Саясат
Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде 21.02.2025
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр.Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады. Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған. Монолит жұмыстар, кірпіш қалау, металл конструкциялары толық орындалды. Ал, шатыр және қасбетті әрлеу жұмыстары да аяқталуға жақын.«Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 54 маман және 2 техника жұмыс істеуде», -дейді басқарма басшысы.Жобаға сәйкес Оқушылар сарайы ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық,спорттық-сауықтыру, гуманитарлық, психологиялық, тарихи-өлкетану сынды алты негізгі бағытқа бөлінген. Осы бағыттарда робототехника, бағдарламалау, шығармашылық студиялар, театр және музыка үйірмелері, денешынықтыру және спорт, білім беру курстары, әдебиет және тіл, тұлғалық даму, өңір арихы мен мәдениет зерттеу бойынша алаңдар жұмыс жасайтын болады. Әр бөлім өз тақырыбына сәйкес жабдықталады. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жақын арада барлық әрлеу және абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/940695
Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді 21.02.2025
Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді.Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.«Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/940762
Брифинг.«Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстары» 21.02.2025
2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі. Су ресурстары және ирригация министрлігі Орталық Азия мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді.Айта кету керек, 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.«Солтүстік Арал су тасқыны немесе жаңбыр есебінен толып жатыр деген пікірдің қате екенін айта кету керек. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде ауқымды су тасқыны болған жоқ. Аралға су жіберу – су ресурстарын сауатты бөлу, оны үнемдеу және су дипломатиясының нақты нәтижесі»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдағы судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрден асады. Өсу динамикасын салыстыру үшін: 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 18,9 млрд текше метр еді. 2025 жылдың соңына дейін теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал 2030 жылдың соңына қарай Солтүстік Аралдағы су көлемін 27 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр.Солтүстік Аралдың көлемімен бірге ауданы да ұлғайып келеді. Бүгінгі таңда теңіздің ауданы 3065 шаршы шақырым. Бұл 2022 жылдың басындағыдан 111 шаршы шақырымға көп. Солтүстік Арал теңізінің көлемі мен ауданының ұлғаюы судың тұздылығын азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.Министрлік жыл соңына дейін Солтүстік Аралды Үлкен Арал теңізінен бөліп тұрған Көкарал бөгетін реконструкциялау жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банкпен бірге 39 жобаны қамтитын Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Бұл 2000 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.Су үнемдейтін технологияларды пайдалану және күріш алқаптарын тегістеу 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Арал теңізіне жіберуге мүмкіндік берді.«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шаруа қожалықтарын, дихандарды белсенді түрде су үнемдейтін технологияларды қолдануға шақырамыз. Шаруаларды ынталандыру үшін бұрын-соңды болмаған іс-шаралар қабылданды. Министрлік су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Мұндай мемлекеттік қолдау аз ғана елде бар. Су үнемдейтін технологияларды орнатқан шаруалар суармалы су үшін де аз төлейді. Елімізде суармалы суға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды»,- деді Мөлдір Абдуалиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/940860
ТЖМ басшысы Ұлытау облысындағы оқиға орнына барды 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында болған төтенше жағдай орнына барды. Шыңғыс Әрінов қайғылы оқиғаның орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты. ТЖМ басшысының назары оқиғаның салдарын жоюға тартылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге бағытталды. Үкіметтік комиссияның құрамына төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев кірді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып құлады. Қайғылы оқиға салдарынан жеті қызметкер қаза тапты. Олардың денелері сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940679
Астрахан ауданының қар тазалау жұмыстары: тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы 21.02.2025
Қыстың басынан бастап Астрахан ауданының аумағынан 31 мың текше метр қар шығарылды.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Күн сайын арнайы техника шамамен 30 рейс жасап, 2000 текше метрден астам қарды шығарады.Қар тазалау және шығару жұмыстарына келесі кәсіпорындар атсалысуда: ЖК «Максимус», ЖШС «Нива», ЖШС «Зеленое», ЖК «Карпенко», ЖШС «Жалтырское АТП», ЖШС «Байду-Агро», ЖШС «СХП Кызылжар», ЖШС «Острогорский», ЖШС «Колутонский ХПП», ШҚ «Дюсекеев», ЖШС «Гранит Петровка», ЖШС «Орнек 2005», КТ «Федоренко», ЖК «Сагадатов», ЖШС «СХП Колутон-04», ЖШС «Избасаров и К».Ең алдымен, орталық көшелер, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылады. Күнделікті қар тазалау жұмыстары ауылдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға айтарлықтай үлес қосып, қоғамдық және жеке көліктердің қозғалысын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/940534
Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті 21.02.2025
Ақтөбе өңіріндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.Отырысқа құқыққорғау органдары, прокуратура органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, бірқатар басқарма басшылары қатысты.Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы бекіткен Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарының орындалуы, Ақтөбе қаласы, Ойыл, Мәртөк және Қарғалы аудандары әкімдерінің құқықбұзушылықтың алдын алудағы қабылдап жатқан шаралары және тағы да басқа мәселелер қаралды.Аталған жиында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың 25%-ке төмендегенін, алайда, оң динамикаға қарамастан, бұл бағытта шешілмеген мәселелер де бар екендігіне назар аударды.Құқық бұзған балалардың тең жартысы бұрын-соңды бақылауға алынбаған, бұл білім беру ұйымдары тарапынан девиантты мінез-құлықты ерте анықтау жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Баяндамашы осыған байланысты тәуекел топтарымен жұмыс сапасын арттыру қажет екендігін алға тартты.Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары-полиция полковнигі Ардана Саймағамбетов өңірдегі ЖКО статистикасын келтіріп, былтырғы жылы болған апаттар санының артқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыста ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтайтын 130 автоматтандырылған кешен пайдаланылуда, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автожолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде күшейтілген полиция нарядтары қойылды, 15 – «Автоураган» мобильдік кешені және пилотсыз дрондар пайдаланылуда, олардың көмегімен 50 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.Қала әкімі Азамат Бекет құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол қылмыс деңгейінің төмендегенін, дегенмен алдын алу шараларын одан әрі күшейту, кәмелетке толмағандар мен халықтың осал топтарын әлеуметтік бейімдеу қажеттігін атап өтті.Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы жастар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.«Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және құқықбұзушылық деңгейін төмендету үшін жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қосымша бағдарламалар әзірлеп, енгізу, сондай-ақ білім беру мекемелерінде құқықтық тәрбиеге арналған қосымша сабақтар ұйымдастыру қажет. Балаларды қылмыстық әрекетке тарту қаупі туралы олардың хабардарлығын арттыру үшін ата-аналармен кездесулер өткізу. Құқыққорғау органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, осы мәселелерде өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға, сондай-ақ ішкі істер органдарында немесе әлеуметтік қызметтерде есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерге қолдауды күшейту қажет. Біздің әрқайсысымыз қылмыстың алдын алуға және облыстағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек бірлескен күш-жігермен ғана өңірімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/940856
Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна бройлер құс фабрикасы салынады 21.02.2025
"Қарқын Трейд" ЖШС Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна ет шығаратын тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасын салады. Бұл жоба құс етіне ішкі және сыртқы нарықтарда өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.Қазіргі уақытта кәсіпорын қуаттылығы жылына 12 000 тонна дайын өнім өндіретін ет өңдеу зауытын, 2000 басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды.Өндіріс қуатын кеңейту жобасы 5 жылға есептелген.2026 жылы бірінші кезеңде 16 000 тонна құс еті өндірілсе, 2028 жылы өндіріс қуаты 32 000 тоннаға, ал 2030 жылға қарай-48 000 тоннаға дейін жеткізіледі. Жобаның жалпы құны: 52,9 млрд теңге.Қазіргі уақытта жобаны іске асырудың барлық аспектілерін қамтитын егжей-тегжейлі бизнес-жоспар әзірленді, қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940113
БҚО-да балықтың қырылуын болдырмау үшін мелиорациялық шаралар жүргізілуде 21.02.2025
Батыс Қазақстан облысында ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болды.Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша балықты құтқару мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте, әсіресе, тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлінуде.Қыстың салыстырмалы түрде жылы болуына қарамастан, өңірдегі көптеген су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жетеді, бұл балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады.Қазіргі уақытта: 136 000 ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5000 текше метрден астам су айдындарға айдалды, жұмыстарға 657 адам және 167 техника бірлігі жұмылдырылды.Балықтың қырылуын болдырмау жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940276
Атырау облысында жер заңнамасының бұзылу фактілерінің алдын алды 21.02.2025
Тексеру барысында ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтады.Атап айтқанда, "К" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы ретте 2,6 млн теңге сомасына айыппұл салынды."К" шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан ауданы 100 га учаскені игеру туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940684
МИНИСТР ЮСТИЦИИ РК ЕРЛАН САРСЕМБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОСТОЯННЫМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕМ ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ ООН В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН КАТАРЖИНОЙ ВАВЬЕРНИА 21.02.2025
2025 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министріЕ.Ж. Сәрсембаевтың БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесуі өтті.Кездесу барысында Министр Әділет министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы жемісті ынтымақтастық туралы, оның ішінде Әмбебап кезеңдік шолудың үшінші циклі шеңберіндегі ұсынымдардың орындалу барысын талқылауға арналған бірқатар маңызды іс-шаралар туралы атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің нәтижелілігін және сындарлы ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/938693
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Министрлікке электрондық нысанда (kanc@adilet.gov.kz электронды поштаға):1) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.Сонымен бірге, аккредиттелген бірлестіктер мен Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің бас сарапшысы Ж.Б. Абилхайровқа мына телефон номермен хабарласа аласыз: 8(700-552-54-57 WhatsApp).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/939908
2025 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Заң «қоғамдық жұмыстар» әкімшілік жазасының жаңа түрін регламенттеуге, оны орындау тетігін айқындауға және әкімшілік-деликттік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заңның нормалары (кейінге қалдырылған кейбір ережелерді қоспағанда) ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Толық ақпарат алу үшін келесі сілтемелер бойынша өтуіңізге болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000155 http://adilet.zan.kz/rus/docs/R2500000011 21.02.2025
Заң «қоғамдық жұмыстар» әкімшілік жазасының жаңа түрін регламенттеуге, оны орындау тетігін айқындауға және әкімшілік-деликттік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заңның нормалары (кейінге қалдырылған кейбір ережелерді қоспағанда) ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Толық ақпарат алу үшін келесі сілтемелер бойынша өтуіңізге болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000155 http://adilet.zan.kz/rus/docs/R2500000011Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/939976
Қосымша ақпарат 21.02.2025
Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында.Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді.ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21.ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнындаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940077
Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2025 жылғы 17 ақпан - 2025 жылғы 17 мамыр аралығында) қабылданады: Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу:- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,- геральдикалық белгілерді сақтау,- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail. daurenbaevmarat78@gmail.com почталарына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Шыныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/940045
Ұлытау облысындағы оқиғаға байланысты жедел ақпарат 21.02.2025
2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасының құлауы орын алды. Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары жіберілді. ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7172) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940060
Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті 21.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды. - Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар, - деді Б. Исабаев.Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жайына тоқталған өңір басшысы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыстың экономикалық өсу нүктесі екенін атап өтті.Мысалы, жыл басында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыт салу жобасы іске асырыла басталды. Жобаның құны - 40 млн АҚШ доллары, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.Биылғы жылдың соңына қарай арнайы экономикалық аймақ аумағында «SKYHANSA» ЖШС-ның заманауи үлгідегі әуежайдың құрылысы басталады деп күтілуде. Жүк және жолаушылар терминалын қамтитын жоба қолға алынады. Оның құны 250 миллиард теңгеге тең.Қысқаша айтқанда, 2025-2027 жылдары Жетісу облысында 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Облыс әкімі атап өткендей, ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып, өңірді дамытудың осы жылға арналған бірнеше негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп секторын дамыту, туризм, цифрландыру салалары бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуретті түсірген: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/939527
Ақтөбе әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда 21.02.2025
Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде авиация саласын цифрлық трансформациялау және халықаралық әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Малиев жолаушылар ағынын арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.Оның сөзінше, жыл сайын Ақтөбе әуежайының жолаушылар ағыны орта есеппен 10%-ке артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны іс жүзінде 1 млн-ға жетіп, 985 мың адамды құрады, ал өңделген жүк көлемі 11 мың тоннадан асты.Әуежай Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Стамбул, Анталья, Шарм-Эш-Шейх, Доха, Пхукетке тұрақты және маусымдық рейстерді қоса алғанда, 11 бағыт бойынша жолаушылардың саяхаттауына мүмкіндік бере отырып, негізгі қалалар және елдермен байланысты дамытуды жалғастыруда.Атап айтқанда, 2024 жылы Air Cairo және FlyArystan әуе компанияларының жаңа жиіліктерді қосуы арқасында Шарм-Эш-Шейхке рейстер саны артты. Келер жылы Антальяға аптасына 12 рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 мамырынан бастап SCAT әуекомпаниясы Ақтөбеден Шымкентке аптасына 4 рет жиілікпен рейстер ашады, ал FlyArystan әуе компаниясы осы бағыттағы рейстерді 1 маусымнан бастап қайта бастайды. Барлығы Шымкентке аптасына 6 рейс қолжетімді болмақ. «Ақтөбе әуежайы жүк ағынының өсуін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын белсенді түрде іске асыруда. Басым жобалардың қатарында отын кешенін жаңғырту, заманауи қойма инфрақұрылымын салу және объектінің аумағын қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру бар. Бұл қадамдар әуежайдың маңызды жүк хабы ретіндегі позициясын нығайтуға және болашақ кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Дастан Малиев.Қазіргі уақытта әуежайда ішкі рейстер жолаушыларына арналған цифрлық құжаттар сервисі жұмыс істейді, жолаушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін CUTE жүйесі орнатылды, сондай-ақ былтыр төлқұжат пен жеке куәліктерді оқу құрылғылары сатып алынды, соның арқасында жолаушыларды тіркеу процесі жеделдетілді. Жүктермен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында әуежай мұнай өнімдерінің қоймасын жаңғыртуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен бақылау аспаптарын енгізді. Жүк тасымалын рәсімдеу және сүйемелдеу үшін қазір E-Freight ақпараттық жүйесі пайдаланылады, ол жүк авиациялық тасымалдау процесін автоматтандырды және жүктерді өңдеуді жеделдетті.Отырғызу талондарын және «E-Gate» бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу әуежайдың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарында бар. Бұл ұшатын және ұшып келетін жолаушыларды автоматты шекаралық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Ақтөбе халықаралық әуежайын өңірдің негізгі көлік торабы ретінде одан әрі дамытудың маңыздылығын алға тартты. Асхат Шахаров ел Президентінің тапсырмасымен Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайды халықаралық әуе торабына айналдыру қажеттігін атап өтті. Осы тапсырмаға байланысты әуежай аумағында логистикалық орталық құру және отын-жанармай құю станциясын ашу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы жабындысының сапасы мен пайдалану қауіпсіздігін жақсарту үшін ПАГ 18 тақтасы сатып алынды. Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу жұмыстары жүргізілуде.«Халықаралық аренада әуежайды дамыту үшін бізге инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырып, цифрландыру саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу қажет. Әуежайдағы барлық процестер мүмкіндігінше автоматтандырылған және жолаушыларға ыңғайлы болуы маңызды. Біз жүк ағынының өсуіне, әсіресе жүк хабы жобасын іске асыру аясында заманауи жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ, әуежайды облыстың логистикалық инфрақұрылымының маңызды элементі ғана емес, сонымен қатар туристік тартымдылық орталығы ету үшін маршруттық желіні кеңейту, ішкі және халықаралық жаңа рейстерді ашу қажет», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/939716
Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмысына байланысты бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді 21.02.2025
Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осы кезеңде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.Өзгертілген қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген. Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/940049
JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін табысты кәсібіне айналдыруына қалай көмектесті 21.02.2025
Астанада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы елорда тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге, білімдерін жетілдіруге және табыстарын арттыруға ерекше көмектеседі. Жоба түлегі Ақбаян Болат JOLTAP оның хоббиін тұрақты табысқа айналдыруға қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ақбаян өз мамандығы бойынша 10 жылдан астам еңбек етті. Бірақ үш декреттік демалыс пен ұзақ үзілістен кейін ол кәсіпке қайта орала алмады. Осы жылдар ішінде – 12 жылдан астам – ол тігіншілікпен айналысып, бірте-бірте хоббиін кәсіби қызметке айналдырды.«Мен хобби ретінде тігін тігумен айналыстым және арасында шағын тапсырыстар алып тұрдым. Уақыт өте келе бұл салада дамығым келетінін түсіндім, сондықтан тігінші, сәнгер мамандығын меңгеруді жөн көрдім», – дейді Ақбаян.Ол JOLTAP жобасы туралы SMM оқып жүрген көршісінен білген. Осыдан кейін Ақбаян «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктіне барып, тігін және киім дизайны курстарына жазылды.«Бұған дейін онлайн шеберлік сабақтарына қатысқанмын. Тікелей жаттығудың пайдалырақ екендігі дәлелденді. Мұғалімдерге сұрақ қою маңызды, олар өз кезегінде материалды барынша жақсы меңгеруіміз үшін бәрін жасайды», - дейді астаналық.Ақбаян оқытушылардың жоғары кәсібилігін және оқудың ыңғайлы форматын атап өтті.«Тіпті курстар аяқталғаннан кейін де мұғалімдер бізге көмектесуді тоқтатқан жоқ. Сабақта біз қажетті, нақты білім алдық. Екі сағаттық сабақ әп-сәтте зымырап өтіп, екі апталық жаттығу керемет қарқынды болып шықты. Бірде-бір сабақтан қалмадым, әйтпесе барлық материалды меңгеру қиынға соғатын еді. Бар назарым оқуға бөлінді», - деп есіне алды ол.Оқуын бітіргеннен кейін Ақбаян тігін өндірісінде белсенді жұмыс істей бастады, барған сайын үлкен тапсырыстар қабылдайтын болды. Қазір түрлі көйлектердің дизайнын жасап, үйден тапсырыс қабылдайды. Жақында керекті техникаларымды толықтай жаңарттым: тұрмыстық машиналарды өнеркәсіптік машиналарға ауыстырдым, бұл көтерме тапсырыстарды орындауға мүмкіндік берді.Қазір ол өзінің жеке студиясын ашуды жоспарлап отыр.«Курстар маған күшті серпін берді. Бар болғаны 15 күн ішінде болашағымды түбегейлі өзгерткен білім алдым. Бұл жоба тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда дамиды деп сенемін», - деді Ақбаян.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939505
Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды 21.02.2025
Елорданың Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды. Олардың иелері жер заңнамасы талаптарын көбінесе осындай сауда орындары бұзады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Заңсыз қойылған сауда нысандары тек жер заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындары үшін де бірқатар қолайсыздықтар тудырады. Мәселен, қоғамдық кеңістіктердің бірінде орналасқан көкөніс дүңгіршегі жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырған болатын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді, санитарлық талаптарға сәйкес келе бермейді және кейбір жағдайларда қауіпсіздік нормаларын өрескел бұза отырып орнатылады.2024 жылы әкімдік мамандары тұрғындар шағымымен мониторинг жүргізу барысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иемденген 32 нысанды анықтады. Жыл соңына дейін олардың барлығы да алынып тасталды.Дегенмен, бұл мәселенің толық шешімін тапқанын білдірмейді:«Есіл ауданы әкімдігі ретсіз құрылысқа жол бермеу және кәсіпкерлерге заң аясында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Басты міндетіміз – жер қатынастарын ретке келтіріп, қаланың қолайлы әрі заманауи келбетін қалыптастыру. Десе де, кейбір кәсіпкерлер білместікпен заңға қайшы әрекеттер жасайды. Оларға айыппұл салынып, заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі», – деп атап өтті аудан әкімінің кеңесшісі Құралай Слямбекова.Есіл ауданының әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, аумақты тұрақты түрде тексеріп, заңсыз нысандарды анықтайды. Сол уақытта меншік иелеріне нысандарды өз еркімен алып тастау туралы нұсқама беріледі, ал талап орындалмаған жағдайда тиеп алып кетеді.Еске сала кетейік, мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену – әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес, заңбұзушылық үшін:• жеке тұлғаларға – 75 АЕК,• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК,• ірі кәсіпорындарға – 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер алдымен тиісті рұқсат құжаттарын алуы қажет. Ол үшін «СПК Astana» АҚ-ға жүгінуге болады.Аудан әкімшілігі заңсыз құрылыстардың алдын алу, шағын және орта бизнеске заң шеңберінде жұмыс істеу үшін жағдай жасау бағытында өз жұмысын жалғастыра береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939573