Enbekshi QazaQ

Саясат

Астанада «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті 24.02.2025
Елорданың Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауқымды іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қаласындағы орталықтарының басшылары, «AMANAT» партиясының белді мүшелері және мәслихат депутаттары қатысты.Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова биыл саяси маңызы бар күндерге толы екенін, осыған орай құнды іс-шаралар ұйымдастырылуы керек екенін ескере отырып, жыл меморандуммен бастағалы отырғанын айтты.«Биыл – мерейтой мен төл мерекелерге толы жыл. Соның ішінде Ұлы Жеңіске 80 жыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл. Ұйым осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара достықтың бірегей институтына айналды. Осы мерейтой аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты бірлесе кешенді жұмыс істеу, соның ішінде еліміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын әрі қарай нығайта түсу болмақ. », - деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.Бұдан соң партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек пен Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрал Айдашев ортаға шақырылып, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.Дөңгелек үстел аясында этномәдени орталықтың басшыларымен жылдық жоспар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942366
Астанада әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы бөлімшенің құрылғанына 26 жыл толды 24.02.2025
Елордалық полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің құрылған күні салтанатты түрде атап өтілді. Ол 1999 жылы құрылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты шараға мекеменің қызметкерлері мен ардагерлері, депутаттар мен үкіметтік емес сектор өкілдері жиналды.Бұл бөлімше алғашында әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны тоқтату мақсатында құрылған. Алайда 2025 жылдың қаңтарынан бастап арнайы бөлімшенің өкілеттігі кеңейтілді. Енді отбасының барлық мүшесін қорғауға арналады.«Бұл мекеме 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ биылдан бастап құрылымымызды өзгерттік. Бұрын бөлімше әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысса, қазір балаларды, қарттарды және ер адамдарды да қорғаймыз», - деді Астана қалалық ПД Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Гүлмира Шрахметова.Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлия Жүсіпова іс жүзінде қалай өтетінін айтты.«Қала бойынша бөлімшеде 48 адам бар. Біздің міндетіміз – зардап шеккендерге қатысты жұмысты үйлестіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу. Біз жұртқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақтары немесе басына түскеноқиғалары болса хабарласуға болатын бөлімше бар екенін түсіндіреміз. Қазір адамдар бізге бөлімшенің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хабарласып жатыр. Сондай-ақ 111 сенім телефоны жұмыс істейді. Немесе 102 нөміріне хабарласуға болады», - деді Әлия Жүсіпова.Кездесуге қатысушылар жас қызметкерлермен тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында бірқатар полиция қызметкеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілсе, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942494
Елордалық мектеп оқушылары шешендік өнерден сынға түсті 24.02.2025
Ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында шешендік өнерден сайыс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Тілдерді және архивтерді дамыту басқармасы мен «Руханият» ҚМУ-дің ұйымдастыруымен өткен шешендік өнер сайысы елордадағы №71 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Оған лицейдің үздік жаттықтырушылары, мектепішілік және қалалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.Іс-шараның мақсаты – шешендік өнер мен қазақ тарихының маңызын жан-жақты насихаттау. Тілдік дағдыларға ерекше көңіл бөлінді.«Біздің студенттер арасында шығармашылықпен айналысатын балалар көп. Бірі сурет салуда үздік болса, енді бірі вокалға қызығады, ал біраз бөлігі шешендік өнерден талантты. Сондықтан мұндай іс-шаралар оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін нығайтуға септігін тигізеді», - деді мектеп директоры Майя Мұқашева.Сайыс жеңімпазы 7-сынып оқушысы Айару Есқожаева атанды.«Мұндай жарыстарда тәжірибем болса да сахнаға шыққанымда қобалжыдым. Меніңше, мұндай шаралардың пайдасы зор. Өзіміз үшін жаңа әрі қызықты нәрселер үйренеміз», - деді мектеп оқушысы.Жиын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942497
Елордалық қарияларға зейнетақы алатын күні алаяқтар шабуыл жасады 24.02.2025
Интернет және телефон алаяқтығымен күресу науқаны аясында елорданың Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен «Қазақстанның қаржы мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және деректеріміздің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи да есте ұстауымыз керек. Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Біз бұл мәселеге неғұрлым көп көңіл бөлсек, қазақстандықтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығы соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті қордың негізін қалаушы Юрий Ли.Кездесу барысында қатысушыларға түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары айтылды.«Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деп есептеймін. Бізге, яғни қарт кісілерге зейнетақымызды алған кезде, лотереяға қатысу үшін тауар сатып алудан бастап, банктік шоттарды жалған қорғауға дейін күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастайды. Жақында маған қоңырау шалып, SIM картамның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуым керектігін айтты, бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек», - деді кездесуге қатысушы Нағима Жұмалиқызы.Жиын елордадағы Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942514
Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасы енгізілгеннен кейін қандай оң нәтижелерге қолжеткізілді 24.02.2025
Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасын енгізу нәтижесінде атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру қарқынды дамыды. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласындағы кәмелетке толмаған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық Әділет департаменті 2024 жылы жеке сот орындаушылардың атқарған жұмысының қорытындыларын жариялады.«Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 3,5 трлн теңгені құрайтын 746 673 атқарушылық құжат болды. 341 514 атқарушылық құжат аяқталып, оның ішінде 188 123 іс толық орындалды. Орындалған құжаттардың жалпы сомасы 79,3 млрд теңгені құрады.«Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі арқылы 25 335 жеңілдетілген атқарушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 539,2 млн теңгені құрады. Бұл азаматтарға 5 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді, себебі жеке сот орындаушысының қызметіне арналған қосымша шығындар алынып тасталды», - дейді спикер.Сөзін жалғай отырып, «Цифрлы сот орындаушы» жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы қозғап өтті. Айтуынша, адами фактордың азаюына процестердің толығымен автоматтандырылуы себеп болған, сондықтан сот орындаушыларға жеке барудың қажеттілігі жоқ.«Борышкерлерге цифрлық хабарлама жіберу – қарыз туралы ескерту SMS (1414) және EGov Mobile push-хабарламалары арқылы жолданады.Нысаналы шектеу – егер дәстүрлі жеке сот орындаушысы барлық банк шоттарын бұғаттайтын болса, жаңа жүйе тек қарыз сомасы шегінде бір ғана шотқа шектеу қояды.Ыңғайлы онлайн төлем – қарызды онлайн төлеуге болады, төлем жасалғаннан кейін шектеулер автоматты түрде алынады», - дейді ведомство өкілі.Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларды аттестаттау мәселесін де айтып өтті. 2024 жылы Астанада 258 жеке сот орындаушысы жұмыс істеді. Аттестаттау жылына кемінде бір рет өткізіледі және оған компьютерлік тестілеу мен әңгімелесу кіреді. Аттестациядан сәтті өткен үміткерлер жеке сот орындаушысы ретінде қызмет ету құқығына лицензия алады.«Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – сот актілерін орындаудың әділ, ашық және ыңғайлы жүйесіне көшуге жасалған маңызды қадам. «Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі азаматтардың қаржысын үнемдеуге және сот шешімдерін орындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», – деп атап өтті Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, кәмелетке толмыған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942705
ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА 24.02.2025
12025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш. Әбдіреева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық бөлімі басшысының м.а. К. Хофманмен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарастарымен алмасты.АҚШ Қазақстанның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өсімін жоғары бағалады, әсіресе Әділет министрлігі департаменті мәртебесінің Комитет деңгейіне көтерілгенін атап өтті, бұл олардың пікірінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы мәселелерге ерекше назар аударғанын көрсетеді.Олар бұл сала инновацияларды дамытуда және инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, сондай-ақ 2006 жылдан бері«301 арнайы баяндаманы» бұзушы елдердің бақылау тізіміне кірмейтін Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.Ш. Әбдіреева зияткерлік меншік саласын жетілдіруге бағытталған негізгі заңнамалық бастамаларды ұсынды. Марракеш келісімін ратификациялауға ерекше назар аударылды, бұл зағип және нашар көретін адамдардың білім мен мәдениетке қол жетімділігін жақсартады.Ол сондай-ақ «Apple», «Toyota», «Kit Kat», «Nesquik», «Procter & Gamble» и «Henkel AG & Co. KGaA» сияқты брендтердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін құқықтардың бұзылуына қарсы күрестің жанданғанын атап өтті.Тараптар зияткерлік меншік саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықты растады. Басым бағыттардың қатарында мамандардың біліктілігін арттыру, патенттік сараптама саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу, авторлық құқықтарды қорғау және контрафактілік өнімдерге қарсы күрес атап өтілді.ҚР мен АҚШ арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/942775
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюан инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу мәселелерін талқылады 24.02.2025
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюанмен кездесті. Кездесу Шанхайдағы Sunshine 201 мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру орталығында өтті, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, кеңес беру және бизнес-инкубация бағдарламаларына қатысу қызметтерін ұсынатын көпфункционалды платформа болып табылады. Сонымен қатар, орталықта жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалту және медициналық көмек көрсетіледі. Соңғы жылдары орталықта оңалту қызметтерінің тиімділігі 90% - дан астамға жетті.Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер Федерациясының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін заңнаманы және инфрақұрылымды жетілдіру, жұмысқа орналасу тәсілдері, жұмыс орындарын квоталау тетіктері және қызметтерді автоматты түрде іріктеу үшін жасанды интеллектті пайдалану бөлігіндегі жұмыс тәжірибесі Алматы үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу ықтималдығын талқылады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі жұмысындағы басымдықтардың бірі инклюзивті ортаны құру, барлық тұрғындар үшін олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан оқуда, жұмысқа орналасуда және әлеуметтік бейімделуде тең мүмкіндіктер беру болып табылады. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 56 мың адам тіркелген. Шанхайда 2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар 613 100 адам тіркелген және сертификатталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942488
Алматыда биыл 20 шақырымнан астам веложол пайда болады 24.02.2025
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көліктің экологиялық таза түрлері үшін инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Биыл қалада 20 шақырымға жуық веложол салу жоспарлануда.Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, 2024 жылы қалада Сайын - Мөңке би жолайрығын салу аясында 2,4 шақырым веложол жабдықталды.«Ағымдағы жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін және Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту аясында 7,2 км жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Райымбек батыр даңғылы бойынша BRT желісін салу аясында шамамен 15 км-ді жабдықтау жоспарлануда. Жалпы, велоинфрақұрылымды жүйелі дамыту 2030 жылға дейінгі Көлік қаңқасының мастер-жоспарында көзделген», - деп атап өтті басқарма.Бүгінгі таңда қалада 89 км велоинфрақұрылым (веложолақтар – 25,15 км, веложолдар – 63,8 км), 73 бағдаршам нысаны, велопайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағдарланған 1025 жол белгісі жабдықталған. Айта кету керек, веложолдар желісін дамыту тұрғындарға балама жолдарды ұсына отырып, қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Бұл ауаның газдану деңгейін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар жолдардағы көліктердің санын азайтады, қаладағы жалпы көлік жағдайын жақсарта отырып, кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942498
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдағы ірі қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты 24.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Цзясин қаласында (Шанхай маңында) орналасқан SUS Environment тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды.Shanghai SUS Environment – экология және энергетика саласындағы кешенді қызметтерді ұсынатын әлемдік жетекші компания. Ол қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша әлемдік нарықта көш бастап тұр. 2008 жылы негізі қаланған компанияның Қытай, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин және Өзбекстан елдерінде қоқыс өңдеу зауыттары бар. Бүгінде компанияда 3,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, 10 халықаралық басқару орталығы мен 1 жаһандық өндірістік орталыққа ие.SUS Environment зауыттарының басты ерекшелігі – заманауи дыбыс оқшаулау және ауа сүзгілеу жүйелерімен жабдықталуы. Бұл технология шу деңгейін барынша азайтып, жағымсыз иістерді жояды.Сонымен қатар, зауыттардың айналасында жасыл аймақтар, көгалдар және ағаштар отырғызылып, жергілікті тұрғындар үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырады.Компанияның тең құрылтайшысы әрі операциялық директоры Чжу Сяопин Алматы әкімі Ерболат Досаевқа SUS Environment қалдықтарды өңдеу станцияларының энергия өндіру тиімділігі 26%-ға жеткенін айтты. Бұл орташа салалық көрсеткіштерден жоғары және Қытай мен Еуропаның экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.SUS Environment – қалдықтарды энергияға айналдыру технологиялары мен жабдықтарын жеткізуші №1 компания. Ол 287 қоқыс өңдеу зауытына қолданылатын 273 патентке ие. Сонымен қатар, эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі үш компанияның бірі. Бүгінде компания 84 жобаны іске асырып, күніне 110 мың тонна қалдық өңдеу қуатына және жылына 18 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіруге қол жеткізді. Бұл энергия 2,65 млн шаршы метр аумақты жылытуға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта компания SUS 4.0 жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бастама қалдықтарды энергияға айналдыру кезінде көміртек шығарындыларын ақылды басқару және жылуды тиімді пайдалану технологияларын қамтиды. Сондай-ақ, онлайн мониторинг жүйесі, көміртекті ұстау технологиясы және интеллектуалды басқару жүйесі енгізілмек.Кездесу соңында тараптар екіжақты серіктестікті дамыту және өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942513
21 ақпанда Алматыда «Almaty Tech Cup – 2025» – ең ірі халықаралық инженерия және робототехника чемпионаты басталады 24.02.2025
21 ақпанда Алматыда қала әкімі кубогына арналған «Almaty Tech Cup - 2025» халықаралық инженерия және робототехника чемпионаты басталады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Алматы Дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримғажы.Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды турнир, оған 3 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 20 шетелдік команда қатысады.«Бұл беделді жарыс жас инженерлер, бағдарламашылар және өнертапқыштар үшін аса маңызды шара. Қатысушылар тек сайысқа түсіп қана қоймай, түрлі интерактивті іс-шараларға, инженерлік квесттерге қатысып, жүлделер мен естелік сыйлықтарға ие бола алады», – деді ол.Оның айтуынша, чемпионат 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қатысушы командалар саны 20-дан 400-ге дейін артқан. Қазақстандық оқушылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Мысалы, АҚШ-та өткен чемпионатта Алматы құрамасы 80 команданың ішінен үздік 10-дыққа енді. Сонымен қатар, 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда, 2024 жылы Афинада Қазақстанның жас инженерлері әлемдік алтын жүлдеге ие болды.2025 жылғы чемпионат робототехника, инженерия және дрон жарыстарын қамтиды, олардың ішінде Aspan Cyber Race, Aspan Drone Competition, Aspan Whoop Race және Aspan Drone Race бар. Қатысушылар First Lego League (4-16 жас) және First Tech Challenge (16-18 жас) бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.Бас жүлде – Алматы қаласы әкімінің кубогы, ол барлық байқауларда ең көп ұпай жинаған үздік командаға табысталады. Жеңімпаздар тек кубокпен ғана шектелмей, еліміздің үздік университеттерінен білім гранттарына да ие бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942544
КҮН САНЫ 24.02.2025
КҮН САНЫ Елімізде суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің көлемі 700мың гектардан астамАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/940766
Қанат Бозымбаев Алатау ауданын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізді және кәсіпкерлермен кездесті 21.02.2025
Бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде. Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты, Вице-премьер бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.«Жаңа Алатау қаласын салу ыңғайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыда дамыған және экологиялық таза болуы керек. Алатау заманауи урбанистік орталықтың үлгісі бола алады. Қала құрылысының халықаралық стандарттарға негізделген заманауи болуын қамтамасыз ету қажет. Бір ай ішінде инвесторлармен жасалған келісімдерге сәйкес қала аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру мәселелерін қайта қарауды тапсырдым. Барлық профильді министрліктер процесті жеделдетіп, мамыр айына дейін бас жоспарға өзгерістер енгізсін», - деді Қанат Бозымбаев.Одан кейін Алатауда Жоба кеңсесінің отырысы өтті, оған ұлттық экономика, әділет, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және инфрақұрылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері қатысты. Қатысушылар EPC шарттары мен құрылысты салуға кететін қаржыландыру құралдарын қолдану механизмдерін енгізу жұмыстары туралы есеп берді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, Алматы зообағын Алатау аумағына көшіру, сондай-ақ әуе таксиі үшін эксперименттік орта мен алаңды белгілеу мәселелері қарастырылды.Қаланы тартымды етіп жасау және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында Алатау қаласы мамандары үшін ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды.Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 35 жасқа дейінгі жастар үшін «Алматы Жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламаға өткен жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, тағы 500 млн теңге банк тарапынан қаржыландырылды. Бұл 55 отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 38 үміткер өз пәтерлерінің кілттерін алды.Өткен жобалау кеңсесінің қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға атқарылатын жұмыстың көлемі туралы ескертіп, министрліктер мен әкімдіктердің лауазымды тұлғаларының тапсырмаларды уақытында орындамауына жеке жауапкершілік жүктейтінін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/938801
Абай мен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойларына арналған премьералар, жаңа эксперименттер және рекордтық жетістіктер: «Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерді несімен таңғалдырады 21.02.2025
«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерге жаңа қойылымдар дайындауда. Олардың қатарында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған спектакльдер бар. Сондай-ақ, алдағы премьералардың бірі – мәңгілік махаббат туралы аңызға айналған оқиғаны баяндайтын «Естайдың Қорланы» музыкалық драмасы. Бұл қойылымдардың тұсаукесері 2025 жылдың күзіне жоспарланған.Қазіргі VIII маусымда театр репертуары төрт жаңа қойылыммен толықты: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» саундрамасы, QULAN феериясы, Alatau FM radiosy музыкалық комедиясы және қазақтың әйгілі композиторы, ақыны, айтыс шебері Біржан сал Қожағұлұлының әндеріне негізделген «Теміртас» реквием-спектаклі.«Театр репертуарынан қызықты саундрамаларды, жарқын феерияларды, музыкалық комедияларды және реквием-спектакльдерді көруге болады. Бұл батыл эксперименттер біздің труппамызға жаңа көкжиектерді ашып, көрермендерге ерекше театрлық әсер сыйлайды, дәстүрлі театрдың шекарасын кеңейтеді. Айта кетерлігі, өткен жылы театр сахнасында 50-ден астам қойылым қойылып, көрермендер көбейіп, мазмұнды мәдени бағдарлама жасалды. Жалпы, 2024 жылы біздің спектакльдерімізді 62 мың адам тамашалады – бұл соңғы үш жылдағы рекордтық көрсеткіш», – деп мәлімдеді театр директоры Мақсат Нұралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.«Алатау» театрының қойылымдары 20-дан астам ұлттық аспапта шебер ойнайтын «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің жанды сүйемелдеуімен өтеді. Труппа құрамында «Алатау» би ансамблі, ақындар, дәстүрлі ән орындаушылары мен талантты актерлер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/938803
Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су шаруашылығы нысандарының жағдайы мен қар жамылғысының биіктігіне тексеріс жүргізді 21.02.2025
Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су шаруашылығы нысандарының жағдайы мен қар жамылғысының биіктігіне тексеріс жүргізді. Бөгеттер мен гидротехникалық нысандардың кірме жолдары қардан тазартылды. 11 дана арнайы техника дайындалды: доңғалақты экскаватор, автокран, бульдозер, тракторлар, ассенизатор машинасы, манипулятор және т.б. Филиал наурыз айынан бастап тәуліктік кезекшілікке көшеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942098
Су тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарына 84 жаңа техника берілді 21.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті. Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.«Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942116
«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында Ассы өзеніндегі мұздың қалың қабаттарын арнайы техникамен тазартты 21.02.2025
«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында Ассы өзеніндегі мұздың қалың қабаттарын арнайы техникамен тазартты. Бұл іс-шара өзен арнасын кеңейту және оның су өткізу қуатын арттыру үшін жасалады. Бұдан бөлек, Қорам магистралды каналында нығайту жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942125
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2025 жылғы 20 ақпанда «Ашық бюджеттер» интернет-порталында (https://budget.egov.kz) жария талқылау үшін Әділет министрлігінің 2024 жылғы бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есептер орналастырылғанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/942417
Биыл облыс орталығы Талдықорғанның бюджеті 33 % ұлғайтылып, қаланы дамытудың басым бағыттары белгіленді 21.02.2025
Талдықорғанды жуық жылдарда қауіпсіз, жайлы, жасыл қала ретінде дамыту міндеті қойылған. Оны іске асыру үшін 2025-2026 жылдардың нақты жоспарлары жасалып, қала бюджеті 33 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың журналистерге берген сұхбаты барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы өз сөзінде облыс орталығын дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Бұл ретте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі алдыңғы орында тұр. Осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 585 бейнекамера және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 136 «Сергек» камерасын орнату межеленген. «Смарт Сити» форматы бойынша қаланың тіршілігін тәулік бойы бақылай алатын ситуациялық орталықты іске қосу жоспарда бар. Оған қоса көшелерді жарықтандыру да қолға алынады. Бүгінгі күні қаладағы 640 көшенің 420-сында ғана, яғни, 65 пайызына жарық орнатылған. Осыған орай жергілікті бюджеттен биыл көшелерді жарықтандыруға 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Соның арқасында бірқатар саяжайларда және «Хутор», «Шығыс» және басқа да аудандарда көшелер жарықтандырылады.Сонымен қатар қаланың өмір сүруге жайлы болуына да назар аударылады. Яғни халық баспанамен, жылумен, электрмен, сумен, газбен қамтамасыз етілуі керек. Мәселен, өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасыға баспана берілсе, биыл тұрғын үйге ие болатындардың саны 1500-ге жуықтайды деп жоспарланып отыр.Шаһардың көркі абаттандыруға тікелей байланысты. Сондықтан аулаларға воркаут алаңдарын салу, көп қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жаңарту, арықтар мен арналарды қалпына келтіру жалғастырылады. Былтыр 28 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көппәтерлі 10 үйдің қасбеті жасалды. Биыл тағы 30 көпқабатты үйдің шатыры мен 32 үйдің қасбеті жөнделеді.- Қаладағы «Ұлан» ықшам ауданына отыз жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген. Ауданды абаттандыру мәселесін ұзақ талқылап, сараптама жасап барып, шешім қабылдадық. Сол арқылы тәжірибе қалыптасты. Енді кешенді түрде жұмыс істейміз. Былтыр алдымен 25 көп пәтерлі үйдің 5 ауласын жөндедік, қалған аулаларды биыл бітіреміз. Сондай-ақ «Ұлан» ықшам ауданындағы жөндеуді қажет ететін көп қабатты үйлердің шатырын жөндейміз. Содан соң «Жетісу» және «Жұлдыз» ықшам аудандарына ауысып, кешенді тәртіппен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни, алдымен қаланың назардан тыс қалған шеткі аудандарын қамтимыз, - деді Б. Исабаев. Көгалдандыру жайына келсек, Талдықорғанда өткен жылы 10 мыңдай ағаш отырғызылса, биыл 12 мыңнан астам көшет егу көзделген. Қаланың «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ салу жоспарда бар. Ал «Бірлік» шағын ауданда жаңа сквер пайда болады. Сол сияқты ағаштар мен көгалдарды суару жүйесін реттеу қолға алынған. Бүгінге дейін шамамен 10 шақырымдай арық жүйесіне жөндеу жүргізілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады. Оған қоса Орталық және «Жастар» саябақтарына ағымдағы жөндеу жасалады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Олжас Құрмашев, сол сияқты бірқатар фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің арихивінен алынды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/942232
Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етілді 21.02.2025
Қонаев көшесінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты осы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілді.Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane, яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі.Қала тұрғындары мен қонақтары елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, назарға алуды сұраймыз.Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатын болады.Автокөлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды және Қонаев көшесінің жабық учаскесін назарға алып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша биыл 19 ақпаннан 30 қазанға дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942212
Астанада вандалдар салған жазулар мен граффитилерді жою бойынша арнайы акция өтті 21.02.2025
Астанада «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде вандалдар салған жазулар мен граффитилерді жою бойынша арнайы акция өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Нұра ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық полиция басқармасы және «Астана жастары» еріктілері қолдауымен өткен акция қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталды.«Бұл көпір қаладағы көрнекті орындардың бірі болып саналады. Сондықтан да біз көпірді тыйым салынған жарнамалардан тазарту бойынша үнемі іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Жалпы аудан бойынша вандализм актілерін анықтау және оның жолын кесу үшін адамдар көп жиналатын жерлерде жүйелі түрде акциялар мен мониторинг ұйымдастырып отырамыз», - дейді Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.Елордалық еріктілер мұндай шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады.«Елордада туристер қызығушылық білдіретін көрікті жерлер көп. Бірақ вандализм әрекеттері мұндай жерлерде де кездесіп жатады. Бүгін біз арнайы тазалау құралдары арқылы көпірдегі жарнамалар мен суреттерді өшірдік. Мұндай акциялар қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті «Астана жастары» орталығының волонтері Милат Әлімбекова.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942305