Enbekshi QazaQ

Ғылым

«Құрмет» ордені 20.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталғандар: Важничая Ирина   Михайловна −Денисов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы; Қожабеков Ержан     Иманжанұлы −«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Мамедов Рихсибай  Абдурахманович −«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің президенті; Темірбеков Нұрлыхан     Мұқанұлы −«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның проректоры; Өтебаева Динара Қайырбекқызы  − «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185794?lang=kk
Қостанай облысында AI-mektep мультисервистік платформасы іске қосылмақ 20.03.2026
AI-Mektep — жасанды интеллект негізінде құрылған жаңа буындағы білім беру платформасы. Ол мектеп оқушыларын емтихандарға (ҰБТ) дайындауға және заманауи оқу дағдыларын дамытуға арналған. Жоба цифрлық AI-платформаны және білім беру кеңістігін біріктіреді, мұнда оқушылар виртуалды AI-тәлімгердің көмегімен пәндерді өз қарқынымен меңгере алады.Платформа интерактивті сабақтарды, бейне және аудио түсіндірмелерді, тесттердің автоматты түрде жасалуын және оқу үлгерімін талдауды ұсынады. Жобаның негізгі мақсаты — сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, оқушылардың ынтасын күшейту және өңірдің білім беру ортасына жасанды интеллекттің заманауи технологияларын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185647?lang=kk
Қазақстан Моңғолиямен бір күнде $62,6 млн көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойды 19.03.2026
Қазақстандық компаниялар Улан-Батордағы бизнес-миссия барысында Моңғолиямен жалпы сомасы $62,6 млн болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Қазақстан делегациясын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастап барды. «Біз Моңғолияны экспорт үшін өте перспективалы нарық деп санаймыз. Қазірдің өзінде дайын өнімдердің үлесі жоғары, бизнес тарапынан нақты қызығушылық бар»,-деді Айжан Бижанова Улан-Батордағы бизнес-форумда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы үш есеге өскен. Моңғолияға экспорттың 90%-дан астамы дайын өнімдер, яғни шикізат емес тауарлар. Оның ішінде азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары басым. Бұл Қазақстан экспортының жоғары қосылған құны бар өнімдерге ауысып жатқанын көрсетеді. Вице-министрдің айтуынша, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі де жаңа мүмкіндіктер ашады. Құжат 367-ге жуық тауарға қатысты. Ол күшіне енгеннен кейін бұл өнімдерді жеткізу жеңілдейді. Соның арқасында қазақстандық экспорттаушыларға Моңғолия нарығына шығу оңай болады. «Қазір келісімді күшіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жақын уақытта іске асады деп күтеміз. Бұл отандық компаниялар үшін экспортты ұлғайтып, Моңғолиямын бірлескен жобаларды іске қосуға жол ашады»,- дейді Айжан Бижанова. Келесі қадам - Қазақстанның транзит мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл Моңғолияға жүк жеткізуді жылдамдатып, жаңа бағыттарға шығуға жол ашады. Соның ішінде ЕАЭО, Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтары бар. Сауда миссиясы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға сапары қарсаңында өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185502?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk
“Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері” семинары өтті 19.03.2026
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185037?lang=kk
Қазақстан 7 жылдан кейін алғаш рет Моңғолияға бизнес-миссия жіберді 18.03.2026
Қазақстан 7 жылдан кейін Моңғолия нарығына қайта шықты. Бұл жай іссапар емес. Бұл экспортты қайта қарау, жаңа нарық іздеу. Сауда миссиясы Улан-Баторда өтеді. Оған Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade қатысады. Делегацияда әртүрлі сала бар. Азық-түлік, фармацевтика, өнеркәсіп. Неге Моңғолия? Иә, нарық үлкен емес. Бірақ дәл осындай нарықтар қазір маңызды бола бастады. Ең бастысы логистика түсінікті әрі жақын. Сондай-ақ, Қазақстан Моңғолияға негізгі керек азық-түлік, құрылыс материалдары, отын және жабдықтар ұсына алады. QazTrade-тің соңғы статистикасына сүйенсек, 2025 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 133 млн доллардан асқан. Оның ішінде Қазақстанның экспорты 123 млн доллар. Болжауымыз бойынша, алдағы жылдары бұл көрсеткіш өседі. Жалпы көлемі 500 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Моңғолияға шығарылған экспорттың  шамамен 90%-ы дайын өнім екенін атап өткен жөн. Яғни, біз шикізат емес, дайын тауар жеткіземіз. Моңғолия бізден күнделікті қажет өнімдерді алады. Олар ұн, астық, май, тәттілер, сусындар. Сонымен қатар, құрылыс материалдары, металл және отын да жеткізіледі. Тау-кен саласына арналған жабдық, химия және қаптамаға да сұраныс бар. Кімдер барады? Моңғолия нарығындағы сұранысты ескере отырып, миссияға экспортқа дайын қазақстандық компаниялар дайындалды. Олар нақты өніммен және дайын ұсыныспен шығады. QazTrade бұған дейін нарықты зерттеп, негізгі бағыттарды анықтаған болатын. Сондықтан делегация құрамы да соған сай қалыптастырылған. Атап айтқанда азық-түлік, сусын өндірушілер, құрылыс материалдарын шығаратын компаниялар, сондай-ақ медициналық жабдық өндірушілер бар. Бұл бизнес кездесу танысу миссиясы емес. Сапардың негізгі мақсаты нақты келісімдерге шығу. Аграрлық және өнеркәсіптік байланыс Қазақстанның негізгі артықшылықтарының бірі – астық өндірісі. Соңғы жылы елде 27,1 млн тонна рекордтық өнім жиналғанын білеміз. Ал Моңғолияда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Осы екі бағытта бірін-бірімізді толықтырып, бірлесіп жұмыс жасау деген жоспарымыз бар. «Яғни, әңгіме тек Қазақстан экспорттайды деген сөз емес.  Екі ел бірге өңдеп, кейін өнімді үшінші нарықтарға да шығара алады. Сондықтан бұл миссия уақытша сапар емес, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бастамасы»,-деді QazTrade бас директоры Айтмухаммед Алдажаров.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184185?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді 18.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесуімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен белгіленген негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызметтік мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндірілді.Іс-шара барысында тексерулер жүргізу кезіндегі қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу, тексерілетін субъектілерге артық талаптар қоймау, заңдылық, объективтілік және қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.Сонымен қатар қызметтік іссапарлар кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық талаптары түсіндірілді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де артықшылықтарды алмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажеттігі атап өтілді.Мереке және демалыс күндері қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау талаптарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде пайда болуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттігі түсіндірілді.Семинар қорытындысы бойынша Әдеп кодексі талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184428?lang=kk
ЕАЭО-да бояу-лак материалдарының қауіпсіздігі туралы жаңа техникалық регламент қабылданды 18.03.2026
13 наурызда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.Аталған құжатты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген. Техникалық регламент 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында қолданылатын лак-бояу материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды, сондай-ақ оларды таңбалау тәртібін белгілейді.Регламент талаптары бояулар, лактар, грунтовкалар, грунт-эмальдар, су-дисперсиялы лак-бояу материалдары, олифалар, сәндік сылақтарға және басқа да осы санаттағы өнім түрлеріне қолданылады. Жаңа құжат лак-бояу материалдарының адам денсаулығы қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.Атап айтқанда, оларды өндіру барысында сынап, кадмий сияқты ауыр металдарды, жартылай металл болып саналатын мышьякты, сондай-ақ ЕАЭО елдері аумағында тыйым салынған оңай буға айналатын органикалық қосылыстарды пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар өнім құрамындағы қорғасынның шекті рұқсат етілген мөлшері белгіленеді.Бұдан бөлек, лак-бояу материалдары нарыққа шығарылар алдында міндетті түрде санитариялық-химиялық, токсикологиялық, одориметриялық және басқа да зертханалық сынақтар мен бағалаудан өтуі тиіс. Бұл талаптар өнімді тұрмыста және құрылыс саласында пайдалану кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге бағытталған.Жиын барысында қаптамадағы жекелеген кондитерлік өнімдерді таңбалау енгізу туралы шешім де қабылданды. Бұл тізімге шоколад және какао өнімдері, имбирь печеньесі, какаосыз қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті құрғақ печенье, вафли, тәтті қоспалары бар ұн және нан-тоқаш өнімдері, қантқа батырылған жемістер, жаңғақтар мен көкөністер және басқа да өнім түрлері енгізілген.Басқа таңбаланатын тауар санаттарындағыдай, таңбалау жүйесі ЕАЭО-ға мүше барлық елде бір мезгілде енгізілмейді. Әр мемлекет бизнес қауымдастықпен талқылау жүргізіп, инфрақұрылымның дайындық деңгейін талдағаннан кейін енгізу мерзімі мен тетіктерін дербес айқындайды.Сонымен қатар 2026–2030 жылдарға арналған ЕАЭО-ның статистика саласындағы интеграциясын дамыту бағдарламасы бекітілді. Құжат Одақтың статистикалық жүйесін одан әрі жетілдіруге және мүше мемлекеттерді тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуын талдау үшін сапалы статистикалық деректермен қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы отырыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кедендік реттеу, кедендік-тарифтік саясат, техникалық реттеу, сондай-ақ ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бағыттарындағы интеграциялық үдерістерді жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184433?lang=kk
Облыс әкімі емхана құрылысымен танысты 18.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Заречный кентінде салынып жатқан емхана құрылысын тексерді.Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.Бүгінгі таңда облыста 440 медициналық ұйым жұмыс істейді. Маңызды мәселелердің бірі – ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету. Облыс халқының 36%-ын немесе 296 мыңнан астам адамды ауыл тұрғындары құрайды.Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 34 бастапқы медициналық көмек нысаны салынды, оның ішінде 11 нысан сіздің ауданда орналасқан. Олар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық аппараттармен жабдықталған. Бұрын мұндай мүмкіндіктер ауыл деңгейінде болмаған.Бүгінде Қостанай ауданының Заречный ауылында 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 3,3 млрд теңге.Жалпы ауданы 4,7 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты емхана рентген аппаратымен, флюорографпен, маммографпен, ультрадыбыстық диагностика аппаратымен, ЛОР-комбайнмен, стоматологиялық қондырғымен, биохимиялық анализатормен жабдықталады.Жаңа емхана бастапқы қабылдаудан бастап кешенді диагностикаға дейінгі амбулаториялық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді.Мұнда кардиологтар, хирургтар, онкологтар, невропатологтар, эндокринологтар және басқа да бейінді мамандар кең ауқымда қабылдау жүргізеді, сонымен қатар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.Емхана келесі функционалдық бөлімдерге бөлінеді:келушілерге арналған жалпы орындар;жалпы дәрігерлік практика бөлімі;оңалту бөлімшесі бар күндізгі стационар;консультациялық-диагностикалық көмек бөлімі;зертхана, биохимиялық бөлім;жалпы қызметтік бөлмелер;функционалдық диагностика;ультрадыбыстық зерттеу кабинеті;рентген-флюорографиялық және рентген-маммографиялық кабинеттер;орталық стерилизация бөлімі.Бұл мекемеде шамамен 300 адам жұмыс істейтін болады.Айта кету керек, қазіргі уақытта емхана бейімделген ғимараттарда орналасуға мәжбүр.Жаңа емхананың пайдалануға берілуі халыққа медициналық қызметтерді қолжетімді етіп, облыс орталығына бару қажеттілігін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1184558?lang=kk
Қостанай облысында «National Robotics Games» робототехника бойынша облыстық жарыс өтті 17.03.2026
Қостанай ауданында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша облыстық ұлттық «National Robotics Games» жарысы өтті.Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ робототехника және заманауи технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.Жарыс дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға және оқушылар арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Турнирдің ерекшелігі – заманауи технологиялық бағыттарды ұлттық мәдениет элементтерімен ұштастыруы болды.Қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынады. Олардың қатарында: «Aero Nomad» (дрондар), «Асық ату», «Мерген», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Lego-аударыспақ», «Теңге алу», сондай-ақ шығармашылық «StoryCraft AI» санаты бар.Осындай жарыстарды өткізу мектеп оқушыларының инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182646?lang=kk
Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік 16.03.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында Қостанай қаласы көшелерін қардан уақытылы әрі сапалы тазарту жұмысымен танысты.Қыс мезгілінде қаладан 313 мың тонна қар шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (95 мың тонна). Негізгі жүктеме 5 қар полигонына түсуде. Қазіргі уақытта олардың толу деңгейі 60%-дан 90%-ға дейін жетіп отыр.Қостанай-2 ауданында су басуы ықтимал 44 тұрғын үй орналасқан. Осы аумақтан 40 мың тоннадан астам қар шығарылды.«Қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – көшелерден, аулалардан, жол қиылыстарынан және еріген қар суы жиналу қаупі бар аумақтардан қарды шығаруды барынша жеделдету. Еріген судың еркін ағуы үшін суағарларды, арықтарды және су бұру арналарының тазалығына ерекше назар аудару қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Еріген қар суын өткізу үшін 110 км суағар жүйесі жұмыс істейді, оның 4,9 шақырымы Қостанай-2 ауданында орналасқан.  Сонымен қатар суды Тобыл өзеніне бағыттауды қамтамасыз ететін 5 гидротехникалық нысан бар.«Жұмыстар жүйелі түрде және күшейтілген режимде жүргізілуі тиіс. Барлық қажетті техниканы жұмылдыру, тәулік бойы бақылау ұйымдастыру және проблемалық учаскелерге жедел әрекет ету маңызды. Бұл жұмыстың тиімділігі тұрғындардың қауіпсіздігіне, қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысына және қаланың көктемгі кезеңге дайындығына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – қаланың көктемді дайын күйде және су басу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау», – деді аймақ басшысы.«КапиталГруппСоюз» ЖШС қарды күшейтілген режимде шығаруда. Жұмысқа 18 бірлік техника тартылған. Сонымен қатар облыстық ТЖД жеке құрамы, ІІМ академиясының 80 курсанты, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының 50 еріктісі жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182191?lang=kk
Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні: әрбір сатып алушы нені білуі керек 14.03.2026
15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні. Бұл күн тауар сатып алған немесе қызметке тапсырыс берген әрбір адамның тек міндеттері ғана емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін еске салады.Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Аталған заң тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тауарлар мен қызметтерді алуына, сондай-ақ сатып алушылармен әділ қарым-қатынас жасауға кепілдік береді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 11 және 13-баптарына сәйкес, әрбір тұтынушы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіз әрі, сапалы болуын талап етуге құқылы. Яғни, сатылымға ұсынылатын өнімдер белгіленген талаптарға сай болуы және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс.Тұтынушылар үшін толық әрі шынайы ақпарат алу құқығы да маңызды. Заңның 25-бабына сәйкес, сатушы немесе орындаушы сатып алушыға тауар немесе қызмет туралы қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті. Бұл мәліметтерге өндіруші туралы ақпарат, құрамы, жарамдылық мерзімі, пайдалану ережелері, бағасы және кепілдік міндеттемелері кіреді. Мұндай ақпараттың болуы тұтынушыға саналы әрі қауіпсіз таңдау жасауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, заңнама азаматтардың тауарлар мен қызметтерді еркін таңдау құқығын қамтамасыз етеді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, сатып алушы тауарды немесе қызметті өз еркімен таңдауға құқылы, ал оның келісімінсіз қосымша тауарлар мен қызметтерді мәжбүрлеп ұсынуға жол берілмейді.Егер сатып алынған тауардың сапасы тиісті деңгейде болмаса, тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 30-бабына сәйкес талап қоюға құқылы. Атап айтқанда, сатып алушы:- төленген ақшаны толық қайтаруды;- тауарды дәл сондай немесе ұқсас тауарға ауыстыруды;-бағаны пропорционалды түрде төмендетуді;- анықталған кемшіліктерді тегін жоюды талап ете алады.Заң сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін қарастырады. Заңның 42-2-бабына сәйкес, тұтынушы алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге, қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылы.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушыларға бірнеше қарапайым ережені ұстануды ұсынады:1. чекті немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттарды сақтау;2. келісімшарт талаптарын мұқият зерделеу, әсіресе бөліп төлеу немесе интернет арқылы сатып алу кезінде;3. тауардағы мүмкін болатын кемшіліктерді фото немесе бейне арқылы тіркеп қою.Көп жағдайда туындаған дауды сатушыға жазбаша шағым жолдау арқылы сотқа дейінгі тәртіпте шешуге болатынын да ескерген жөн.Егер тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда, азаматтар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, сондай-ақ оның аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгіне алады. Сонымен қатар, өз құқықтары мен мүдделерін сот тәртібімен қорғауға да құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1181159?lang=kk
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды 14.03.2026
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» республикалық акциясы басталды. Мерекелік науқан 13–23 наурыз аралығында ел аумағында өтіп, жүздеген сауда алаңын біріктіріп, тұрғындар мен ел қонақтары үшін көктемгі жаңару мен тиімді сауданың ерекше атмосферасын қалыптастыруда.Акция аясында сауда нысандары сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынуда. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік баға белгілерімен және навигациялық көрсеткіштермен белгіленген, бұл келушілерге жеңілдікпен ұсынылған тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.Акцияға шамамен 300 сауда субъектісі қатысуда. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 интернет-платформа бар. Қатысушылар арасында еліміздің ірі сауда желілері Magnum Cash&Carry, Small, Galmart, Анвар, Дина, Toimart, Астыкжан, Greenwich және басқалары бар. Акция барысында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Сауда орталықтарында қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылған арнайы аймақтар ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтық бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылуда.Сатып алушылар да бірқатар тауарлар бағасының айтарлықтай төмендегенін атап өтуде.«Жеңілдіктер өте көп екенін көріп отырмын. Осы сауда желісінде акция арқылы 5 келі ұнды 1400 теңгеге сатып алдым, сондай-ақ көкөністердің бағасы да төмендеген — картоп пен сәбіз алдым. Шынымды айтсам, 100 теңгелік баға белгілерін бұрыннан көрмеп едім, бүгін шынымен мерекелік жеңілдіктер сезіледі», — деді елорда тұрғыны Ақбота Жақаева.Мерекелік көңіл күйді еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де толықтыруда. Мұнда тұрғындар жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.«Nauryz Sale» акциясы Наурызды жалпыхалықтық мерекелеудің бір бөлігіне айналып, отандық бизнесті қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және қазақстандықтар үшін мереке қарсаңындағы сауданы одан әрі тиімді етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1181055?lang=kk
Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті 14.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.Фестивальдің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру.Байқау барысында қатысушы отбасылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін таныстырды. Атап айтқанда, «Таныстыру» кезеңінде әр отбасы креативті таныстырылым жасап, өздерінің отбасы құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсетті. «Отбасы — қуаныштың бастауы» кезеңінде қатысушылар ән, би және қолөнер арқылы отбасының өнерін паш етті.Сонымен қатар, «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер арқылы мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру тапсырмасы орындалды. Ал «Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынылды.Фестиваль барысында кезеңдер арасында концерттік нөмірлер ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы институтының маңызын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен рухани сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1181056?lang=kk
Жалпыхалықтық коалиция өкілдері сауда саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады 14.03.2026
Жалпыхалықтық коалиция мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары ірі сауда желілерінің өкілдері және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституциядағы елеулі өзгерістерді талқыға салды. Жиынға жалпыхалықтық коалиция мүшесі Мария Утебаева, мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов пен профессор Венера Жексенбекова қатысты. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ашып, жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне елдегі маңызды құжатты сауда саласының өкілдерімен ашық талқылауға келгендеріне алғыс білдірді. «Біздің елімізде ашық әрі жетілген қоғам қалыптасты. Ұзақ уақыт бойы қоғамда жаңа Конституция жобасы талқыланып келеді. Бүгін біз референдум қарсаңында осы құжатты ашық әрі сындарлы түрде талқылап отырмыз. Алдағы жексенбіде әр қазақстандық азаматтық жауапкершілік танытып, өз ұстанымын білдіруі керек. Жаңа Конституция - бұл халқымыздың құқықтық коды», - деді министр.Мәжіліс депутаты Марат Башимов жаңа Конституциядағы Преризенттің жеті жылдық бір ғана мезгілге сайлануына тоқталды. Кешегі өткен Депутаттар форумында Президен Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл сауалға ерекше тоқталды. «Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда адамды қаралау оңай іске айналды. Жаңа Конститцуия жобасында әр азаматтың ар-намысын, қадір-қасиетін ерекше қорғау көзделген», - деді Марат Башимов. «Біз осы уақыт аралығында жай құжатты талқылап келген жоқпыз. Халық, билік, қоғам өкілдері осы уақыт аралығында ел үшін маңызды саяси құжат жобасын талқылап келеміз. Сонаулы күн ғана қалды. 15 наурз – әрбір қазақстандық үшін маңызды, тарихи күн болмақ», - деді профессор Венера Жексенбекова.Жиын барысында сауда саласының өкілдері мен министрлік қызметкерлері жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Жиналғандар азаматтартың бостандығы мен құқығын қорғауда қандай өзгерістер болатынын, конституциялық реформадан қандай әлеуметтік-экономикалық өзгеріс күтілетінін, жаңа конститция жобасын даярлауда қандай халықаралық тәжірибе қолданылғаны, осы реформа аясында мемлекеттік қызмет саласында болатын өзгертер туралы сауал қойып, ашық диалог орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1180998?lang=kk
Аймақ басшысының Қостанай ауданына жұмыс сапары 13.03.2026
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданының Александров ауылдық округінде болып, көктемгі егіс науқанымен, Павлов ауылындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысымен және Жуков ауылында елді мекенді көркейту, баспана салу жұмыстарымен танысты.Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Биыл осы қаражаттың 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлінді.Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, қаржы институттары арқылы 173 млрд теңге беру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрі 281 теңгеден 73,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.Соңғы 3 жылда облыстың егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдардың көлемі 84,4%-ға, майлы дақылдар 32,1%-ға ұлғайды.«Борис-Романовское» ЖШС иелігінде 10,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның ішінде егістік – 9,7 мың гектар, жайылым – 565,7 гектар. 2026 жылға арналған егіс құрылымы бойынша бидай – 3,6 мың гектар, майлы дақылдар – 3,1 мың гектар. Майлы дақылдар көлемі 2024 жылғы 1,8 мың гектардан биыл 3,1 мың гектарға дейін ұлғайтылды.«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері облыста 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды. 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылып, 1250-ден астам ескі және қараусыз ғимарат сүрілді. Сонымен қатар 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл облыс елді мекендерінде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі көгалдандыру барысында 30 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді. Сондай-ақ 37 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу, 31 балалар алаңын орнату және ескі, апатты үйлерді бұзу көзделген», – деді аймақ басшысы.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және ауыл инфрақұрылымын дамыту аясында «Борис-Романовское» ЖШС Павлов ауылында көлемі 0,5 гектар болатын саябақ аймағын құруға демеушілік көмек көрсетті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 25 млн теңге, оның ішінде 20 млн теңге демеушілік қаражат. Жоба аясында асфальтталған жаяу жүргіншілер жолдары салынып, екі заманауи беседка мен мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған сахна орнатылады. Сонымен қатар белсенді демалыс пен спортпен шұғылдануға арналған жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы салынады. Аумағында балалар ойын алаңы да бар.Саябақта қазірдің өзінде 20 қарағай көшеті мен 100 пирамида тәрізді терек отырғызылды. Бұл экологиялық жағдайды жақсартып, аумақтың заманауи эстетикалық келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның бүкіл аумағында жарықтандыру жүйесі мен еуроштакетниктен жасалған металл қоршау орнатылады. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.«Демалыс аймағы тұрғындардың отбасылық демалысына, спортпен айналысуына және өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайды», – деді Құмар Ақсақалов.Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Кәсіпкерлер өздері еңбек етіп жатқан ауылдардың дамуына белсенді үлес қосуы қажет.Бүгінде Жуков ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі байқалады. «Розумович» ЖШС 2021-2025 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен ауыл тұрғындары үшін 33 пәтерлі 21 үй салды. Сонымен қатар «Өркениет» дамыту орталығы, мини-маркет, қоғамдық монша, қонақүй және балабақша бой көтерді. Қазіргі таңда 100 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленді.Кәсіпорын алдағы уақытта тағы 15 жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ол үшін көлемі 2 гектар жер телімі бөлінген.Жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 12 басқа арналған ат қора салынды. Сонымен қатар қызметкерлерге арналған тұрғын үй де бой көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230521?lang=ru
Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады 13.03.2026
Платформа мен іс-шаралар бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Digital Nauryz сайтынан білуге болады.Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосады.2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, ал Digital Nauryz платформасының іске қосылуы елдегі технологиялық өзгерістер мен цифрлық трансформацияның символдарының біріне айналады.Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталының базасында құрылды және 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Ол бірыңғай цифрлық кеңістікте іс-шаралар анонстарын, жаңалықтарды және мерекелік оқиғалардың тікелей трансляцияларын біріктіреді.Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша өңірлік бөлімдер ұсынылған. Соның арқасында пайдаланушылар нақты қалалар мен өңірлердегі іс-шаралар туралы біле алады, қорытынды материалдармен танысып, онлайн-трансляциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға өте алады. Платформа бірнеше тілде және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған, бұл ақпаратты барынша кең аудиторияға қолжетімді етеді.Жобаның іске қосылуы Наурызды мерекелеудің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады, онда көктемгі жаңару дәстүрлері заманауи технологиялармен ұштасады.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына өтетін бірыңғай баннер орналастырылды.Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өту барысын онлайн режимде бақылаңыз! Дереккөз:  Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1180065?lang=kk
Амангелді ауданында мамандықтар фестивалі өтті 12.03.2026
Қостанай облысының Амангелді ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мамандықтар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға түрлі мамандықтардың маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.Іс-шара аясында әр түрлі мамандықтар бойынша мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрмеде медицина, білім беру, құқық қорғау, кәсіпкерлік, техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар кеңінен таныстырылды. Әр сала өкілдері өз қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікке үндеді.Фестиваль барысында оқушылар мамандармен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, әр сала мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылып, қонақтар өздерінің еңбек жолы, жетістікке жету тәжірибесі және мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Мұндай кездесулер жас буынға үлкен мотивация беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1179141?lang=kk
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының алаңында азаматтарды қабылдады 11.03.2026
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының орталық аппаратында қоғамдық қабылдау өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесу барысында отандық өнімді қолдау, импорттық жеткізілімдер және тауарларды таңбалаудың жаңа жүйесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Виктор Шинкеев отандық өндірушілер бола тұра, картоптың Пәкістаннан импортталу себебі туралы сауал қойды. Вице-министр мен Сауда комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, Қазақстанның картопқа деген жылдық қажеттілігі 2,0 млн тоннадан асады, ал жиналған өнім 2,9 млн тоннаны құрап, ішкі сұранысты толық өтейді. Алайда, көктемгі-жазғы кезеңде отандық өнім қоры азайған кезде, нарықты толықтыру және бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Пәкістан мен Қытайдан қосымша импорт жасалады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы жағдай тұрақты және қолда бар қор жаңа өнім шыққанға дейін жеткілікті. «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының» өкілі Салтанат Әбдікәрімова сән ритейлі сегменті үшін халықаралық GTIN кодтарын қолдануға түсініктеме беруді және ҰТК талаптарын енгізуде кемінде 6 айға өтпелі кезең ұсынуды сұрады. Министрлік мамандарының айтуынша, Халықаралық GTIN кодтарын GS1-Kazakhstan қауымдастығы береді, ал ел ішіндегі тауар айналымы үшін NTIN кодтары қолданылады. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Меморандумға сәйкес, ҰТК талаптарын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді: импорттаушылар мен өндірушілер үшін – 1 наурызға дейін, сауда желілері үшін – 1 сәуірге дейін, ал шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 1 шілдеге дейін уақыт берілген.Сән ритейлі үшін бөлек өтпелі кезең қарастырылмаған, бірақ салалық ерекшеліктерді ескеру бойынша әдістемелік жұмыстар жалғасуда. Вице-министр Айдар Әбілдабеков көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бизнес өкілдерімен тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1178990?lang=kk