбалалы отбасы үйлі болды. Солардың қатарда бүгін сіздер де өз үйлеріңіздің кілтін алып отырсыздар. Дәл осы жаңа тұрғын алабында 56 үй салынды, биыл біз 150 үй салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы мұнда 700-ден астам үй болады. Жол жасалады, құжаттар дайын. Сондай-ақ биыл газдандыру жұмыстарын бастаймыз. Осылайша бұл аудан алдағы уақытта қаланың үлкен әрі әдемі заманауи шағын аудандарының бірі болады. Содан кейін біз мұнда әлеуметтік нысандарды салу мәселесін қарастыра бастаймыз. Жалпы өткен жылы Талдықорғанда тұрғын үй кезегі 8,3%-ға азайды, осы жылы тағы 1400-ден астам отбасына тұрғын үй беріледі деп жоспарлап отырмыз. Сөйтіп 2023-2025 жылдары облыс орталығында кезекте тұрған 5 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - деген Б. Исабаев «Жастар-3» тұрғын алабындағы үйлердің кілттерін тапсыру рәсімін атқарды.Еске салсақ, осыдан 10 күн бұрын осы шағын ауданда алғашқы 23 отбасы жаңа қонысқа кірген болатын.Жалпы бүгінгі жаңа қоныс иелерінің арасында толық емес отбасылар, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.Тұрғын үй кілтін алғандардың қатарындағы Шабельский отбасы қуанышын бөлісті. Жас отағасы Святослав Алексеевич:- Қазір 25 жасқа келдім. 2011 жылдан бастап тұрғын үйге кезегінде тұрамын. Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өстім. Осы кезге дейін әйел, бала-шағаммен бірге әжемнің үйінде бірге тұрдық. Әрине, өз үйіміз болса деп армандадық, әсіресе екі қызым өз бөлмеміз болса дейтін. Енді, міне, үйімізге қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, - деді.Қаланың тағы бір тұрғыны Жанар Әбділманова да жаңа қоныстың қуанышына кенелді. Ол «толық емес отбасы» санатында тұрғын үйге кезегінде 13 жыл тұрған.- Бүгін біздің әулетімізде үлкен мереке. Жалдамалы пәтерде көшіп жүретін уақытымыз енді артта қалды. Балаларымның жайлы, әдемі, кең үйде еркін өсетініне қуанып отырмын, - дейді ол.Талдықорғандық Дана Демидова да өз жайынан қысқаша баяндап берді:- Менің екі балам бар, кіші ұлым 16 жаста. Ауыр жол апатының салдарынан күйеуім мерт болды, денсаулығым нашарлап, өзім мүгедектік алдым. Бүгін отбасымыз үлкен қуанышқа кенеліп, қоныстойын тойлап жатырмыз. Біз бұл күнді 14 жыл күттік. Бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймын, - деді денсаулық сақтау саласында фельдшер болып 25 жылдай жұмыс істеген Д.Демидова.Атап өтсек, әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Үй электр қазандығы арқылы жылытылады, ал газ қазандықтары табиғи газ жеткізілгеннен кейін іске қосылады. Өңір басшысының айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үй алабына газ тарту жоспарда бар.Жалпы өткен жылы облыста 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биыл тағы 380 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарлануда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Дмитрий Ерофеев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/943368
Облыс әкімі кәсіпорын жетекшілерін Семейді көркейтуге, қалаға инвестиция құюға шақырды 24.02.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, Семей цемент зауыты, «Семей инжиниринг» АҚ, Семей машина жасау зауыты сынды өңірдегі іргелі өндіріс орындарында болды. Қызметкерлермен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.«АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС 2024 жылдан бері халал стандартына сәйкес шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпорын 80-нен астам қайнатылған және ысталған шұжық түрлерін шығарады. Зауыт аумағында инновациялық жабдықтары бар орау желісі және үш өндірістік цех жұмыс істейді. Былтыр кәсіпорын базасында шұжық өнімдерін өндіру бойынша қосымша желі пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде жылына 1,8 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қол жеткізілді. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етеді. Кәсіпорын алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.«СемАЗ» ЖШС - еліміздегі ауыл шаруашылығы және жүк техникасын құрастыратын ірі өндіріс орны. Мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорында жылына 3500 «Беларусь» маркалы тракторлар, 10 000 Shacman және «FOTON» жүк көліктері, 1200 түрлі автобус құрастырылады. Былтыр қаладағы автобус паркі осы кәсіпорыннан 60 қоғамдық көлік сатып алған. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі тозығы жеткен автобус паркін жаңғырту үшін алдағы уақытта «СемАЗ» ЖШС-нен жаңа автобустар сатып алынатынын жеткізді.«Қала тұрғындары қоғамдық көлікке жиі шағымданады. Сондықтан бұл мәселені жедел әрі жүйелі түрде шешуіміз керек», — деді аймақ басшысы.1958 жылы салынған «Семей цемент зауыты» жылына 1,1 миллион тонна цемент өндіреді. Кәсіпорын 2016 жылдан бастап толық жаңғыртуға бет бұрды. Зауыт өнімдері Қазақстан нарығында сатылып, шетелге экспортталады.Кәсіпорын жетекшілері облыс әкіміне жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, өндірісті кеңейтуге қатысты жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аймақ басшысы жергілікті өндіріс орындарына мемлекет тарапынан тиісті қолдау болатынын айтып, кәсіпорын жетекшілерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Семейді көркейтуге атсалысуға, қалаға инвестиция құюға шақырды. Жұмысшылардың жалақы мәселесіне де назар аударды. Облыс әкімі Семей машина жасау зауытының жұмысымен де танысып, кәсіпорын басшылығына қызметкерлердің орташа жалақысын көтеруді қарастыруды тапсырды.«Бүгін жұмысымен танысқан кәсіпорындардың өңір үшін, тұрғындар үшін маңызы зор. Олардың өндірістік әлеуетін ұлғайту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Оң бастамаларға, тың жобаларға облыс тарапынан қажетті көмек көрсетіледі. Алдағы уақытта жұмыс кестеме сәйкес өңірдегі басқа кәсіпорындарға арнайы баруды жоспарлап отырмын», — деді облыс әкімі.Аймақ басшысы өткен жылы жаңғыртылған қаладағы ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінің жұмысымен де танысты. Бүгінде мұнда 750-ден астам студент заман талабына сай мамандықтар бойынша білім алуда. Облыс әкіміне студенттердің ғылыми жұмыстары, жетістіктері мен ІТ жобалар таныстырылды.«Мен бұл колледждің жұмысынан хабардармын. Студенттері халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болып жүр. Өткен жылы облыс бюджетінен қаржы бөлініп, колледж толық жаңғыртылды. ІТ жобалардың әлеуеті зор. Жасанды интеллектті дамыту маңызды. Бұған Мемлекет басшысы да, Үкімет те ерекше назар аударып отыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек», — деді Берік Уәли.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/943765
Ақмола облысының әкімі Бурабай ауданына барды 24.02.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, фильтр шығаратын кәсіпорынға барды.Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, аудан әкімдігі сатып алатын пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда екі тұрғын үй кешенінен әлеуметтік осал топтарға арналған 100 пәтерді сатып алу жоспарлануда.«Дайын пәтерлерді сатып алу арқылы баспанаға мұқтаж жандардың кезегін азайтуға бірегей мүмкіндік туды. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер бюджет есебінен салынған үйлерге қарағанда сапалырақ. Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттағы тұрғындардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Үй қаланың ішінде орналасқан, барлық коммуникация тартылған, жанында әлеуметтік нысандар бар. Өткен жылы 200 пәтер сатып алынды, биыл да осы көлемнен кем болмайды», – деп атап өтті аймақ басшысы.Халық үшін ең маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Айта кетерлігі, өткен жылы Бурабай ауданында тұрғын үйлердің салынуы мен пәтерлердің сатып алынуы нәтижесінде 178 отбасының баспана жағдайы жақсарды. Жалпы өңір бойынша өткен жылы 850 пәтер сатып алынды.Аймақ басшысы сондай-ақ шаң-газ тазарту, желдету және сұйықтықты сүзу жүйелеріне арналған өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын «Asiafilter Inc» ЖШС кәсіпорнында болды.Коммерциялық директор Руслан Балмағамбетовтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстандағы жалғыз өнеркәсіптік сүзгі өндірушісі болып табылады. Компания 2011 жылы жеткізуші ретінде құрылған, ал 2019 жылы 40 жергілікті қызметкер жұмыс істейтін өз өндірісін іске қосты.«Біздің өнімдер энергетика, металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады. Барлығы төрт түрлі сүзгі шығарамыз: ғимараттарға кіретін ауаны тазартуға арналған сүзгілер (әкімшілік ғимараттар, ауруханалар, мектептер және т.б.); ауа рукавты сүзгілер (өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларын тазарту); сұйықтық сүзуге арналған қапшықты сүзгілер (азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады); сұйықтықтан ұсақ қатты бөлшектерді бөлуге арналған сүзгі мата (қымбат металдар өндірісінде қолданылады). Яғни, біздің сүзгілер жеңіл өнеркәсіптен бастап ауыр өнеркәсіпке дейін әртүрлі кәсіпорындарда қолданылуы мүмкін», – деп түсіндірді Р. Балмағамбетов.Бұрын өнеркәсіптік сүзгілер негізінен Еуропадан сатып алынатын, жеткізу екі айға дейін созылатын. «Asiafilter Inc» компаниясының құрылуымен бұл жағдай өзгерді. Оның тұрақты серіктестері Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына айналды. Мысалы, Ақмола облысында бұл – «RG Gold» ЖШС және «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіруші компаниялары. Өнімдер Қырғызстан мен Ресейге де экспортталады. Өткен жылы Өзбекстан астанасында өкілдік ашылды.Биыл кәсіпорында қосымша өндірістік желілер іске қосылып, азық-түлік өнеркәсібіне арналған сүзгілердің жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.Марат Ахметжанов кәсіпорынның жоспарларын қолдап, оның қазақстандық үлесті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/943764
Шалқар ауданында Балаларға арналған оңалту орталығы ашылады 24.02.2025
Балаларды оңалту орталығы Шалқар аудандық ауруханасының ғимараттарының біріне орналастырылған. Мұнда қайта жаңарту, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров оңалту орталығының ғимаратын аралап шықты. Аудандық аурухананың бас дәрігері Есенғали Көпеновтің айтуынша, «Әлихан Ойл» ЖШС орталықта жылу жүйесі мен электр сымдарын ауыстырған, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа лифт орнатқан, ғимараттың қасбетін жаңартыпты.Орталықта түрлі аурулары бар балалар оңалтудан өте алады. Шалқар ауданы ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан Ырғыз ауданының балаларын қамтуға қауқарлы. Реабилитолог, невропатолог, логопед, травматолог, ортопед, психолог қызмет көрсетеді. Мұнда тыныс алу гимнастикасы, ойын терапиясы, аудиологпен сабақтар, электрофорез, тұз шахтасы және басқа да процедуралар қарастырылған. Барлық қажетті жабдықтар «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Қазақстан Халқына» қайырымдылық қоры арқылы сатып алынды. «Оңалту 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Осындай қызмет көрсету спектрі бар ұқсас орталық Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Біздің мамандарымыздан бөлек, телемедицина арқылы облыстық аурухананың дәрігерлері пациенттерге қашықтан кеңес береді. Медициналық қызметтерге және қызмет көрсетуге лицензия алынды. Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландыруды күтеміз», - деді аудандық аурухананың бас дәрігері. Бүгінгі таңда Шалқар ауданында 852 бала диспансерлік есепте тұр, 233 бала оңалтудан өтіп жатыр. Бұл орталық бір ауысымда 20 балаға дейін және жылына 450 кішкентай тұрғынды қабылдай алады. Штатта 12 медициналық қызметкер болуы тиіс. Облыс әкімі қысқа мерзімде қаржыландыру мәселесін шешуді және балалар үшін оңалту орталығын ашуды тапсырды. Оңалтудағы басты назар неврологиялық ауруларға аударылуы керек. Әкім атап өткендей, психикалық ауытқулары бар балалар әрдайым медициналық мекеменің тұрақты бақылауында болуы керек.«Бұл оңалту орталығын ашу – ел Президентінің балаларға, әсіресе тұрақты медициналық қолдауды қажет ететіндерге оңалту қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясындағы маңызды қадам. Біз балаларымызға өз ауданынан шықпай-ақ ыңғайлы жағдайда жоғары сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан мен қаржыландыру процесін жеделдетуге және осы орталықты қысқа мерзімде ашуға бұйрық бердім. Бұл жоба азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасының маңызды бөлігі және өңірдегі осындай орталықтарды кеңейту жұмыстарын жалғастырамыз», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943754
TOP-5: ЕЛІМІЗДЕГІ СУАРМАЛЫ АЛҚАПТАР 24.02.2025
1. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫТүркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өткен жылы 332 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті. Облыста филиалға қарасты 18 су қойма, 11 су бөгеті, жалпы ұзындығы 5733 шақырым болатын 1891 канал бар. 2024 жылғы суару кезеңінде Түркістан облысының су көздерінен шаруаларға 1,9 млрд текше метр су берілді.2. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚызылорда облысында 286 мың гектар суармалы жер болса, оның 178,6 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егістіктер. Атап айтқанда, 159,3 мың га күріш ауыспалы егістігі, 19,3 мың га мал азықтық және көкөніс ауыспалы егістігі. 2024 жылы облыс бойынша барлығы 189,4 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде 85,6 мың га күріш алқабы. Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір дихандарын 3,7 млрд текше метр сумен қамтамасыз етті.3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫД.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы өткен жылы 51 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал шаруалармен 2768 келісім шарт жасап, 545 млн текше метр су берді. Алматы облысындағы 2 ірі су қоймасы: Бартоғай және Күрті су қоймаларының арқасында аймақта вегетациялық кезеңі сәтті өтті. Былтыр Бартоғай су қоймасына 1,4 млрд, ал Күрті су қоймасына 195 млн текше метрге жуық су келді.4. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 180 мың гектар суармалы жерге қызмет көрсетеді. Былтыр филиал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 7329 келісімшарт жасап, суару кезеңінде шаруаларға 925 млн текше метрден астам су берді.5. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы былтыр 162 мың гектардан астам жерге су берді. 2024 жылы филиалдың барлық 10 өндірістік бөлімшесі 3836 шаруа қожалығымен су жеткізу бойынша келісімшарт жасап, 533 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942967
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде 24.02.2025
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ филиал нысандарына инертті материалдарды жеткізуге келісімшарттар жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942976
2024 жылғы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау қорытындысы 24.02.2025
Өткен 2024 жылы ТЖМ инспекторлық құрамымен 24 038 объект тексерілді, оның ішінде профилактикалық бақылау шеңберінде 13 324 объект қамтылды, жоспардан тыс тәртіппен 10 714 объект тексерілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 24 560 жеке және заңды тұлға әкімшілік, оның ішінде 21 514-не ескерту түрінде жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы ел бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты 5 870 объекттің жұмыс істеуі тоқтатылды. Осы жедел ден қою шаралары «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қабылданды. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 3378 объект өртке қарсы жағдайға келтірілді. 541 объект қайта тоқтатылды, бұл өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін одан әрі күш салу қажеттілігін көрсетеді. Мемлекеттік инспекторлардың талаптарын орындамау фактілері бойынша сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 1682 әкімшілік іс жіберілді. 1434 істі қарау нәтижесінде сот органдары айыппұл салды. ТЖМ объектілердің иелеріне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы еске салады. ТЖМ Өрке қарсы қызмет комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943025
Қазақстан ТЖМ басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Мемлекет басшысының қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыруға арналған жұмыс кеңесінде сөз сөйледі. Министр өз баяндамасында 2024 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 1 мыңнан астам тексеру жүргізгенін, 27 мыңнан астам бұзушылық анықталғанын, 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 424 тексеру жүргізу жоспарланған. Бақылаудағы объектілердің жалпы саны 217 мыңнан астам техникалық құрылғыларды қоса алғанда, 10 мыңнан асады. Соңғы үш жылда олардың саны 20%-ға өсті, ал инспекторлар саны өзгеріссіз қалды — бүкіл ел бойынша 381 құрайды. 2024 жылы жарақат алғандар санын 7 есеге және қаза тапқандар санын 6 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Қауіпті өндірістік нысандарда барлығы 21 авария тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Оқиғалардың ең көп саны мұнай-газ және тау-кен салаларына тиесілі. «Өткен жылы Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру шеңберінде объектілерді цифрландыруды ескере отырып, барлық нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды күшейту, ғылымды дамыту және тиісті орталықтар құру, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жоспарлануда», - деді министр. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жекелеген талаптар қайта қаралуда. Азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылуда, өндірістік бақылау жөніндегі талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілер иелерінің жабдықтарды жаңарту және жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттері көзделген. Бұдан басқа, өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілерінің паспорттарын құруға, аварияларды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-КПБ» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелерді бірыңғай бөлімше Төтенше жағдайлар департаментіне орталықтандыру аяқталды. Бұл артық басқару буындары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай, төтенше жағдайлардан халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік басқару мен бақылаудың нақты вертикалын құруға мүмкіндік берді. Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс тиімділігін арттыруға және азаматтар үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943147
ТЖМ басшысы азаматтарды жеке қабылдады 24.02.2025
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жеке мәселелері бойынша Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар Целиноград ауданының Талапкер ауылында өрт сөндіру депосын салу және «Қазселденқорғау» ММ кадр жұмысының қызметіне қатысты мәселелермен жүгінді. Қабылдауға комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің басшылығы мен Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов та қатысты, бұл мәселелерді жедел қарауды және сол жерде шешім қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Министр азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Қабылдау қорытындысы бойынша ол бұл мәселелер тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, аталған мәселелерді шешуге дайын екенін айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943446
ТЖМ XIV қысқы спартакиадасының қорытындысы 24.02.2025
Қарағандыда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы аяқталды. Екі күн өткен жарыста қатысушылар күш, төзімділік, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Спартакиада аясында арқан тарту және волейболдан жарыстар өтті. Тартысты жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы арқан тарту жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы иеленді. Үшінші орынды Ұлытау облысының командасы жеңіп алды. Спартакиаданың екінші күні волейбол турнирі өтті. Әр команда техникалық және динамикалық ойын көрсете отырып, жеңіске ұмтылды. Нәтижесінде Астана қаласы ТЖД командасы волейбол турнирінің жеңімпазы атанды, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы, үшінші орынды Ақтөбе облысы ТЖД командасы жеңіп алды. «Үздік либеро» номинациясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Азат Бектасов, ал «үздік ойыншы» атағын Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Асхат Қанатбеков иеленді. Спартакиаданың салтанатты жабылуы «Жастар» спорт кешенінде өтті. Қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты медальдармен және кубоктармен марапатталды. Барлық спортшыларға, жаттықтырушылар мен төрешілерге жоғары дайындық деңгейі, адал күрес және спортқа берілгендігі үшін алғыс білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген ұмтылысыңыздың арқасында спартакиада жоғары деңгейде өтті, спорт пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943536
Көктемгі егіс жұмыстарына 171 млрд теңгеге жеңілдікті кредиттер берілді 24.02.2025
«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда.2042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 239,4 млрд теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1958 АШТӨ-ден 232,7 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 171,6 млрд теңге сомасына 1396 АШТӨ қаржыландырылды.Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстарының АШТӨ белсенділік танытуда.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жеңілдетілген кредит беруге өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталды. Бұл шаралар фермерлерге барлық қажетті шараларды сапалы өткізуге, тұқымдар, тыңайтқыштар сатып алуға және техниканы дайындауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында аграршылар өздері үшін барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады.Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және АНК арқылы қолжетімді болады.Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85% кепілдендіруді көздеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943164
2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» фермерлерін 200 млрд теңгеге қаржыландырады 24.02.2025
24 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ 200 млрд теңге сомасына 5% мөлшерлемемен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды. 2025 жылы "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалады: жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі - 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем - 10% кем емес. «Бұл бастама қазақстандық фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру ауыл шаруашылығы секторының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Бұл лизинг бағдарламасы аграршыларға техниканы тиімді жаңартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өндірістің жалпы деңгейіне оң әсер етеді», — деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды. Өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-ден бастап Telegram-бот арқылы мына сілтеме бойынша басталады: https://t.me/kaz_agro_finance_bot. клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде "ҚазАгроҚаржы"АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты" ҚазАгроҚаржы " АҚ ресми сайтынан білуге болады www.kaf.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943356
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады 24.02.2025
Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі.Жобаларды несиелендіру кезінде келесідей бағыттарға басымдық жасалады: Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне басымдық)Суару жүйесін дамыту (жаңбырлату қондырғылары, суару құрылыстары, тамшылатып суару)Өнеркәсіптік жылыжайлар (көкөніс бағасының маусымдық ауытқуының төмендеуі) Инфрақұрылымды дамыту (орау, сақтау, тасымалдау) Өнеркәсіптік ауқымда жемшөп өндірісін дамыту. Инвестициялық жобаларды несиелендіру АӨК инвестицияларын ұлғайту, азық-түлік инфляциясының импортын азайту үшін ішкі өндірісті дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталмақ.➤ Жобаларды қамтуды ұлғайту үшін АНК арқылы жобаларды несиелендіру лимиттері 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін артады. Сондай-ақ Бәйтеректің Кепілдік қорының, Дамудың кепілдерін Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді ірі жобаларына қолдану кеңейтіледі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдауға арналған мандаты күшейтіледі.➤ ҚазАгроҚаржы лизингтік бағдарламалары шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына басым түрде қолдау көрсетіледі. Бұл фермерлерді қолдаудың осы шарасының өнеркәсіптік кәсіпорындарға мультипликативтік әсерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі құс фабрикаларының пулын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық мүмкіндігін арттыруды жалғастырады. Малайзиямен жаңа өткізу нарықтарын игеру, сондай-ақ астық экспортын $200 млн-ға дейін ұлғайтатын жаңа сауда қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада аталған көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943359
Жас фермер 24.02.2025
Закусилов Александр Александрович-31 жаста, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Агроном" мамандығы бойынша түлегі. Ол Закусиловтар әулетінің үшінші буынының жалғасы болып табылады, бұл оның ауыл шаруашылығымен және оның отбасының дәстүрлерімен терең байланысын көрсетеді. Александр еңбек жолын 2016 жылы Ақмола облысы Сандықтау ауданының ірі шаруашылықтарының бірі — "Свободное" ЖШС-де агроном болып бастаған. Бұл компания 1998 жылы құрылған және 27 жыл бойы өсімдік, тұқым және асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. 2021 жылдан бастап Александр шаруашылықты дамытуды және жаңғыртуды жалғастыра отырып, "Свободное" ЖШС басқарады.Оның басшылығымен ЖШС "Джон Дир", "РедБолл", "Класс" және "Челленджер"сияқты брендтердің заманауи жоғары өнімді техникасымен жарақтандырылды. Соңғы бес жылда "Максимовское" ЖШС басқаратын әкесі Александр Закусиловпен бірге үш астық элеваторы салынып, пайдалануға берілді. "Свободное" ЖШСда майлы дақылдарды қайта өңдеу цехы ашылды, бұл өнімнің қосымша құнын едәуір арттырды. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде ауыл тұрғындары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, Александр Максимов орта мектебі мен дәрігерлік амбулаторияға көмек көрсетеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін ыстық тамаққа қаражат бөлінеді, округ мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, соңғы бес жылда демеушілік көмек шамамен 200,0 млн теңгені құрады.Инфрақұрылымды дамытуға, ауылды абаттандыруға, кент ішіндегі жолдарды күтіп ұстауға қысқы және жазғы уақытта 54 млн теңге бөлінді. Жыл сайын ЖШС, әлеуметтік саланың барлық қызметкерлері, ауылдың зейнеткерлері мен мүгедектері астықпен, шөппен және сабанмен қамтамасыз етіледі. Закусилов Александр Александрович-өз шаруашылығын дамытып қана қоймай, өз ауылының өміріне белсенді қатысатын, оның тұрғындарын қолдайтын және олардың өмір сүру жағдайларын жақсартатын жас фермердің жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943407
Атырау облысы Татарстанмен әріптестікті нығайтуда 24.02.2025
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бастаған атыраулық делегация Татарстан Республикасы Раисының шақыруымен Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Мұндағы негізгі мақсат — Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтып, аймақаралық әріптестікті кеңейту.Делегация құрамында мемлекеттік органдар, мәслихат және бизнес өкілдері болды.Сапар мұнай-химия кәсіпорындарын аралаудан бастау алып, қазақстандық меймандарға өндірістегі, шикізат өңдеудегі озат технологиялар көрсетілді.Ұйымдастырушылар Инвестициялық даму агенттігінде стратегиялық, энергетикалық және өнеркәсіптік бағыттағы ынтымақтастықтың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективасына баса назар аудара отырып, аймақтың экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті жайында жан-жақты баян етті.Бұдан бөлек, сауда-өнеркәсіптік палатасында бизнес-форум ұйымдастырылып, Атырау облысымен серіктестіктің болашағы, оның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық басымдықтары талқыланды. Бұл тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететін тың идеялардың пайда болуына мүмкіндік туғызды.«Біздің тарихымыз аймақтағы қоғамдық келісім мен экономикалық дамуда айтарлықтай үлесі бар бауырлас татар халқымен тығыз байланысты.Қазақстан мен Татарстан – ортақ мәдени дәстүрлер біріктіретін рухани туыстас республикалар, бұл біздің берік әріптестігіміздің, бекем байланысымыздың негізі болмақ.Біз Татарстанның мұнай саласындағы, мұнай-химия секторындағы жетістіктерін мақтанышпен атай келе, оны тәжірибе алмасудың, өзара дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деп сенеміз”, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.Форум аясында «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ мен Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластерімен арада ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ басқарма төрағасы Данияр Таханов пен Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластерінің басқарма төрағасы Сергей Майоров қол қойды.Делегация білім, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық жобаларды біріктіретін көп функциялы экожүйе — Башир Рамеев атындағы ИТ-паркте де болды. 2022 жылы пайдалануға беріліп, ІТ мамандары мен кәсіпкерлердің негізгі алаңына айналған паркте заманауи коворкингтер, мәжіліс залдары, дата-орталық, киберспорт аренасы, дронпарк бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/943155
Астанада жоқ үйлерді жалға беріп, алаяқтықпен айналысқан әйел адам ұсталды 24.02.2025
Астанада Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Krisha.kz сайтында үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Жәбірленушілермен хат алмасу кезінде ол Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен.Пәтер жалдауға қызығушылық танытқан азаматтар жалған банк шоттарына алдын ала төлемдерді аударып, кейін пәтер иесімен байланыс үзілген. Нәтижесінде жәбірленушілер ақшасынан айырылды.Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады.Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, күдіктінің 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет.Айта кетейік, биыл Астана қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы 66 қылмыстық құқық бұзушылықты ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942978
«Менің аулам»: Астанада өнер қызметкерлері ерекше экочелленджді жалғастырды 24.02.2025
Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты «Жастар» сарайы «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Менің аулам» челленджін жалғастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Тазалық пен жауапкершілікке, қамқорлық пен ынтымақтастыққа үндейтін эстафетаны мәдениет қызметкерлері бір ауыздан қолдап, отбасымен бірге аулаларын тазалап, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде.«Таза қала – өз таңдауымыз екенін тұрғындардың есіне тағы бір салып қою үшін акцияны жастар тіліндегі креативті бейнероликпен бастадық. Расында, «Таза Қазақстан» – бұл құр сөз тіркесі емес, бұл – нағыз қимыл-әрекет. Біз әрқайсымыз айналамыздағы тазалық пен тәртіпке өз үлесімізді қоса аламыз.Осы игі іске қосылыңыздар, «Менің аулам» челледжін әрі қарай жалғаңыздар дегім келеді. Бәріміз біріксек, қаламыз одан сайын жарқырап, сәндене түсері анық», - дейді «Жастар» сарайы имидж және коммуникация бөлімінің басшысы Ділназ Мұрат.Челленджі қолдаған «Жастар» сарайы эстафетаны әрі қарай «Жастар» театрына жолдады.Айта кетейік, аталған челленджді Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры бастаған еді. Отбасылық эстафета мәдениет мекемелері арасында жалғасын таба бермек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942987
«Таза Қазақстан»: астаналық оқушылар ағаш егіп, көкөніс өсіріп жатыр 24.02.2025
Елорда мектептерінде өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен экологиялық тәрбие беру үшін оқушыларды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – түрлі әлеуметтік бастамаларды қамтитын «Жасыл мектеп» жобасы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жоба іске қосылғаннан бері 6200-ден астам мұғалім мен 125 мыңнан астам баланы қамтыған 34 іс-шара өткізілді. Жоба аясында мұғалімдерге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды, бұл оқушыларға қалдықтарды сұрыптаудың дұрыс әдістерін тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік берді.«Жасыл мектеп» жобасында Астанадағы оқу орындарында жылыжай ұйымдастыру ісі қарастырылған. Оқушылар өсімдік өсіруді үйренетін 20 мектеп пен колледжде жылыжайлар орнатылды. Жобаға лимон ағаштарының, сол сияқты қияр, қызанақ, құлпынай және басқа да жидектер мен көкөністердің өсуіне қызығушылық танытқан 2000-нан астам оқушы қатысады. Мұғалімдерге арналған тұрақты семинарлар экологиялық білімнің жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі.«Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясындағы жұмыстың ерекше үлгісі ретінде 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» аясында екі жылдан лимон ағашын өсірумен айналысқан №8 мектеп-лицейінің тәжірибесін айтуға болады. Лимон ағашы бүгінде жеміс беріп тұр. Сол сияқты жылыжайда көкөніс, құлпынай, жалбыз өседі.«Жер амбассадорлары» балалар мен жасөспірімдер қозғалысына 1204 орта мектеп оқушысы тартылып, оларға экология және тұрақты даму негіздерін үйретеді. Қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан экологиялық жасыл клубтар 27 000-ға жуық бастауыш және орта мектеп оқушыларын қамтып, оларды экологиялық стартаптар мен жобаларды жасауға ынталандырады.«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр. Студенттер «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» сияқты ағаш отырғызу, көгалдандыру және қоқыс шығару науқандарына белсене қатысады. Ардагерлер аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары да ұйымдастырылған.Экологиялық ағарту шаралары барлық жас топтарын қамтиды. Білім беру мекемелерінде оқушыларды экологиялық тәжірибеге үйрету мақсатында тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Жиырма мектепте қоқыстарды бөлек жинау үшін қоқыс жәшіктерін орнату маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл балалар мен мектеп қызметкерлеріне қоршаған ортаны қорғауға белсенді араласуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943084