Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қазақстан мен Жапония: маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту 01.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің және JOGMEC металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі Жапония ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу өтті. маңызды пайдалы қазбалар саласындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін өтті JICA дамушы елдерге техникалық көмек көрсету бағдарламаларын жоспарлайтын және жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым болып табылады. Әріптес елдерге әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, соның ішінде энергияны үнемдеу мәселелерін шешуге көмектеседі2011 жылдан бастап Қазақстан JICA-мен энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ынтымақтасады. Ұйым Индустрия және құрылыс министрлігіне энергия үнемдеу саясатын әзірлеу мен енгізуде, сондай-ақ энергия тиімділігін бақылау және бақылау жүйесін құруда қолдау көрсетті. Қазақстанда Жапония тәжірибесі негізінде энергияны үнемдеу саясатының негізгі құралы – Мемлекеттік энергетикалық тізілім (SER) құрылды.Жапондық JOGMEC металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік ұйымы бұрынғы Жапония ұлттық мұнай корпорациясының функцияларын біріктіреді. және бұрынғы Жапония металдар тау-кен агенттігі.2024 жылдың тамызында Индустрия және құрылыс министрлігі JOGMEC-пен геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. > Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/929263
ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ 01.02.2025
Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Этностар арасындағы ынтымақтастық: елдің даму кеңістігіндегі рөлі» атты «дөңгелек үстел» өтті.Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесіп ұйымдастырған іс-шара еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыруға, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттауға, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспар-жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.Келелі жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің басшылығы, сондай-ақ Түркістан облысы прокуротурасы мен облыстық полиция департаменті, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, өңірлерден келген қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.«Дөңгелек үстел» барысында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы этносаралық келісімді сақтаудағы маңыздылығына тоқталса, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова халықаралық университеттің этносаралық ынтымақтастық пен түркітілдес әлемді біріктірудегі рөлін атап өтті.Іс-шарада елдің даму кеңістігіндегі этностардың рөлі, олардың экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ықпалы туралы және өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Бұл орайда, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, ХҚТУ-нің профессоры Сейдулла Садықов және құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, пікір алмасты. Қатысушылар өз тәжірибелермен бөлісіп, этносаралық ынтымақтастықты нығайту үшін нақты ұсыныстар жасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928893
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЧЕМПИОНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ 01.02.2025
Жетісай ауданының спортсүйер азаматтары классикалық белбеу күресінен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Әлем чемпионы Біржан Шаймерденге құрмет көрсетіп, ағайын-туыстары тұлпар мінгізді. Ауыл ақсақалдары баталарын беріп, алдағы дүбірлі додаларда жеңіс тіледі.Аталған шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, чемпионның ағайын-туыстары мен ел ағалары қатысты.Аудан басшысы ел намасын әлемде мойындатып жүрген чемпионға сәттілік тілеп, спортшы мен атасы Шаймерден ақсақалға сый-сияпат жасады.Айта кетейік, Шаймерден Біржан Ыдырысұлы 1996 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген.Спорттық мансабында Біржан Ыдырысұлы 2015 жылы грек-рим күресінен ҚР универсиадасының қола жүлдегері, белбеу күресінен ҚР 7 дүркін чемпионы, 2020 жылы Иран елінің Тегеран қаласында өткен Иран ұлттық күресінен Әлем чемпионы, 2023 жылы Бішкек қаласында өткен белбеу күресінен Гран-при турнирінің қола жүлдегері, Краснодар қаласында өткен Әлем кубогінің қола жүлдегері, 2024 жылы Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен Белбеу күресі турнирінде Әлем чемпионы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтарының иегері. ҚР Спорт және Туризм министрі Ербол Мырзабосыновтың жарлығымен өткен жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928897
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,7 МЛН АЗАМАТ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН 01.02.2025
Бұл туралы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.«Түркістан облысы бойынша 2024 жылы денсаулық сақтау саласындағы Қор арқылы ТМККК мен МӘМС аясында келген бюджет көлемі– 235,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, МӘМС пакетіне – 117,7 млрд теңге, ТМККК пакетіне – 118,2 млрд теңге. Жалпы өткен жылы облыс тұрғындарына 184 медициналық ұйым қызмет көрсетті. Оның 141-і жекеменшік мекеме. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 1,7 млн тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Атап өтерлігі, МӘМС қаржысы есебінен стационарлық медициналық көмекке – 35,5 млрд теңге, консультативті–диагностикалық қызметтерге – 15 млрд теңге, жоғары технологиялық оталарға – 978,2 млн теңге, медициналық оңалтуғаь–7,6 млрд теңге, стоматологиялық қызметтерге – 4,8 млрд теңге, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 16,8 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ, тұрғындар бейінді мамандардың күнделікті қабылдауы, түрлі анализдер мен КТ, МРТ сияқты диагностикалық қызметтерді алды. Мәселен, өткен жылы өңір халқы құны 2,5 млрд теңге тұратын 151 мың МРТ және КТ қызметін алған», – дейді Бақыт Торғайбайұлы.Спикердің сөзінше, облыста МӘМС есебінен жүйесінде сақтандырылған азаматтарға оталар тегін жасалады. Оның ішінде, 4,2 млрд теңгеге 3 мыңнан астам кардиохирургиялық операция, 2,3 млрд теңгеге 1000-нан астам нейрохирургиялық ота, 419,8 млн теңгеге 1000-ға жуық лор бейіні бойынша ота мен электромагнитті есту аппараты орнатылған.Сонымен қатар 235,6 млн теңгеге 100-ден астам тізе және шат буындарын ауыстыру отасын, 916,8 млн теңгеге 1000-нан астам тамыр және нейротамыр отасын, 80,4 млн теңгеге 16 рет бүйрек және бауыр трансплантациясы жасалды. Бір отаның құны шамамен 5-10 млн теңгені құрайды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928904
«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАРҒА 888 МЛН ДОЛЛАР АУДАРЫЛДЫ 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады.Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды. Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928914
ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ 01.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына іссапары барысында нысандардың құрылысын қадағалады. Әлеуметтік нысан құрылысын қатаң сынға алған өңір басшысы жауаптыларға талап қойды. Сапасыз және созылған құрылысқа жауапты компанияларды қомақты айыппұл мен қара тізім күтіп тұрғанын айтты. Әкім құрылыста салғырттық танытып, сыныққа сылтау іздемеуді ескертті. Кемшіліктерді шұғыл ретке келтіруге уақыт берді.«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептің жай-күйімен танысқан облыс әкімі Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан мектептердің құрылысын жазға дейін аяқтауды тапсырды. Жауапсыздық танытқандардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды міндеттеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы. Осы жоба аясында облыста 29 жаңа мектеп ашылады.– Сіздердің немқұрайлылықтарыңыз халыққа зиянын тигізбеуі тиіс. Құрылыста демалыс деген жоқ. Жұмыс «қайнап жату» керек! Жауаптылар құрылыстың басында жұмысты талап етіп жүруі қажет. Олай болмаса, іс өнбейді. Қаражат бөлінген, құжат бойынша тұруы тиіс есік-терезесі неге әлі салынбаған? Жылу неге қосылмаған? Мен келгенде ғана осында жүресіздер, қалған уақытта көлеңке көрсетпейсіздер. Кімді алдап жүрсіздер? Созбалаңға салмай, мектепті жазға дейін аяқтаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Облыс басшысының құрылысы енді аяқталған дәрігерлік амбулаторияның ішкі әрлеу жұмыстарына да көңілі толмады. Қожатоғай ауылдық округінде бой көтерген медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған. Әкім кем-кетіктерді ретке келтіруге 1 ай уақыт берді.– Сіздер үйлеріңізге осындай нашар есік қояр ма едіңіздер? Жоқ! Қыруар ақшаға салынған соң, жауапкершілік керек. Мынау тірліктеріңіз ұят. Халықтың қаражатына салып отырсыздыздар, жанашырлық болуы керек қой! Осы ауылдың азаматы екенсіз, ендеше жауапкершілік еселеп артады. Ауылдастарыңыз келетін жер ғой. Неге бірден сапалы, дұрыс істемеске? - деді әкім.Аталған мәселелер бойынша жауапты басқарма басшыларына, қала әкіміне тиісті тапсырмалар берілді. Құрылыс қарқыны қатаң бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929203
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ. 01.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы құрметті қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Олардың тілектерін мұқият тыңдап, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.«Біз үшін ең маңызды басымдық – өңірді газдандыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы бағыттар бойынша жұмысымызды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, біздің барлық бастамаларымыз халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Біз тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, олармен тығыз жұмыс жасаймыз, – деді облыс әкімі.Аймақ басшысы «Арыс жылу» мемлекеттік кәсіпорнының модульдік қазандығының жұмысымен де танысты. Нысан өткен жылы толықтай жаңартылып, көгілдір отынға көшірілді. Қазандықтардың барлық технологиялық процестері толық автоматтандырылған. Қазіргі таңда «Арыс жылу» кәсіпорны арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме және 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929230
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА 01.02.2025
Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде салынып жатқан 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының даму бағытымен танысты. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ.Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге кешен жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы мал бордақылау алаңының Арыстың экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, бұл жоба облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді.Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына 15 мың бас, биыл тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жемшөп дақылдарын өсіруді жолға қоюда. Ол үшін, әлемге әйгілі ауылшаруашылық техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алуда.Бұл қадам мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде жүзеге асырылады.Жобаның жалпы құны 16,2 млрд теңгені құрайды, және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929246
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСЫ ЖӘНЕ ИРРИГРАЦИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ОБЛЫСТАРДА БОЛЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ. 01.02.2025
✔️ Министр водных ресурсов и ирригации РК Нуржан Нуржигитов прибыл с рабочим визитом в Туркестанскую область, где посетил Мактааральский, Шардаринский, Отрарский и Байдибекский районы. Он ознакомился с работой ряда объектов и встретился с местными жителями. О проделанной работе и планах в сфере водных ресурсов доложили заместитель акима области Нурбол Турашбеков и директор туркестанского филиала РГП «Казсушар» Казибек Бедебаев.✔️ В первую очередь министр ознакомился с состоянием центрального коллекторно-дренажного канала «Мырзашөл» в Мактааральском районе. Этот объект, расположенный на границе Казахстана и Узбекистана, был введен в эксплуатацию в 1930 году и предназначен для отвода дренажных вод с сельскохозяйственных угодий. Общая протяженность канала составляет 84,7 км, из которых 56,15 км проходят по территории Казахстана (в Мактааральском районе – 26,85 км, в Жетысайском – 29,30 км). Пропускная способность – 120 м³/сек. Ежегодно из Казахстана в канал «Мырзашөл» сбрасывается около 122 млн м³ дренажных вод.✔️ В Мактааральском районе Нуржан Нуржигитов провел встречу с местными жителями, где обсуждались актуальные вопросы в сфере водных ресурсов. Министр ответил на интересующие граждан вопросы.✔️ Далее рабочая поездка продолжилась в Шардаринском районе, где министр посетил водохранилище «Шардара» и ознакомился с его техническим состоянием. Пропускная способность водохранилища – 2 927 м³/сек, общий объем – 5,2 млрд м³, длина плотины – 5 км.📌 Министру также представили информацию о техническом состоянии водорегулирующего сооружения «Коксарай», введенного в эксплуатацию в 2011 году. Общий проектный объем воды – 3 млрд м³. Однако в связи с ослаблением конструкций объектов Коксарайского комплекса в настоящее время невозможно накапливать более 1,5 млрд м³ воды из-за высокого уровня грунтовых вод. В целях решения проблемы по поручению Комитета водных ресурсов РК был разработан проектно-сметный документ. Реализация проекта запланирована в три этапа.📌 В этот же день министр посетил Отрарский район, где ознакомился с работой хлопкоперерабатывающего завода «Алтын Дала Макта». Он также встретился с зарубежным инвестором Сюй Цзе и обсудил дальнейшие планы по развитию хлопковой отрасли в регионе. Инвестор намерен реализовать проект по выращиванию хлопка с использованием водосберегающих технологий на сумму 47,6 млрд тенге, что создаст около 750 новых рабочих мест. Кроме того, в Отрарском районе уже начато строительство трех заводов: двух хлопкоперерабатывающих предприятий и одного завода по производству систем капельного орошения. В рамках создания хлопкового кластера в специальной экономической зоне «Туркестан» запланировано строительство пяти заводов: текстильного, прядильного, окрасочного, швейного и предприятия по производству ПВХ-труб. Общий объем инвестиций составит 57 млрд тенге, а количество новых рабочих мест – 2 900.📌 Также министр посетил Байдибекский район, где ознакомился с ходом строительства водохранилища «Байдибек ата». На сегодняшний день работы по строительству объекта выполнены на 40%, а сооружение аварийного водосбросного канала – на 90%. В строительстве задействованы 60 рабочих и 30 единиц техники. После завершения проекта 9,7 тыс. га орошаемых земель вдоль канала будут обеспечены стабильным водоснабжением. Водохранилище строится на месте слияния рек Балабоген и Улкенбоген.📌 Ознакомившись с ходом работ в регионе, Нуржан Нуржигитов поручил акимам районов и ответственным специалистам не снижать темпы работы и поставил конкретные задачи.Пресс-служба акима Туркестанской области✔️Жұмыс сапары Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасында жалғасты. Министр нысанның техникалық жағдайымен танысып, шаруалармен кездесті. Бұл су қоймасының сыймдылығы 5,2 млрд.м3 болса, өткізгіш қабілеті – 2 927 м3/сек. Бөгеттің ұзындығы – 5 шақырым.📌Сонымен қатар министрге 2011 жылы пайдалануға берілген «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы таныстырылып, өзекті мәселелері айтылды. Нысанның жалпы жобалық су көлемі 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд.м3-тан артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.📌Осы күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Отырар ауданына іссапармен барып, «Алтын Дала Мақта» мақта өндеу зауытының жұмысын бақылады. Шетелдік инвестор Сюй Цземен кездесіп, жоспарларын тыңдады. Инвестор Түркістан облысында мақта өсіру және мақта-тоқыма кластерін құру бағытында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниетті. Ол 47,6 млрд.теңгеге су үнемдеу технологиялары арқылы мақта дақылын өсіру жобасын қолға алып, 750-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар Отырар ауданында 3 зауыттың құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, 2 мақта өңдеу зауыты және тамшылатып суару жүйесін шығаратын кәсіпорын салынады. Одан бөлек, мақта кластерін құру жобасы аясында «Түркістан» арнайы экномикалық аймағында 5 зауыт құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, жіп иіру, мата, бояу және әрлеу, тігін фабрикалары мен ПВХ құбырларын өндіретін кәсіпорны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі – 57,0 млрд.теңге. Нәтижесінде, 2900 жаңа жұмыс орны құрылмақ.📌Сондай-ақ министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысымен танысты. Нысанның құрылыс жұмыстары – 40%, апаттық ағытушы каналдың жұмыстары 90% орындалған. Құрылыс басында 60 жұмысшы, 30 техника жұмыс атқаруда. Жоба аяқталғанда каналдың бойындағы 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтамасыз етіледі. Су қоймасы Балабөген және Үлкен бөген өзендерінің қиылысқан жерінен салынады.📌Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына жұмыс қарқын бәсеңдетпеуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929272
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ 01.02.2025
✔️Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі су қоймаларының жағдайымен танысты. Министр Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар таныстырылды.✔️«Көксарай» су реттегішінің жалпы жобалық су көлемі – 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд. текше метрден артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.⤵️Түркістан облысында 16 су қоймасы бар. Онда жиналған су көлемі – 5148 млн. м3.✔️«Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Бөгеттің ұзындығы – 1,75 шақырым, биіктігі – 26 метр. Су қоймасы көктемгі тасқын суын жинап, суару маусымында «Бөген» су қоймасына қосымша су жіберетін болады. «Бәйдібек ата» су қоймасының негізгі су көзі – Бөген өзені. Гидрологиялық есептеулерге сәйкес, өзеннің орташа жылдық ағыны – 165 млн текше метрге дейін жетеді. Яғни, осы суды жинап алып, халықтың қажеттілігіне жарату өте маңызды.📌Министрліктің Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Екі нысан «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесін шешу жоспарланған.📌Облыста суармалы жер көлемін арттыру, су қоймалар мен каналдардың тиімділігін молайту, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929274
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Ақбар Джоукармен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында тараптар көлік, логистика және авиация салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, елдер арасындағы көлік дәліздерін кеңейту мен транзиттік маршруттарды жетілдіруге ерекше назар аударды.Анықтама: 2024 жылғы 19 шілде күні Ақтау қаласында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту бойынша 2024 – 2025 жылдарға арналған төрт жақты Жол картасына қол қойылды.Жол картасындағы барлық шараларды жүзеге асыру «Солтүстік – Оңтүстік» маршрутының өткізу қабілетін 20 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/929136
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні: QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарға 15% жеңілдік ұсынады 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2025 жылдың 1-2 ақпан аралығында арнайы науқан жариялайды. Тек 1-2 (қоса алғанда) ақпан аралығында сіз әуекомпанияның сайтында субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттар бойынша тарифтен 15% жеңілдікпен билеттерді сатып ала аласыз. Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 3 ақпаннан 25 қазанға дейін (қоса алғанда).Сонымен қатар, 1-2 ақпан аралығында әуекомпанияның IQ Bonus жолаушыларды ынталандыру бағдарламасына тіркелу кезінде 500 емес, 2000 сәлемдесу бонустары есептеледі. Бұрында тіркелген қатысушылар үшін 1000 бонус қосылады. IQ Bonus жолаушыларды ынталандыру бағдарламасына осы сілтеме арқылы тіркеле аласыз. Қосымша ақпаратты әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан немесе +7 727 3561414 байланыс орталығының номеріне хабарласу арқылы алуға болады.Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келетінін атап айту керек. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қарағанды – Түркістан, Жезқазған – Қарағанды жаңа рейстері іске қосылды. Астанадан Павлодар мен Түркістанға ішкі рейстер жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/929152
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында Марат Ахметжанов Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапионның қайғылы қазасына байланысты митрополит Александрға көңіл айтты.«Серапион Владыка біздің өңірімізде конфессияаралық келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Ол епархияда 10 жылдан астам қызмет етіп, тек прихожандар мен дін қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары мен басқа конфессия басшыларының да құрметі мен сеніміне ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы облыс әкіміне қиын сәтте білдірген қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтты. Митрополит Александр архиепископ Серапионның адамдарға қызмет етуге және қоғамның рухани негіздерін нығайтуға өз өмірін арнаған көрнекті рухани тәлімгер болғанын атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар конфессияаралық келісім, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және өңір игілігіне бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамалар мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929093
Қосшы қаласында бір күнде 2000 текше метр қар шығарылды 01.02.2025
Қосшы қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейтін бригада күніне 120 рейс жасап, 2000 текше метр қар шығарады.Бұл жұмыстарға 30 бірлік техника мен 40-тан астам қызметкер жұмылдырылған. Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Қыс мезгілі басталғалы шығарылған қар көлемі 72 мың текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928949
«Жастар практикасы»: Қарағанды облысының кәсіпорындарында 400-ден астам жас маман тәжірибе жинақтауда 01.02.2025
Қарағанды облысында биыл колледждер мен жоғары оқу орындарының 429 түлегі «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмысқа жолдама алды. Бюджет қаражаты есебінен бар-жоғы 872 адамды қамту жоспарланған.Жастар практикасына Еңбек ұтқырлығы орталығында немесе Мансап орталықтарында ресми тіркелген жұмыссыздар жұмысқа орналастырылады. Мемлекет қолдауын 35 жастан аспаған, бес жыл бұрын диплом алған мамандар пайдалана алады.Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге). Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мансап орталыққа жүгіну қажет.Жобаны пайдаланғандардың бірі – 23 жасар Хансұлтан Мақсатұлы. Ол Әбілқас Сағынов атындағы КарТУ 2023 жылы бітірген.– Менің мамандығым тау-кен және пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, – дейді ол. – Бірақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, өкінішке қарай, мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Ата-анамның мойнында отырмау үшін азық-түлік дүкеніне орналастым. Онда бір жылға жуық жұмыс істедім. Бірақ мен әрдайым мамандығымды жүзеге асырғым келді. Қанша жыл бекер оқыдым ба? «Жастар тәжірибесі» жобасы жайлы білген бетте өз мүмкіндігімді жіберіп алмауға бел будым.Жас жігіттің айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ол «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ өндірістік-техникалық бөлімінде жұмыс істейді.– Маған бұл жер өте ұнайды, ұжымым жақсы, – дейді Хансұлтан. – Егер менде қандай да бір сұрақтар туындаса, онда аға әріптестерім көмектеседі. Жалақымды уақытында аламын, барлық әлеуметтік аударымдар бар. Өзімді жақсы көрсетіп, үлкен команданың бір бөлігі боламын деп үміттенемін.Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928266
Шекарасыз жоғары білім: Қарағанды ​​мектебінің түлектері шетел университеттерінің филиалдарымен танысты 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру үшін елде шетелдік университеттердің филиалдарын құрудың маңыздылығын атап өтті.Осы бастаманың аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Қарағанды ​​қаласында шетелдік университеттердің филиалдары өтті. Ол мектеп бітірушілерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге көмектесуге арналған.Аймақтардың белгілі бір мамандарға қажеттілігін ескере отырып, шетел университеттерінің филиалдары ашылады.— Қазіргі уақытта 23 шетелдік университетпен стратегиялық серіктестік орнатылған, және тағы 11 университетпен келіссөздер жүргізілуде, — деді ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев. — Бұл қазақстандық жастар үшін жаңа перспективалар ашады. Өйткені, мұндай университеттерде білім алу халықаралық стандарттарға сай және мемлекеттік гранттар есебінен де қолдау табады. Бұл университеттердің ҰБТ және түсу емтихандарын тапсыру арқылы сіз сұранысқа ие мамандықты тегін ала аласыз. Биыл филиалдарда оқытуға 2000 грант бөлінді. Бұл тәжірибе келесі оқу жылында да жалғасын табады.Талапкерлер арасында ең танымалы Ақтөбе қаласындағы Жұбанов университетінің базасында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шотландияның Гериот-Уатт университеті болды. Қазіргі уақытта университетте 600-ге жуық студент бар және университеттің өзі жоғары рейтингі және қол жетімді қабылдау шарттарымен түлектерді тартады.— Гериот-Ватт университетіне түсу үшін ҰБТ нәтижелері жеткілікті, ал ағылшын тілін білу ішкі емтиханмен расталады. IELTS орнына емтихан. Бұл қазақстандық талапкерлер үшін қабылдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, студенттерімізге университеттің Малайзия, Дубай және Эдинбург филиалдарында білім алу мүмкіндігі бар, бұл тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ашады, дейді Жұбанов университетінің өкілі Асқарбек Иманшеев.Үшінші жыл филиал. Быдгощ қаласындағы (Польша) Шәкәрім атындағы университетте Экономика университетінің профессоры жұмыс істейді, онда спорт және демалыс менеджерлерін дайындайды.«Бүгінде бұл өте танымал мамандық», - дейді университет өкілі Мәдина Жылгелдинова. — Оқудың бірінші жылы қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Ал екінші курста Польшаға барып, оффлайн режимде оқу жоспарлануда. Ал үшінші жыл тағы да Қазақстанда. Түлектер бір мезгілде екі диплом алады, оның бірі еуропалық стандартты. Көрме мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырды.«Мен қос диплом бағдарламасы және бұрын естімеген мүмкіндіктер туралы білдім», - деді 11-сынып оқушысы Анар Әлжаппар. — Физика және математика бойынша бағдарламалар ұсынатын университеттермен танысу әсіресе пайдалы болды. Енді мен бұдан әрі қандай жолмен жүру керектігін жақсы түсіндім.Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қарағанды ​​облысының әкімдігімен бірлесіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928268
Қарағанды облысында Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру талқыланды 01.02.2025
Қарағанды облысының әкімдігінде ел Президентінің 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын қалай орындалатыны туралы айтылды. Өңір активінің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы жариялаған сегіз магистральдық бағыттың барлығы қозғалды.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев экономикаға инвестиция тарту бірінші орында екенін атап өтті.– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы біздің облыс алға қойған көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономиканың 13,7%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылға қарай 61% -ға өсе отырып, 1,4 трлн теңгені құрады. 200 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, 2,5 мың жұмыс орны құрылды, Алайда біз даму әлеуетіміз әлі де зор екенін түсінеміз, – деді өңір басшысы. – Салалық басқармалар, қалалар мен аудандар әкiмдерi шетелдiк инвесторларды тарту жөнiндегi жұмысты күшейтсiн және жобалау кезеңiнен бастап өндiрiстi толық iске қосуға дейiн iске асырылатын жобаларды сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн. Бұл біздің KPI, әкімдер жеке жауапкершілікте. Инвесторлардың барлық мәселелерін шешу керек!Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов 2025 жылы 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанын, бұл соманың 90% -ға жуығы – жеке капитал екенін атап өтті.Экономиканың өсу нүктелерінің бірі туризм болуы тиіс екендігі атап өтілді. Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш және Қарқаралы аудандарындағы туристік инфрақұрылымға, сондай-ақ қала маңындағы туризмді дамыту үшін бос жер учаскелеріне ревизия жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, ірі жобалардың тізбесін қалыптастыру қажет.Логистиканы, электрондық сауданы дамыту – бұл да әлеуетті бағыттар. Мемлекет басшысы халықаралық аэрохаб құру қажеттігін атап өтті. Мұнда Қарағанды әуежайы өз рөлін атқаруы мүмкін: инвесторлар жыл сайын 50 мың тоннаға дейін жүк тасымалдау үшін жүк-терминал құрмақшы. Әуежай қазірдің өзінде Эквадор, Нидерланды, Бельгия және Оңтүстік-Шығыс Азиядан жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарланып отыр.Жасанды интеллектіні енгізуге келетін болсақ, мемлекеттік органдардың қызметтері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін электрондық көмекшілерді пайдалану ұсынылды.ТКШ саласында жаңа желілерді жаңғырту және салу жалғасады. Биыл тұрғындарды жылумен жабдықтауды жақсарту үшін алты жоба және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 33 жоба жоспарланған. 3,2 км жылу желілері, 98,9 км су құбыры және кәріз желілері салынатын және жаңартылатын болады.Энергия тапшылығын шешу үшін 2028 жылға дейін облыстың үш энергия көзінде ірі жобаларды іске асыру жоспарланған: Қарағанды ЖЭО-3, «Топар» МАЭС және Балқаш ЖЭО. Қуаттылықты арттыру үшін екі жаңа қазандық пен төрт турбина іске қосылады.Кеңесте сондай-ақ бюджеттік тәртіпті күшейту, «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» одан әрі дамыту туралы айтылды.– Мен кәсіпорындарға шыға отырып, жаңа форматта кездесулер өткіздім. Біздің жыл сайынғы халықпен кездесулерімізге жұмыс істейтіндер әрдайым келе бермейді. Өз орынбасарларыма, әкімдерге осы жұмысты жалғастыруды және еңбек ұжымдарымен, бизнес, агроөнеркәсіп кешені, жастар және басқа да салалардың өкілдерімен кездесулер өткізуді тапсырамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928267
Саран қаласы салық түсімдерін шоғырландыра бастады 01.02.2025
Қарағанды облысындағы Саран қаласының экономиканы әртараптандыру жөніндегі табысты тәжірибесі үлгі ретінде мысалға келтірілді. Бұрынғы моноқала айтарлықтай салық түсімдерін жинай бастады. Бұл индустриялық аймақты дамытудың арқасында мүмкін болды.– Қалалар мен аудандар әкімдері бейінді басқармалармен бірлесіп, салық салу базасын ұлғайту, бизнесті дамыту, жаңа инвестициялар тарту және инфрақұрылымдағы алшақтықтарды азайту үшін ұдайы жұмыс істеуі қажет. Мысалы, Саран қаласындағы жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау есебінен экономика толығымен әртараптандырылған. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 21,4 млрд теңге салық пен төлем түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке – 7,2 млрд, жергілікті бюджетке – 14,2 млрд, оның жартысы негізгі проблемаларды шешуге қала бюджетіне түсті, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын іске асыруды талқылау бойынша өңір активінің кеңесінде.Ол облыста өсу нүктелерінің бірі Теміртау маңында металлургиялық кластер құру болатынын атап өтті. ШОБ-тің жаңа жобаларын мемлекеттік қолдау, оның ішінде жергілікті бюджеттен субсидиялау қарастырылған.Ал «Сарыарқа» АЭА-да кремний кластерін құруға болады.Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту туралы айтты. Бұл жергілікті тауар өндірушілер өз цехтарын жеңілдікті шарттармен орналастыра алатын алаң. Биыл Қарағандыда екі және Саранда бір шағын өнеркәсіптік аймақ ашу жоспарлануда. Теміртауда - «Кармет Сервис» базасында және Шахтинскіде – ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған синтетикалық жуғыш заттар зауытының базасында осындай алаңдар құру пысықталуда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқа қалалар мен аудандарда да шағын өнеркәсіп аймақтарын құру және тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928287
Ермағанбет Бөлекпаев: «Монополистер тұрғындарға ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндіруі тиіс» 01.02.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге тұтынушылар алдында есеп беру қажеттігін еске салды. Тұрғындар «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар болуы тиіс.– Уәкілетті органдармен желілерді жаңғырту, оған «ұзақ ақша» деп аталатын жеке қаражатты тарту бойынша нақты ұсыныстарды қарастыруды және беруді сұраймын. Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасына қатаң бақылау жүргізіңіздер. Монополистер тұрғындарға қаражатты қайда бағыттайтынын түсіндіруі тиіс. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мұны бақылауы қажет. Тарифтер көтерілуде, бірақ біз барлығымыз оң өзгерістерді көруіміз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруды талқылау жөніндегі өңір активінің кеңесінде.Биыл қалалар мен аудандарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті ол.Сондай-ақ, инженерлік желілердің тозуын азайту жұмыстары жалғасады.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов биыл 81,1 км су құбыры желісін салу және қайта жаңарту жоспарланып отырғанын баяндады. Тұрғындары аз елді мекендерде 25 блок су орнатылуы тиіс.Бұдан басқа, 2025 жылға арналған жоспарда 85 шақырымнан астам электр беру желілерін реконструкциялау, жаңғырту және күрделі құрылыс көзделген.Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 24,5 км желіні қайта құру және салу жоспарлануда. Жобалар бюджет қаражатына және инвестициялық бағдарламалар есебінен іске асырылады. Бұдан басқа, 68 км жылу желісін ағымдағы жөндеу көзделген. Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында қазандық салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928289
Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах және Равель шығармаларын орындайды 01.02.2025
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 2 ақпанда сағат 12:00 фортепиано музыкасының концертіне шақырады. «Шалқыма» концерт залында Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах пен Равельдің тамаша шығармаларын орындайды.Бағдарламада № 1 d-moll Иоганн Себастьян Бах фортепианоға арналған концерт пен Морис Равельдің № 1 G-dur оркестріне арналған концерт бар.Солистер – Нұргүл Төлеуова (Алматы) және Мақпал Кабден (Париж).Пианиношы Макпал Кабден Қытайда дүниеге келген. А. Корто атындағы Париж жоғары музыка мектебінің аспирантурасын белгілі педагог және орындаушы Гигла Кацарава сыныбында бітірген. Көптеген беделді конкурстардың лауреаты. Табысты концерттік қызмет жүргізуде.Дирижерлік пультте – халықаралық конкурстардың лауреаты композитор Әбілқайыр Сағымбаев.41-13-14, 41-22-36 телефондары бойынша анықтама алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928292