Enbekshi QazaQ

Экономика

Қостанай облысында құрылыс қарқыны артып келеді 26.06.2025
2025 жылдың алғашқы бес айында Қостанай облысының құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында мәлім етілгендей, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 70 пайызға артып, 75,5 млрд теңгені құрады.Аймақ үшін басым бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы. Жыл басынан бері 179,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл – 1 810 пәтер. Қостанай қаласы, Рудный және Қостанай аудандарында орналасқан жаңа «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандары белсенді түрде дамып келеді. Жалпы алғанда, бұл аудандарда 150-ден астам тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар нысандар салу жоспарланған.Отырыста облыс әкімі өмір сүру ортасының сапасына ерекше назар аударды:«Үй салған кезде аумақты абаттандыруға ерекше мән беру керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, барлық құрылымдар берік орнатылуы тиіс. Мен құрылыс алаңдарын жеке өзім аралап жүрмін, аудан әкімдеріне бұл жұмысты қатаң бақылауға алуды тапсырдым. Қоғамдық бақылау – ең тиімді тәсіл», – деді Кумар Ақсақалов.Сондай-ақ өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Қазірдің өзінде жаңа мектептер, емханалар, балабақшалар мен спорт нысандары іске қосылған. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.Инженерлік инфрақұрылымға 8,7 млрд теңге бөлініп, Құнай, Береке, Астана және Бәйтерек шағын аудандарында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару ісі жанданып келеді: бес ай ішінде өндіріс көлемі 18,5 млрд теңгеге жеткен.Кеңесте ТОО «My Eco House» директоры Нұржан Батталов жеке бастама ретінде энергия үнемдейтін СИП-панельдерден үй салу жобасын таныстырды.«180 шаршы метрлік бір үйді небәрі 10 күнде құрастырып шығуға болады. Арнайы техника қолданбаймыз, іргетасы жеңіл, ал материалдар жылу сақтайды. Сарыкөл мен Әулиекөл аудандарында біз тек үйлерді салып қойған жоқпыз – жергілікті шаруашылықтардың қызметкерлері өздері біздің жинақтарымыздан үйлерін тұрғызды», – деді ол.Бұдан бөлек, облыста «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алу үшін электронды кезек жүйесі енгізіліп жатыр. Мамыр айының соңындағы мәліметке сәйкес, бұл базаға ел бойынша 149 мыңнан астам өтінім тіркелген. Жүйе арқылы баспанаға мұқтаж жандарға жалдамалы тұрғын үйден бастап, жеңілдетілген ипотекаға дейін түрлі мемлекеттік қолдау ұсынылады.Кумар Ақсақаловтың айтуынша, өңірдегі барлық бастама мен жұмыс азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған: баспана – бұл жай ғана қабырға емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1024796?lang=kk
Азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі: цифрлық дәуір сын-қатерлері және оған қарсы іс-қимыл шаралары 26.06.2025
Соңғы уақытта Қазақстанда қаржы пирамидаларына, заңсыз онлайн-казиноларға және «оңай әрі жылдам табыс» түрінде ұсынылатын күмәнді қаржылық құрылымдарға тартылған азаматтардың саны артып келеді. Бұл жағдайдың басты себептері – халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығының төмендігі мен экономикалық қысымның күшеюі. Мұндай қаржылық қақпанға түсу тек материалдық шығындарға ғана емес, кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке де алып келуі мүмкін.Қазіргі алаяқтық схемалар көбіне инвестициялық платформалар, экологиялық цифрлық жобалар немесе жоғары технологиялы стартаптар түрінде бүркемеленіп ұсынылады. Бұл құрылымдардың өміршеңдігі жаңа қатысушылардың үнемі тартылуына тәуелді, ал қаржы ағыны азайған сәтте жүйе бірден құлдырайды.Осы өзекті мәселелер «AFM online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форумда талқыланды. Іс-шара Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өтті. Форумды мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық белсенділер мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ медиа саласының өкілдері ұйымдастырды. Форумға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау, білім, экономика салалары мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қатысты.Өз сөзінде облыс әкімі азаматтардың күмәнді схемаларға тартылуына олардың жылдам байып кетуге деген ұмтылысы себеп екенін атап өтті. Бұл үрдіске микрокредит беру көлемінің өсуі мен халықтың қарыздық жүктемесінің артуы да әсер етуде.—" Адамдар бұрынғы несиесін жабу үшін жаңасын алады, онлайн-казиноларға қатысады немесе қаржы пирамидаларына енеді. Алайда мұндай әрекеттердің арты ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін", — деді Марат Сұлтанғазиев.Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және шетелдік, отандық инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алайда жастар мен әлеуметтік осал топтар арасында қаржылық сауаттылықты арттырмайынша, бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес.Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов цифрлық трансформация жағдайында алаяқтар заманауи технологияларды заңсыз схемаларды жүзеге асыру құралына айналдырып отырғанын жеткізді.— "Біз қаржылық сауатсыздықтың салдарымен күн сайын бетпе-бет келеміз: заңсыз инвестициялық жобалардан бастап несие беру саласындағы заңбұзушылықтарға дейін. Бүгінде басты ресурс – білім. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономика мен қаржы негіздерін меңгеру, цифрлық дағдыларға ие болу – өмірлік қажеттілікке айналды", — деді ол.Форумда қатысушылар ерекше назарды «дроппер» деп аталатын тұлғаларға — яғни өздерінің жеке деректерін немесе банк карталарын қылмыскерлерге пайдалануға берген азаматтарға аударды. Көп жағдайда олар өз рөлін толық түсінбей, оңай табысқа қызығып келісім береді. Алайда бұл әрекеттер қылмыстық іске қатысы бар деп бағаланып, Қазақстанда ондап саналатын жастар нақты сот үкімдерімен бас бостандығынан айырылды.Форумға 200-ге жуық қатысушы жиналды. Шара барысында криптовалюталық пирамидалар, әлеуметтік желілердегі фейк ұсыныстар, жасанды интеллект арқылы жасалған жалған сайттар мен бейне-аудио материалдар сияқты цифрлық алаяқтықтың өзекті түрлері қарастырылды.Қазақстанда мұндай заңсыз схемалармен күрес бірнеше деңгейде жүргізілуде. 2024 жылдың өзінде қаржы пирамидаларын құру деректері бойынша 82 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал көлемі 5,4 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру және оқыту шаралары да жүзеге асырылуда. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша өткен жылдың күзінде еліміздің қалалары мен ауылдарында 5 мыңнан астам азамат арнайы оқудан өтті.Fingramota Online секілді онлайн платформалар азаматтарға пирамидаларды тану тәсілдері мен әрекет ету алгоритмдері туралы сенімді ақпарат ұсынады.Форумға қатысушылар қоғамда қаржылық қауіпсіздік дағдыларын, сыни ойлауды және ақпараттық гигиенаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Қаржылық қауіпсіздік – бұл тек пайыздық мөлшерлемелер мен экономикалық терминдерді білу ғана емес. Бұл – ақпаратты тексере білу, тәуекелдерді бағамдау және қажет кезде көмекке жүгіну қабілеті. Осы тәсіл ғана ниеті жаман адамдардың арбауына түсіп қалудан қорғай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024716?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Ұлыбритания Елшісімен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Министрдің орынбасары К.Личке Астанада өткен төрт жылдық қызметі барысында екіжақты ынтымақтастықтың дамыуына қосқан елеулі үлесі мен табысты өзара іс-қимылы үшін алғыс білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат пен «Барыс» төсбелгісін табыстады.Осы кезең аралығындағы маңызды жетістіктер ретінде белсенді саяси диалогты қолдау, қазақ-британ Стратегиялық диалогы мен Үкіметаралық комиссияның отырыстарын өткізу, сондай-ақ экономикалық және білім беру байланыстарын кеңейту, оның ішінде Қазақстанда британдық жоғары оқу орындары мен мектептердің филиалдарын ашу аталып өтті.Шарттық-құқықтық базаны нығайту тұрғысында 2024 жылы екі ел арасында Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы маңызды қадам ретінде көрсетілді.Өз кезегінде Ұлыбритания Елшісі қазақ тарапына жан-жақты қолдауы мен қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді.Кездесу соңында Р.Василенко әріптесіне алдағы кәсіби қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024399?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу тәжік «Ориёнбонк» ААҚ басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында Министр Қазақстанның Тәжікстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.Тараптар қаржы институттарының өзара сауданы ұлғайту, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөліне назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы екі ел астаналары арасында тікелей әуе қатынасының басталуы іскерлік байланыстардың кеңеюіне оң ықпал еткені айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша мүдделі салаларда өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024228?lang=kk
Алматы облысында 1,3 трлн теңгеге 35 ірі жоба жүзеге аспақ – өнеркәсіп пен логистика жаңа кезеңге өтті 25.06.2025
2025 жылы Алматы облысында өнеркәсіп, логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларында жалпы сомасы 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.Аталған жобалардың қатарында Pepsico зауытының құрылысы, LC Waikiki көтерме-бөлу орталығы, Qazaq Global Food қайта өңдеу зауыты, сондай-ақ Kusto Logistics, MP Solution, Oasis Logistics, Еуразиялық логистикалық парк сынды индустриялық және логистикалық хабтардың дамуы бар. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық іргетасын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.2024 жылы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 трлн теңгені құрап, 23 жаңа өндірістік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі – KT&G темекі фабрикасы да бар. Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейту нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас аумақта орналасуының арқасында Алматы облысы өңірлік транзит пен логистиканың маңызды орталығына айналуда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 1786 гектарды құрайтын 4 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, тағы 2 аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Alatau» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға жеңілдіктер ұсынылуда.Жалпы, облыста жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Қытай капиталының қатысуымен іске асырылатын 1,9 трлн теңгелік 34 жоба бар. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су шаруашылығы салаларын қамтиды.Соңғы екі жылда облыс әкімі басшылығымен Қытайдың 14 өңіріне 5 жұмыс сапары ұйымдастырылып, 70-тен астам кәсіпкер, 100-ден астам екіжақты кездесу, 30-дан астам меморандумға қол қойылды.Инвестициялық жобалардың белсенді жүзеге асырылуы, инфрақұрылымның дамуы және бизнеске жасалып жатқан қолдау шаралары Алматы облысын елдегі жетекші индустриялық және логистикалық орталықтардың біріне айналдырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024053?lang=kk
Алматы облысының жаңа аймақтық рәмізінің жобасы ұсынылды — қоғамдық талқылауға шақырамыз! 25.06.2025
Құрметті облыс тұрғындары! Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін жаңа өңірлік нышан (символика) жобасы әзірленді. Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.Талқылау мерзімі: 15 күнтізбелік күн. 2025 жылдың 25 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін Ұсыныс/пікірлерді жолдау мекенжайы: daurenbaev.m@almobl.gov.kz почтаға.Жоба үлгісімен танысып сауалнама өте аласыз аласыз.Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Бірге талқылай отырып, ортақ құндылықтарға негізделген мағыналы облыстың нышанын қалыптастырайық!Ұйымдастыру комитеті: Алматы облысының әкімдігі  САУАЛНАМА Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын жүктеу Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024094?lang=kk
Талғар ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа мектеп ашылды 25.06.2025
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында 900 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім беру мекемелерінің бірі.Салтанатты шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Болат Күренбеков қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.- «Президентіміздің: “Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек” деген сөзі – бүгінгі шараның мәнін айқындайды. Аталған жоба шеңберінде өңірде 26 мектептің құрылысы жоспарланып, оның 9-ы өткен жылы пайдалануға берілді. Бұған қосымша, жеке инвестициялар есебінен 4, ал жергілікті бюджет есебінен тағы бір мектеп пен жапсаржай іске қосылды. Осы арқылы үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін қысқарды. Биыл тағы 17 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде», – деді Болат Күренбеков.Жаңалық ауылында ашылған 900 орындық мектеп жаңа стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда оқу кабинеттері, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, робототехника мен STEM бағытындағы сыныптар, спорт залы, асхана және мәжіліс залы бар. Жаңа нысан үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді.Мектептің құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы жүзеге асырып, бас мердігер ретінде «AK Construction» компаниясы жұмыс жүргізді. Облыс әкімі аталған компанияларға алғысын білдіріп, білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.- «Бала – ел болашағы. Сапалы білім – табысты ұлттың негізі. Бүгінгі ашылып отырған жаңа мектеп – ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадам», – деді облыс әкімінің орынбасары.Салтанатты рәсім аясында лента қию, дарынды оқушылардың көрмесі және жаңа ғимаратпен танысу іс-шаралары өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023635?lang=kk
Шарыннан Тәж-Махалға дейін: екі елдің туризмін тоғыстырған бизнес-форум 25.06.2025
Алматы облысы әлемдік туризм картасындағы орнын айқындай түсті. Мұнда Үндістан мен Қазақстан арасындағы ірі туристік бизнес-форум өтті. Бұл шара екі елдің туризм саласын байланыстыратын ғана емес, тікелей әуе қатынастарын дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени алмасуды күшейтуге арналған маңызды алаң болды.Форумды Алматы облысының Туризм басқармасы мен Үндістан Елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Үндістан, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 200-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар қатарында туризм, қонақ үй, көлік және әуе тасымалдау салаларының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар бар.«Алматы облысы – табиғаты таңғажайып, инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы, Қаскелең шатқалдары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылып келеді. Соңғы бір жылдың ішінде Үндістаннан келген туристердің саны екі есе артты», – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.Форум аясында іскерлік сессиялар, B2B кездесулер, туристік бағыттардың таныстырылымы, логистика және тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды. Алғашында 100 қонақ күтілгенімен, шараға 200-ден астам адам, оның ішінде 70-тен астам шетелдік компания өкілдері қатысты. Бұл бастамаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.Форумда көлік қатынасына ерекше назар аударылды. Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасында аптасына 15 тікелей рейс қатынайды, олардың басым бөлігі Алматы бағытына тиесілі. Air Astana, SCAT және Алматы халықаралық әуежайының өкілдері алдағы уақытта жаңа бағыттар ашуға дайын екендерін жеткізді.«Қазақстан – біз үшін жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Үнді туристері бұл елге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мұнда ғажайып табиғат, қауіпсіздік және қонақжай халық бар. Біз Алматы облысымен ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді үндіcтандық Travel компаниясының өкілі Аканша Чотхари.Форум аясында мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық киімдерді, қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды тамашалап, түрлі тағамдардан дәм татты. Әсіресе, күрд диаспорасының музыкалық және би бағдарламасы ерекше әсер қалдырды.«Біз Қазақстанның көпқырлы екенін көрсеткіміз келеді. Біз өзімізді сөзбен емес, өнеріміз, мәдениетіміз және ұлттық құндылықтарымыз арқылы танытамыз», – деді Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.Форумға ірі туроператорлармен бірге жас кәсіпкерлер де қатысты. Quick Travel компаниясының негізін қалаушы Хаким Ма үнділік серіктестермен келіссөздер бастағанын және бірлескен турларды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.«Үнді студенттерінің көбеюі, тікелей рейстердің артуы және қолайлы логистика туристік байланысты нығайтудың тұрақты негізін қалыптастырады. Алматы қазір Қазақстан ғана емес, Орталық Азияға апаратын қақпаға айналып отыр», – деді кәсіпкер.2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша елімізде үздік үштікке енді. 2023 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер ағыны 60%-ға артты. Үндістан-Қазақстан туристік форумы сияқты бастамалар өңірге деген қызығушылықтың уақытша емес, ұзақ мерзімді екенін көрсетіп отыр.Бұл форум Алматы облысына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023639?lang=kk
Қостанай облысында құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде 25.06.2025
24 маусымда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құрылыс саласының дамуы бойынша кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде тұрғын үй құрылысын арттыру, қала мен ауыл ортасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықты баспанамен қамтуды кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Құрылыс жұмыстарының көлемі екі жылда 70%-ға арттыЖиын барысында Қостанай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Тлеубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 70%-ға ұлғайып, 2022 жылы 187 млрд теңге болса, 2024 жылы 315 млрд теңгеге жеткен. Республика бойынша Қостанай облысының үлесі 3,8%-дан 4,6%-ға дейін артты.2025 жылға арналған жоспар — 406,8 млрд теңге. Оның 75,5 млрд теңгесі ағымдағы жылдың 5 айында орындалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 157,8%-ды құрайды.Алайда кейбір аудандарда көрсеткіштер төмен. Әсіресе, Әулиекөл ауданында нақты көлем индексі — 10,4%. Меңдіқара ауданында да өсім бәсең. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдердің жеке бақылауына алынды.Тұрғын үй құрылысы: оң қарқын сақталудаБасқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Бес айда 179,5 мың шаршы метр тапсырылып, 1 810 пәтер (оның ішінде 1 625 — коммерциялық, 185 — жеке тұрғын үй) иелеріне берілген.Ең көп құрылыс Қостанай, Рудный қалаларында және Қостанай ауданында жүргізілуде. Бұл аудандар жалпы көлемнің 92,4%-ын құрайды.— Жылдық жоспарды орындау үшін 47 көпқабатты тұрғын үй (376 мың ш.м.) және 124 жеке тұрғын үй салу қажет, — деді Дидар Тлеубаев.«Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандары: болашақ осында басталадыҚостанай агломерациясы қарқынды дамуда. Басқарма мәліметінше, «Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандарында 10 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталған, тағы 13 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы 150-ден астам көпқабатты үй салу көзделуде. Жанында мектептер, балабақшалар, аурухана, спорт кешені, саябақ пен дүкендер орналасатын болады.Облыс әкімі құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды:— Үй салумен қатар, аула мен алаңдарды абаттандыру сапасына ерекше көңіл бөлінуі керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, берік орнатылуы тиіс. Мен өзім құрылыс нысандарын аралаған сайын осыған назар аударамын. Аудан әкімдері де мұны қатаң бақылауға алуы қажет. Қоғамдық бақылау — ең тиімді құрал, — деді Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік нысандар: ауыл мен жастарға басымдықТұрғын үй — жай ғана баспана емес, өмір сүру сапасының негізі екенін атап өткен облыс әкімі:— Үй — адамның тірегі. Қалада да, ауылда да құрылыс жалғасуы тиіс. Мемлекет халықтың баспаналы болуы үшін барлық жағдайды жасайды. Бұл — біздің тікелей міндетіміз, — деді Құмар Ақсақалов.Оның айтуынша, биыл Қостанай қаласында 2 жайлы мектеп, Жангелдин ауданында бір мектеп, Қостанай ауданында емхана, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында сауықтыру кешендері, Мендықара және Қамысты аудандарында жабық хоккей корттары салынды.Қостанай мен Әулиекөл аудандарында балабақшалар, Тобыл қаласында балалар орталығы, облыс орталығында №1 спорт мектебі ашылды.Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан іске қосылады. Сонымен қатар, Рудный қаласы мен Құсмұрын кентінде екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі.Инженерлік желілер мен құрылыс материалдарыКунай, Береке, Астана және Бәйтерек ықшам аудандарына инженерлік желілер тарту үшін 8,7 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын өндіру де маңызды мәселе.Облыста 72 құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда, кейбір өнімдер әлі де өзге өңірлерден тасымалданады.— Биыл тағы 5 зауытты іске қосу жоспарланған. Оның ішінде темірбетон бұйымдары, газоблоктар, ерітінді түйіндері және ағаш өңдеу бар. Құрылыс материалдарының өндіріс көлемі 5 айда 18,5 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 9,8%-ға жоғары, — деді Тлеубаев.Құрылыс қалдықтарын өңдеу: өзекті мәселеҚұмар Ақсақалов құрылыс қалдықтары мәселесіне тоқталды:— Құрылыс артқан сайын, қалдық та көбейеді. Бұл мәселе бақылауда болуы керек. Рудный қаласында бір мекеме жұмыс істеп тұр, бірақ өңірге жеткіліксіз. Аудан әкімдері осы бағыттағы бизнесті дамытуы қажет.Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеудің жаңа форматы«Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Әсел Аскарова банк қызметінің жаңарған форматы туралы баяндады. Енді банк — тұрғын үй саясатының ұлттық даму институты ретінде орталықтандырылған тіркеу жүргізеді.— Енді біз азаматтарды санаттарға бөлмейміз. Егер соңғы 5 жылда баспанасы болмаса немесе апатты үйде тұрса, кезекке тұра алады. 24 мамырдан бастап orken.otbasybank.kz порталы арқылы 149 000-нан астам өтінім қабылданды, — деді ол.Жүйе 18 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген. Отбасының цифрлық портреті жасалып, табысына, мәртебесіне қарай қолдау шаралары ұсынылады: жалдау төлеміне субсидия, арендалық баспана немесе жеңілдетілген ипотека.Тиімді технологиялар: жеке кәсіпкерлік тәжірибесі«My Eco House» ЖШС директоры Нұржан Батталов СИП-панельдерден үй салу жобасымен таныстырды.— Үйдің қаңқасын 10 күнде құрастырамыз. Арнайы техника қажет емес. Құрылыс жеңіл, іргетасы таяз, ал қыста жылуды жақсы сақтайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына үйлер салып бердік, кейін өздері біздің материалмен үй тұрғыза бастады, — деді Батталов.Қайта жаңғырту — тиімді шешімЖаңа құрылысқа қоса, өңірде ескі үйлерді жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 8 ауданда 12 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Былтыр мұндай жұмыс 10 нысанда атқарылды.— Бұл тәжірибені жалғастыру керек. Егер ғимараттың техникалық жағдайы мүмкіндік берсе — жөндеп, сақтаған жөн. Бірақ сараптама әділ және сапалы жүргізілуі тиіс, — деп түйіндеді облыс әкімі.Аймақтағы құрылыс саласы жаңа серпін алды: баспана, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар — бәрі халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1023453?lang=kk
«Қымызмұрындық-2025» 25.06.2025
Алматы облысы Кеген ауданының көрікті Кәркара жайлауында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртатын ірі мәдени іс-шара – «Қымызмұрындық-2025» этнофестивалі өтті. Оның аясында республикалық «Жолан жүйрігі» ат жарыстары ұйымдастырылды. Елдің әр өңірінен және жақын шетелдерден келген тоғыз мыңға жуық қонақты қарсы алған бұл шара қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қайта түлеуінің жарқын көрінісіне айналды.«Қымызмұрындық» фестивалі – жаз жайлауына көшкен соң алғашқы қымыз сапыру рәсіміне негізделген көне дәстүр. Бұл ғұрып молшылықтың, табиғатқа деген құрметтің және қонақжайлықтың белгісі ретінде қарастырылған. Фестиваль барысында бұл дәстүрлер толық сақталып, кимешек киген әжелер шашу шашып, бауырсақ пен бал қымыз ұсынып, келушілерді төрге шығарып қарсы алды. Қонақтарға ұсынылған емдік сусыннан шамамен 100 бөшке дайындалған.Фестиваль салтанатты театрландырылған қойылыммен ашылып, 50 шабандоздан құралған салт атты шерумен жалғасты. Шеруді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Омар Қиқым бастап, дәстүрлі бата берді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим шараға қатысушыларға арнаған сөзінде: — «Қымызмұрындық» – халқымыздың рухани коды. Қымыз – жай ғана сусын емес, ол ғасырлар бойғы өмір салты мен философияны бейнелейді. Бұл мереке адамдарды біріктіріп, көршілік пен достықты нығайтады. Шара аясында Жолан Омарұлына арналған бәйге мен ұлттық спорт сайыстары өткізіледі, – деп атап өтті.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Құрмет грамоталары Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков пен «ASK Capital» ЖШС өкілі Сырым Күлбаевқа табысталды.Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Түп ауданының әкімі Канибек Абиев, ҚР Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Күлкенов, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов және Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы болды.Жолан Омарұлының әкесі Ыбырайақын аға ұйымдастырушылар мен Кеген жұртшылығына алғысын білдіріп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен аудан әкімі Нұрбахыт Теңізбаевқа ризашылығын жеткізді.Фестиваль аясында Кеген ауданының ауылдары киіз үйлер тігіп, этноауылдар құрды. «Ауыз тию» салттық рәсімі өткізілді. Ауданның ақсақалы Жетен ата бата беріп, келіні Айнарa бие сауу процесін көрсетті.Қонақтар киіз басу, кілем тоқу, ұн тарту, көрпе тігу және қымыз дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Жалаулы ауылының тұрғыны Толқын Қалдыбайқызы 150 литр қымыз әкеліп:— Біздің қолда 12 бие бар. Қымыз – шипалы, табиғи сусын. Оны газды сусындармен салыстыруға келмейді, – деді.Ауыл шаруашылығы техникалары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. «Беларусь Агро Техника» компаниясы өз тракторларын тиімді лизинг шартымен ұсынды. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим жаңа техникалардың кілттерін жергілікті шаруаларға табыс етті. Олардың бірі – «Ерген» шаруашылығының төрағасы Рақымжан Абдрахманов: — Мұндай күнде техника алу – үлкен қуаныш. Бұл фестиваль – жастарға үлгі болатын, дәстүрлерге қайта оралудың жарқын мысалы, – деді.Мерекелік көңіл-күйді Рамазан Стамғазиев, Алтынбек Қоразбаев, Бейбіт Мусаев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған секілді белгілі әншілер мен «Алатау серілері», «Абырой» ансамбльдері және Сүйінбай атындағы филармонияның әртістері жандандыра түсті.Кеген ауданының әкімі Нұрбахыт Теңізбаев фестивальдің ұлттық мұра, дәстүрлі спорт, ауыл еңбегі мен ішкі туризмді дәріптеудегі мәдени маңыздылығын атап өтті.Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті: қыз қуу, бөрене көтеру, қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, «Толағай» палуандар сайысы, 15 келі қымыз ішуден жарыс және «Топжарған» шоу бағдарламасы.Жетісу өңірінің тұрғыны Айдын Нұғыманов 120 келілік қошқарды көтеріп, осымен 35-рет жеңімпаз атанды.Фестивальдің басты көрінісі – республикалық «Жолан жүйрігі» бәйгесі болды. Жарыстар 9 км (құнан бәйге), 18 км (топ бәйге) және 31 км (аламан бәйге) қашықтықтарында өтті. Бас жүлдеге екі автокөлік пен 5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар тігілді.Аламан бәйгеде Жамбыл облысынан Айдар Нұрмұхамбетовтың «Айбалта» атты тұлпары мәре сызығын бірінші кесіп, Changan автокөлігін жеңіп алды.Топ бәйгеде Алматы облысынан Магауия Қазбековтың «Калкаман» атты аты бірінші келіп, ол да Changan автокөлігіне ие болды.Құнан бәйгеде Қырғыз Республикасынан Сталбек Жаманқұловтың «Роки» атты тұлпары жеңімпаз атанып, 2 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды.«Қымызмұрындық-2025» фестивалі ұлттық мұраны құрметтеу мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тағылымды іс-шара ретінде ел есінде қалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023224?lang=kk
«Samruk-Kazyna Trust» қоры ерекше балаларға арналған инклюзивті спорттық-шығармашылық лагерь ұйымдастыруда 25.06.2025
«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 250 бала мен олардың ата-аналарына арналған «Sheksiz Mümkindikter» инклюзивті лагері басталды. Алғашқы маусым Алматы облысында өтіп, 50 отбасы қатысқан. Алты күн бойы балалар бейімделген спорт түрлерімен (бочча, тетербол, футбол, корнхол, садақ ату) айналысып, робототехника, аспаздық, гипс пен балауыздан бұйым жасау және сурет салу бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар мотивациялық кездесулер, психологтармен кеңесулер мен ата-аналарды балалардың дамуына тартатын бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.«Бұл жоба – жай ғана лагерь емес. Бұл – әр баланың дамуына, дос табуына, өз әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құруға бағытталған маңызды бастама. 2022 жылдан бері бұл жоба 650-ден астам ерекше баланы қамтыды. Биыл біз сондай-ақ 400 бала Қазақстанның әр өңіріндегі мәдени және өндірістік нысандарға сапар шегетін «Туған елге саяхат» атты кәсіби бағдарлау пойызын іске қосамыз», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.Ата-аналар мұндай форматтағы лагерьлердің маңыздылығын ерекше атап өтуде, себебі көпшілік лагерьлер мен санаторийлер ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделмеген. Қор қолдауымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба ДЦП, аутизм, көру қабілетінің бұзылуы, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы сияқты диагноздары бар 650-ден астам баланы қамтыды.2025 жылы лагерь жаңа форматта өтуде: Алматы және Ақмола облыстарында бес алтыкүндік ауысым ұйымдастырылады. Қонаев қаласындағы демалыс орнында үш спорттық ауысым өтсе, Бурабайда екі шығармашылық ауысым болады. Бағдарлама балалардың физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.Жоба инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етеді: мұнда балалар өз қабілеттерін дамытып, ал ата-аналар қажетті білім мен қолдау алады. Лагерьден кейін де жұмыс жалғасады – спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер мен әлеуметтік бейімделу бағдарламалары жүзеге асады.Инициатива «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және Орталық Азиядағы «ДЦП Life» қорының серіктестігімен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1022721?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ СІМК 51-ші сессиясына қатысты 25.06.2025
Ыстанбұл, 2025 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясының жұмысына қатысты.Кездесу барысында делегация басшылары ИЫҰ кеңістігіндегі түрлі әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды реттеу жөніндегі шараларды талқылап, Иран-Израиль қарулы қақтығысты тез арада шешуге және Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды.«Өзгермелі әлемдегі ИЫҰ» ұранымен өткен форумның күн тәртібіне Ұйымды одан әрі реформалауға, мүше елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайына, қарусыздану мен исламофобияға байланысты мәселелер де кірді.Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Иранның айналасындағы жағдайды деэскалациялаудың маңыздылығына назар аударып, Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.«Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын растайды және тағы да атысты дереу тоқтатуға және Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге шақырады», – деді М.Нұртілеу.Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы ИЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтып, Қазақстанның осы процеске өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.СІМК 51-ші сессиясы барысында әртүрлі бағыттар, оның ішінде саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам қарар талқыланып, қабылдау жоспарлануда. Қазақстандық бастамалар СІМК-тің тиісті құжаттарына енгізілді.Сессия барысында М.Нұртілеу Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Сирияның Сыртқы істер министрі Асаад Хасан аш-Шибанимен, сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021802?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдемесі 25.06.2025
АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021811?lang=kk
Алматы облысында Дала күні өтті: көміртекті және органикалық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланды 25.06.2025
Карасай ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Дала күні ұйымдастырылды. Шара Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтті. Бұл – билік, ғылым, аграрлық сектор мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан маңызды диалог алаңы болды.Бас тақырып ретінде органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту мәселесі таңдалып, тұрақты ауыл шаруашылығын қалыптастыру және 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу жолдары қаралды. Жиында деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, экологиялық агротехнологияларды енгізу, ғылыми әдістер мен цифрлық шешімдер таныстырылды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ғалымдар және фермерлер инновациялық тәсілдермен танысып, агросаланы климаттық өзгерістерге бейімдеу және фермерлерді «жасыл» бастамаларға ынталандыру мәселелерін талқылады. Шарада БҰҰДБ, ФАО өкілдері және Канададағы Альберта университетінің профессоры онлайн қатысып, пікір білдірді.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев былай деді: «Қазақстанда көміртекті секвестрациялаудың әлеуеті зор. Қазіргі таңда 90 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінің түрлі дәрежеде тозғаны анықталып отыр, оның ішінде 29 млн гектары құнарлылығын жоғалтқан. Жердің 62–63%-ында қарашірік деңгейі өте төмен. Егер топырақты дұрыс басқарсақ, ол көміртекті жоғалтпай, керісінше, жинақтай алады. Осыған байланысты біз көміртек полигондарын құру, көміртек қорларының цифрлық кадастрын жүргізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллектті пайдалану және көміртек бірліктерін верификациялау механизмдерін қамтитын ғылыми-техникалық бағдарламаны бастадық. Бұл – агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы үшін қажет жүйелі қадам».Өз сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде агросаясат ғылым мен технологияға негізделіп жатқанын атап өтті: «Ауыл шаруашылығы – облыс дамуының басты басымдықтарының бірі. 2024 жылы саланың жалпы өнім көлемі 679,2 млрд теңгеге жетті. Біз ет, өрік және құс шаруашылығы бойынша ел көлемінде көш бастап тұрмыз. АӨК экспорты 39%-ға артты. Сонымен қатар, сүт-тауарлы фермалар, өңдеу кәсіпорындары мен жылыжай кешендерін дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Алғашқы кезеңде 2 400 км суару желілері қалпына келтіріледі. “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 1 360-тан астам бастама қолдау тапты, ауыл тұрғындарының табысы 22,7%-ға өсті. Бірақ ең бастысы – жерге ұқыпты қарауға, ғылым мен цифрландыруға негізделген тұрақты шешімдерді енгізу».Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов та карбондық әдістердің тиімділігін атап өтті:«Жер тек өнім беріп қана қоймай, көміртек жобалары арқылы қосымша табыс көзіне айнала алады. Біздің міндетіміз – аграршыларды осындай тәжірибелерге көшуге ынталандыру және бұл үдерістерді барынша ашық әрі экономикалық жағынан тиімді ету».Пленарлық отырыста ауыл шаруашылығындағы көміртек ізін азайту, көміртек полигондарын құру, топырақтағы көміртек қорларын цифрлық тіркеу, фермерлерді экологиялық тәжірибеге ынталандыру және Қазақстанның жаһандық көміртек офсеттері нарығына қатысуы сияқты нақты іс-шаралар талқыланды.Кездесу қорытындысында ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған тұрақты егіншілікті дамыту бойынша нақты ұсыныстарды қамтитын резолюция қабылданды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын 535 млн тонна көмірқышқыл газын секвестрациялау әлеуетіне ие. Егер «жасыл» агропрактикалар тиімді енгізілсе, 2050 жылға қарай көміртек офсеттері саудасынан жылдық табыс 25 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1020830?lang=kk
Алматыда «БҰҰ Плаза»-да БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісі іске қосылды 25.06.2025
Алматы, 2025 жылғы 18 маусым – «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісінің іске қосылуына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Көп елдік желіні іске қосу үкіметтердің, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттардағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.Сондай-ақ Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталық және БҰҰ Жаһандық шарты арасындағы ықтимал серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Соңында Елші өңірдің орнықты болашағы үшін БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісінің қызметіне Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020659?lang=kk
Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы резидент емес Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.Тараптар 2024 жылғы мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.«Қазақстан мен Сингапурдың өзара құрмет, сенім пен ортақ мүдделерге негізделген берік және орнықты серіктестік құрды», – деп атап өтті А.Бақаев.Сұхбаттастар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдету, инвестициялық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020413?lang=kk
Қостанай облысының медицина ұйымдары санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді 25.06.2025
Медицина қызметкерлері күніне орай Қостанай қаласында салтанатты іс-шара өтіп, оның аясында облыстағы медициналық ұйымдарға жаңа санитарлық автокөліктердің кілттері табысталды.Аймақтың денсаулық сақтау мекемелеріне жалпы 20 санитарлық автокөлік берілді. Көліктер Лисаков қалалық ауруханасын қоса алғанда, аудандық медициналық мекемелерге жіберілді.Автокөліктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалпы 318 миллион теңгеге сатып алынған. Жаңа техника – әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендерде жедел әрі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл – тұрғындар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам.Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтылды.Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанай облысында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, саланы цифрландыру, мамандардың біліктілігін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1020111?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік және логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 16 маусым – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин арасында екіжақты кездесу өтті.Тараптар сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала беретіні аталып өтті – 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен ҚХР бұл көрсеткішті алдағы жылдары екі есеге арттырып, 100 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты тараптар тауар номенклатурасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және шекарадағы тосқауылдарды азайту шараларын талқылады.Сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай серіктестігі аясында жалпы сомасы шамамен 66,5 млрд долларды құрайтын 224-тен астам жоба іске асырылып, 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылуда. Бұл жобалар энергетика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика және жаңа технологиялар салаларын қамтиды. Тараптар жоғары қосылған құны бар жаңа бірлескен өндірістерді іске қосу жұмысын жандандыруға уағдаласты.Ә.Қуантыров Қытаймен өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКД, Орта дәліз) табысты дамуы және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамамен түйісуі кооперацияны тереңдету мен өзара инвестицияны арттыру үшін зор мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Біз Қытайды тек географиялық жақын көрші ғана емес, сонымен бірге ортақ экономикалық мүдделері бар стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Орта дәлізді дамыту және оны «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйістіру транзиттік әлеуетті арттырып қана қоймай, өңірлік экономиканың тұрақтылығын күшейтетін өндірістік альянстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Ә.Қуантыров.Өз кезегінде Чжоу Хайбин Қазақстанның Еуразия логистикалық құрылымында орталық рөл атқаратынын атап өтті. «Біз Қазақстанды «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясындағы негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара сенім мен прагматизмге негізделген. Қазақстан қытайлық тауарлардың тұрақты транзитін қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлескен өндірістік және логистикалық тізбектерді құрудағы маңызды буынға айналуда. Біз инфрақұрылым, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, өңірдің орнықты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниеттіміз», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кооперацияны тереңдетуге, жобалар портфелін кеңейтуге және стратегиялық маңызды салалардағы өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін дамытуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019134?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитетінің 22-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді және 2025 жылғы 4 сәуірде Самарқанд қаласында өткен «Орталық Азия – ЕО» саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.Іс-шара гибридті форматта өтті. Оған Қазақстанның негізгі министрліктері мен ведомстволарының, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің және Астанадағы ЕО делегациясының өкілдері қатысты. Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, еуропалық тарапты – Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Еуропа және Орталық Азия мәселелері жөніндегі бас директорының міндетін атқарушы Люк Девинь басқарды.Р.Василенко отырысты аша отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестіктің дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті: «Өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім өзінің практикалық маңыздылығын толық дәлелдеді. Біз ынтымақтастықтың кеңеюін және барлық деңгейлерде диалогтың нығаюын байқаймыз. ЕО – біздің басты сауда және инвестициялық серіктесіміз. 2024 жылы өзара сауда көлемі рекордтық көрсеткіш – 50 млрд АҚШ долларына жуық сомаға жетті».Отырыс барысында сауда, инвестициялар, көлік байланыстылығы, энергетика, климат, заңның үстемдігі және визалық жеңілдіктер мәселелеріне баса назар аударылды.Қазақ тарапы ҚР азаматтарының еркін қозғалысына қойылатын кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар қабылданатынына сенім білдірді, визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді мүмкіндігінше тез бастау маңыздылығын ерекше айтты. Астана мұндай келіссөздер үшін қажетті құқықтық және техникалық базаны қамтамасыз етуге дайын екенін растады.Сондай-ақ тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес пен Комиссия басшылары арасында Самарқандтағы «ОА-ЕО» саммиті аясында қол жеткізілген тұрақты сауда, цифрландыру және білім беру алмасуларын кеңейту мәселелері бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыруды талқылады.Көлік байланысын кеңейтудің маңыздылығы, атап айтқанда Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД, Орта дәліз) одан әрі дамуы аталып өтті. ТХКД бойындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша әрі қарай белсенді практикалық әрекеттерге көшудің қажеттілігі айтылып, бұл бағытта ЕО тарапынан 10 млрд еуро көлемінде қаржы бөлу ниеті құпталды.Осы тұрғыда тараптар «Global Gateway» (Жаһандық қақпа) бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды оң бағалады. Атап айтқанда, Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің сәуірдегі саммитінде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және цифрлық байланыстарды жақсартуға бағытталған 12 млрд еуро сомасында инвестициялық пакет бөлу туралы мәлімдемесі қолдау тапты. Қазақстан бұл өңірлік жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін растады.Сонымен қатар тараптар ҚР Үкіметі мен Еуроодақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімді тезірек қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Бұл құжат нормативтік базаны үйлестіруге, құқықтық анықтығын арттыруға және қазақстандық және еуропалық әуе тасымалдаушылары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.Тараптар сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту және академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерін тұрақты ынтымақтастықтың іргетасы ретінде қарастырды.Климат және «жасыл» күн тәртібі аясында тараптар Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауын, оның Глобалдық метан бастамасына белсенді қатысуын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен маңызды шикізат жеткізу тізбектерін дамыту бойынша бірлескен жобаларды ілгерілетуін құптады.Еуропалық делегация басшысы Л.Девинь: «Соңғы отыз жылда Еуропалық одақ пен Қазақстан өзара сенімге, құрметке және ынтымақтастыққа негізделген берік және жетілген серіктестік орнатып, өзара жақындай түсті. ЕО мен Қазақстан арасындағы серіктестік — бұл меже емес – ұзақ сапар. Бұл көпжылдық достықтың әлі ашылар жаңа тараулары көп», – деп мәлімдеді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды өзара құрмет рухында жүзеге асыруға бейілділігін растады.Анықтама: Саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитеті – ҚР мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі институционалдық тетіктерінің бірі. Комитет отырыстары уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде өткізіледі және заңның үстемдігі, сот және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық, визалық саясат, білім беру, БАҚ және азаматтық қоғам салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты кең ауқымды саяси және өңірлік мәселелерді қамтиды.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға өсті (ҚР-дан экспорт – 38,1 млрд доллар, импорт – 10,6 млрд доллар). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялар көлемі 200 млрд доллардан асты. Елімізде еуропалық қатысумен 3000-нан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019259?lang=kk
Қазақстан мен Оман СІМ басшылары телефон сұхбаты арқылы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуетін ескере отырып, транзиттік бағыттарды дамыту мәселесінің маңыздылығына назар аударылды.Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал бойынша пікір алмасты.М.Нұртілеу өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.Сұхбат нәтижесінде Қазақстан мен Оман сыртқы саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019101?lang=kk