Enbekshi QazaQ

Саясат

Астанада белгіленбеген орынға құрылыс қалдықтарын төккендер жазаланды 24.02.2025
Астана қаласының Сарайшық ауданында құрылыс қоқысын заңсыз төккендерге қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқиға Ш.Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT құрылысы бойында болып, Sergek камералары арқылы анықталды. Аудандық әкімдік пен учаскелік полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі нәтижесінде құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.Заңбұзушылық 505-бап «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» (20 АЕК) және 434-2 бап «Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау» (10 АЕК) бойынша болды.Заңсыздыққа жол берген жүргізушілерге айыппұл салынып, құжатсыз жұмыс істеген арнайы техника айыппұл тұрағына бұғатталды.2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 121 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 091 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. 229 ескерту жасалды.Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын, қалалық аумақтағы рұқсат етілмеген орындарды қоқысқа толтыру әрекеті Заңбұзушылық болып саналатынын қатаң ескертеді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943118
«Сенің мамандығың – сенің болашағың!»: елордада зейнеткерлер мен жастар арасында ерекше кездесу өтті 24.02.2025
Астанада Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері колледж студенттерімен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Менеджмент, Бизнес және Білім беру колледжінің қабырғасында студент жастар мен зейнеткерлер арасында «Сенің мамандығың – сенің болашағың!» тақырыбында бірлескен іс-шара өтті. Жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылына» орайластырылды.Іс-шарада Сарыарқа ауданының ісмер әжелері өздерінің қолдан дайындаған бұйымдарын көрсетті. Еңбек терапиясы үйірмесі ұйымдастырған көрмеге картиналар, ұлттық бас киімдер, тоқыма киімдер, ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылды.Студент жастарға орталықтың тігінші және аспазшы әжелері өздерінің еңбек жолын баяндап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Олар студент қыздарға өз мамандықтарының майталманы болуға тілектес болды.Кездесу соңында екі буын өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлі жастар мен зейнеткерлер ән айтып, би билеп, музыкалық аспапта ойнады. Сарыарқа ауданының сәнқой әжелерінен құрылған «Кербез_models» тобы ұлттық киімдер топтамасынан дефиле көрсетті. Сонымен қатар, биші ата-әжелердің «Элегенд-Дэнс» би тобы орындаған вальс биі жастарды таңқалдырды.Іс-шара соңында сөз алған колледж басшылығы зейнеткерлерге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарды табыстады.Аталған жиын студенттерге тәжірибелі мамандармен кездесіп, болашақ мамандықтары туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942934
Жаңасемей ауданында 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді 24.02.2025
Бүгін Шақаман ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылары үшін жаңа пәтер кілті табыс етілді.Салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.«Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе.Ауыл тіршілігін дамыту мақсатында ауылға кеңінен көңіл бөліп жатырмыз», -деді аудан әкімі.2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Мұқыр, Бөкенші ауылдарында және Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/942977
Азаматтарды қабылдау орталығының мекенжайы ауысты 24.02.2025
2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы Семей қаласы, Абай көшесі, 97 мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратта жұмыс істейді.Азаматтарды қабылдау орталығында кез келген мемлекеттік органға өтініш беру, түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алу, орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау органдарынан басқа) жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады.Азаматтарды жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ол алдын ала Абай облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау орталығының залы «Қабылдау», «Күту орны», «Нәтиже», «Өзіне-өзі қызмет көрсету», «Кеңес беру» және «Жеке қабылдау» аймақтары бойынша бөлінген. Ақпараттық жүйе базасында бірыңғай электрондық кезек енгізілді, сонымен қатар психолог, заңгер және медицина қызметкерінің кабинеттері бар.Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат: 09.00 - 18.30, түскі үзіліс: 13.00-14.30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/942982
ТЖМ XIV Қысқы Спартакиадасының бірінші күнінің қорытындысы 24.02.2025
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV Қысқы Спартакиадасы аясында арқан тарту сайысы аяқталды. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің ең мықты командалары бұл дәстүрлі спорт түрінде төзімділік, командалық рух пен тактикалық шеберліктерін көрсетті. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша жеңіс Астана қаласы ТЖД командасына бұйырды, олар тамаша ұйымшылдық пен күш-жігер танытты. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы иеленді, олар лайықты қарсылық көрсетті. Үшінші орынды Ұлытау облысының командасы жеңіп алды, олар да жеңіске деген жігері мен қайсарлығын байқатты. Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Спартакиада жалғасуда, алда басты бәсеке – волейболдан финалдық матч өтеді, онда осы спорт түріндегі ең мықты команда анықталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/942817
Сандықтау ауданында әлеуметтік осал топтар үшін алғашқы үй сатып алынды 24.02.2025
Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жалғасуда. Өткен жылы облыстың 10 өңірінде 850 пәтер сатып алынды. Биыл 1000-нан астам жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарлануда. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйге қойылатын негізгі талаптар – жоғары сапа, жақсы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мектеп пен басқа да әлеуметтік нысандардың жақын орналасуы.Аудан әкімдігінің қаражаты есебінен сатып алынған жаңа пәтерлердің иегерлері әлеуметтік осал топқа жататын 16 отбасы болды. Көпбалалы отбасылар, жетім балалар және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар Балкашино кентінен баспана алды. Әрбір пәтер кең асүймен, жайлы жатын бөлмелермен және жылы атмосфера қалыптастыратын жоғары сапалы әрлеу материалдарымен жабдықталған.Пәтер кілттерін табыстау барысында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай қолайлы тұрғын үйдің болуы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың басты көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік саясат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастаманың әлеуметтік осал азаматтарға, жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға – қолдауға аса мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналуы ерекше қуантады», — деп атап өтті аудан әкімі.Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, таза әрлеуі бар 16 пәтерлі тұрғын үй жарты жыл ішінде салынған. Құрылыста қазақстандық өндірістің, соның ішінде Көкшетау кірпіш зауытының материалдары қолданылды.Александра Гречихина өз баспанасын бес жылдан астам уақыт күткен. Пәтер кілтін алу оның өміріндегі маңызды оқиға болды.«Бүгін мен және отбасым үшін қуанышты күн. Біз екі бөлмелі пәтер алдық. Ел Президентіне тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешкені үшін алғысымды білдіремін. Енді біз өз үйімізде тұрамыз», — деп өз қуанышымен бөлісті А. Гречихина.Пәтер иелерінің бірі – көпбалалы ана Олеся Шаталова.«Менің отбасым үшін бұл – нағыз бақыт! Біз жаңа үйге көшу мүмкіндігін ұзақ күттік. Енді әрқайсымызға жеткілікті орын болады және өміріміз әлдеқайда жайлы болатынына сенімдіміз. Бізге қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын», — деді көпбалалы ана.Айта кетейік, 16 пәтерлі бұл үй Сандықтау ауданында сатып алынған алғашқы тұрғын үй кешені болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/942665
Жарқайың ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды 24.02.2025
Бүгін ауданда «Алтын жас» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті. Жоба ауданның жас кәсіпкері Саят Кемпіровтің бастамасымен жүзеге асырылды. 2024 жылы ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауына қатысып, орталықты ашуға грант жеңіп алды.«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен осы белсенді ұзақ өмір сүру орталығын аштым. Мұнда аға буын өкілдері тек қарым-қатынас жасап қана қоймай, өз таланттарын ашып, шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, жаңа нәрселерді үйрене алады», – деді орталықтың директоры Саят Кемпіров.Орталықта түрлі үйірмелер, дене белсенділігі сабақтары, шығармашылық шеберлік курстары және әлеуметтік кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ зейнеткерлер үшін медициналық кеңестер бұрышы қарастырылған.«Біз осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Мұнда біз қызықты істермен айналысып, денсаулығымызды нығайта аламыз. Біздің жасымызда бұл ерекше маңызды», – деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова.Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы шамамен күніне 20 адам қабылдап, онда 2 маман жұмыс жасайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/942799
Аймақ басшысы ақсақалдармен кездесті 24.02.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс басшысы ретіндегі алғашқы кездесуін ақсақалдар және зиялы қауым өкілдерімен өткізді. Емен-жарқын әңгіме барысында өңірдің бүгінгі хал-ахуалы мен келешегіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.«Үлкеннің батасын алғанның ісі оңалар» деген сөз бар. Өздеріңізбен кездесіп, ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныс-тілектеріңізді тыңдап, жұмыс барысында қолданып, іске асыру ниетім бар. Сіздердің қолдауларыңызбен облысымызды дамыту үшін бар-күш жігерімді саламын. Тарихи әділеттік орнап, осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысымызды қайтадан ашты. Ел ерекше қуанды. Енді қуанышты әсерден арылып, нақты жұмыс істейтін кез келді. Өңірде шешімін күткен өзекті мәселелер көп. Алда облыс құрылғаннан бергі атқарылған жұмысты жалғастырып, Президенттің тапсырмаларын орындау міндеті тұр», — деді облыс әкімі.Аймақ басшысы Президент жүктеген экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, туризмді дамытуға, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін ашуға ден қойылып, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Кездесуде сөз алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері ауыл-аймақтарды дамытуға, туризм, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларына назар аударылса деген тілектерін жеткізді.«Жасыратыны жоқ, экономиканы жақсартып, әлеуметтік мәселені шешу үшін жақсы байланыс, игі қарым-қатынас та керек. Бұл ретте Берік Уәлиұлының тәжірибесі мол. Орталықта да, басқа өңірлерде де жұмыс істеп, мемлекеттік қызметте әбден шыңдалды. Елге қызмет етуге келген азаматымыздың жанынан табылып, төңірегіне топтасып, елдің береке-бірлігін көрсетуіміз керек»,- деді Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков.Облыс басшысы аймақты дамыту бірлескен жұмысты қажет ететінін айтты.«Туған жерде қызмет істеу – үлкен абырой ғана емес, зор жауапкершілік. Семей - қазақ руханиятының темірқазығы, Алаштың астанасы. Алаш арыстарының ізі қалған қасиетті жер. Ахмет Байтұрсыновтың «Біз басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек» деген сөзі бар. Алаш ардақтысының осы өсиетін басшылыққа алып, сіздермен бірлесіп, өңірімізді дамыта берейік», -деді облыс әкімі Берік Уәли.Кездесу соңында Абай облысының абыз ақсақалы Молдабек Жанболатов аймақ басшысына ізгі лебізін білдіріп, ақ батасын берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/942796
Аймақ басшысы Семейдегі жылу нысандарын тексерді 24.02.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс орталығындағы ірі жылу қазандықтары мен №1 жылу электр орталығына барып, жұмысымен танысты. Қаланың оң жағалауындағы «Ғаббасов» қазандығы 70 көпқабатты үй, 15 әлеуметтік, 155 коммерциялық нысан мен 23 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы «103-103а» және «Ғаббасов» қазандықтары арасындағы жылу желілерін жалғастырғыш салу, «Орталық» жылу қазандығында коллектор мен сорғыны ауыстыру жоспарланған.Қазіргі таңда Қарағайлы ықшам ауданында блокты модулды қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Жоба жеке инвестордың қаржысына жүзеге асырылуда. Нысан іске қосылған кезде аудандағы 44 көпқабатты үй мен 1200 орындық мектеп және өзге де әлеуметтік нысандар жылумен қамтылады.Нысандарды аралау барысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков аймақ басшысына қаладағы жылу орталықтарының жұмысы мен №3 ЖЭО құрылысы туралы баяндады. Берік Уәли жылуға жауапты басшыларға апатты жағдайға жол бермес үшін жылу жүйелерін үнемі бақылауда ұстап, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде ден қоюды тапсырды.2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында облыста 22 жоба ақталды. Осы жобалар шеңберінде 26,1 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көздерінде жұмыс жүргізілді. Семейде 14,7 шақырым қайта жаңарту, 4,8 шақырым желі мен 10 жылу көздері ағымдағы жөндеуден өтті. Жұмыстың нәтижесінде облыстың жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 60,3%-ға дейін төмендеді. 2025 жылы 5 жоба бойынша республикалық бюджетке өтінім жолданды.Аймақ басшысы сол жағалауда салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылыс жұмысымен де танысты. Ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ауданы – 9 800 шаршы метр.Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған. Жобаға сәйкес Оқушылар сарайы ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, спорттық-сауықтыру, гуманитарлық, психологиялық, тарихи-өлкетану сынды алты негізгі бағытқа бөлінген.«Бұл нысан біздің қала үшін маңызды. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ғимарат құрылысын дер кезінде аяқтау қажет. Әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі», - деді Берік Уәли.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/942801
Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде 24.02.2025
Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 23 жетекші жоғары оқу орны қатысып отыр.Көрменің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары білім беру мүмкіндіктері туралы кең ақпарат ұсыну, кәсіби бағдар беру және жетекші оқу орындарымен тікелей байланыс орнату.Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқан көрме екі күнге созылады. Көрменің ұйымдастырушысы – Vipusknik.kz республикалық интернет-порталы.Көрменің ашылуында Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев оқу орны өкілдеріне алғыс білдіріп, білім көрмесінің маңыздылығына тоқталды. Қатысушы жетекші жоғары оқу орнының өкілдеріне алғыс хаттар табыстады.«Бұл көрме – түлектерге өз болашағын дұрыс жоспарлауға, еліміздің үздік жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерімен танысуға берілген бірегей мүмкіндік. Мұндай бастамалар аймақтағы білім сапасын арттыруға, талапкерлердің кәсіби бағдарын айқындауға зор үлес қосады», — деді Жасұлан Сәрсебаев.Көрме барысында талапкерлер университет өкілдерімен кездесіп, оқу бағдарламалары, мамандықтар және қабылдау шарттары туралы ақпарат алады. Сондай-ақ Семей қаласының 59 мектебінен 9 мыңға жуық оқушының қатысуы жоспарланған. Бұдан бөлек, облыстың 100 аудан мектебінің оқушыларына арналған Zoom конференциясы ұйымдастырылып, 10 500-ден астам түлектің қатысуына мүмкіндік беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/942804
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қызылорда облысының халқымен кездесу өткізеді 24.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 11.30-де Достық үйінде өтеді (Қызылорда қ., Ы.Жахаев к-сі, 24А). БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: ++7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz. электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/941676
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдауға бағытталған лизингтің үш жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды 24.02.2025
20 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіреді) Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдауға бағытталған лизингтің үш жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 10,5 млрд теңге.Қаржыландыру былайша бөлінбек:«Өз жемшөбіміз» 3 млрд теңге;«Қазақстанда жасалған» 5 млрд теңге;«6%-бен жеңілдетілген лизинг» 2,5 млрд теңге .«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша аграрлықтар аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасын, сондай-ақ отандық өндірілген және құрастырылған көлік құралдарын жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге сатып алады. Аванс мөлшері лизинг нысанасының 15%-нан басталады.«Өз жемшөбіміз» бағдарламасы қазақстандық және шетелдік өндірістің жемшөп дайындайтын техникасы мен мобилді суару жүйесін қаржыландыруға бағытталған. Мұндағы мөлшерлеме де жылдық 6%-ды құрайды, мерзімі – 10 жылға дейін, аванс – кемінде 15%.«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған өздігінен жүретін а/ш техникасын жеңілдетілген шарттармен аванссыз 10 жылға дейінгі мерзімге 6% мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік береді.«Лизингтің жеңілдетілген бағдарламалары біздің клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, бос ақша қаражаты пайда болған сәтте, біз оларды лизингтің осы үш бағдарламасына бағыттауды шештік. Олар - «Қазақстанда жасалған», «Өз жемшөбіміз» және «Жеңілдетілген лизинг». Оған қоса, қазір алдағы егіс маусымына дайындалатын уақыттың дер кезі», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев.Өтінімдер қабылдау 20 ақпанда сағат 15.00-де Telegram-боттағы https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесінде басталады. Өтінім берген соң клиент 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.Бағдарлама шарттары бойынша қосымша ақпарат, сондай-ақ филиалдардың байланыс ақпараттары www.kaf.kz сайтында көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942129
Дубайда қазақстандық өнімді өткізу нарықтарын кеңейту бойынша келіссөздер өтті 24.02.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Gulfood 2025 көрмесіне қатысуда.Делегация мүшелері Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен өсімдік өнімдерін әлеуетті сатып алушылармен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ дистрибьюторлармен, бөлшек саудагерлермен және трейдерлермен келіссөздер жүргізді.Серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық жеткізушілерді әртараптандыруға деген ұмтылысымен және Қазақстан өнімдерінің сапасымен, олардың жақсарту үшін үлкен әлеуеті бар екенімен түсіндіріледі.Айта кетейік, нарықтарды кеңейту мәселесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін басым мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекет басшысының дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру және әртүрлі елдердің талаптарына бейімделген жеткізудің икемді схемаларын құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде барлық қажетті шаралар қабылдануда.Gulfood 129 елден 5,5 мыңнан астам компания және әлемнің 185 елінен 130 мыңнан астам келушілер қатысатын маңызды халықаралық платформа болып табылады. Олардың қатарында Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, бірқатар Азия елдері мен Еуропаның өндірушілері мен сатып алушылары бар.2026 жылы қазақстандық өндірушілер 26-30 қаңтар аралығында екі алаңда: Дубайдың Дүниежүзілік сауда орталығында (DWTC) және Expo City-дегі Дубайдың жаңа Көрме орталығында (DEC) өтетін Gulfood көрмесіне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942275
Қазақстанда ғылыми мақсаттар үшін сирек кездесетін балықтар мен Каспий итбалығын алу жоспарлануда 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.Жобаға сәйкес каспий итбалығы, арал пілмайы, арал қаязы, сылан және каспий албыртын алу жатады. Бұл шара ғылыми зерттеулер жүргізуге және өсімін молайту іс-шараларына бағытталған.Қаулы жобасы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Министрлік балықтарды алу қатаң шектеулі мөлшерде және уәкілетті органның бақылауымен жүзеге асырылатынын атап көрсетеді.Қабылданған шаралар осы түрлердің таралымдарының жай-күйін зерттеуге және оларды сақтау мен қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942466
Қазақстан Сенаты Түркиямен карантин және өсімдіктерді қорғау туралы келісімді ратификациялады 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және карантиндік зиянды организмдердің әкелінуінің алдын алу мақсатында жасалған бұл құжат өсімдіктер карантині бойынша ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты, өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізімдері туралы ақпарат алмасуды қарастырады.Сондай-ақ, келісімде карантиндік өнімдердің әкелінетін партияларына қойылатын талаптар, оларды алып жүретін құжаттар және тасымалданатын жүктердің транзиттік шарттары көрсетілген.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Түркиядан негізінен жаңғақтар, қызанақ, бұрыш жемістері, алма, цитрусты өсімдіктердің көшеттері, жеміс және гүл дақылдары әкелінеді. Ал Қазақстаннан экспортталатын негізгі карантиндік өнімдер – барлық дерлік дәнді (бидай, арпа, сұлы, күнбағыс) және бұршақты (асбұршақ, жасымық, ноқат) дақылдар.Соңғы үш жылда Түркияға шамамен 700 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімі экспортталды, ал импорт көлемі 40 мың тоннадан астам әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен 2,7 миллион дана отырғызу және тұқымдық материалды құрады.«Осы кезеңде фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдерді әкелуге 76 рет әрекет жасалды, олардың 6 жағдайында карантиндік объектілер анықталды. Карантиндік өнімдердің тасымалының артуына байланысты карантиндік объектілердің біздің елдеріміздің аумағына ену қаупі бар, бұл фитосанитарлық жағдайға кері әсер етуі мүмкін», – деп атап өтті вице-министр.Келісімді ратификациялау туралы заң жобасының қабылдануы екі елдің өсімдіктер карантині саласындағы қызметтеріне ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/942657
Облыс әкімі «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында болды 24.02.2025
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ел Президентінің тапсырмасы бойынша психологиялық қызметті дамыту, сондай-ақ балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына жан-жақты психологиялық көмек көрсету мақсатында ашылды.Мекемеге барған облыс әкімі Асхат Шахаров орталықты аралап, осындағы қызметкерлермен және жасөспірімдермен әңгімелесіп, жұмыс барысында қолданылатын әдістемелік құралдармен танысты. Бүгінгі күні өзекті мәселе саналатын кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингке қатысты қабылдануы тиіс оңтайлы шешімдерді талқылады.Бүгінде орталықтағы «Жан сыры» кабинеттерінде жеке және топтық консультациялар тұрақты өткізілуде.Орталық қызметкерлері семинарлар мен жеке консультациялар өткізу арқылы әлеуметтік және отбасылық дағдарыстарды азайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін ұйымдастырылған 87 семинар-практикум өткізілді, оған 7219 ата-ана қатысты, жалпы 9 240 ата-ана психологиялық қолдау алды, ал 851 ата-ана «Жан сыры» кабинетінде жеке консультациядан өтті.Сонымен қатар, «JAN AHUAL» орталығы арқылы психологиялық қызметтің есебі жүргізіліп, жүйелендіретін және мұғалімдерге мобильді көмек көрсететін бірыңғай электронды журнал енгізілген. Өңір мектептерінде қызмет ететін 497 педагог-психологтың біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ кешенді әдістемелік қолдау да осы орталық арқылы жүзеге асады. Әкіммен кездесуде психологтар терең психологиялық терапия жүргізу үшін клиникалық психотерапевтер мен суицидологтардың жетіспеушілігі мәселесін атап өтті.Асхат Шахаров жыл сайын жергілікті бюджеттен өңірге қажетті мамандарды даярлауға білім беру гранттары бөлінетінін түсіндірді. Ол жауапты салалық басқармаға мамандардың қажеттілігін анықтап, мәселені шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.Сондай-ақ, әкім облысымыздың педагог-психологтары үшін тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды және коуч-тренерлерді тарта отырып, курстар ұйымдастыруды ұсынды.«Психологиялық қызмет балалардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың психологиялық тұрғыдан нығаюына ықпал етеді. «JAN AHUAL» орталығы облыстың педагог-психологтары үшін бір-бірімен тәжірибе алмасатын, әдістемелік кеңес алатын, оқушылар мен олардың ата-аналары көмек алу үшін жүгінетін орынға айналды. Әрбір бала – еліміздің болашағы. Оларды дұрыс бағыттау, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы біз қоғамның дамуына және оның тұрақтылығын нығайтуға үлесі қосамыз», - деді әкім.Асхат Шахаров балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, толыққанды және үйлесімді дамуына жағдай жасау маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/942493
Облыс әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлермен кездесті 24.02.2025
                     Ашық есік күні аясында облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қорғау және инвесторлардың мүдделерін сақтау мәселелерін талқылады.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтарының сақталуына кепілдік беру мәселелері көтерілді. Бұл іс-шара билік органдары мен кәсіпкерлер арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.Облыс әкімі Асхат Шахаров 2024 жылы өңір экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция, оның ішінде 337,4 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа инвесторларды тарту үшін инфрақұрылымды жақсарту маңыздылығын айтты. Осы ретте «Бұхара-Орал» магистральды газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілгенін, бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешіп, жаңа жобаларды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.Одан соң өңір басшысы Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында құрылған арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) маңыздылығына тоқталып, оның логистика, көлік және өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Хромтау қаласында индустриялық аймақ құрылғаны және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын баяндады. Ол тау-кен металлургия зауыты, фарфордан жасалған бұйымдар зауыты, көпсалалы клиника және органикалық тыңайтқыштар зауыты сияқты саладағы негізгі инвестициялық жобаларды тілге тиек етті. Бұл жобалар мыңдаған жұмыс орнын құрады және айтарлықтай инвестиция тартады.Мұнда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Өркен-2» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру жоспарланып отырғаны да айтылды.«Біз өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Былтыр облыс экономикасына 900 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл — жақсы нәтиже. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа индустриялық аймақтар құру және бизнесті қолдауға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Біз әрқашан әріптестікке ашықпыз және өңірде бизнес жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірлесе отырып, экономикамызды дамытып, нығайта аламыз деп сенемін», —  деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнесті және инвесторларды қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап прокуратура инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысып отыр.«2024 жылы прокуратура 30-дан астам инвесторға көмек көрсетті, олардың экономикаға қосқан үлесі — 345 миллиард теңге», — деді облыс прокуроры.Сондай-ақ прокурор «прокурорлық сүзгі» жүйесінің енгізілгенін алға тартты. Бұл механизм мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуының, қызметті негізсіз тоқтату, келісімдерді біржақты бұзу сияқты әрекеттердің алдын алады.Одан соң инвесторларды қолдау жөніндегі ұлттық деңгейдегі серіктестік — «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзагалиева кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылып, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықты қолдау шаралары туралы айтты.Ал «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Бас прокуратурамен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын және инвесторлармен байланысты жедел әрі тиімді жүргізу маңызды екенін атап өтті.Кездесу барысында кәсіпкерлер өңір басшысы мен прокурорға тікелей сұрақтар қойып, бизнес жүргізу, инвестициялар тарту және құқықтық қорғау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/942765
Өскеменде екі жаңа мектеп салынады 24.02.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково ауылында, 23-шағын ауданда және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берді.Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу үшін жер учаскелері анықталғанын мәлім етті.Болашақта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жаңа мектептер облыс орталығында орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942363
ШҚО-да "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 500-ден астам жоба қаржыландырылады 24.02.2025
Облыста ауыл тұрғындарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске асырылуда.ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекованың мәліметінше, 2023 жылы бағдарлама бойынша 1,5 млрд теңгеге несие беріліп, 235 жаңа жұмыс орны ашылды.2024 жылы 7 млрд теңге бөлу жоспарланған еді. Алайда республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.- Қазіргі таңда 1 млрд теңгеге 72 жоба мақұлданып, 163 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Ажар Каджибекова.Биыл бағдарламаны іске асыруға қосымша 3 миллиард теңге бөлінбек. Ауыспалы қаражатты ескерсе, бюджет 4,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл шамамен 550 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде туризм, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және фермерлерге техника сатып алу бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942482
Облыстық семинардың жұмысы туралы 24.02.2025
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен 2025 жылғы 18 ақпан күні Риддер қаласында «Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының 2024 жылғы жұмысы және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы» атты көшпелі семинар өткізілді.Семинар-тренингке 13 қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.Іс-шараға қатысушыларға ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Бичуинов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары К. К. Төлеухан құттықтау сөз сөйледі.Өз сөздерінде спикерлер қазақстандық қоғамды демократияландыру, саяси реформаларды іске асыру мақсатында сайлау процесіне қатысушыларды тұрақты оқыту, жергілікті атқарушы органдар мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары арасындағы диалогты дамыту қажеттігіне баса назар аударды.Семинар-тренинг іскерлік командалық ойын қағидаты бойынша жаңа форматта өтті, онда 4 команданың қатысушылары эрудицияларын көрсетіп, логикалық есептер мен сайлау заңнамасын білуге арналған кейстік тапсырмаларды шешті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942596