Enbekshi QazaQ

Ғылым

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ШӘКІРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА 26.07.2025
 Бұл әлеуметтік нысан  сөйлеу және өзге де кемістігі бар 300-ге жуық оқушыны заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған. Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Мұнда медицина кабинеті, спорт, жаттығу, тынығу бөлмелері қарастырылған. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.  Нысанды биыл желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған.  Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Активтерді жергілікті халықтың игілігіне, өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобаларға бағыттау жалғасуда.
Қостанай облысының ормандары мен жасыл желектері: көгалдандыру мен тұрақтылық бағыты 21.07.2025
Қостанай облысының ормандары экологиялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зор маңызға ие.Бүгінгі таңда Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында 462,0 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар, оның 207,5 мың гектарын орманмен көмкерілген алқаптар құрайды. Соңғы үш жыл ішінде орман қорына жатқызылған жерлер көлемі 4,3 мың гектарға (457 718 гектардан 462 009 гектарға дейін) артты. Бұл өсім қордағы бос жатқан жерлерді орман қорына ауыстырып, орман отырғызу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде орын алды.Қостанай қаласының маңында орналасқан мемлекеттік орман қорының "елді мекендердің жасыл белдеуі мен сауықтыру мақсатындағы аймақтар" санатына жататын 6188 гектар жер бар. Соның ішінде 4502 гектар жер орманмен көмкерілген.2021–2024 жылдар аралығында орман қоры жерлерінде 8,7 мың гектар аумақта 55,4 миллион түп көшет отырғызылды. Бұл 2021–2027 жылдарға арналған Орманды молықтырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылға белгіленген жоспар бойынша 2,9 мың гектарға 19,2 миллион көшет отырғызу көзделген. Ағымдағы жылдың көктемінде 2,9 мың гектар аумаққа 14,5 миллион көшет отырғызылды. Күз мезгілінде 0,8 мың гектарға 4,7 миллион көшет отырғызу жоспарлануда.2022 жылы Аманқарағай өңірінде орын алған ірі орман өрті салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 2022 жылғы қарашадан 2025 жылғы шілде айына дейін өртенген аумақтың 61,7%-ына ағаш кесу жұмыстары жүргізілді, орманмен жабылған өртенген жерлердің 34,8%-ы толық өңделді.Жалпы, өртенген аумақта 432 гектар жерге 2,9 миллион қарағай көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, табиғи орман қалпына келуі де байқалады: қайың мен көктеректің жас өркендері өсіп шыға бастады, көптеген жерде қарағайдың өздігінен көбеюі тіркелуде.Орман қоры жерлеріндегі орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жұмыстар орманмен көмкерілген аумақты ұлғайтуға және облыстың ормандылығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1037701?lang=kk
KIA АВТОЗАУЫТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫН 18.07.2025
KIA ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: KIA CORPORATION БІРІНШІ АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІЖаңа KIA автозауыты — Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі, отандық машина жасау саласындағы ең ауқымды құрылыс.Бүгін Қостанайдағы KIA зауыты шешуші тексерістен өтті. Оны арнайы келіп, әлем бойынша KIA зауыттарының жұмысына жетекшілік ететін KIA Corporation компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті Чон Чжунчхоль тексеріп шықты.KIA Corporation вице-президентінің Қостанай облысына сапары бұл кезеңнің маңыздылығын айқындады: ол кәсіпорынның толық дайындығына жеке өзі көз жеткізді.Зауыт құрылысы рекордтық қысқа мерзімде – 2023 жылдың күзі мен 2025 жылдың жазы аралығында аяқталды. KIA Corporation тарапынан жобаға 117 млрд теңге тікелей инвестиция салынды. Бұл – Оңтүстік Кореядан тыс жерде автомобиль өнеркәсібіне құйылған ең ірі шетелдік капиталдардың бірі. Жалпы инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге.«Бұл – өңір тарихындағы ең ірі шетелдік өндіріс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының және барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысының арқасында зауыт небәрі бір жарым жылда салынды», — деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Жоба мемлекеттік деңгейде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді: жолдар, теміржол тармақтары, инженерлік желілер салынды.Жаңа өндірістің іске қосылуы – инвестициялық көлемі жағынан ғана емес, әлеуметтік әсері тұрғысынан да маңызды. Алғашқы кезеңде 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Бұл – аймақтағы еңбек нарығын күшейтіп, қостанайлық жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ең ірі жобалардың бірі.Сонымен қатар, автозауыт маңында Локализациялау орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жерде тағы 800 адам жұмыспен қамтылады. Орталықта автомобильге арналған орындықтар, шығатын газ жүйесінің бөлшектері және пластикалық элементтер шығарылады.Жаңа зауыттың ерекшелігі – автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістік процестер. Кәсіпорын озық автоматтандырылған желілермен жабдықталған, бүгінде онда 67 робот іске қосылған. Бұл зауытты өңірдегі ең заманауи өндіріс орындарының біріне айналдырады.Жоғары технологиялы өндіріс үшін кадрларды дайындау корейлік Dong-Eui университетімен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен және жергілікті колледждермен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл зауыт іске қосылмай тұрып-ақ кәсіби мамандардың командасын жасақтауға мүмкіндік берді. Негізгі басымдық – жергілікті мамандарға беріліп отыр.«Біз Орталық Азияда инвестиция салатын елді таңдаған кезде, таңдауымыз Қазақстанға түсті — бұл Еуразияның қақ ортасында орналасқан ел. KIA үшін бұл – өте маңызды әрі стратегиялық жоба, — деді KIA Corporation компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті Чон Чжунчхоль. — Қазақстан тарапынан, әсіресе зауыт пен локализациялау орталығының инфрақұрылымын дамытуда көрсетілген қуатты қолдаудың арқасында біз жобаны белгіленген мерзімде іске асыра алдық.Қазір біз автокомпоненттер жеткізушілерін анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз — негізгі бөлшектерді тікелей Қазақстанда өндіру. Бұл жобаның болашағына сенеміз және Қазақстанмен, Қостанай облысымен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ниеттіміз. Жергілікті мамандардың кәсібилігіне ерекше алғыс айтқым келеді – қостанайлық мамандардың дайындығы бізді шынымен таңғалдырды».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1037237?lang=kk
Қостанай облысында Металлург күніне орай Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды 18.07.2025
Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты.— Тау-кен металлургия өнеркәсібі – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өндірілген өнім көлемі 700 млрд теңгеге жуықтады. 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Сондықтан дәл осы күні еңбек адамдарын Мемлекет басшысының атынан марапаттау – үлкен мағынаға ие, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.🔹 Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:Валерий Анкудинов — «ССГПО» АҚ инженеріАнуарбек Табылбаев — «ССГПО» АҚ шахталық электровоз машинистіБулат Мукатов — «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚБРУ филиалының тепловоз машинистіҚуанышбек Кұлназаров — «Варваринское» АҚ ұсақтаушысы🔹 Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:Ердин Байгенжин — «Варваринское» АҚВалерий Каштанов — «Комаровское» ЖШС🔹 Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:Василий Андриянов — «Оркен» ЖШС, рудник ЛФ цехының бастығыНаталья Бородникова — «Caspian Steel QZ» ЖШС, зертхана лаборантыАнатолий Беляков — «Оркен» ЖШС, байыту фабрикасының сепараторшысыНиколай Емшанов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, металл қыздырушыМарат Ибрашев — «Оркен» ЖШС, ұсақтау учаскесінің бастығыАлмагүл Исмұхамедова — «Качары рудасы» АҚ, химиялық су тазарту аппаратшысыНикита Каутц — «Caspian Steel QZ» ЖШС, КИПиА слесаріДенис Ковалев — «Качары рудасы» АҚ, электр дәнекерлеушіНұртай Медетқалиев — «Caspian Steel QZ» ЖШС, электрмонтерРуслан Нұрманов — ҚБРУ, өндірістік цех бастығыАлександр Ринг — «Оркен» ЖШС, электрослесарьДамир Тәутенов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, шикізат тасымалдау бригадиріЕлжан Тоққужин — «Качары рудасы» АҚ, негізгі өндіріс учаскесінің бригадиріНаградталғандардың атынан сөз сөйлеген Валерий Анкудинов (ССГПО) көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, бұл марапат – бүкіл еңбек ұжымдарының еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.— Алдағы жылдары өңірде екі ірі жоба іске асырылады. Біріншісі – «ССГПО» базасында жылына 2 млн тонна өнім шығаратын ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) зауыты. Инвестиция көлемі – 532 млрд теңге. 1 000 жұмыс орны ашылады. Екіншісі – «Caspian Steel QZ» базасында болат өндіретін зауыт. Қуаты – 1 млн тонна. Инвестиция – 308,4 млрд теңге. 600 адам жұмыспен қамтылады. Екі зауыт іске қосылған соң жыл сайынғы салық түсімі 60 млрд теңгеден асады. Бұл – Қостанай облысының қара металлургиядағы жетекші рөлін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1036779?lang=kk
Сауда және интеграция министрлігінде қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті 17.07.2025
2025 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде мемлекеттік қызметшілер арасында іскери этика, ресми мінез-құлық нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларымен, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі міндеттермен, сондай-ақ ашықтық, заңдылық және адал қызмет қағидаттарымен таныстырылды.Семинарда этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды, атап айтқанда:қызметтік міндеттерін атқару кезінде құмар ойындарға қатысуға және белгіленбеген орындарда шылым шегуге қатаң тыйым салу;қоғамдық орындарға алкогольдік немесе өзге де мастық күйінде келуге тыйым салу, бұл мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сай емес және мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіреді;қызметкерлерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу;дискриминацияға, қысым көрсетуге және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға тыйым салу.Қатысушылар тексерулер жүргізу, азаматтармен өзара іс-қимыл жасау және цифрлық ортада өзін-өзі ұстау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі нақты шараларды талқылады.Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу — бұзушылықтардың алдын алудың және министрлік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1036143?lang=kk
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті 16.07.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында депутаттар Агенттіктің қызметімен және атом электр станциясын салу жобасының қазіргі барысымен танысты.Агенттік төрағасы А.М. Сәтқалиев кіріспе сөзінде атом энергетикасын дамыту ел экономикасының тұрақты өсуінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.«АЭС салу – бұл жай ғана энергетикалық нысан тұрғызу емес. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, ғылымды, білім беруді, машина жасау мен экономиканың өзге де салаларын дамытуға серпін беретін ядролық кластердің іске қосылуы», – деді А.М. Сәтқалиев.Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, бірінші атом электр станциясын салу жоспарлары, нормативтік-құқықтық реттеу, кадр даярлау және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылды.Сұрақ-жауап сессиясында екінші атом электр станциясын салу перспективасы, еліміздің атом саласын дамыту, өндірісті жергіліктендіру және отандық кәсіпорындардың атом электр станциялары қажеттілігі үшін қатысуы, сондай-ақ Агенттіктің заң жобалау бастамалары талқыланды.Депутаттар Агенттіктің барлық жобалары мен бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл заңнамалық қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау шеңберінде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1030139
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметі мен бюджеттік бағдарламаларының паспорттары 16.07.2025
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі электрондық үкімет порталының "Ашық бюджеттер" бөлімінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2026 - 2028 жылдарға арналған қызметі мен бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын жариялады.2026 - 2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 211 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921718&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 001 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921736&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 003 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921746&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 061 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921897&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 090 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921900&govAgencyId=7508531 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035484?lang=kk
Астанада сынақ зертханасы лифтілерді тексеру кезінде заң талаптарын бұзды – 132 бұзушылық анықталды 16.07.2025
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Казлифтконсалтинг» ЖШС сынақ зертханасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 132 іс қозғалды.Анықталған фактілерге сәйкес, зертхана Кеден одағының КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау жұмыстарын аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштер бойынша жүргізген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына қайшы келеді. Аталған тармаққа сәйкес, аккредиттеу субъектілері жұмыстарды тек аккредиттеу саласы шеңберінде орындауға және тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.«Сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманың сақталуы – әсіресе лифт сияқты техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігі сөз болғанда – ерекше маңызды. Біз нарықтың барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының белгіленген заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз, бұл қауіптерді азайтуға және жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.Сынақ зертханасына екі миллион үш жүз мың екі жүз жиырма теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035278?lang=kk
Сауда 8,4%-ға өсіп,тауар айналымы 31 трлн теңгеден асты 15.07.2025
2025 жылдың 15 шілдесінде өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы сауда саласындағы нәтижелер туралы баяндады. Алты айдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 8,4%-ға өсіп, жоспарланған көрсеткіштерден (8%) артты, ал жалпы тауар айналымы 31,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде көтерме сауда 9,2%-ға өсіп, 21,2 трлн теңгеге жетті, ал бөлшек сауда 6,6%-ға өсіп, 10,2 трлн теңгені құрады.Өсім негізінен көтерме сауданың 45%-дан астамын құрайтын тоғыз негізгі тауар тобы есебінен қамтамасыз етілді. Олардың қатарында мұнай мен мұнай өнімдері, газ, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, фармацевтикалық өнімдер, машина жасау, астық және темекі өнімдері бар. Аталған тауарларды жыл соңына дейін өткізудің болжамды көлемі 26,4 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте ішкі өндіріс үлесін арттыру арқылы осы көлемді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.«Жартыжылдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірлері оң динамика көрсетті. Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер – Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстары. Бұл өңірлердің үлесіне жалпы тауар айналымының 72%-ы тиесілі», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Сауда өсімі бойынша көшбасшы өңірлер: Түркістан облысы (+69,3%), Ақмола облысы (+45,4%) және Павлодар облысы (+22,3%).Министрлік сауда саласын үш негізгі бағыт бойынша жүйелі түрде дамытып жатыр. Бірінші бағыт – сауданың заманауи форматтарын дамыту. Ынталандыру тетіктері енгізіліп, заңнамаға өзгерістер енгізілді. Биыл ішкі сауда субъектілерін қолдауға 5,2 млрд теңге қарастырылған. Негізгі капиталға инвестиция тарту белсенді түрде жалғасуда, жоспар – 1 220 млрд теңге. Сауда саласында жалпы сомасы 168,4 млрд теңге болатын 33 нысаннан тұратын Ұлттық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Сонымен қатар бөлшек сауда нарықтарын жаңғырту аяқталуға жақын.Екінші бағыт – электрондық сауданы дамыту. Жарты жылда e-commerce нарығының көлемі 10%-дан астам өсіп, бөлшек сегментте 1,5 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 1,3 трлн теңгесі Kaspi.kz, Hayk market, Forte, Jusan, Ozon және Wildberries сияқты алты ірі маркетплейс арқылы қамтамасыз етілді. Екінші жартыжылдықта драйверлер ретінде төрт dark store орталығының іске қосылуы, екі фулфилмент-орталықтың құрылысының аяқталуы және Қазпоштаның мультимодальды логистикалық орталықтар желісін іске асыру басталуы көзделіп отыр.Сонымен қатар Kaspi мен Қазпоштаның серіктестігі аясында Қазақстан–Қытай бағыты бойынша B2B форматындағы электрондық платформа іске қосылады деп жоспарлануда.Үшінші бағыт – көлеңкелі сауданы азайту. Министрлік тауарларды каталогтау және қадағалау бойынша шараларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Ұлттық тауарлар классификаторы (ОКТРУ) енгізілуде, таңбаланатын тауар позицияларының тізімі кеңеюде. Қаржы министрлігімен және «Қазақтелеком» АҚ-пен бірлесіп НКТ мен ЭКТ ұлттық каталогтарының интеграциясы аяқталуға жақын. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, нарықтардағы тауар айналымын цифрландыру мен ақша ағынының ашықтығын арттыруға бағытталған «Digital Bazar» жобасы іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1034558?lang=kk
Облыстың медициналық инфрақұрылымын дамыту 15.07.2025
Медициналық инфрақұрылымОблыс халқының денсаулығын сақтау мақсатында өңірде 27 стационарлық медициналық мекеме жұмыс істейді. Олардың қатарына 16 аудандық, 9 қалалық және 2 ауылдық аурухана кіреді. Бұдан бөлек, қызмет көрсетіп тұрған мекемелер қатарында:* Облыстық фтизиопульмонология орталығы,* Психикалық денсаулық орталығы,* Жедел медициналық жәрдем станциясы,* АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы,* Қан орталығы,* 6 емхана,* 40 дәрігерлік амбулатория,* 73 фельдшерлік-акушерлік пункт,* 286 медициналық пункт,* 1 бастапқы акушерлік-гинекологиялық көмек бөлімі,* 1 арнайы медициналық жабдықтау базасы,* 2 медициналық колледж,* 2 сәбилер үйі,* 1 оңалту орталығы бар.Жаңа нысандар мен жаңғырту2023–2024 жылдары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынды. Оның ішінде:* 5 дәрігерлік амбулатория,* 19 фельдшерлік-акушерлік пункт,* 1 медициналық пункт бар.Атап айтқанда, Қостанай ауданының Московское ауылында ашылған амбулатория УДЗ кабинетімен, оңалту бөлмесімен және заманауи диагностикалық құрылғылармен (СМАД, Холтер, ЭКГ және т.б.) жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алуға мүмкіндік беріп отыр.2024 жылы жекеменшік инвестиция есебінен «ECO CITY KZ» ЖШС Тобыл қаласында бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсетуге қабілетті, заманауи медициналық тәсілдермен жабдықталған емхана салып берді.2025 жылы Қостанай қаласында жекеменшік қаражат есебінен салынып жатқан №6 емхана пайдалануға беріледі.Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу2022–2025 жылдары аралығында облыстағы 20 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Жұмыстардың жалпы құны — 5,7 млрд теңге.* «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин ауданы, Елизаветинка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт 52,6 млн теңгеге жөнделді.* Сонымен қатар 12 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізу үшін 18,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.2023 жылы жөндеу жұмыстары мына нысандарда жүргізілді:* Арқалық қаласындағы психикалық денсаулық орталығының бөлімшесі — 426,5 млн тг* Федоров аудандық ауруханасы — 328,7 млн тг* Амангелді ауданы, Қарасу ауылындағы ФАП — 38,5 млн тг* Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының үш қабатты ғимараты — 520,5 млн тг2024 жылы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында:* Меңдіқара ауданы, Қызыл Пресня ауылындағы ФАП — 36,7 млн тг* Меңдіқара ауданы, Степановка ауылындағы ФАП — 35,7 млн тг* Қарабалық ауданы, Новотроицк кентіндегі ФАП — 40,9 млн тг2025 жылы:* Облыстық фтизиопульмонология орталығының терапевтік корпусының 3–5 қабаттары — 294,7 млн тг* Жітіқара ауданы, Забеловка ауылындағы ФАП — 93,4 млн тгСонымен қатар:* 2024 жылдан бері Қостанай облыстық ауруханасының №1 перзентханасы — 1 033,5 млн тг* Сарыкөл аудандық ауруханасы — 1 705,2 млн тг сомасына күрделі жөндеуден өтуде.2022 жылы Аманқарағай орман өртінен зардап шеккен Аулиекөл ауданында:* Аулиекөл ауылында инсульт орталығы ашылды. Жобаға Булат Өтемұратов Қоры 1,1 млрд тг инвестиция құйды.* Аманқарағай ауылында «NAK Development» ЖШС демеушілігімен ФАП салынды — 125 млн тг.* Узункөл ауданы, Новопокровка ауылында да демеушілер есебінен ФАП бой көтерді — 40 млн тг.Бұл медициналық нысандар Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының балансына берілді.Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Арқалық аймақтық ауруханасының перзентханасын күрделі жөндеудің 3 жылдық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны — 1,2 млрд тг:* 2023 ж. — 442,8 млн тг* 2024 ж. — 279,8 млн тг* 2025 ж. — 469,0 млн тгДенсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу2022–2024 жылдары 2,1 млрд теңгеге 87 нысан ағымдағы жөндеуден өтті.2025 жылы 883,2 млн теңге сомасына 21 медициналық нысанды жөндеу жоспарланып отыр.Жүйелі жұмыс пен кешенді тәсілдің арқасында облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы бола түсуде. Қала мен шалғайдағы ауыл тұрғындарына бірдей жағдай жасалып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесі заман талабына сай жаңартылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1034405?lang=kk
Таза табиғат – ортақ іс: жастар мен тұрғындар «Таза Қазақстан» үшін 14.07.2025
2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің өңірлерінде қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.2025 жылдың 14 шілдесінде Қостанай облысының екі бірдей елді мекенінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде кең көлемді экологиялық шаралар өтті.Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Тобыл өзені жағалауын тазалау бойынша экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл шараға жастар белсенділері, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған 50-ге жуық адам қатысты.Шараның мақсаты — тек жағалауды қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар жастар арасында табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеу, экологиялық жауапкершілік пен саналы мінез-құлық дағдыларын дамыту. Қарабалық кентінде сенбіліктер өткізу, ағаш отырғызу, көгалдандыру сынды жұмыстар дәстүрге айналған. Бұл игі істерге мектеп оқушылары, студенттер мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысып келеді. Акцияға қатысушылардың айтуынша, қоршаған ортаның тазалығы — қоғам денсаулығының кепілі, әр азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады.— Таза орта — бұл денсаулық пен сергек өмірдің негізі. Табиғатқа деген қамқорлықты өзімізден бастап, өзгелерге үлгі болуымыз керек, — деді шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар олар аудан тұрғындарын және барша қазақстандықтарды экологиялық бастамалар мен сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды. Өйткені «Таза Қазақстан» – нағыз отансүйгіштіктің көрінісі.Сол күні Арқалық қаласында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық экологиялық акция өтті. Іс-шараға қала тұрғындары, коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер мен «Жасыл ел» сарбаздары қатысты.Акция барысында көпқабатты және жеке үйлердің аулаларын тазалау, ағаш діңдерін әктеу, арамшөптерді шабу сынды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, скверлер, аллеялар, саябақтар мен су қоймаларының жағалаулары тазартылды. Бұл жұмыстардың көп бөлігін «Жасыл ел» жасақтары орындады. Бұл — жастардың қалалық ортаны жақсартуға белсенді үлес қоса алатынын көрсететін жарқын мысал.Қарабалық ауданы мен Арқалық қаласында өткен бұл экологиялық іс-шаралар Қостанай облысы тұрғындарының «Таза Қазақстан» бағдарламасын белсенді түрде қолдайтынын, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға нақты үлес қосып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.— Бүгінгі акциялар – жай ғана қоқыс жинау емес, бұл — қоғамның бірлігі мен болашақ үшін жауапкершілігін білдіретін нақты қадам. Табиғатты тек бірлесіп әрекет еткенде ғана сақтап қала аламыз, — деді қатысушылар.«Таза Қазақстан» бағдарламасы мемлекет, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың күшін біріктіре отырып, экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастырып, өңірлерді табиғатқа жанашырлық арқылы нығайтуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1033977?lang=kk
ВАК: галлий өндірісін қолдау және түсті металдарды өңдеу шаралары 11.07.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары –  ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.  Отырыста галлийге қолданылатын экспорттық кедендік баж мөлшерлемесін 10%-дан 0%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл шара Қазақстанда галлий өндірісін ынталандыруға және экспорт әлеуетін дамытуға бағытталған.Соңғы жылдары республикада галлий өндірілмегеніне қарамастан, жоғары технологиялық салаларда бұл металлға деген жаһандық сұраныс тұрақты боп тұр. Қазақстанда аталған нарыққа шығуға мүмкіндік беретін жеткілікті ресурс базасы бар, сол себеп еліміз жаһандық жеткізу тізбегінде өз орнын ала алады. Бұл өз кезегінде экспорттық белсенділікті арттыруға, шетел валютасындағы түсімдерді көбейтуге әрі отандық өндірушілердің сыртқы нарықтағы  үлесін кеңейтуге жағдай жасайды.Сонымен қатар ведомствоаралық комиссия түсті металл қорытпаларының барлық көлік түрімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салу туралы ұсынысты қолдады.Тыйым өңделмеген мыс, алюминий қорытпалары және қорғасын құймаларына қатысты. Бұл шара ішкі нарықты стратегиялық шикізатпен қамтамасыз етуге, қосылған құны төмен өнімді сыртқа шығармауға және түсті металдарды ел ішінде өңдеуді ынталандыруға бағытталған.Дереккөз https://primeminister.kz/news/vak-galliy-ondirisin-koldau-zhane-tusti-metaldardy-ondeu-sharalary-30257  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1033362?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңейтілген кеңес өтті 10.07.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысына арналған кеңейтілген кеңес өтті.Өз сөзінде өңір басшысы экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаның тазалығы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналғанын атап өтті.– Бүгінде біздің алдымызда тұрған маңызды міндет — қоршаған ортаға ұқыпты қарауға негізделген жаңа экологиялық сана қалыптастыру. «Таза Қазақстан» бағдарламасы адамдарды біріктіріп, олардың бойында болашақ ұрпаққа қандай ел қалдыратынымыз үшін жауапкершілік сезімін оятады, – деді Құмар Ақсақалов.Кеңесте жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Биыл елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға 11,6 млрд теңге қарастырылған.Оң өзгерістер тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де байқалады. Облыс орталығында заманауи стандарттарға сай 7 саябақ абаттандырылуда. Жалпы өңірдегі 80 саябақты жақсартуға 4,3 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ, көше-жол желісін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде — бұл мақсатқа 102 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде: көктемде 88,5 мың көшет отырғызылды — бұл жоспардың 83,9%-ын құрайды.Ауылдық елді мекендерде де оң өзгерістер бар: мемлекет пен бизнес өкілдері бірігіп, саябақтар, балалар және спорт алаңдары салынып, көше шамдары орнатылып, көшелер көгалдандырылуда.Бағдарламаны іске асыруда жастардың рөлі ерекше атап өтілді.Кеңесте «Экосақшы» жобасының мүшелері — мектеп пен жоғары оқу орындарының белсенді жастары сөз сөйледі. Жоба елді мекендердің экологиялық жағдайын бақылауға және жастарды табиғатты қорғауға тартуға бағытталған.Құмар Ақсақалов азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті:– Қоғамның белсенді қатысуы — кез келген мемлекеттік бағдарламаның сәтті жүзеге асуының кепілі. Экологиялық тәрбие бала кезден басталуы тиіс. Бүгінде жастар – қоршаған ортаның нағыз қорғаушыларына айналып отыр.Кеңес барысында бағдарламаны тиімді іске асырудың жақсы мысалдары да, кейбір мекемелер мен құқық қорғау органдары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі де айтылды. Облыс әкімі абаттандыру ережелерін бұзуға дер кезінде әрекет етпеген жағдайлар бойынша қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды.Құмар Ақсақалов экологиялық патрульдердің жұмысын ерекше атап өтті. «Экосақшы» жобасының қатысушыларына аудан деңгейінде жұмысты күшейтіп, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу, сондай-ақ «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат беріп отыру тапсырылды.Жаңа бағыттардың бірі ретінде Қостанай ауданына қарасты Мичурино ауылы маңындағы орман алқабында қоғамдық кеңістік құру бастамасы ұсынылды. Бұл – қаланың болашақ «жасыл белдеуінің» бір бөлігі болмақ. Табиғи ресурстар басқармасы мен Қостанай ауданы әкімдігіне осы аумақты абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырылды.Кеңесті қорытындылай келе, Құмар Ақсақалов атап өтті:– Бүгінгі атқарып жатқан жұмысымыз — ертең балаларымыз тыныс алатын ауа. Біз болашақ ұрпаққа тек мұра емес, өмір сүруге қолайлы орта қалдыруымыз керек. «Таза Қазақстан» — бұл бір маусымдық науқан емес. Бұл — жерімізге, үйімізге деген жаңа қарым-қатынастың стандарты.Жыл соңына дейін тағы бір кеңес өткізу жоспарланып отыр. Онда әрбір ауданның «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарған жұмысына баға берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032724?lang=kk
Әлеуметтік және спорттық нысандар – облыс әкімінің тікелей бақылауында 09.07.2025
Қостанай облысында инклюзивті қоғамды және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жалғасуда. Әсіресе ерекше білім беру және медициналық қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруі мен дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Бұрында резиденция болған нысан – енді ерекше балаларға арналған орталықНегізгі нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы. Бұл орталық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы облыстық резиденция базасында құрылуда.– «Бұл ғимаратты ерекше балалардың қажетіне беру – әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім. Бұрынғы әкімшілік нысанның орнында енді мыңдаған балаға қалпына келуге және дамуға мүмкіндік беретін заманауи орталық ашылады», – деді Құмар Ақсақалов нысанды аралау барысында.Жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр болатын ғимаратты жаңғыртуға 352,4 млн теңге бөлінді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген.Жоба 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды толық қамтуды көздейді. Реабилитация курсының ұзақтығы 14 күннен 21 күнге дейін ұзарады. Бұл орталықтың жылына 1300 балаға дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Қазір жұмыс істеп тұрған жалғыз орталықта тек 400 бала ғана ем-шарадан өте алады.– «Бүгінде облысымызда 3808 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Біз олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға хақымыз жоқ. Сондықтан кәсіби әрі сапалы оңалту ортасын құрып жатырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі.Орталық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 1 млрд теңгеден астам сомаға медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Қор сонымен қатар 3 спорт алаңын да салып береді.Ал облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, жиһаз, жұмсақ мүкәммал және ыдыс-аяқпен қамтамасыз етіледі.Ғимарат мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделуде: пандустар орнатылды, есік ойықтары кеңейтілді, арнайы санитарлық тораптар мен душ кабиналары жабдықталды, көтергіш құрылғылар орнатылуда.Сондай-ақ, балаларға заңды өкілдерімен немесе еріп жүруші тұлғалармен бірге тұруға мүмкіндік жасалады. Орталықта реабилитолог, травматолог, психиатр, педиатр, логопед, дефектолог, психолог, массаж жасаушы, емдік дене шынықтыру және су терапиясы мамандары қызмет көрсететін болады.Орталықты ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған.Келесі нысан – спортты серік еткен жастарға арналғанӘкімнің келесі барған нысаны – Қостанай қаласында салынып жатқан үстел теннисі орталығы.– «Президент бізге бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастарды дене белсенділігіне тарту жөнінде нақты міндет қойды. Біз заманауи, қолжетімді және ынталандыратын инфрақұрылым қалыптастыруымыз керек», – деді Құмар Ақсақалов.Ауданы 2,6 мың шаршы метр болатын орталықта 12 теннис үстелі бар спорт залы, 100 орындық көрермен трибуналары және әкімшілік-тұрмыстық блок қарастырылған.Орталық 150 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда спортшылар жаттығып қана қоймай, республикалық және халықаралық жарыстар да өткізіледі.Нысан мүгедектігі бар адамдар үшін де қолжетімді болады.Орталықты 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032043?lang=kk
ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ 08.07.2025
🔹Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу - Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.🔹Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді.🔹Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты.🔹Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.🔹Кездесу соңында депутаттар этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі маңызын ерекше атап өтіп, ынтымақ пен бірлікке бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ САЛУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 08.07.2025
«Shymkent Invest – Front Office» алаңында ABYROI UNIVERSITY компаниясымен кездесу өтті.Кездесу аясында Шымкент қаласында халықаралық форматтағы университет салу жобасы таныстырылды. Жоба IT, педагогика және агротехникалық бағыттарды қамтиды. Жалпы инвестиция көлемі – 12 млрд теңге. Іске асыру кезеңі: 2025–2029 жылдар.Кездесу нәтижесінде білім беру саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.Шымкент – білім мен инновацияның жаңа орталығы!
Мемлекеттік қолдау – болашаққа салынған инвестиция 04.07.2025
2024 жылдың басынан бері Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін гранттық қаржыландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін грант алу мүмкіндігіне ие. Қаржыландыру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде іріктеу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.Бағдарламаға қатысу үшін ерекше шарттар «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлерге арналған. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер өз өнімдерін тек жергілікті шикізаттан өндіреді. Мұндай тәсіл аймақтық брендтердің дамуына және ауыл кәсіпкерлігінің өркендеуіне жол ашады.2024 жылғы гранттық байқаудың жеңімпаздарының бірі – «Уникум» жылдам оқыту және интеллектіні дамыту мектебі» ЖШС болды. Бұл жоба қазылар алқасының назарын бекерден-бекер аудартқан жоқ, себебі оның мақсаты – қоғамның ең осал тобының бірі саналатын, 1 жастан 4 жасқа дейінгі аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсету.Жобаның негізі – дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеуде өзінің тиімділігін дәлелдеген, ғылыми негізделген ерте араласу әдісі — Денвер үлгісін енгізу болды. Бағдарламаның басты мақсаты — аутизм белгілерін жеңілдетіп, баланың әлеуметтік, эмоциялық, сөйлеу және мінез-құлық салаларындағы дамуын жеделдету. Балалармен жұмыс ойын түрінде жүргізіледі, бұл олардың қоршаған ортаға бейімделуін, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуін қалыптастыруға ықпал етеді.Орталықта ата-аналармен де тығыз жұмыс жүргізіледі: олар арнайы мамандардан кеңес алып, баламен тиімді қарым-қатынас орнатудың стратегияларын үйренеді, сондай-ақ әр кезеңде кәсіби қолдауға ие болады.Гранттық қолдаудың арқасында кәсіпкер орталықты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған арнайы ойыншықтар мен оқу материалдарын сатып ала алды.Бүгінде «Уникум» орталығында 45 бала оқып жатыр, оның 15-і — Денвер үлгісі бойынша. Бағдарламаны жүзеге асырып жатқан мамандар құрамында 12 адам бар: логопед-дефектологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, бастауыш сынып мұғалімдері және басқа да білікті мамандар. Жақын арада, грант шартына сәйкес, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаны тек әлеуметтік маңызы бар бастама ғана емес, сонымен қатар өңір экономикасына пайдалы жоба деп те бағалауға болады.Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттық қолдау бастамасы – мемлекеттік тетіктердің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және инклюзивті қоғам құруға қалай ықпал ете алатынының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1030085?lang=kk
Түлектерге диплом тапсыру – өмір жолындағы жаңа белес 30.06.2025
Қазіргі күндері еліміздің барлық жоғары оқу орындарында түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімдері өтуде. Мыңдаған жас үшін бұл – дербес кәсіби өмірге бастар маңызды кезең. Бұл үрдістен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті де тыс қалған жоқ – бүгін мұнда университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.Бұл шара – оқу жылының аяқталуына арналған бір апталық мерекелік іс-шаралардың қорытындысы болды. 2024–2025 оқу жылында аталған оқу орнынан 2392 студент жоғары білім туралы диплом алып шықты. Университет құрылған күннен бері 190 мыңнан астам маман түлеп ұшып, ел экономикасының, білім беру, құқық және мемлекеттік басқару салаларының дамуына елеулі үлес қосты.Бүгінгі түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов университеттің өңір дамуындағы стратегиялық рөлін атап өтті:– Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет – жоғары білікті кадрлар даярлауда алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Бақытжан Нарымбетов.Мүмкіндіктерге жол ашқан университетBaitursynuly University бүгінде – заманауи талаптарға сай, қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы жоғары оқу орны. Мұнда 8500-ге жуық студент білім алуда. Университет құрамында бес факультет пен бір институт жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бойынша 140 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. 500-ден астам оқытушы студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз етуде.– Біздің мақсатымыз – студенттерімізге барынша көп мүмкіндік беру, – деді университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Біз халықаралық әріптестікті дамытып, қос дипломды бағдарламалар санын көбейтіп келеміз.Әлемдік деңгейдегі білім2021 жылдан бастап университет Литваның Витаутас Магнус университетімен (Каунас қаласы) бірлескен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл оқу орны QS World University Rankings жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 750 университеттің қатарына енген.Биыл алғаш рет Қостанай облысында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша екі студент қыз осы бағдарлама аясында оқуын сәтті аяқтап, бірден екі – қазақстандық және еуропалық үлгідегі диплом алды.– Қос диплом – үлкен мүмкіндік, – дейді түлек Әлия Сыздық. – Бұл – бір уақытта екі университеттен білім алу, кәсіби көкжиегіңді кеңейту. Біздің университетке, ұстаздарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін шексіз алғысымды білдіремін.– Біз бір оқу жылын Литвада өткіздік, – дейді Сабина Қабдыева. – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын меңгеріп, ағылшын тілін жетілдірдік, еуропалық мәдениетпен таныстық. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибе. Енді шетелде тәжірибеден өтіп, жұмыс істеу мүмкіндігіміз бар. Болашақ талапкерлерге осындай мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып көруге кеңес беремін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1027053?lang=kk
ЕАЭО мен БАӘ, сондай-ақ ЕАЭО мен Моңғолия арасында еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды 30.06.2025
2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында ЕАЭО мүше мемлекеттері басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы шеңберінде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық серіктестік туралы келісімге және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне қол қойылды.Екі халықаралық шарт тараптар арасындағы бажсыз сауданы қамтамасыз ететін еркін сауда келісімдері болып табылады.ЕАЭО-ның Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімі шеңберінде өзара саудадағы тауарлардың 85%-не қатысты кедендік мерзімсіз негізде әкелу баждарын алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар арасындағы сауданы реттеу саласындағы стандартты ережелерден басқа, ЕАЭО-БАӘ Келісімі электрондық сауда, салалық ынтымақтастық, шағын және орта кәсіпорындар және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды дамытудың озық нормаларын қамтитыны атап өтіледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарының күшін жою өзара сауданы дәйекті түрде ырықтандыру мақсатында әртүрлі өтпелі кезеңдердің шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.Өз кезегінде, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім тауарлардың қамтылуы шектеулі уақытша келісімді болып, әрбір тараптың негізгі экспорттық мүддесінің 367 тауар позициясына қатысты сауданың преференциялық режимін бекітеді. ЕАЭО-Моңғолия келісімі үш жылға жасалып, тараптардың келісімі бойынша одан әрі үш жылдық мерзімге ұзартылуы мүмкін екені атап өтіледі.БАӘ-мен орнатылатын преференциялық сауда режимі шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар ІҚМ және ҰҚМ еті, құс еті, сүт өнімдері (сүт, йогурт, ірімшіктер), жұмыртқа, бал, көкөністер, бұршақ дақылдары (асбұршақ, үрмебұршақ), алма, дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, күріш), ұн, жарма, өсімдік майлары (күнбағыс, рапс), кондитерлік өнімдер және шоколад, шырындар, сулар және т.б., сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар), тыңайтқыштар, бояулар, тұрмыстық химия (сабын, жуғыш заттар), ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдері (маталар, трикотаж, киім), металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, темір прокаты, шыбықтар, бұрыштар, құбырлар, қара және түсті металдардан жасалған металл конструкциялары мен бұйымдар), машиналар мен жабдықтар, трансформаторлар, сымдар және т.б. өнімдерді бажсыз негізде жеткізуге мүмкіндік алады.Моңғолиямен Келісім аясында бизнес кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері бойынша немесе бажсыз (оның ішінде тарифтік квоталар шеңберінде) дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), құс еті, сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс майы), қант, шоколадты-кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өндірісі өнімдері, сулар, шырындар, джемдер, алкогольдік сусындар мен темекі өнімдері және т.б., сондай-ақ металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, прокат, шыбықтар, құбырлар), трансформаторлар, көлік құралдары (локомотивтер, автомобильдер), химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар) және т.б. өнімдерді жеткізуге мүмкіндік алады.Осылайша, бұл серіктестермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу Қазақстанның преференциялық сауда келісімдерінің желісін кеңейтіп, экспорттық бағыттарды әртараптандырады. Бажсыз сауда режимін орнату қазақстандық өнімдердің әріптестердің нарығына экспортын арттыру үшін қолайлы жағдай құрып,  сауда-экономикалық қатынастарды бекіту үшін маңызды қадамға айналады.Анықтамалық ақпарат: Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 55,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ға жоғары (37,4 млн. АҚШ доллары).Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 30,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары (29,3 млн. АҚШ доллары).Біріккен Араб Әмірлектерімен және Моңғолиямен келісімдер барлық тараптарда ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1026720?lang=kk
Жастар, бизнес және қоғам – өңірдегі құқықтық назардың басты нысанында 28.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді.«Жастар — әділетті қоғамның іргетасы» форумыЖастардың әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудағы рөлін айқындауға арналған бұл форум өңірдің маңызды оқиғаларының бірі болды. Форумның басты мақсаты — жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, олардың заңгерлік сауаттылығын арттыру және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету.Шара барысында цифрлық алаяқтық тақырыбына айрықша назар аударылды. Қатысушыларға алаяқтар ұрланған қаражатты шешіп алуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға пайдаланатын «дропперлердің» кім екені түсіндірілді. Жастарды қырағы болуға, қылмыстық схемалардың құрбанына айналмауға шақырды.Форум аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жаңа профилактикалық жоба таныстырылды.«Мемлекет қорғауындағы бизнес» форумы24 маусым күні Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында «Мемлекет қорғауындағы бизнес» тақырыбында диалогтық форум өтті. Оған прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, экономикалық тергеу, құқықтық статистика және арнайы есеп департаменттерінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мұндай формат Палата мен қадағалау органдары арасында бұған дейін жасалған меморандумдар нәтижесінде мүмкін болды.Форумда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, прокуратура тек ірі инфрақұрылымдық жобаларды ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнестің де өзекті мәселелерін бақылауға алуы тиіс. Қатысушылар Бас прокуратурада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқа отырысында белгіленген жаңа бағыттарды талқылап, алдағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.Осындай шаралар өңірде заңдылықты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғам мен мемлекеттің тиімді диалогын жолға қоюға бағытталған жүйелі жұмысты айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1026244?lang=kk